Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2011 ОК 1 курс.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
15.11.2019
Размер:
143.01 Кб
Скачать

Қазақтың өнері мен мәдениеті

Қазақтың өнері мен мәдениеті үнемі бірлікте дамыды. Өнердің түр- түрін айтуға болады. Соның бірі - музыка өнері. Ауылдарды аралап жүретін әнші, күйшілер, ақындар мен жыршылар ертеден дәстүрлі музыка өнерін таратушылар болып саналады. Музыка өнерінің дамуына XIX, XX ғасыр ортасындағы белгілі халық композиторлары мен әншілерінің әсері ерекше болды. Олардың арасында А.Құнанбаев, Біржан Қожағұлов, Жаяу- Мұса Байжанов, Дәулеткерей Шығаев, Құрманғазы Сағырбаев, Ақансері, Тәттімбет, Мәди, Дина Нүрпейісова, Кенен Әзірбаев және басқаларды атауға болады.

Қазақтың халық әндерін мәтіні мен мазмұнына қарай эпикалық, еңбек, отбасы-тұрмыстық, лирикалық, тарихи, әлеуметтік әндер деп бөлуге болады.

Қазақтың музыка өнерінде дирижер, композитор, жетекші, домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің орыны ерекше. Нұрғиса Тілендиев «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық оркестрін құрған. Оркестрде ерекше кең таралған музыка ежелгі музыкалық аспаптармен орындалатын болған.

Қазақстан – Р. Бағланова, Е. Серкебаев, Б.Төлегенова, Ә.Дінішев,

Р. Рымбаева, А.Мұсаходжаева, Ж.Әубәкирова, Г.Есімова сияқты халықаралық деңгейдегі орындаушылар отаны.

3 - тапсырма. Мәтінді қайталап оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Халықтың әнші, күйшілері, ақын, жыршылары музыка өнеріне қандай үлес қосқан?

2. Музыка өнерінің дамуына XIX, XX ғасыр ортасындағы белгілі халық композитор, әншілерінің әсері қандай болды?

3. Оларды атап бере аласыз ба?

4. Қазақтың халық әндері қандай тақырыптарды қамтыған?

5. Н. Тілендиев туралы не білесіз?

6. Егеменді елдің мәртебесін көтеріп, өнерін, мәдениетін басқа елдерге танытып жүрген өнер қайраткерлерінен кімдерді білесіз?

4 - тапсырма. Сұхбатты толықтырып, көршіңізбен сөйлесіңіз.

- Достым, бүгінгі сабақта «қазақтың өнері» деген тақырыпты талдадық. Өнердің түрлері көп. Жеке-жеке айтып бере аласың ба?

-. . . .

-Дұрыс айттың. Халық әндерін ел ішінде кімдер таратқан?

-. . . .

- Қазіргі ақын, әншілерден кімдерді білесің?

-. . . . . . .

- Өзіңнің сүйікті әншің бар ма? Ол саған несімен ұнайды?

-. . . .

- Өнер, мәдениет дегенде мәдени орындарды еске түсіреміз. Өзің білетін Қазақстандағы ірі театр, мәдени орындарды атап берші.

-. . . .

- Музыка өнерінің дамуына үлес қосатын оқу орындары туралы не білесің?

- . . .

5 - тапсырма. Омонимдік жұптарды аударып, қай сөз табына қатысты екенін ажыратыңыз. Омонимдерді сөз табына сәйкес талдаңыз. Омонимге қатысты мысалдарды толықтырыңыз.

Біз үйге ерте келеміз. Етікші үнемі біз қолданады. Ер мінезі қайратты болады. Сен менің соңымнан ер. Сыр тек досқа айтылады,басқаға шашпайды. Сен артық заттарды сыр. Нан болса ән де болады.Сен менің сөзіме нан. Болам десең ұста, онда балғаны нық ұста. Құр – құстың бір түрі. Сен пердені құр. Қаз қолда да өсіріледі. Сен тал егетін орынды қаз. Міне, жадырап жаз да келді. Сен тапсырманы қатесіз жаз. Қыс - ең суық ай. Сен оның қолын қатты қыс.

6 - тапсырма. Өлең жолдарынан омоним болатын сөзді табыңыз. Екінші жұбына қатысты сөйлем құрастырыңыз.

Айдын шалқар көрінгендей арай бақ,

Қонды аққулар жан-жағына қарайлап.

Күн қып-қызыл, қызғылт тартты су беті,

Қызыл мысқа ұқсап кетті бар аймақ

(К.Салықов).

3- сабақ.

Лексика: Денсаулық – зор байлық.

Грамматика: Жіктік жалғауы.

1- тапсырма. Мына сөздермен танысып, аудармасын жаттаңыз.

