Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

69

.pdf
Скачиваний:
3
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
5.44 Mб
Скачать

Баяндамада кейінгі зерттеулерде ауқымды түрде қарастырылып тарқатылатын мәселелерге кіріспе ретінде бірнеше жайттар туралы сөз қозғалатын болады. Демек, бұл баяндама ғылыми мәселені айқындауға қатысты. Атап айтқанда: монолингвистик және билингвиствистік қоғамда кірме сөздерге қатысты қоғам көзқарасының айырмашылықтары қандай? Осы орайда «аралдық» және «материктік» реципиенттер ұғымдарын енгізу ұтымды болады деп ойлаймыз.Соларға сүйене отырып болашақта ұсынылып отырған қызықты әрі болашағы бар тақырыпты одан әрі тереңдете зерттеу мүмкіншілігі болады деп үміттенеміз.

Заманауи жапон тіліндегі кірме сөздер (қытай тілінен алынған сөздерді есептемегенде) шамамен 10% құрайды. Ғасырлар бойы жапон тілінде өзінің грамматика және фонетика ерекшеліктеріне сәйкес шетел сөздерді бейімдеуге мүмкіндік беретін лингвистикалық стандарттары мен принциптері қалыптасқан. «Жапондандыру» нәтижесінде көптеген сөздердің өзгеруі соншама, оларды бір көргеннен тани алмауы таңқаларлық жәйт емес. Жапондықтар ағылшын тілінде сөйлейтіндерге : «Егер біз сияқты сөйлескіңіз келсе, жапон тілін білу жеткіліксіз. Ағылшын тілін де қайта үйрену керек», - дейді.ii

Жапон тілінің кірме сөздерді бейімдеуінің негізгі тәжірибесі - олар жапон тілінің сөздік қорын байыта отыра, сонымен қоса жапон тілінің фонетикалық және орфографиялық заңдарын бұзбайды. Жапон тілі мен кірме сөздерді өзенге құйып жатқан және алдағы уақытта оның ажырамас бөлігіне айналатынбұлақтар ретінде елестетуге болады. Зерттеушілер осындай тәсілмен басқа тілдермен өзара әрекеттесетін жолдарды бейімдеу (адаптация) ғана емес, оны ағылшын сөздігін сіңіру процессі (абсорбция) деп атайды. Жапондықтарға тән осындай қасиетті зерттеушілер ерекше «даналық» «...

жапондықтардың даналығының» мәні: олар жаңадан бір құбылысты ашпайды. Тек белгілі бір мәдени элементтерді алдыменен Корея, содан кейін Қытайдан, Еуропа мен АҚШ-тан бейімдеудп алады. Нәтижесіндекірме элементтерсөздікқорға сіңіперкінөмірсүребастайды,көбінесетүпнұсқаларымен салыстырғанда танымастай күйге ұшырайды... Бұл тілге де қатысты».iii Сонымен қатар, зерттеушілер тұтынушы және жоғарғы сатыда дамыған технология салаларынан басқа Америкадан енген сөздердің саны көп емес екенін атап өтеді.

Жапон тілінде кірме сөздердің өз атауы бар. Оларды «гайрайго» деп атайды. Сонымен қатар олар катаканамен жазылады, демек, олар жазу үстінде қосымша белгіленіп тұрады. Мұндай сөздердің фонетикалық бейімделуіне жапон тіліне тән үндестік (сингармонизм) заңы әсер етеді. Яғни дауыссыз

дыбыстардан кейін дауысты дыбыстар тұру қажет; сөздің соңынна дауысты дыбыс қосылады:

[гурам] 'грамм', [besuto] 'best' (ең жақсы).

Жапон тіліне жат дыбыстар ауыстырылады. Мысалы, жапон тілінде жоқ «L» – дыбысы «R» дыбысына ауысады. Мысалдар: [аруминиуму] ‘аллюминий’ (англ. aluminium), [дориру] ‘сверло’ (англ. drill).

Сонымен қатар, жапон тілінде «вайсэй-эйго» деп аталатын сөздер мен сөз тіркестерінің класы пайда болды. Бұл жапон тіліне тән псевдо-англицизмдер (‘made-in-Japan’ English), яғни ағылшын тілінде емес - жапон тілінде қолданылатын ағылшын тілінен алынған сөздерден құрастырылған конструкциялар. Мысалы: «naitaa»: (түнде жасанды жарықпен ойнайтын ойын) (түн + туынды жұрнақ - er); «wan-man-basu» немесе «wan-man»: жолсерігі жоқ автобус (бір + адам + автобус); no-airon: «үтіктеуге болмайтын зат» (жоқ+үтік), «no-mai-kaa-dee» «жеке автокөліктерді пайдаланудан бас тартуға кеңес берілетін күн» (жоқ + менің + автокөлік + күн). iv

Ағылшын тілінде жарық көрген зерттеулерде «сәнді» ағылшын тілі (”decorative (orornamental) English”) деген кірме сөздердің тағы бір қосымша атауын ұсынып отыр. Бұл атау жарнамада, маңдайшаларда, коммерциялық тауарлар, киім-кешек және т.б. заттарда жазылатын жазуларға қатысты қолданылады. v Зерттеушілер жапон тіліндегі гайрайго жапондықтардың көп бөлігінің ағылшынтілін жақсы білмейтініне қайшы келмейтініне назар аударады. (сілтеме) Қазіргі жапон және қазақ тілдерінің жағдайын салыстыру мысалында, бұл тезистерді одан әрі зерттеу керек. Менің ойымша, Жапон қоғамында ағылшын тілінің кең тарамауы, гайрайго мен вэйсэй-эйгоға қатысты жағымдыкөзқарастыңнегізіболыптабылады. (Жапонқоғамындагайрайгоға қарсышығатынадмадар да бар, алайда олардың саны көп емес.)

ХХ және ХХІ ғасырлардағы қазақ тілінің дамуын зерттеу барысында белгілі бір тарихи кезеңде кірме сөздерге қатысты лингвистикалық үдерістерімен қатар қоғамның осы мәселеге қатысты көзқарасының өзгеруін байқауға болады. Егер XX ғасырдың басы мен бірінші ширегіне дейін шет тілінен енген сөздер бейімдеудің жалпы ережелеріне бағынса (жапон тіліне ұқсас) (пуховый – бөкебай; ботинки – бәтенке), кейінгі кезеңдерде жағдай күрт өзгерді. Кеңес үкіметінің орыстандыру (русификация) саясатының нәтижесінде қазақ тілін білетін адамдар саны айтарлықтай азайды. Қазақ қоғамы үшін орыс тілі басым болды. Орыс тілінде еркін сөйлейтін ортада қазақ тілінің орфоэпиялық

