Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

сады. «Осы дәуірдің өзінде-ақ шығармаларын жақсы түсінуші, ол мұра туралы мағлұматы молы да Мұхтар Әуезов деген қоғамдық пікір қалыптасқан да еді. Абайдың әдеби мұрасының сырын терең ғылыми тұрғыдан білу керек деген тұжырымды ойға да ол осы тұста келген сияқты. Өйткені 1922 жылы «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» деген елеулі пікір таласын тудырған көлемді мақаласын жазумен қатар, Абайдың өмірі туралы естеліктерді Абайға байланысты әртүрлі дерек көздерін жинастырып жүрген жас талап Мұхтарды көреміз», – деген ғалым М. Мырзахметұлының мәліметі бойынша М. Әуезовтің Абай мұрасын студенттік кезінен бастап насихаттап, зерттей бастағаны анықталады [6, 76-77]. Қоңыр деген бүркеніш атпен жарияланған бұл мақалада М. Әуезов Абайдың қазақ әдебиетіндегіорнын, негізгібағытын көрсетеді.

Бұл кезеңде Абайдың әдеби мұрасы туралы талас-тартыс- тың етек алуына байланысты Абай қай таптың ақыны, оны мұра ретінде қабылдау керек пе, әлде жоқ па деген сұрақтар туа бастады. Қоғамды тапқа бөлу, таза пролетариат мәдениетін жасауға ұмтылу – тұрпайы социологиялық танымды тудырды.

30-жылдардағы ұлы ақынның әдеби мұрасы маңында болып өткен пікір таласында орын алған әр алуан көзқарас тұрғысынан пікір айтқандардың ішінде Мұхтар Әуезов пен профессор Құдайберген Жұбановтың еңбектері айрықша орын алады. Өйткені дәл осы жылдары Абайдың әдеби мұрасын бағалауда тұрпайы социологиялық, формалистік, компаративистік көзқарастар өріс алып отырғанда, осы қым-қуыт қайшы пікірлерден тыс ғылыми негізде жазылған еңбек М. Әуезовтің «Абай ақындығының айналасы» мен Қ. Жұбановтың «Абай қазақ әдебиетінің классигі» деп аталатын зерттеу мақалаларының жазылуы – абайтану саласындағы ой-пікірде соны құбылыс ретінде қабылданды.

Абайды 1909 жылғы тұңғыш өлеңдер жинағынан кейінгі осы күнге дейін жарияланып келген ақынның толық жинақтары мен академиялық басылымдары М. Әуезовтің жинап бастыруымен, тікелей араласуымен, басшылығымен шығарылып келеді. Әсіресе осы толық жинақтардың бәріне негіз болған әрі қазақ халқы өзінің ұлы ақыны Абай шығармаларымен тұңғыш рет жете танысып білуіне мүмкіндік алған 1933 жылғы тұңғыш жарияланған толық жинақ – ақын мұрасын танып-білуде орасан маңызы бар мәдени құбылыс.

201

М. Әуезовтің ұзақ жылдар бойы жүргізген ізденіс үстінде туған ой-пікірлері түгелге жуық «Әр жылдар ойлары» деген атпен басылым көрген монографиялық еңбегінің желісіне сіңісіп отырған. Бұл еңбек автордың ұлы ақын мұрасына арналған жоғары оқу орындарында абайтанудың арнаулы курсынан оқылған дәрістері арқылы жинақталған ой-пікірлері мен танымдары болатын.

Ақын өмірбаяны жайлы жаңа деректер көзінің қорлануына орай М. Әуезов тарапынан Абай өмірбаянының төрт нұсқасы жазылды: біріншісі 1933 жылы Абай шығармаларын бастыру үшін; екіншісі 1940 жылғы басылым үшін; үшіншісі 1945 жылы жазылған; бірақ жарияланбаған. Төртіншінұсқасы1950 жылы жазылды.

