Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-ЫЛМЫСТЫ-ПРОЦЕСКЕ-АТЫСУШЫЛАР.doc
Скачиваний:
79
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
470.53 Кб
Скачать

Азаматтық жауапкер.

Азаматтық жауапкер деп,келтірген зияны үшін мүліктік жауаптылықта болатын жеке немесе заңды тұлғаны айтамыз. Бұл туралы қаулы шығарылады.

Азаматтық жауапкер ретінде тануға қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысы болып табылады.

Қылмыстық жолмен

Заңмен тыйым салынған әрекетімен келтірген зияны үшін

Азаматтық жауапкердің заңмен белгіленген құқықтары бар. Сотқа дейінгі сатыда мынадай құқықтарға ие: өзінің қатысуымен жүргізілетін тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға; азаматтық талапқа оның қатысты бөлігіне қарсылық білдіруге; тергеу аяқталғаннан кейін азаматтық талапқа қатысты істің материалдарымен танысуға және олардан кез келген көлемде кез келген мәліметті көшіріп алуға т.б.

Азаматтық жауапкердің сот сатысында мынадай құқықтарға ие:кез келген сатыдағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға; сот жарыссөздерінде сөйлеуге; сот отырысының хаттамаларымен танысуға және ескертулер енгізуге; мәлімделінген шағымдар мен наразылықтарды қарағанда соттың қарауына қатысуға; азаматтық талап бөлігінде соттың қаулыларымен шағымдарына шағымдануға және т.б.

Азаматтық жауапкердің істің барлық сатыларындағы құқықтары:істің мәні бойынша түсініктер мен айғақтар беруге; талапқа қарсылық білдіруге; өкілдер алуға; істі жүргізуші органның шешіміне немесе әрекетіне шағымдар беруге; азаматтық талап бойынша шешімдердің көшірмелерін алуға; айғақтар беруге; өзінің білетін тілінде не ана тілінде жауап беруге;

3.2.Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар және олардың түрлері, құқықтары мен міндеттері.

Жоғарыда атап өткеніміздей, қылмыстық процеске қатысушыларды үш шағын топқа бөліп қарастырдық. Оның бірінші шағын тобына, дәлелдер беру жөніндегі міндеттерді орындайтын процеске қатысушылар деп куәлер мен сарапшыларды жатқыздық. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдарға маманды, сот приставын, аудармашыны, сот отырысының хатшысын атап өтуге болады. Заңмен осы аталған процеске қатысушылар үшін құқықтар мен міндеттер жүктелген.

Куәлер. ХХ ғасырыды 30-шы жылдарындағы әдебиеттерде белгілі бір фактілер туралы куәгерден қайта-қайта жауап алуды болдырмауды ұсында. Куәгерлерден қайталап жауап алуды жүргізбеу туралы тергеушіге құқық берген орынды болар еді, әрине егер тергеуші анықтау органының жауап алуын жеткілікті деп таныса.(20.78)

Сонымен куәгер дегеніміз – сотта немесе тергеуде іс үшін маңызы бар қандай да болсын мән-жай белгілі болуы мүмкін кез келген адамды айтамыз.21 Қылмыстық іс жүргізу құқығында куәгердің процестегі мәні мен құқықтық жағдайын заң қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушы ретінде түсіндіреді. Куәгерді “бірегей процессуалдық тұлға” ретінде сипаттай келіп А.Р.Михайленко былай деп атап өтеді: “Куәгер дегеніміз-іс бойынша шындықты белгілеуде,іс бойынша заңды және негізделген” шешімдерді қабылдауда әділеттің салатанат құруына шешуші роль атқаратын дербес тұлға.Ол жалғыз өзі ғана оқиғаның куәгері бола алады. Ол іс бойынша жауап беруді немесе бермеуді өзі шешеді.Осы заманның ғылымның даму деңгейі адамның миынан оның еркінен тыс ақпарат алуға мүмкіндік бермейді. Бұл құқықтық проблема ғана емес, аса адамгершілік проблемасы. Заң іске қатысушы адамдардың күш қолдану, қауіп төндіру және басқа да заңсыз шаралар арқылы жауаптар алуына тыйым салады. Куәгердің бірегейлігі оның қылмыстық-процессуалдық мәні бар мынадай сипаттарынан көрінеді: - куәгер ауыстырылмайды; -өзінің ауыстыруға болмайтындығына байланысты, істің нәтижесіне мүдделілік себептері бойынша ол істен тысқары қала алмайды.

