Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

1

2

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей

Әбіш Федор Ивановичтің бұл

ұста

сырларын үй ішінде Мағаштарға

Сонда толық боласың елден бөлек

қазір әдейі бір мол баяндап берді.

Жеке-жеке біреуі жарытпайды

Көп қайғылының қайғысы, бейнет

Жол да жоқ жарыместі «жақсы»

көрушінің бейнеті – бәрі де

десек

қайратты, ақылды, асыл адамға

 

кездессе, түк емес боп қалады.

 

«Қақтығыста» ІІІ т. 206-б.

Адамзатқа не керек

Қазақтың халқын тек топас

Сүймек, сезбек, кейімек

жабайылықты білетін ұлыққа

Харекет қылмақ, жүгірмек

қараңғы қорқынышпен бағыну,

Ақылмен ойлап сөйлемек

табынуда ғана білетін аса бір тағы

 

еді. Ол ойының бәріне мынау сахара

 

қазағы Ибраһим Құнанбаев өнеге

 

бойымен сөйлеген сөз, ішкі нәр

 

ойымен, түгелдей қарсы ажар

 

танытып отыр. Орысша оқыған

 

адамша сөйлейді. Жандаралдай

 

ұлықтан жасқанбай, ақыл тәрбиесі

 

тең адамша кеңеседі.

 

«Қоршауда» ІІІ т. 279-б.

Қызарып, сұрланып,

... Бұрын жан баласына жүрек

Лүпілдеп жүрегі

жарып, ашылып көрмеген момын,

Өзгеден ұрланып

таза Мәкен де, енді соңғы күндерде

Өзді-өзі керегі

Дәрмен домбыра алып, бұның

 

қарсысына отырып үн сазын

 

бастағанда, жас жүрегі лүпілдеп,

 

соғып қалады.

 

«Құз-қияда» ІV т. 74-б.

Біреудің кісісі өлсе – қаралы ол

Тағы бір кезек Зейнеп үні басыла

Қаза көрген жүрегі жаралы ол

бере, өзгеше сұлу, салқын, бірақ

Көзінің жасын тыймай жылап

сондай биік шырқап, тамаша қалқып

жүріп

сорғалаған бір дауыс кетті. Ол

 

жылаған – Әйгерім еді... Әйгерім

 

үшін осы жоқтауды Дәрмен жазған

 

еді. Ал шерлі, күйлі көркем сазды

 

Әйгерім өз жүрегінен тудырған.

 

Эпилог ІV т. 603-б.

Ақылмен ойлап білген сөз

Іні-бауырлар көздерінде қуаныш

Бойыңа жұқпас, сырғанар

жасы бар. Жарқыраған күлкі мен жас

241

1

2

Ынталы жүрек сезген сөз

аралас шыққан, үзік-үзік сөздер

Бар тамырды қуалар

естілді.

 

– Ағатай!

 

– Әбіш аға!

 

– Айналайын, Әбіш аға! – деген

 

шашудай шат, ақаусыз таза

 

бауырмал сөздерді естігенде Әбіштің

 

өзі аппақ болып, жүрегі қалтырап

 

кетті.

 

«Қарашығын» ІІІ т. 105-б.

Күйесің жүрек, күйесің

...Сол орайда, Әбіш ұсынған

Күйгеніңнен не пайда

скрипканы алған Мұқа, өзінше бір

Дүниеде нені сүйесің

сезімді күй тартып кетті. Саусақтары

Өмір қайда, дос қайда

үлкен, тартыс мәнері Әбіштей емес...

 

Үлкен техникасы болмаса да,

 

барынша шын сезімін, ынта-

 

бейілмен жеткізбек болған сирек

 

талап танылады. Күйі анық мұңды

 

күйікті жүректің шын шері.

 

«Қарашығын» ІІІ т. 109-б.

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,

Арттағының бәрі де созыла

Жылытқан тұла бойды ыстық

шұбатылып, еріксіз қатты желіске

жүрек

түсті. Байкөкше алда жалғыз келе

Тоқтаулылық, талапты

жатып, енді ғана езу тартты.

шыдамдылық

Дәркембай құрдасын еске алған-ды.

Бұл қайраттан шығады білсең

...я сонда Абайдың Қарамолаға

керек

шақыртумен бара жатқанын айтқан.

 

– ...Есебін тауып Абайға қанат бітір,

 

қайрат бер!