Абай жайлы ұзақ жылдарға созылған ғылыми зерттеулерін тұтас қорытындылай отырып, жазған ғылыми монографиясы мен атақты «Абай жолы» роман-эпопеясын жазу ұлы қаламгердің ғылыми-творчестволық ізденіс үстінде тер төккен 30 жылдан астам уақытын алды. Жазушының өз мәлімдеуіне сүйенер болсақ, Абай жөнінде жазу ойы 19 жасында-ақ асқарлы арманға айналған. Ұлы ақын мұрасын 17 жылдай толассыз іздену, зерттеумен шұғылданып, 12 жыл бойында тікелей жазумен айналысқан. Абай мұрасы М. Әуезовтің бүкіл ғылыми-творчестволық ғұмырында шарқ ұрып іздену үстіндегі рухани дем берушісі таусылмас қуаттың қайнар бұлағына айналған. Мұхтар Әуезов Абай тақырыбына қайта-қайта айналып бара берген. Абай өмірбаянына оқтын-оқтын белгілі бір уақыт өтісімен қайта үңіліп, қайтара жазуға отыруының елеулі себептері бар болатын-ды. Жазушы кеңестік әкімшіл-әміршіл саясат ызғарының кесірінен Абай жайында көп ойларын ашық айта алмай кетті. Кейбір ой-пікірле- рін ғылыми зерттеу еңбектерінде тезистік тұрғыдан кейінгі ұрпаққа ұсынса, ал кейбір көзқарастарын әдеби туындыларында астарлап көркемдеп жеткізіп отырады. «Абай жолы» романэпопеясында жазушының көп жайларды мегзеп, көркемдік тәсілмен астыртын суреттеп беретін тұстары да байқалады.

М. Әуезов барлық баянды ғұмырын тұтас дерлік ұлы ақын өмірбаяны мен әдеби мұрасын зерттеуге, насихаттауға, тоталитарлық жүйенің шабуылынан қорғауға арнады, қазақ әдебиеттану ғылымының жаңа саласы – Абайтану ғылымының негізін қалап дамытты. Абай – М. Әуезовтің ғылыми әрі көркемдік шығар-

202

машылығының басты тақырыбы. Бұл тақырып арқылы ол тарихтағы ғана емес, өз заманының да талай олқылықтарын таба білді. Әуезов – Абайдың өмірі мен шығармашылығын бірден-бір толық зерттеушілердің бірі. 30-жылдардың ортасына дейін көптеген жылдар бойы Абай шығармашылығы мен оның қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі жайлы даулы мәселелер толастамады. Абайдың шығармашылық бейнесі дұрыс әрі көркемдік негіз алуы үшін Мұхтар Әуезов көп күш жұмсады.

М. Әуезов қаламынан туған Абайдың ғылыми өмірбаяны – абайтану саласындағы бірегей еңбек. «Абай жолын» жазу үстінде М. Әуезов әрі ғалым, әрі жазушы ретінде екі салада қатар ізденді. Расында да, Мұхтар Әуезовтің жазушылық және ғалымдық шеберлігінде бір ғана көркемдік идея, бір ғана ғылыми бағдар – ұлы ақын Абай тағдыры басты темірқазыққа айналды да, бүкіл саналы өмірінің өзекті тақырыбы да Абай болды, шығармашылық ғұмырының бастауында да Абай тұрды, ғылыми қызметіндедеұлыақын тұлғасы бастызерттеутақырыбынаайналды.

М. Әуезовтің абайтану ғылымындағы еңбегін ғалым Қ. Өмірәлиев екі салаға бөліп қарастырады. «Жұртқа белгілі, мұхтарлық абайтану екі салада жасалды: бірі – ғылыми жүйеде де, екіншісі – көркем формада «Абай жолында» жасалды», – дейді [174, 70]. М. Әуезов ұлы ақын мұрасы жайлы сонау 20-жылда бастаған зерттеу жұмысын бергі кезде үш салада – Абайдың өмірін зерттеп, ғылыми өмірбаянын жасау үлгісінде, шығармаларын зерттеп, ғылыми монография жасау жолында, ақынның өмірі мен шығармашылығы ішіне кіретін «Абай жолы» атты роман-эпопея жарату үстінде жүргізіп, 60-жылдыңбасынадейін алып келді.

