Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2011 ОК 1 курс.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
15.11.2019
Размер:
143.01 Кб
Скачать

Халықаралық қатынастар

Қазақстан мемлекеті егемендік алғаннан бастап, халықаралық қатынастарға ерекше мән беруде. Өйткені дүние жүзіндегі ірі державалармен байланысты орнықтыру – жас мемлекет үшін аса маңызды. Осыған орай дүние жүзіндегі ең қуатты держава – Америка Құрама Штаттарымен қатынастарға тиісті мән берілуде. Қазір Вашингтонның халықаралық даму үрдісіне ықпалы орасан зор екені белгілі. Қазақстанның бұл елмен арақатынасында құқықтық пен теңдік сақталады.

Қазақстан үшін республика экономикасына айтарлықтай инвестиция беріп отырған Еуропалық мемлекеттермен іскерлік қатынастар орнату аса қажет. Сонымен қатар, бұл мемлекеттер Қазақстанның мәдениеті мен білім саласын дамытуға да қол ұшын беруде. «Болашақ» бағдарламасы аясында қазақстандық студенттер АҚШ-тың, Францияның, Германияның оқу орындарында білімдерін жетілдіруде.

Қазақстанның Батыс Еуропа мемлекеттерімен, соның ішінде, Англиямен қатынасы да жоғары дәрежеде.

1992 жылдың күзінде Н.Назарбаев Германияда болып, канцлер Г.Кольмен кездесті. Кездесу нәтижесінде екі мемлекет арасындағы бірлескен мәлімдеме жарияланды. Сол жолы Қазақстанның президентін Елисей сарайында Францияның Президенті Ф.Миттеран қарсы алды. Келіссөздер Қазақстанның саяси-экономикалық дамуына жаңа серпін берді.

Қазақстан Венгрия, Болгариямен, Чехиямен, Румыниямен өзара тиімді қатынастар орнатқан.

3 - тапсырма. Мәтінді оқып, ауызша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Халықаралық қатынастар дегеніміз не?

2. Дүние жүзіндегі ірі державаларды атаңыз?

3. АҚШ-пен Қазақстанның байланысын сипаттаңыз.

4. «Инвестиция» терминін сипаттаңыз.

5. Қазақстанның Англия, Германиямен байланысы?

6. Венгрия, Болгария, Чехиямен, Румыниямен достық қарым-қатынастың дамуы туралы айтып беріңіз.

4 - тапсырма. Сұхбатты толықтырып, ауызша сөйлесіңіз.

- Достым мемлекетіміз егемендік алғаннан бері, халықаралық қатынастарға ерекше мән беруде. Содан бергі ғылым-білім саласындағы елеулі жаңалықтарды білесің бе?

- ...

- «Болашақ» бағдарламасына қандай мемлекеттер ықпал жасауда?

- ...

- Халықаралық қатынастар нәтижесі экономика саласына «инвестиция» терминін әкелді. Осы термин туралы қарапайым түсінік бере аласың ба?

- ...

- Біздің жастарымыз да дүниежүзіндегі ірі мемлекеттерде білім алуда. Осы жөнінде, яғни олар не үйреніп, қандай дәреже алып келетіндігі жөнінде айтып берші?

- ...

5 - тапсырма. Қажетті үстеу сөздерді аударып, мағыналық түрлерін ажыратыңыз.

(Вчера) қаланың көрікті жерлерін араладық. Мен (специально) осы затты сатып әкелдім. Сәбит (быстро) келді. (Вдруг) музыка ойнап кетті. Балалар (вперед) жүгіріп кетті. Біз (постоянно) ақылдасамыз. Ермек бүгін үйден (рано) шығып кетті. (Теперь) өз жайыңды баяндап берші.

6 - тапсырма. Сөйлемдерден туынды үстеулерді тауып, мағынасына қарай жіктеңіз.

Ойынға қатысатын балалар өзбекше киініп алыпты. Марат бізге қыстай келіп тұрды. Мен жерге шалқамнан құладым. Ол құстай ұшып келеді. Атам ескіше жазады, жаңаша ойлайды. Мұғалім бізге осыншама түсіндірді. Сендер соншама сөйлестіңдер ме? Әкем балаша қуанып жүр.

15 –сабақ.

Лексика: Ғылым мен техника.

Грамматика: Шылау сөздер.

1-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестеріне назар аударыңыз.

