Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

Сібір қазақтарының облысындағы сот реформасы жайындағы біздің жұмысымыздың жоғарыда келтірілген деректеріне қарап, жалпы халықтың қалың көпшілігі билер сотының ежелгі тәртібінде қалуын қалағанын, ал шенді, мансапты, ауқатты қазақтар керісінше, билер сотына сол негізде өзгеріс енгізу жағында болғаны айқын аңғарылды. Шен-шекпенді қазақтың кедей әрі құрметке ие болмағандарға ожарлығының айқын айғағының бір мысалын Қарқаралыдан келтіруге болады. Онда би мен сұлтандар «қара халықпен» келіспей, өз пікілерін айтып, олардың округінде төрт бас би тағайындап, бір бидің үстінен бір бидің қаратылуы ұсынылған» [78, 134].

Шоқан жалпы халықтың көпшілігі билер сотының ежелгі тәртібінде қалуын қалайтынын айтады. Сонымен қатар Ресей империясының қазақ даласына енгізіп отырған заңын қолдамайтынын білдіреді. Қазақ жеріне өктемдікпен заңсыздық әкелген патшалық үкіметті батыл сынады. Көптеген шығармаларында, әсіресе орыс достарына жазған хаттарында қазақ халқының қараңғылығын пайдаланып, ашықтан-ашық тонап жатқан патша чиновниктері туралы өте ашына айтады. Сондықтан Шоқан өз халқының тағдырына жүрегі ауырып, оны дұрыс жолға салып басқаратын тиімді жол ретінде билер сотын ұсынады.

Халқымыздың ойшылы Абай да ата-баба салып кеткен ескі жолды қолдайды. Хандар мен билер заңын білетін, билік шығара алатын адамды көздейді. «Бас-басына би болған өңкей қиқым» деп өз өлеңінде сынап айтқандай, болыстардың, атқамінерлердің көп болғаны ел ішіндегі дауды да көбейтіп отырғанын ашық айтады. Өзінің үшінші қарасөзінде: «Бұған бұрынғы Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолын», Әз-Тәу- ке ханның «Күлтөбенің басында күнде кеңес» болғанда «жеті жарғысын білмек керек. Әм, ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендікпенен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына татымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз, яки тіпті жоқ.

Бұрынғы қазақ жайын жақсы білген адамдар айтыпты: «Би екеу болса, дау төртеу болады» деп. Оның мәнісі – тақ болмаса, жұп билер таласып, дау көбейте береді дегенмен айтылған сөз. Өйтіп би көбейткенше, әрбір болыс елден толымды-білімді үш-

71

ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе, жаманшылығы әшкере білгендікпенен түссе, әйтпесе түспесе. Ол билерге даугер адамдар қарамай, екеуі екі кісіні билікке таңдап алып, үстіне біреуді посредникке сайлап алып, біте берсе, егер оған да ынтымақтаса алмаса, бағанағы үш бидің біреуін алып, яки жеребемен сайлап алып жүгінсе, дау сонда ұзамай, бітім болар еді», –

дейді [76, 100].

Қазақтың ағартушы демократтары Абай мен Шоқан ұсынған рулық басқару жүйесінің негізгі мақсаты халқымыздың бірлігі, бостандығы, елдігі, ынтымағы еді. Олар халықты алға апарар бірлік, билік жүйесін нұсқаған еді.

Ресей империясы енгізген болыстық ел билеу жүйесінің болмысын Мұхтар Әуезов тарихты зерттеушілерден де гөрі бұрынырақ түсінген еді. Осы тұста тарих ғылымының докторы Л.М. Әуезованың пікірін басшылыққа алатын болсақ: «М.О. Әуезов қазақтардың өткен ғасырдағы тарихи өмірінің жан-жақты бейнеленген шынайы картинасын жасады. Әділдік жазушының бұл орасан зор еңбегін толық мойындауды талап етеді. Сонымен қатар жазушы кей жағдайларда бұл проблемаларды терең зерттеуге енді-енді ғана бой ұра бастаған тарихшылардың өздерін факт жүзіндегі деректер жинау тұрғысынан да, сондай-ақ суреттеліп отырған құбылыстарды жинақтап, ой елегінен өткізе қорыту тұрғысынан да таң қалдырғанын айта кету артық емес», – [79, 96] дегені көп нәрсенің жайын аңғартады. Жоғарыда айтылған ел басқару жүйесіндегі аталған екі принциптің түп-төркінін, негізгі көздеген мақсатын М. Әуезов жақсы білді. Сол жағдайларды шығармаларында ол астарлап беріп, таратып та отырады.

Патша үкіметінің енгізген территориялық принципке бағытталған ел билеу жүйесінің табиғатын, ұстанған бағытын М. Әуезов терең білгірлікпен біліп, оны зерттеу еңбектерінде ғылыми тілмен жазып көрсетті де. Абай өмір сүрген дәуір болмысы М. Әуезовтің ғылыми еңбектерінде шынайы тұрғыдан көрсетіліп отырғанын жоғарыда келтірген мысалдардан анықтауға болады. Осы жөнінде Л.М. Әуезованың пікіріне жүгінсек: «Абай дәуірін суреттеп беруде М.О. Әуезов тарихи деректерді қалай кеңінен пайдаланған болса, ақынның өмірі мен қызметін суреттеуде кезінде жазылып қалған негізгі өмірбаяндық тарихи фактілерге де

72

солай сүйенуге – оның өмірін дәл шындықпен беруге болады» [79, 170]. Мұхтар Әуезов Абайдың өмір сүрген дәуірі мен жасаған ортасының әлеуметтік саяси жағдайын дұрыс аңғарды. Қазақ сахарасындағы саяси жүйенің сипатына жазушы «Абай» романының жазылуы жайынан» атты еңбегінде былай деп тоқталады: «Ол кезде патша чиновниктері, облыстық басқарманың губернаторлары немесе откругтік мировой судьялар даладағы болыстардың, рулардың арасындағы дау-жанжалды өздігінен шеше алмай, әр кезде «төтенше съезд» шақырып тұрған: съезге патша чиновниктері, уезд начальниктері, облыстық правительдер, тағы басқадалаатқамінерлерімен әкімдеріқатысқан» [80, 33].

М. Әуезов тарихи роман жазу барысында шебер жазушы ғана емес, үлкен тарихшы ретінде де өзін танытады. Әуезов өзінің мол тарихи танымы арқылы ғұмырлық құндылықтарды өткінші жағдайлардан ажырата алып, көптеген замандастарынан әлдеқайда көреген болатын, сондықтан да ол сол заманның идеологиялық ұстанымдарының шектеулігін, оның өнерге тигізетін зардабын айқын көре білді. «Революцияға дейінгі қазақ ауылының өмірін терең зерттеген автор «Абай жолы» эпопеясында патриархалдық-феодалдық өндіріс қатынастарының мән-жайы- на мейлінше терең бойлаған, оны жеріне жеткізе ашып көрсеткен», – дейді Л.М. Әуезова [79, 88].

«Абай жолы» роман-эпопеясын Л.М. Әуезова мен Е. Лизунова тарихи роман ретінде зерттеп, Ю. Тыняновтың тарихи романдарымен салыстырады. Е. Лизунова Тынянов пен Әуезов тәрізді жазушыларды «тарихшы-ақын» деп толық түрде атауғаболатынын айтады. Кезінде Ромэн Роллан Петр Павленконы осылай атаған. Бұл жазушылардың көркемдік ойлауында тарих үлкен орын алды. Адам тағдырына деген тарихи көзқарас баяндаудың жаңа арналарын тудырды. Екі роман да, ең алдымен, мәдени мұраны тарихи тұрғыдан қараудан басталады, авторлар тарихты «поэтикалық ойдың сәулесімен» суреттеуге тырысты. Тынянов «Кюхля», «Уәзір Мұхтардың өлімі» және соңында «Пушкин» романдарын жазу үстінде данышпан Пушкинді ұлы поэтикалық жұлдыздар ортасында көрсетуді, орыс әдебиетінің биік шыңдарын еркіндік идеяларының сәулесімен жарқыратуды міндет етті. Ал Мұхтар Әуезов Тынянов дәстүріне сүйенді, қажеттілерін өзіне үлгі етті, бірақ өзіндік ғұлама жазушылықжаңақырынан әлемгетанылды.

73

Ромэн Ролланның белгілі «Жан-Кристоф» шығармасында қоғамдық өмірмен кең қарым-қатынасқа түскен кейіпкердің туғаннан өмірінің соңғы кезеңіне дейінгі тарихы көрсетіледі. Әуезов Роллан кейіпкерінің жан-жақты, көп түрлі поэтикалық әлемі мен данышпанның шығармашыл ізденімпаздығының психологиясы қызықтырғанын атап көрсетеді.

Әуезов эпопеяны жазуға кіріскен уақытта, кеңес әдебиетінде бұқара халықтың күресі, халықтың шығармашыл даналары, оны тудырушы күш туралы шығармалар туындап жатты. 1936 жылы «Петр Бірінші», «Пушкин» романдары жарыққа шыққан кез еді. 1939 жылы Сергеев-Ценскийдің «Севастопольская страда» атты патриоттық эпопеясы шықты, А. Толстой «Хмурое утро» бойынша жұмысын бастады, В. Шишиковтың «Емельян Пугачев» сияқты туындылары жазылды.

«Абай жолы» эпопеясының авторы А.Н. Толстойдың «бірінші Петрді» жазу үстінде өзі суреттеп отырған заманға байланысты тарихи деректерді мейлінше терең зерттеген бай тәжірибесін молынан пайдаланды. А.Н. Толстойдың романы түгелдей алғанда шынайы тарихи деректерге, тіпті кейде өте сирек кездесетін, бұрын беймәлім болып келген документтер негізінде жазылған ғой. «Мен мұның бәрінің үстіне, мейлінше дәл болуды және мемуарлық, архивтік материалды мүмкіндігінше толығырақ пайдалануды қалаймын», – деп жазды А.Н. Толстой» [79, 68].

М. Әуезовтің өзі де роман жайлы мынадай мәлімет береді: «... менің ұлы ақынды, ақын өмір сүрген дәуірдің тарихи шындығын көрсету мақсатындағы творчестволық ісімнің бірқатар сырын «Абай» романының маңында айтар пікірімнен де аңғаруға болады. ...Алдымен, мынаны ескерген жөн: «Абай», «Абай жолы» да – тарихи романдар. Бірақ жұртқа мәлім «Петр Бірінші», «Емельян Пугачев» немесе «Степан Разин» сияқты романдардан менің романдарымның өзіне тән кейбір өзгешеліктері бар» [79, 106]. Тынянов пен Әуезовтің тарихи деректерге қатынасы өте ұқсас болды. Дегенмен Тынянов тарихи құжаттардың түпнұсқасымен, замандастар мемуарларымен, олардың хаттарымен, мемлекеттік архивпен жұмыс істеді. Ал Әуезовтің қолында тек қана Абай шығармалары, тарихи таным, хатқа түспеген ауызша халықтың естеліктері ғана болған. Абайды білген, көзі тірі

74

санаулы ғана куәгерлер қалған. «1930 жылдан кейін Абай туралы роман жазбақ боп саналы түрде материал іздегенімде бірақ өкіндім: көп нәрсені аңдамай өткізіп алыппын», – деп жазады Әуезов [82, 110].

Алғашында, жазушы айтқандай, оның өзінде Абайды көр- кем-жинақтық, барынша ойдан шығарылған халық ақыны образының прототипі қылу, оған жаңа есім беру ойы ұшқын еткен. Мұның өзі Абай шығармашылығының сол кезде көптеген анық, даулы, тарихи дәйексіз қырларының болғандығынан тәрізді.