 

«Қоршауда» ІІІ т. 261-б.

Көзіме жас бер, жылайын

...Мағаштың өлімінен он екі күн

Шыдам бер, сабыр қылайын

өткен соң ғана ауыр қаза хабарын екі

Жаралы болған жүрекке

іні дос Дәрмен мен Кәкітай амалсыз

Дауа бер, жамап сынайын

отырып, оңаша жерде ғана Абайға

 

айтқан еді. Абай сонда егіліп тұрып

 

еңіреп жіберген...

 

- Ей сорлы заман, менен аяған қай

 

қастығың қалды... Жүрегімді көрші

 

міне, жарадан сау жер қалды ма?

 

«Жұтта» ІV т. 599-б.

242

1

2

Ауру жүрек ақырын соғады жай

Мағаштың қазасын Абай солай

Өз дертін тығып ішке, білдіре

таныса, Дәрмен өзгеше өткір оймен,

алмай

күйік үстінде көреген бола, анықтап

Кейде ыстық тағы да қан басады

аңдайды. Ол Кәкітайға,

Кейде бір сәт тыншығар үн

Баймағамбетке өз аңдағанын

шығармай

әлденеше рет айтты. Дәрменнің

 

байқауынша, Абайдың ендігі

 

күндері, ой-дүниесі, жүрек дерті бір

 

үлкен сергелдеңмен сенделу халінде

 

«Жұтта» ІV т. 598-б.

 

 

Нені тапсаң оны тап

Жүрегінің басынан удай боп төгілген

Жарамайды керекке

шер болса, оның бәрі бұл отырғандар

Өңкей уды жиып ап

туралы ой емес.

Себеді сорлы жүрекке

«Жұтта» ІV т. 562-б.

 

Ызалы жүрек, долы қол

Ширақ, сергек қайратына ызалы

Улы сия ащы тіл

жүрек оты араласқан, әділет

Не жазып кетсе, жайы сол

тоқшысы туғандай.

Жек көрсеңдер өзің біл

«Жұтта» ІV т. 578-б.

 

Қайрат пен ақыл жол табар

Өзіне кезек жеткенде Абай орнынан

Қашқанға да қуғанға

тұрып, қоңыр жүзі ақшыл тартып,

Әділет, шапқат кімде бар

басындағы тымағын алды.

Сол жарасар туғанға

... – Ағайын жұрт, бір дуан елді бір

 

араға шоқтай жиған әлек сөзінің

 

жөніне мені куәға тартпақсыздар.

 

Мен сол куәлікті айтқалы келдім...

 

Қаншалық ащы болса да, әлдекімге

 

ауыр тисе де, жұрт жарасын емдейтін

 

дәрі сол – әділет қана...

 

Қолымнан келсе, ақыл-парасатым

 

жетсе, өз кеудеме ақ көрінген

 

әділетті айтқым келеді.

 

«Қастықта» ІV т. 485-б.

Адамгершілік жайындағы Абайдың ой байламдарын терең танып білген кемеңгер жазушы осы ой қазығын «Абай жолы» роман-эпопеясындағы кейіпкерлер тұлғасынан көреміз. Өйткені Абай мен Әуезов арасындағы рухани сабақтастықтың өзекті

243

буыны да дәл осы толық адам маңайында болғандықтан, Әуезовтің Абай «нравственная личность» мәселесін бар тартысының, талап арманының тетігі етеді деп жазған ой байламы да көрсетіп тұр.

«Абай аға» атты тарауда «Кең маңдай, қайратты жүзі көкшіл тартты. Реңіне ыза шыққандай. ...Жүрегінің басынан удай боп төгілген шер болса, оның бәрі бұл отырғандар туралы ой емес», – деген үзіндіні оқуға болады [84, 43].

Ұзақ жылғы айдаудан оралған Базаралы Семейге келгенде, оны қарсы алған көңілдес ағайын қонақ етеді. Жиренше пәтерінде жиылған топтың ортасында отырған Базаралы басынан өткен қапырық ойларды ойлайды. Жазушы эпопеяда Базаралы бейнесін арыстай сом тұлғалы, бұл өңірдегі ең қымбат жан деп басқа кейіпкерлерден даралап бейнелейді. М. Әуезов Базаралы тұлғасын сипаттағанда, Абайдың толық адам болудағы «үш қасиетін», әсіресе қайрат сөзін көп қолданады, яғни қайратты жүзі мен шерлі жүрегін атайды. Бұндай мысалды «Кек жолында» атты тараудан да кездестіреміз. Дәркембай Базаралыға:

Қайратың болса, қажырың жетсе, қамырығың бір халқыңмен болсаңшы...

