Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

Қарадан хакім болған сендей жанның Әлемнің құлағынан үні кетпес [65, 22].

Мағжан сол кезде-ақ Абайдың дүниежүзіне танымал болатынын болжап, ақынның даналық үні әлемнің мәңгілік рухани қазынасына айналарына кемеңгерлікпен сенім артады. Абайдың әрбір сөзінің асыл, баға жетпес екенін айтып, қанша жыл өтсе де, дәмі кетпесқұндыекенінкелешекұрпаққа түсіндіріп аманат етеді.

Артында қазақтың жас балалары мен Сөзіңді көсем қылып жүрер жеңге! –

деп, Мағжан Абайдың ізін басқан ұрпақтың атынан сөйлеп: «Қор болды қайран сөзім босқа!» – деме», – деп артындағы ісін жалғастыратынын айтып, серт береді.

Мағжанның ақындық қадамында Абайға еліктеп көп өлең жазғаны туралы профессор Ш. Елеукенов Абайды ұстаз, Мағжанды шәкірт деп танытады. Ғалымның айтуынша: «Мағжанның Мағжан Жұмабаев сынды ақын болып қалыптасуы алдында Абайдай алыптың тұрғандығы», – деген сөзінен екі ақынның әдеби байланысын анық аңғаруға болады [66, 16]. Абай поэзиясының Мағжан шығармашылығына игі әсері туралы ғалым Жетпісбаева былай деп атап көрсетеді: «С особым восторгом, трепетным волнением в душе воспринял он в юности осененную знаком гениальности поэзию Абая. И, естественно, не мог не откликнуться, не выразить охватившего все его существо восхищения столь грандиозной поэтической личностью, каковой Абай предстал перед народом в изданном после его кончины первом сборнике стихов» [67, 26].

Поэзия әлемінде соны із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған Мағжан – ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттің ірі тұлғасы. Мағжанның ақындығын талдап, алғаш жұртшылыққа танытып жоғары баға берген Ж. Аймауытұлы «Мағжанның ақындығы туралы» атты мақаласында: «Мағжан – сыршылдығымен, суретшілігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен, күшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті», – деген [21, 168]. 1923 жылы Ташкент жұртшылығы алдында Ж. Аймауытұлы Мағжан ақындығын талдап, терең түсіндіретін баяндама жасап, оны «Лениншіл жас» га-

51

зетіне жариялайды. Мағжан өлеңдері алғаш талданған Ж. Аймауытұлының бұл мақаласынан өткен жоғары еңбек бар ма?! Өкінішке орай, Мағжан туралы да, Жүсіпбек туралы да, бұл мақала туралы да кейін еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін барып қана білгеніміз рас.

Мұхтар Әуезов Абай мен Мағжанды қатар қойып, екеуін ерекше сүйетіндігін айта келіп: «Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. ...Мағжан – культурасы зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның шегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай, бірақ түбінде әдебиет таратушылары газетпен қосақталып, күндегі өмірінің тереңінен терген ақын болмайды, заманнан басы озып, ілгерілеп кеткен ақын болады», – дейді. М. Әуезовтің Мағжанды қазақ поэзиясының атасы Абаймен қатар қоюының өзінде үлкен мән бар [4, 72]. Мағжан Абай дәстүрлерін, негізінен, азаматтық сарындағы өлеңдері мен табиғат, махаббат тақырыбындағы сыршыл лирикасында өрістетті. Халық өмірі, жұрт жайын қозғап, тебіренгенде Мағжан Абай үлгісінде азаматтық, қоғамдық көзқарасын танытып, ел ішін жырлағанда, өз ұстазына еліктеп, ащы сын айтқан сыншыл реалистік өткір пікірін білдіреді.

