Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
География.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
22.09.2019
Размер:
54.31 Кб
Скачать

География :

1-билет

 Отын-энергетикалық кешені отын өнеркәсібі мен электр энергетикадан тұрады. Ол энергетикалық ресурстарды өндіріп, өңдеу  және  жылу мен энергияны өндіру, оларды тасымалдау, тарату, пайдалану бойынша салалардың күрделі жүйесі.

  Қазақстанның отын өнеркәсібі негізінен мұнай, газ және көмір, тақтатас, шымтезекті өндіру мен өңдеуден тұрады.

   Мұнай- газ алабтары негізінен Қазақстанның батысында шоғырланған. Мұнай Батыс Қазақстанда және  Қызылорда облысында (Құмкөл кен орны) өндіріледі. Мұнай өңдеу зауыттары, Атырау, Павлодар және Шымкент қалаларында  орналасқан.

  Қазақстанның территориясында 400 астам көмір кен орындары айқындалған. Негізгі көмір алабтарына  Қарағанды, Екібастұз, Майкүбі, Шұбаркөл, Қаражыра  және т.б.жатады. Шұбаркөл- Қазақстандағы  жалғыз  химиялық көмір  кен  орны. Жанғыш тақтатас Батыс Қазақстандағы Чернозатонск және Шығыс Қазақстандағы Кендрлік кеніштерінде,ал шымтезек Қостанай облысының солтүстігіндегі Тобыл-Тоқұзақ өзендерінің аралығында орналасқан Қайыңдыкөл, Өтегенкөл, Шәкірт кеніштерінде орналасқан.

   Газ Батыс Қазақстанда (99%) және Қызылорда облысында Шу- Сарысу газ  алабында (1%) шығарылады. Жалпы газды Жаңа -Өзен  қаласында, Ақсай кентінде, Жаңажолда газ өндіретін зауытында өндіріледі.

    Электр энергетика. Қазақстанның электр энергетикасы ЖЭС, СЭС, АЭС жұмысы арқылы жүзеге асырылады.

Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 697 257 адам тұрады (1 қаңтар 2011). Қазір қаланың аумағы 200 км2алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.

1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.

1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.

1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.

1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.

1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

2-билет

Солтүстік

Қазақстан

565 мың км2

Егіншілікті,

астықты аудан.

Солтүстік Қазақстанда орыс, украин, неміс ұлттарының үлесі жоғары.

Егістік жердің 78%-ына жаздық бидай егіледі. Жаздық бидай: Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында өсіріледі.

Техникалық дақылдар: күнбағыс, зығыр. Солтүстік Қазақстанда етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған. Ең ірі ет комбинаты-Петропавл.

Жасанды талшық-Қостанай.

Арқалық-боксит.

Павлодар: Трактор зауыты «ДТ-75 Қазақстан», алюминий зауыты, мұнай өңдеу зауыты Астана: ауылшаруашылық машиналар

«Ақмолаауылмаш» шығарылады.

Көкшетау: таразы, өлшеуіш приборлар зауыты

Ақсу: ферроқорытпа зауыты.

Қалқаман: бульдозер зауыты, Макинде- автомобильдер мен тракторларға бөлшектер жасау зауыты.

Павлодар-Екібастұз өндірістік-аумақтық кешенінің дамуына əсер еткен темір жол- Оңтүстік Сібір

3-билет

Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі.

Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнайгазкөміруран және т.б.) шөгінді қабығы бар платформаларда (жазықтарда) кездестіруге болады.

Мұнай мен газдың мол қоры АтырауМаңғыстауҚызылордаАқтөбе және Батыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі Ембі кен орнындағы мұнай ұңғысынан (скважина) атқылады.

Қазақстанда көмір қоры мол. Мұнда тас көмір мен қоңыр көмірдің 10 алабы, 300 кен орны бар. Қазақстанның жалпы көмір қоры 164 млрд тоннаға жетті. Республика 90-жылдардың аяғына қарай жылына 90 млн т. көмір өндіреді. Ғалымдардың жобалауы бойынша жылына 140 млн т. өндірілсе еліміздегі көмір қоры 250 жылға жетеді. Көмір кен орындарының басым бөлігі Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орналасқан.