денсаулық – здоровье

негіз – основа

тірегі – опора

нашар – плохой

қоғам – общество

отбасы – семья

мықты – крепкий

мақсат – цель

әлеуметтік жағдай – социальное положение

себеп – причина

жағымсыз – неприятный

қан тамырлары ауруы – болезнь кровеносных сосуд

екі есе – два раза больше

әлденеше есе - несколько раз

темекі - сигарет

улы – ядовитый

мәлім – известно

көру қабілеті – зрение

2 - тапсырма. Мәтінді тыңдап, өзіңізге таныс сөздерді жазып отырыңыз. Мәтінді аударыңыз.

Денсаулық – зор байлық

Денсаулық - адам өмірінің негізі, тірегі. Денсаулығы нашар адам қоғамға да, отбасына да жайсыз екені белгілі. Денсаулығы мықты адам ғана алдына қойған мақсаттарына қол жеткізеді. Бүгінгі таңда қоршаган ортаның ластануы, әлеуметтік жағдайдың төмендігі, жұмыс орнында және отбасындагы келеңсіз жағдайлар, дұрыс, уақытымен тамақтанбау адам денсаулығын бұзатын себептер болып отыр.

Жеке адамның бойындагы жағымсыз қылықтар да денсаулықтың бұзылуына әкеледі. Атап айтсақ, темекі тарту, ішімдікке жақын болу. Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, шылым шегушілердің арасыңда қан тамырларының ауруы екі есе, ал өкпе ауруы әлденеше есе көп болады. Темекіде «никотин» атты улы зат бар екені мәлім. Темекі құмарлар күніне бір қорап темекі шегеді. Сонда ол адам 30 жыл ішінде үш жүз мың тал темекі жұмсайды немесе бір жарым килограмдай никотин жұтады. Никотин осы мерзімде мысқылдап кіріп, жүрек, жүйке, өкпе тәрізді адамның ең жанды жерлеріне ақау салып үлгереді. Осыдан адам денсаулығы нашарлап, жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Ендеше, әр адам өз денсаулығы үшін күресіп, салауатты өмір сүруге талпыну қажет.

3 – тапсырма. Мәтінді бірнеше рет оқып, төмендегі сұрақтарға толымды сөйлеммен жауап беріңіз.

1. Денсаулығы нашар адам қоғамға, отбасына жайлы ма?

2. Қандай адам өз мақсаттарына қол жеткізеді?

3. Бүгінгі таңда денсаулықтың бұзылуына әсер ететін қандай себептерді білесіз?

4. Темекі тартудың зияны бар ма?

5. Темекі тартуда адам ағзасы қандай улы затпен уланады?

6. Салауатты өмір сүру үшін не істейсіз?

4 – тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыз.

- Достым, салауатты өмір сүру дегенді қалай түсінесің?

- ………………….........................

- Бүгінгі таңда өзің осы бағдарлама шарттарын орындап жүрсің бе?

- .........................................................

- Сенің досың шылым тарта ма? Сен оған шылым тартудың зияны туралы айттың ба? Шылым тартудың зияны туралы өзің қаңдай ақпараттар оқыдың?

- ...........................................................

- Мен де салауатты өмір сүруге талпынамын. Үнемі денемді шынықтырып, темекі, алкогольды сұйықтардан бойымды аулақ ұстаймын. Басқаға да осындай тілек айтар едім.

5 – тапсырма. Асты сызылған сөздерді синониммен ауыстырып жазыныз.

1. Денсаулығы мықты адам ғана алдына қойған мақсаттарына қол жеткізеді

(армандарына, биіктеріне, ойларына)

2. Темекіде «никотин» атты улы зат бар екені мәлім (зиянды) .

3. Осыдан адам денсаулығы нашарлап, жұмыс істеу қабілеті төмендейді (ойлау).

4. Ендеше, әр адам өз денсаулығы үшін күресіп, салауатты өмір сүруге талпыну қажет (күресу қажет).

6 – тапсырма. Төмендегі етістіктерді аударып, жіктік жалғауында түрлендіріңіз.

Мен үнемі (бегать). Сол себепті денемді (закалять). Таңертең сен салқын сумен (умываться). Біз темекі (не курить). Мен қажет болса, (спать). Ол дұрыс (питается). Дене шынықтыру кезінде сен күнде (прыгать). Сіз үнемі (плавать).

4 – сабақ.

Лексика: Қоғам және жастар

Грамматика: Септік жалғауы

1 – тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын жаттаңыз.

жастар қаласы – город молодых

үміт – вера

үлкен мүмкіндіктер – большие возможности

болашақ әлемі – мир будущего

жазғы демалыста – на летних каникулах

қаражат – деньги, финансы

бағдарлама – программа

қоғамдық – общественные

мамандық жәрмеңкесі – ярмарка

түйіндеме – резюме

жастар саясаты – молодежная политика

қоғамдық жобалар – общественные проекты

жастардың күші – сила молодых

2 – тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз, өзіңізге таныс сөздерді жазып отырыңыз. Мәтінді қазақша мазмұндаңыз.

Қоғам және жастар

Негізгі деректерге сүйенсек, қазір жастардың көпшілігі - Астана қаласында. Сол себептен, Астана «жастар қаласы» деген атқа арқау болып отыр. Мыңдаған қыздар мен жігіттер Елордаға үміт арқалап, үлкен мүмкіндіктер мен болашақтың әлемінен өз орнын табу үшін келді. Астананың әрбір оныншы тұрғыны – білім алушы жастар өкілі.

