Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

саясатын өз көзімен көріп, оған барынша қарсылық білдіріп, ащы тілмен түйреді. Осы жөнінде айтқан ғалым Т. Жұртбайдың мынадай сөзі бар: «Абайдың тағдыры мен тауқыметті толғаныстарының тамырын өзі өмір сүрген заманынан, отаршылдық езгіден бөліп алып қарау мүмкін емес. Осы уақытқа дейін Абайдың зарға толы өлеңдерін бай мен болысқа ғана қаратыла айтылған, орыстың шенеуніктерін ғана әшкерелеген деп бағалап келдік. Шындығына сайғанда, Абай осы туындылар арқылы Ресейдің отаршылдық пиғылын, құлдыққа айналдырмақ болған құлқын қолқасымен суыра әшкереледі» [23, 15]. Абайдың саяси әлеуметтік тақырыбындағы өлеңдеріне жаңа көзқарас тұрғысынан қарау қажет екенін ескертеді. Расында да, «Абай мұрасындағы отарлық езгіге қарсы ой-танымдарының суреттелу жайы арнайы қарастырылмады» [143, 3].

Қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылып, Ресей империясының отар еліне айналған дәуірі – ХІХ ғасыр екені белгілі. Осынау отарлық қанаудың ақиқат қалпын әдебиетте асқан ақындық шеберлікпен суреттеген Шортанбай, Дулат, Мұрат, Махамбет және Абайлар халқының қамын ойлап, зар шегіп еді. Осы кезеңнің тарихи жағдайын жақсы білген және сол дәуірдің шынайы келбетін көркем сөзбен көптеген шығармаларында суреттеп берген Мұхтар Әуезов болды. Соның ішінде, «Хан Кене» пьесасындағы Кенесарыны драматург халқының қамын ойлап, сол үшін күрескен қайратты ер тұлғасында көрсетеді. Драматург Кененің әр сөзінен халық қамқоры мен көшбасшысы екенін танытады. Хан Кененің сөзін берген тұста М. Әуезовтің Абай сөздеріне иек артқаны байқалады. Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деген өлеңінің сарыны Кененің сөздерінен кездесіп отырады. Мәселен:

Кене. Қалың қазақ баласының қамалған көшіне септігім тиер ме деп жүрмін ғой. Езіліп бара жатқан елдің жоғын жоқтап жүргем жоқпын ба? Бүлінгені бүтінделер деп бас қамын ұмытып жүргем жоқ па, сол ел үшін [138, 333].

Кене. Сөз ұқпайтын санасыз. Бір менің басымның қамы ма екен, осы жүргенім... Қалың ел, қара ордалы жұрттың қамы емес пе? [138, 343].

Кене. Қалың қазақ артымда. Керек қылсам жалғыз ұраным-

нан қалмайды... [138, 343].

171

М. Әуезов өзіне әбден жаттанды әрі санасына сіңісті болып қалған Абайдың өлең жолдарын Кененің сөздеріне енгізеді. «Драматургияның шартын жақсы білетін қаламгер кейіпкер тілі арқылы оның мінезін, шындыққа қатысын ұтымды ашады» [140, 17]. Кененің сөз саптауынан қалың елінің, қазақ халқының қамы үшін күрескен қамқор ұлдың бейнесін көруге болады. Жұртының жоғын жоқтап, сол жолда аянбай күреске шыққаны пьесада өте бедерлі суреттелген.

Кененің әр сөзіне терең мазмұнмен, салмақты оймен қараған М. Әуезов Абайдың сөздік қорындағы өзіне ғана тән ойшылдыққа құрылған тіркестерін қолданады. Мысалы:

Кене. Сорлы, менің ашуым мен қайратым екені рас еді... Атаның жалаңаш намысын уыстап туған ұл еді бұл. Ашуы мен қайратына ақылы тең болса, менің орным осынікі еді... [138, 359].

Сондай-ақ:

Кене. Кім қажымай еруге шыдады? Мені қара қайрат алған жоқ. Кескілесіп қарсыласқан жауым да емес... [138, 367].

Пьесадағы Кене хан қалың қазақты тұтастырып бірлікке, намысқа шақырған күрескер, үлкен ойдың, намыстың, парасаттың адамы болып көрінеді. Хан Кененің диалогіне драматург Абай поэзиясында жиі айтылатын ашу, қайрат, ақыл және намыс сөздерін үстемелейді. М. Әуезовтің пьесада Кененің інісі батыр Науанның диалогтерін берген кезде де Абай сөздерін қолданғаны байқалады.