Базаралының қазіргі Дәркембайдан алған қуат сөзі оған қанат бітіргендей. Қайратты ер енді қалжың тәрізді бір ой тастап сөйледі:

Ақылың ақыл-ақ! Бірақмаған тағыбіройкеледі [84, 56]. Абай айналасындағы адамдардың бойында ақыл, қайраттың

кем болғанын айтып, заманды бұзып отырған осы қасиеттің жоқтығы екенін байқайды. Адамдарды аздыратын қылықтарды «улы сия, ащы тілмен» ақын жырлайды.

Бойда қайрат, ойда сөз, Болмаған соң айтпа сөз.

Абай қайрат пен ақылдың тапшылығын баса айтқан болса, М. Әуезов бұл мәселені «Абай жолы» эпопеясында реалистік тәсілмен көркемдеп суреттейді. «Абай жолы» эпопеясындағы тоңмойын, томырық Әзімбайға ыза болған Абай былай дейді:

– ...Онымен жағаласқан жан құрысын... қанша жыл жақсылық жолына түсіп, қажыған қайрат етіп ең? Бәле деп, жуандық

244

деп, мал деп көз аштың. ...Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол дейді Жақсылық, Аяныш, Әділет, адал жүрек керек дейді Жақсылық! Естіп көріп пе ең, сен мұндайды! [84, 59].

Жазушы Абай айтқан жақсылық, аяныш, әділет, адал жүрек деген қасиеттерден Әзімбайдың жұрдай екенін аса жиренішпен айтады. Адамдық қасиеттерден ада болып өсіп келе жатқан Әзімбайдың азуы шыққан қатал, асау, зорлықшыл кейпін жазушы шынайылықпен бедерлейді. Абайдың осы сияқты айналасындағы адамдардың жиренішті қылықтарына ыза болып, оларға адамдық қасиеттер жайлы айтқан толғаулы уағыздары мен ақынның терең ойларын М. Әуезов эпопеяда жиі келтіреді. Шұбар жайындағы Абайдың ойын жазушы былай береді: «Мыналар болса, зорлығы мен көптігін, күші мен кәрін қолымен де батырып жібере алады. Абай жағынан азар болса, көретін жазасы «ар, ұят, адамгершілік» деген жөнде. Шұбардың өзіне жол еткен мінезі бойынша, ол «ар, ұят» дегендер кеңшілікте, тыныштықта, келіп кетері жоқ мәжілісте ғана және Абай қасында ғана сөйленетінермек қана» [84, 98].

Абайдың Шұбарға беретін тағлымы ар, ұят, адамгершілік жөнінде екенін жазушы түсіндіреді. Шығармадағы бұл үзінді Абайдың мына өлең жолына үндес келеді:

Жаман тату қазады өзіңе ор, Оған сенсең, бір күні боларсың қор. Ары бар, ұяты бар үлкенге сен,

Өзі зордың болады ығы да зор [42, 89].

Абай адамгершілік, адалдық мінездерді жастарға үлгі етіп, ар мен ұят мәселесін қозғайды. Абайдың жастарға үлгі етіп, толық адам болудың талап-тілектеріне лайық болып келетін адамның өмірдегі көрінісі өзінің сүйікті ұлы Әбіш бейнесі еді. Абайдың толық адамға қойған талабы – қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің бірлігі Әбдірахманның бойынан табылады.

Әбдірахман бейнесі гуманист ақынның өмір бойы аңсаған адамгершілік мұраттары хақындағы ойларының негізі, адамзат баласына ортақ асқақ үміті еді. Яғни оны жүрегі жылы, бойы құрыш, туысы жаннан бөлек жан етіп суреттегенде, ақынның ең бірінші тілге тиек етері – өзі жұртқа бұрын да көп насихаттаған ғылымға берілгендігі.

245

Тұл бойың ұят-ар едің.