Қазақстанның минералды шикізат базасы дүние жүзінде уранның 25%-ын құрайды. Экзогендік кен орындары басым таралған. Елімізде уранның 100-ге жуык кен орындары барланған. Оның тең жартысы Солтүстік Қазақстанда орын алады. Ірі органогендік кен орындары Маңқыстау түбегінде кездеседі. Барланған қоры (470 мың тонна) жағынан Қазақстан дүние жүзінде екінші орында. Қазақстанда бүкіл ТМД жерінде өте қуатты уран минералдық базасы бар

№2

Ұлы Отан соғысы кезінде Мəскеу,

Воронеж, Харьковтан көшірілген машина

жасау зауыттары Қазақстанда машина жасау

өнеркəсібінің дамуына себеп болды.

􀀹Машина жасау кəсіпорындары ғылыми-

техникалық прогресті тездетуде, бір елді

мекенмен екінші елді байланыстыруда жəне

жолаушы жəне жүк тасымалдауға қажетті

көліктер жасауда маңызды орын алады.

Машина жасау өнеркəсібінде өндірісті

ұйымдастырудың ерекше түрі –

мамандандыру мен кооперативтендіру

қолданылады.

Электротехникалық машина жасаудың негізгі

орталықтары: Ақтөбе, Талдықорған.

Ауылшаруашылық машина жасаудың негізгі

орталықтары: Астана, Павлодар.

4-билет

Солтүстік

Қазақстан

565 мың км2

Егіншілікті,

астықты аудан.

Солтүстік Қазақстанда орыс, украин, неміс ұлттарының үлесі жоғары.

Егістік жердің 78%-ына жаздық бидай егіледі. Жаздық бидай: Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында өсіріледі.

Техникалық дақылдар: күнбағыс, зығыр. Солтүстік Қазақстанда етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған. Ең ірі ет комбинаты-Петропавл.

Жасанды талшық-Қостанай.

Арқалық-боксит.

Павлодар: Трактор зауыты «ДТ-75 Қазақстан», алюминий зауыты, мұнай өңдеу зауыты Астана: ауылшаруашылық машиналар

«Ақмолаауылмаш» шығарылады.

Көкшетау: таразы, өлшеуіш приборлар зауыты

Ақсу: ферроқорытпа зауыты.

Қалқаман: бульдозер зауыты, Макинде- автомобильдер мен тракторларға бөлшектер жасау зауыты.

Павлодар-Екібастұз өндірістік-аумақтық кешенінің дамуына əсер еткен темір жол- Оңтүстік Сібір

Оңтүстік Қазақстан- суармалы егіншілікті аудан.

711,6 мың км2

Жеңіл, тамақ өнеркəсібі Түсті металлургия, химия

Қаратауда-фосфор, полиметалл.

Оңтүстік Қазақстан еңбек ресурстарына бай. Шымкент: қорғасын зауыты, пресс-автомат, шина, дөңгелек, резинотехникалық бұйымдар, химия-фармацевтика, мұнай өңдеу зауыты, фосфор тұздары.

Жетісу Алатауындағы Текелі полиметтал комбинатында қорғасын-мырыш өндіріледі. Таразда суперфосфат зауыты.

Шымкент мұнай өңдеу зауыты шикі мұнайды Омск-Павлодар-Шымкент мұнай құбыры арқылы алады.

Газ құбыры - Мүбəрəк-Ташкент-Тараз-Бішкек-

Алматы.

№2

Қазақстанда дамыған көлік кешендерін теміржол, автомобиль көлігі, əуе, су, құбыр

көліктері жəне телекоммуникация құрайды.

Еліміздегі жетекші көлік түрі – темір жолы,

өйткені жүк айналымында тасымалданатын

жүктің басым бөлігі осы көлік түріне тиесілі.

Қазіргі уақытта Қазақстанның темір жолының

ұзындығы – 14,6 км-ді құрап, ТМД елдерінің

ішінде 3 орында (Ресей, Украина).

Қазақстан жері арқылы солтүстіктен

оңтүстікке қарай бойлық бағытта өтетін

3 республика аралық магистральдар жəне

батыстан шығысқа қарай ендік бағытта өтетін

2 ірі теміржол магистральдары бар.

Солтүстіктен → оңтүстікке қарай өтетін

теміржол бағыттары:

1. Орынбор-Ташкент темір жолы

– 1905-1907 жылдар аралығында

салынған ескі темір жол. Еліміздің

батыс жəне оңтүстік аудандарын

байланыстырады. Сонымен қатар

Қазақстанды Ресей, Украина жəне

Орта Азия елдерімен байланыстыруда

маңызы зор.