Науан. Сәулешім, не дейсің? ... Жүрегім, жүрегім... Маған үйде жылы ұя керек. Бір жылы жүрек, ыстық жалын керек. Көмескі еді, оймен іздеуші едім сен сияқты... сен сияқты, қуатым

[138, 338].

немесе:

Науан. Мен сенің ашуың мен қайратыңмын. Мені бастап жүрген ақыл жоқ. Әйтеуір беттескен жау болған соң, айдындырам деп аяғам жоқ [138, 349].

Науанның диалогіне М. Әуезов Абайдың терең ойшылдыққа құрылған өлеңдеріндегі философиялық сөздерін қолданады. Мәселен:

172

Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Сондай-ақ «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінен:

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста...

деген өлең жолындағы және:

Ашу да, ақыл да, күлкі де жоқ, –

деген тармақтағы ақынның қанатты сөздерін драматург кейіпкер тіліне қолданған. Науанның сөзі ұтымды өткір болып шыққан.

М. Әуезов пьесадағы басты кейіпкерлерінің тіліне Абайдың қанатты сөздерін пайдаланған. Жасынан Абай мұрасына қанығып өскен драматург пьесада кейіпкерлердің тіліне ақын сөздерін дағдылы түрде қолдана бергенге ұқсайды. Ал бұл құбылыс пьесадағы басты қаһармандарының сөздерін анағұрлым шешен, терең ойлы, орамды етіп жіберген. Ел басына күн туған сәтте халықты бастап шыққан батыр ұлдарының қайраткер қасиеттері мен қамқор, жанашыр мінездері дараланып көрсетіледі. Кейіпкер тілі арқылы пьесадағы қаһармандарының мінездері ашылған. Жалпы, «Хан Кене» – көркемдік айшығы, сөз кестесі терең трагедия. Халықтың бай ауыз әдебиеті мен Абай поэзиясынан нәр алған М. Әуезов өзінің ғұлама жазушылық дарынының арқасында көптеген ұлы туындыларды дүниеге әкелді.

173

II бөлім

ӘДЕБИ ҮНДЕСТІК ПЕН РУХАНИ САБАҚТАСТЫҚ

2.1. Шығармашылық қайнар көздер

Әрбір ақын-жазушы немесе дарын иесінің нәр алып сусындаған бастау бұлағы болады. Табиғаттың жаратылысы да сондай. Кішкене бастаудан шыққан бұлақ өзендерге, теңіздерге құйып, арнасы кең алып мұхитқа айналады. Сол сияқты әр ақын, жазушы, суреткердің нәр алар қайнары болуының өзі – табиғи заңдылық. Онсыз өзінен-өзі өнер иесінің пайда болуы, туа салуы мүмкін емес. Дербес өзі өмір сүре алмайды. Өзіне дейінгі дәстүрден үлгі алып, соған қарап өсіп-өнген суреткер кейінгі ұрпаққа жол ашып, жөн көрсетіп отырған. Өмірдің пәлсапасы да осы. Мұнсыз өсу, өрбу, өзгеру жоқ деуге болады.

«Әдебиет пен искусстводағы дәстүр мен жаңашылдық – творчестволық, эстетикалық және тарихи категория. Өйткені ол қатып қалған құбылыс емес», – деп анықтама береді ғалым А. Нұрқатов [36, 7]. Дәстүр мен жаңашылдық мәселесі ежелден келе жатқан барлық халықтың әдебиеті мен өнеріне тән дамып жалғаса беретін тарихи үрдіс деуге болады.

Ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы бар да, сондай-ақ әр халықтың әдебиет өкілдері арасындағы дәстүр сабақтастығы бар. Ақын-жазушылар арасындағы дәстүр мен жаңашылдық, әдеби сабақтастық мәселесі барлық халықтың әдебиетінде кездеседі. «Дәстүр және оның жалғасу заңдылықтары бір әдебиет тарихы көлемінде де, бір аймақ, тіпті әлемдік әдебиет аясында да көрініс таба алады», – деп профессор Ж. Дәдебаев айтқандай, дәстүрдің бір-біріне ұласуы әлем әдебиетіне тән құбылыс. [144, 3]. Дәстүрді қабылдап, оны табиғи түрде дамыту, ол дәстүрге жаңалық енгізіп, жаңаша түрде, жаңа сапаға көтеру – әдебиет тарихыныңдаму сатысын айқындайды. Қазақ әдебиетіндеАбай дәстүрі деген кең құлашты арна қалыптасты. Абай дәстүрін сан ғасыр ұрпақтары әлі де жалғастыруы сөзсіз. Абай дәстүрінен тәлім алып, оны көркемдік шеберлікпен жалғастырып, прозада жаңа сатыға көтерген М. Әуезов болды. Сол себепті әдебиетте «Абай және Әуезов» тақырыбыныңсан-салалы байланысы туындапотыр.