Жастардың басым көпшілігі оқу мен еңбекті қатар алып жүреді. Қазір жазғы демалыста шетелдерде жұмыс істеп, қаражат табуға бағытталған халықаралық бағдарламалар кеңінен таралуда.

Оқу бітірушілер мен студенттердің жұмысқа тұруын «Жастар еңбек биржасы» қоғамдық бірлестігі қолға алды. Жыл сайын мұнда мамандықтар жәрмеңкесі өтеді. Жұмыс берушілер жастардан түйіндеме қабылдап, әңгімелесу өткізеді.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында қоғамдық жобалар әзірленіп, өндірілуде. Өткен жылы жас белсенділер «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Бір жазда жастардың күшімен Астананың сол жағалауындағы 500 гектар жер жасылдандырылды. «Ғашықтар» саябағы мен әкімшілік ғимараттың жанына жүздеген ағаш отырғызылды.

Жастар әңгімелесу, пікір сайыстар, ғылыми-практикалық конференциялар жүргізуде. Олар өздерінен кіші буынға үлгі боларлық істер көрсетіп жатыр.

3 – тапсырма. Мәтінді қайталап, сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

1. Астана неге жастар қаласы деп аталады?

2. Астанаға мыңдаған жігіттер мен қыздар қандай мақсатпен келді?

3. Жастар жазғы демалыста шетелдерге не үшін барады?

4. «Жастар еңбек биржасы» қандай қызмет атқарады?

5. Мамандықтар жәрмеңкесінде не істейсіз?

6. «Жасыл ел» бағдарламасы туралы не білесіз?

4 – тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыз.

  • Сәлем, достым!

  • ...................................................

  • Мен жазда қаражат табу үшін, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыс істеймін. Сен қатысасың ба?

  • ...................................................

  • Қазір жастар ісіне, белсенділігіне мемлекет тарапынан үлкен қолдау жасалып отыр. Ондағы мақсат не?

  • ....................................................

  • «Жастар – Қазақстан болашағы» дейді. Осы жөнінде сен не айтар едің?

  • ....................................................

  • Достым, қазір жастарды жұмыспен қамтамасыз ету біршама реттеліп қалды. Дегенмен, сен осы мәселеге қатысты қандай пікір айтар едің?

  • .....................................................

5 – тапсырма. Сөйлемдерді аударып, септік жалғауларының қызметін салыстырыңыз.

Алдыңғы аға буын кейінгі буынға осындай мұраларды қалдырған. Жастар өз тілін, салт-дәстүрін дамытады. Мемлекет жастарды ел билеуге араластырады. Бүгінгі күні жастардың белсенділігі артып отыр. Ауылда жастардың еңбегі бағаланады. Болашақ іскерлер де жастардан шығады. Қоғамда жастардың орыны бар.

6 – тапсырма. Сөздерді аударып, қай септік жалғауын қолданып тұрғаныңызды түсіндіріңіз.

Ол (наш) досымыз. (В гостях) өзіңді сыпайы ұстауың керек. (В лесу) осындай ағаштар өседі. (С природой) үнемі сырласамын. Орманды (с нами) аралайсың. (Со своим) көршісімен театрға барды. Ол (на улицу) асығып шығып кетті. Мен (музыку) сүйіп тыңдаймын. Мен (во дворе) Райханды кездестірдім. Кішкентай бала (к окну) жақындады. Кешке мен (в сад) шығамын. Оның анасы (в аптеке) жұмыс істейді.

5 – сабақ.

Лексика : Тәуелсіз Қазақстан.

Грамматика : Тәуелдік жалғауы.

1 – тапсырма. Төмендегі сөздерді қайталап, жаттап алыңыз.

тәуелсіздік - независимость

дейін - до

одағы - союз

ел -страна

бір-бірімен - друг с другом

тығыз- тесно

байланысты – связано

қайта құру – перестройка

өміріне – в жизнь

өзгеріс – изменение

егемендігі туралы – о независимость

саяси – политический

қуаныш – радость

жеке ел – независимая страна

төте – прямой

терезесі тең – равноправно

ұйым – организация

2 - тапсырма. Мәтінді тыңдап, өзіңізге таныс сөздерді жазып отырыңыз. Белсенді етістіктердің қолданысын ажыратыңыз.

Тәуелсіз Қазақстан

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін алғанға дейін, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы деп аталған ірі империяның құрамында еді. КСРО-ның құрамында Қазақстаннан басқа 14 ел болды. Бүл елдер «Одақтас республика» деп аталды. Бір-бірімен тығыз экономикалық байланыста өмір сүрді.

Сексенінші жылдардың екінші жартысынан басталған демократиялық қайта құрулар Кеңес Одағының құрамындағы республикалар өміріне үлкен өзгерістер әкелді.