Міне, осы бір ғана өлең тармағынан жас жігіттің бүкіл адамгершілік бітімі түгел жеткізіліп тұр. Одан арғы әр нәрсені ойлап істейтін байсалдылығы, нар мінезді тәуекелшілдігі, талапшылдығы. Әбдірахманның қысқа ғұмырында ол – жұртқа үлгі боларлық үлкен істер тындырғаны, өзінің басына біткен тәрбиелі мі- нез-құлқы өмірбаянымен байланыстырып жырланады. «Абай Әбдірахманға арналған жоқтау өлеңдерінің көбінде адам болам десеңіз деген шартқа қойылатын басты талаптың бар белгісін бойына ұялатқан қазақ қауымындағы жаңа буынның бейнесін суреттеуге бой ұрған. Сондықтан да:

Жаңа жылдың басшысы – ол, Мен ескінің арты едім, –

деп, Әбдірахманды толық адам болуға асық, соны қасиет атаулыны бойына дарытқан жаңа ұрпақтың өнегелі бейнесі ретінде тұлғалайды» [198, 17].

Міне, Әбіштің осы адамдық биік қасиеттерін, оның іс-әре- кеттерін М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында кең тұрғыдан ашады. Эпопеяда өзінің жастығына қарамастан, ол үлкен ойдың, кең талғамның адамы ретінде көрінеді. Жазушы Әбішті ел қамын жейтін, жауыздыққа қарсы алысатын адам етіп суреттеген. Бұл ретте роман кейіпкері Әбіш пен оның прототипінің, сол сияқты Абай өлеңдерінде бейнеленген Әбіштің арасындағы ұқсастық, жақындық мол екенін атап айту керек. Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахманға арнап шығарған өлеңдері «Абай жолы» эпопеясында мол қамтылған. Бұл өлеңдері арқылы жазушы қайрат, ақыл, жүректің бірлігі бойынан табылған, Абай аңсаған толық адам болудың талабынан шыққан Әбдірахман бейнесін эпопеяда қазақ даласында ешкімге ұқсамайтын жаңа тұрпатты ерекше ғазиз жан ретінде бейнелейді.

Қорыта келгенде айтарымыз, Абай поэзиясында, негізінен, сөз болатын адамгершілік мәселесі мен талап қоятын адамдық қасиеттері «Абай жолы» роман-эпопеясында жалғасын табады. Абайдың аңсаған, армандаған толық адамын М. Әуезов оқырманға көркем образдар арқылы шебер тілмен жеткізеді. Абай

246

поэзиясының алтын арқауы – толық адам жайлы ойшылдың танымын М. Әуезов дамыта отырып, оған өз көзқарасы тұрғысынан гуманистік мәселелерді өзек еткен прозалық туындыларында кеңінен толғайды.

2.3. «Абайдың діні – сыншыл ақылдың шартты діні» ой-толғамының М. Әуезов туындыларында дамуы

Саяси жәнеидеологиялық қатаңқыспақтанарылып, өміріміздің түрлі салаларына демократиялық, еркіндік нышандары ене бастауы

– Абай мұрасын қайта қарап, дұрысбағалауға мүмкіндік беріп отыр. Бұл орайда бұрын ауызға еш алынбай, алынған күнде қараланып, жамандалып келген ағартушы ақынның діни-адамгершілік мазмұндағыеңбектеріқайтақолғаалынып, нақтыбағасыналабастады.

Абай туралы, оның шығармашылығы, дүниетанымы жайлы аз жазылған жоқ. Соның ішінде «Абайға шығыстан кірген бұйымдардың басы ислам діні», – деп ғалым Мұхтар Әуезов атап көрсеткен мәселе бүгінгі күнге дейін лайықты бағасын алып, толық зерттелген жоқ. Абайды қаншама ғалымдар зерттеп жазса да, ақын дүниетанымы, оның рухани ішкі әлемі әлі күнге дейін өз деңгейінде шешімін тапқан жоқ. Оның басты себебін М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қызметкері Қыдыр Төрәлі былай деп түсіндіреді: «Соның бір ұшы Шығыс пен Батыс әдебиетін бір кісідей білгенімізбен де, Ислам құндылықтарынжетікбілмейтіндігіміздежатсакерек», – дейді [196, 5].

