Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Germania_1.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
78.66 Кб
Скачать

2.Экономикалық-географиялық орны

Аумағы – 356,96 мың км2. Астанасы – Берлин. Германия Федеративтік Респубикасы Орталық Еуропадағы ірі мемлекеттердің бірі. Германия солтүстікте Балтық және Солтүстік теңіздерімен Киль каналы арқылы шекараласады. Сонымен қатар солтүстікте құрлық арқылы Даниямен (68 км) шектеседі де, шығысында Одер өзені арқылы Польшамен (458км ) және Чехиямен (646 км) шектеседі. Оңтүстікте Австрия (784 км) және Швейцариямен (334 км) шекарасы Альпі таулары арқылы Боден көлімен өтеді. Батыста Франциямен-451 км, Люксембургпен - 138 км, Бельгиямен -167 км және Нидерландымен 577 км шектесіп жатыр./1/

ГФР-дің экономикалық-географиялық жағдайының маңызды ерекшелігі – ендік және меридиандық бағыттағы трансеуропалық сауда-көліктік жолдар қиылысында орналасқан оның орталық жағдайы, Балтық және Солтүстік теңіздерге шығатын кең жолдың болуы, Рейн және Дунай сияқты халықаралық өзендерді пайдалану мүмкіндігі, Батыс, Солтүстік және Шығыс Еуропаның тоғыз елімен тікелей құрлықтық көршілестігі.

Ірі 13 әуежай, 6,8 мың шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-түні жұмыс істейді. Бұған Солтүстік теңіздегі Гамбург пен Бремен, Балтық теңізіндегі Киль, Любек және Росток теңіз порттары қосылады.

Франкфурт (Рейн-Майнде, 53 млн. адамдай жолаушы айналымы) және Мюнхен (35 млн. адамдай жолаушы айналымы бар) әуежайлары әлемнің аса ірі әуежайларының қатарына кіреді. /2/

ГФР-дың жалпы автомобиль жолының ұзындығы 650 мың км-ді құрайды.

Тасымалдың 25 %-ы өзен мен каналдар жүйесіндегі кеме қатынасының үлесінде. Ел ішінде мұнайдың 80%-ы құбыр арқылы тасымалданады. Германияның ірі теңіз-сауда флоты бар. Бұл флоттың кемелері Бремен және елдің төртінші ірі қалалық агломерациясы әрі негізгі теңіз және өзен порты -Гамбург(жүк айналымы 47 млн. тонна) сияқты порттардан әр түрлі бағыттарға аттанады. Одан басқа ірі поррттары Вильгнельсхафен, Бремен, Бремерхафен, Эмден. Теңіз флотының тоннажы -8,4 млн.

Азаматтық авиация мемлекеттік «Люфтганза» компаниясының монополиясында. Басты аэропорттары: Майндағы Франкфурт, Кёльн-Бонн./3/

1. Мәшімбаев С.М. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945 жж.) Алматы «Қазақ университеті» 2004жыл 170 бет

2.Дәуірбаева Т. Европа мен Америка елдерінің тарихы, Түркістан, 2004 жыл 154 бет

3.В.П.Максаковский, Ш.М.Надыров, Ә.Т.Мылқайдаров Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы Алматы 2013 жыл,168-169 бет

3.Табиғат ресурстары мен байлықтары

Германия аса жоғары дәрежеде дамыған индустриялы-аграрлы ел. Ұлттық табыстың жартысынан астамын өнеркәсіп береді.

Басты пайдалы қазбаларына-қоңыр және тас көмір жатады. Қоры бойынша Рур Бассейні Батыс Еуропада бірінші орынды алады. Алайда оны өндіру айтарлықтай қиындықтар туғызады.

Германияда калий тұзының үлкен қоры Заале мен Везер өзендерінің аралығында шоғырланған.

Ал темір рудасы импорттық бәсекеге лайықты. Никель мен марганец 100 жылдан бері өндіріліп келеді. Германия түсті металдарға бай емес. Онда жанармай түрлерімен қамтылмаған. Солтүстік аймақта жылына 5-6 миллион тоннадай мұнай өндіреді, ол бұл ресурсқа деген қажеттіліктің 5 %-ын да өтемейді. Мұнда скважиналар өте төменде. Скважиналардың саны-2900.

Отынды пайдалануда мұнай 1-орынға шықты, табиғи газдың үлесі өсті.

50-60 жылдарда Роттердам-Кёльн, Вильгельмсхафен- Кёльн, Марсель-Карлсруэ-Ингольштадт мұнай құбырлары салынды. Генуя мен Триестен Ингольштадқа мұнай құбырлары тартылды. Бірнеше мұнай айыру заводтары салынды.

Германия қоңыр көмірді кең көлемде игереді. Басты көмір бассейндері батыста Кельннен (400 м тереңдікте) Галлаға - Лейпциг және төменгі Лаузицеге дейін, оңтүстік-шығыста Берлиннен күншығыс германдық карьеріне дейін. Германияның солтүстік-батысында мұнайдың және табиғи газдың қосалқы қорлары бар.

Рудалық қазынды байлықтарынан темір, қорғасын, мырыш, мыс рудалары және бейрудалары, калий тұзы өндіріледі. Лотарингия аймағы темірге өте бай. 1970 жылы 33,7 млн. тонна шойын, 45 млн. тонна болат қорытылған. /1/

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]