174

Қазақ әдебиетінде бұтағын кеңге жайып, үлкен сала болып қалыптасқан Абай дәстүрі сияқты, орыс әдебиетінде Пушкин дәстүрі тамырын тереңге тартып, алып бәйтерекке айналған. Қазақ әдебиетінде «Абай және Шәкәрім», «Абай және Мұхтар», «Абай және Мағжан» деген кең ауқымдағы тақырыптар сияқты орыс әдебиетінде де «Пушкин и Лермонтов», «Пушкин и Державин», «Гоголь и Пушкин» деген тақырыптар арнайы ғылыми зерттеу объектісіне айналған дәстүрлі тақырыптар. Лермонтов пен Пушкиннің тарихи әдебиеттегі талғамын әуелде Белинский қалаған, сонымен қатар бұл мәселенің әрбір қыры жайында жазылған жүздеген ғылыми басылымдар да жарық көрді. Белинскийдің алдында тұрған мәселе – Пушкин мен Лермонтовтың айырмашылығына терең мән беріп, Лермонтовты Пушкин және басқа ақындардың еліктеушісі деп қарады. Белгілі сыншы орыс әдебиетінің жаңа кезеңін Пушкиннің атымен байланыстыруға тырысады.

1941 жылы жарық көрген Лермонтовқа арналған «Жизнь и творчество М.Ю. Лермонтова. Сборник І. Исследования и материалы» атты еңбекте пушкинтанушы ғалым Д.Д. Благойдың Лермонтов пен Пушкиннің тарихи-әдеби сабақтастығы мәселесін қарастырған зерттеуінде шығармашылық байланысты атап көрсетеді. «Олардың санасында Лермонтов Пушкиннің «ізбасары» тікелей дәстүрін жалғастырушысы болды. «Біз оған Пушкиннің ізбасары ретінде қараймыз», – деп мәлімдеді В.Г. Белинский. Вяземский өз мақалаларының бірінде Пушкинді «Жуковскийдің әсерімен...», «мен оның оқушысымын». Лермонтов оқушысы болды және «өз кезегінде жаңа ұлы әдеби әсерлер болды» [145, 357]. Ғалым Лермонтовты Пушкиннің ізбасары ретінде тани алатынымызды айтады. Кезінде Белинский де Лермонтовты Пушкин ізін жалғастырғанын, ал П.А. Вяземский өзінің бір мақаласында Пушкин өзін В.А. Жуковскийдің шәкірті деп атағанын келтіреді.

Лермонтовтың Пушкиннің ізін жалғастырушылықжолы ақынның шығармашылығының өзіндік дамуы шағында шегіне жетті. Пушкиннің поэзиясы Лермонтов үшін ең жоғарғы көркемдік мектеп болды. Лермонтов Пушкин еңбектерінен үлгі ала отырып, ақындық өнердің қыр-сырын меңгерді, өзіндік жаңа өрнек қалыптастыруды үйренді. Пушкиннің «Кавказские пленники»,

175

«Евгений Онегин» шығармалары Лермонтовтың романтикалық поэма жанрына қалам тербеуіне зор әсерін тигізе отырып, жаңа көркем өрнек қалыптастырып, соны жол бастамасы бола білді. Лермонтов романтикалық поэманың жарқын өзіндік өң берер үлгісін қалыптастырды.

Орыс әдебиеттану ғылымында бұл тақырыпты арнайы зерттеген ғалым Г. Макогоненко «Лермонтов и Пушкин» атты монографиясында Лермонтовты Пушкиннің орнын басқан емес, оның әдеби ісін жалғастырған, яғни Пушкиннің көркем тәжірибесін түсініп меңгерген деген көзқарасты ұсынады. Мәселен: «Лермонтов Пушкиннің әдеби ісін жалғастырды. Пушкиннің көркемдік тәжірибесін түсініп, меңгеріп, өз қызметін Пушкиннен бастап, қабылданған мұраны өзінің эстетикалық жаңалықтарымен байыта отырып, уақыт кеңістігіне еніп, оның көркемдік танымыныңқұралдарыменформаларынтабабастады» [146, 10].