қуатты – мощный, сильный

қарқынды - интенсивный

сапалы - качественный

ұсыныс - предложение

жарлық – декларация

жетістігі – достижение, успехи

ғарыш - космос

тұңғыш - впервые

ғарышкер - космонавт

жер беті - земля

жұлдыз - звезды

тұзды - соленный

шаң - пыль

тәжірибе - опыт, практика

зерттеулер - исследование

кеңістік - пространство

2 – тапсырма. Мәтінді тыңдап, мағынасы таныс сөздерді жазып алыңыз.

Ғылым мен техника

Ғылымның дамуы – мемлекеттің қуатын көрсететін басты көрсеткіш. Сондықтан, болашаққа талпынған, қуатты да күшті державалармен иықты теңестіріп, тең тұруды көздеген Қазақстан мемлекетіне ғылым мен техникалық базаны нығайту қажет.

Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бері, ғылым мен техниканың қарқынды, сапалы дамуына үнемі көңіл бөлінуде. Осыған орай, 1992 жылы Ғылым және жаңа технология министрлігінің ұсынысына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті «Ғылымды жетілдіру және республиканың ғылыми-техникалық потенциалын дамыту туралы» жарлыққа қол қойды. Бұдан басқа да бірнеше жарлықтар қабылданып, ғылым мен техниканы дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Өткенге көз жүгіртсек, Қазақстанның ғылым мен техникасының дамуын, жетістігін ғарышқа қадам басқан жолдарынан байқауға болады.

1991 жылы тұңғыш қазақ ғарышкері тоқтар Әубәкіров Қазақстан Республикасының егемендік алуына орай аспан әлеміне аттанды. Онда тұңғыш ғарышкеріміз Қазақстан аймағындағы атмосфераны және жер бетін, жұлдызды аспанды бақылады. Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болуы мен таралуының ғарыштық суреттері алынды.

1994 жылы Байқоңыр ғарышжайынан ғарышкеріміз Талғат Мұсабаев сапарға аттанды. Онда Талғат Мұсабаев Қазақстан мен Ресейдің ғылыми бағдарламасы бойынша тәжірибелер мен зерттеулер жүргізді.

Адам баласының ғарыш кеңістігіне шығуы – ғылым мен техниканың дамуының баға жетпес жетістігі.

3 - тапсырма. Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.

1. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті қандай жарлыққа қол қойды?

2. Басқа елдермен тереземіз тең болу үшін ғылымның қажеттілігі бар ма?

3. Ғылымы дамыған ел неге қуатты?

4. Ғарышты игеру мемлекетімізде қандай дәрежеде?

4 - тапсырма. Сұхбатты толықтырып, еркін сөйлесуге дағдыланыңыз.

- Достым, Қазақстан мемлекеті егемендігін алғаннан бері, ғылым мен техниканың дамуында көзге түсер қандай жетістіктері байқалды? Өзің оқыған деректерге сүйеніп айтып берші.

- ......................................................

- Қазақстанда машина жасау, оны құрастыру саласы дамыған ба? Республика аймағында қандай техникалар шығарылады?

- .....................................................

- Мемлекетіміз аса маңызды ғарышты меңгеру саласына да қадамдар жасауда. Бұл да ғылыми жетістігіміз. Алғашқы ғарышкеріміз жайлы не білесің?

- ....................................................

- Талғат Мұсабаевтың ғарышқа сапарында қандай жетістіктерге қол жеткіздік?

- ....................................................

5 - тапсырма. Қажетті септеуліктерді қойып, сөйлемдерді аударыңыз.

Біз саябаққа (?) жүгіріп бардық. Оқытушы бізге мемлекеттік тіл (?) баяндап берді. Емтихан біткен (?) үйге кетеміз. Адам өмір (?) күреседі. Біз көрші (?) хабарластық. Көше (?) жарық шамдар қойылыпты. Кешеден (?) Арман көңілді жүр. Алаңға мыңға (?) адам жиналды. Күзге (?) олар тағы кездеседі (қарай, дейін, туралы, бойы, арқылы, бері, үшін, соң, жуық).

6 - тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді аударып, демеуліктердің қызметін ажыратыңыз.

Оны кейін айтып беремін ғой. Қазір келсе ше? Тек қана үздік студенттер қатысады. Бір ғана тақырыпты таңдадық. Баяғыда бір батыр болыпты-мыс. Біз келгеннен-ақ зыр жүгірді Ол досын көрейін деп барған-ды. Сенің басың қатып кетті-ау.

ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ:

1 – сабақ.

1 – тапсырма. «Мемлекеттік тіл» мәтіні бойынша түсінгеніңізді ауызша баяндаңыз.

2 – тапсырма. Белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

3 – тапсырма. Төмендегі шағын мәтінге тақырып қойып, синоним сөздерді ажыратыңыз. Кейбір сөздердің антонимдік жұбын тауып, сөйлем жазыңыз.

Бүгінде қазақ тілін үйренуге талпынған басқа ұлт өкілдерінің саны артып отыр. Әсіресе, Қазақстандағы шетел азаматтарының құлшынысы ерекше. Өйткені шетелде бірнеше тілді білген адам жан-жақты білімді, көп қырлы азамат ретінде бағаланады. Екінші жағынан, шетел азаматтары өзге ұлттың мәдениетін, әдет-ғұрпын терең білу үшін, сол елдің ана тілін меңгеруді бірінші орынға қояды. Сол арқылы ортамен тіл табысып, халықтың тарихы мен дәстүрін зерттейді.

4 – тапсырма. Жағдаятқа ойланып, жауап беріңіз.

Сіз шетелге дем алуға бардыңыз. Мұнда Қазақстан мемлекеті туралы жақсы біледі. Қазақстан туралы сізден тағы біраз жайды сұрағысы келеді. Сізге төмендегідей сұрақтар қойылды, қазақша қалай жауап бересіз?

  • Қазақстанда қандай тіл мемлекеттік тіл ретінде бекітілген?

  • «Родина» сөзі қазақша қалай айтылады?

  • «Государственный язык» тіркесін қалай айтасыздар?

  • «Статус» сөзін қазақша қалай айтамыз?

5 – тапсырма. «Менің тобым» тақырыбында шағын әңгіме жазыңыз.

2 – сабақ.

1 – тапсырма. «Қазақтың өнері мен мәдениеті» мәтінін ауызша баяндап, жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

3 – тапсырма. Төмендегі мәтінді аударып, түсінгеніңізді қысқаша баяндаңыз.

Қазақтың кәсіби балет өнері ХХ ғасырдың 30-жылдарында Абай атындағы Қазақ академиялық театр, опера және балет театрында болған «Айман-Шолпан», «Шұға», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Қамбар-Назым» т.б. қойылымдарынан бастау алып, дами бастады. Мемлекеттік би театрының бағдарламасында классикалық балет үлгілері «Шопениана», «Кармен-сюита», «Болеро», «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу», «Шыңғысхан», «Қыз Жібек» сияқты әлемдік хореографиялық бір актілі балеттер болды.

4 – тапсырма. Мына сөздерді аударып, сөйлем құрастырыңыз.

Биші, күйші, жыршы, шебер, әнші, сәулетші, суретші, ақын, сазгер, термеші.

5 – тапсырма. Қазақ халқының мәдениеті туралы терең білу үшн сіз мұражайға бардыңыз. Қалай сұхбаттасар едіңіз?

3 – сабақ.

1 – тапсырма. «Денсулық – зор байлық» мәтіні бойынша жоспар құрып, ауызша баяндаңыз.

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

3 – тапсырма. Төмендегі мәтінге тақырып қойып, жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз.

Денсаулық адамның тамақтану мәдениетіне де байланысты. Дәрігерлердің кеңесіне сүйенсек, адам ағзасында неғұрлым жеңіл тамақтар жақсы қорытылады, әрі денеге сіңімді болады. Әсіресе, жеміс-жидек, көкеністен жасалған тағамдарға жақын болу керек. Алма, алмұрт, жүзім, шабдалы, қызанақ т.б. шырындары өте пайдалы. Қырыққабат, бұршақ, қызылша, сәбіз қоспасынан жасалған ыстық тағамдар жеңіл қорытылады.

Сонымен қатар, сүттен жасалған тағамдар: айран, сүзбе, ірімшік, қаймақ адам ағзасын табиғи кальцимен толықтырады.

4 – тапсырма. Тірек сөздерді қолданып, кестені толтырыңыз.

жеміс-жидек

көкеніс

5 – тапсырма. Сіз азық-түлік дүкеніне келдіңіз. Сауда жасау үшін қазақша қалай сұхбаттасар едіңіз?

4 – сабақ.

1 – тапсырма. «Қоғам және жастар» мәтінін баяндау жоспарын құрыңыз. Ауызша баяндаңыз.