151

ерекшеліктеріне бейімделген кірме создердің түрлері «дұрыс емес», «ерсі» естілетін болды. Осындай жағдайда кірме сөздер бейімделу ережелеріне және қазақ тілінің фонетикалық құрылымына бағынбайтын болды. Нәтижесінде,қазіргікезде қазақ тіліне тән емес дыбыстар (мысалы, «B»дыбысы) ана тілінде сөйлейтін адамдар үшін үйреншікті болып кетті. Жоғарыда келтірілген жапон тіліне қатысты салыстыруды есімізге алсақ, қазіргі қазақ тілінде, керісінше, шет тілінен енген сөздер ағыны «тілдік өзеннің» бағытын өзгертуге қауәп төндіреді деп айтуға болады.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда мемлекеттік тілді сақтаужәне одан әрі дамыту мақсатында қоғамда кірме сөздердіңмәселесіне асакөп көңіл бөліне бастады. Заманауи Қазақстандағы орыс-қазақ билингвизм тұрғысынан алып қарағанда, тілдік қорды тұрақтандырудың жолы – кірме сөздерді қазақ тіліне аудару стратегиясы болып табылады. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін бұл мәселе көптеген талқыға түскеніне қарамастан өзінің шешімін таппады. (Мысалы, бұл үрдісті сонғы жылдары «музеймұражай», «архив - мұрағат», «кредит - несие»сөздерін басында қазақ тілінеаударып, сосын бұрынғы қалпына келтіргеннен байқауға болады.)

Жапонжәнеқазақтілдеріндегікірмесөздерді салыстырмалыталдауүстіндетілдікүдерістергеәсер ететін кең әлеуметтік-мәдени контекстке назар аударту мақсатында «аралдық» және «материктік» реципиент ұғымдарды енгізуді жөн көрдім. «Арал»реципиент дегеніміз шет тілінен енген сөздерді өз тілініңережелерінебағындыратынжәнетілдің фонетикалықжәнеграмматикалыққұрылымынаелеулі өзгерістер енгізбейтін моно-лингвистикалық тіл ортасын сипаттайды. Кірме сөздер бұл жағдайда жаһандану дәуірінің ғылыми, техникалық және мәдени байланыстардың дамуы нәтижесінде пайда болған неологизмдер ретінде қабылданады. Қоғамда оларға қатысты жағымды көзқарас (лояльность) қалыптасады, оларды сәнді және беделді үрдістермен байланыстырады.

«Материктік»реципиент ұғымы белсенді тілдік өзара әрекеттесу жағдайындағы екі тілді ортадағы донор тілінің басымдылығын сипаттайды. Қазіргі қазақ тілінде (кірме сөздерден басқа) стилистикалық әрі лингвистикалық интерференияларының кері әсерінен креолизация үдерістері нығайып келе жатқаны белгілі. Демек, елімізде, Жапониямен салыстырғанда, лингвистикалық әсер ету векторлары керісінше бағытталған. Егер қазіргі жапон тілінде вэйсей-ейго деген псевдо-англицизмдер орын алса, қазіргіқазаққоғамындажалғанқазақжәнесәндік«қазақ»мәтіндеріжиікездесетінболды.Оларәсіресе қала көшелеріндегі көрнекі жарнама мәтіндерінде байқалады. Қаладағы атқарушы билік органдарының және халықтың немқұрайлығы кесірінен орыс тіліндегі жарнама мәтіндерін (калька ретінде) қазақ тіліне тікелей аудару практикасы кеңінен дамып келе жатыр. Нәтижесінде жалған (псевдо-қазақ) қазақ тілінде жазылған мәтін пайда болып, ол көптеген қателіктердің салдарынан,

семантикалық мазмұнынан құр болады. Демек, жарнамада мемлекеттік тілдегі жазылған

мәтіннің

міндетті түрде болуын талап ететін Қазақстандағы Тілдер туралы заңының іске

асырылуы

көзбояушылыққа айналып отыр. Сонымен, «материктік рецепиент» ретінде қарастырылып отырған қазақ тіліндегі кірме сөздер тақырыбы, оның өміршеңдігі мен басқа тілдердің басым болу мәселесімен тығыз байланысты.

Қорытынды: сонымен, қазіргі кезде мен жапон және қазақ тілдеріндегі кірме сөздерді салыстырмалы талдау нәтижесінде келесі жалпы (ұқсас) және айрықша (ерекше) үдерістерін атап айтуға болады:

1. ХХ ғасырғадейін (әсіресебелсенді лингвистикалықвестернизация кезеңіне дейін),екі тілдеде шет тілінен енген кірме сөздерді өздерінің лексикалық қорларына енгізу ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибе болды. Жапон тіліне әсірісе қытай тілінен кешенді түрде көп сөздер енді. Қазақ тілінде - араб, парсы тілдерінен көптеген кірме сөздер енді (олар көбінесе діни және поэтикалық терминдер саласына жатты).

2.ХХ ғасырда екі елде де кірме сөздер басқа тілдерден енгізілетін болды. Мысалы жапон тілі сөздерді ағылшын тілінен, ал қазақ тілі орысжәне басқа да еуропалық тілдерден енгізіп отырды. Бірақ олардың түрі қазақ тіліне орыс тілінің дәнекерлік қатысуы арқылы енген.

3.«Материктік»реципиент және«аралдық»рецепиент ұғымдарын енгізуарқылы кірмесөздердің әлеуметтік және мәдени контексттеріндегі айырмашылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

4.Алғашқы кезеңдерде екі реципиент кірме лексиканы өздерінің тілінің фонетикалық және

грамматикалық құрылымына сәйкес бейімдеу жолында ұқсас тактикаларын көрсетеді. «Аралдық» реципиент ретінде қарастырылып отырған жапон тілі «жабық» және монотілді лингвистикалық кеңістікте өмір сүріп жатқандықтан, бұл тактика бүгінгі күнге дейін қолданылып жатыр. Ал «материктік» реципиент ретінді қарастырылып отырған қазақ тілінің дамуына өзгеше жағдайлар әсер ете бастайды.

5. «Материктік» реципиент үшін басты фактор - донор тілдің (орыс тілінің) үстемдігі, оның кең таралуы. Соның салдарынан кірме сөздерді одан әрі тұрақты жолдар арқылы бейімдеуінің мүмкіндігі

152

шектеледі. Қазіргі күнде кірме сөздер қазақ тіліне өздерінің бастапқы лингвистикалық кейпінде енгізіледі.Бұлжайтқазақтілініңфонетикалықжәнеграмматикалыққұрылымынатерісәсерінтигизеді, оныкреолизацияжолынабағыттайды.Мұндайжағдайда қазаққоғамындашеттілінененгенлексиканы өз ана тіліне аудару қажеттігі туады.

6. Қазіргі кезге дейін Қазақстанда шет тіліндегі лексиканы, кірме сөздердің енгізу тәсілдері әлі де нақты анықталмады. Кірме сөздер турасында ауызбіршілік жоқ, көбісіне жағатын пікір қалыптаспады.