Іс бойынша мыналар куәгер бола алмайды:а)айыпталушының қорғаушысы-қорғаушы міндеттерін орындауына байланысты өзіне айыпталушыдан белгілі болған істің жағдайлары туралы;ә)өзінің балалық жасына,өзінің дене немесе жүйке кемістіктеріне байланысты іс үшін мәні бар құбылысты дұрыс қабылдауға жай-күйі көтермейтін жәнедұрыс жауап бере алмайтын адамдар;б)адвокат,қоғамдық ұйымның өкілі-өкіл міндеттерін орындауына байланысты өзіне белгілі болған жағдайлар туралы;в)бұған қоса заң адамнан оның өзіне, жұбайына немесе зайыбына,жақын-туыстарына қарсы жауап алынбайды деп белгілейді,сондай-ақ діни қызметкерден оған сенім білдіретін діндестеріне, егер осы адамдар жауап беруге өзінің келісімдерін бермесе,қарсы жауап алуға болмайды.22 г) судья-іс бойынша процеске қатысуына байланысты куә бола алмайды.

Куәгердің міндеттері: шақыру бойынша келуге;дәлелсіз себептермен келмесе айдап әкелінуі мүмкін; 2)жауап беру;жауап беруден бас тартса қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.;3)ақиқатты айту;қасақана жалған жауап берсе қылмыстық жауаптылыққа тартылады;4)өзі қатысатын тергеу жұмысын жүргізу кезінде тәртіпті сақтауға т. б.міндеттері бар.

Куәгердің құқықтары:мәжбүрлеусіз жауап беруге;егер құқықтары мен мүдделері бұзылатын болса, іс жүргізушінің әрекетіне шағымдануға;жұмыс орны бойынша орташа жалақысы сақталуына; сотқа келуіне байланысты шығындарын төлетуге;өзінің ана тілінде жауап беруге; жауап алу хаттамасында өзінің сөздерін өз қолымен жазуға; өзінің қалауы бойынша жасайтын мәлімдемесін адвокаттың қатысуын сұрауға және т.б. заңмен белгіленген құқықтары бар.

Сарапшы. Сарапшы деп, арнаулы ғылыми білімі бар адам және іс бойынша іс жүргізу органдарының қойған талаптары бойынша қорытынды бере алатын, сол қорытындылары бойынша жауап беретін тұлғаны айтамыз. Сарапшыны іс бойынша зерттеу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән-жәйлар алынуы мүмкін жағдайда тағайындайды. Сарапшы өз бетінше, яғни сараптама тағайындайтын органның арнаулы рұқсаты болмаса өз бетінше зерттеулер жүргізуге құқығы жоқ. Егер сарапшы іс бойынша жалған қорытындылар берсе қылмыстық жауапқа тартылады.

Сарапшының құқықтарына: сараптама жүргізуге қатысты іс материалдарымен танысуға, сараптама жүргізуге қатысты сұрақтар қоюға, тергеу әрекеттеріне қатысуға, тек алдына қойылған мәселелер бойынша ғана емес, сонымен қатар іске қатысы бар басқа да мән-жайлар бойынша қорытындылар беруге,өзі білетін тілде немесе ана тілінде қорытынды немесе айғақтар беруге, өзінің арнаулы білімінен тыс мәселелер бойынша немесе материалдар қорытынды беруге жеткіліксіз болса қорытынды беруден бас тару құқығына,сондай-ақ басқа да құқықтарға ие.

Сарапшының міндеттері: қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша,жүргізілген зерттеулер мен берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша жауап беруге,сараптама жүргізуге байланысты өзіне мәлім болған мән-жайларды жарияламауға міндетті.

Маман.Маман тергеуге және сот әрекеттеріне қатысу үшін мүдделі емес адам. Бірақ, дәлелдерді жинауда, зерттеуде және бағалауда, сондай-ақ техникалық құралдарды пайдалануда жәрдем көрсету үшін шақырылуы мүмкін. Мысалы, кәмелетке толмағандардан жауап алуда маман ретінде педагогтар немесе дәрігерлерде қатыстырылуы да мүмкін. Маман, өзінің міндеттерін орындаудан дәлелсіз себептермен бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылады.