Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

69

.pdf
Скачиваний:
3
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
5.44 Mб
Скачать

Ағылшын тілінен еніп, қазір кең қолданылып жатқан сөздер өте көп. Корей тілінің үлкен стандартты сөздігінің ( ) деректері бойынша 24019 кірме сөздердің 21492-сі ағылшын тіліне тиесілі. Осы деректерге сүйенетін болсақ, ағылшын тілі қытай тілінен кейін корей тіліне өте қатты ықпал етуде [3].

Қытай тілінен енген кірме сөздер.

Қытай – ежелгі және де бай өркениет мемлекеті. Корей мемлекетіне өте жақын орналасып, Аспан асты мемлекеті Корей халқының саяси, қоғами өміріне әсер етіп, тіпті мәдениет, ғалым, өнер және де тілдің дамуына әсер еткен. Корей жазбасы 20-шы ғасырдың ортасына дейін қытай иероглифтерін қолданып келе, қытай тілінен жүздеген, мыңдаған сөздер корей тіліне енген болатын.

Корей тілінде мүлдем неологизмдер болмаған, олар тек тілге кірген. Осылайша ханджа тілде көбей түсе берген. Мысалы, конг (ауа) + гун (әскер) деген екі иероглифтердің қосылуымен жаңа әскери-ауа күші деген сөз пайда болған. Ель (қатар) + чха (арба) = ельчха, яғни пойыз деген сөз шыққан.

Алғашында қытай иероглифтерінен мағынасы, дыбысталуы және де оның формасы тілге еніп, пайдаланылған, кейіннен тек мағынасы мен формасы ғана пайдаланылып, ал дыбысталуы интерферацияға ұшыраған, яғни, корей тілінің фонетикалық нормаларына сай өзгеріске ұшыраған. Алғашында әр иероглиф бір сөзді білдіріп, сөзге енгеннен кейін корей тілінің грамматикалық ережерелірене бағынған. Нәтижесінде уақыт келе иероглификалық лексика қатты «корейленіп», корей тілінің ана тіліндегі сөздеріндей қабылданған. Алайда 20-шы ғасырдың жаңартылған тарих кезеңіне дейін ауызша корей тілі мен жазбаша корей тілдерінде айырмашылықтар қатты байқалған. Ауызша корей тініде корей тілінің лексикасы қолданылса, жазбаша корей тілінде иероглифтер қолданылған.

Үндістаннан Қытай арқылы Когуре, Пэкче және де Силлаға буддизмнің енуімен буддизммен байланыстыжаңатерминологиялардаосымемлекеттердеиероглифтерменжазылып,енген,сондықтан олар корей тіліне де енген. Сонымен бірге көптеген сөздер шынында санскриттен шыққан, алайды Қытайдан енген болатын. XIII-XIV ғғ. Моңғол тілінен енген көптеген сөздер де Қытай арқылы корей тілінің лексикасына да енген. Моңғол тілінен енген сөздер шенеуніктерлің лауазымы, қару-жарақ түрлері, әскери ісіндегі тәсілдер, мал шаруашылығы, тамақтандыру, көшпелі өмір-салтымен байланысты сөздер болған.

Жаңа заманда да кірме сөздер негізінен қытай тілінен болған, олар әдебиет арқылы және де тікелей қарым-қатынастары арқылы корей тілінің лексикасына енген.

Жапон тілінен енген кірме сөздер 1910 жылы Жапония Кореяны анексиялаған, яғни, Чосонның генер-губернаторствосы ретінде

күштеп өздеріне қосқан. Ұзық 35 жыл бойы Корея колониялық тәртіпте болып, Жапонияның Екінші Дуниежүзілік соғыста жеңілумен, бостандық көрген. Жапонияның 1919 жылы болған бірінші марттық көтеріліскедейінбіріншіколониыялықбиліктітарихшылар«қылыштәртібі»депатаған.Жапондықтар полиция-жандаармдық күштерге сүйене отырып, корейлерді тез арада «жапондықтандыруға» тырысқан. Тәуелсіздігін жоғалқан Корей жерінде жапон тілі мемлекеттік тілге айналған. Корей тілі қоғами қолданыстан алынып тасталды. Мектептерде және де тағы да басқа білім беру мекемелерінде сабақ жапон тілінде болды, газеттер, журнаалдар, кітаптар және же іс-қағаздар бәрі жапон тілінде басып шығарылды. Тіпті қоғами жердеоде корей тілінде сөйлеуге тиым салынған. Нәтижесінде 1910шы жылдан 1945-ші жылдар аралығында корей тілі жапон тілінен қатты қысымға түскен.

Кореяның тәуелсіздігін алғаннан кейін корей зиялылары, әсіресе, ғалымдар және де лингвистер корей тілін жапон кірме сөздерінен тазалауға кірісті. Бұл жұмыстар Солтүстік және Оңтүстік Корей жерлерінде бірдей іске асырылды. Көпжылдық тырысулар нәтижесінде Екінші Дүниежүзілік соғысы кезеңініде корей тіліне енген күнделікті өмірде қолданылатын лексиканың көбісі қазіргі кезде жойылған. Мысалы, үй шаруасындағы әйелдер өз балалары мен жұбайыларына тамақты «бэнто» деп аталатын қорапшаларына салып беретін. Бұл кірме сөз көп жылдар бойы Кореяда қолданылып келді. Алқазірбұлсөздікорей«доширак»дегенсөзбеналмастырған.Немесетағыдабасқакірмесөздер:сара

– тәрелке, уваги – жамылғы, қазіргі кезде корей сөздерімен «чжэпси» және де «веттори» сөздерімен алмастырылған.

Алайда, көптеген өнеркәсіптік өндірістер, құрылыс, полиграфия және де тұрмыстық және сервизді қызмет көрсету салаларында көптеген терминдер жапон тілінен алынып, қолдануда. Сеулде және де көптеген Оңтүстік Корей қалаларында көптеген жапондық балық мейрамханалары бар. Осындай мейрамханалардың мәзірінде суши, удон, сушими, мисо немесе васаби сияқты тағамдар бар. Бұл тағамдар посткеңестік мемлекеттерде де таңсық емес деп те айтуға болады.

Музыкалды ән-сауық мекемелері караоке, ойын-сауық залдары – патинко, жапондық гангстерлер

– якудза, хайку және де хокку өлеңдері, ұшқыш-өлімші – камикадзе, император – микадо және де осы сияқты көптеген жапон сөздері, корей лингистердің пікірінше қазіргі заманғы корей леңксикасы

191

ретінде сөздіктерде белгілене алмайды. Егер де шеттілдер сөздігін жақсылап қарап шығатын болса, жапон тінілен енген оншақты ғана сөзді табу қиынға түседі.

Ағылшын тілінен енген кірме сөздер.

Қазіргі заманғы Сеул диалектісіне жататын корей тілінің кірме сөздерінің көбісін ағылшын тілі, оныңамерикандықнұсқасыкөпкездеседі.ОітүстікКорейменАҚШмемлекеттерініңөтетығызқарымқатынастары, американдық әскери күштерінің Оңтүстік Кореяда орналасуы, Кореяның мектептері мен университеттеріндегі ағылшын тілінің міндетті түрде оқытылуы, Америкада тұрып жатқан корей халқының милиондық диаспорасы, ағылшын тілініің халықаралық деңгейге дейін көтерілуі осының бәрі қазіргі заманғы корей тілінде ағылшын кірме сөздер көлемінің өсуіне әкеп соғады.

Жаопондық тәртіп кезінде енген ағылшын кірме сөздері Америкадан тікелей емес, Жапония арқылы жанама енген. Нәтижесінде «жүк көлігі» сөзі (truck), корей тілінде «тыраку», «коньки» сөзі (skate) – «сыкейто», ал «барабан»(drum)- «дораму» болыпқолданысқакірген. Қазіргі таңда корей тілін жапондық кірме сөздерден тазалау нәтижесінде келесі өзгерістерді байқауға болады: тхырэк - (жүк көлігі), сыкхеитхы - («коньки») және дырэм - («барабан»).

Ағылшынтілінененгенкірмесөздеркорейтілініңсеулдікнұсқасындаөтекөпкездестіругеболады, және де олар кең қолданысқа түсіп жатыр. Олар лексиканың әр саласында кездеседі: саясатта, экономикада, мәдениетте, ғылымда, көркем өнерінде және де күнделікті өмірде. Әсіресе кірме сөздер терминологияда көп. Олардың қаншалықты көп екенің байқау үшін өзіміз күнделікті өмірде қолданатын сөздерді ескетүсірсек болады. Мысалы, компьютер туралыжәнеде оған қатысты сөздерді еске алса, олар: монитор, ноутбук, сканер, принтер, тонер, и-мэйл және т.б. сөздер. Осы сөздердің барлығы корей тілінде басқаша дыбысталуы мен жазылуында кездеседі. Салыстыру үшін бірнеше мысалдар келтіріп кетсе болады:

1.Киім мен әшекей бұйымдары: (necktieнектхаигалстук), (сячхи-shirt-іш көйлек), (scat- сыкэтхы-белдемше), (stacking сытхакинг-шұлық), (blouse-быляузы-блузка), (two piece тхупхисыәйел костюмі), (handbag-хяндыбяг-сөмке), (belt-белтхы-белдік) және т.б.

2.Тағам мен асхана аспаптары: (ice cream-айсыкырим-балмұздақ), (cake-

кхейкы-торт), (spoon-сыпун-қасық), (knife-найпы-пышақ), және т.б.

3.Электроника және электротехника: (antenna-антхена-антенна), (television-

тхелебичжэн-телевизор), (computer- кхэмпхютхэ-копмпьютер), (chip-чхиб-чип), (soft ware-сопхытхывеэ-бағдарламалық жасақтама)

4.Автомобиль және де құрамдас бөлшектері: ( taxi-тхякси-такси), (tire-тхаиэ-

автошина), (battery-бятхэри-аккумулятор), (bumper-бэмпхэ-бампер), (brake- бырейкхы-тежегіш), (engine-енчжин-қозғалтқыш) және т.б.

5.Спорт: (strike-сытхыраикхы -страйк), (tennis-тхэнисы-теннис), (rocket-ракхет-ракетка), (net-нетхы-сетка), (marathon-маратхон-марафон) және т.б.

6.Әлеуметтік өмір: (news-нюсы-новости), (report-рипхотхы-доклад),

(symposium-симпхочжиэм-симпозиум), (briefing-бырипхинг-брифинг), (meeting-митхинг- іскерлік кездесу) және т.б.

Тілге кірме сөздер ғана емес, сонымен қатар аббревиатуралар да енеді. Мысалы, - ем есы - M.S. (Master of Science) ғылымдар магистрі, - ай ди кхады - I.D. card (Identity card) – жеке

куәлік; тхи есы аль - T.S.R. (Trance Siberian Railway) –Транссибир темір жолы. Осындай

сөздерді ағылшын тілін бес саусағындай білетін шетелдік азамат кореймен сөлесетін болса түсіне қоймайды. Алайда осындай қысқартылған сөздер ғана емес, сонымен қатар жеңіл сөздерді де түсіну қиынғатүседі.Ағылшынтілінестіп,білугеүйренгенқұлақ«уайпы»дегенсөздіестігендебұлағылшын тілінің “wife” –жұбайы деген сөзі екенің бірден түсіне қоймайды.

Кірме сөздер корей тілінееш кедергісіз белсенді еніп отыр. 2002 жылы «Гогук сосик»журналымен шығарылғаншетелтілдерініңенгенкірмесөздерсөздігісоңғыбесжылішіндеекіесегеүлкейген.Оның ішінде бес мыңнан астап кірме сөздер бар, олардың басым көпшілігін ағылшын тілінен енген сөздер құрайды.

4. Басқа тілдерден енген кірме сөздер Басқа тілден кірме сөздер корей тіліне көптеп ене бермеген. Олардың қатарына: неміс, француз,

испан және итальян тілдері жатады. Алайда олар тілдің лексикалық құрамында көп болмаса да адами іс-әрекет сфераларында айтарлықтай рольді құрайды. Итальян тілі, бәріміз білетіндей бүкіл әлемге опера өнерінің, классикалық музыканың, музыкалық аспаптардың термин сөздерін әкелген.

192

Сондықтан, корей тілінде келесі кірме сөздер бар: - cello, - opera, – aria [4]. Көптген мемлекеттерде, соның ішінде Кореяда да итальян тағамдары танымал. Мысалы, ,

, .

Және де тағы басқа батыс елдерінен келген кірме сөздерді атап көрсететін болсақ.

Француз тілі: балет- , манто(пальто)- , - , ателье- , шансон- , модель-, мадам –

Неміс тілі: семинар- , идеология- , Arbeit(жарты күндік жұмыс)- ,

энергия- , метр- , neurose (медбике)-

Соңғы кездегі Оңтүстік Корея мен Ресей арасындағы сауда-саттық қарым-қатынастарының тығыз болумен байланысты көптеген орыс сөздері корей тіліне енген болатын. Алайда Кеңес Одағы кезінде қолдналыған тройка, печка, большевик, водка, тундра, школа, совхоз, спутник сөздері бұрыннан тілге еніп, бәріне белгілі.Дипломаттық қарым-қатынастың пайда болуымен екі мемлекет арасында белсенді түрде диалогтар құрыла басталды. Осының бәрі кірме сөздердің пайда болуына әкелді. Орыс тіліне тэквандо, кимчхи, хангуг, кобуксон, ариранг, хангыль, Сеул, Намсан, Ханган, Ким Енг Сам және т.б. ал корей тіліне Горыби (Горбачев), Мосыкыба (Москва), матырешика (матрешка), пхирожики (пирожки), барение (варенье), былины (блины) және т.б. сөздері енген.