Мағжан «Жатыр» атты өлеңінде қазақ халқының артта қалып, ешнәрсені ойламай текке жатқаны, барлық істен шетте қалған кейпін сөзге арқау етеді. Өлеңнің «Жатыр» деп аталуында үлкен астар бар. Өлеңдегі әр тармақтың соңы «жатыр» етістігімен аяқталады. Сол кездегі қазақ халқының болашаққа, өркениетке ұмтылмай, өз ішінде бықсып шіріп жатқан кейпі бар болмысымен көрінеді. Абай өлеңдерінде кеңінен сөз болатын елде етек алған ұрыс-керіс, дау-жанжал, талас-тартыс, барымта Мағжан өлеңінде де жалғасын тапқан.

Байлары мыңды айдаған шалқып жатыр, Бар малын болыстыққа сарқып жатыр. Барымта, ұрыс-керіс, кісі өлтіріс – Ішінде сорлы қазақ қалқып жатыр [65, 15].

Абай өлеңінде сөз болатын бар малын шығындап болыс болатын байдың қылығы Мағжан өлеңінде де ащы сынға ұшырай-

52

ды. Абай айтқан «сорлы қазақ» Мағжанда да сол күйінде қолданылып тұр. Мағжан сорлы қазақтың жерінің күннен-күнге құрып бара жатқанын айтып жүрегі ауырады. Патша өкіметінің халыққа көрсетіп отырған аяусыз әрекетін ашына жазады. Патша отаршылдығын сұр жылан ретінде көрсетіп, халықтың қанынсөлін сорып, адамдарды күннен-күнге ұрып-соғып жатқанын батылдықпен өлеңінде жыр етеді. Патша өкіметінің қазақ халқын бір-біріне айдап салып отырғанын да жасырмайды.

Біреулер оқып төре болып жатыр, Шен алып, бақыт құсы қонып жатыр. Ұмытып өзін-өзі бұл сабаздар

Жұртына қарсы таяқ соғып жатыр [65, 15].

Қазақтардың балаларын оқытудағы мақсаты шен-шекпен алып, патша өкіметіне қызмет етуге бергендеріне мәз болатын істері Абай өлеңдерінде ащы тілмен әшкереленген еді. Сол ісәрекетті сынап, Мағжан да шен-шекпен алып шыққан сабаздардың өзін-өзі ұмытып, патша өкіметінің айдауымен өз жұртына қарсы таяқ соғып жатқанын түсіндіреді.

Дін іздеген шәкірттердің молдалармен айтысып іріп-шіріп жатқаны, әйелдердің мал орнына жүріп жатқаны, яғни ел ішін меңдеген осындай кемшіліктердің барлығы жұртының ары қарай дамуына кедергі жасайтынын ақын ұғындырмақ болады.

«Сонау бір сардаланы дүбірлеткен еркіндік кезі артта қалып, отаршылдықтың озбырлығында тұншығып, еріксіз надандықтың қамытын мойнына киген туған халқының қасіретті тағдыры Мағжанның ақындық жүрегін ғана емес, азаматтық ар-ұж- данын да қозғайды. Сондықтан да халқының қамын ойлап, жас жүрегі қарс айырылған ақын қара түннің түндігін түрер күшті қазақ зиялыларынан көреді. Олардың азаматтық намысына қамшы салып, «Аты өшкір оқығандар нетіп жатыр?» деп, жан айқаймен ұран тастайды. Ел мүддесін қорғаудың даңғыл жолын әлі де болса айқын аңғарып көре алмай тұрған ақын алдыңғы толқын қазақ зиялыларын тұйықтан шығар жолды іздеуге ша-

қырады» [39, 358].

Патша әкімшілігінің отаршылдық саясаты өзінің шырқау шыңына көтеріліп, барынша ширығып тұрған ХІХ ғасырдың екінші жартысында, ел берекесі кетіп, қабырғасы сөгітіліп отыр-

53

ған кезде, халқының қамын ойлаған хакім Абай шығып, «бір ұрты май, бір ұрты қан», «алты бақан алауыз» сорлы қазағына «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп жар салған еді. Ал ХХ ғасыр басында ел басына бұдан да қиын күн туып, аумалытөкпелі саяси ушыққан, сапырылысқан зобалаң заманда ұйқыда жатқан қазақ халқының тағдырына арашашы болып, Алаш зиялылары шығып, «Оян, қазақ!» деп, Міржақып Дулатов ұран салып, Ахмет Байтұрсынов «Маса» болып оятуды көздеген еді. Ал Мағжан болса, қазақтың күні артқа қарай кетіп жатыр, өзін-өзі құртып бітіп жатыр деп күйініп, оқыған азаматтарды ел тағдырын шешуге шақырады. Мағжан да «Қазағым», «Алашым» деп дабыл қағады.