Әуезовтің көркемдік жаңашылдығы, өмір шындығын неғұрлым тереңдей зерттеуге деген ізденісі, тақырыпты ашудағы, кейіпкерлердің мінез-құлқын бейнелеудегі жазушы шеберлігі, әдістәсілдер, жазу тілі мен стиль ерекшеліктері, өзіндік баяндау сипаты сияқты бұл сауалдар үлкен қызығушылық тудыратын себебі, эпопеяның тақырыптық-идеялық мазмұнын сол эпопеяның көркемдік жүйесімен, өзіндік көркемдігімен бөлінбес бірлікте тереңінен ашуына мүмкіндік береді. Эпопеяны бұл бағытта зерттеуде жанрдың өзіндік ерекшеліктері, характер поэтикасы, сюжет пен композиция поэтикасы, тіл ерекшеліктері ғалымдардың назарын бірден аудартады. Өмір шындығы мен көркемдік шешімнің арақатынасы, жазушының әртүрлі дерек көздерін пайдаланудағы тәсілдері (мемуарлар, архив деректері, әдеби дереккөздері т.б.) тарихи романға тән тірек болып табылады. Эпопея поэтикасының бұл сауалдары өмір шындығын көрсетудегі жазушының көркемдік шеберлігін түсіну үшін өте маңызды. Әсіресе өмір шындығын бейнелеу, әлеуметтік қақтығыстарды түсіну және адамдардың мінез-құлқын ашу тереңдігімен жазушының шеберлігі айқындалады. Әсіресе шығарманың әрбір көрінісінде, әрбір қойылымында, кейіпкерлердің әрбір қимыл-әрекетін суреттеуінде байқалатын сюжетті-композициялық құрылымының, портретті суреттеудің, кейіпкерлердің психологиялық және сөйлеу сипатының шеберлігі бұл негізгі мәселемен тығыз байланыста. «Абайдың жеке басына, семьясына тән немесе бүкіл халық тағдырына қатысы бар көптеген оқиғалардың негізінде деректі шындық бар. Сөз жоқ, тарихи романшының правосы бойынша, менде ой, жоба, топшылау, елестету, өзімше қорыту дегендер болды, бірақ соның негізінде нағыз болған шындық жатыр»,

– дейді М. Әуезов [82, 111 ]. Реализм әдісі ретінде мүмкіншілігі

75

шексіз екендігі Әуезовтің көркемдік тәжірибесі арқылы дәлелденіп, қазақ әдебиетінің үздік шығармаларында анық көрініс тапты.

Аналогиясына көз жіберсек, Әуезовтің көркемдік әдісі О. Бальзак, Л. Толстой, М. Шолохов, ХХ ғасыр басындағы қазақ жазушыларынан Ж. Аймауытұлының дәстүріне жақын келеді. Рухани тәуелсіздік, шығармашылық еркіндік тума дарын ретінде оған бәрінен де жоғары тұрды. Бүкіл өмірінің мәніне айналған төрт томдық ұлы туындысын өзінің сол кездегі заманының шындығына емес, тарихтағы өткенге арнағандығы кездейсоқ жағдай болмаса керек. Жазушы өз заманынан әлдеқайда артта қалған дәуірге жүгіне отырып, кейінгі заманда да өз мәнін жоймаған әлеуметтік және адамгершілік мәселелерін қозғады. Абай дәуірін тереңдей зерттеу – Әуезовтің өз заманының шындығын, оның өзіндік ауыртпалықтары мен қайшылықтарын және керісінше заманының идеологиялық күресіне қатынасын және адамдардың бір-біріне қарым-қатынасын анық айыра білуіне септігін тигізді. Жазушының өз өмірінде басынан өткерген қиыншылықтары роман-эпопея бойынан көрініс тапқан. Мұндағы ең бастысы Абайдың шындық пен әділеттілікке деген мол сенімі Әуезовтің де өмірлік ұстанымына айналды.