7. Футуристік болжам ретінде айтар түйін: болашақта Жапонияда ағылшын тілін білу деңгейі жоғары және кеңінен таралған жағдайда, жапон қоғамы да дәстүрлі бейімдеудің орнына кірме сөздерді өз тіліне аудару қажеттілігі пайда болатыны мүмкін.

Жолдыбай Л.Е.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультеті «аударма ісі» мамандығының 4 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: PhD Оразақынқызы Фарида

ҚЫТАЙ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДАҒЫ ҰҚСАСТЫҚТАР МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Резюме: Мақалада қытай халқының мақал-мәтелдерін қазақ тіліне аударудағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер зерттеліп, қытай тіліндегі мақал-мәтелдердің қазақша балама аудармалары қарастырылған. Сонымен қатар әртүрлі тақырыптық мақал-мәтелдерді аудару жолдары көрсетілген. Мақала тақырыбы бойынша қазақ, орыс, қытай, ағылшын тілдерінде көптеген әдебиеттер зерттеліп талдау жасалған.

Кілттік сөздер: Мақал-мәтелдер, мәдениет, нақыл сөздер, ауыз әдебиеті, фразеологизмдер, ауызша аударма

Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлтық қазына. Халық өміріндегі тарихи белестер, ұлы өзгерістер, оның сыры ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы жетеді. Ал осы тілдің бейнелілігін, байлығын арттыра түсетін сөздік қордың ауқымды бөлігі – мақал-мәтелдер болғандықтан, бүгінгі таңда әдеби тілдің мақал-мәтелдік қорын зерттеудің теориялық және практикалық жағынан да өз негізі бар. Қытай мақал-мәтелдері басқа да тілдегі мақал-мәтелдер секілді халық даналығының бейнесі болып табылады жәнехалықтыңөмірлік тәжірибиесінбілдіреді. Мақал-мәтелдерде олардыжасапшығарғанхалықтың өмірі жан-жақты бейнеленеді деп айтуға толығымен болады. Мақал-мәтелдер тарихи оқиғаларға, ежелгі тұрмысқа, қоғамдық және отбасы тұрмысының салтына, наным-сенімдерге, адамгершілікке, адамдардың қарым-қатынасына және адамның табиғатпен қарым-қатынасына, өндірістік қызметке және т.б. қатысты ақпаратты сақтаушы болып табылады. Оларды тілдің бөлекше бір сипаттағы, шырыны мен сөлі таусылмайтын дәмді элементтері деп айтуға болады. Тіл сұлулылығы, тіл байлығы, тіл өткірлігі дегендердің айрықша көрінуі осы мақал-мәтелдерде. Сөз нақты, дәлелді болсын десек, қолқанықозғайтындәрежедеболсындесек,халықтыңхастуындысы– мақалдапсөйлеуөнерінқолдану керек.

Қазіргі уақытта тілдің фразеологиялық жүйесінің, мақал-мәтелдерінің ұлттық-мәдени ерекшеліктері мәселесі көптеген лингвистердің назарын аударуда. Қытай мақал-мәтелдерінде қытайлардың өздеріне таныс әрі түсінікті, бірақ шетелдіктер үшін құпия болып табылатын ұғымдар бар. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, мәдениет өзгеше болса да өздеріне ғана тән құпия ұғымдардың ана тіліміздегі баламаларын алып түсінуге болады.

Әр ұлт тілі өзіндік сөздік қорымен ғана ерекшелене қоймай, өз бойында ұлт мәдениетін, тәрбиесін, тарихын қамтиды. Қытай тіліне де, қазақ тілі сияқты тілдік фондтың бай болуы өте маңызды. Қытай тілі мақал-мәтелдері – ұлттық компонетті білдіруші, құраушы, өткеннің мұрасы. Қытай мақалмәтелдерінде байқайтын болсақ, нефрит, айдаһар, халыққа әйгілі қаһармандар атаулары көп қолданылады.Әрине,аталғанайдаһар,нефритсияқтыатауларосыұлттыңмәдениетіменде,тарихымен де өте тығыз байланысты. Қытай тілінде мақал-мәтелдер жеке ғылым ретінде бөлінбейді, оны лексикология құрамында қарастырады, сондықтан олар сөздіктерге сөздермен қатар енгізіледі, бұл оларды іздеуді жеңілдетеді. Фразеологияның зерттеу нысаны фразеологиялық құрылымдар, яғни тілде қалай қалыптасса, біздің жадымызда қалай сақталса, солай айтылатын тұрақты сөз тіркестері. Қытай

153

тілі грамматикасында біздегі фразеологизмдерді идиомалар деп атайды. Идиомалар өз кезегінде бірнеше түрге бөлінеді: [chéngyŭ] (мақал-мәтелдер), [guànyòngyŭ] (қалыптасқан сөз тіркесі), [súyŭ] (хикмет сөздер, нақыл сөздер), [xiēhòuyŭ] (аяқталмай қалған сөйлемнің

жартысы) және т.б. Енді осы аталған идиомаларға жеке-жеке тоқталып өтейік: [chéngyŭ] — деп

қытай тілінің мақал-мәтелдерін айтамыз. Таң қаларлығы, әрбір қытай мақал-мәтелінің пайда болған өз тарихи аңызы бар, және де бұл қазақ фразеологизмдерінен ерекшеленетін ерекшеліктің бірі. Кез — келген мақалдың тарихының тереңде жатқандығына дәлел ретінде оның аңыздағы қолданысын, не болмаса тарих беттерінде жазылып қалған жылнамалардан және романдардан, өлең-жырлардан тауып

кезіктіруге болады. Мысалы: « Huà shé tiān zú» деген төрт иероглифтен тұратын мақалды

қарастыруға болады, бұл қазақ тіліне сөзбе-сөз «жыланға аяқ салу» – деп аударылады. Бұл мақалдың аңызы былай қалыптасты: бір күні барлық достар бірге жиналып, демалып, шарап ішіп отырған еді. Олар кешті көңілді өткізу үшін, өз арасында бір-бірімен жарыс ұйымдастырды. Жарыс шарты былай еді: кімде-кім тез уақыт аралығында бірінші болып жылан салып үлгерсе, сол мына шөлмектегі шараптың барлығын өзі ішеді деген екен. Жарыс басталып, жиналған қауымның арасынан бір адам бірінші болып жыланды салып болады, бірақ ,басқалардың әлі де жыланды салып жатқандықтарын көріп, әлі уақыт бар, үлгеремін деп ойлап, жыланға аяқ салмақшы болады, аяқ салып әлек болып жатқандакезде,басқаадам жыландысалып үлгереді. Нәтижесіндесоладамшөлмектегішараптыішеді де, жыланға аяқ салмақшы болып әлек болған адам құр қалады. Бұл мақал-мәтелдің мағынасы: жақсы жасаймын деп асыртып жіберу, асырып жасаймын деп, кесірін тигізу. Қазақ тіліндегі «артық қылам деп, тыртық қылу» мақалды балама ретінде алуға болады. Мақал-мәтелдер ойлаушының ойын тура жеткізіп, аса білімді, сөзге шешен екендігін ғана көрсетпей, әр мақал-мәтелдің өзіндік нақылдығы мен берер тәрбиелік мәні өте зор екендігін көрсетеді. Енді қытай чыңүйлеріне мысал келтіріп, қазақ

тіліндегі мақал-мәтелдерімен сәйкесін тауып көрелік. Мысалға: « bù sān bù sì» деген мақалды қазақ тіліне аударатын болсақ, не ары емес, не бері емес, дүбәрә деген мағынаға сәйкес келеді. Не үйренген, не үйренбеген деп те айта алмайсың. Ал, мына « bù sān bù sì» деген мақал тура «не

үш емес, не төрт емес» – деп аударылады.