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

3 – тапсырма. Төмендегі мәтінді аударып, түсінгеніңізді қысқаша баяндаңыз.

.... Студенттік жобалардың тағы бірі – «Жасыл патруль» экологиялық қозғалысы. Ерікті инспекторлар санитарлық мониторинг өткізіп, тақырыптық қабырға газеттерін іліп, тұрғындарды біздің қаламызды таза, жасыл да әдемі етуге шақыруда. Белсенділер астаналық тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды мақсат етіп қойды. Тек ауызша айтып қоймай, олар үлгі боларлық істер де көрсетіп жатыр.

4 – тапсырма. Мына сөйлемдерді қажетті етістіктермен толықтырыңыз

Жастар пайдалы жұмыстар ........ Жастар үнемі сауалнама ..... Жастар Отаны үшін аянбай ....... Жастар мемлекеттегі барлық іске ......... Жастар болашақта осындай бағдарламаларды ....... Жастар осындай биіктерді .........

(бағындырады, атсалысады, жүргізіп отырады, жүзеге асырады, атқарып жүр, еңбек етеді).

5 – тапсырма. Сіз қажетті оқулықтарды алу үшін кітапханаға келдіңіз. Қалай сұхбаттасар едіңіз?

5 – сабақ.

1 – тапсырма. «Тәуелсіз Қазақстан» мәтінін ауызша баяндаңыз.

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

3 – тапсырма. Мына сөздерді аударып, сөйлемдегі қолданысына машықтаныңыз.

Еркіндік

тәуелсіздік

егемендік

дербестік

бостандық

жариялылық

4 – тапсырма. Төмендегі етістіктермен сөйлем құрастырыңыз.

Алу, мойындау, бәсекелесу, мойындату, жариялау, достасу, дамыту, табыс тілеу, көздеу, жету, төтеп беру.

6 – сабақ.

1 – тапсырма. «Мінез және келбет» мәтінін ауызша баяндаңыз.

2 – тапсырма. Жақсы адамның мінезін ауызша сипаттаңыз. Жаман адамның мінезі туралы не айтасыз?

3 – тапсырма. Мына әңгіме бойынша Ұлжанның мінезін айқындаған сын есімдердің антонимін жазыңыз.

Ұлжан – ата-анасының тұңғышы. Тәрбиелі, өз ісіне тиянақты, әдепті. Ұлжанды мінезіне қарай отбасындағы адамдар да қатты жақсы көреді. Ол үнемі анасына көмектеседі. Бауырларына қамқоршы. Әке-шешесі жұмыста болғанда, Ұлжан бауырларының сабағын қарап, ақжарқын мінезімен оларды көңілдендіруге тырысады. Ұлжан тобындағы құрбыларымен жақсы тіл табысады. Ортасында сыйлы, мәдениетті.

4 – тапсырма. Адам мінезін сипаттайтын сын есімдерді аударыңыз.

строгий

принципиальный

порядочный

умный

глупый

стремительный

уверенный

терпеливый

интересный

веселый

грустный

любопытный

добрый

приветливый

доброжелательный

5 – тапсырма. Жексенбіде ауылға бару үшін, сапаржайдан автобусқа билет алу керек болды. Қалай сұхбаттасар едіңіз?

7 – сабақ.

1 – тапсырма. «Бос уақыт және қызығушылық» мәтінін баяндау үшін жоспар құрып, ауызша баяндаңыз.

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

3 – тапсырма. Шағын мәтінді аударып, жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз.

Мен бос уақытымды қала сыртындағы саяжайда өткіземін. Саяжайдың ауасы таза, көл жағасында орналасқан. Мұнда өзіме пайдалы дене еңбегімен айналысуға да, бой сергітер жаттығулар жасауға және серуендеуге де уақыт табамын. Саяжайда көл жағасында отырып, балық аулау қандай қызық! Бір сәт жалаң аяқ жерді басып, терең демалудың өзі қаншама қуат береді. Табиғат аясында кітап, газет-журналдан қызықты деректер оқу өте пайдалы.

4 – тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз.

орман

дала

тау

теңіз

саябақ

саяжай

шипажай

бақша

көл

жайлау

5 – тапсырма. Сіз досыңызды демалуға саяжайға шақырғыңыз келді. Қалай сұхбаттасар едіңіз?

8 – сабақ.

1 – тапсырма. «Бурабай табиғаты» мәтінін баяндау жоспарын құрып, ауызша мазмұндаңыз.