Абайдың дінге қатысы туралы еңбектер жазылды. Бірақ ол еңбектердің ішінде қате түсінік берілетін мәліметтер де кездеседі. Абайтану тарихында Абайдың дүниетанымына, Абайдың іліміне әртүрлі сыңаржақ пікірлер де айтылып, өз дәрежесінде түсіндірілмей жатқан кездер де бар. Бүгінде кеңестік идеологияның темір құрсауы алынып тасталып, оның орнына пікір бостандығы өріс алып тұрған заманда, Абайдың дүниетанымы жөнінде дау туғызған сыңаржақ еңбектердің жазылып жарыққа шыққаны да рас. Әр салада философтар, тарихшылар, дінтанушылар, шығыстанушылар қалам тартып та жатыр. Әр ұрпақ өзінше түсіндіргісі келеді. Бұл тақырып толастамайтын, сан ұрпақтың жылдар бойы зерттей беретін өзекті мәселесі болмақ.

247

Абайдың дінге қатысы – күрмеуі қиын мәселе. Біз бұл зерттеуімізде Абайдың дінге көзқарасын, дінге қатысын сөз етуден аулақпыз. Ал негізгі мақсатымыз – М. Әуезовтің: «Абайдың діні

– сыншыл ақылдың шартты діні», – деп келешекке терең ой тастаған пікіріне жауап іздеу. Ғалымның кезінде бұл мәселе жайлы ашық айта алмаған, бірақ болашаққа дұрыс жол нұсқаған ойлы сөзінің астары Абай жайлы жазған зерттеулері мен көркем туындыларында көрініс тапқандығын дәлелдеу.

М. Әуезов 1934 жылдың өзінде-ақ Абай мұрасының нәр алған қайнарлары жайлы ақын мұрасын зерттеушілер арасынан тұңғыш рет «Абай ақындығының айналасы» атты мақаласында кең түрде пікір көтерді. Абай шығармаларының нәр алған бір қайнары – Абай мұрасының Шығысқа қатынасын өзінің зерттеу еңбектерінде Мұхтар Әуезов, негізінен, үш салаға топтастырып қарастырады. Олар: а) Абай және Шығыс классиктері, ә) Абайдың исламиятқа қатысы, б) Шығыс хакімдерінің, ойшыл даналарының ортасында ғасырлар бойы мол сөз болған мораль философиясы жайлы мәселелерге қатысы.

М. Әуезов Абайдың Шығысқа қатысын кеңінен сөз ете отырып, ақын шығармаларындағы дін тақырыбы туралы былай дейді: «...Абай бірсыпыра өлеңдерінде, әсіресе «Қарасөздерінде» дінді жақтады. Дидактикалық өлеңдеріндегі насихатының бірқатарын Абай ислам заңдарымен дәлелдеді» [200, 31].

Кезінде кеңестік әкімшіл-әміршіл заманда Мұхтар Әуезов Абай шығармашылығының нәр алған қайнар көздерін зерттеп, ғылыми негізге түсіріп берді де, ал Абайдың дінге қатысы жайын тереңінен талдап ашып отырмастан «Абайдың діні – сыншыл ақылдың шартты діні» деген тезисін айтумен шектелді. Ал бұл мәселеге белгілі абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлы 1982 жылы «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» атты монографиясында тереңдеп барып, Абайдың исламиятқа қатысын зерттеп, абайтанудың тың жаңалығын ашты. Мекемтас Мырзахметұлы Абай дүниетанымы Шығыс философиясындағы хауас, иманигүл, жауанмәртлік танымдарынан қаншалықты нәр алып барып қалыптасқанын түбірлеп берді. Абай дүниетанымының негізі Исламияттан бастау алғанын алғаш жұртшылыққа таныстырып, ғылыми тұрғыдан дәлелдеп көрсетті. М. Әуезовтің зерттеулеріндегі Абайдың Исламиятқа қатысы туралы М. Мыр-

248

захметұлы былай дейді: «М. Әуезов «Абайдың діні – адамгершіліктің діні» деген танымын өз зерттеулерінде, көбінесе бір ой желісін қуа талдамай, топшылап береді де, оның өзі ары қарай талдай түсуге, мәнін жан-жақты аша түсуге бейімдей құрады. Мұнда зерттеуші ақын ойының табиғатын дәл танып, оқырманды өзекті мәселеге тура бастап отырады. Қай зерттеушіге болса да, өзі ұсынған ой қазығы бағыт-бағдар берумен қатар, оны ары қарай тереңірек қазып ашуға кең өріс те қалдырады» [157, 74]. М. Әуезовтің бұл пікірі қай зерттеушіні болсын адастырмас дұрыс бағыт берер ой қазығы екенін ғалым ескертіп, оны тереңірек қазып ашу керектігін қажет деп біледі.