Осылайша, орыс әдебиеті үшін қолайсыз уақытта «Лермонтов және Пушкин» деген аса маңызды тарихи-әдеби және теориялық мәселе туындады. Оқырмандармен бұл мәселе «эмпирикалық» түрде қабылданды. Бұл жайында сол замандағы әдеби сыншылар тақырыптың ұқсастығын, кейбір образдар жақындығын, Лермонтовтың Пушкин шығармаларына үндестігін байқаған кезде (мысалы, «Тамбов қазынашысы», Печорин мен Онегин образдары, Пушкиндегі және Лермонтовтағы «Пророк» шығармасы, сондай-ақ екі ақын шығармаларындағы Демон образы және т.б.) жазылды.

Кейін ғасырдан астам уақыт әдебиет тарихшылары «Лермонтов және Пушкин» тақырыбын Лермонтовтың кейбір шығармаларының Пушкин шығармаларына жақындығын айқындайтын сол кездегі қалыптасқан дәстүр бойынша, яғни тақырыптардың бірдей болуы, екі ақынның ортақ мәселелерді талқылауы жағынан қарастырды.

Пушкиннің 1830 жылдардағы әдеби қозғалыстағы алатын негізгі орнын айқындау жаңа мәселенің туындауына себепкер болуы – бұл мәселе екі жас дарынды жазушы Гоголь мен Лермонтовтың Пушкинмен шығармашылық байланысының сипаты еді. Осылайша 1885 жылы «Гоголь және Пушкин» атты кітап жазылды. Оқырман назарына ұсынылған «Лермонтов және Пушкин» кітабы 1830 жылдардағы Пушкин жайлы моногра-

176

фияның соңғы, төртінші бөлімі болып табылады, бұл кездегі ақынның тәжірибесі мен көркем жаңа шындығын Гоголь мен Лермонтов кеңінен меңгере бастаған еді.

Гоголь мен Пушкин және Лермонтов пен Пушкиннің шығармашылық байланыстарының ерекшеліктеріне арналған зерттеулер тек қана Пушкиннің екі мұрагерінің шығармаларындағы пушкиндік бастаманы аңғартып қоймай, сонымен қатар 1830 жылдардағы әдеби үрдістің басты мәселесін түсінуге, тануға мүмкіндік береді. Ол мәселе тарихи әдеби сабақтастықтың жү-зеге асуы еді. Жас жазушылар өздерінің алдындағы аға буын дәстүрін меңгергендіктен, әдебиетте реализмді қалыптастыруда олардың одақтас, пікірлес болуы заңдылық еді.

Орыс әдебиетінде 1850 жылдардың аяғында «ықпал ету» тұжырымдамасы кеңінен етек алды. Бұған себеп болған Лермонтовтың бұрын оқырманға белгісіз болған жас шағындағы шығармалары еді. Оқырманға жаңа Лермонтовты ашу, танып, білу қажет болды. Ақын қалыптасқан суреткер ретінде «Ақын өлімі» өлеңімен және 1838–1841 жылдары жарияланған шығармаларымен танымал болған. Ақынның жастық шағындағы өлеңдерінің жариялануы шығармашылық өлең бастауларын, дамуын, көп томдық шығармашылығының қалыптасу жолын айқындап берді. Жас ақынның лирикалары Лермонтовтың Пушкинмен жақындығын айқындайтын еді. Сүйікті ақынға деген еліктеушіліктің көптеген фактілері, сюжеттер мен образдарды ұқсас сомдауы – осының бәрі мәлім болды.

«Ықпал ету» тұжырымдамасы еш дәлелді қажет етпеді...

Осылайша «Лермонтов және Пушкин» атты тақырып пайда болып, көптеген жылдар бойы Пушкиннің Лермонтовқа ықпалын зерттеп, саралау дәстүрі өзінің өзектілігін сақтап келді. Әдебиеттануда Лермонтов пен Пушкин шығармаларын салыстырмалы түрде түбегейлі зерттеу мәселесі туындады. Екі ақын шығармаларынан ұқсас айқын және жасырын цитаталарды, сюжеттер мен образдарды, жеке ұйқастар мен сөздерді табу керек еді және таба білді де... Жылдар өте берді, ондаған, жүздеген мақалалар жарияланып, «ықпал етудің» көптеген мысалдары жинала берді.