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

3 – тапсырма. Төмендегі мәтінді аударып, түсінгеніңізді қысқаша баяндаңыз.

Қазақстанда табиғаты ерекше аймақтар өте көп. Соның бірі - Шығыс Қазақстандағы Қатонқарағай жері. Бұл жердің бұлақтары жанға шипа берер емдік қасиетімен әйгілі. Зерттеулерге сүйенсек, су құрамында радон, күкірт, күкіртті сутегі, сульфат, сульфит, карбонат, нитрат тұздары бар. Бұлақ суы - жүйке ауруларына таптырмайтын ем.

Қатонқарағайда ерекше ажар беретін аңдар: марал, бұғы мекендейді. Олардың мүйізінің қаны «панта» деп аталып, одан «пантокрин» деген емдік дәрі даярланады. Ол әлсіреген жүйке тамырына күш береді.

(«Атамекен» журналынан).

4 – тапсырма. Тірек сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

Бурабай, Алатау, Сарыағаш, Балхаш, Алакөл, Қара теңіз.

5 – тапсырма. Сіз шипажайдан келдіңіз. Ол жақтан алған әсеріңізді қазақша қалай жеткізесіз?

9 – сабақ.

1 – тапсырма. «Мен және қоршаған орта» мәтініне жоспар құрып, ауызша баяндаңыз.

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

3 – тапсырма. Төмендегі мәтінге тақырып қойып, ауызша баяндаңыз. Жаңа сөздерді ажыратыңыз.

Адам – табиғат перзенті. Ол табиғатпен байланыста өмір сүреді. Табиғи ортадан өзіне қажеттіліктің бәрін алады. Атап айтсақ, жерден пайдалы қазбалар, өсімдіктен дәрі-дәрмек, азық, орман ағаштарынан үй жихаздарын, қағаз т.б. қажеттіліктер өндіріледі.

Қоршаған ортада жер бедері әр түрлі болады. Бір аймақ таулы болса, енді бір жер жазық, құрғақ, дымқыл, шөлейтті, құмды болып келеді. Таулы аймақ дем алуға, қыдырып, тынығуға таптырмайтын орын. Ал жазық, дымқыл жерлерге егін егу өте қолайлы.

4 – тапсырма. Қоршаған ортадағы табиғи денелердің аудармасын жазыңыз.

небо

земля

солнце

лес

вода

трава

гора

степь

растения

цветы

сосны

береза

клен

кусты

тополь

сад

дерево

дуб

5 – тапсырма. Жағдаятқа ойланыңыз.

Саяхатқа шығу үшін әуежайдан ұшаққа билет алу керек болды. Қазақша қалай сұхбаттасар едіңіз?

10 – сабақ.

1 – тапсырма. «Мамандық туралы» мәтінін ауызша баяндап, жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

3 – тапсырма. Мына сөздердің аудармасын жазып, шағын әңгіме құрастырыңыз.

Учитель

дизайнер

врач

Юрист

адвокат

следователь

библиотекарь

художник

почтарь

пограничник

строитель

машинист

Летчик

космонавт

экономист

4 – тапсырма. Қажетті сөздерді орнына қойып, сөйлемді аяқтаңыз.

Мұғалім (қайда) жұмыс істейді.

Дәрігер (қайда) жұмыс істейді.

Суретші (қайда) жұмыс істейді.

Ұшқыш (қайда) жұмыс істейді.

Заңгер (қайда) жұмыс істейді.

Тергеуші (қайда) жұмыс істейді.

Кенші (қайда) жұмыс істейді.

Құрылысшы (қайда) жұмыс істейді.

Шекарашы (қайда) жұмыс істейді.

5 – тапсырма. Сіз журналист ретінде мамандыққа қатысты кімнен сұхбат алғыңыз келеді? Қалай сұхбаттасар едіңіз?

11 – сабақ.

1 – тапсырма. «Қазақстан әлемдік кеңістікте» мәтіні бойынша жоспар құрып, ауызша баяндаңыз.

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

3 – тапсырма. Мына сөздердің аудармасын жазып, шағын әңгіме жазыңыз.

мемлекет

өркениет

егемендік

байланыста

елдермен

халықаралық

қарым-қатынас

елшілік

Саясат

бедел

бейбітшілік

достық

4 – тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді қажетті сөз тіркестерімен толықтырыңыз.