«1929–1939 жылдардағы қуғын-сүргіннің тауқыметін тарта жүріп, ол өзінің өмірінің басты кітабы – «Абай жолы» эпопеясына іштей ыждаһаттылықпен дайындалды. Абай шығармаларының екі томдық толық жинағын шығарды, ақын туралы деректерді жинастырды, оның өмірбаяндық, шығармашылық жолын ғылыми тұрғыдан бір ізге түсірді. ...Осыдан бастап Мұхтар Әуезовтің қалған өмірі тек Абай бейнесін көркем бейнелеуге арналды. Бұл оның табиғи талантының барынша ашылып, дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне жол салды», – дейді ғалым Т. Жұртбай «М.О. Әуезовтің шығармашылық өмірі мен көркемдік әлемі» атты докторлық диссертациясында [16, 361].

203

ХХ ғасырдың ұлы туындысы «Абай жолы» эпопеясын жазуға қадам басқан күннен-ақ Мұхтар Әуезовтің алдына Абайдың ғылыми өмірбаянын жазу, оған қажетті әдеби, тарихи деректер көзін іздестіріп, жаңадан табылған ауызша немесе архивтік мағлұматтарды талдап қорыту, бір ізге түсіру міндеті қойылды. Екінші жағынан, осы салада өзі танып-білген, ойда қорытқан өмір шындығын көркемдік шындыққа айналдырып, эпопея желісіне сіңдіру сияқты аса күрделі шығармашылық мақсат та тұрады. Жазушының осы екі саладағы ғылыми-шығармашылық ізденістері бірін-бірі жақсы толықтырып отырды.

М. Әуезов ұлы ақын мұрасын ғылыми тұрғыда зерттеп, көркемдік аяда айтып беру арқылы мақсатқа жетті. Бір дүниені екі үлкен әдіспен екі үлкен формада айтып беру арқылы жетті. Әрі ол әдебиеттанудың ғылыми жүйесін анық және берік, өзгермейтін қалыпта жасап берді. Әсіресе мұны М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясында көркемдік форма аясында барынша тыңғылықты, барынша шашаусыз түгендеп, жетер жеріне жеткізіп орындап шықты. Жазушының осындай қажырлы еңбегіне Ғ. Мүсірепов мынадай баға береді: «Абай» романы ең алдымен, ең іргелі жазушымыз Мұхтардың жиырма бес жылға толған жазушылық еңбегінің негізгі қорытындысы сияқты» [172, 9].

Абай өмірбаянына оқтын-оқтын белгілі бір уақыт өтісімен қайта үңіліп, қайтара жазуға отыруының елеулі себептері бар болатын-ды. Жазушы қаншама Сократ, Аристотель, Монтескье, Паскаль сияқты әлемдік ойшылдарды оқып, шығармаларымен танысса да, олардың дүниетаным көзқарастарымен Абайдың данышпандығын салыстырып, өз халқының ойшылын бәрінен де артық деп табады. Әлем әдебиетінің бай қазына қойнауына үңіліп, оған бар ниетімен қызықса да, өзінің туған әдебиетіне, Абай тақырыбына қайтадан орала береді.

М. Әуезовтің қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуы мен алғашқы әдеби-мәдени шығармашылығының оянуына, сон- дай-ақ жазушылық, ғылыми-зерттеушілік, публицистік қабілетінің шыңдалуына себепкер болған ояну дәуіріндегі қазақ әдебиеті еді.

М. Әуезовтің жазушылық, публицистік шығармашылыққа қадам басқан уақыты жиырмасыншы жылдары жер жаһанда үлкен төңкеріс болып жатқан аласапыран заманмен тұспа-тұс келеді. Елдегі болып жатқан саяси жағдайлар, күрделі кезеңнің

204

аласапыранды күндері жазушының қаламгерлік құдіретінің бастау алған тұсында саяси өсуіне ықпал еткені мәлім. Патша өкіметінің құлап, еліміздегі жаңа қоғам құру барысындағы идеологиялық күрес, қолдан жасалған тап тартысы, мәдениет пен өнер, әдебиет тағы басқа салалардағы дау-айтыстар, сыңаржақ түсініктер жазушының қоғамдық, азаматтық көзқарасының қалыптасуына себепші болды.

«ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының арасындағы қоғамдық пікір таластарынан тыс Әуезов шығармашылығын оқшау қарау бір жақтылыққа саяды. Өйткені жазушының жолы сол кездің тыныс-тіршілігімен тікелей байланысты. Оның тұлғасының күрделілігі де, қайшылығы да сонда», – деген Т. Жұртбайдың пікірі көп жайдың мәнін аңғартады [3, 93]. Осы кезең әдебиеті жайлы профессор Мамраев былай дейді: «1917 жылдың екі революциясынан кейін болған шындық гуманистік көзқарастарға жауап бермеді. Сондықтан да қазіргі уақытта А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, М. Әуезов және т.б. ұлттық тәуелсіздікті ту еткен болашаққа көшуге бағытталған ерекше көзқарас заңды түрде қалыптасады» [176, 30].

Осындай аумалы-төкпелі кезеңде халық зиялыларының белсенділігі нәтижесінде 1917 жылы тамыз айында ұлттық тұңғыш «Алаш» партиясы құрылады. Алаш жалауы астына ортақ мүделі азаматтар топтасқан тұста, халықтың ояну шағында, М. Әуезовтің шығармашылық жолы басталды. Алаш атын ардақтаған ел ұлдарымен ой түйістіріп, пікір алмастырып, бірге қадам басқан М. Әуезовтің шығармалары халқымыздың азаттығын, ұлттығын, елдігін көкседі. Осы уақыттан бастап, ұлтының саяси және рухани тәуелсіздігі оның өмірлік аңсары болды.

«Семейде 1917–1920 жылдары ұлт-азаттық қозғалысының қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел Ғаббасов, Мұхаметжан Тынышбаев, Әлімхан Ермеков, Елдес Омаров, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов, Тұрағұл Абайұлы, Ахметжан Қозыбағаров, Мәннан Тұрғанбаев, Әбікей, Қаныш Сәтбаевтар, Мұхтар Әуезов, Жақып Ақбаев, Райымжан Марсеков, Көкбай Жанатайұлы, Сейдазым Қадырбаев, Ғұмар Қарашев, Биахмет Сәрсенов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Біләл Сүлеев, Асылбек Сейітов, Тайыр Жомартба-

205

ев елін Тәуелсіз мемлекет болуын аңсады» [177, 6]. «Оларды біріктіретін де, ерекшелендіретін де бір ғана ұлы күш – ұлтын ояту атты ұлы арман» [39, 82].

М. Әуезовтің саяси-әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына Алаш қозғалысының ықпалы зор болды. М. Әуезов Алашорда қозғалысының көшбасшылары болып саналған қазақ зиялыларымен тығыз байланыста жұмыс істеді. Олар халқының ұлттық мүддесін, тәуелсіздігін көздеген, рухани көсемі – «Қазақ» газетінің айналасына шоғырланды. Ояну дәуіріндегі қазақ әдебиетінің өкілдері – Алаш арыстарымен Әуезов рухтас, ниеттес, серіктес болды. «Ол Ж. Аймауытовпен бірлесіп, «Абай» журналын шығарды, мерзімді басылымдар беттерінде «Екеу» деген бүркеніш атпен мақалалар жазып тұрады. А. Байтұрсыновтың ұлт үшін істеген қызметіне «Ақ жол» газеті мен «Шолпан» журналындағы мақалаларында әділ баға берді. Алашорданың орталық органы болып табылған «Қазақ» газетінің халқымыздың даму жолындағы тарихи рөлін айқындап көрсетті. М. Дулатовпен Семейде, Ташкентте тікелей араласып, ақыл-кеңес алып тұрды. 1929 жылы Мағжанды абақтыға жауып, тергеуге алып жатқан кездің өзінде, Мұхтар Омарханұлы асқан батылдықпен М. Жұмабаевтың сыршылпоэзиясы туралыжоғарыпікірін білдірді» [178, 11-12].

