Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_2010_IAS_11.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
09.11.2019
Размер:
99.33 Кб
Скачать

11 (Ias) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты

ҚҰРЫЛЫСҚА ЖАСАЛҒАН КЕЛІСІМШАРТТАР

Мақсаты_____________________________________________________________________

Осы Стандарттың мақсаты құрылысқа жасалған келісімшарттармен байланысты кірістер мен шығыстар есебі тәртібін белгілеу болып табылады. Құрылысқа жасалған келісімшарттарға сәйкес жасалатын қызметтің сипатына қарай келісімшарт бойынша жұмыстарды бастау күні мен келісімшарт бойынша жұмыстарды аяқтау күні әдетте түрлі есептік кезеңдерде көрсетіледі. Сөйтіп, құрылысқа жасалған келісімшарттар есебіндегі басты мәселе құрылыс жұмыстары жүргізілген есепті кезең жөніндегі келісімшарт бойынша табыстар мен шығындарды бөлу болып табылады. Пайда мен шығын туралы есепте табыстар мен шығыстар құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыстар мен шығыстар ретінде танылуы тиіс болған кезін анықтау үшін осы Стандарт қаржы есептілігін әзірлеу мен ұсыну қағидаттарында белгіленген тану өлшемдерін пайдаланады. Ол сондай-ақ осы өлшемдерді қолдану жөнінде іс жүзіндегі нұсқаулар береді.

ҚОЛДАНУ АЯСЫ_________________________________________ _________________

1. Осы стандарт құрылысқа жасалған келісімшарттар үшін мердігерлердің қаржы есептілігінде қолданылуы тиіс.

2. Осы Стандарт 1978 ж. бекітілген 11 Мердігер келісімшарттарын есепке алу (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің стандартын алмастырады.

Анықтамалар_______________________________________________________________

3. Осы Стандартта мына терминдер төменде көрсетілген мәндерінде пайдаланылады:

Құрылысқа жасалған келісімшарт - бұл активтің немесе олардың құрылымы, технологиясы мен қызметі немесе түпкі мақсаты немесе пайдалануы жағынан өзара тығыз байланысты немесе өзара тәуелді активтер кешенін салуға арнайы жасалған келісімшарт.

Белгіленген бағасы бар келісімшарт - бұл келісімшарт, оған сәйкес мердігер келісімшарт бойынша өнімнің әрбір бірлігі бойынша белгіленген бағасына немесе белгіленген мөлшерлемесіне келіседі, мұның өзі шығындардың өсуіне байланысты көтерілуі мүмкін.

Шығындарды қосу келісімшарты - бұл құрылысқа жасалған келісімшарт, оған сәйкес мердігерге жол берілетін немесе өзгеше анықталатын осы шығындардан шығындарға қосылған пайыздар немесе белгіленген сыйақы өтеледі.

4. Құрылысқа жасалған келісімшарт бір объектінің ғимараты, мысалы, көпірлер, үйлер, бөгеттер, труба құбырларын, жолдар, кемелер мен үңгіме жолдар салу үшін жасалуы мүмкін. Мұндай келісімшарт құрылымы, технологиясы мен қызметі немесе олардың түпкі мақсаты немесе пайдалануы жағынан өзара тығыз байланысты немесе өзара тәуелді бірқатар объектілер құрылысы үшін де жасалуы мүмкін; мұнай өңдеу зауыттарын немесе басқа күрделі негізгі құралдарды салуға жасалған келісімшарттар осының мысалы бола алады.

5. Осы Стандарттың мақсаттары үшін құрылыстар салу келісімшартына мыналар жатады:

(а) объектілерді салумен, мысалы, жобаларды басқару және сәулетшінің қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтер көрсетуге тікелей байланысты жасалған келісімшарттар; және

(b) объектілерді қиратуға және қалпына келтіруге, объектілерді бұзғаннан кейін қоршаған ортаны қалпына келтіруге жасалған келісімшарттар.

6. Құрылысқа жасалған келісімшарттар әр алуан қалыптастырылуы мүмкін, бірақ осы Стандартқа сәйкес олар белгіленген бағасы бар құрылысқа жасалған келісімшарттар және шығындарды қосу келісімшарттары ретінде сараланады. Кейбір құрылысқа жасалған келісімшарттар, мысалы, келісілген ең көп бағасы бар шығындарды қосу келісімшарттары жағдайындағы сияқты келісімшарттарының екі түрінің сипаттамасы болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда мердігер 23 және 24-тармақтарда мазмұндалған жағдайларды құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыстар мен шығындарды қай кезде тану керектігін анықтау үшін қарауы қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]