«Қазағым» атты өлеңінде Мағжан халқына қылта мойын таянып, мал кетіп, жер бос қалды деп ескерту жасайды. Енді бұлай жату жараспас, келешекті ойлап, қам жасау керектігін ай-та- ды. Жан-жақтан қоршап тұрған надандық болса мынау, болыстыққа таласып, қырылысып жүргенді тасталық деген ақылды алдыға тартады.

Бар жерді күннен-күнге алып жатыр, Біреулер алып қала салып жатыр. Қырылысып өзді-өзімен қазақ сорлы, Жерінен аузын ашып қалып жатыр, [65, 28] –

деп халқымыздың жерінен айырылып жатқаны ақынның жүрегіне қатты батады. Қылышынан қан тамған патша әміршілерінің қазақ жерін тартып алып жатқаны көз алдымызға елестейді. Басқа елдер болса, алып қала салып дамып жатқанда, қазақ сорлы өзімен-өзі қырылысып, бәрінен артта қалды деп өкініп, санын соғады. Қазаққа енді қолдағыдан құр қалмай, жиылып білімгеөнерге ұмтылайық деген ағартушылық бағытты нұсқайды.

Кел, қазақ, қолдағыдан құр қалмайық, Отырайық жиылып, оңдалайық. Мың жылғы өткен қумай ата-заңды,

Өнерден кеш қалмайық, ойланайық [65, 28].

Абайдың халқын өнер мен білімге шақырған ағартушылық идеясын Мағжан да қостайды. Мағжан халқын өнерден кеш қал-

54

май ойлануға шақырады. Ақын өнерді меңгеріп, жиылып қала салуға үндейді. Ағайынға тату-тәтті өмір сүріп, надандықтан қашып, жиылып қала салып, болашаққа өркениетке қарай ұмтылуды қажет деп санайды.

Осыған ұқсас Мағжан «Сорлы қазақ» деген өлеңінде қазақты мандытпай түбіне жетіп отырған надандықты көзге шұқып айтады. Бұл өлеңде де ақын сорлы қазақтың жан алқымынан қара күн кеп тірелгенін, тіккен туының жығылып, барлық ісі алға баспай кері кетіп отырған күшсіз, әлсіз күйіне қарап түңіледі. Халқының басын торлаған қара түннен құтқарар тек оқу іздеп, өнер табу екенін ақын ерекше атап көрсетеді.

Кітап әпер, оқысын, балаң қолына, Малды аяма оқу-білім жолына. Өнер алып басқалармен қатар бол,

Қосыл бірдей адамзаттың тобына! [65, 28] –

деп, оқу-білім жолына малыңды аямай төгіп, балаңды оқыт деп Абай айтқан талапты Мағжан да елінің алдына қояды. Сорлы қазақ пыр-пыр ұйықтап оқу-білім іздемей текке жатыр. Надандық саған қылышын кезеніп келіп тұр, қозғал, жатпа, білім ізде деп халқына кемел ой айтады.

«Сорлы қазақ» өлеңінен ақынның үш түрлі сезімін байқауға болады. Біріншісінде ақын халқының мүшкіл халін айтып қайғырады. Екіншісінде бұл сасық тұманнан құтылудың жолын іздеп, оған ақыл айтады. Үшіншісінде ақын халқының болашағынан үміт күтіп армандайды.