Әрине, жеткен жетістіктердің «Лермонтов және Пушкин» тақырыбын зерттеуде пайдасы мол болды. Мысалы, Лермонтовтың тек қана жастық шағындағы емес, ақын ретінде қалып-

177

тасқан кезінде де Пушкин тәжірибесіне жүгінгендігі және де Лермонтовтың Пушкиннің тек романтикалық шығармалары емес, 1830 жылдардағы реалистік шығармашылығымен таныс болғандығы дәлелденді.

Орысшылдар мен батысшылдарға, басқа да өнерлерін шыңдаушы зерттеушілерге Пушкиннің Лермонтовқа ықпалын айқындау әрекеті рухани дем берді. Біріншілері В.А. Жуковский, И.И. Казлов және басқа орыс ақындарының «ықпалын» тауып, «әшкерелей бастаса», батысшылдар сараланған соқпақпен жүріп асқан салтанатпен өз «тапқандарын» жариялай бастады. Олар сонымен қатар «өз ықпалдарының» басымдығын дәлелдеумен әлек болды, оларша тек қана Пушкин емес, Байрон, Шиллер, Гейне және т.б. батыс ақын-жазушылары да Лермонтовқа «ықпал еткен».

«Ықпал етуді» дәлелдеу, кейін бір сарында өрбіп, құрдымға әкеліп соқты. «Лермонтов және Пушкин» тақырыбы жасырын болып шықты. Ондаған жылдар бойы «ықпал етуді» әшкерелеу нәтижесінде құлаш-құлаш фактілер жиналып, олар кейіннен айғаққа айналды. Алайда сол уақыт, айғақ жинау негізгі ойын да, Лермонтовтың өзіндік емес деген үрдісін де жоққа шығарды. Оқырмандар лермонтовтанумен танысқаннан кейін Лермонтов шығармаларының орыс әдебиетінің жаңа, Пушкиннен кейінгі құнды дүние екенін тани және түсіне білді. Ал бұл Лермонтовтың Пушкиннің мұрагері және оның ісін жалғастырушысы болғаннан кейін ғана емес, сондай-ақ батыстың ұлы ақындарының көркем тәжірибесін өз тұрғысынан меңгеріп, әдебиетте соны қадам басқанының арқасында танылған дарындылығында еді.

Лермонтовтың өзіне «жақын» жазушылардың көркем тәжірибесіне деген қызығушылығының себептері туралы жалпы ойдың негізделгенінен кейін, Л. Гинзбург «Лермонтов және Пушкин» тақырыбына көшеді. Зерттеушімен ұсынылған тұжырымдаманың дәйекті жері «ықпал ету» мен «көшіру» мәселелеріне сараптамалық көзқарасты талап етуі болып табылады. Ақынның жас кезінде бұл оқушылық, үйренушілік қабілеті болса, ақын ретінде қалыптасқаншағында «жалпы поэзиялық жүйенің» әсері болды.

Лермонтовтың Пушкинге деген көзқарасын тарихи түрде дәйектей келе, Л. Гинзбург 30-жылдардың соңында ол Пушкиннің шәкірті болды деген тұжырымға келеді. Лермонтов Пушкин-

178

нің оқушысы деген өз ойын дәйектей келе, «сабақтастық жолын қуу» деген терминді қолданбай-ақ, Л. Гинзбург шынтуайтында әдеби дамудың дәл осы заңдылығы жайлы сөз қозғайды.

Лермонтов пен Пушкин арасындағы шығармашылық байланысты зерттеу тарихын қарастырудың маңыздылығы – осы мәселені шешуде бірнеше ғасырдағы зерттеушілердің атқарған жұмыстарын бағалауға, тарихи заңдылықта методологияның қандай қателіктер жіберілгенін түсінуге мумкіндік берді.

Орыс әдебиетінде Горький дәстүрі де кең қанатын жайып, ғылыми зерттеу нысанына алынып, кейінгі жазушылар прозасында жалғастық табуы ғалымдар тарапынан арнайы қарастырылған. Мәселен, «Кеңес әдебиетіндегі Горький дәстүрі» атты ғылыми еңбектер жинағында В.А. Емельяновтың «В. Белов прозасындағы Горькийдің еңбек адамы бейнесінің дәстүрлік көріністері» және А.В. Кошкиннің «Борис Можаевтың шығармашылығындағы Горький дәстүрлері» («Тірі» повесінің негізінде) атты зерттеулерінде жан-жақты сөз болады [147]. Ақын-жазу- шылардың бір-біріне әсері, әдеби байланысы, көркемдік шеберлігі мен дәстүр сабақтастығы мәселесі орыс әдебиетіндегі ғылыми еңбектерде де кеңінен қозғалады. Мәселен Достоевский дәстүріне арналған еңбектер де баршылық. Соның ішінде Достоевский мен Толстой шығармашылығын ең алғаш қатар алып қарастырған Д. Мережковский еді. Д. Мережковский «Л. Толстой и Ф.М. Достоевский» атты зерттеуін көлемді етіп жазды, бірақ мазмұны жұмыс талабына сай келмеді.

