Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-ЫЛМЫСТЫ-ПРОЦЕСКЕ-АТЫСУШЫЛАР.doc
Скачиваний:
79
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
470.53 Кб
Скачать

Анықтаушының өкілеттігі

Анықтаушының құқықтары

Тергеу және басқа да процессуалдық әрекеттерді өз бетінше жүргізуге

Қіжк-нің 67 бабының 3,4 тарм. бойынша сотқа дейінгі іс әрекеттерді жасауды

Прокурордың санкциясы мен соттың шешімін алу және қіжк-нің 66-бабының 5-тармағын қоса

Алдын ала тергеуді қажет етпейтін қылмыстық істер бойынша

Алдын ала тергеуді қажет ететін қылмыстық іс бойынша

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37- тарауындағы ережелерді қолдану

Кейінге қалдыруға болмайтын істерді анықтау органының бастығының тапсыруы бойынша іс қозғау

Анықтау мен бекіту жөніндегі кейінге қалдыруға болмайтын істер жөнінде алдын алу шараларын қолдан және бұл туралы прокурорға 24 сағаттан кешіктірілмей хабарлауға

3.Тарау.Өз құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылар

3.1.Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылардың түрлері

Cезікті. Бұрынғы қылмыстық іс жүргізу кодексінде сезікті деп тану үшін негізсіз кең ауқымды түсінік берген. Атап айтқанда, С.Бекешов, сезікті дегеніміз-"қылмыстың жасалауына ықтимал кінәлі, қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен процеске тартылған немесе сезікті ретінде жауап беруге шақырылған адам” деп атап көрсетті.13 В.М. Савицкий және Л.Д.Кокорев бастаған бір топ ғалымдар сезікті ретінде қылмысытқ іс қозғалған кез келген адамды тануды ұсынады. Идея назар аударуға және қылмыстық іс жүргізу заңдарына қабылдауға тұрады, өйткені:

Айып тағылғанға дейін қылмыстық іс қозғалған адам бұрынғы қылмыстық іс жүргізу заңдарында ешбір белгіленбеген, яки оның құқықтық мәртебесі айқындалмаған, басқаша айтқанда құқықтар мен міндеттері жоқ; адам заң белгілеген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы нәтижесінде ғана құқықтық қатынастардың қатысушысы бола алатын белгілі, ал олардың болмауы тергеу мүдделі болып отырған адамға қатысты қылмыстық ізге түсуді бастау іс жүзінде мүмкін еместігін білдіреді;

-мұндай адамның құқықтық мәртебесінің белгісіздігі жағдайында Қазақстан Республикасының Конституциясы және өзге де белгілеген азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын бұзуға жәрдемдесетін жағдай туындайды. Сонымен, қылмыс жасауы ықтимал адамнан іс жүзінде айыптау тағылғанға дейін куәгерден жауап алу ережелері бойынша жауап алынады,14 мұның өзі ақиқат айғақ беру міндетін білдіреді, керісінше жағдайларда қасақана жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауаптылық туындауы мүмкін.

Қылмыстық іс қозғалған адамды терминологиялық тұрғыдан өзгеше белгілеу ұсынысы әдебиетте кездеседі. Мәселен,М.Шешуков мұндай адамды “күдік тағылған адам” деп атауды ұсынды.Осы арқылы сотқа дейінгі кезеңдерде процессуалдық мағынадағы белгілі бір жеке тұлға мынадай түрде өзгеріске түсуі мүмкін: Қылмыстық іс қозғалған сәттен бастап ол күдік тағылған болып саналады, айып тағылғаннан кейін айыпталушы болып табылады. Күдік тағылған адам сезіктіге айнала алмайды.М.Шешуков ұсынысының тартымдылығына қарамастан оның кемшілігі де бар.Терминдердің фонетикалық үндестігі әртүрлі процессуалдық тұлғалардың мәртебелерінің араласып кетуіне әкелуі мүмкін; оның үстіне сотқа дейінгі кезеңдерде орын алған күдік тағылғанның, сезіктінің және айыпталушының мәртебелерінің айырмашылықтарын белгілеуде елеулі қиындықтар туындайды. Осы айтылғандар, В.М.Савицкийдің және оның ізбасарларының көзқарасы.

