Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_2010_IAS_16.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
157.7 Кб
Скачать

Қаржылық жағдай туралы есептан есептен шығару ______________________________________________

67. Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісінің қаржылық жағдай туралы есептік құнын тану мынадай жағдайда міндетті түрде тоқтатылуы тиіс:

(а) шығып қалғаннан кейін; не

(b) оны пайдаланудан немесе шығып қалуынан болашақ экономикалық пайдалар күтілмесе.

68. Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісін танудың тоқтатылуына байланысты туындайтын пайда немесе залал ондай объектіні тану тоқтатылған жағдайда міндетті түрде пайдаға немесе шығынға қосылуы тиіс (егер 17 (IAS) ХҚЕС кері жалдап сату кезінде өзгеше талап етпесе). Пайданы кіріс ретінде жіктеуге тиым салынады.

68А. Алайда, әдеттегі қызметтері барысында, күнделікті басқаларға жалға беруге иеленген жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар нысандарын сататын ұйым, жалға беруді тоқтатқанда, және сатуға арналғанда осындай активтерді қорға қаржылық жағдай туралы есептік құнымен өткізеді. Осындай активтерді сатудан түскен пайда 18 Табыс (IAS) ХҚЕС -ына сәйкес түсім ретінде танылуы тиіс. 5 (IAS) ХҚЕС сатуға арналған активтер істің қалыпты барысында қорға өткізілгенде қолданылмайды.

  1. Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісінің шығып қалуы әртүрлі жолдармен жасалуы мүмкін (мысалы, сату, қаржылық жалдау шартын жасау немесе сыйға тарту жолымен). Ондай активтің шығып қалған күнді анықтау үшін ұйым тауарлар сатудан түскен түсімді тануға 18 (IAS) ХҚЕС өлшемдерін қолданады. 17 (IAS) ХҚЕС кері жалдап сату жолымен істен шығаруға қолданылады.

70. Егер 7-тармақта баяндалған тану принципіне сәйкес, ұйым жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісінің қаржылық жағдай туралы есептік құнында осы объектінің бір бөлігін алмастыру құнын танитын болса, осы алмастырылатын бөлік бөлек амортизацияланған ба, жоқ па, соған қарамастан, ол алмастырылатын бөліктің қаржылық жағдай туралы есептік құнын тануды тоқтатады. Егер ұйым активтің алмастырылған бөлігінің қаржылық жағдай туралы есептік құнын анықтай алмайтын болса, ол алмастыру құнын оны сатып алған немесе салған кездегі алмастырылған бөлік құнының көрсеткіші ретінде пайдалануға құқылы.

71. Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісін танудың тоқтатылуына байланысты туындаған пайда немесе шығын, шығып қалудан болған таза түсімдер (егер ондайлар бар болса) мен осы объектінің қаржылық жағдай туралы есептік құны арасындағы айырма ретінде міндетті түрде анықталуы тиіс.

72. Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісі шығып қалғаннан кейін алуға ыңғайласпа беру бастапқыда оның әділ құны бойынша көрсетіледі. Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісі үшін ақы төлеуді кейінге қалдырған ретте алынған ыңғайласпа беру бастапқыда объектінің ақшалай қаражаттар баламасындағы бағамен көрсетіледі. Ыңғайласпа берудің атаулы сомасы мен ақшалай түрдегі баға баламасының арасындағы айырма, алуға өтемнің тиімді кірістілігі ескеріліп, 18 (IAS) ХҚЕС-ына сәйкес пайыздық кіріс ретінде танылады.

Ақпаратты ашу____________________________________________________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]