1990 жылы 25 қазанда Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл оқиғаның Республика өмірінде үлкен саяси маңызы болды. 1991 жылдың 10 желтоқсанынан бастап қазақ КСР-і Қазақстан Республикасы деп аталды. Азаттық алған елдер тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып, оны орасан зор қуаныш үстінде қарсы алды.

Бодандықтан құтылып, өз алдына жеке ел болып, бөлініп шығу біздің елдің тарихындағы теңдесі жоқ ұлы оқиға болды. Тәуелсіздік алған соң, Қазақстан мемлекеті әлемдегі мемлекеттермен төте араласуға, олармен терезесі тең ел ретінде қатынас жасауға, дүниежүзілік ұйымдарға мүше болуға қол жеткізді.

3 – тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, төмендегі сұрақтармен бекітіңіз.

1. Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан Республикасы қандай ірі империяның құрамында еді?

2. КСРО-ның құрамында неше ел болды?

3. Қазақстан мемлекеті өз тәуелсіздігін қашан алды?

4. Тәуелсіздік алғаннан кейін, Қазақстан мемлекеті қандай байланыстарға қол жеткізді?

4 - тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша, мына сұхбатты жалғастырыңыз.

- Достым, Қазақстан мемлекеті бұған дейін қандай империяның құрамында болды?

- .........................................................

- Мемлекетіміз өз егемендігін алғаннан кейін. елтаңбасы, туы және әнұранында өзгерістер болды ма?

- .........................................................

- Елтаңбада және мемлекет туында не бейнеленген?

- .........................................................

- Ал әнұранымызды айтып бере аласың ба?

- .........................................................

- Сонымен, Қазақстан Республикасы деп қашаннан бастап аталды?

- .........................................................

- Тәуелсіздік күні деп қай күн белгіленген?

- .........................................................

5 – тапсырма. Жаттығудан дұрыс қолданылмаған тәуелдік жалғауын тауып, қатесін түзетіңіз.

Біздің елім тәуелсіздікке қол жеткізді. Мемлекетте адамдардың өмірің қадағаланып отырады. Біздің елтаңбаңыз бекітілді. Тудың түсің көк түсті. Әр ұлттың өкілі Қазақтан мемлекетімнің дамуына үлес қосады. Сіздің үлесің де бар. Менің осындай арманың бар. Сенің ойыңыз маған түсінікті болды. Сенің мақсатыңыз бізге ұнайды.

6 – тапсырма. Өлеңді жаттап, тәуелдік жалғауы бар сөздерге талдау жасаңыз.

Ақ тілеу тілеп жатамын,

Ақ пейілі осы – атаның.

Қайталап сөзін батаның,

Арнаймын саған, Отаным

(Ә.Тәжібаев).

6 – сабақ.

Лексикалық тақырып: Мінез және келбет

Грамматика: Сын есім

1 - тапсырма. Мына сөздермен танысып, қайталаңыз.

адам мінезі - характер человека

әр түрлі - разное

сабырлы - спокойный

шыдамсыз - нетерпеливый

қызғаншақ - ревнивый

қоғам - общество

ұжым - коллектив

байсалды - спокойный

көпшіл - общительный

ақкөңіл - чистосердечный

кешірімді – простительный

жомарт - щедрый

жағымсыз – неприятный, противный

сабырсыз – нетерпеливый

кекшіл - злопамятный

көңілсіз – без настроения

қылық – выходка

сырлас – близкий

2 - тапсырма. Мәтінді тыңдап, өзіңізге таныс сөздерді теріп жазыңыз.

Мінез және келбет

Адам мінезі әр түрлі болады. Біреуі – сабырлы, біреуі – шыдамсыз, енді біреуі – қызғаншақ. Кез-келген адам қоғамда, ұжымда өмір сүреді. Сондықтан, мінезіне қарай басқа адаммен тіл табысып, мінезі арқылы ұжымға танылады. Егер адам мінезі байсалды, сабырлы, көпшіл, ақ көңіл болса, басқа адамдар да онымен дос болып, сырласуға, ақыл-кеңес сұрауға жақын тұрады. Кешірімді болу, адам бойындағы жомарттық, кішіпейілдік те мерейіңді өсіріп, алғысқа бөлентеді.

Кейбір адамдардың сыртқы келбеті әдемі болғанымен, жағымсыз мінездерімен ортасын жалықтырып, өзгемен тіл табысуын қиындатады. Шыдамсыз, сабырсыз, қызғаншақ, кекшіл болсаң, сен достарыңнан алыстап кетесің. Үнемі жалғызсырап, көңілсіз өмір кешесің. Сондықтан жаман қылықтан аулақ болып, неғұрлым мейірімді, сабырлы мінез көрсетсең, саған өкпесі бар адамдардың өзі сырлас досыңдай болып кетеді. Жұмсақ мінез, ұстамдылық, сыпайылық - өзіңді де, отбасыңды, досыңды да бақытқа бастар жолдың тетігі. Халқымызда «Жақсы адам – қазына» деген нақыл сөз бар. Оның астарында адам мінезі жайлы ой айтылған.