«Достоевский и Толстой» атты Н.Н. Арденстің еңбегінде екі жазушының туындыларындағы ойшылдық, суреткерлік, эстетикалық қырлары салыстырылады [148]. Зерттеуші Достоевский мен Толстойдың шығармаларында философиялық ойлар басым екенін анықтап, екі жазушыға да ойшыл деген сипаттама береді. Ф.М. Достоевскийдің А.П. Чеховпен байланысы да әдебиет тарихында зерттеуін табады. Мәселен Л.В. Акулованың «Ф.М. Достоевский и А.П. Чехов. Традиции Достоевского в творчестве Чехова» атты кандидаттық диссертациясында екі жазушының ішкі әлемінің ұқсастығы мен дүниетанымыныңтұтастығы анықталады.

«Достоевский – әлем әдебиеті дамуының тарихындағы бүтін дәуір», – деген пікірді айтады [149, 3]. Чеховтің алғашқы шығармашылығына Достоевскийдің әсері мол болғанын айқындап, жазушылардың әңгімелерін салыстырады.

179

Әлем әдебиетінде Шекспир дәстүрі де – кең қанат жайып, ғылыми салаға айналған тақырып. Әлем әдебиетіндегі драматургия мәселесін сөз еткенде, алдымен Шекспирді атайтынымыз рас. Г. Рубцованың «Ромен Роллан и Шекспир» атты еңбегінде Ролланның Шекспир шығармашылығына алғаш қызығушылықтан туған әсері кейіннен рухани тұтастыққа айналғаны сөз етіледі [150]. Ромен Роллан Шекспир туралы алғашқы мақаласында былай деп жазады: «Шекспир мен үшін сиқыршыға бағынып, мәрмәр тұғырдан түсіп келе жатқан Галатея, Қайта өркендеу дауысының өзі болды. Мен мұражайды мекендеушілердің қозғалмайтын көздеріне көзімді қадап, оның құмарлықтарымен рахаттанатынмын. Күн сәулесіндей жарқыраған өнер мен оңтүстік аспанның астында, Шекспирдің менің кеудеме көп уақыт бұрын сепкен тұқымдары өсіп шықты. Оның қанатының астында менің ең алғашқы итальяндық шығармаларым дүниеге келді: «Орсино», «Эмпедокл», «Бальони», «Калигула», «Мантуи қор-

шауы», «Ниобия»т [150, 262].

Әлем әдебиетінің алыптары арасындағы ұқсастықты бақылап тексеріп отырғанда байқағанымыз, әр суреткерге тән шығармашылық үрдіс мынадай болып келеді: әсер ету, үлгі алу, ұстаз тұту, дәстүрлер ұласу, көркемдік тәсілдер алмасу, әдеби жалғастық табу, жаңа сапаға көтеру, өзіндік қырынан жаңалық әкелу.

Осы заңдылық – қазақ әдебиетінің ұлы классиктері Абай мен Мұхтар әлеміне де зор қатысы бар мәселе. Абайдың асқан ақындық және данышпандық қасиетке жетуіне себепші болған оның мол қайнар бұлақтары мен бастаулары еді. Абай мұрасының рухани нәр алған қазына көздері жөнінде алғаш рет ғылыми тұрғыда сөз қозғап, көпшілікке ұсынған ғалым М. Әуезов болды. Абай шығармашылығының нәр алған қайнар бұлақтары жайлы тұңғыш рет тың пікірді М. Әуезов «Абай ақындығының айналасы» деген 1934 жылы жазған ғылыми-теориялық мақаласында қозғаған еді. М. Әуезовтің Абай мұрасының қазына көздерін жұртшылыққа таныстырып, ғылыми тұрғыдан дәлелдеп көрсеткен зерттеу еңбегінде былай деп нақтылы атайды: «Ол Абай ақындығының, Абай шығармаларының өмір материалынан басқа әдебиет дүниесінен де көп бұйым алады. Абайдан қалған мұраның ішінде көп оқушыға даусыз боп айқын сезілетін сыртқы әдебиеттер белгілері бар. Ол Шығыс әдебиеттері мен

180

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]