Сезіктінің процессуалдық тұлғасы қылмыстық сот ісін жүргізуде анағұрлым күрделі болып табылыады. Қазіргі заң бойынша Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес сезікті дегеніміз-өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам. 1)оған қатысты іс қозғалған,2)қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған адамды;3)айыптау табыс етілгенге дейін бұлтартпау шаралары қолданылатын адамды білдіреді.Сонымен бірге сезікті дегеніміз-қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарының бірден-бір қатысушысы, оның мәртебесі-адамды күдікті деп тану туралы қаулы шығарудың салдарынан емес, осы адамға процессуалдық мәжбүрлеу шаралын қолдану нәтижесінде немесе қылмыс жасады деп күдіктенуге байланысты оған қарсы қылмыстық іс қозғау нәтижесінде белгіленеді. Сезіктінің процесте пайда болуынаң заң белгіленген негіздері оның әрбір қылмыстық іс тікелей қозғалған сәттен бастап қатысуын жоққа шығарады.Сонымен бірге нақты адамға қатысты қылмыстық істің қозғалуы оны сөз жоқ,сезіктінің жағдайына қояды.

Сезіктінің процессуалдық жағдайы істе жеке мүддесінің болуына байланысты.Бұл орайда адамдардың жеке және заңды мүдделері барлық уақытта бірдей сәйкес келе бермейді.Сезікті-өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылардың тізбесін ашатын маңызды процессуалдық тұлғалардың бірі.Сезіктінің мүдделерін қорғаудың іс жүргізушілік нысандары әр қилы. Айыптау табыс етілгенге дейін сезікті ұстап жүзеге асырылған немесе оған бұлтартпау шараларын қолдану кезінде ол қорғаушымен қамтамасыз етілуге тиіс,әрі алғашқы жауап алу жүргізілгенге дейін қорғаушымен оңаша және құпия түрде кездесуге құқығы болуға тиіс.Қорғаушының болмауы ұсталған адамға айғақ бермеуге мүмкіндік береді.Қорғаушының болуы ұсталған адамға алғашқы жауап өткізілгенге дейін-ақ өзі үшін анағұрлым тиімді бағыт ұстануына мүмкіндік береді.

Алғашқы жауап алу аяқталғаннан кейін сезікті мүмкін болатын тәсілмен (телефон арқылы, басқа да белгілі байланыс арналары бойынша)өзінің ұсталғандығы және тұрғылықты орны немесе жұмысы бойынша қамаудағы орны туралы хабарлауға құқылы.

Сезіктіні ұстаудың шекті мерзімі жетпіс екі сағаттан аспауы керек. Аталған мерзім ішінде мына шешімдердің біреуі таңдалады: сезіктіні қамаудан босату; таңдап алынған бұлтартпау шараларын жоққа шығару;адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту. Сезікті заңмен белгілеген барлық процессуалдық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алады. Бұл туралы сезіктіге қылмыстық ізге түсу органдары түсіндіру қажет.

Айыпталушы. ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының басында айыпталушының мәні туралы мәселе даулы болды.Осындай көзқарасқа сәйкес айыпталушы бір мезгілде жазалауды, мәжбүрлеу шараларының және зерттеудің обьектісі және сонымен бірге іс жүргізушілік жағдайдың субьектісі болып табылады.Мысалы,А.Я.Вышинский осыған байланысты былай деп жазды:”айыпталушының процесте оның обьектісі ретінде ғана емес, сонымен бірге іс жүргізушілік құқықтардың субьектісі ретіндегі жағдайы-айыпталушының жауаптарын соттық дәлелдеудің мәні мен қамтамасыз ететін маңызды шарттардың бірі”15 Айыпталушының іс жүргізушілік мәнін Р.Д.Рахунов, Л.М.Карнеева,М.С.Строгович басқаша түсінді. Олар іс жүргізушілік құқықтары бар дербес тұлға ретінде айыпталушы құқықтық қатынастардың субьектісі ғана болып табылады деп дәлелдеді.Осыған байланысты Р.Д.Рахунов былай деп атап өтті:”Айыпталушы құқық обьектісі бола алмайды.Ол осы терминнің қылмыстық-құқықтық мәні тұрғысынан обьекті бола алмайды.Айыпталушының іс-қимылы қылмыс құрамының обьективті жағын қарауы мүмкін”(16.78.)

