Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

Толқынға ағып бара жатқан құла аттың судан шығуға ұмтылған, жанталасқан әрекетіне жазушы ыстық қайрат сөзін қолданады. Табиғаттың жансыз құбылысы ағынды суды жазушы суық қайрат иесі ретінде бейнелесе, ал табиғаттың жаратқан жылқы жануарының қимылына ыстық қайратты лайық көреді. Адам баласының серігі болған осынау жануардың бойына ыстық қайрат жиғызуы жазушы ойының ұтқырлығын танытады. Адам бойына қажет қайнаған күш-қуаттың ыстықжалынын жылқы бойынадарытады.

Бақтығұлға көрсеткен болыс байлардың арамдығы, істеген қорлық-зорлығы шектен асты. Бар пәлеге, жаманшылыққа Бақтығұлды құрбан қылды. Осының бәріне қаншалықты кектеніп, зығыры қайнап, қаны тасып келсе де, шамасы жетпейтінін біліп, қашудан басқа айла таба алмады. Осы жөнінде айтылған А. Нұрқатовтың пікіріне ден қойсақ: «Шығарманың басты кейіпкері Бақтығұлдың тағдырына талай-талай қайшылықтар тоғысқан. Елді билеп-төстеген жуандар мен қарапайым халық өкілдерінің мұрат-мүдделері бір арнаға сыймақ емес. Бөрі қашан да бөрілігін жасамақ. Сондықтан да төзімі біткен, ашуға мініп ашынған Бақтығұл тәрізді жарлы-жақыбайлар ақыры күрес жолына түспек, қару сілтемек» [8, 81].

Бақтығұл ақыры тау-тасты паналап, елсіз-жерсізде қашып жүргенде, атты жүргіншілердің келе жатқанын байқайды. Сол топтың ішінен жас тоқалын ұзатып алып келе жатқан Жарасбайды көріп, Бақтығұл алыстан дәлдеп атуды көздейді. Осы сәттегі Бақтығұлдың әрекеті былай бейнеленген: «Енді азғантай ғана уақыт қалды. Әлденеден денесі тоңазып, демі дірілдеп, қабағын түйіп түксиіп, Ожардың басына қарады. Суық түсті мұзы биік ақ бұлттай сәлдесін жазып, құлаш сілтеп нұсқағандай болды. Мұз тау мұның ішіне мұздай қайрат кіргізді. Асыққан қол, дайындап ұстап отырған қаруды сығымдап қысып қойды» [107, 229].

Жазушы оқырманды алдын ала табиғаттың суық түсін суреттеу арқылы болатын жайтқа іштей дайындайды. Табиғат құбылысын кейіпкердің ішкі көңіл-күйіне байланыстыра суреттейді. Алдыңғы мысалдарды сөз еткенде, Бақтығұлдың бойына жазушы тың қайрат, ыстық қайратты теңгерсе, ал енді ең шешуші кезеңге келгенде, оның ішіне мұздай қайратты кіргізеді. Демек, жазушының айтайын дегені Бақтығұлдың сенімінің жоғалып, үмітінің үзілгенін көрсетіп, ішіне мұздай ызғар енгізеді. Бақты-

141

ғұлдың қатты налып, Жарасбайға кектене қаруды көздеп отырғанын жазушы оқырманға нақты бедерлейді. Оның бойындағы «мұздай қайрат» сөзі арқылы автор көңілінің суығанын, ішкі сезімінің жібімес тоң мұз боп қатқанын түсіндірмек болған. Осынау көркемдік суреттеудің түп-төркіні Абайдың «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек» атты философиялық өлеңінде кездеседі. Мәселен:

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық, – Бұл қайраттан шығады, білсең керек [42, 146].

Бұл жерде Абай «қайратқа» шыдамды, төзімді, табанды тудыратын қасиет ретінде ерекше мән береді. Ақын толық адам болу үшін ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстауды айтады. Егер адам бойынан осы үш ерекшелік табиғи тұтастық тапса, мінсіз мінез сонда ғана қалыптаспақ дейді. Немесе:

Қаруыңның барында қайрат қылмай, Қаңғып өткен өмірдің бәрі де жел, –

дейді ақын. Абай күш-қаруыңның барында еңбек етпесең, өміріңнің бәрі қаңғып өткен желмен тең екенін айтады.