Осы кезде корей тілінде қазақ тідінен енген ұлттық мәдениетті білдіретін элементтердіб тарихи терминология,географиялықатауларжәнедеадаматтарықолданылабастады:юрта,добра,беспармак, хан, бай, жуз, адат, Астана, аль-Фараби және т.б. Осыдан бірнеше жыл бұрын корей тіліде Қазақстан атауы әр түрлі жазыдатын, ал қазір нық бекітілген бір жазумен жазылатын болды. Сонымен қатар Қазақстанның топонимдері өзен, көл, қала атаулары және антропонимиканың өзінің бекітілген дыбысталуы мен жазылуы корей тіліне енген.

Кей жағдайлардакірме сөздер өзініңбастапқымағыналарынжоғалтады. Кореяда арбайтхы(Arbeit) жалпы жұмыс істеу мағынасында емес, қосымша ақша табу деген мағынада қолданылады. Корей студентісабақтанкейінаударужұмыстарыменайналысатынытуралы,одаарбайтхыбарекенінайтады. Ал егер де сізге "хопхы"да ( Hof – аула) уақыт өткізейік десе, бұл аулада орналасқан кафе дегенді білдірмейді. Хопхыда сыра мен дәмтатым беретін барларды атайды. [5].

Кірме сөздерінің айырмашылығы Оңтүстік Корея көптеген кірме сөздерді ағылшын тілінен, ал Солтүстік Корея орыс тілінен

алынған. Сонымен қатар бір тілден кірген сөз екі тілде әр иүрлі жазылып, оқылуы мүмкін.

Оңтүстік

 

 

Солтүстік

 

 

Мағынас

Корей

Трансли

Происхождение

Корейск

Транслитерац

Происхождение

ы

 

терация

 

ий

ия

 

 

 

тхырэкх

ағыл. tractor

 

ттырактторы

орыс. трактор

трактор

 

о

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

сытхакх

ағыл(АҚШ). stock

 

сытхокхинъ

ағыл(Британия). stoc

шұлық

 

инъ

ing

 

 

king

 

 

Пхоллан

ағыл. Poland

 

Ппольсыкка

пол. Polska

Польша

 

ды

 

 

 

 

 

Сөздіктегі басқа айырмашылықтар

Оңтүстік

 

Солтүстік

 

Мағынасы

Корей

Транслитерациясы

Корей

Транслитерациясы

 

 

оксусу

 

канънэнъи

кукуруза

 

суре

 

тальгуджи

воловья повозка

 

кови

 

кхесани

гусь

 

манъчхи

 

мачхи

молот

 

санъчху

 

пуру

капуста

 

ви

 

у

на, над

және сөздері Оңтүстік Кореяның диалектілерінде де кездеседі. Кейбір Солтүстік Корей сөздерінің баламасы Оңтүстік Кореяда кездеспейді. (масыта, сындыру, бұзу) етістігі және де

оның пассив түріндегі формасы (сындырылған, бұзылған) сөздерінің Оңтүстік Корей тілінде баламасы жоқ.

193

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Немченко, В.Н. Введение в языкознание: Учебник для вузов/ Немченко В.Н. – М.: Дрова, 2008 г.

2.Расхождение в лексике Северной и Южной Кореи.

https://ru.wikipedia.org/wiki/Отличия_в_корейском_языке_между_Северной_Кореей_и_Южной_Кореей#Заимствованные_из _китайского_слова

3.Хаугенб Э. Процесс взаимствования/ Э. Хауген/ Новое в лингистике: Языковые контакты. Вып. 6М

4.https://m.blog.naver.com/ebnii/220923082910 - 1 D …

5.Герман Ким. Рассказы о родном языке. Популярное корееведение. Серия АКК, Алматы, ЗАО "Сенiм", 2003

6.Северо-корейский и южно-корейский словарь «guldongmu» ( ), 2016-2019 гг

Сәбік Е.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасының 1-курс магистранты Ғылыми жетекші:

аға оқытушы Боранкулова С.К.

«ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ РЕАЛИЙЛЕРДІ ЖАПОН ТІЛІНЕ

АУДАРУДЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ҚЫРЫ» («Ағаш бесіктен жер бесікке дейін» кітабын аудару негізінде)

Тіл – тек адамдар арасындағы байланыс құралы ғана емес, ұлттың мәдени болмысының көрінісі. Өйткені, қандай да бір тілдің тамыры сол тілде сөйлейтін ұлттың мәдениетінде жатыр. Осылардың ішінде сол халықтың өзіне ғана тән, сол халықтың өмір сүру салты, әдет-ғұрыптары және салтдәстүрімен тікелей байланысты ұғымдарды білдіретін сөздерді біз аударма теориясының ғылыми тілімен реалий сөздер деп атаймыз. Бұндай сөздер баламасыз лексика деп те аталады. Бархударов Л.С. реалийдібылайтүсіндіреді.Аудармашы аудармапроцесіндекезболатынеңүлкенқиыншылықтардың бірі, түпнұсқадағы белгілі бір ұғымға аударылатын тілдің тілдік қорынан сәйкес балама шықпауы. Бұл баламасыз ұғымды біз реалий сөз деп атаймыз деген [1,94].

Реалийұғымыкейінгікездепайдаболғанұғым.Бұлұғымдыдаралапалыпшығып,теорияжүзінде тереңдетіліп зерттелуіне С.Влахов және С.Флоринның қосқан үлесі зор. Олардың пікірінше реалийлер бір ұлттың өміріне ғана тән, ал енді біреуіне жат болып келетін ұғымдарды білдіретін сөздер мен сөйлемдерден тұрып, ұлттық бояу мен тарихи ерекшелікті тасымалдаушы рөлін атқарады. Реалийлердің басқа тілде сәйкес келетін баламасы шығуы қиын болғандықтан, бұндай сөздер ерекше аударма тәсілін қажет етеді. Зерттеушілердің пікірінше реалийлердің ұлттық бояуы қанық болуы себепті, бұл аудармашы үшін де үлкен сынақ болмақ [2,10-40].

Реалий сөздер баламасыз лексика деп аталғанымен, аударма теориясының стратегияларының көмегімен аударуға әбден мүмкіндік бар. Әйгілі зерттеуші Л.Венути аудармада қолданылатын доместикация және форенизация екі түрлі стратегияны ұсынған. Доместикация стратегиясының мақсаты аударылған тексті оқырманға барынша жаттық тілмен жеткізу болып табылады. Сол себепті бастапқы мәтіннің ұлттық бояуы барынша солғындап қалуы мүмкін. Ал форенизация стратегиясының мақсаты түпнұсқаның мәдени құндылығын аударылған тексте сақтап қалу болып табылады [3,144145]. Аудармашы өзінің қажетіне қарай лайықтысын таңдап қолданады. Ал Венути мәдениетке байланысты шығармаларды аударуда форенизация стратегиясын жақтайтынын айтқан. Өйткені аударма шығарманың әрпін емес рухын жеткізуі тиіс. Түпнұсқаның аудармада басқа ұлт, басқа мәдениеткебейімделіпкетуіаударманыңөзініңқоғамдыққызметінелайықболмай қалғанынкөрсетеді

[4,27].

Аударма мазмұнды не мағынаны дәл берудi қажет етедi. Бұл – ең бiрiншi кезекте аудармаға қойылатын тiлдiк талап. [5,215] Мағынаны ұғыну – оның адам санасында бейнеленуi немесе оның тиiстi ой тетiктерiндөп басып, қоздыруы. Сондықтан да, мағынаныңдұрыс бейнеленуi ой тетiктерiнiң, сезiм талшықтарының сезiмтал, нәзiктiгiнде. Екiншiден, мағына – бүтiн де тұтас бейзаттық дүние. Бейзаттық шамасы абстракция болуы керек.[6,161] Сондықтан да реалийлерді аударудың аудармашыға әкелетін ауыртпашылықтары аз емес. Өйткені әрбір реалий сөз аударылған тілдегі оқырмандарүшінжаңасөзболыпғанақалмастан,солреалйдіңмеңзейтінзатыменқамтығанмағынасы да жат ұғым болып саналады. Егер оқырман аударманы оқи отырып, сол зат пен сол түсінікті көз алдына елестете алатындай болса, онда бұл аударманың сәтті шыққанын аңғартады.

194

Реалий сөздерді әр ұлттың өзіне ғана тән сөздер қатарына жатқызғанымызбен, олар өз ішінен әр түрлі саламен байланысты болып келетіндіктен саны және мағынасы жағынан сан алуан. Сондықтан да реалий сөздерді зерттеу барысында оларды топқа жіктеп, яғни классификациялау арқылы зерттеу жұмысын алып бару, зерттеу процесіне неғұрлым ыңғайлы болып келеді. Реалий сөздердің классификациялану мәселесінде әр ғалым әр түрлі үлгі ұсынған. Солардың ішінде НедергардЛарсенның классификациясын негізгі алып қарастырар болсақ, ол реалий сөздер ұғымың орнына аудармада туындайтын экстралингвистикалық мəдениетке байланысты проблемалар деп қарастырған. Яғни мәдениетпен байланысты шығармаларды аударуда қиындықтар туғызатын бұндай баламасыз лексиканы ол үлкен жақтан төрт топқа бөліп қарастырған. Олар география, тарих, қоғам, және мәдениеттен тұрады. Бұлар өз ішінен тағы ұсақ топтарға бөлініп отырады. [7,210-211]

Кесте 1: Реалий сөздердің классификациялануы (Недергард-Ларсен:1993)

Географиялық

География

 

Таулар, өзендер

 

 

 

 

Метеорология

 

Ауа райы, климат

 

 

 

 

Биология

 

флора, фауна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәдени география

 

Өңірлер, қалалар, жолдар, көшелер,

 

Тарихи

Ғимараттар

 

Ескерткіштер, қамалдар

 

 

 

 

Оқиғалар

 

соғыстар, революциялар

 

 

 

 

Адамдар

 

Әйгілі тарихи тұлғалар

 

 

 

Қоғамдық

Өнеркәсіптік

деңгей

Сауда және өнеркәсіп, энергиямен қамдау

 

(экономика)

 

және т.б.

 

 

 

 

 

Әлеуметтік ұйым

 

Қорғаныс, сот жүйесі, полиция, түрмелер,

 

 

 

жергілікті және орталық билік органдары

 

 

Саясат

 

Мемлекеттік басқару, министрліктер,

 

 

 

 

сайлау жүйесі, саяси партиялар,

 

 

 

 

 

саясаткерлер, саяси ұйымдар

 

 

 

Әлеуметтік жағдайлар

 

Топтар,

субкультуралар,

өмір

сүру

 

 

 

жағдайлары, проблемалар

 

 

 

 

Өмір сүру салты, әдет-ғұрыптар

Тұрғын үй, көлік, тамақ, киім, күнделікті

 

 

 

қолдануға

арналған

бұйымдар,отбасылық

 

 

 

қатынастар

 

 

 

 

Мәдени

Дін

 

Шіркеулер, салт-жоралар, моральдар,

 

 

 

 

діни мерекелер, қасиетті адамдар

 

 

Білім беру

 

мектептер, колледждер,университеттер,білім

 

 

 

жолдары, емтихандар

 

 

 

 

БАҚ

 

Теледидар, радио, газеттер, журналдар

 

 

Мәдениет, бос уақытты өткізу

Мұражайлар, өнер туындылары, әдебиет,

 

тәсілдері

 

авторлар, театрлар, кинотеатрлар, актерлар,

 

 

 

музыканттар, пұттар,мейрамханалар,қонақүйлер,

 

 

 

түнгі клубтар, кафелер, спорт, спортшылар

 

Бұл кестеде барлық мазмұн қамтылғанымен, топтастыру жағынан кей жеріне өзгертулердің қажет екені де байқалады. Мысалы "қоғам" категориясына енген "өмір сүру салты мен әдетғұрыптарды"мәдениеткедежатқызуғаболатынкездербар.Ал"мәдениеттегі""білімберу"мен"БАҚ"- ты "қоғамға" кіргізсек те сәйкес келетін сияқты. Сол себепті Недергард-Ларсеннен кейін де талай зерттеушілер осы кесте негізінде өзгерістер енгізген өздерінің жеке үлгісін ұсынып отырған. Мысалы Влахов және Флорин реалий сөздері үлкен жақтан: Географиялық реалийлер; Этнографиялық реалийлер;Саясижәнеәлеуметтікреалийлердепбөлген.[2,51-55]Албіздіңбұлзерттеужұмысымызда негізгі болып этнографиялық реалйлерді аудару тәсілдері қарастырылады.

Влахов пен Флоринның теориясына негізделсек, этнографиялық реалий сөздер өз ішінен тағы да бір қанша топтарға жіктеледі. Олар: [2,52-55]

Өмір: Тамақ, сусындар;Киім-кешектер;Тұрғын үй, жиһаз, ыдыс-аяқ және басқа да бұйымдар;Транспорт;

Жұмыс: Жұмысшылар; Жұмыс құралдары; Жұмысты ұйымдастыру түслері.

Өнер және мәдениет: Музыка және би; Музыкалық аспаптар; Фольклор; Театр; Орындаушылар; Рәсімдер; Мерекелер және ойындар; Мифология;

Өлшем бірліктері және ақша;

195

РеалийлердіклассификациялаумәселесіндеВлаховпенФлоринныңтеориясынаұқсастұстарыкөп, алайда тіпті де толығырақ жасалған классификация ретінде Jurgita Mikutytė ұсынған

классификациялау түрін айта аламыз. Ол үлкен жақтан 6 топқа бөліп қарастырған. Олар: Географиялық реалийлер; Этнографиялық реалийлер; Қоғамдық-саяси реалийлер; ситуациялық реалийлер; Интертекстуальдық реалийлер және нақты заттарды білдіретін реалийлер болып келеді. [8]

Солардың ішінде Этнографиялық реалийлер өз ішінен тағы төмендегі топтарға бөлінеді:

Өмір сүру тәсіліне қарай: тамақ, сусындар, мемлекеттік мекемелер, киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар,тұру, жиһаз, ыдыс, көлік.

Жұмыс: Жұмысшылар; Жұмыс құралдары; Жұмысты ұйымдастыру түслері.

Өнер және мәдениет: музыка, билер, музыкалық аспаптар, театр, суретшілер, фольклор, мифология.

Рәсімдер.

Фестивальдар, ойындар.

Этникалық нысандар: этникалық лақаптар, тұрғылықты жердің атаулары.

Өлшем бірліктері және ақша;

Дін: Құдайлар, рәсімдер, ғимараттар; Реалий сөздерді аударуаудармашы үшін киын сынақтардың бірі. Біздің әлеміміз әртүрлі,

мәдениетіміз басқаша, сондықтан түпнұсқадағы реалийлерді келесі бір мәдениетке таныстырудың өзіндік қиыншылықтары аз емес. Аударма процесін барынша оңайластырып, сапалы аудармаға қол жеткізуүішін аудармашыәртүрлі аудармастратегиясын қолданады,салыстырады,солардың ішіненең лайықтысын таңдап алып қолданады. Бұл дегеніміз тек бір стратегияны барлық жерде қолдану деген сөз емес, қайта бір тексті бір қанша түрлі стратегияның көмегіне жүгіне отырып аударуды меңзейді.

Реалийлерді аудару тәсіліне келер болсақ, бұған арнайы аударма стратегиялары қолдану шарт. Аудармашы аудармаға оңтайлы стратегияны таңдап алмас бұрын алдымен мына мәселелерді қарастыруы қажет: аударылатын мәтіннің жанры, автордың сөз саптау ерекшелігі, автордың аударылған мәтіннің оқырмандарына жеткізбек болған ойы мен бермек болған білімі және түпнұсқаның дәуірлік сипатына сай қамтыған мәдени ерекшелігі.

Реалийлерді аударуда әр зерттеуші әртүрлі стратегияларды ұсынып келгенімен солардың ішінде Leppihalme ұсынған 7 түрлі стратегияны атап көрсете аламыз. [9]

1.Тікелейаудару:Тікелейаударустратегиясынпайдаланаотырыпаудармашытүпнұсқадағысөзді өзгеріссіз пайдаланады немесе оларды фонетикалық, графикалық немесе морфологиялық тұрғыдан алады. Сол тұрғыдан алғанда түп нұсқа сөзін қарыз сөз ретінде қабылдайды. Сондықтан бұл аударма тәсілі "қарыз алу" немесе "тікелей аудару" деп аталады. [7,224] Зерттеушілердің пікірі бойынша бұл әдіс тек сол сөз өз қалпында, еш өзгеріссіз тасымалданса ғана қолданылады. Тікелей аудару көбінде адам аттары және жер аттарын аударуда қолданылады. "Аударма барысында кездесетін кейбір шет тілінен енген сөздерді аудармашы бастапқы қалпында қалдырып отырған. Бұл ақынның кемшілігі емес, қайта өз туындысын тым қазақыландырып, аудармаға қазақтың шапанын кигізбей, Пушкин тілінде жеткізу деп білген жөн шығар" [4,23] демекші бұл стратегияның құндылығы да түпнұсқаның мәдени бояуын сақтап қалу да жатыр.

Тікелей аударма стратегиясының әдістері ретінде транскрипциялау әдісі және транслитерациялау әдісін айта аламыз. Транскрипциялау әдісі - түпнұсқа тіліндегі терминді аударма тілінің дыбысталу ерекшелігіне байланысты, айтылуына ыңғайлы етіп аудару тәсілі. Бұл әдіс көптеген неологизмдержі және терминдерді аударғанда кеңінен қолданылады. Көп санды халықаралық терминдер, жаңа сөздер тізімге осы әдіс арқылы енгізілген. Ал транслитерация әдісі дегеніміз - түпнұсқа тілінен аударма тіліне графикалық формасының берілуін айта аламыз. Жалпы терминология саласында көптеген елдер лингвистер мен аудармашылар арасында халықаралық терминдер үшін осы әдіс кеңіненқолданылады. Терминдердің ажырамас бөлігі - интернационалдық лексика ретінде қабылданады. Бұл әлемнің түрлі тілдерінде бір мағынада қолданылатын, бірақ фонетикалық, морфологиялық тұрғыдан сол терминді қабылдаған тіл нормасымен қағидаларына сәйкестендірілген сөздер. Ал реалий сөздерді аударуда кеңінен қолданылатын әдіс ретінде транскрипцияны айта аламыз. Мысалы қазақ тіліндегі "құрт",

"бауырсақ" деген сөздерді дыбысталуы арқылы транскрипциялау тәсілімен

деп аудауға боады.

2. Калькалау: Түпнұсқаның лексикалық бірліктер құрылымы бөлшектерін - морфема немесесөздердің (кейде тұрақты сөз тіркестерін) аударма тіліне лексикалық баламалармен ауыстыру жолымен өтетін аударма тәсілі.

196

Калькалаудың транскрипциядан айырмашылығы - әрқашан да оның аударма тіліне негізгі түрін ауыстыруда жай механикалық операция болмауында,көбіне кейбір трансформацияларға жүгінуге тура келеді. Біріншіден, бұл септік формаларын, сөз тіркестеріндегі сөздер санын, аффикстерді, сөздер тәртібін, сөздердің морфологиялық, немесе синтаксистік дәрежелерін өзгерткеніне қатысты. Транскрипциядан гөрі, көбіне калькалау ең тиімді аударманың тәсілі болып саналады, себебі транскрипциялау нәтижесінде ыңғайсыз қабылдайтын, қиындыққа ұшыраған аударма тіліне мағыналарынан айырылып қалған псевдосөздер ретіндегі бірліктер жасалынады. Егер де транскрипциядан қаша алмасақ, бұны негізінен калькалау формасымен тіркестіреді, олар есім атауларын аударуда жиі кездеседі. [10,48-49]Мысалықазақ тіліндегі "кіндік шеше" сөзің калькалау

тәсілімен деп аударуға болады.

3. Мәдени бейімдеу: Мәдени бейімдеу стратегиясы бойынша функционалды эквиваленттер жиі қолданылады. Яғни бұл жерде "таныс емес ұғымның орнын таныс ұғым басады." Мәдени бейімдеу стратегиясысубтитрлерді,балаларәдебиетіжәнеәзіл-оспақтардыаударудажиіқолданылады.Өйткені, көрермендер субтитрлерді жылдам түсінуі қажет. Ал балалар әдебиетіне келер болсақ балалардың текстітолықтайтүсінуінедоместикациялаудыталапетедіжәнеәзіл-оспақтаркүлкіліболуыүшінтаныс нәрселерді талап етеді. [11,142] Алайда бұл стратегиядан туындайтын мәселе сенімділік мәселесі яғни түпнұсқадағы мәдениеттің бейнесі бұрмалануы мүмкін. Мысалы қазақ тіліндегі "бесік" сөзін аударуда

жапон тілінде ұқсас мақсатта, яғни баланы тербеп ұйықтатау мақсатында қолдынылатын құрал

-ны қолдануға болады. Алайда бұл жерде түпнұсқадағы бесіктің бейнесі мүлдем сақталмай

қалады.

4. Жалқы есімнің орнына жалпы есімді қолдану: Бұл стратегия бойынша ақпараттар толықтай әрі анық болып жетпейді. Соның нәтижесінде кейбір текстердің көлемі жағынанкішірейіп қалуы мүмкін. Яғни бұл жерде аударуға қиын жалқы есімдердің орнына сол ұғымды қамтыған жалпы есімді қолданып аударады. Жалпы жағынан негізгі ой жеткенімен, нақты сөз аударылмағандықтан түпнұсқа мәдени бояуын жоғалтып алады. Мысалы қазақ тіліндегі "ит жейде" сөзін аударғанда "баланың киімі"

деген мағынада деп аударуға болады. Бірақ "ит жейде" сөзі өзіне тән мәдени

құндылығынан айырылып қалады.

5. Түсіндіру: Түсіндіру стратегиясы түсініксіз ұғымды айқындап түсіндіреді. Бұл стратегия бойынша ұзын әрі түсінікті сөз тіркестері қолданылады немесе текстің ішіндегі түсініксіз ұғымға соңындаарнаулытүсіндірмелерберіледі.Бұлстратегиянықолданудағымақсатмәдениқақтығыстарды азайтып, аударылған тексті оқырманға жақындату. [12,115] Бұл стратегияны қолданудың нәтижесінде егер текст тым ұзарып кетсе немесе оқырман үшін қажет емес артық жұмыс болып саналса, оқырманға нашар әсер қалдыруы мүмкін. Сонымен қатар, түпнұсқадағы реалий сөзге деген эмоционалды

ассоциацияны жоғалтып алуы мүмкін. Мысалы, қазақ тіліндегі "шілдехана" сөзін

яғни "жаңа туылған бала мен ананың құрметіне жасалған ойын-сауық" деп

түсіндіруге болады.

6. Қосу: Түсіндіру мен қосу арасындағы айырмашылық қатты анық емес. Аудармашы жазбалары, кіріспелер, глоссарийлер немесе түсініктемелер, мәтіннен тыс орналасқан басқа да түсіндірме толықтаулар осы топқа жатады. Алайда, кейбір баспаханалар мен редакторлар осы тәрізді толықтыруларды қатты ұната бермейді. Өйткені, түсіндірме сілтемелер көбінде академиялық жазбаларда оқырмандарға ұсынылатындықтан оқырмандардың әдеби аудармадан күтері басқа, яғни түсіндірмені көп қаламайды. [12,143] Бірақ көптеген зерттеушілер қосу стратегиясынан гөрі түсіндіру стратегиясын көбірек қолдайды. Мысалы, қазақтың бесікке салу дәстүрі бойынша "тыштыма жеу"

деген ұғым бар. деп, яғна "тыштымада таратылатын тәтті

тағамдар жеу" деп қосып аударуға болады.

7. Қалдырып кету: Бұл аударма мүлдем жасалынбауымен барабар. Қазіргі кездегі әдеби аудармашыларқалдырып кетуді аудармадағы ең соңғы шығаржол ретінде санайды. Алайда, бұл әдеби аударманың этикалық нормаларына қайшы келетін әрекет. [12,144] Қалдырып кету стратегиясын кейбір проблемалы реалий сөздерді аударудан бас тартқан кезде қолдануға болады, және кейде егжейтегжейлі аударма қажет емес жағдайда аз санды реалий сөздер ғана аударылмай қалады. Мысалы аударылыпжатқан материал аспаздық кітабыболмай анық мәліметтер қаттықажетболмағанжағдайда шетелдік тағамдардың аталуы оңайластырылып жазылуы мүмкін.

Реалий сөздер баламасызлексика ретінде аударубарысында көптегенқиыншылықтар туындаса да, жоғарыда атап өткен стратегиялардың көмегімен аударуға мүмкіндік бар. Бірақ біз өзіміздің көздеген мақсатымызға орай тек бізге керегін таңдап алып қолданамыз. Біздің қазақ мәдениетін аударудағы басты мақсат қазақ мәдениетінің ұлттық бояуын барынша сақтап жеткізу болғандықтан, аударма

197

барысында да форенизациялауға көп бейімделеміз. Сондықтан бізге тікелей аудару, калькалау және түсіндіру стратегияларының тигізер көмегі зор.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.БархударовЛ.С.Языкиперевод: Вопросыобщейи частнойтеории перевода. - Москва, Международные отношения,

1975. 240 с.

2.Влахов С., Флорин С. Непереводимое в переводе. - Москва, Международные отношения, 1980. 341с.

3.JeremyMunday. Introducing translation studies: Theories and applications. Taylor&Francise-Library, 2010. 253 p.

4.А.Б. Барсақбаева. Аударма негіздері: оқу әдістемелік құрал. - Қостанай : 2017. - 108 б.

5.С.Құлманов. Аударманың өзекті мәселелері. –Алматы: «Palitra-Press» - 2015, 296 б.

6.Біләлов Ш. Ұлттық ғылым тілін қалыптастырудың өзекті мәселелері. - Алматы: Санат, 1996. - 425 б.

7.Birgit Nedergaard Larsen (1993): Culture bound problems in subtitling, Perspectives: Studies inTranslatology, 1:2, 207-

240

8.Mikutyte, J. 2005. Realiju Rušys Ir Vertimo Budai. Lietuvos literaturos vert_ju sajunga.Retrieved May 7, 2011 from the World Wide Web: http://www.llvs.lt/?recensions=29

9.Leppihalme, Ritva 2001. Translation strategies for realia, in Pirjo Kukkonenand Ritva Hartama-Heinonen (eds.), Mission,

vision, strategies and values acelebration of translator training and translation studies in Kouvola,Helsinki: Helsinki University Press, 139-148.

10.АхметоваА.Б.Аударматеориясыментәжірибесініңнегіздері (қазақжәнеорыстілдеріндегі) дәріскурсыныңоқуәдістемелікқұралы.– Павлодар: ПМПИ, 2014. – 90 б.

11.Leppihalme, Ritva 2001. Translation strategies for realia, in Pirjo Kukkonenand Ritva Hartama-Heinonen (eds.), Mission, vision, strategies and values acelebration of translator training and translation studies in Kouvola,Helsinki: Helsinki University Press, 139-148.

12.Leppihalme, Ritva 1994. Culture Bumps on the translation of allusions.Helsinki: Helsinki University Press.

Сермухаметова Б.Б.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті 1 курс докторанты Ғылыми жетекшісі:

филол.ғ.д., профессор Сафронова Л.В.

ҚАЗІРГІ КОРЕЙ ПРОЗАСЫНЫҢ ДАМУЫ

Түйін.Мақаладақазіргікорейпрозасыныңдамуыжан-жақтысараланып,1908жылданбүгінгікезге дейінгіжағдайыбірнешекезеңдергебөлінеотырыпқарастырылады.Оныңдамуыныңжаңадәуірітүрлі әдеби ағымдар мен құрал-тәсілдердің пайда болуы, авторлардың өз шығармаларында адамның өмірлік мақсаты туралы ой-толғаулар келтіріп, өздерінің дүниетанымы мен көзқарастары арқылы түрлі жағдаяттарға тап болған адамдардың жан-дүниесі мен қайғы-қасіреттері туралы айтылады.

