Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мидтерм 2.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
14.04.2019
Размер:
75.82 Кб
Скачать

71. Жастар мәдениеті.

Жастар мәдениеті ересектердікене қарағанда екіншілік сипатта. Ол ерекше субмәдениет болғандықтан өзінің мақсаты, құндылықтары, идеалдары, иллюзиялары болады.Олар үлкендердің мәдениетін қайталай бермейді.Қазіргі кезде жершары тұрғындарының 25 пайызын жастар құраса, дамып келе жатқан елдерде бұл көрсеткіш 80 пайзды құрайды. Соның ішінде 209 миллионы күніне 1,5 долларға күн көрүге мәжбүр, ал 515-і 3 доллармен шектеледі. 10 миллион жастар ВИЧ және СПИД ауыруыменен ауырады. 130 миллион жастар сауатсыз. Қазақстанда жұмыс істеүшілердің 28,9% жастар құрайды.

Жастар көп тұрғыдан ересектермен келісе бермейді. Олар өздерінің ата-аналарын, аға буын өкілдерін туындаған қиыншылықтардың себекерлері деп санап оларды кінәләйді. Осыған байланысты да олар өздерінің сыртқы пішіндерін, киім киістерін, жүріс тұрыстарын, сөйлеген сөздерің өзгертіп отырады және солар арқылы өздерінің ерекше әлеуметтік әлемі бар екенін жариялауға тырысады.

72. Жастар отбасының әлеуметтік мәселелері.

73. Жастар мен ата- ана арасындағы әлеуметтік мәселелер.

Жастар көп тұрғыдан ересектермен келісе бермейді. Олар өздерінің ата-аналарын, аға буын өкілдерін туындаған қиыншылықтардың себекерлері деп санап оларды кінәләйді. Осыған байланысты да олар өздерінің сыртқы пішіндерін, киім киістерін, жүріс тұрыстарын, сөйлеген сөздерің өзгертіп отырады және солар арқылы өздерінің ерекше әлеуметтік әлемі бар екенін жариялауға тырысады.

74. Қазақстан Халықтар Ассамблеясының атқаратын әлеуметтік мәселелері.

. Бүкіл дүние жүзіндегі халықтар мен этностардың мүддесін ойлайтын аса мәртебелі Біріккен Ұлттар Ұйымының өзі Қазақстан Халықтары Ассамблеясының республикамыздың қоғамдық өмірінде атқаратын рөлін “кішігірім БҰҰ” деп атауы тегін емес. Ендеше, туған Отанымызда қоян-қолтық араласып, тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан 130-ға жуық ұлт пен этностың мүдделерін білдіру Қазақстан Халықтары Ассамблеясына сеніп тапсырылған тарихи жауапкершілік. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде талай өзгерістер болып, дұрыс таңдау жолымен алға батыл қадам бастық. Қазақстан Халықтары Ассамблеясының алдына қойылған басты міндет – қоғамның белсенді саяси, біріктіруші күші болуға қабілеттілігін таныту еді. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар саласындағы саясат өзінің толық мағынасында көп ұлтты және көп дінді мемлекет екенін қастерлей отырып, қоғамдық-саяси тұрақтылық жағдайды сақтауда бай тәжірибеге ие болды. Осындай бірегей сан ұлттығы бар Қазақстан ТМД елдерінде орын алған кейбір қайғылы жағдайларға жол берген жоқ. Мұның бәрі ортақ мемлекеттік мүддеге біріктірілген, шын мәніндегі жүргізіліп отырған ұлттық стратегияның құндылығын көрсетеді. Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауында «Қазақстан халықтары Ассамблеясы, міне, он жылдан астам уақыт бойы көпұлтты Қазақстан халқын біріктіру міндеттерін ойдағыдай шешіп келеді» деп жылы лебіз білдіре келіп, «Осы қоғамдық институттың рөлін арттыра беру қажет деп ойлаймын» деп атап көрсетті. Президенттің жыл сайынғы Парламенттің бірлескен мәжілісінде жасайтын Қазақстан халқына Жолдауында, халықтар Ассамблеясының сессияларында жариялаған баяндамаларында ұлтаралық бірлік, ынтымақтастық тақырыбы мейлінше тереңнен қозғалып, жан-жақты міндеттермен, болашаққа жасалып отырған жаңа әрекет, қадамдармен тығыз ұштастырылады.