3 - тапсырма. Берілген мәтінді оқып, аударма жасаңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Адам мінезі қандай болады?

2. Адам мінезі арқылы басқа адамдармен тіл табысып, ұжымға танылуға бола ма?

3. Байсалды, сабырлы, көпшіл, ақ көңіл адаммен сырласуды жақсы көресіз бе?

4. Адамның қандай мінезі тіл табысуды қиындатады?

5. Өзіңді, отбасыңды, досыңды бақытқа бастар жолдың тетігі неде?

6. «Жақсы адам – қазына» нақыл сөзін қалай түсінесің?

4 - тапсырма. Сұхбатты жалғастырып, екінші нұсқасын құрыңыз.

- Асхат, сенің ең жақын досың бар ма?

- ...................................................................

- Досыңның қандай мінезі саған ұнайды?

- .....................................................................

- Досыңның мінезінде қандай кемшілік бар?

- ......................................................................

- Сен ашулансаң, досың не істейді?

- ......................................................................

- Ал досың ашуланып, ренжитін жағдайлар бола ма?

- .......................................................................

- Ондай жағдайда сен қандай мінез көрсетесің?

- ........................................................................

- Жақсы. Сенен үйренетін мінез-құлықтар көп екен.

- Ия, адам адамнан жақсы мінезді, жағымды әдетті үйрену керек.

5 - тапсырма. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз. Адам мінезін, келбетін сипаттайтын сөздерді жазыңыз.

1. Менің жолдасым ...(қандай?)

2. Оның анасы ...(қандай?)

3. Менің анам ...(қандай?)

4. Сенің әкең ...(қандай?)

5. Оның жолдасы ...(қандай?)

6. Сәкеннің атасы ...(қандай?)

7. Досанның әпкесі ...(қандай?)

8. Мараттың қарындасы ...(қандай?)

9. Еркебұланның ағасы ...(қандай?)

6 – тапсырма. Қажетті сөздерді аударып, сөйлемді толықтырыңыз.

Мен (вкусный) тамақ әзірледім. (Красивая) қыздың (вежливый) мінезі бәрімізге ұнады. Атамның (доброе) жүрегі бізді мәпелейді. (Хорошое) іс істесең жан-жағыңнан алғыс аларсың. (Большая) достық сыйластықтан басталады. (Умный) адам қателік жасамайды. (Хитрый) адам сені алдап кетеді.

7 – сабақ.

Лексика: Бос уакыт және қызығушылық

Грамматика: Сан есім.

1 - тапсырма. Төмендегі сөздердің аудармасына назар аударыныз.

уақыт кестесі – расписание времени

тыңғылықты - исполнительный

өзіне - себе

бос уақыты – свободное время

рухани - духовный

жүйке – нерв

қуаты - сила

қызығушылық – интерес, забава

тау - гора

кесте - вышивка

тоқыма - вязать

мәдени орындар – культурные места

жаныңызға - душе

жылылық - тепло

2 - тапсырма. Мәтін бойынша мағынасы түсінікті сөздерді жазып алыңыз. Аудармасын еске түсіріңіз.

Бос уақыт және қызығушылық

Уақыт кестесін дұрыс пайдалана алатын адамның іс-әрекеті жүйелі болады. Кестесіне сәйкес жоспарлаған жұмыстарын да тыңғылықты орындайды. Ондай адамның өзіне көңіл бөлетін бос уақыты да табылады. Мұндай жағдайда, әрине, өзің қызығатын, рухани ляззат алатын іспен шұғылданған пайдалы. Бұдан адамның бір мезгіл болса да, жүйкесі тынығып, күш-қуаты артады.

Әр адамның қызығушылығы әр түрлі. Бірі – тауға шығып серуендеуді қаласа, енді бірі – сүйікті спорт түрімен айналысады. Кітап оқу, кесте тігу және тоқыма тоқу да кейбір адамның қызығушылығын арттырады.

Бос уақытта мәдени орындарға барып, әнші, биші, күйшілердің өнерін тамашалаудан жаныңызға жылылық ұялайды.

3 - тапсырма. Мәтінді қайталап оқып, сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.

1. Сіз уақытыңызды дұрыс пайдалана білесіз бе?

2. Бос уақытта немен шұғылданған пайдалы?

3. Қызығатын іс-әрекетпен айналысқанда, қандай күйде боласыз?

4. Адамдардың қызығушылығы әр түрлі. Сипаттап беріңіз.

5. Бос уақытта мәдени орындарға баруды ұнатасыз ба?

4 - тапсырма. Сұхбатты жалғастырып, еркін сөйлесуге дағдыланыңыз.

- Сәлем, достым. Жағдайың қалай?

-...

- Жексенбі күні бос уақытым бар. Сондықтан көл жағасына барып, балық аулап, тынығып қайтқым келеді. Саған ұнаса, бірге барайық.

-Жоқ .....

- Сен сурет салуды ұнатады екенсің ғой. Сурет салуды қашаннан бастадың?

-...

- Қандай тақырыптарда суреттер саласың?

-...