М. Әуезовтің «Абай діні – сыншыл ақылдың шартты діні» деген ой қазығын Абайдың 1895 жылы Әбдірахманның өлімімен байланысты қайғы-мұңға бату үстінде дін мәселесі мен адамның жаратылыс турасындағы тақырыптарға жазған «Лай суға май бітпес қой өткенге», «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» деген екі өлеңін талдағанда анық байқалады. Абайдың Алланы жиі ауызға алып, көп жалбарынып, үздіксіз мінәжат етуі сүйікті ұлы Әбдірахманның науқасқа шалдыққан кезінен басталады. Ақын өмірінің трагедиясы қат-қабат. Ол қыруар соққыға ұшырады. Әбіш өлімі – Абай тартқан күйіктің ең ауырлары. Соққы қасіреті Абайдың болашаққа деген сенімін күйретті. Мұндай хәлде адамның Алладан медет сұрап, аса тәубешіл болуы – психологиялық заңды әрекет. «Жасөспірім замандас қапа қылды» атты өлеңіндегі мына жолдар:

Жамандық, жақсылықпен – оған бір бәс, Дін ісін, құдай ісін айыра алмас [42, 211].

Алла – бір, пайғамбардың – хақ екенін мойындаудан туғаны сөзсіз. Әсте құлшылық ұрып жалбарыну жоқ. Амал қанша, ақын тілегін Алла бермеді. Әбдірахманды өзінің қасына алады. Шерлі әке сонда да, тақуалығынан танбады. Жүрегінің жартысын жұлып әкеткен қайғыдан кейін Әбішін өлеңімен жоқтайды. Қасіретті көтеруге таяныш-тіректі мұсылмандықтан тапқан Абай сарылып дін жолына түсіп кетпегенімен, аят-хадистерге ұйып ден қояды.

М. Әуезов Абайдың басынан өткен ауыр қазадан кейін туған түңілу сарындары қосылып келіп, ақын өлеңдері діншілдік ой-

249

лар мен күйлерге ұласқанын айтады. Қайғы мен уайым жеген ақын көңілі тиянақ таппай, мұсылманшылдық дініне барғанын түсіндіреді. Абай өлеңіндегі мына үзіндіні мысалға келтіреді:

...Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі, Өзіне құмар қылған оның әмірі, –

Абайдың аллаға бас иген күйін осылай таныстырады. М. Әуезов Абайдың мұсылманшылық дінге қатысына сипаттама бере келе: «...Абайдың діні – ақылдың, сыншыл ойдың діні болуға бет алады», – деп нақтылай түседі [201, 165].

Абайдың:

...Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. «Мені» мен «менікінің» айрылғанын

«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес... –

деген өлеңінде адамның жаратылысы туралы осылай ой толғайды. Бұл туралы М. Әуезов: «Сөйтіп, адамның жаратылысы мен өзінің тұтынған діні турасында Абайдың ең үлкен мән беретіні – адамдағы сыншы ақыл, терең ой ғана болады. Нәтижеде ақын жаратылыс мәселесінде идеалистік көзқараста тұрса да, сырттай мұсылманшылық белгілерін байқатқанмен, бар нәрсенің тетігі ой дегенге келеді. Сөйтіп, жоғарыда айтқанымыздай, оның діні сыншыл ақылдың шартты діні болып шығады», – дейді [201, 166167].

М. Әуезов Абайдың дінді тұтынғанда сыншыл ақыл, терең ой елегінен өткізіп барып қолданатынын айтады. «...Абай дінінің «сыншыл ақылдың шартты діні» болатын себебі, оның «сенімі», мұсылманшылығы әлдеқайда жоғары тұрған «сауатты» сенім екендігінде. Ақынның өз сөзіне жүгінсек, «Ғақли иман» деуге болады. Өйткені ол дінді, исламды, иманды, оның шарттарын, мораль, тәрбие, адамгершілік қасиеттердің барлығын құр соқыр сенім арқылы емес, сыншыл ақыл арқылы қабылдайтын-

дығында» [202, 54].

Ақынның ұстаған діні – «сыншыл ақылдың шартты діні», «Абай діні – адамгершіліктің діні» дегенді М. Әуезов әр кез ғылыми зерттеу еңбектерінде осы екі ой байламы арқылы беріп

250

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]