Кілт сөздер:қазіргі корей прозасы, прозалық шығармалар, жандану кезеңі, корей ағартушылық әдебиеті, әдебиеттегі тоқырау, патриоттық тақырыптар, реалистік-сыни көзқарас.

Қазіргі корей прозасының дамуының жаңа дәуірі түрлі әдеби ағымдар мен құрал-тәсілдердің пайда болуымен ерекшеленеді. Осы кезеңдегі шығармалардың мазмұны тереңдей түсіп, авторлар өз шығармаларында адамның өмірлік мақсаты туралыой-толғаулар келтіріп, өздерінің дүниетанымы мен көзқарастары арқылы түрлі жағдаяттарға тап болған адамдардың жан-дүниесі мен қайғы-қасіреттерін шебер көрсетуге ұмтылады.

Көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша корей әдебиетінің жаңа кезеңі қалыптасып, 1910-1920 жылдар аралығында бұл құбылыс айқын көрініс таба бастайды.

Қазіргі замандағы корей прозасын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:

-жандану кезеңі – 1908-1919 жылдар;

-қалыптасу кезеңі – 1930-1945 жылдар;

-күрт өзгеріс кезеңі – 1945-1950 жылдар;

-даму кезеңі – 1950 жылдар соғысынан кейінгі кезең;

-жаңару кезеңі – 1960 жылдардан қазіргі уақытқа дейін.

Жандану кезеңінде Корея тарихында мемлекет билігін басып алу және елдің тұтастай отарлану тұсындағы ауыр жағдайларға қарамастан корей прозасы дами түсіп, халықтың сана-сезімі ояна бастайды.КорейәдебиетінеБатысЕуропамәдениетініңәсерікөпболып,прозасаласындажаңакөркем тәсілдер мен құралдар, жаңа ұғымдар пайда болады.

198

Осы кезеңдерде Че Нам Сон, И Кванг Су, Ким Ок сынды ақын жазушылардың шығармалары мазмұны жағынан ұлттық сипатта болып, олар корей әдебиетінде бұрынғы қабылданған әдеби нормалардан батыл түрде бас тартады [1].

Прозалық өлеңдерде алғаш рет жаңа сиджо стиліне жақын ‘синче-си’ формасын Че Нам Сон, Ан Чханг Хо «Теңізден шыққан жас», «Таза су», «Бізге қымбат адам», «Жаңа корей жігіті», «Теңіз жағасында» атты туындыларды жарыққа шығарды.

«Еркін» немесе «прозалық» деп аталатын жаңа формадағы өлеңдердің пайда болуы өз кезегінде корей әдебиетіндегі ерекше құбылыс болады. Осы күнге дейін өлең шығаруда тек дәстүрлі сиджо ырғағы ғана танылып келген. еді. Тіпті ұзақ сиджоның (сааольсиджо) пайда болуының өзі түрлі таластар тудырған болатын.

ХХ ғасырдың 1910 жылдары корей әдебиетінің тарихында прозалық шығармалар, әсіресе роман жанрықарыштапдамибастайды.ИКвангСудың«Жасқұрбан»және«Құрбанболу», «Баланыңмұңы», «Дүние кезу», «Юн Кванг Хо» атты романдары жарыққа шығып, «Сезімсіз» романы қазіргі роман жанрында жазылған ең үздік туынды болып табылды.

И Кванг Судың «Жас құрбан» атты ертеректе жазылған шығармасында соғыс жылдары әкесі қайтыс болған бала әкесі үшін кек алмақшы болып соғысқа аттанады, бірақ майдан жолдарының қиылысында жау солдаттарының қолына тұтқынға түседі.

Ал «Баланың мұңы» романында жас жігіттің тағдыры, оның алғашқы махаббаты мен сүйіктісінен айрылған сәттегі қайғы-қасіреті туралы айтылады. Шығарманың негізгі идеясы адамдар арасында күрделі, тіпті қатаң заңдылықтар ұсынатын конфуцийшіл ойларға қарсылық көрсету мен корей қоғамына өзгерістер енгізу болып табылады. 1917-1918 жылдар аралығындаИ Кванг Судың «Пионер» атты кезекті шығармасы жарық көреді. Әңгіменің бас кейіпкері – қиын тағдырға душар болған ғалым химикКимСонгЧжефеодализмніңқалдықтарынжойып,ерменәйеларасындағықатынастармахаббат пен сыйластыққа негізделуі, жастар өздерінің қоғамдағы орны мен өмірлік мақсаттарын нақты білуі керек екендігін топшылайды.

И Кванг Судың «Сезімсіз» атты романында 1917 жылдары корей әдебиетінде ерекше құбылыс болып, прозалық жанрға төңкеріс жасаған. Бас кейіпкер И Хёнг Сик Жапонияда білім алып, Кенгсонг мектебінде ағылшын тілінен сабақ береді. Романның сюжеті И Хёнг Сик, биші – кисэн Пак Ёнг Че мен жақсы білімді, ауқатты ағартушының қызы Ким Сон Хёнг есімді үш адамның қарым-қатынасы негізінде құрылған үшжақты махаббатқа арналған.

Бұл шығармада кейіпкерлердің қалыптасуы анық көрінеді: олар тек өздерінің жеке сезімдерін, армандарын ойлайды, бірақ уақыт өте келе өмір адамға жеке бақыты үшін ғана емес, сондай-ақ халық игілігіне бағытталған әрекеттер жасау үшін де арналғандығын түсінеді. Шығармада сол дәуірде қоғамда орын алған өзекті мәселелер көтеріліп, қарапайым халықтың өмірі суреттеледі. Бұл роман корей ағартушылық әдебиетінің жарқын үлгісі болып табылады.

Әлемдегі экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, жапон имперализмінің жүргізген өктемдігі корей халқының қоғамдық сана-сезімін оятып, елінің болашағы туралы толғандырады. Батыста пайда болған романтизм, реализм, натурализм, символизмкорей әдебиетіне айтарлықтай әсер етті. Осы кезеңдерде корей әдебиетінде сентиментальды романтизм мен сондай-ақ реализмнің белгілері пайда болып, бірте-бірте күшейе түседі. Оны И Гван Су мен Че Нам Сон сынды жазушыларың тілдің тазалығы мен корей әдебиетінің көркем құндылығы үшін күрескендерінен байқауға болады[2].

Корей прозасында 20-шы жылдардың соңына қарай реалистік тенденциялар басым болып, жазушылар сол кездегі халықтың шынайы өмірін суреттеуге тырысып, реализм прозада да бірте-бірте маңызды орынға иеболып, қоғамдағыжеке тұлға мәселесіанағұрлымөзектібола бастайды. Қоғам мен жеке тұлға мәселесін анық әрі дәл ашып көрсететін бірнеше шығармалар пайда болады. Әдеби шығармаларды жеке тұлға мен мемлекет төңірегіндегі мәселелерге байланысты әлеуметтік зерттеулер ретінде қарастыруға болады.