Сонымен,айыпталушы деп, айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шығарылған адамды не сотта жеке айыптаумен қылмыстық іс қозғалған адамды,сондай-ақ анықтау органының бастығы оған қатысты айыптау хаттамасын жасаған және бекіткен адамды білдіреді.Айыпталушының жағдайы сезіктінің жағдайымен көп жағдайда ұқсас.Олардың құқықтық мәртебесіндегі негізгі айырмашылықтар “сезік” және ”айып” ұғымдары арасындағы айырмашылықтарға байланысты.

Қылымыстық сот ісін жүргізуде айыпталушының мынадай құқықтары бар:

-өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін амалдармен және тәсілдермен қорғауға;

-қорғануға даярлану үшін жеткілікті уақыт пен мүмкіндік алуға,

қылмыстық ізге түсу органынан өзіне тиесілі құқықтар туралы шұғыл түсінік алуға;

-не себепті айыпталып отырғанын білу және өзін айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының көшірмесін алуға;

-тағылған айып бойынша түсінік пен жауап беруге;

жауап беруден бас тартуға;

-қалау-тілектерін мәлімдеуге;

-іс аяқталғаннан кейін тергеудің барлық материалдарымен танысуға;

-қорғаушы қызметін пайдалануға,онымен оңаша және құпия түрде кездесуге;

-алғашқы сатыдағы сотта соттық талқылауға қатысуға;

-анықтаушының, тергеушінің, прокурордың, соттың іс-қимылы мен шешімдеріне шағымдар айтуға;

-соңғы сөз құқығын пайдалануға;

-бетпе-бет кездесу кезінде сұрақтар қоюға;

-қылмыстық процесті жүргізуші органнан өзінің құқықтары мен мүдделеріне ықпал ететін іс жүргізушілік шешімдердің қабылданғандығы туралы хабар алуға;

-сарапшыға сұрақтар қоюға, сараптама тағайындалғаны туралы қаулымен танысуға, сондай-ақ сараптама қорытындыларымен танысуға;

-тергеу аяқталғаннан кейін тергеудің барлық материалдарымен танысуға және ондағы кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;

ақтамайтын негіздермен істі тоқтатуға қарсылық білдіруге;

-жария соттық талдауды талап етуге, сондай-ақ заңмен белгіленген басқа да құқықтар мен міндеттерге ие болады.

Айыпталушы тергеу мен соттан жалтармауға міндетті. Тергеу мен соттан жалтару қылмыс үшін жаза белгілеу тұрғысынан жазалау шарасына ешбір ықпал етпейді. Бірақ заң үкім шығарғанға дейін орын алуы мүмкін қылмыстық-процессуалдық санкцияларды қарастырады. Мұндай санкцияларға: - бұлтартапу шараларын таңдау; - анағұрлым жұмсақ бұлтартпау шараларын анағұрлым қатал түрлеріне өзгерту; -айдап әкелуді жүзеге асыру. Бұдан басқа іс жүргізуге айыпталушы қатысатын тергеу және сот қимылдары уақыты белгіленген тәртіпті сақтау айыпталушының міндетіне кіреді. Бұл бөлікте де заң санкцияны қарастырған. Атап айтқанда, сотта тәртіп бұзатын адамдарға ескерту жасалады, содан кейін сот залынан шығарылады.

Жәбірленуші. Жәбіршенуші деп, қылмыстық процесті жүргізуші органның тиісті қаулысымен оған қылмыспен тікелей моральдық,дене және мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға ол жөнінде негіз бар адамды атаймыз. Жәбірленушіге қылмыспен келтірілген зиян,оның алдын ала тергеу мен сотқа қатысуына байланысты келтірілген шығындар толық өтеледі. Жәбірленушінің, ал ол қайтыс болған жағдайда- онық құқықтық мұрагерлерінің аса ауыр қылмыс жасағаны үшін өлім жазасына сотталған адамға қатысты үкім орындалған жағдайда және өлім жазасына кесілген адамның осы қылмыспен келтірілген залалды толық көлемде өтеу үшін жеткілікті мүлкі болмаған кезде республикалық бюджеттің қаражаты есебінен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Бұл жағдай қылмыспен келтірілген залал үшін мемлекеттің есебінен өтемақы төлеу туралы мәселені жәбірленушінің өтініші бойынша өлім жазасы туралы үкімді шығарған сот шешеді. Жәбірленушінің көрсетілген жағдайларда,егер залал бір мың ең төменгі есептік көрсеткіштен аспаса,залалдың толық көлемінде өтелуіне құқығы бар.