Қытай халқының мақал-мәтелдерінің құрылымдық грамматикалық ерекшеліктеріне келер болсақ, алуан түрлі құбылыстарды жалпылай және типтей отырып, мақал-мәтелдер жалпы аяқталған, грамматкасы бойынша реттелген пайымдауды білдіреді. Мақал-мәтел лексикалық мағынаны тасымалдаушы болып табылады, оның мағынасы тек қана сөйлем арқылы (жай немесе күрделі) беріледі, ол тілде толық сөйлем ретінде қызмет етеді. Көптеген мақал-мәтелдер синтаксистік құрылымының типі бойынша, жалпылама, жеке сөйлемдер болып табылады. Берілген грамматикалық ерекшелік мақал-мәтелдердегі пайымдаулардың жалпылама мәнімен, іс-әрекеттің уақыттан тыс

болуымен түсіндіріледі. Мысалы: « Huó dào lǎo, xué dào lǎo» сөзбе-сөз «Қартайғанша

өмір сүр, қартайғанша білім ал» деп аударылатын бұл мақалдың қазақша баламасы «Білімді бесіктен тесікке дейін ізден; өмірдің өзі – ұлы ұстаз» болып қарастырылады. Мақал-мәтелдер баяндауыштары әртүрлі типті жай немесе күрделі сөйлемнен тұруы мүмкін. Сондай-ақ құрмалас сөйлем, бағыныңқы құрмалас сөйлемнен, жалғаулықсыз байланыс жалғаулыңқыдан басым болып, көмекші сөздер жиі

түсіп қалады. Мысалы: « Guà yáng tóu mǎi gǒuròu» мақалының «Ақты қара деу» деп

қазақшабаламасынайтуғаболады, алсөзбе-сөзаудармасы«қойдыңбасыніліпқойып,иттіңетінсату». Қыз бала– қылықты ару, аяулы жар,әдемі әйел, ардақтыана,ақжаулықты әже. Қайелде болмасын қыз балаға берілетін рөл маңызды рөл атқарады. Біздің халқымыз да «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдемтіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады. Осыған орай, осы тарауда қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі маңызы зор мақал-мәтелдерді қолдана отырып, қазақ пен қытай арасындағы қыз баласына деген көз қарас салыстырылады. Қазақ халқында «Ерін елі сыйласа, әйел

бақыт тапқаны» деген мақал бар болса, қытай тілінде де « Fū róng qī guì» деген мақал

кездеседі. Бұл мақал сөзбе-сөз «Ері беделді болса, әйелі тоқ болады» деп аударылады. Берілген екі мақалдан да қоғамдағы ер адамның беделді болуы, құрметке ие болуы әйелдің бақытты болуына, ешқандай жоқшылық көрмеуіне әсерін тигізетіндігі айтылды. Қазақ мақалында әйелі үшін бақыт – жұбайының ел ішінде сыйлы болуы. Ал, қытай мақалында, ерінің беделі жоғары болса, әйелінің өмірі ешқиыншылықсызөтедідегенмағынадаберілген. «Әйел – үйдегіырысың,келін– кеңейгентынысың,

қыз – түздегі өрісің» деген мақал қазақ халқының арасында кең таралған. «

154

Guó luàn sī liángxiāng, jiā pín sī xián qī» деген қытай мақалын «Елдегі былық үшін билеушіні айыпта, үйдегі жоқшылық үшін әйелді айыпта» деп аударып қарастыруға болады. Қазақ мақалында үйдегі бірліктің, берекенің, ырыстың кілті әйелде екенін нақтылап көрсетіп жазған. Қыз бала бой жеткеннен бастап,ата-анасыоғанболашақтабір үйдіңұйытқысы,сыйлыкеліні,аяулыжарыболатынынқұлағына құйып дәріптейді. Келін дейтін құрметті атқа лайықты болу үшін аналары ерте бастан жақсы дүниелерге баулыған. Ал қытай мақалынада жанұяны кішкентай мемлекетке теңеп, мемлекеттің кемшіліктерін осал билеушілерден көрсе, ал үйдегі жоқшылыққа себепкер әйел деп білген. Әрине, бұл жерде қытай мақалымен келісуге болады. Өйткені әйел үйдің берекесі, әйел үйдің ырысы, әйел үйдің ұйытқысы,яғнибардүниенідебарқылаалатын,жоқ дүниенідебарқыла алатын ол – әйел.Сондықтан болар қазақ халқында үйге кіретін кірістің басым бөлігі әйел қолында болады. Дегенмен, қазақ мақалмәтелдерінің барлығы әйелдің жоғары дәрежесін, сыйлылығын, қазақ халқы әйел затын қаншалықты құрметтейтінін, қадірлейтінін көрсетеді.

Қытай тіліндегі мақал-мәтелдерде жануар, өсімдік, гүл атаулары көп кездеседі. Соның бір мысалы ретінде бамбукті келтіруге болады. Ежелгі қытайлардың өзі онсыз күн көру мүмкін емес деген: ол тағам әрі баспана, әрі киім, әрі қағаз, әрі аяқ киім. Мұның фразеологияда өз орнын таппауы мүмкін

емес. Мысалға, мына бір мақалда: « , Nìngkě shì wú ròu, bùkě jū wú zhú »-

«Бамбуксіз үйден, етсіз тағам артық» деп келеді. Жоғарыда айтылып өткен бамбук қытайлар үшін жай ғана өсімдік емес (олардың өмірінде маңызды рөл ойнайтынына қарамастан), бамбук – бұл

шыдамдылықтың, туралықтың, қатты мінездің, мақсатқа ұмтылудың символы. «

Chéngzhúzàixiōng » немесе « xiōngyǒuchéngzhú» мақалдарында (сөзбе-сөз «дайын бамбук

кеудеде бар», «кеудеде дайын бамбук бар») мәдени коннотациялар бейнеленген. Қытайлардың бамбукті қалай сыйлайтынын аңыздан да білуге болады: ғибадатханада бамбук өсіп тұрады, бір буддистік бірнеше үй өскеніне қарамастан, оның жанына әлемде бәрі бейбіт, тыныш, дұрыс екенін

жеткізіп тұратын тақуа-монахты қояды. Осыдан « Zhú bào píng'ān» – «жақсы хабары бар

үйден келген хат» (сөзбе-сөз «бамбукке тыныштық туралы баяндау») мақалы пайда болған. Фэншуй бойынша, адамдар өмір сүретін жерге бамбук орманының жақын болуы жағымды болып табылады.

