Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
обж.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
06.09.2019
Размер:
25.37 Кб
Скачать

Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.[1]

Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесебілім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынасында алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға жәнемиграцияның ықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие. Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Мыс., белгілі бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық дамып-жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады.

Қазақстанда халық саны көбейгенімен, демографиялық ахуал нашарлап отыр

Соңғы санақ нәтижесі Қазақстанда адам санының өсімі бар екенін көрсетті. Алайда кейінгі жылдардағы елдің демографиялық ахуалының нашарлап бара жатқанын ресми деректер де жоққа шығармайды. Осы өзекті мәселеге арналған Азаттық радиосының дөңгелек үстеліне ресми орындар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

4 желтоқсанда Алматыда өткен республикалық конференцияда сөйлеген сөзінде мәжіліс депутаты Айткүл Самақова өткен жылдың «қаңтарынан қыркүйек айына дейін – алдыңғы жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда – 1339 сәби кем туды», – деп мәлімдеді. Алайда, депутат 2009 жылы нақты қанша сәбидің дүниеге келгені туралы тіс жармады. 

Оған қоса ерлер мен әйелдердің санындағы айырмашылықтың алшақтай түскені байқалды. Айткүл Самақованың атап көрсетуінше, «ерлер мен әйелдер санындағы айырмашылық 30 жастан басталып, зейнетке шығатын уақытқа қарай 100 ер кісіге 140 әйел адам келеді. Оның ішінде бала тәрбиелейтін жастағы ерлердің саны айтарлықтай кем болып отыр. Мәжіліс депутатының мәліметіне сәйкес, ерлер мен әйелдердің жас ұзақтығында да айтарлықтай айырмашылық бар. Мысалға, 2008 жылы ерлердің орташа жасы әйелдерден 10,5 жылға кем болған.  Азаттық радиосының кезекті дөңгелек үстелінің тақырыбы Қазақстандағы қалыптасып отырған осындай демографиялық ахуалға арналады. Оған «Аман-саулық» қоғамдық ұйымының жетекшісі Бақтылы Түменова, тарих ғылымдарының докторы, демограф Әзімбай Ғали және Қазақстан президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат бойынша ұлттық комиссия хатшылығының бас сарапшысы Гаухар Нұрахметова қатысады.  Дөңгелек үстелді Азат Еуропа/Азаттық радиосының қызметкері Сұлтанхан Аққұлұлы жүргізді. Дөңгелек үстелдің толық аудиожазбасын мына жерден тыңдауға болады.

Демографиялық көрсеткіштер

2010 жылдың 1- ші желтоқсанында, ауданымызда халық  санының корсеткіші бойынша 94984 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 36010 адам яғни 37,9 пайыз, ал ауыл тұрғындары – 58974 адам, пайыздық көрсеткіші – 62,1

Ағымдағы халық санын бағалау ел арасындағы санақ жүргізілген жылғы нәтиже бойынша бағаланады. Жыл сайын халықтың өсуі дүниеге келген адамдар санымен және тап осы аумаққа келушілер санымен көбейіп отырады, ал дүниеден озған және осы аумақтан кеткен азаматтар есептен шығарылады.

Елді мекндерді тұрғылықты жеріне байланысты қалалық және аулдық елді мекендерге жатқызады, қалалық елді мекендерге Республика мағынадағы  қалалары жатады, сол аумақта жатқан әкімшілік құзырындағы обылыс және аудандық  мағынадағы және де ауылдар қала ретінде топтастырылмайды, яғни аулдық елді мекендер болып саналады.

Ел аумғында 50 ден аса ұлттар мен ұлыс өкілдері тұрады, олардың басым көпшілігі жергілікті халық қазақтар – 64940 адам ( жалпы елдің 68,5 пайызын құрайды ) және де орыс ұлт өкілдері – 13768 адам ( 14,5 пайыз ), қалған  17 пайыз халықты басқа ұлт өкілдері құрайды.

Халықтың жалпы санының өзгеруіне, ең алдымен табиғи өсу әсер етеді. Яғни сабилердің дүниеге келуінің жақсы қалыптасуы.

Жалпы 2009 жылы облыс аумағында 2477 саби дуниеге келді, оның ішінде қалаларда – 1012 адам (41 пайыз), ал ауылдық жерлдерде – 1465 адам (59 пайыз).

2010 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында 2255 саби дүниеге келді және жалпы туу туралы коэффициенттік көрсеткіш 1000 адамға 23,80 пайызды құрады.

Жалпы 2010 жылға аудан бойынша ресми түрде 652 ерлі-зайыптылар некеге тіркелген және 134 ажырасқандар. Некеге тіркелгендер 2009 жылмен салыстырғанда 19,8 пайызға азайған (161 ерлі-зайыпты жұптар), ал ажырасқандар саны 20,7 пайызға ұлғайған (23 ерлі-зайыпты жұптар)

Халықтық миграция – халықтардың бір жерден екінші жерге шекара асып көшуі миграция деп аталады.

Миграция сальдосы – осы кезеңдегі аймаққа келушілердің саны мен одан кеткендер саны.

2010 жылы аудан аумағына 605 адам келді, ал кеткендер саны 1279 адам, яғни мграциялық сальдо 674 адам, 2009 жылғы 344 адамдарға салыстырғанда.