- Сенің ата-анаң, бауырларың да сурет салумен айналыса ма?

-...

5 – тапсырма. Сан есімдерді дұрыс қолданып, бір тәуліктегі кестеңізді толтырыңыз.

Мен таңертең сағат .......................... тұрамын.

Сағат ......... ......... денемді сергітер жаттығуларды орындаймын.

Сағат ....... ........ жуынып, таранамын.

Таңғы асымды сағат ............... ................ ішемін.

Бізде сабақ сағат ............... басталады.

Күніне біз сағат .............. оқимыз. Яғни таңертеңгі ..... .......... -дан кешкі ..... ......... дейін университетте боламыз.

Бір сабақ ............ минутқа созылады.

Үлкен үзіліс кезінде, яғни, сағат ............ -да, біз түскі тамақ ішеміз.

Сабақтан шыққан соң, сағат ............. жатақханаға барамыз.

Сағат ............... -да кешкі тамақ ішіп, сабаққа дайындаламыз.

6 – тапсырма. Сан есімдерге дұрыс жалғанбаған қосымшаларды тауып, қатесін табыңыз.

Мың тоғыз жүз тоқсанінші жылдың жиырма бесыншы қазанында мемлекеттің тәуелсіздігі туралы декларация қабылданды. 1991 жылға желтоқсанның 16-ыншы тәуелсіздік туралы заң қабылданды. Бір сабақ сағат сегіз жарым басталады. Жарыста алтау бала озып келді. Енді судың үшке бір бөлігін құясың. Екі – екінің отырыңдар.

8 – сабақ.

Лексика: Бурабай табиғаты.

Грамматика: Есімдік.

1 - тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

табиғат- природа

таңғажайып – удивительный, изумительный

ауа - воздух

керемет - необычный

бейнелі – образный

сұлулық - красота

тарихи - исторический

шыңдары - вершины

саяхатшы - путешественник, турист

2 – тапсырма. Мәтінді тыңдап, аударма жасаңыз.

Бурабай табиғаты

Біздің республикамызда табиғаты таңғажайып жерлер өте көп. Соның бірі – Көкшетаудағы Бурабай мекені. Бұл жердің табиғаты жылдың төрт мезгілінде де керемет көрінісімен қызықтырады. Бой сергітер таза ауасы дертке дауа. Бурабайдың таза ауасын, әдемілігін Швецария табиғатымен салыстырады. Бүгінде бұл аймақты «Қазақстанның Швецариясы» деп атау орын алған.

Бурабайда сан ғасырлық тарихы бар «Жұмбақтас», «Оқжетпес» шыңдары орналасқан. Бұл шыңдарды қызықтаған адам таудың әр қырынан әр түрлі бейнені көре алады. Бурабайға саяхатшылар, дем алушы Қазақстан, шетел азаматтары үнемі барады. Осындай тарихи жерді келешек ұрпаққа жеткізу үшін, қорғай білуіміз керек.

3 - тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақстанның «Швецариясы» деп қай жерді атаймыз?

  2. Бурабайдың табиғаты қандай?

  3. «Жұмбақ-тас» деп аталатын шыңның көрінісін сипаттаңыз.

  4. «Оқжетпес» шыңы туралы қандай аңыз білесіз?

4 - тапсырма. Сұхбатты жалғастырып, ауызша сөйлесіңіз.

-Достым, мен жазда саяхатқа барғанды ұнатамын.

Жаныңа шипа болар көрікті жерлерді көп адам шетелдерден іздейді. Мен Қазақстанда саяхаттауды ұнатамын. Мысалы: «Бурабай», «Шортанды», «Оқжетпес» басқа да орындар. Сенің ойың қандай?

-...

-Сен көрген жерлердің ерекше табиғаты туралы айтып берші?

-...

-Ол жерде ауа-райы қандай екен?

-...

-Қазақстанда табиғат ана сыйлаған қаншама демалатын орындар бар? Осы табиғи орындарды атап бере аласың ба?

-...

5 – тапсырма. Есімдіктерді аударып, дұрыс қолдануға машықтаныңыз.

(Я) (тебя) ерте оятамын. (Они) кітапханаға кетті. (Мне) ертерек келу керек екен. (У меня) бұл кітап бар. (Ты) осы кітапты ал. (Моя) анам әуежайда жұмыс істейді. (Твой) әкең саябақта жүр. (Здесь) құнды кітаптар сақталады. (С тобой) сөйлескен қызықты. (У тебя) театрға баратын уақыт бар ма? (У нас) жақсы жаңалықтар бар.

9 – сабақ.

Лексикалық тақырып : мен және қоршаған орта

Грамматика : етістік

1 - тапсырма. Мына сөздермен танысыңыз, ілесіп қайталаңыз.

өркениет - цивилизация

қоршаған орта – окружаюшая среда

табиғи жанартаулар – природные вулканы

бу күйіндегі – в виде пара

улы - ядовитый

жел - ветер

шаң - пыль

қалдықтар - отходы

қауіпті шегіне жету- достигнуть нормы

2 - тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз, өзіңізге таныс сөздердің аудармасын еске түсіріңіз. Мәтінді қазақша мазмұндаңыз.