Қазақтың аяулы азаматтарының ішінде М. Әуезовтің шығармашылығына тікелей әсер еткен, оған рухани ұстаз, жақын дос, ортақ пікірлес болғандар – Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, Т. Ибрагимов, К. Жанатаев, С. Торайғыровты атар едік. Ғалым Т. Жұртбайдың мәлімдеуі бойынша, «...Мұхтардың шығармашылық қайнар бастауында Тұрағұл Абайұлы тұрды. Бұл адамның ақыл-кеңесі, рухани қолдауы және ел арасындағы беделі жас жігітке шешуші ықпал жасады. Жаңа жол тапты. Абай ауылының қолдауынсыз өнер сайысына, оның ішінде қала зиялыларының қатарына қосылу – қиын еді», – делінген [3, 89]. Жазушы шығармаларының дені өмірлік деректен, тарихи шындықтан алынғандықтан, көп мәліметтерді М. Әуезов сол жердің тумалары, Абайды көріп өсіп, тәрбиесін алған шәкірттері Тұрағұл, Көкбайлардан алып отырғаны белгілі. Мұхтар Әуезовтің 1933 жылғы Абайдың толық жинағында Тұрағұл туралы айтқан пікірін Қ. Мұхамедханов келтіреді: «Абайдың бүгінгі күндегі көзі тірі

206

қалған іні, балаларының ішінде, ақын туралы осы кісіден (Тұрағұлдан) артық мағлұмат беретін ешқайсысы жоқ. Тұраш 1889 жылдан бастап үнемі әкесінің қолында тәрбиеленгендіктен ақынның әрбір өлеңі қай кезде, кімге арналып жазылғаны, не себептен туғаны туралы, онан соң өзі ес білгеннен бері қарай, әкесінің басынан қандай халдер өтіп, қандай мінез, қандай әдет дағдылары болғандығы туралы өзге жұрттың бәрінен артық, бәрінен толық мағлұмат берді.

Әкесі турасындағы естелігін Тұраш бөлек сөз қылып жазып беріп еді. Ондағы үлкен мағлұматтарының барлығын Абайдың өмірбаянын айтқанда, керекті жеріне кірістіріп түгел пайдаландық», – дейді [47, 63]. Міне осы деректен ақынның өмірі мен шығармашылығын терең білетін, ол жайында М. Әуезовке мол мағлұмат берген Абайдың ардақты ұлы, ең соңғы мұрагері, дарынды ақын, жазушы, Алаштың ардагер асыл азаматы Тұрағұл Абайұлы екеніне көзіміз жетеді.

Алаштың ардақты ұлдарының бірі, Абайдың ақын шәкірті, өмірлік досы, рухани серігі Көкбай Жанатайұлының да М. Әуезовтің шығармашылық еңбегіне айтарлықтай көмегі болған. Көкбай Абай сөздерін кейінгіге үлгі еткен, Абай туралы білгендерін М. Әуезовке айтып, көп деректер беріп, естелік жазып қалдырған. Л.М. Әуезованың пікіріне сүйенер болсақ: «Болашақ эпопеяның авторы осы жылдардың өзінде-ақ Абайдың жақындары – зайыптары Әйгерім (1918 жылы қайтыс болды), Ділдалармен (1924 жылға дейін өмір сүрген), ақынның әкесі Құнанбайдың тоқалы Нұрғаныммен, ақын Көкбаймен және басқаларымен әңгімелесіп, сұрастыра жүріп, өз кейіпкерлерінің өміріне тікелей қатысты көптеген қызықты фактілер жинап алған еді» [79, 18]. Осы аты аталған адамдардан эпопеяға қатысты мәліметтер жинағанын баяндайды.

М. Әуезовтің алғаш әдебиетке араласып, жазушылық, публицистік жолға беталысы Семей қалалық мұғалімдер семинариясында оқып жүрген кезінен басталады. Семинарияда ол әйгілі жазушы Ж. Аймауытовпен бірге оқиды. Ұлттың рухы оянған кезінде өмірге араласқан семинария оқушысы Мұхтар Әуезовтің де көзқарасы осы бағытта қалыптаса бастайды.

«Ол Семейдегі мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып жүріп Ә. Бөкейханов, М. Поштайұлы, М. Дулатов, Ж. Аймауы-

207

тов т.б. бірге «Жанар» мәдени-ағарту ұйымының белсенді мүшесі, әрі құрушыларының бірі болды. Ұйымның негізгі мақсаты

– қиын кезеңде қарапайым халыққа көмектесу, оқитын жастарды ұлттық бостандық үшін бір мүдденің төңірегіне топтастыру еді» [178, 11].