Бұл оларға тыныштық пен бейбітшілік, байлық пен ұрпақ әкелуі тиіс. «Zhú» иероглифі – бірліктің,

одақтың символы, мәңгі махаббат пен жұбайлық бақыттың символы. Үйлену тойындағы салтта үнемі бамбуктен жасалған заттар қолданылған қалыңдық отыратын үйлену тойының паланкинінен,

сыйлыққа беретін желдеткішке дейін. «Zhú» «бамбук» сөзі дыбысталуы бойынша «Zhù» «ескі

жалыну, дұға ету», «біреуге тілек тілеу» сөзімен дыбысталуы ұқсайды (екі сөздің тондары бөлек). Қай елдің болсын, қай тілдің болсын, қай жазушының болсын шығармасын алсақ, түгелінде де

осындай тілдік элементтер кездеседі. Яғни қаламгерлердің барлығы да халық тілінде, әдеби тілде мақал-мәтелдерменнақыл,айшықты,бейнелісөздердіпайдалануғаөтебейім.Айтылғансөздіңөзінен- ақ мақал-мәтелдер өте қиын, өте қызықты ғылым екендігін түсінуге болады. Сондықтан да бұл жасалып отырған зерттеуіміз екі тілдің мақал-мәтелдерінің ерекшеліктері мен салыстырмасын баяндаудағы ең кіші бөліктерінің бірі ғана болып табылатындығын ескергеніміз жөн. Мақалмәтелдердің сиқырлы сырын ашу үшін, олардың мәселесін шешу үшін, оларды тереңдеп түсіну үшін әлі талай-талай зерттеу жасау қажет екендігі баршамызға мәлім. Дегенмен де, автор қазақ және қытай мақал-мәтелдерін біріктіріп, екі тілдегі мақал-мәтелдердің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын қарастыра отырып, оқырман үшін екі тілдегі мақал-мәтелдер туралы жалпы ортақ бір мәлімет қалыптастырғанына сенеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.« » энциклопедиясы. Пекин, 2009.

2.«Қазақ мақал мәтелдері» жинағы. Алматы, 2004.

3.« » Цзенин қаласы. Цзенин Университеті баспасы.

4.«Краткий китайско-руский, руско-китайский словарь» Москва. Вече 2005ж.

5.60 рассказов о китайских поговорках. құрастырған Шэнь Цзюнь, Ма Ханьминь/. Восток-Запад, 2008

155

Жармуханова Ж.А.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түрксой кафедрасының 4-курс студенті Ғылыми жетекшісі: доцент Шадкам З.

«ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ ЭТИКЕТ СӨЗДЕРДІҢ АППЕЛЯТИВТІК ҚЫЗМЕТІ

(Я.К.Караосманоглуның «Анкара» романы мен Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы бойынша)»

Этикет сөздерінің басқа тұрақты тіркестерден айрықша болуында көптеген қарама-қайшылықтар бар. Бірақ адамдардың жиі қолданатын сөздерін ерекше бір сипатқа ие болуы және де басқа тұрақты тіркестерден айыра білу қажеттілігі туындап отыр. Сол себепті әр түрлі әдебиеттерде кездескен этикет сөздеріне анықтамалар беріліп, оларды түр, мағына және қолданылуына қарай бөліп, зерттеу жұмысы жасалды. Одан кейін осы ерекшеліктеріне сүйене отырып, этикет сөздердің толық анықтамасы жасалды.

Басқа тілдермен салыстырғанда, түрік және қазақ тілінде этикет сөздер, мақал-мәтелдер өте жиі кездеседі. Бұл дегеніміз сөздік қордың бай екенін көрсетеді. Түрік және қазақ тілін шет тілі ретінде үйренушілерге бұндай сөздерді үйрену өте пайдалы әрі тиімді. Түрік тіліндегі мақал-мәтелдерге, тұрақты тіркестерге өте көп зерттеу жұмыстары жасалған. Ал этикет сөздер туралы зерттеу жасаған адамдардың бірі Хүрриет Гөкдайы болып табылады. Оның зерттеуінде этикет сөздердің қолданылуы және оның күнделікті өмірде алатын орны жайлы жазылған.

Әр тілдің сөздік қоры әр түрлі сөздердің, тіркестердің бірігуінен пайда болады. Бұл сөздердің көбі адамдардың күнделікті өмірде қолданып жүрген сөздері. Бұнымен қоса тағы бір сөздер тобы бар. Ол топқа мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, қосарлама қос сөздер сияқты қалыптасқан сөздер кіреді. Бұл сөздерді адамдар сөйлеу кезінде ерікті-еріксіз қолдана алады. Қалыптасқан тілдік бірліктердің жиі қолданылуы оның еш қиындықсыз адамның ойында сақталып қалуымен түсіндіріледі. Әсіресе, сөйлесу кезінде реті келгенде, көп сөз қолданудың орнына осы қалыптасқан тілдік бірліктерді қолдану әлдеқайдажеңіл.Қалыптасқантілдікбірліктіайтқанкездеонытүсінуөтекөпуақытты және энергияны керек етпейді. Керісінше, кейбір сөздерді немесе ойды көп сөзбен жеткізуге қарағанда, өте аз уақытты алады. Сондай-ақ, жазабаша қарым-қатынас кезінде де бір мәтінді жазып және оны түсіндіру үшін осындай қысқа әрі нұсқа сөздерді кеңінен қолдана аламыз. Сол үшін де қалыптасқан тілдік бірліктерді ауызша және жазбаша қарым-қатынас кезінде сөйлесіп немесе жазысып тұрған екі тараптың қолдануы сөздік қордың оңай әрі кең тараған түрі болып саналады. Мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестерімен бірге қалыптасқан тілдік бірліктердің қатарына этикет сөздер де кіреді. Белгілі бір жағдайда ғана айтылуы дәстүрге айналған бұл сөздер Түрік мәдениетінің бөлінбес бір бөлігіне айналған. Мысалы, бас амандығын тілеу, туған күнін құттықтау немесе қоштасқан кезде айтылатын этикет сөздер сол халықтың мәдениетінен де хабар береді. Этикет сөздерінің қолдану жиілігіне және түріне қарай анықтамасы бар. Бұл шарттарға сүйене отырып, этикет сөздерінің сан және жаққа байланысты өзгермейтін жерлері бар екенін көруге болады. Бұндағы алғашқы ерекшелікті мына мысалмен көрсете аламыз: жолға шыққан бір адамға айтылатын Güle güle (git, gidin)-Хош сау болыңыз- деген этикет сөзді «Gülerek gülerek (git,gidin)» деп айтатын болсақ (Күліп кетіңіз), бұл сөз этикет сөз болудан қалып, бұйрық рай түрін алады.