Жазушыларкедейліктіңсебептері мен одан құтылужолдарыніздестіре түсіп,солкездегіәдебиетте өзекті мәселеге айналады.Әдебиет ортақ бағытқа ие болып, әлеуметтік мәселелерді шешуге ұмтылады да, жұмысшылар, ұсақ саудагерлер мен еңбекшілер секілді кейіпкерлер пайда болады. Әдебиет үйсізкүйсіз, аш-жалаңаш жүрген адамдардың жүрегінде үміт оятып, қоғамдық мәселелерді шешуде маңызды құралға айналады. Че Со Хе, Чжо Менг Хи, И Ги сынды жазушылардың шығармаларында әлеуметтік қайшылықтар да көрініс табады.

Қалыптасу кезеңінде30-шы жылдардың басына қарай отарлық тәртіп әлсіреп, қазіргі заманғы корей әдебиеті қалыптаса бастап, әдеби белсенділік орын алады. Бірақ 1945 жылдың соңында жапондар тарапынан қайта қуғын-сүргіндер басталып, әдебиет тоқырауға ұшырайды да қоғамдық орындарда корей тілін пайдалануға, корей тілінде жазуға тыйым салынады.

199

Осы кезеңде жарық көрген прозалық шығармаларда жаңа мәнге ие болып, дами түседі. Қоғамдық өмірде түрлі өзгерістер пайда болып, елдің әдеби және мәдени өмірінде даму тенденциялары байқалады. Корей идеологиялық әдебиетінде алғаш рет таптық алшақтықтар көрсетіліп, кедейлер мен байлардың өмірі суреттелген социалистік көзқарастағы әдебиет пайда бола бастады.

ЕлдегісаясижағдайларғаүлкенкөңілбөлебастағанпрозалықшығармалардыңавторларыИГиЕнг, Хан Соль Я, Ким Нам Чхон, И Бук Менг, Хонг Менг Хи сынды жазушылардың шығармашылығы осы кезеңде үлкен жетістікке ие болады [1].

Осы кезеңде корей әдебиетінде төмендегідей тарихи романдар көптеп жарық көре бастайды:

-И Кван Судың «Әзәзілдің мұрагері», «Тан Чжонның мұңды оқиғасы», «И Сун», «И Чха Донның өлімі», «Сечжон патша»;

-Хон Менг Хифтің «Им Кок Чжонг»;

-Ким Донг Иннің «Жастар», «Унхен сарайындағы көктем»;

-Пак Чжонг Хванның «Қанға боялған Кым Сан», «Тэчхунбу», «Өткен кеш», «Мейірімді Будда»;

-Юн Пэк Намның «Қара шляпа», «Шақыру»;

-Хен Чжиннің «Сон Хва ханшайым» атты туындылары [3].

Хон Менг Хифтің «Им Кок Чжонг» атты шығармасында Чосон мемлекеті кезінен Мен Чонг патшаның тұсына дейінге кезең қарастырылып, ақсүйектер мен қарапайым адамдардың, барлық қоғамдық таптардың өмірі шынайы суреттеледі.

Ем Санг Собтың шығармаларында ұрпақтар арасындағы, әке мен бала арасындағы қақтығыстар сипатталады. Оның «Үшінші ұрпақ» атты романын отаршылдық жағдайда өмір сүріп жатқан бір әулеттіңүшұрпағы,атасы,әкесіменнемересіарасындағықарым-қатынастарсуреттеледі.Осыкезеңде әйел жазушылардың саны да арта түседі. Олар көп жағдайда кедейшілік мәселелері мен елде орын алған қиыншылықтардың себептері туралы жазады. Әйел жазушылардың арасынан Пак Хва Сонгтың «Чусок мейрамы қарсаңындағы түн», «Қуаңшылық», «Отансыз қалған адамдар», Кан Геннің «Ана мен қыз», «Шляпа», «Қараңғылық», «Жер астындағы ауыл», «Адамзат мәселелері» атты шығармаларын ерекше атап өтуге болады.

1941 жылы Тынық мұхиты аймағындағы болған соғыс көптеген жазушыларды түрмеге жабуға мәжбүр етті, көбісі қайтыс болып, ал аман қалғандары жапон саясатын қолдауға мәжбүр болады. Осы кезде Хван Сун Вон, Че Менг Ик, Ан Су Гилы, Чжонг Би Сок сынды жазушылардың шығармалары халық арасында оқ бағасын алып кең тарайды [1].

Күрт өзгеріс кезеңінде, демек 1945 жылдан бастап Корей әдебиеті мен тарихында жаңа кезең орын алады: жарты арал екіге бөлініп, оңтүстікте Америка әскерлері, ал солтүстікте Кеңес әскерлері үстемдік етеді.

Әдеби қозғалыстың сол және оң қанаттары арасында әдебиет пен өнер мәселесіне байланысты идеологиялық күрес басталып, жазушылар елдің екіге бөліну себептерін іздеп, өз қателіктері үшін жауапкершілік алулары тиіс зиялы қауым өкілдерін айыптайды.

Осы кезеңдегі шығармалардың бірі Че пак Но Гаптың «Қырық жыл» атты романында отарлау дәуіріндегі елдің жағдайы суреттеледі. Алдағы кезде интеллигенция өкілдері мен олардың елге қайта оралу мәселелері туралы жазылған романдар жарық көре бастайды. Чжен Би Соктың «Отанға оралу», Ом Хын Собтың «Репартация күнделігі» мен Хо Чжунның «Әлсіз жалын» атты шығармалары осының айғағы іспеттес.

Пак Чонг Хваның «Халық» атты романында алғаш рет азат ету жылдарына дейінгі және кейінгі Кореяның өмірі көрініс табады, ал Ким Тонг Ли өзінің «Жол іздеу» және «Ай» атты шығармаларында уақыт өткеніне қарамастан әрқашан танымал болып қалатын жақсы әдебиеттің қажет екенінсуреттесе, жазушы Ем Санг Собтың «Өлім» атты романында отбасы мүшелерінің ауыр жағдайы мен қайғықасіреті ашық баяндалады.

Хванг Сун Вонның «У әзірлейтінқарт»атты романында ужасап, сатуарқылы әйелі менжеті жасар баласын асырайтын адамның қайғылы тағдыры суреттеледі. Бір күні қарттың әйелі кенеттен жоғалып кетеді, оны қанша іздесе де таба алмаған Сонг-енггам өмірге деген құлшынысын жоғалтады. Сөйтіп жеті жасар баласының тағдырын ойлаған қарт денсаулығы нашарлап, әлсірей бастағанда оны басқа отбасына беріп, соңында өз-өзіне қол жұмсайды. Романда әйелі мен қоғамнан оқшауланған қарапайым адамның амалсыздан тығырыққа тірелген тағдыры шығармада осылайша көрініс табады.

Даму кезеңі.Қазіргі заманғы корей әдебиеті тарихында 50 жылдары күрт өзгерістер орын алады. Корей халқы жүргізген үш жылдық соғыс шығармалардың мазмұны мен құрылымына айтарлықтай өзгерістер әкеледі. Соғыстан кейінгі қоғам, елді қалпына келтіру, жақынын жоғалтып жаны ауырған адам тағдыры бейнеленген шығармалар жарыққа шыға бастайды, адамгершілік құндылықтарды насихаттап, патриоттық тақырыптар дами түседі.

200

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]