Абай танымындағы «қайрат» сөзі терең әрі көп мағынаны береді. Осы ойды М. Әуезов көркемдік шеберлікпен суреттеп береді. «Қараш-Қараш» повесінде жазушы «қайрат» сөзін жиі қайталап сабақтай түсіп, Бақтығұлдың ең негізгі қасиетін «қайратты ер», «намысты азамат», «табанды адам» ретіндедаралайды.

Сонымен қорыта келгенде, Абайдың азаматтық сарыны мен гуманистік идеясы М. Әуезовтің «Қилы заман» мен «Қараш-Қа- раш оқиғасы» повестерінде өрістей түседі. Абайдың халық жайын, ел жайын толғайтын өлеңдері сияқты жазушы аталмыш туындыларда туған елінің басындағы мұңын шағады, сол жолда жүрген ер-азаматтардың күрескерлік тұлғасын сомдайы. Абайдың асыл сөздері жазушы шығармасында өрнегін тауып, автордың идеялық мақсатымен жалғасып, тұтас бірлікке айналып кеткен деуге болады. Тартымды сюжетпен, шалқыған бай тілмен жазылған бұл туындылар жазушының кең құлашты эпопеяға

142

барар жолдағы шығармашылық ізденісін айқындайтын, көркемдік шеберлігін танытатын шоқтығы биік прозасы болып табылады.

1.6. Абайдың көркемдік-идеялық ұстанымдары М. Әуезов драматургиясында

Мұхтар – қазақ әдебиетінің Абайдан кейінгі Абайы. «Эпикалық роман «Абай», менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі», – деп баға береді Луи Арагон [122, 22].

М. Әуезов жайында, оның шығармашылығы туралы Луй Арагонның, Андре Стильдің, Александр Фадеевтің, Николай Тихоновтың, Алексей Сурковтың, Всеволод Ивановтың, Қаныш Сәтбаевтың, Ғабит Мүсіреповтің, Айбектің, Шыңғыс Айтматовтың т.б. шетел және Отандық мәдени қайраткерлердің айтқандары оның жазушылық дарынына, құнды мұрасына берген үлкен бағалары болатын. Мирза Ибрагимов Әуезовті Шығыс пен Европа мәдениетінің әрі-берісін жатқызып-өргізген, әсіресе өз халқының ауыз әдебиеті, тарихы мен мәдениетіне келгенде жатқан бір шетсіз-шексіз алып мұхитқа теңейді [123, 328]. Мехти Гусейн Әуезовті берген қазақ халқы адамзат баласының адал құрмет, шынайы ықыласына әбден лайық екенін айтады [124, 311]. Ал түркімен халқының жазушысы Берді Кербабаев: «Мұхтар Әуезовтің «майталман қаламынан туған өмір суреттері кербез сұлудың алма мойнындағы асыл тастың жарқылындай нұр сәуле шашады. Шешен де өміршең өрелі сөз, терең ой, суреткерлік арлылық пен адалдық оны дүниенің бар түкпіріндегі оқушыларының ыстық ықыласына бөледі», – дейді [125, 384].

Мұхтар Әуезов мұрасы – халық талантының жарқын көрінісі, нағыз ұлттық қазына. Әуезов мұрасы бай. Соның ішінде жазушының драматургия саласындағы еңбектерін ерекше атау қажет. Себебі жазушы қазақтың драматургиясының классикалық негізін салып, әдебиеттің бұл жанрының дамуына орасан зор қызмет етті. Драматургия саласында сара соқпақ салып, өзінен кейінгі драматургтерге үлкен әсер етіп әдеби дәстүр қалыптастырды. Қазақ драматургиясын зерттеген ғалым С. Ордалиев М. Әуезов жайлы: «Заманымыздың көрнекті жазушысы

143

Мұхтар Әуезов қазақтың реалистік драматургиясының негізін қалаған, ұлттық театр искусствосының қалыптасып дамуына ат салысқан, асқан талант иесі», – деп жоғары баға береді [126, 27]. Әуезовтің драматургиясын арнайы зерттеген белгілі ғалым Р. Нұрғали былай дейді: «М. Әуезов драматургия саласында көп еңбек еткен. Мұның бірнеше себептері бар. Халық әдебиетінде, фольклорда форма жағынан драматургияға жақын нұсқалар көп еді. XX ғасырға дейін қазақтың халық әдебиетінен нәр алды. Әрине, қазақтың көшпелі өмірі, қаланың болмауы драматургияның дамуына кедергі жасады [27, 191].

