Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Условия труда и состояние здоровья рабочих нефтеперерабатывающег.doc
Скачиваний:
68
Добавлен:
15.09.2016
Размер:
694.78 Кб
Скачать

Мұнай өңдеу зауыты жұмысшыларының еңбек және денсаулық жағдайлары (Атырау мұнай өңдеу зауыты мысалында)

14.00.07 – Гигиена

ТҮЙІН

Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысшыларының еңбек және денсаулық жағдайларына жүйелі гигиеналық-физиологиялық баға беру және профилактикалық шараларын өткізу.

Тақырыптың көкейкестілігі. Замануй мұнай өңдеу зауыттарында жүйелі инженерлік-технологиялық және санитарлық-гигиеналық шаралардың кең көлемде өткізілгеніне қарамастан, жұмысшылардың денсаулығына жағымсыз әсер ететін зиянды өндіріс факторлары бар. Бұларға көмірсутегі, күкіртсутегі, көміртегі тотығы, күкірт ангидриді, азот тотығы, бензол, фенол және басқа зиянды заттарды және де қолайсыз микроклимат жағдайлары, шу, дірілдерді, жүйке жүйелеріне ауыртпашылықтарын жатқызуға болады..Өте жиі таралған спецификалық емес ауруларға ас-қорыту ағзаларының, әсіресе гепато-билиарлық жүйенің, өкпе-бронх және жүрек қан-тамыр жүйесінің аурулары жатады, бұлардың пайда болуына әр-түрлі химиялық факторлар орын алады. Атырау мұнай өңдеу зауытында әлі күнге дейін жүйелі гигиеналық зерттеулер жүргізілген жоқ.. Сондықтан бұл өзекті мәселелердің көптеген сұрақтары белгісіз боп қалып отыр және әріқарай зерттеуді талап етеді.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Өндірістің технологиялық қайта қалыптасуын ескере отырып, алғаш рет Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысшыларының денсаулығы және еңбек жағдайы туралы кешенді сипаттама ұсынылды, зерттелетін өндірістегі оператор, машинист және слесарлардың денсаулығына жағымсыз әсер ететін гигиеналық жетекші зиянды заттардың өндірістік факторлары-кәсіби қауіпті топтары анықталды. Осы өндірістің негізгі кәсіпкерлігінде еңбек үрдісі маңызды еңбек істеу және жүйке жүктемесімен сипатталады, бұл дыбыстық және көз көру жүйесіне келіп түсетін өндірістік операциялардың үлкен көлемімен, ауыспалы жұмыс соңында мидың және еңбек істеу қабілетінің төмендеуіне алып келетін, орындалатын операциялардың жоғарғы және нақты қарқынына байланысты. Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмыс істейтін негізгі кәсіби топтағы адамдардың ағзасының функционалдық жағдайын бағалау бойынша кешенді өткізілген физиологиялық тексерістер, ауыспалы жұмыс істеу динамикасында физиологиялық критерилер бойынша операторлар мен машинистердің еңбегін орташа ауырлық жұмыс санатына, ал слесарьлардың еңбегін 3 класты ауыр жұмысқа және жүйке жүйесінің ауыртпалылығын дәлелдеді.

Атырау мұнай өңдейтін зауытта мұнайды өңдеу барысында операторлардың, машинистердің, слесарлардың еңбек жағдайларына химиялық, уытты агенттердің және өндірістік ортаның физикалық факторларының әсерінен тұратын ауыр зиянды өндірістік факторлар кешенінің әсер етуі жұмыспен бірге ілесіп жүреді. Бірінші топ қондырғыларының ауасында организмге бір бағыттағы әсері бар нақты заттар концентрациясының қосындысы: күкірт сутегі, моноэтаноламин, көміртегі оксиді олардың КРЕШ бірліктен асуы керек. Бұл зиянды заттардың концентрациясы тез өсіп кетуі мүмкін жабдықтың герметизациясын жоюмен байланысты, операциялардың орындалуына кедергі жасайды. Көптеген мамандардың қатысуымен медициналық тексеріс жүргізу барысында, мынадай созылмалы аурулардың түрлері тіркеледі: созылмалы гастрит, созылмалы тонзилит, созылмалы ларингит, кейбір тері аурулары, есту қабілетінің төмендеуі, көз көруінің нашарлауы және күнделікті жағдайда дәрігерге қаралуды қажет етпейтін басқа да созылмалы ауру түрлері.

Тексерістер Атырау мұнай өңдейтін зауытында өткізілді. Тексеріс нысаны болып негізгі өндірістік цехтардың өндірістік ортасы және жетекші жұмысшы кәсіпкерліктер болды. Жұмысшылардың еңбек жағдайына санитарлық-гигиеналық кешенді баға беру үшін қалалық СЭС-пен бірлесе зерттеулер жүргзілді.

Жасалған зерттеулер бірнеше қорытындылар жасауға ықпалын тигізді: Атырау мұнай өңдеу зауыты жетекші жұмысшыларының еңбек жағдайларының ерекшеліктері – жұмысшылар ағзасына химиялық және физикалық табиғи кәсіби-өндіріс факторларының бірігіп әсер етуі, олардың жалпы кешенді әсері еңбек категориясының 3 класының 1–2 ші қауіпті және зиянды көрсеткішіне жататындығы анықталды. Атырау мұнай өңдеу зауыты операторлары мен машинистерінің еңбек ісінің күш-қуатының сипаттайтын біртұтас көрсеткіш IIб жұмыс түріне жатады, күш-қуатының шығысы сағатына 204ккал құрайды, ал слесарлар еңбегі ауыр боп есептеліп, сағатына 250ккал құрайды. Атырау мұнай өңдеу зауытында медициналық тексеру нәтижесін талдау барысында, жұмысшылар арасында жалпы аурулардың кең етек алғаны байқалады. Бұл туралы тексерілген 1000 жұмысшының өте жоғары көрсеткіші, гигиналық мөлшерден 1,5 есе артуы куәлендіреді. Бұл тұрғыда жоғары көрсеткіш әйелдер арасында да (2200±66), ерлер арасында да (2000±32,7) орын алған. Бұл жерде, барлық жағдайда әйелдердің ауру көрсеткіші ерлерге қарағанда жоғары. Жұмыс қондырғыларының, аймағының ауасында көп мөлшерде қанықпаған көмірсутегі бар жерлерде жоғары тыныс алу аурулары 4,1 есе көп кездессе, ал ароматты көмірсутегі әсер еткен жұмысшылар арасында ас қорыту және орталық жүйке жүйесі аурулары жие кездеседі. Өндіріс ортасынының гигиеналық жағдайын, технологиялық істерін кешенді зерттеу, ғылыми талдау негізгі кәсіп иелерінің еңбек ауыртпалығына және қаттылығына физологиялық баға беру, Атырау мұнайды өңдейтін зауыт жұмысшыларының денсаулық, тұрмыс және еңбек жағдайын жақсарту мақсатында шаралар жасауға мүмкіндік берілді.