Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Makro_ostalnoe.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
1.08 Mб
Скачать

10. Студенттің оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар

1. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу.

2. Ақшаға деген сұраныс және ақша ұсынысы.

3. IS-LM үлгісі: тауарлар мен ақша нарықтарындағы тепе-теңдік.

4. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс.

5. Ашық экономика.

6. Инфляция және жұмыссыздық. Филлипс қисығы.

Макроэкономика курсы бойынша студенттердің білімін тексеруге арналған тапсырмалар мен тест сұрақтары:

1 Есеп.

Берілген мәліметтер бойынша анықтау керек:

  • М1

  • М2

  • М3

Чек салымдары –448 млрд.долл.

Чексіз жинақ

салымдары-300 млрд.долл.

Кіші жедел салыидары-1630 млрд.долл.

Ірі жедел салымдары-645 млрд.долл.

Қолма қол ақшалар-170 млрд.долл.

2 Есеп.

«ТұранӘлем» Банкінде 10000 мың долларға депозит салымы бар. Міндетті резерв мөлшері 25 % орнатылған . Бұл депозит ұсынылатын ссуда сомасын қандай көлемге ұлғайтуы мүмкін?

3 Есеп. Тепе-теңдік өндірістің классикалық моделіне сәйкесорташа бағаның деңгейін анықтаңыз?

  • Мемлекеттің жиынтық ұсынысы 500000 бірлік

  • Айналымдағы ақша саны 1000000 доллар

Айналым жылдамдығы 4-ке тең.

№4 Есеп.

Экономикада 10 жұмысшы әрекет етеді.Әрқайсысы бір жылда 3000 сағат жұмыс істейді.Еңбек өнімділігі 8 доллар сағатына.

Анықтау керек:

  • Өндірілген өнімнің жалпы көлемін

5 Есеп.

Егер неміс маркасының доллардағы бағасы 1 маркаға 50 –ден 45 центке төмендейтін болса, Германиядағы 150 маркаға сатылатын магнитофон бағасы (долларда) қалай өзгереді?

6 Есеп.

Экономика моделі келесі мәліметтермен сипатталады:

Cd=1000+0.9Yd

G=600

Id=390

T=400

Yd=GNP-T

B=T-G

X-M=0

Анықтау керек:

  • Тепе-теңдік GNP

  • Мемлекеттік шығындар мультипликаторын

  • Салықтың 1 доллрға өсімшесінің GNP көлеміне әсерін

  • Тепе-теңдік GNP кезіндегі жиналым көлемін

Тест сұрақтарына жауап беру қажет:

  1. Әртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйелік сипаттама:

а) микроэкономикалық үлгі; ә) макроэкономикалық үлгі; б) макроэкономикалық жүйе; в) дұрыс жауабы жоқ.

  1. Қазіргі макроэкономика ғылымының негізін қалаушы кім:

а) Д. Кейнс; ә) К. Макконел мен С. Брю; б) П. Самуэльсон; в) У. Нордхауз.

  1. Макроэкономика – бұл:

а) экономиканың даму заңдылықтарын адам, отбасы және кәсіпорын деңгейінде зерттейтін экономикалық теорияның бір бөлімі; ә) ресурстар мен өндіріс факторларының шектеулі болу жағдайында адамдардың іс-әрекетін зерттейтін ғылым; б) экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін ғылым; в) экономикалық ойдың даму кезеңдерін зерттейтін ғылым.

  1. Макроэкономикалық талдаудың ерекшелігіне не жатады?

а) көрсеткіштерді комбинациялау; ә) берілгендерді агрегаттау; б) корреляциялық тәуелділікті құрастыру; в) графиктерді құрастыру.

  1. «Макроэкономика» терминінің авторы кім?

а) Дж. Кейнс; ә) М. Фридмен; б) Р. Фриш; в) И. Фишер.

  1. Мыналардың қайсысы макроэкономикалық мақсатқа жатады:

а) нақты ЖІӨ-нің деңгейін арттыру; ә) жұмыссыздық мәселесі; б) бюджет тапшылығы; в) инфляция деңгейі.

  1. «Макроэкономика» термині қай жылы ғылыми тұрғыдан алғаш қолданысқа енгізілді: а) 1936 жылы; ә) 1890 жылы; б) 1961 жылы; в) 1933 жылы.