Тоғыз жасынан қалада өсіп, орыс театрларында болу, Еуропа драматургиясымен танысу М. Әуезовті реалистік драматургияға алып келді. Ол осы озық дәстүрді қазақ топырағында тұңғыш қолданды. Шекспир, Гоголь, Погодиндердің шығармаларын аудару Мұхтар үшін үйрену мектебі болды. М. Әуезов көп ұлтты театрда істеген. Осы тәжірибе оған сахна сырын жете үйретті. Әуезов қаламынан 30-дан астам драмалық шығармалар ту-

ды» [27, 191].

1916–1917 жылдардың арасында Мұхтар парасат тұрғысынан да марқайып, енді өнер мәдениеттің ұйтқысына айналды. Шығармашылық жолға батыл қадам жасайды. Ол өзінің өлмеске бет алған мәңгілік өнер табалдырығын 1917 жылы Ойқұдықтағы Абайдың жары Әйгерімнің үйінде аттады. Сол арқылы дана ақынның өсиет еткен арманын жалғастырды. ХVІІ ғасырда дәл осы Мұхтардың туып, өскен қыстауының қарсы бетіндегі Ералы жазығында ат құйрығына байланып, азаппен өлген қос ғашық Еңлік қыз бен Кебек ердің қасіретті тағдырын жырлауды Абай баласы Мағауия мен інісі Шәкәрімге аманат еткен. «Еңлік-Ке- бек», «Жолсыз жаза» атты дастан дүниеге келген. Енді, міне, Абайдың немересі Ақылияның ұзатылуы рәсімінде есіл ғашықтардың арманда кеткен бақытсыз тағдыры, зар-мұңы, жүрек аңсары қыр еліне тосын, бейтаныс өнер арқылы жетті.

Қаламгердің драмалық шығармаларының ішіндегі алғашқысы әрі шоқтығы биік тұрғаны – «Еңлік-Кебек». «ЕңлікКебек» трагедиясының алғашқы варианты 1917 жылы қағаз бетіне түсіп, сол жылы Абайдың әйелі Әйгерімнің аулында «сахнаға» тұңғыш рет қойылса, 1922 жылы Орынбор қаласында жеке кітап ретінде басылып шықты. Содан кейін драматург осы туындысы-

144

на қайта-қайта оралып, оны бес рет өңдеді де, соңғы нұсқасын 1957 жылы театрға қайта ұсынды. Егер алғашқы вариантында «Еңлік-Кебек» халық аузындағы аңызды сахнаға бейімдеу ғана болып, көбінесе онда этнографиялық жағы басымырақ соқса, кейбір көріністері мен жеке бейнелері көмескілеу шықса, енді кейінгі өңдеулерінде кемеліне келген реалистік және аса көркем туындыға айналады. Мұнда билер сахнасы күшейтілген.

Әуезовке Абайдың қаншалықты таныс жақын екендігін пайымдаған академик Р. Нұрғалидың пікіріне ден қойсақ: «Табиғатынан керемет дарынды жаратылған Мұхтар Әуезовтің ұлттық данышпанымыз Абаймен туыс, елдес, жерлес болуы – оның өмірлік тағдырына шешуші ықпал жасаған факторлардың бірі. Сахарада арыстан секілді шөгіп жатқан, әрбір сайы тарих шежіресін шертіп тұратын қазыналы, құтты Шыңғыстау – екі алыптың, Абай мен Мұхтардың ата мекені, тал бесігі. Мұхтар ұлы шешесі Дінәсіл әжесінің бауырында тәрбие алып, балалық шақтың көшпелі елдегі барлық қызығын көрумен қоса, ертегі-жыр- ды, аңыз-әңгімені зердесіне түгел құйып өседі» [127, 210]. Бұл жерде ғалым Абай мен Мұхтардың шығармашылық сабақтастығын, ең алдымен, туған жер тал бесіктен екенін ескертеді.