Байғұс қазақ бас көтеріп тұрар ма? Көңілі түсіп, білімге мойын бұрар ма? Күні туып, оңынан – Күн, солдан – Ай,

Оқуменен жайнатып дүкен құрар ма? [65, 23 ] –

деп, халқының бас көтерер күнін алдыдан күтеді. Ең биік аспандағы қол жетпес Ай мен Күн халқының басына орнап, даласы құлпырып жайнар ма деп ақын ерекше шабытпен армандайды.

Өнер-білім іздеп, елін көгертер ер жігітке лайық мінез бен қасиеттерді атап, Мағжан «Өнер-білім қайтсе табылар» атты өлеңінде нақтылай түседі. Бұл өлеңінің мазмұнына үңілсек, Абайдың «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» атты өлеңін еске

55

түсіреді. Бұл – Абайдың жастарға арналған достық, татулық, жар сүю мәселесін қозғайтын насихат өлеңі. Абай бұл өлеңінде жігіттерге жақсы мінез бен қасиеттерді атап, ақыл-кеңес береді. Мәселен:

Кемді күн қызық дәурен тату өткіз, Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз! Күншіліксіз тату бол шын көңілмен, Қиянатшыл болмақты естен кеткіз! [42, 86] –

десе, Мағжан:

Өсектен ат-тонымен алыс қашса, Естісе, ұялғаннан бетін басса, Жамандық – аты өшкірге жақын жүрмей,

Аяғын күндік жерден байқап басса, [65, 23] –

деп жігітке жамандық атаулыдан қашық жүруді, одан бойын аулақ салуды уағыздайды. Абайдың «жыртаң-тыртаң қызылдан шығады ерек» деген сөзіне ұқсас Мағжан өлеңінен «ыртыңжыртың, жоқ-барға көңіл бермей» деген тіркесті кездестіруге болады. Мағжан жігіттің ерініп шаршамай, өнер-білім тауып, ізденсе, жақсылыққа құштар болса деген ғибратқа толы ақылын төгеді. Жігіттің бос қалмай талпынып, өнер-білім іздегенін қалайды. Мағжанның:

Көзі ашық адамдарға жақын жүрсе, Олардың әрбір сөзін үлгі көрсе, [65, 23] –

деген сөзінің ой сарыны Абайда былай берілген еді:

Ары бар, ұяты бар үлкенге сен, Өзі зордың болады ығы да зор [42, 89].

Көңіл көзі ашық, ары бар адамның қасында жүрсең шарапаты жұғатынын, ал жаман адамның жанына жоласаң кесірі тиетіні екі ақын өлеңінде де айтылған.

Мағжан Абай дәстүрін мазмұны жағынан ғана емес, формасы жағынан да дамытқан. Абайдың қазақ поэзиясына әкелген жаңалығы «Сегіз аяқ» өлеңінің формасы Мағжанда да кездеседі.

56

Мәселен «Өлең» деген туындысында:

Тарықса жаным, Ауырса тәнім,

«Сүйеуім бар!» – демейтін Ол болса менде, Қозғалса жер де:

«Бұ не болды?» – демейтін. Жан сүйгенім – ол да өлең,

Жете алмаса, жолда өлем! [65, 19].

Бұл өлеңнің мазмұнын алсақ, іштей Абай өлеңімен үндесіп жатыр. Себебі Абай өлеңге айрықша көңіл бөліп, өлеңді сөздің патшасы деп бағалап, оған ерекше қасиетпен қарағаны белгілі.

Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі:

Ауырмай тәнім, Ауырды жаным,

Қаңғыртты, қысты басымды. Тарылды көкірек, Қысылды жүрек, Ағызды сығып жасымды. Сүйеніп күлкі, тоқтыққа,

Тартыпты өнер жоқтыққа, [42, 139] –

деген шумақтан өлең мен өнердің ақын жанымен, жан жүрегімен тұтасып жатқанын байқауға болады. Екі ақын да өлеңді өз ішкі сезімдерімен байланыста береді.