1918 жылы М. Әуезов мұғалімдер гимназиясындағы сырлас досы Жүсіпбек Аймауытовпен бірге «Абай» журналын шығарады. Журналдың бас редакторы Жүсіпбек Аймауытов, оның орынбасары Мұхтар Әуезов болады. «Екеуі семинария қабырғасында қатар оқи жүріп, М. Әуезовтің тұңғыш баспа бетін көрген «Қазақтың өзгеше мінездері» атты мақаланы бірге жазғандығы, «Абай» журналында бірнеше мақалаларды бірлесіп жазып, «Екеу» деген бүркеніш атпен жариялағаны, семинарияны бітірген соң да Семей губревкомында тізе қосып қатар қызмет атқарғандары осыған айқын дәлел бола алса керек», – деген мәлімет береді ғалым К. Сыздықов [87, 30].

1916–1917 жылдары «Еңлік-Кебектен» бұрын «Рабиға», «Жебір болыс», «Қанапия-Шарбану» пьесаларын жазған, «Қазақ» газетінде алғашқы мақаласы 1913 жылы жарияланған, ысылып қалған журналист Жүсіпбектің ықпалы Мұхтарға өте күшті болады. М. Әуезов Жүсіпбек Аймауытовты жазушылық өмір жолындағы ұстазы деп санайды.

Алаштың ардақты қаламгерлерінің арасындағы рухани сабақтастықты жіті бақылап, мағыналы ой айтқан ғалым А. Ісімақованың пікірінде былай делінген: «Бұл жағдай «Абай – Шәкәрім – Аймауытов – Әуезов» аттарымен бірге аталып, байланысты үлкен қызығушылық тудырады. Біз түйсігімізбен бұл атаулардың байланысын түсінеміз, тіпті социалистік реализм дәуірінде де бұл логикалық тұрғыдан сұранып тұр: М.О. Әуезов прозасының феномені қайдан келді, прозада ізашарлары бар ма? Шәкәрім мен Аймауытовтың қатысы туралы біз сол кезде күдіктенген жоқпыз. М.О. Әуезовтің өзі Шәкәрім мен Аймауытовтың стильдерін контексте ғана емес, сонымен қатар оны мойындауға батылдығы да болды» [179, 65].

«М. Әуезовтің саяси көзқарасының қалыптасуына ХХ ғасыр басындағы зиялыларымен тікелей қарым-қатынаста болып, «Алаш», «Сарыарқа» газеттері мен «Абай» журналының төңірегіне топтасуы зор ықпал етті. Мәселен, «Сарыарқа» газетінде қазақ

208

әдебиетінің маңдай алды ақын-жазушылары Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғырұлы, Ж. Аймауытұлы, С. Дөнентайұлы, т.б. сияқты ұлт зиялылары топтасты. Ал «Алаш» газетінде К. Төгісов, Б. Майлин, Т. Жомартбаев, Ж. Тілепбергенов, Б. Күлеев, А. Баржақсин, Ж. Сейдалин сияқты қазақтың сүт бетіндегі қаймақтарының мақалалары жарияланып тұрса, енді біреулері сол газеттерге тікелей басшылық та етті» [180, 54].

М. Әуезовтің шығармашылық өмір жолында «Сарыарқа» газеті мен «Абай» журналының маңызы зор болды. Бұл басылымдар халықтың өркендеуі мен саяси толысуында үлкен істерге бастау бола алды. 1918–1919 жылдары Семей қаласынан шыққан «Абай» журналында Мұхтар Әуезовтің бірқыдыру мақалалары басылды. Академик Әлкей Марғұланның деректеріне қарағанда, Мұхтар Әуезовтің қауым алдында әдебиет жүзінде көріне бастауы 1917 жылдан басталады. Әсіресе оның атын көпшілікке әйгілі еткен «Абай» журналы болған. Бұл алғашқы өрлеуінде Мұхаң көбінесе журналист, публицист, сыншыл, ойшыл, философ ретінде көрінді» [3, 170].