2. Түркістан-Сібір (Түрксіб) теміржолы

– еліміздің солтүстік-шығысы мен

оңтүстік-батысын байланыстырады.

Бағыты: Семей-Алматы-Құлан-Тараз-

Шымкент-Арыс. 1930 жылдары

салынған.

􀀹 Құлан мен Семей қалалары

аралығындағы бөлігі Түрксіб деп

аталған.

3. Трансқазақстан магистралі –

еліміздің солтүстік, орталық жəне

оңтүстік аудандарын байланыстырады.

Теміржол бағыты: Петропавл-Астана-

Қарағанды-Мойынты-Шу(Петропавл-

Шу).

5-билет

№1

Қазақстан аумағы жер бедерімен, климаты,

өсімдік жəне жануарлар дүниесімен

ерекшеленетін 9 физикалық-географиялық

ауданға бөлінеді.

Қазақстан аумағын 9 ландшафтық-

морфологиялық аудандарға бөлген–Л.С.

Берг.

1. Шығыс Еуропа жазығы

Қазақстанға енетін бөлігі: оңтүстік-шығыс

бөлігі.

Пайдалы қазбалары: мұнай, газ

Климаты: континентті, 350мм жауын-

шашын

Өзендері, көлдері: Жайық, Ойыл, Жем,

Каспий теңізі

Табиғат зоналары: дала, шөлейт, шөл

Жер бедері, пішіндері: Жалпы Сырт, Жем

үстірті, Каспий маңы ойпаты.

2. Тұран жазығы

Қазақстанға енетін бөлігі: солтүстік бөлігі.

Еліміздің оңтүстік-батысынан шығысына

дейінгі аумақты алып жатыр.

Пайдалы қазбалары: ас тұзы, сода,

құрылыс материал-дары, мұнай, газ

Климаты: континентті, 80-100мм жауын-

шашын

Өзендері, көлдері: Сырдария, Шу, Талас,

Жетісу өзендері, Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі,

Тентек

Табиғат зоналары: дала, шөлейт, шөл

Жер бедері, пішіндері: Торғай үстірті, Арал

маңы Қарақұмы, Қызылқұм, Мойынқұм,

Бетпақдала

3. Солтүстік Қазақ жазығы

Қазақстанға енетін бөлігі: Қазақстанның

солтүстігін алып жатыр.

Пайдалы қазбалары: темір, көмір, никель.

Климаты: континентті, жылына 350 мм

жауын-шашын түседі.

Өзендері, көлдері: Ертіс, Есіл, Тобыл.

Көлдері: Құсмұрын, Шағалалы, Теңіз.

Табиғат зоналары: Орманды дала, дала.

Жер бедері, пішіндері: Есіл жазық

орманды даласы, Ертіс-Құлынды жазығы,

Есіл-Ертіс даласы. Есіл-Ертіс даласындағы

көлдердің ірісі-Шағалалытеңіз.

4. Сарыарқа

Қазақстанға енетін бөлігі: Қазақстанның

орталық бөлігін алып жатыр.

Пайдалы қазбалары: көмір, мыс, темір,

марганец.

Климаты: континентті,жылына 200-300

мм жауын-шашын түседі.

Өзендері, көлдері: Есіл, Нұра, Сарысу.

Табиғат зоналары: дала, шөлейт, шөл.

Жер бедері, пішіндері: Қазақтың ұсақ

шоқысы, Теңіз – Қорғалжын қазаншұңқыры.

5. Орал

Қазақстанға енетін бөлігі: Орал тауы

Еуропа мен Азия дүние бөліктерін бөліп

жатыр. Орал тауының Қазақстанға оңтүстік

бөлігі – Мұғалжар енеді.

Пайдалы қазбалары: хром, никель,

мыс,қара металл.

Климаты: континентті,жылына 300 мм

жауын-шашын түседі.

Өзендері, көлдері: Жем, Ырғыз, Ор,

Тобыл.

Табиғат зоналары: дала, шөлейт, шөл.

Жер бедері, пішіндері: Мұғалжар тауы,

Жем үстірті.

• Мұғалжар тауы орналасқан табиғат зонасы

- дала.

6. Алтай

Қазақстанға енетін бөлігі: Қазақстанға

оңтүстік-батысы кіреді.Ең биік нүктесі-

Мұзтау (4506м).

