Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-ЫЛМЫСТЫ-ПРОЦЕСКЕ-АТЫСУШЫЛАР.doc
Скачиваний:
79
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
470.53 Кб
Скачать

1.2.Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары.

Мемлекет қылмыстық процеске қатысушыларды, атап айтқанда, судьяны, тергеушіні,прокурорды, анықтаушыны , сарапшыны, маманды, қорғаушыны, сот приставын өз қорғауына алады. Сондай-ақ, осы аталғандармен қоса олардың отбасы мүшелері. және жақын туыстарын да өз қорғауына алуы тиіс.

Осы аталған адамдар үшін мемлекет заңда көзделген тәртіппен сотта қылмыстық істерді немесе материалдарды қарауға, анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты олардың өміріне қауіп төнуден немесе күш қолданудан қауіпсіздендіру шараларын қолдануды қамтамасыз етеді. (4.77)

Қылмыстық іс жүргізуді жүргізуші орган, егер қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша сол істі жүргізуге байланысты оларға күш қолдануды немесе қылмыстық заң бойынша тыйым салынған әрекеттерді жасаудың нақты қаупі болса, жәбірленушінің, куәнің, айыпталушының қылмыстық процеске қатысушы басқа да адамдардың сондай-ақ, олардың отбасы мүшелері мен жақын-туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бұл жөнінде қылмыстық істі жүргізуші орган ауызша немесе жазбаша мәлімдемесі негізінде аталған адамдардың қауіпсіздігінің қамтамасыз ету жөнінде тиісті қаулы шығарады. Қатысушылардың жазбаша немесе ауызша мәлімдемесі болып табылады. Мысалы, қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы адамдардың, олардың отбасы мүшелерінің және жақын-туыстарының өздерінің қауіпсіздігі шараларын қолдану туралы мәлімдемелерін қылмыстық процесті жүргізуші орган алған сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қарайды. Қабылдағаны туралы қаулыны мәлімдеушіге дереу хабарланады. Сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы мәлімдеме қабылданбауы да мүмкін. Бұндай реттерде қылмыстық процеске қатысушы немесе олардың жақын-туыстары, отбасы мүшелері прокурорға немесе сотқа шағымдану құқығы беріледі. Қауіпсіздік шараларын қолданудан бас тарту, егер бұрын берілген өтініштен көрініс таппаған, яғни өздеріне белгісіз мән-жайлар туындайтын болса, бұл туралы қайтадан мәлімдеме жасауға құқылы.

Қылмыстық сот ісін жүргізуге басқа да қатысушылардың және куәлердің, сезіктілердің, айыптаушылардың, сондай-ақ олардың отбасыларының, жақын туыстарының іс жүргізу қауіпсіздігінің шараларына мыналар жатады:

1)қорғалатын адам туралы мәліметтер алуға шек қою, яғни құпияда ұстау;

2)қорғалатын адамның жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

3)қылмыстық процесті жүргізуші органның күш немесе қылмыстық заңда тыйым салынған басқа да әрекеттің қаупі шыққан адамға онда мүмкін болатын қылмыстық жауапқа тарту туралы ресми ескерту жасайды;

4)сезіктіге немесе айыпталушыға қатысты қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты күш қолдану немесе күш қолдануды ұйымдастыру немесе өзге де қылмысты әрекеттер жасау немесе жасауды ұйымдастыру мүмкіндігін жоққа шығаратын бұлтартпау шараларын таңдау қолданылады.

Аталған төрт бөлімді түсіндірер болсақ:

1)қылмыстық жауапқа тарту туралы ресми ескерту іске қатысушыға қол қойғызу арқылы хабарланады. Ескертуді қылмыстық процесті жүргізуші орган енгізеді.

2)қорғалатын адам туралы мәліметтер алуға шек қою деп, қылмыстық істің материалдарынан адамның анкеталық деректері туралы мәліметтерді алып, оның негізгі іс жүргізуден бөлек сақтаудан, бұл адамдардың бүркеншік ат пайдалануынан тұрады. Негізгі іс жүргізуден оқшауландырылған материалдармен танысу үшін қылмыстық процесті жүргізуші органға ғана рұқсат етіледі. Қылмыстық процеске қатысатын басқа да қатысушылар онымен осы мәліметтерді жарияламау туралы қолхат бере отырып, қылмыстық процесті жүргізуші органының рұқсатымен ғана таныса алады. Қауіпсіздік шараларын қолданатын адамның қатысуымен іс жүргізу әрекеттері қажет болған жағдайларда оны тануды болдырмайтын жағдайларда жүргізіледі. Бұл жағдай қатысушының (сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің) қауіпсізідігінің кепілі болып табылады.

Ал куәгерлердің, сезіктінің, айыпталушының, қылмыстық сот жүргізуші басқа да адамдардың және олардың жақындарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тәртіптері заңмен айқындалады.

Сондай-ақ, қылмыстық процесті жүргізуші органның дәлелді қаулысымен қауіпсіздік шаралары тоқтатылады. Бұл туралы қорғалатын адамға, оның қауіпсіздік шараларының тоқтатылуы туралы деректердің іс бойынша іс жүргізуге қатысушы адамдарға ашылғандығы туралы дереу хабарланады.

Сот куәнің,айыптау тарабының өтініші бойынша, сондай-ақ куәнің және оның жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өз бастамашылығы бойынша куәден:

1)бүркеншік атты пайдалана отырып, оның жеке басы туралы деректерді жарияламастан;

2)оны тануды болдырмайтын жағдайларда;

3)оны сот талқылауынан басқа қатысушылардың көзіне көрсетпей жауап алу туралы қаулы шығаруға құқылы;

Төрағалық етуші бейне, дыбыс жазуды жүргізуге және жауап алуды сақтаудың өзге де әдістерін жүргізуге тыйым салуға, сот отырысы залынан айыпталушыны қорғау тарабының өкілдерін шығарып жіберуге құқылы. Сот процеске қатысушылардың біреуі болмағанда

көрсетуін сот төрағалық етуші, ол куә туралы мәліметті көрсетпестен оған бар қатысушылар қатысып отырғанда хабарлайды. Қажет болған жағдайларда сот процеске қатысушылардың және заңда көзделген өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде басқа да шаралар қолданады. Сот талқылауына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы соттың қаулысын қылмыстық ізге түсуші органдарына сондай-ақ сот приставына жүктеледі.