Этикет сөздің екінші ерекшелегін көрсету үшін мына мысалды қолдана аламыз: Güle güle büyütün(Аман-есен ер жетсін) деген сөзді тек сәбиі бар адамдарға айта аламыз. Дәл осы сөзді кішкентай үй жануарын өсіріп отырған адамға немесе гүл өсіріп отырған кісіге айтуға болмайды. Юджеол Өзезеннің айтуынша: «этикет сөздер астарлы мағынада емес, барлығының жиі қолданылып, енді тек сол ұғымның анықтамасы болып қалған бірліктер» деп айтқан еді.

Бұл анықтамалар этикет сөздердің мағына және қолданылу жиілігіне сүйеніп жасалған. Анықтамаларды одан әрі зерттеп қарайтын болсақ, этикет сөздерінің қоғамдық, мәдени, түр, мағына және қолданылуына байланысты қарастырғанын көре аламыз. Сонымен қатар, ақыл-ойға негізделген анықтамаларға қарасақ, этикет сөздердің баяғыдан миымызда сақталып, керек кезде есімізге түсетін сөз ретінде көре аламыз.

Этикет сөздердің бұдан басқа бірнеше қызметтері де бар. Солардың бірі оның аппелятивтік қызметі. Қоғамда бір-бірімізге бір хабарды жеткізу үшін немесе күнделікті өмірде бір бірімізбен тілдесу үшін қаратпа сөздерді жиі қолданамыз. Сонымен қатар, қызметі қаратпа сөздермен бірдей болыпкелетінжалқы есімдер де, еркелетіп айтылған сөздер де этикет сөздердің аппелятивтік қызметін

156

атқарады.Жекелегенадамғаболсын,жалпыжұртқаайтылғансөзболсада,назардыаударумақсатымен айтылған болса, онда ол аппелятивтік қызметі атқарады деген сөз. Қазір Якуп Кадри Караосманогулның«Анкара»романыменҒабитМүсіреповтің«Ұлпан»романындағыэтикетсөздердің аппелятивтік қызметі туралы сөз ететін боламыз. Екі кітап та негізгі үш бөлімнен құралған. Онда тек этикет сөздердің аппелятивтік емес, фатикалық, регулятивтік, волюнтативтік, эмотивтік, конативтік қызметтері де кездеседі. Алайда біз тек аппелятивтік қызметін қарастырып, зерттейтін боламыз. Екі романдағы этикет сөздердің кездесу жиілігін талдап, салыстырмалы түрде қарастырамыз.

Сөз этикетінің аппелятивтік қызметі

«Анкара» романы бойынша

1.“Bir şey değil, canım; birinin eşeği kaybolmuş, işte, tellal bağırıyor.”(13.б)

- Ештеңе емес, жаным; біреудің есегі жоғалып содан шу көтеріп жүр ғой.

2.Zavallı Halimecik kendini tutamamış:

“Bu iş sahi mi, Ağam?” diye bağırıvermişti.(27.б)

-«Бұл шындық па,ағам?» деп айқайлап жіберді.

3. Selma hanım: “Sus, cicim; beni çıldırtma. Hasis olabilirler...”(29.б)

-Сельма Ханым: «Үндеме,балым; мені есімнен ауыстырма. Сараң болса ше...»

4.“Çocuklarınız size ne kadar benziyor, Beyefendi,” dedi. (38. б)

- «Мырза, балаларыңыз сізге қатты ұқсайды екен,» деді.

5.Murat Bey: “Hakkı Bey, Hakkı Bey, buyurun. Buyurmaz mısınız, biraz? ” diye seslendi. (39.б)

- Мұрат мырза: «Хаккы мырза, Хаккы мырза, өтініш. Біраз уақыт бөле аласыз ба?» деп дауыстады.

6. Hakkı Bey: “Hanımefendi,” dedi; “burada nasıl vakit geçiriyorsunuz? Çok sıkılmıyorsunuz ya” (41.

б)

- Хаккы мырза: «Ханым,» деді; «бұл жерде уақытыңыз қалай өтіп жатыр? Ішіңіх пысып жүрмеген шығар».

7.Hanım nine, saç kestirmek o kadar fena bir şey mi?” (46.б)

-«Әже, шаш қидыру соншалықты жаман нәрсе ме?»

8.“Sus kızım, Allah göstermesin... Biz böyle şey bilmeyiz” (46.б)

-«Үндеме, қызым, Құдай көрсетпесін... Біз ондайды білмейміз.»

9.Selma Hanım bu ata binmek vadini çoktan unutmuştu. “Ne atı, kuzum?” diye sordu. (49.б)

-Сельма ханым атқа міну туралы сөзді баяғыда ұмытып кеткен еді. «Қайдағы ат, жаным?» деп сұрады.

10.“Aman, ağabey, hiç de yakışmıyor doğrusu... Görmedin mi, binerken etekleri, ta dizkapaklarına kadar sıyrıldı?” (53.б)

-«Бірақ та, аға, дым жараспады... Мініп жатырған кезде етегінің тізесіне дейін ашылғанын

көрген жоқсың ба?»

11. “Genç dostum, siz bu oyunu mutlaka öğrenmelisiniz,” dedi. (132.s)

-«Жас досым, біз бұл ойынды міндетті түрде үйренуіңіз керек,» деді.

12.“İstersen sen de buyur, amca...” (138.s)

-«Қаласаң, сен де бұйыр, көке...»

13.Efendiler, Garpçılık bu demek değildir...”. (143.s)

-«Мырзалар, Гарипчылык дегеніміз бұл емес...»

14.Aman Reis Bey, siz de mi bu komünist cereyanlara kapıldınız?” diye haykırır. (197.s)

-«Мырза, сіз де коммунисттердің ағымына қосылдыңыз ба?» деп айқайлады.

15.Paşam, acaba kaç bin kişi var, dersiniz!” (233.s)

-«Пашам, қанша адам бар дейсіз!»

Жоғарыда жазылған сияқты түрік тілдерінде жиі қолданылатын этикет сөздер олар: аға,ханым, балым, мырза. Тек адамдардың атын ғана емес, лауазымын да туыстық, жолдастық қатынасты білдіретін атауларды қолданып, адамның назарын аударады. Қазір енді қазақ тілінде қолданылатын этикет сөздерге көз жүгіртейік.