Біз ......, ......, ........ сияқты Еуропалық мемлекеттермен байланыс жасаймыз.

Біз Азиядағы ............, ........... мемлекеттерімен байланыс жасаймыз. Біз Қара теңіз жағалауындағы ......, ......, ........ мемлекеттерімен байланыс жасаймыз. Біз Балтық теңізі жағалауындағы ......, ...... мемлекеттерімен байланыс жасаймыз.

5 – тапсырма. Сіз тарих пәнінен сабақ бересіз. Әлемдік кеңістікте Қазақстанның беделі жайлы дәрісті қалай оқисыз, дәріске қалай әзірленесіз?

12 – сабақ.

1 – тапсырма. «Қазақстанның білім беру жүйесі» мәтінін ауызша баяндаңыз.

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

3 – тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді толықтырыңыз.

Менің әкем ........ бітірген. Менің анам ...... жылы ......... бітірген. Менің ағам ......... жылы .......... оқыған. Менің досым биыл ........... оқуға түсті. Мен .............. оқимын. Менің әпкем ...... жылы ......... бітірді. Менің танысым ...... жылдан ........ жылға дейін ............ оқыды.

Үлгі: Менің танысым 2007 жылы С.Сейфуллин атындағы Агротехникалық университетіне оқуға түсті.

4 – тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріп, шағын әңгіме құрастырыңыз.

  • Сіз қай университетте оқисыз?

  • Қандай мамандықты таңдадыңыз?

  • Сіздің мамандығыңыз өзіңізге ұнай ма?

  • Сіз оқитын университетте неше факультет бар?

  • Ол факультеттерде қандай мамандықтар бар?

  • Өз мамандығыңыздың болашағы туралы не айтасыз?

5 – тапсырма. Сіз журналист ретінде оқуға түсуші талапкерлерден сұхбат аласыз. Қалай сұхбаттасар едіңіз?

13 – сабақ.

1 – тапсырма. «Адам және заң» мәтінін ауызша баяндап, жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

3 – тапсырма. Төмендегі сөздерді аударып, еркін қолдануға машықтаныңыз.

Закон

судья

Статья

адвокат

гражданин

нарушение

не законна

следователь

Право

гражданское общество

4 – тапсырма. Мына сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.

Мен ...... болсам, әділ шешім шығарамын. ........ әр оқиғаны жан-жақты тексереді. Қазақстанда азаматтар ......... қорғалады. Әр адам өз ....... білу керек. ......... іс әрекет заңмен қадағаланады. (заңсыз, сот, тергеуші, заңмен, құқығын).

5 – тапсырма. Сіз құқықтану пәнінен дәріс оқисыз. Қазақша қандай тақырыпты баяндар едіңіз?

14 – сабақ.

1 – тапсырма. «Халықаралық қатынастар» мәтінін ауызша баяндап, жаңа сөздерді меңгеріңіз.

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

3 – тапсырма.Төмендегі сөздерді аударыңыз. Осы сөздерді қатыстырып, әңгіме жазыңыз.

халықаралық

қаржылық

дүниежүзілік

іскерлік

Әлемдік

болашақ

мемлекеттік

құқықтық

Мәдени

теңдік

Саяси

достық

4 – тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.

Біздің мемлекетті .............. басқарады. Басқаруда .......... сақталады. Еліміз басқа елдермен ............. жасайды. Мемлекет басшылары ......... келісімді жүзеге асырады. Қазақстан халқы .......... өмірді қалайды. Біздің елде ........... қарым-қатынасқа үлкен мән беріледі (достық, президент, құқықтық ережелер, мемлекеттермен, бейбіт, тыныш).

15 – сабақ.

1 – тапсырма. «Ғылым мен техника» мәтінін ауызша баяндаңыз.

2 – тапсырма. Мәтінде қолданылған белсенді етістіктерді пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз.

3 – тапсырма. Мына сөздерді аударып, сөйлем аясында қолдануға машықтаныңыз.

Білім

мақтаныш

Ғылым

бедел

өркениет

ғарыш

Жетістік

ғарышкер

Қуат

ғарышжай

4 – тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.

Өркениетті елдерде ....... ерекше көңіл бөледі. Қазақстанда ......... барлық жағдай жасалған. Ғылымды дамыту үшін ......... жоспар жасалған. Тек ғылым арқылы .......... төтеп бере аламыз. Ғарышты игеру - ...... жетістік.

