- •1. Тарау. Қылмыстық процеске қатысушылар,олардың
- •2.Тарау. Қылмыстық процеске қатысушылар
- •3.Тарау.Өз құқықтары мен мүдделерін қорғайтын
- •Қорытынды…………………………………………………...………74-76
- •Iтарау. Қылмыстық процеске қатысушылар,олардың ұғымы мен жіктелуі
- •1.1.Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі
- •1.2.Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары.
- •1.3.Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар.Қарсылық білдіру
- •2.Тарау. Қылмыстық процеске қатысушылар
- •2.1.Сот-қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі
- •2.3.Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы мен тергеушінің ролі
- •Тергеу бөлімі бастығының өкілеттігі
- •Бақылауды жүзеге асыру
- •Тергеушінің өкілеттігі.(11.77)
- •Тергеушінің өкілеттігі
- •Құқықтары
- •Міндеттері
- •2.3.Анықтау органы. Анықтаушы.
- •Анықтау органдары
- •Анықтау органдарының өкілеттігі
- •Анықтаушының өкілеттігі
- •Анықтаушының құқықтары
- •3.Тарау.Өз құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылар
- •3.1.Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылардың түрлері
- •Ж Жәбірленуші мынадай құқықтарға ие:әбірленушінің құқықтары.
- •Азаматтық талапкер
- •Азаматтық жауапкер.
- •3.2.Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар және олардың түрлері, құқықтары мен міндеттері.
- •Маманның міндеттері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Маманның міндеттері
Іс
жүргізуші органның шақыртуы бойынша
келуге
өзінің
іс әрекеттері туралы түсіндірмелер
беруге
Сот
талқылауына, тергеу әрекеттеріне қатыса
отырып, дәлелдерді табу,бекіту және
алу үшін арнаулы білімін, дағдысын
және ғылыми-техникалық құралдарды
пайдалана отырып,тергеу іс әрекеттерін
жүргізуге
өзіне
іске қатысуына байланысты белгілі
болған істің мән-жайлары туралы
мәліметтерді және өзге мәліметтерді
жарияламауға
Тергеу
іс әрекеттерін жүргізу кезінде және
сот отырысы уақытында тәртіп сақтауға
міндетті.
Маманға берілетін құқықтарға: өзінің шақырылу мақсатын білуге; іс бойынша іс жүргізуге қатысудан бас тартуға; сот әрекетіне қатысушыларға сұрақтар қоюға; өзі қатысқан тергеу әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ сот отырысы хаттамасының тиісті бөлігімен танысуға және өзінің қатысуымен жүргізілген әрекеттердің барысы мен нәтижелерінің көрсетілуінің толықтығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізуге жататын мәлімдемелер мен ескертпелер жасауға;қылмыстық процесті жүргізуші органның іс-әрекетіне шағым жасауға; аудармашыдан бас тартуға,өзінің тергеу немесе сот әрекеттеріне қатысуына байланысты өзінің келтірілген шығындарға өтем және егер іс бойынша іс жүргізу оның қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға т.б.құқықтары бар.
Сот приставы. Соттар қызметінің және сот шешімдерін орындаудың белгіленген тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындаушы лауазымды адам сот приставы болып табылады. Сот приставы бас бостандығымен айырумен байланысты емес жазалардың атқарылуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді және сот орындаушыларына атқару құжаттарын мәжбүрлеп атқаруда көмек көрсетеді. Сот талқылауы кезінде залдағы тәртіпті бақылайды. Сондай-ақ, төрағалық етушінің өкімін орындайды және соттарда судьяларды, куәлерді және басқа да процеске қатысушыларды қорғауды жүзеге асырады, оларды басқаның ықпалынан қорғайды. Соттың іс жүргізу іс әрекетін жүргізуіне жәрдемдеседі.Сотқа келуден жалтарған адамдарды алып келуді жүзеге асырады. Сондай-ақ, өзіне заңмен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Сот отырысының хатшысы. Сот отырысының хаттамасын жүргізетін, қылмыстық іске мүдделі емес мемлекеттік қызметші сот отырысының хатшысы болып табылады. Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығына жауап береді.Ал, дұрыс емес бөлігіне жауапты болады.
Сот отырысы хатшысының міндеттері: өзі хаттамалауды қамтамасыз етуі, қажетті барлық уақытта сот отырысы залында болуға және сот отырысына төрағалық етушінің рұқсатынсыз кетпеуге; хаттамада соттың іс әрекеті мен шешімін, соттың отырысына қатысушы барлық адамдардың өтініштерін, қарсылықтарын, жауаптарын, түсініктемелерін, сондай-ақ сот отырысының хаттамасында көрсетеуге жататын басқа да жағдайларды толық жазуға; сот отырысынң хаттамасын осы кодексте белгіленген мерзімде дайындауға; төрағалық етушінің заңды өкіміне бағынуға; жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жәйлар туралы мәліметтерді жарияламауға міндетті.