«Ұлпан» романы бойынша

1.Аға сұлтан пірім-ау! Айтпап па едім? Қысқа қарай жылқы баласына бұдан артық жер болмайды. (8-бет)

2.Ақ құр, қара құрларын санамаған екенсіз, Мүсеке! (9-бет)

3.Армысыздар, ағалар!.. «Қаршығалы» шұбарын паналап қонып қалған үш ауыл кірме Күрлеуіттің арызын айта келдік... (9-бет)

4.Шырағым, арызың аяқсыз қалмас,— деді ол,— аяқсыз қалдыратын арыз сияқты емес. (10-бет)

157

5.Отағасы, сіз қашанғы хандықты, қай ханды айтып отырсыз? (16-бет)

6.Ал, биеке, төресін өзіңіз айтыңыз!—деді Есеней Тілеуімбет биге. (17-бет)

7.Ашынакелсем, себебімболды, ағасұлтан.Онымдыауыр алма! (18-бет)

8.Аға сұлтан мырза, ат ойындары әзірленді. Мергендер де әзір. Қабыл етіңіз,— деді.(19-бет)

9.Аман, Есеней-бей Естемесович! (28-бет)

10.Әке-шешең аман ба, шырағым? — деп жылы шыраймен сұрады. (30-бет)

11.Е, сойса несі бар, сойғызайын, құлыным. (66-бет)

12.Жоқ, жоқ, Несібелі, мал соя көрмеңіз. (66-бет)

13.Сойғыз, апа... Мүсіреп ағайдың иттеріне дейін тойғызып жібер. (66-бет)

14.Қош, айналайын, қош, жеңеше! —деп атының басын тез бұрып алып жүріп кетті... (68-бет)

15.Жоғарырақ, жоғарырақ отыр, Ұлпанжан...(70-бет)

Ал қазақ тілінде: шырағым, айналайын, аға, қарағым деген сияқты қаратпа сөздер жиі қолданылады. Адамның атын тіке емес, Шәке, Мәке, Тәке деп айту да қалыптасқан. Бұл адамның қызметінің жоғары екенін көрсететін бірден бір фактор деп ойлаймын.

Осы екі романдағы этикет сөздерді салыстыра отырып, екі тілдің де бай екенін көруге болады. Алайда қазіргі таңда қазақ тіліне қарағанда, түрік тіліндегі бұл сөздер күнделікті өмірде жиі қолданылады.

«Анкара» романының жалпы үш бөлімі бойынша аппелятивтік қызмет атқаратын 55 этикет сөз кездесті. Ал «Ұлпан» романында аппелятивтік қызмет атқаратын сөздердің жалпы саны 131-ге жетті. Екі есе көп. Қарастырылып отырған зерттеуде этикет сөздер екі романнан да тек он бес-он бестен алынды.Алайдақазіргікүнменсалыстырсам,бүгінтүрікбауырларымызбізгеқарғандаэтикетсөздерді екіесекөпқолданады.Бұлромандардыңжазылууақытыайырмашылығында40жылғажуықуақытбар екені жалпы роман сюжетінде көрінсе де, біз қарастырып отырған этикет сөздерде айырмашылық білінбейді. Себебі бұл қалыптасқан сөздердің тобы.

Қарым-қатынас нормасы ретінде қалыптасып қалған этикет сөздер бұрынғы кезде де, қазіргі күнде деөтеакуалдыдепойлаймын.Себебіқайхалықтыңболмасынөздерінетәнмәдениетібар.Алмәдениет тіл арқылы қалыптасты және тіл арқылы дамиды. Мәдениетті ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, ұштастырып отыратын да тіл. Ал тілдік бірліктерді дұрыс, жөнді қолдану ол әдеби мәдениеттіліктің негізгі көрсеткіші деп есептеймін. Қазақ тілінде де түрік тілінде де этикет сөздер бір адамның немесе қалың жұрттың назарын аудару үшін қолданылады. Бірақ әр тілдің өзіндік ерекшеліктері де бар. Ерекшеліктерұлттықменталитетке,салт-дәстүр,өмірсүру салтынабайланыстықалыптасыпотырады. Әр халықта сөз этикетін қолдану тәртібі болады. Соның бір мысалы ретінде жоғарыда келтірілген екі романды айтуымызға болады. Қорыта келе, біз этикет сөздерді өз бетімізше оңды-солды қолдана берсек, бұл тілімізге де әдебиетімізге де кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Сол себепті әдеби шығармаларды оқи отырып, жөнді қолданғанымыз дұрыс деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.GÖKDAYІHürriyet, Mersin Üniversitesi,«Türkçede Kalıp Sözler».- Mersin, 2008

2.КОНОВАЛОВА И.К.«Статусные обращения в семантическом и прагматическом аспектах»,- Екатеринбург, 2015

3.ШАДКАМ З. «Қазақ-түрік сөз этикетінің этномәдени аспектісі». - Алматы, 2015

4.YÜCEOL Özezen, "Türkçe Deyimler Üzerine Birkaç Söz". Muna 2001

5.ТУЗЛУ А.М. «Формулы речевого этикета в турецком языке». - Москва, 2015

6.ПЕРЕХВАЛЬСКАЯ Е.В. «Этнолингвистика».- Москва, 2016

Жайлауова Зарина

Магистр 2 курса кафедры китаеведения КазНУ им. аль-Фараби, факультет востоковедения Научный руковадитель: Оразакынкызы Фарида

ПРОБЛЕМЫ ПЕРЕВОДА МАТЕРИАЛОВЕДЧЕСКИХ ТЕРМИНОВ С КИТАЙСКОГО ЯЗЫКА НА РУССКИЙ

На сегодняшний день отношения Казахстана и Китайской Народной Республики уверенноразвиваютсявомногихнаправлениях,иэтонеобошлосторонойтакиесферыэкономического взаимодействия, как нанотехнологии, кристаллография, металлургия и прочие отрасли материаловедения. Однако, несмотря на всю востребованность данной сферы отношений двух государств, в настоящее время не существует специализированных словарей материаловедческой лексики, что ставит переводчиков в затруднительное положение. Частые случаи отсутствия

158

устоявшихся переводческих соответствий материаловедческих терминов и терминологических сочетанийкитайскогоязыка также приводятк определенным сложностям при переводе, чтоставит нас перед необходимостью анализа сложившихся проблем и поиском способа их решения. В первую очередь следует учитывать, что тексты с материаловедческой спецификой, как и любой текст научнотехнического жанра, как правило, насыщен терминами и терминологическими сочетаниями.

Термин — это лексема, фразема или деривационная морфема, имеющая хотя бы одно значение, известное узкому кругу носителей языка — специалистов в определенной области. [1] Терминами могут стать практически любые лексические единицы языка, перешедшие в узкоспециальную область и послужившие для обозначения конкретных понятий этой области. Терминологические словосочетания в свою очередь представляют собой семантические целостные сочетания двух или большего числа слов, связанных с помощью предлога или беспредложным способом. Они могут быть как устойчивыми выражениями, так и свободными словесными сочетаниями. Любой термин существует в составе определенной терминологии, которая представляет собой совокупность терминов конкретной отрасли производства, деятельности, знания, образующая особый сектор лексики, наиболее доступный сознательному регулированию и упорядочению. Именно терминология задает контекст, на который следует обращать внимание при переводе термина.