Жазушы «Абай жолы» роман-эпопеясын кеңес өкіметі билеп тұрған қатал саясат тұсында жазғандықтан, сол уақыттағы саяси жағдайларға байланысты көп нәрселерді ашық айта алмады. «Абай» романының төлнұсқасымен қазіргі «Абай жолы» эпопеясында көптеген өзгешеліктер бар екенін профессор М. Мырзахметұлы «Патшалық Россияның ұлт аймақтарындағы саясаты» атты мақаласында үлкен мәселе тұрғысынан қозғады [83, 11].

«Абай жолы» роман-эпопеясы социалистік реализм әдісімен жазылғаны белгілі. Дегенмен де, саяси жағдайлардың мән жайын, Абай өмір сүрген заманның шындығын М. Әуезов өзінің туындыларында астарлап көркемдік шешіммен бедерлеп беретінін байқауға болады. Әсіресе қазақ сахарасындағы саяси жағдайдың ерекше көрінген тұсы – болыстық сайлауға тоқталып, болыстық жүйені «Абай жолы» роман-эпопеясында қатты әшкерелейді. Мәселен, «Абай аға» тарауындағы Шыңғыс елінің жуандарының алдағы сайлауға жасаған астыртын жоспарларына көз жіберсек: «Алда екі, үш айдан соң болатын сайлауға шейін бүкіл

76

Шыңғыс елін Құнанбайларға түгел қарсы әзірлейді. Партияның тартысына ат пен пұлды астыртын беріп, елу басы атаулының барлығын осындай құпия батамен, қатты сертпен тартады. Малды да, сырды да көпке жаймайды» [84, 34]. Құнанбай балаларына қарсы Шыңғыс елінің барлық жуандары Кеңгірбай моласының басына келіп, бейуақытта осылай құпия баталасады. Барлық пара мен пұлды болыс болудың жолына даярлап, сол үшін әлек болып жатқан атқамінерлерді жазушы осылай суреттейді.

Сайлау алдындағы әзірлікке келетін болсақ, жазушы бұл жағдайды да анық көрсетеді: «Әдет бойынша, болыс сайлауының алдында ұлықтың көзінше осы жылы ел басына түсетін алым-салық үлеске түседі. Ояз бен крестьян начальнигі бұл күні қастарына тек елу басыларды ғана алып, осы болыстың бар старшындарына түсетін патшалық алымы мен салығын бөлгізеді. Бір старшынның үй саны көп, біреуінің малы, басы молырақ, соның аңғарына қарай старшын басы дөңгелек түскен салықты біреуіне көп, біреуіне аздап аударыстырып, нақтылы үлес беріседі. Дәл осы салық бөлуге крестьян начальнигі мен елу басылар қатысады. Шыңғыстың он екі старшынында отыз елу басы бар»

[84, 35].

М. Әуезов болыс сайлауының қалай болатынын, онда кімдердің қатысып, кімдердің өткізетінін баяндайды. Сайлауды ояз бен крестьян начальнигі, урядник, стражниктері және тілмаш, болыстық песірлері өткізеді. Сайлауда шар салып, дауыс беретін елу басылар болады. Бұл жолы сайлауға түскелі отырған – Оспан. М. Әуезов бұл сайлауды бастан-аяқ дәл көзбен көргендей шынайы, шебер көрсетеді. Ұлықтар қимылын, оның қасындағы көмекшілерінің істерін, Шыңғыс болысының сайлаушыларының, елу басыларының әрекеттерін, сайлауға түскелі тұрған кандидаттың – барлығының қимыл-қозғалысын өте нанымды, ащы әжуамен суреттейді. Сол жердегі адамдардың бірін-бірі аңдып, көзбен атып, мұқатып, кекетіп, іштей жауласып тұрған, арпалысқан сезімдерін жазушы терең психологизммен кестелейді. Жазушы бұл көріністі оқушыға дәл осы оқиғаның ортасында тұрғандай етіп әсерлі, күлкілі ғып көрсетеді. Қазақ даласындағы болыс сайлауына адамдардың әбден үйреніп, төселіп алғанын, олардың мінездерінің де соған бейімделіп алғанын жазушы шебер өрнектейді. Мысалы: «Үй ішіндегі «салық» сөзі бітіп, елу