(білім алуға, жоспар, бәсекеге, үлкен, ғылымға).

Білімін пысықтауға арналған тест сұрақтары:

1. Мына сөздің синонимін табыңыз (биік).

А.большой Б. высокий В. твердый Г. маленкий Д. умный

2. Мына сөздің антонимін табыңыз (аласа).

А. төмен Б. ескі В. биік Г. жаңа Д. Ежелгі

3. Жіктік жалғауын табыңыз.

А. са, се Б. ған, ген В. да, де Г. мын, мін Д. ып, іп.

4. Тәуелдік жалғаулы сөз?

А. Құрдас Б. жолдасы В. сырлас Г. топпен Д. Баланы

5. Табыс септігін ажыратыңыз?

А. алды Б. барды В. арманды Г. салды Д. сұрады.

6. Барыс септікті сөз тіркесі?

А. ай сәулесі Б. айға ұшқан В. күн нұры Г. әлемдегі жаңалық Д. мені шақыр.

7. Шығыс септігіндегі сөз?

А. досыммен сөйлестім Б. елге бару В. даланың суреті. Г. оқытушыдан алды. Д. мені көрді.

8. Көмектес септігіндегі сөз?

А. мемлекеттің міндеті Б. баламен сөйлес В. жастар арманы Г. жас бала Д. елдің тарихы.

9. Сапалық сын есімді табыңыз?

А. сапалы Б. мәдениетті В. қалпақты Г. қызыл Д. тез.

10. Қатыстық сын есімді табыңыз.

А. таза Б. мақтаншақ В. үлкен Г. сары Д. үнемі.

11. Сан есімнің қай түрі? Біз он төртінші топта оқимыз.

А. есептік Б. болжалдық. В. бөлшектік Г. реттік Д. жинақтық

12. Өткен шақта түрленген сөйлемді табыңыз.

А. Болашақта үлкен жетістіктерге жетеміз.

Б. Сен ертең келерсің.

В. Азамат жақсы оқыған.

Г. Сіз ертең барасыз.

Д. Ол енді оқымақ.

13. Мақсатты келер шақ жұрнағын табыңыз.

А. –ып, -іп Б. ар, ер В. мақ, мек Г. атын, етін Д. ғалы. Гелі

14. Ауыспалы шақ есімше жұрнағын табыңыз.

А. өмір сүреміз Б. келелі мәселе В. сәулет өнері Г. Дүкенге бармақ

Д. кітап алатын

15. «Қоршаған ортаны қорғау күні» - қалай аударасыз.

А. день защиты

Б. день победы

В. день защиты окружающей среды

Д. день защиты детей

Г. день защиты матери

16. «Олар табиғатты аялайды» қолданысын қалай аударасыз?

А. Они защищают детей

Б. Они защищают землю

В. Они защищают людей

Г. Они защищают природу

Д. Они защищают леса

17. «Күлқоқысты қайта өңдеу». Қалай аударасыз?

А. перерабатывать воздух

Б. перерабатывать мусор

В. перерабатывать бумагу

Г. перерабатывать отход

Д. перерабатывать все

18. «таза су» аудармасы?

А. грязная вода Б. пресная вода В. чистая вода

Г. прозрачная вода Д. чистый воздух

19. «Ластанған табиғат» - қалай аударылады?

А. загрязненная вода

Б. загрязненный воздух

В. загрязненная природа

Г. загрязненная дорога

Д. загрязненная комната

20. Осы шақта түрленген сөйлем?

А. ол кеше келген

Б. біз енді барамыз

В. студенттер дәріс тыңдап отыр.

Г. олар қуанып қалар.

Д. жолаушылар ерте жиналады

21. Бұйрық райдың І жақ көрсеткіші қайсы?

А. ған, ген Б. сын, сін В. айын, ейін Г. са,се Д. ып,іп.

22. Бұйрық райдың нөлдік нұсқасы нешінші жақта байқалады?

А. ІІ жақ Б. ІІ жақ сыпайы В. ІІІ жақ Г. І жақ Д. І жақ көпше.

23. «Табиғат та тірі дүние». Қалай аударасыз?

А. Природа – живая

Б. Природа – живое существо.

В. Чистая природа

Г. зеленая природа.

Д. зеленая трава.

24. «Ауыз су». Қалай аударасыз?

А. чистый воздух

Б. чистая вода

В. питьевая вода

Г. земной шар

Д. важный ресурс

25 «Арғы тегі» қолданысы қалай аударылады?