Как правило, выделяются две основные проблемы перевода терминов и терминологических сочетаний: проблема употребления специальной лексики как элемента распределения содержания в переводных текстах и проблема терминологического перевода, нахождения соответствий терминам на иностранном языке. Важность проблем первой группы обусловлена тем, что в тексте научнотехнического или производственного документа термины несут основную нагрузку, являются наиболее информативными, ключевыми словами. Важность проблем второй группы обусловлена несовпадением лексических систем даже близкородственных языков и опасностью искажения содержания текста при выборе неверных вариантов терминологического перевода. По этой причине качественное состояние, степень упорядоченности терминологии в значительной степени предопределяет эффективность работы переводчика и качество перевода. С лексической точки зрения при терминологическом переводе могут сложиться две ситуации — когда эквиваленты термина оригинала (переводимого текста), присутствующие в словарях, существуют в языке перевода, и когда подобные эквиваленты отсутствуют. В первом случае может существовать один или несколько эквивалентов. Если присутствует лишь один вариант перевода, то подобная ситуация не должна вызывать особых сложностей, поскольку требуется лишь проверка адекватности замены в сложившемсяконтексте.Еслиимеютсянескольковариантовперевода,тоследуетобращатьсяксамому адекватному в конкретной ситуации эквиваленту, что не всегда легко выполнимо ввиду несовпадения терминологий.Вариантностьпереводатерминовявляетсявполненормальнымобъективнымявлением, обусловленным тем, что национальные терминологии развиваются в разных социально-культурных и исторических условиях; в большинстве случаев между терминами разных языков нет полной эквивалентности. Главной сложностью, с которой сталкивается переводчик при переводе текстов, насыщенных материаловедческой лексикой китайского языка, это отсутствие специализированных терминологических словарей данной специфики. Это отрицательно влияет на весь процесс перевода материаловедческих терминов и терминологических сочетаний. Во-первых, одной из особенностей перевода терминов данной специфики является порой возникающая многозначность терминов. Как правило, это возникает по причине неустоявшейся терминологии, которая и должна в идеале задавать контекст, на который ориентируется переводчик, и такие термины могут не удовлетворять

однозначности даже в пределах одной специальности. Например, термин « » обладает такими значениями, как:

1)процедура обработки

2)технологический процесс

Его контекстуальное значение каждый раз будет зависеть от словесного окружения данного термина. В этом случае переводчику мог бы помочь специализированный словарь, который помог бы найти контекстуальное значение в области материаловедческой терминологии. Однако в виду отсутствия оных, переводчику приходится искать другие способы нахождения контекстуального значения. Таким образом, на перевод материаловедческих текстов большое влияние оказывает владение материаловедческой терминологией непосредственно самим переводчиком. Нередко одно и то же терминологическое сочетание может иметь совершенно различные значения, причем словарное значение, как правило, не подходит для перевода в контексте определенной терминологии. Например,

терминологическое сочетание « » обладает следующими словарными значениями:

159

1)перекрывающие породы

2)вскрышные породы

3)покрывающий слой

Однако ни одно из вышеперечисленных значений не применимо в контексте такого раздела материаловедения, как нанотехнологии, и его контекстуальным значением будет «защитный слой». Что касается особенностей перевода терминов и терминологических сочетаний китайского языка, не имеющих отношения к отсутствию специализированных материаловедческих словарей, то стоит в первую очередь упомянуть отсутствие формального признака числа в китайском языке. Это приводит к сложностям определения единственного или множественного числа слова,и это становится большой проблемой при переводе в частности материаловедческих текстов, в которых очень важна точность.

Например, « » — «Улучшение

воздействиятермическойстабильностисилициданикеляспомощьюионнойимплантацииицинкового защитного слоя». Терминологическое словосочетание « » не дает нам возможности понять, имеются ли ввиду несколько защитных слоев или один. В подобных ситуациях время от времени переводчику может помочь контекст, но, как правило, может выручить только знание особенностей описываемого устройства или оборудования. Китайскому языку также характерна следующая грамматическая особенность — подлежащее может состоять не только из одного слова, но и из словосочетания и даже из предложения, что ставит переводчиков перед сложностью в определении самого подлежащего и вычленении его среди других членов предложения. Например, « P

NiSi2 » — «в дальнейшем, в силициде с имплантом фосфора

обнаруживается создание высокого численного значения сопротивления», и в данном случае подлежащим выступает сочетание « P », что влияет на нашу стратегию перевода

терминологического сочетания. Помимо того, из-за достаточно частой «перегруженности» определениями определяемого слова, свойственной научно-техническому стилю китайского языка,

возникают трудности с установлением связей между частями сложного определения. Например,

— «численное значение сопротивления силицида никеля». Также стоит

учитывать, что в любом научно-техническом тексте, в частности материаловедческом, можно столкнутьсяспрофессиональнымижаргонизмами,невстречающимисявсловарях.Такимобразом,при переводе терминов и терминологических сочетаний материаловедческой лексики китайского языка стоит помнить о том, что следует большую долю внимания уделять контексту, ограничиваемому терминологией. Даже если переводчику удается найти словарное определение термина или терминологического сочетания, ввиду отсутствия специализированных терминологических словарей материаловедческой лексики, словарное значение может не совпасть с контекстуальным, что в дальнейшем приведет к переводческим ошибкам. Помимо очевидной рекомендации в виде изучения научно-технических материалов, непосредственно связанных с тематикой перевода, стоит обращать внимание на то, к какому направлению материаловедения относится текст — к нанотехнологии, к кристаллографии, металлургии и так далее, что поможет отыскать контекстуальное значение среди нескольких словарных.

Литература:

1.Реформатский, А.А. Вопросы терминологии.— М.: Аспект, 2005.

2.Лаптев, В.Д., Татаринов В.А. Терминологический вестник. Новые пути описания терминологии.— М.— Л., 2000.

3.Толикина, Е.Н. Лингвистические проблемы научно-технической терминологии.— М.: Наука, 2006.

4.Реформатский, А.А. Введение в языкознание.— М.: Аспект Пресс, 2008.

5.Гринев, С.В. Введение в терминоведение.— М., МГУ, 1993.

6.Лейчик, В.М. Терминоведение: предмет, методы, структура.— М.: КомКнига, 2006.

7.Кузькин, Н.П. Вестник ЛГУ. К вопросу о сущности термина, № 20, вып. 4. Л.: Наука, 1962.

8.Капанадзе Л.А. Развитие лексики современного русского языка.— М.: Наука, 2005.

9.Рецкер, Я.И. Что же такое лексические трансформации? «Тетради переводчика» № 17 — М.: Международные отношения, 1980.

10.Чжоу Югуан. Модернизация китайского языка и письменности. Языкознание в Китае.— М., 1989.

11.Кочергин, И.В Основы научно-технического перевода с китайского языка на русский.

12.О «Китайской грамматике» Иакинфа (Н.Я. Бичурпиа) // Н.Я. Бичу-рин и его вклад в русское востоковедение: Материалы конференции. Ч.1.— 1.1.: Наука,1977.

13.О факультативности и избыточности в китайском языке // Восточное языкознание. Факультативность.— М.: Наука,

1982.

160

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]