Мен және қоршаған орта

Адам қоршаған ортамен тығыз байланыста өмір сүреді. «Не ексең, соны орасың» дегендей, қоршаған ортаға келтірген зияның өз денсаулығыңа әсер етеді.

Өркениет пайда болған кезден бастап ауаға кездейсоқ заттар қосыла бастады. Оған дейін ауа табиғи жолмен ғана ластанатын. Мысалы: жанартаулар атқылағанда, ауаға бу күйіндегі заттар, улы газдар араласады. Жел арқылы шаң, тозаңдар ұшып шығады. Орман өртенген кезде, көп мөлшерде газдар ұшады. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдығы шірігенде, түзілетін газ заттары да ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи ластануға жатады. Заттар айналымы кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі тазартады.

Қазіргі кезде қоршаған ортаның ластануы адамның іс-әрекеті салдарынан жиілеп отыр. Мысалы: жылу электр станциясынан, мұнай өңдеуден, металл өндіруден, көліктерден шығатын қалдықтар ауаны ластайды.

Өзіңіз демалатын саябақты, емделетін шипажайларды, орманды жерлерді ұқыпсыз, жауапкершіліксіз пайдалансаңыз да, қоршаған ортаға зиян келтіресіз. Жан-жағыңызға қоқыс лақтырып, орманда от жағу салдарынан қаншама келеңсіз оқиғалар туындайды.

Сондықтан, әрбір саналы азамат қоршаған ортаны қорғауға ат салысу қажет. Қоршаған ортаны қорғау сенің бойыңдағы ұқыптылықтан басталады. Өз аулаңды таза ұстап, жан-жағыңа орынсыз қоқысты лақтырмау керек.

Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау үшін, арнайы шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, зауыттарға арнайы тазартқыш қондырғылар орнатылады. Автокөліктерден шығатын түтіннің жолына сүзгі қойылады. Сұйық отын газбен алмастырылады.

Ауаны тазартудың ең тиімді жолы- көгалдандыру. Бұл іске өздерің де қатыса аласыңдар. Сенің еккен әр ағашың ауаны тазартуға қосқан үлесің болып табылады.

3 - тапсырма. Сұрақтар бойынша мәтінді бекітіңіз.

1. Қоршаған ортаның ластануынан сізге қандай зиян болады?

2. Ауа табиғи жолмен қалай ластанған ?

3. Жанартаулар атқылағанда, ауаға не араласады?

4. Жел арқылы ауа қалай ластанады?

5. Адамның қандай іс-әрекеті арқылы ауа ластанады?

6. Қоршаған ортаны қорғау үшін, қандай шаралар ұйымдастырылды?

4 - тапсырма. Сұхбаттың мазмұнын түсініп, көршіңізбен сөйлесіп көріңіз.

- Сәлем, Сәкен

- Сәлем, Асхат

- Сен қайдан келесің ?

- Мен «Бурабай» демалыс орнынан келе жатырмын. Ол жерді білесің бе?

-Әрине, Бурабайды тек біз ғана емес, шетел азаматтары да жақсы біледі ғой.

- Өзің Бурабайда дем алып көрдің бе?

-Жоқ, өкінішке орай, әлі ол жерде болмаппын. Қалай дем алдың?

-Өте жақсы. Бурабай Қазақстанның ең таза, ең әсем, сұлу жері ғой. Онда тарихи жерлер көп.

-Таулы өлкенің табиғаты қалай екен?

- Бурабайда айналаң жасыл желекке орап тастағандай. Өзен сулары мөлдір де таза. Ауасы таза болғандықтан, табиғат аясында көп серуендедік.

-Сенің жақсы дем алғаның көрініп тұр. Таза ауа адамға осынша әсер етеді екен. Мен де Бурабайға баруды армандап тұрмын.

-Дұрыс, ауасы таза жер денсаулығыңды жақсартады. Сергітеді. Міндетті түрде бар.

5 - тапсырма. Төмендегі зат есімдерді аударып, сын есімдермен тіркестіріңіз.

Қандай ? қоршаған орта мұнай қоқыс

Қандай ? өркениет көлік аула

Қандай ? ауа саябақ зауыт

Қандай ? шаң шипажай сүзгі

6 – тапсырма. Етістіктерді аударып, мағынасына қарай орналастырыңыз. Болымды етістіктерді болымсызға айналдырыңыз.

Жер, су, өсімдік, жануарлар және адам – бәрі табиғаттың бір бөлшегі. Сен, мен және жер бетіндегі барлық адам табиғатпен (связаны). Өсімдіктерді жойылып кетуден (береги), ағаштарды босқа (не ломай). Жануарларды (береги). Осындай аяушылық сезімге өзіңнен кішілерді (учи). Балыққа су (нужна), құсқа ауа (нужна), аңға – орман, жазық дала, тау (нужна). Өмір сүру заңдылығын (не разрушай). Табиғатты қорғау – Отаныңа көрсеткен құрметің.