Қаладағы күн сайын өтіп жатқан пікір таластары, «Алаш» партиясының айтыстары М. Әуезовке терең ой салып, іштей ширықтырып отырды. Қоғамдық құрылыстан мағлұматы мол, жалынды, әлеуметшіл ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров Мұхтарды бауырына тартып, оның әр шығармасын талдап, пікір білдіріп отырған. Соның нәтижесінде, екі мақаласы «Сарыарқа» газетінде жарияланды. «Оқудағы құрбыларыма» мақаласында ел бірлігі, мәдениеті, қоғамдық, белсенділік мәселесін көтерді. «Қайсысын қолданамыз!» атты мақаласында ғылым, мектеп, оқығандар мәселесін қозғады.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Мұхтар Әуезовпен пікірлес, рухани дос болғанын байқауға болады. Себебі Сұлтанмахмұт пен Мұхтар Әуезовтің публицистикалық шығармаларындағы көтерген мәселерінен ұқсас пікірлер мен ортақ идеялар бірлігі көзге шалынады.

Елдегі қоғамдық өзгерістер мен саяси жағдайлар тұсында қаламгерлік өмір жолы басталған М. Әуезов те ұлт тағдырына алаңдап, Алаш азаматтарымен бірге қазақ халқының ояну дәуірінің әдебиетін жасауға бар күш-жігерін жұмсады. Осы кезеңде

209

дүниеге келген шығармалары әлем әдебиетінің озық үлгілері санатындағы еш уақытта маңызын жоймайтын құнды дүниелер болып қалды.

М. Әуезов шығармашылығының үлкен қайнары – Шығыс әдебиеті. Мұхтар Әуезовті алғаш Шығыс әдебиеті әлемімен таныстырған Абай ілімі, Абай танымы еді. Абай әлемін барша қазақ халқына, бүкіл әлемге танытқан жазушы, ғалым Мұхтар Әуезов ұлы ақынның өмірі мен шығармаларын зерттеу барысында өзі Шығыс әдебиетімен жақын танысқан еді. Жазушы өз заманының әлемге әйгілі туындыларымен қатар, орта ғасырларда барша адамзат баласының асыл мұрасына айналған Шығыс мұсылман әдебиетін де жетік меңгерді. Ежелден әңгіме-жыр- дың, ән мен өнердің ортасы болған Абай ауылында үзбей айтылатын «Шахнама», «Мың бір түн», «Ләйлі-Мәжнүн» сияқты асыл туындыларды бала кезінен естіп өсті. Шығыс әдебиетінен хабардар атасы Әуездің әңгімелері арқылы, данышпан Абай шығармалары арқылы, кейін студенттік жылдары Бартольд, Самойлович, Жирмунскийлерден тыңдаған дәрістері арқылы шығыс әдебиетінің бар құнарын бойына сіңіріп, бал шырынымен қанықты. Абай мұрасының қазына көздеріне үңіле отырып, оны зерттей жүріп, ақын нәр алған қайнарлардан Әуезов те еркін сусындады.

«Жас кезінен Абай дәстүрін үлгі ете отырып, әлемдік деңгейдегі әйгілі Шығыс классиктері Фирдоуси, Сағди, Низами, Омар Һайям және басқа да шайырларды аудармасыз, өз тілдерінде оқыды, олардың поэзиялық туындыларын танып-біліп, Мұхаммед пайғамбардың өмірі туралы деректерге қанығып, араб әдебиетінің асыл қазыналары саналатын «Мың бір түн». «Ләйлі-Мәжнүн» тәрізді көркемшығармалармен сусындады» [181, 99].

М. Әуезовтің Шығыспен байланысын зерттеген белгілі шығыстанушы ғалым Ө. Күмісбаев былай дейді: «Әлемдік әдебиет алыптарының Шығысқа соқпай кеткені кемде-кем шығар. Гете Шығыстың әйгілі жеті ақынын оқығаннан кейін өзінің «БатысШығыс диванын» дүниеге әкелді. Петрарканың сонеттері Хафиздің ғазалдарымен үндесті. Байрон поэмаларында шығыстық мотивтер бар. Ресейде Жуковский Фирдоусидың «Шахнамасына» еліктеген неміс ақыны Рюккерттен алып «Рүстем мен Зухраб» поэмасын жазды. Фет Хафиздің «Жоғалған Жүсіп» атты ғазалын

210

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]