Мұхтар Әуезовтің қазақ драматургиясын биікке көтерген «Еңлік-Кебек», «Қарагөз», «Түнгі сарын», «Хан Кене» пьесаларын оқып отырғанда, Абайдың поэтикасының сарынын, поэзиясындағы ақын тілінің кейбір сөз оралымдарын кездестіруге болады. Мұхтар Әуезов шығармаларында Абай дәстүрі басты орын алғаны белгілі. «Әуезов Абайды тану арқылы өз халқының тыныс-тіршілігін терең білді, қам-қаракетін, қайғы-қасіреті мен шаттығын, аяулы арманы мен нұрлы үмітін, тарихи болмысы мен бүгінгі бітімін терең ұғынды. Әуезовті әлемдік биіктерге жетелеген де, бағыт сілтеген де – Ұлы Абай», – деп белгілі жазушы Әбіш Кекілбаев Әуезовтің шығармашылық әлемінде Абайдың басты орын алатынын қадап айтады [128, 11].

«Еңлік-Кебек» пьесасы Абыз толғауларынан басталады. Абыз – халық арманын, қасиетті идеяны арқалаушы жан.

Абыз. Кәрі көңіл о бір зәр. Күні еңкейіп, көлеңке басқан бейуақтай. Самал желі мұздай, көк майсаны сыздай етті. Ызғар сезген бойым бар. Панасыз ел баладай... [129, 8].

Драматург Абыздың монологін пәлсапалық терең ойлылыққа құрайды. Әр сөзінде дидактикалық сарын бар. Ол халықтың

145

қамын жеп, соның тілеуін тілейді. Абыз толғауындағы «күні еңкейіп, көлеңке басқан бейуақтай» деген тіркес Абайдың «Көлеңке басын ұзартып» өлеңінде бар сөздер. Мысалы:

Көлеңке басын ұзартып Алысты көзден жасырса. Күнді уақыт қызартып, Көкжиектен асырса.

Күңгірт көңлім сырласар Сұрғылт тартқан бейуаққа [42, 179].

Бұл өлең Абайдың өмірдің белесіне жетіп, соқтықпалы-соқ- пақсыз заманды басынан кешіп, «күңгірт көңіл» шырмауына оралған сәтін білдіреді. Ақын өзінің көңіл күйіндегі көңілсіз күңгірт сезімді табиғаттың кешқұрым бейуақтағы сәтіне орайластырып жырлайды. Айналадағы дүниенің суретін, сырын шарпыстырып, табыстыра жырлаған Абай өлеңіндегі сөздерді М. Әуезов Абыздың монологіне келістіріп береді. Абыз монологінен басталған пьеса бірден көңілсіз жайды сездіретіндей ойлы сөздермен оқырманды өзіне жетелейді. Ары қарай Абыз сөзіне назар қойсақ:

Абыз. Әлі береке десе кер кетіп, пәле десе жұлынған, тоқсан сусар тон берсең де, тоқсан қара нар берсең де бітпеймін деп басқа шауып, төске өрлеген Матай бауырыңмен бітім таптың ба, табыстың ба, түге? [129, 9].

Жазушы Абызды өткір шешен сөздермен сөйлетеді. Драматург Абыздың шешен сөйлеуіне Абайдың сөзін де қосып айттырады. Абайдың тұрақты тіркеске айналып кеткен «басқа шауып, төске өрлеген» деген сөзін Абыздың монологіне пайдаланады. М. Әуезов Матайдың мықтылығын білдіру үшін Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңіндегі «Өзім де басқа шауып, төске өрледім» деген сөзін дағдылы түрмен қолданады.

Абыз. Қай ер қандай қамқор қайрат етті? Қайтып тыным таптырды? Ұзаққа табыстың ба, жоқ алданыш аял ма? Еміреніп ел табысты ма? [129, 9].

«Абыз монологтарының лейтмотиві, өзекжарды тілі – ел, халық, соның арманы, соның тілегі, соның күйі, соның мұңы. Абыз елім, халқым, жұртым демей аяқ баспайды. Ел деген кө-

146

кейкесті қайырмасы домбыраның құлақ күйіндей боп жүрекке жылы тиіп, көкіректі шымыр еткізген әсер береді». [130, 48]. Абайдың халқының қамын ойлап, мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған сарынын М. Әуезов Абыздың шерлі үніне ұластырып береді. Пьесада халықтың атынан сөйлейтін, жұртының сөзін жақтайтын Абыз бейнесін драматург биік тұғырдан көрсетеді. Абыздың «қай ер қандай қамқор қайрат етті?» деген сөзін Абайдың өлеңінен де кездестіруге болады. Мысалы: «Қайраттысып, қамқорсып» деген тармақ Абайдың «Күлембайға» атты өлеңінде айтылады.