7 – тапсырма. Мына сөздерді аударып, сөйлем құрастарыңыз.

Природа, в природе, с природой, охранять природу, не рви, животные, птицы, лес, степь, горы, рыба, зверь, река, беречь.

10 – сабақ.

Лексика: Менің мамандығым.

Грамматика: Етіс категориясы.

1 - тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестеріне назар аударыңыз.

мамандық - специальность

өмір - жизнь

жауапты - ответственный

маңызды - важный

кезең - момент

қаржы - финанс

тағдыр - судьба

мақсат - цель

сынақ - испытание

сауатты - грамотный

білікті – квалифицированный, знающий

бәсеке – конкуренция

2 – тапсырма. Мәтінді тыңдап, мағынасы таныс сөздерді жазып алыңыз.

Мамандық туралы

Мамандық таңдау - өмірдегі ең жауапты да маңызды кезең. Өйткені мамандық таңдау арқылы болашақ тағдырыңа, мақсатыңа жол ашасың. Егер мамандықты дұрыс таңдасаң, алдыңнан шығатын барлық сынақтарға жауап бере алатын, сауатты да, білікті маман боласың. Сенің мамандығың бойынша дұрыс білім алып, білікті маман болып шығуың мемлекет алдындағы жауапты міндетің деуге болады. Себебі мемлекетіміз жастардың дұрыс білім алып, өз жолын табуға, еркін ойлап, ойын ашық айтуға бар мүмкіндікті жасап отыр. Болашақта егемендігімізді нығайтып, бәсекеге төтеп бере алатын мамандар да жастардан шығады.

Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Осыған орай, олар әр салаға жіктеледі. Мысалы, экономика саласына қаржыгер, есепші, экономист, менеджер т.б. керек болса, құрылыс саласына сәулетші, суретші, дизайнер, инженерлер аса қажет.

Ал ауыл шаруашылығы саласында агроном, зоотехник, мал дәрігері, агроинженерлерді т.б. дайындайды. Бұдан басқа қоғамда мұғалім, дәрігерлердің қажеттігі үнемі байқалады.

3 – тапсырма. Мәтін мазмұнын түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Мамандық таңдау неге жауапты болып саналады?

  2. Сауатты маман болу үшін не істеу керек?

  3. Мемлекетіміз жастардың білім алуына қандай жағдай жасап отыр?

  4. Өз мамандығыңызды сипаттап, алдағы мақсаттар жайлы айтып беріңіз.

4 – тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыз.

  • Достым, сен не себептен осы мамандықты таңдадың?

  • .................................................

  • Мамандық таңдауда ата-анаңның ықпалы, бағыт жасауы болды ма?

  • .................................................

  • Қазақстанда осы мамандықтың мақтанышына айналған тұлғаларды білесің бе?

  • ..................................................

  • Болашақта өз мамандығың бойынша жұмыс істейсің бе?

  • ..................................................

  • Қазір көп жастар өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Себебі неде деп ойлайсың?

  • ................................................

5 – тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден етіс жұрнақтарын ажыратыңыз. Ортақ етіс жұрнақтарын етістік тудырушы –лас, -лес, -дас, -дес жұрнақтарымен салыстырыңыз.

Досан үйді жинасты. Еркін жүкті апарысты. Осы сөзді айтқызды. Жолдасын үйге шақыртты. Баламен ұзақ сөйлесті. Сен үлкендермен ақылдас. Балалар тәттіге таласты. Ол дәрісхананы тазалатты. Саламат заттарды салысты. Ол бізге сәлемдесті. Кітаптағы жаттығулар орындалды. Сүлгі орнына ілінді. Жастар қаланы көгалдандырды. Сенің сәлеміңді жеткіздік.

6 - тапсырма. Өлеңді аударып, қолданылған тірек сөздерді пайдаланып, шағын әңгіме құрастырыңыз.

Бақыт деген не?

Құрылысшы:

  • Халыққа жылы үй салу!

Отыншы:

  • Үйлердің отын жағу!

Дәрігер:

  • Жұрт денсаулығын сақтау!

Аспаз:

  • Дәмді етіп тамақ баптау!

Ұстаз:

  • Балаға тәлім беру!

Шәкірт:

  • Білімнің дәнін теру!

(Ж.Кәрбозин).

11 – сабақ.

Лексика: Қазақстан - әлемдік кеңістікте.

Грамматика: Есімше, көсемше.

  1. тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысып, дұрыс

қолданып үйреніңіз.

дүние жүзі – вовсем мире

әлемдік қауымдастық –мировое сообщество

тең мүшесі – равноправный союзник

қарым- қатынас – общение

тәжірибеде – в практике

елшілік –миссия

таяу –ближний

шалғай – дальний

сыртқы саясаты – внешняя политика

ғылыми -техникалық – научно-технический

қолайлы – удобный

беделді - авторитетный

2 – тапсырма. Мәтінді тыңдап өзіңіз білетін сөздерді аудармасымен қайталаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]