А. дедушка. Б. брат В. предки Г. старший брат Д. друг

26. «Тұтас мемлекет» қолданысы қалай аударылады?

А. единый народ

Б. единая страна

В. единое государство

Г. единая земля

Д. Единство

27. Қалау райда түрленген сөйлем?

А. ол ертең келсін

Б. Сендер жақсы дайындалғансыңдар.

В. Сәкен орнына отырсын

Г. Әсемнің барғысы келеді

Д. Кезекші ерте келсін.

28. Шартты рай көрсеткіші?

А. ма, ме Б. са, се В. са екен Г. са еді. Д. ып, іп.

29. Ырықсыз етіс жұрнағы?

А. са, се. Б. ыс. іс В. ыл. іл Г. ған, ген Д. дыр, дір.

30. Шылаудың қай түрі? Оқытушы және студенттер келеді

А. жалғаулық

Б. септеулік

В. Демеулік

Г. жалғау

Д. Жұрнақ

31. Үстеудің қай түрі қатысқан

Студенттер ерте тұрады.

А. мекен Б. мезгіл В. мақсат Г. себеп Д. Амал

  1. «Халықтың тарихы». Қалай аударасыз?

А. история человека Б. история народа В. история друга

Г. история страны Д. история команды

33. Бұйрық райдың ІІІ жақ көрсеткішін табыңыз.

А. сың, сің Б. сыз, сіз В. сын, сін Г. мақ, мек Д. дың, дің

34.Қалау райды ажыратыңыз.

А. Қала тұрғындары қатысқан.

Б. Біз емтихан тапсырғанбыз.

В. Біз тез келеміз.

Г. Олар ерте барсын.

Д. Олар барса ғой.

35. Үстеудің қай түрі? Арман биыл қатысады.

А. мекен Б. себеп В.мақсат Г. мезгіл Д. амал.

36. Демеулікті табыңыз?

А. бірақ Б. әрі В. ғой Г. бірде Д. өйткені .

37. Септеулікті табыңыз?

А. баламен келді Б. бала үшін келді В. балаға келді Г. балалар келді Д. баласы келді.

38. Қай септік жалғауымен тіркесетін септеулік? «дейін, шейін»

А. атау септік Б. көмектес В. табыс Г. барыс Д. шығыс.

39. Септеулік қатысқан сөйлем?

А. Бала келді, бірақ сізді таба алмады.

Б. Баламен бірге сабаққа дайындалмақ.

В. Оқушы түсінбеді, сондықтан жауап бермеді.

Г. Талапкерге көп дайындық керек.

Д. Досы хат жазбады, өйткені уақыты жоқ.

40. «Қазақтардың мәдениеті» - қалай аударылады?

А. история казахов Б. культура казахов В. пословица казахов

Г. дорога казахов Д. слова казахов.

41. Өзгелік етіс жұрнағы?

А. дыр, дір Б. ыс, іс В. ған, ген Г. да, де. Д. ақ, ек.

42.Ортақ етіс жұрнағы?

А. ып, іп Б. а, е. В. ыс, іс. Г. са, се Д. да, де

  1. Өздік етіс жұрнағы?

А. ын, ін Б. ға, ге В. ыс, іс Г. а.е Д. дыр, дір.

44. Ырықсыз етіс жұрнағы?

А. ма, ме Б. ыл, іл В. а,е Г. дық, дік Д. ғы, гі

45. Шылау қатысқан сөйлем.

А. Студент – болашақ басшы.

Б. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан.

В. Қазақстанның кең байтақ жері.

Г. Елімізде аң-құстардың мыңдаған түрі бар.

Д. Табиғаттан алуды ғана білме.

46. Сын есімнің қай түрі? Студенттер жақсы баға алды.

А. қатыстық Б. сапалық В. есімді Г. етістікті Д. аралас

47. Қатыстық сын есімді табыңыз.

А. үлкен Б. биік В. үлгі Г. сапалы Д. үнемі.

48. Үстеудің қай түрін қоясыз? Емтиханнан ....... шаршады

А. әрең Б. әбден В. ілгері Г. осында Д. осындай

49. Үстеудің қай түрін қолданасыз? Олар ...... шықты.

А. ең Б. сары В. тез Г. аса Д. өте.

50. Аудармасын табыңыз. «Адамзат»

А. дети Б. человечество В. духовный Г. ценность Д. категория.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]