Мағжанның Абай дәстүріне сүйенгені – көбінесе азаматтық сарындағы өлеңдері мен табиғат, махаббат тақырыбындағы сыршыл лирикасы. Абайдың қазақ поэзиясына әкелген жаңалығы – жылдың төрт мезгіліне арнап жазған табиғат лирикасын Мағжан жалғастырып, тыңнан сұлу жырлар туғызды. Мағжанның табиғат лирикасы туралы айтқан академик Р. Нұрғалидің сөзінде: «Ақын шыққан аса биік эстетикалық тұғырдың бірі – пейзаж лирикасы. Халық әдебиетінен, Абай дәстүріндегі жыл маусымдарына қатысты әлеуметтік терең сарындардан алынған үлгілерді дамыта келе, Мағжан табиғат көріністерін бейнелеуде әлем поэзиясындағы классикалық тәжірибелерге ден қоя отырып, жаңа көркемдік игіліктер жасады», – делінген [27, 98]. Мағжанның

57

халық әдебиеті мен Абай дәстүрінен сусындап, әлем әдебиетінен үлгі алып табиғат лирикасын классикалық биікке көтергенін айтады. Яғни Мағжан әлемдік озық үлгілерді игере отырып, қазақ лирикасындаөзіндік бетіменкөрініп, тың жаңалықтарәкелді.

Осы жерде арнайы сөз еткелі отырған мәселе – Абай мен Мағжан поэзиясындағы табиғат көрінісін суреттеу шеберлігіндегі үндестік. Екі ақынның өлеңдеріндегі ұқсас құбылыс ең бірінші жаз көрінісін суреттеуден байқалады. Абайдың «Жаз» өлеңінің үлгісімен жазылған Мағжанның «Өткен күн» атты өлеңі бар. Өлеңді оқи бастағанда-ақ Абайдың «Жаз» өлеңінің ырғағына салып, көтеріңкі дауыспен мәнерлей жөнелесің. Ақын өлеңді қазақтың кең сахарасының әдемі жерлерін таныстырудан бастайды. Бұрынғы кең жазықта жайылып жатқан мыңғырған малын айдап, жайбарақат жатқан қазақтың бұрынғы тіршілігін көз алдыңа елестетеді. Бұндай қасиетті жерлерде көне билер мен әділ хандардың, батырлар мен палуандардың дәурен құрғанын айтады. Алты алашқа белгілі атақты ақын, серілердің жүріп өткенін шабыттана жазады.

Өлеңнің ары қарай мазмұнына келсек, жаздың сұлу көркі мен жайлауға көшкен қазақ ауылының көңілді көрінісі жанды картинадай елес береді. Осы жерден бастап, Абайдың «Жаз» өлеңіндегі дәлме-дәл сөздер ауызға оратылып, таныс тіркестер тізбектеле жөнеледі.

Шілдеде самал ескенде, Жайлауға ауыл көшкенде, Ат-айғырға мінісіп, Қыз-бозбала жарасып, Тереңнен әзілдескенде, Тісі меруерт тізілген, Белі қыпша үзілген, Хор сықылды сол сұлу:

«Ха-ха-ха!» – деп күлгенде, Бұйық жатқан кең дала Бейне бір жаны енеді. Сылдырап аққан өзенге Үй тігіп дереу қонысып, Бұрала басып былқылдап, Әзілдесіп, сыңқылдап, Жас келіншек, жас қыздар Кереге жайып, уық байлар Үйден үйге жүрісіп [65, 66].

58

Мағжан өлеңінде Абай өлеңіндегідей жайлауға көшкен ауылдың әсем көрінісі бейнеленеді. Қыз-бозбаланың ат-айғырға мініп, әзілдескен қалжыңы барлығы табиғат көркімен жарасады. Абай өлеңінде табиғат пен адам тіршілігі біте қайнасып, жанды қозғалыстарға толы сөзден әдемі сурет салынады. Мәселен:

Жаздыкүн шілде болғанда, Көкорай шалғын, бәйшешек Ұзарып өсіп толғанда, Күркіреп жатқан өзенге Көшіп ауыл қонғанда. Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны қылтылдап, Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып, ыңқылдап, Суда тұрып шыбындап, Құйрығымен шылпылдап. Арасында құлын-тай Айнала шауып бұлтылдап. Жоғары-төмен үйрек, қаз Ұшып тұрса сымпылдап. Қыз-келіншек үй тігер,

Бұрала басып былқылдап [42, 97].