Абай поэзиясының өн бойында ұзақ желідей таратылып жататын ақынның жауһар сөздері ақыл, қайрат, жүрек сөздерін М. Әуезов «Еңлік-Кебек» пьесасында да жиі қайталайтыны аңғарылады.

Көбей. Матайдың алғашқы екпінін су сепкендей басқан да сол Кебектің бір өзінің қайраты ғой. [129, 10].

Бұл Абайдың «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей» деген өлеңіндегі:

Қаруыңның барында қайрат қылмай, Қаңғып өткен өмірдің бәрі де – жел [129, 224]

деген оймен сабақтас келсе, пьесада:

Би. Доданның улы тілін ауру денеме тағы да сұқтың ба кезін аңдып? Бауырлығыңды бұдан бұрын да сынамаған. Елжіреген жүректі көргем жоқ-ты.

Бидің диалогіндегі елжіреген жүрек сөзі Абайда үнемі айтылады. Соның ішінде, Абайдың «Қызарып, сұрланып» өлеңінде «Жүрегі елжіреп» деген тармақ көзге оқшау түседі.

Әуезов драматургиясындағы айрықша орны бар тағы бір елеулі туынды – әйгілі «Қарагөз» трагедиясы. Пьесада беймезгіл уақытта жолсыз өмір кешіп, ерте татқан қайғы-зардың уынан қаза тапқан өнерлі жастардың басынан өткен трагедиялық жағдайы баяндалып, асықтық пен ақындық құмарлығында елтіген уыз жастардың махаббаты сөз болған. Мұнда азаптан туған ақындық, қан-қайғыдан туған қаза жеке бастың ғана күй-шері- нен басталып барып, көп мұңдар, жылаулар күйіндегі азапты ұғынуға, халықтық қайғы-қамды ұғынуға беттеген шабытты шертеді. Кесірлі кер заманның қайғы-қасірет қазасынан туған ызалы шабытты, ақындықты бейнелейді.

147

«Қарагөз» трагедиясында автор өзі айтқандай ызадан, қай- ғы-қасіреттен туған ақындықты ғана суреттемейді, адамгершілік асыл қасиетті қоса жырлайды. Бұрынғы пьесаларында аяулы ару сүйгеніне қосыла алмай, мал бергеннің жетегіне кеткісі келмей қор болса, «Қарагөз» атты трагедияның басты геройы Қарагөз өз руының жігіті Сырым деген өнерлі де отты жасқа, жастайынан бірге өскен құрбысына ғашық болады, жұрттан сырын жасырып, ұятынан өртенеді, уланып елтіген кісідей мас болады. Бірақ Сырымға қосылуға салт көтермейді, өйткені екеуінің де руы – Өсер» [126, 39].

«... задында Әуезов өзінің өнер жолының алғашқы адымдарынан бастап қай жанрда жазбасын, көп қырлы талантының қай қырына көшпесін, ылғи ғана алға, өзінің бас кітабына – «Абай жолына» қарай ілгерілеп келе жатқан. Бұл ретте, «Қарагөздің» идеялық мазмұны өнер адамының (Сырым) тағдырына, оның өнер үшін өгей замандағы әділетсіздікпен арпалысына, бұл жолда тартқан азабына, кешкен қайғысына құрылуы тегін емес. Мұның өзін «Абай жолы» эпопеясының осы мағынадағы кең арнасына барып қосылар көп-көп жіңішке жылғалардың бірі деуге болар еді» [131, 250].

«Абай жолы» роман-эпопеясы өнер адамына арналған туынды болғандықтан, М. Әуезов Абайдың өнердегі биік эстетикалық тұғырын ашу үшін ақынның өз өлеңдеріне жүгінген. Ал «Қарагөз» трагедиясында өнер адамының басындағы хикаяны баяндау барысында, драматург кейіпкерлерінің диалогтарын өлең аралас сөздермен береді. Осы жөнінде С. Ордалиевтің пікірін негізге алсақ: «Қарагөз» трагедиясы сүйіскен жастар жайында үлкен ақындық шабытпен жазылған поэма десе де боларлық. Трагедияның тілі көркем, кейіпкерлері поэзия тілімен сөйлейді, сондықтан да кейде олардың диалогтерінің драмалығы аздау болып, әдемі сөздер тізбегіне айналып кетушілігі де кездеседі» [126, 43]. Пьесада оқиға өрбіген сайын тартыс шымырланып жалғасып отырады. Драматург кейіпкерлердің ішкі шытырман сезімдеріндегі арбасуын психологиялық терең шеберлікпен суреттейді.