Пайдалы қазбалары: қорғасын, мырыш,

қалайы, вольфрам, күміс, сынап

Климаты: қоңыржай континентті.

Өзендері, көлдері: Ертіс, Бұқтырма,

Кендірлік, Күршім, Үлбі, Марқакөл, Зайсан

көлдері.

Табиғат зоналары: биіктік белдеулер

Жер бедері, пішіндері: Кенді Алтай, Қалба

жотасы, Оңтүстік Алтай.

7. Жетісу (Жоңғар) Алатауы

Қазақстанға енетін бөлігі: Алакөл

қазаншұңқыры мен Іле өзенінің аралығында

орналасқан. Жетісу Алатауының ең биік

нүктесі - Бесбақан шыңы (4622 м).

Пайдалы қазбалары: Полиметалл.

Климаты: континентті.

Өзендері, көлдері: Лепсі, Қаратал.

Табиғат зоналары: биіктік белдеулер.

8. Сауыр-Тарбағатай

Қазақстанға енетін бөлігі: солтүстік-

батыс.Сауыр тауының ең биік нүктесі-

Мұзтау (3816м), Тарбағатай тауының ең биік

нүктесі-Тастау (2292 м)

Пайдалы қазбалары: көмір (Кендірлік).

Климаты: қаңтар -20°С шілде +22°С,

жылына 380-500 мм жауын-шашын түседі.

Өзендері, көлдері: Аякөз, Үржар өзендері,

Зайсан көлі.

Табиғат зоналары: далалы.

Тарбағатай тауы

9. Тянь-Шань

Қазақстанға енетін бөлігі: Оңтүстік,

оңтүстік-шығысын алып жатыр.

Пайдалы қазбалары: қорғасын, мырыш,

фосфорит, гипс, цемент.

Климаты: шілде +20°С+25°С қаңтар -5°С,

жауын-шашын мөлшері-600-800 мм.

Өзендері, көлдері: Үлкен Алматы, Кіші

Алматы, Есік, Түрген.

Табиғат зоналары: 7 биіктік белдеу.

Жер бедері, пішіндері: Іле Алатауы, Кетпен

жотасы, Шу-Іле таулары.

Тянь-Шань тауының ірі жоталары:

Іле-Алатауы - Тянь-Шань тауының

солтүстігіндегі ең биік жотасы. Тау етегінде

Алматы қаласы орналасқан. Ең биік нүктесі-

Талғар шыңы (6973 м).

Қаратау - Тянь-Шань тауының қатты

өзгеріске ұшыраған солтүстік-батыс жотасы.

Ең биік нүктесі-Бессаз тауы (2176м). Қаратау

пайдалы қазбалар қазынасы. Қаратаудың

негізгі пайдалы қазбалары: фосфор,

полиметалл.

Қырғыз Алатауы - Күнгей жəне Іле

Алатауының батысын алып жатыр.

№2

Химия өнеркəсібі – ауыр өнеркəсіптің ғылым

мен техника жетістіктерін қажет ететін, ешқандай қалдық қалдырмайтын маңызды саласы.

Химия өнеркəсібі 3 саладан тұрады:

1) кен химиясы фосфор, калий тұздарын,

ас тұзын өндіреді;

2) негізгі химия минералдық тыңайтқыштар шығару, күкірт қышқылын өндіреді;

3) полимер металдарын өндіру немесе органикалық синтез химиясы: синтетикалық каучук, синтетикалық талшық, бояу, полиэтилен, пластмасса өндірісін қамтиды.

Қазақстандағы химия өнеркəсібінің өнімдерін шығаратын кəсіпорындар:

* Шымкент химия комбинаты: дөңгелек, резина – техникалық бұйымдар, дəрі- дəрмек;

* Ақтөбе, Тараз, Шымкент – минералды тыңайтқыштар;

* Қостанай химия зауыты: синтетикалық талшық;

* Теміртауда – синтетикалық каучук, кокстелген көмір қалдықтарынан амоний сульфаты өндіріледі;

* Павлодар мен Қызылорда – ас тұзы;

* Күкірт қышқылы: Жезқазған, Балқаш,Өскемен.

* Күкірт қышқылы түсті металлургия өнеркəсібінен қалған қалдықтардан алынады.

* Калий тұздары - Өскеменде.