Абай өлеңінде жазғы ауылдың тамаша сұлу картинасы жасалған. Жайлауға көшіп қонған ауылдың көрінісі ап-айқын көрініп, сөзбен сурет салғандай әсер береді. «Мал баққан, көшпелі тіршілік еткен елдің жайлаудағы жаңа қонысқа көшіп, қонып жатқан кезін, қимыл-әрекетін, әбігер-қарбаласын өлеңнің әр бөлімі айқын аңғартады», – дейді М. Әуезов [49, 119].

Абайдың суреткерлік шеберлігі Мағжан өлеңінде де ақындық зор шабытпен жалғасын тапқан. Жас қыз-келіншектің бұрала басып былқылдап үй тіккені, ат-айғырдың бүйірі шығып ыңқылдағаны – бәрі екі ақында да бар тіркестер. Табиғат аясындағы барлық суреттер динамикалы қозғалыс әрекеттермен жанды бейне жасайды. Табиғат құбылысын адам тіршілігімен, әсіресе қазақ өмірімен тығыз байланысты суреттеу – Мағжан ақындығының Абай дәстүрімен байланысып жатқан бір қыры.

Қазақ поэзиясында тұңғыш Абай табиғат лирикасының негізін салды. Абайдың бұл дәстүрін өзінен кейінгі ХХ ғасырдың басындағы ірі ақындар Мағжан, Сәкен, Ілияс жалғастырды. Осы

59

үш ақында да жылдың төрт мезгіліне байланысты жазған өлеңдері баршылық. Мағжанның «Жазғытұры», «Жазғы таң», «Жазғы түнде», «Жазғытұрым», «Жазғы жолда», «Қысқы жолда», «Күзді күні» атты өлеңдері бар.

«Жазғытұрым» атты өлеңінде Абайдың табиғатқажан бітіресуреттегенүрдісінөзінеүлгіетеді. Абай«Жазғытұры» аттыөлеңінде:

Гүл мен ағаш майысып қарағанда, Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады су, [42, 171] –

деп суға сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады деп, адамның іс-қимы- лын дарытады. Гүл мен ағашты майыстырып, суды сыбдыр қағып, бұлаңдатып жанды образбен суреттейді. Дәл осылай Мағжанның «Жазғытұрым» атты өлеңінде:

Дамыл алмай жылар қар, Ақ шымылдық ашылар. Сылқ-сылқ күліп сылдырлап, Бірдеңе деп былдырлап, Көрінгеннен шүйінші Сұрайтын жас баладай,

Асығып сулар жүгірер, [65, 140] –

деген өлең жолдарында табиғат құбылыстарына жан бітіре бейнелейді. Ақын қарды жылатып, сылқ-сылқ күлдіріп, сылдырлатып, былдырлатып көрінгеннен шүйінші сұрайтын жас баладай сипаттайды. Ал суды асығып жүгірді деп, адамның іс-әрекеті арқылы береді. Абайдың «Қыс» өлеңіне ұқсас Мағжанның «Қысқы жолда» өлеңінен мынадай тіркестерді кездестіруге болады:

Ызғарлы жел долданып, Екі иіннен дем алып,

Ішін тартып осқырып [65, 137].

Қыстың қатал ызғарлы күйін Мағжан өте нанымды көрсетеді. Желдің ызғарын суреттегенде ақын етістіктерден рең тудырып, үдетіп, жанды образ жасайды. Мағжан Абайдың «Қыс» өлеңіндегі «Дем алысы үскірік аяз бен қар» және «Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда» деген тіркестерін алып, сөз реңін сәл өзгертіп, көсемшелер арқылы табиғат құбылысын бейнелейді.

60

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]