Трагедияның бас кейіпкері Сырым өр, асқақ, ақынжанды жігіт болып бейнеленеді. Драматург пьесадағы Қарагөз бен Сы-

148

рымның кейбір диалогтарын өлеңмен құрап жазады. Жазушы кейіпкерлердің сөздерін шалқыма шешендікпен шебер құрастырады. Мысалы:

Сырым:

Сен менен кетсең, Антым болсын осы сөз: Жас тілегім, құшағым, Бірге кетсін сенімен! Сол тірідей өлгенім, Шала жанып сөнгенім. Сенсіз маған дүние тұл, Өрттен қалған денем құл, Өртеймін десең өзің біл!

Сенсіз қалған Қарауылдың жайлауы көр. Жарық айлы түн, жұлдызды жарық кеш неге керек сенен соң?! [129, 108].

М. Әуезов Сырымның сөзін Абай поэзиясына жүгіне отырып, ақын өлеңдеріндегі сөздік қордан алады. Абайдың «Кейде өсер көңіл құрғырың» атты өлеңіндегі кейбір тіркестерін жазушы оқиға мазмұнына сәйкес Сырымның сөзіне келтіреді. Мәселен:

Махаббатсыз – дүние бос, Қайуанға оны қосыңдар. Жүрегі жұмсақ білген құл Шын дос таппай тыншымас Пайда, мақтан бәрі – тұл, Доссыз ауыз тұшымас [42, 170].

Сырымның сөзін драматург Абайдың өлеңінің ұйқасына келтіріп құрайды. «Сенсіз маған дүние тұл», «Өрттен қалған денем құл» деген Сырымның ішкі сыры Абай өлеңіндегі ақынның кейбір сөздерін қайталайды. Сондай-ақ драматург пьесадағы кейіпкерлердің сөздерін Абай поэзиясының сарынымен ұштастырған сияқты. Осы Сырым сөзіндегі «Сөйлеймін десең өзің біл» деген тармақ Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі:

Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең өзің біл, [42, 137] –

149

деген жолдардан алынғаны байқалады. Байқап отырсақ, М. Әуезов Абайдың өлеңінің ұйқасына салып, кейіпкерлерінің диалогтеріне ақын поэзиясындағы сөздерді енгізеді. Сырымның сөзінің соңын жазушы «жарық айлы түн, жұлдызды жарық кеш» деген тіркеспен аяқтайды. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» атты өлеңіндегі ақын поэтикасына тән осы тіркес М. Әуезовтің әңгімелерінде, драмалық шығармаларында, «Абай жолы» романэпопеясында жиі-жиі әртүрлі сипатта қайталанады. М. Әуезов Абайдың осы сөз өрнегін әр туындысында әртүрлі ажармен құбылтып түрлентіп пайдаланады. Жазушыға Абайдың сөздері бала кезінен санасына әбден сіңісті болып кеткендіктен, қаламгер ойына оралған жаттанды сөздерді дағдылы түрде қолдана береді. Келесі Сырымның сөзіне көңіл бөлсек:

Сырым:

Қайғы басқан қаяулы, Жарасын ашсам, жақпайды – Ұрсады маған бай аулы, Шер жесе де шығарма, Болмаса жаза таяулы, Маған да қалған күн қараң: Аттысы атпен шапқанда

Жаяуы қуды жаяулы [129, 121].

Пьесаның осы жерінен Абайдың өлеңдеріне ұқсас тұстары аңғарылады. Абайдың:

Ем таба алмай, От жалындай.

Толды қайғы кеудеге, –

деген өлең жолдарының мазмұны Сырымның қайғысымен үндесіп жатқан сияқты. М. Әуезов Сырымның жақсылықтан күдер үзіп, қайғыдан басқа жол таппай сандалған, амалының таусылған сәтін білдіру үшін Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі осы ситуацияға сәйкес жолдардықолданады. Абайдың«Сегізаяқ» өлеңінде:

Жаяуы қапты, Аттысы шапты,

Қайрылып сөзді кім ұқсын [129, 141].

150

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]