77

басылардың дағдылы жиыны аяқталған соң, қалың елге енді «сайлау», «болыс сайлауы», «би сайлауы» деген дақпырт естілді. Сайлауқұмар көп атқамінер пысықтар жиындарына бұл хабар «бәйгіден ат келді» дегендей оқшау, шапшаң, қызу боп тарады. Жаяу-жалпы топтанып, кейде шұбалып, әр тұсқа тарап жүрген жұрт ұлықтарға тігілген үлкен үйлердің алдына ілезде келісті. Урядник, стражниктер, атшабарлар жиынның әр тұсына тарап, жұртқа дыбыстап бұйрық берді. Қос бүктеп алған сары ала қамшыларын шапшаң сілтеп, жасқап жүріп, әуелде анталап келген жаяудың бәрін жайғастырып, кейін тықсырды. «Отыр, отыр!», «қозғалма!», «қатар отыр», «дабырлама!», «доғар сөзді, доғар!» деген шолақ-шолақ әмірлер сайлауға жиылған қалың елді ұлықтар үйінен серпілтіп, алқа-қотан отырғызды» [84, 36].

Бұл жерде жазушы сайлауқұмар, атқамінер пысықтардың атшабар жендеттердің мінездерін айқын көрсетеді. Болыс сайлауына асыққан, анталаған жуандар мен шаш ал десе бас алатын атшабарлардың әрекеттері жанды картинадай тізбектеліп өтіп жатады. Осындай арам пиғылды саясаттың құрбаны болып, болыстық, билік лауазымдарда қызмет атқарып отырған қазақ ел билеушілерінің аянышты халі, күлкілі кейпі Абай шығармаларында аяусыз, өткір сынға алынып, аса шеберлікпен көркем бейнеленеді. Ақын өлеңдерін оқып отырғанда, Абай заманында өмір сүрген болыс-билердің, бүкіл қазақ қоғамының барлық бі- тім-болмысы көз алдыңнан өтіп жатады. Надан әрі озбыр үстем тап, «ел қыдырып, ас ішіп», «арын сатқан», «бойы бұлғаңдар», «пәлеқор қу ант атқандар», «есіктен жылт-жылт» еткен сорлы кедейлер

– бәрі-бәріжандыкартинадайөткір, улытілменөрнектелген. ««Абай жолы» роман-эпопеясында өз творчествосында Абай

жинақтаған, өмірде болған фактілерді пайдалана отырып, М.О. Әуезов ақын образын жасауда оның творчествосының психологиясын неғұрлым мотивті де шын етіп беруге, оның поэзиясының өмірден алған көздерін табуға тырысты», – деп, Л.М. Әуезова «Абай жолы» роман-эпопеясындағы ақын поэзиясын пайдаланудағы жазушы шеберлігін көрсетеді. Сондай-ақ: «әлеуметтік қарсылық, мінеушілік, күрес, өлеңдерінің» тууы өмірден алынған материал бойынша көрсетілген», – деген пікірі эпопеяда келтірілген өлеңдердің өмірден алынған деректер екенін нақтылай түсуді қажет етеді [79, 217].

78

Болды да партия, Ел іші жарылды. Әуремін мен тыя. Ортаға кеп салдым, Өзімде барымды.

Япырау, нені алдым Сау қоймай арымды? [75, 165].