  2. Статикалық күтімдер концепциясы бойынша:

а) экономикалық субъектілер өткен жағдайлар болашақта қайталанады деп күтеді;

ә) экономикалық субъектілер бұрын жіберілген қателіктерін ескере отырып болашақты күтуде түзетулер енгізеді; б) экономикалық субъектілердің болашақты болжауы өздерінде бар ақпараттың барлығын өңдеу арқылы оңтайлы нәтиже негізінде құрылады;

в) экономикалық субъектілер жүзеге асқан тәжірибелерді нақты бағалайды.

  1. Мыналардың қайсысы негізгі макроэкономикалық проблемаға жатпайды:

а) тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу; ә) экономикалық цикл және оның шығу себептері; б) инфляция мен жұмыссыздық мәселесі; в) ұлттық кәсіпорындардың пайдасын арттыру.

  1. Жабық жүйедегі макроэкономиканың негізгі субъектілері – олар:

а) үй шаруашылығы, фирма; ә) үй шаруашылығы, фирма және мемлекет; б) мемлекет және сыртқы орта; в) сыртқы орта мен ішкі орта.

  1. Мына экономистердің қайсысы неокейнстік бағыттың негізгі өкілі болып табылады: а) П. Самуэльсон; ә) М. Фридмен; б) Г. Мэнкью; в) Р. Лукас.

  2. Егер экономикалық субъектілер алдағы жылы инфляция деңгейі ағымдағы жылғы деңгейге тең болады десе, онда олардың болжамдары қандай күтімдер бойынша қалыптасады:

а) статистикалық; ә) адаптациялық; б) рационалды; в) статикалық.

  1. Мыналардың қайсысы ашық макроэкономикалық жүйедегі проблема болып табылады:

а) тиімді макроэкономикалық саясатты жүгізу; ә) төлем балансының жағдайы; б) пайыз мөлшерлемесінің деңгейі; в) жоғарғы жұмысбастылықты қамтамасыз ету.

  1. Мына макроэкономикалық мақсаттардың қайсысы ашық экономикаға тән болып табылады:

а) төлем балансының нөлдік сальдосы; ә) жоғарғы жұмысбастылық; б) ұлттық өндірістің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету; в) бағалар деңгейінің тұрақтылығы.

  1. Макрокономикалық модельді құруда зерттеліп отырған макроэкономикалық құбылыстың немесе үрдістің мазмұны мен құрылымын сипаттау үшін қандай функционалдық байланыс қолданылады:

а) технологиялық; ә) мінез-құлықтық; б) институционалдық; в) дефинициондық.

  1. Рационалды күтімдер теориясы – бұл қандай мектеп?

а) неокейнстік мектеп; ә) неоклассикалық мектеп; б) «жаңа кейнсшілдер» мектебі; в) жаңа классикалық макроэкономикалық мектеп.

  1. Жаңа классикалық макроэкономикалық мектептің негізгі өкілі:

а) Дж. Робинсон; ә) Р. Лукас; б) О. Бланчард; в) Э. Хансен.

  1. Макроэкономикалық субъект – «сыртқы ортаның» негізгі міндеті:

а) экспорт пен импортты қалыптастыру; ә) халық шаруашылығының тиімді әрекет етуі үшін қолайлы жағдайлар жасау; б) ең аз шығын жұмсай отырып максималды пайдалылыққа жету; в) пайданы максималдауға тырысу.

  1. Макроэкономиканың зерттеу объектісі – бұл...:

а) экономикалық игіліктер туралы шешім қабылдау; ә) ұлттық өнім мен ұлттық табыс көрсеткіштері, қоғамның байлығы; б) салық салу, трансферттік төлемдер төлеу және ақша ұсынысын қалыптастыру; в) негізгі макроэкономикалық проблемаларды зерттеу.

  1. Макроэкономикалық саясат құралдары – бұл...:

а) мемлекеттің үнемі бақылауында болатын және бір немесе бірнеше мақсаттардың орындалуына мүмкіндік беретін экономикалық өзгермелілер; ә) макроэкономикалық теорияны дамыту үшін ескерілетін ғалым-экономистердің көзқарастары; б) экономикаға әсер ету мақсатында салық салу мен мемлекеттік шығындарды қолдану;

в) макроэкономикалық модельдерді құруа қажетті мәліметтер базасының жиынтығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]