Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мидтерм 2.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
14.04.2019
Размер:
75.82 Кб
Скачать

68.Қазақстандағы білім саласындағы әлеуметтік мәселелер.

Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту стратегиясының мақсаттары мен міндеттері 2020 жылға дейін білімді дамыту стратегиясының негізгі қағидаларына байланысты іске асырылуда. Оның мақсаты дүние жүзілік тарихтың, түркі халықтарының, көшпелі өркениеттің, Орталық Азия елдерінің тарихы тұлғасында ғылымның, мәдениет пен ағарту жүйесінің дүние танымдық синтезі негізінде жас ұрпаққа жоғары сапалы білім мен тәрбие бере алатын орта білімнің жаңа, шын мәніндегі тұңғыш ұлттық моделін қалыптастыру болып табылады.

69.Жоғарғы оқу орындағы сапалы білім алу мәселелерінің әлеуметтік қырлары.

. Қазіргі жоғарғы білім алу жүйесінуе келесі процестер жүрүде: коммерциалану. Ақылы білім алудың пайдалы жақтараменен кемшіліктері де, біздің дамып келе жатқан ел үшін, аз емес. Жеке меншік жоғары оқу орындары бизнестік іс-әрекеттің тек бір жағын негізге алып ақша табуды мақсат етіп алған. Сондықтан олар білімнің сапасынан гөрі қайткенде де ақша табуды ойлайды. Осыған байланысты ол жерде қажетті материалдық техникалық база жеткіліксіз, білім беру мекемесінің иесінің субъективті іс-әрекеті, жемқорлық сияқты келеңсіз жайлар орын алған; элитизация болса ата-аналары жұмысшы, әлеуметтері нашар балалардың сапалы білім алу мүмкіндіктерін шектейді. Олардың сапалы білім алуына әлеуметтік жағдайлардың қолайсыздығы кедергі болады; аумақтану (регионализация) студенттердің негізінен өз аймақтарының аясында білім алуы. Мұның бір жағынан пайдасы олардың материалдық, психологиялық тұрғыдан тимді болуы. Өз ата-аналарының қасында, үйреншікті әлеуметтік орта, жолға, жүріп тұруға шығын шықпайтындығы. Ал келеңсіз жайы, ол сол оқу орындарының материалдық базасы, ұстаздардың білім деңгейі, мүмкіндері орталықта орыналасқан белгілі жоғарғы оқу орындарына қарағанда төмендеу болуы. Децентрализациялану.Жоғарғы оқу орындарының өздеріне еркіндіктің берілуі жалпы талаптың біркелкілі орындалмауына алып келеді.

70.Жастар социологиясы.

Жастар социологиясы – жастар әлеуметтік топтарының әлеуметтік сана сезімі мен мінез – құлқын, жастар әлеуметтануы үрдісін, аға ұрпақтармен қарым – қатынастарын, қоғамдық түйінді мәселелерді шешу ролі мен орнын зерттейтін ғылыми сала.Жастар социологиясы жеке ғылыми сала ретінде 1970жылы Варна қаласында өткен Халықаралық әлеуметтанушылық конгресте мойындалды. Бұд осы салада теориялық та, қолданбалы-тәжірибелік те мазмұндағы ақпараттар көп жиналғанын көрсетті.Жастар әлеуметтік мәселелері әлемдік әлеуметтану ғылымының ең белсенді зерттеліп жатырған бағыттарының негізгісі болып табылады.Бұған 1960 жылы кеиін бірқатар елдерде орын алған бұқаралық жастар шерулері үлкен әсер еттік.Социологиялық ғылыми зертттеу бағыттары жастар қозғалыстары, жастар субмәдениеті, жастардың еңбек және қоғамдық белсенділігі, жастардың тәуелсіз еңбек жолына түсуі, құндылықтық танымдардағы өзгерістер , жастардың бейрәсми бірлестіктері, жастар әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері және т.б. көптеген мәселелерді қамтиды.Жастардың негізгі мәселелерін зерттеумен Л.Розенмайер, К.Штарке, Э.Гидденс сияқты белгілі социологтар айналысты. Жастар социологиясы көптеген арнайы социологиялық теориялармен тығыз байланыста дамиды.Көптеген әлеуметтік мәселелер жастар социологиясының дамуына үлкен әсер етті.Әлеуметтік ғылымда жастар өзекті мәселелері бүкіл қоғамның негізгі құрылымдық өзгерістерімен байланыстағы ерекше әлеуметтік топ ретінде зерттеледі.Қазақстандық жастар мәселелері бүкіл әлемде жүріп жатырған ғаламдастыру, урбанизация, ұлттардың қартайуы, дуниеге бала әкелудің кемуі мәселелерімен байланысты.