Абайдың «Күлембайға», «Мәз болады болысың», «Жылуы жоқ бойында», «Мұқыр болысы Дүтбайға арналған», «Болыс болдым, мінеки» сияқты өлеңдерінде отаршы өкіметтің құлақ кесті құлдарына тән көптеген жалпы сипаттар берілген, болысбилердің арасында жүріп жататын дау-шар, сатқындық, парақорлық, болыс сайлауы алдындағы қарсыластарына жабылған жала, шектен тыс жасалған озбырлық, жемқорлық, халыққа көрсеткен зорлық, болыс, байлар арасындағы бұлтарыстар, әсіресе сайлау қарсаңында патша чиновниктері алдындағы шексіз жағымпаздық өлтіре сыналған.

Мысалы, Абай «Күлембайға» деген өлеңінде пара мен тартыстың күшімен болыс болған адамның билік жүргізген алғашқы күнінен бастап жасаған заңсыздықтары, қиянат-қорлығы үшін орнынан алынып, сотқа берілу қаупі туғанға дейінгі қу- лық-сұмдық істерін түгел әшкерелейді.

Бұрынғыдай дәурен жоқ, Ұлық жолы тарайды. Өтірік берген қағаздың Алды-артына қарайды… Өзі залым закүншік Танып алды талайды, Көрмей тұрып құсамын.

Темір көзді сарайды [75, 65].

Сондай-ақ ақын Дүтбайға арналған өлеңінде өз мақсатын ғана ойлайтын болыстың залымдығы мен екіжүзділігін әбден әшкерелейді:

Бір көрмеге тәп-тәтті Қазаны мен қалбаңы Дөң айналмай ант атты

Бүксіп, бықсып ар жағы [75, 175].

79

Абайдың болыстарға берген, дәл тауып айтылған сипаттамасы, өмірде көргендерін өзінің мысқыл өлеңінде бейнелеуі «Абай жолы» эпопеясында ақынның нақты замандастары: Күнту, Тәкежан, Жиренше, Майбасар сияқты болыс-билердің образдарына да дәл келеді. Абайдың осы өлеңін М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясында сайлау қарсаңындағы болыстардың характерін көрсететін эпизод арқылы бейнелейді. Күнту, Жиренше, Оразбайлардың Құнанбай балаларына қарсы айтқан анттарында былай делінген: «Сырттай Құнанбай балаларымен бұрынғыдан да тату-тәтті жүреді. Оларға «атағаныңды аласың» деп, үнемі жы- лы-жылмаң жүріс көрсетеді. Дәл сайлаудың сағатында, шалқасынан салатын болады» [84, 34].

«1888 жыл. Абайдың ақындық өнер жолына барынша ширығып, уыттанып кiрiскен жылы. Ел iшiндегi ауырлықты, надандықты, пәлеқорлықтың бәрiн айтып тауыса алмастай ашу-ыза кернеп келедi де, осыған орай өлең де осы тұста көп шығады. «Көңілiм қалды достан да, дұшпаннан да» дегеннен Күнту болыс болған кездегi өзiнiң дос деп жүрген адамдарының жау болып шыққанын айтады» [85, 139].

Абай болыстардың халыққа қарсы сатқындығын, патша өкіметінің қарғылы төбеті болған бұлардың парақорлығын көптеген сықақ өлеңдерінде әжуалайды.

Мәз болады болысың Арқаға ұлық қаққанға, Шелтірейіп орысың

Шенді шекпен жапқанға [42, 76].

Абайдың осы өлең жолдары М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында суреттелген Қарамола төтенше съезіне келген гене- рал-губернатордың алдында құрдай жорғалап, қошеметші болған болыстардың анық жағымпаздық мінездеріне дәл келеді. «Мәз болады болысың» деген өлеңдi 90-жылы Семейге Барон Таубе деген генерал губернатор келiп, бiрсыпыра болыстарға, билерге шекпен, қылыш сыйлаған, сондағы шекпен алған болыстардың қуанғанына ыза болып жазған», – деген мәлімет береді Тұрағұл Абайұлы [86, 217].

Осы оқиға «Абай жолы» эпопеясында көркемдікпен өте әсерлі беріледі. Мысалы: «Ұлықтың пысы басады» деген осы

80

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]