Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Germania_1.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
78.66 Кб
Скачать

4. Мемлекеттік құрылысы

Германия – федеративті парламенттік республика. Жоғарғы заң шығарушы органы-парламент.

Германия парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесрат үкімет өкілдері 68 мүшеліктен тұрады. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестагтөрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. (әр өлкеден 3-5 өкілден). Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сайланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Президент ресми түрде мемлекет басшысы деп саналғанымен, негізінде тек өкілділік міндетті атқарады. Федералдық канцлермемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Қазіргіфедералды канцлері-Ангела Меркель.

1. . Языков Е.Ф. История стран Европы и Америки — Москва, 1971год, стр 151

2.Қазастан Ұлттық Энциклопедиясы, 3 том, Алматы,2001 жыл, 9-10 бет

Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай ГФР 16 аймақтан тұрады. Олар:

1.Бранденбург 9.Бавария

2.Берлин 10.Шлезвиг-Гольштейн

3.Саар 11.Гамбург

4.Рейнланд-Пфальц 12.Бремен

5.Гессен 13.Төменгі Саксония

6.Тюрингия 14.Мекленбург-Алдыңғы Померания

7.Саксония 15.Солтүстік Рейн-Вестфалия

8.Баден-Вютемберг 16.Саксония-Антальт

Әр аймақтың өз конституциясы, парламент (ландтаг және қалалық жиын) және билігі бар. Негізгі заңы – конституция 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Кристиан Вульф, ол 2010 жылдың 2 шілдесінде сайланған./1/

Негізгі Заңды федеральды конституциялы сот қадағалайды.

Германия Федеративті Республикасында бірқатар саяси партиялар қызмет етеді:

1.1869 жылы құрылған Германия Социал-демократиялық партиясы;

2.1945 жылы құрылған Христиан демократиялық одағы. Бұл партияны Федералдық канцлер Ангела Меркель басқарады. Негізгі мақсаты – Батыс елдерімен интеграция жасау және әлеуметтік нарықтық экономика.

3. Христиан әлеуметтік одағы;

4.Еркін демократиялық партиясы;

5.Демократиялық социализм партиясы және 1990 жылы құрылған “Жасылдар” одағы.

5.Халқы:

а)Халқының динамикалық өсімі

Қазіргі кезде Германияның 82 млн.-ға жуық халқы бар. Германия мемлекеті — әзірше Еуропадағы халық саны жөнінен ең ірі мемлекет. Елдің демографиялық жағдайы өте күрделі, 70 жылдардың басында- ақ өлім туудан басым болып, соңғы кезде саяси босқындар тасқыны қосылып отырған тұрақты еңбек иммиграциясы салдарынан күшті депуляциядан құтылуға мүмкіндік болуда. Иммигранттардың саны жөнінен ГФР Еуропада бірінші орын алады олардың жалпы саны 7 млн. адамнан асып, барлық тұрғындардың 9%-ын құрайды. Әсіресе,1961 жылы 686 мың, 1970 жылы 2300 мың, 1982 жылы 4409 мың адамды құрады. Иммигранттардың негізгі бөлігі ірі қалаларға қоныс тепкен. Бұл жөнінен елдің ірі іскерлік, қаржы және маңызды өнеркәсіп орталығы Майндегі Франкфурт ерекше.

Табиғи өсім 1946 жылдан 1965 жылға дейін төмен болды, 5-8 %0, одан кейінгі жылдары одан да қатты төмендеп кетті.1972 жылдардан бастап, өлім-жітім туу көрсеткішінен жоғары болды. Қазірдің өзіңде туу көрсеткіші 10%0-ні құрайды, кейбір жылдары 8 %0 дейін жеткен. Табиғи өсім 2 %0, өлім-жітім 12 %0. /2/

  1. Малая энициклопедия стран «Торсинг», Мосвка, 2002год, стр 54

  2. Қазастан Ұлттық Энциклопедиясы, 3 том, Алматы,2001 жыл, 9-10 бет

б)Этникалық құрылымы

Елдің 99% немістер, сонымен бірге датттар мен голландықтар да тұрады.

Ерте кезден бастап ІІІ-ІҮ ғасырларда бұл аймақта славяндықтар мен кельттер мекен еткен. Неміс ұлтының негізін қалаған германдық көшпелі тайпалар бавар, сакс, алеман, тюрингендер болды. 90 жылдардың ортасында ГФР тұрғындарының ішінде (мың адам) түріктер - 1855, бұрынғы югославтар –шамамен 1000, итальяндықтар -560, гректер-350, поляктар-285, австриялықтар -185, румындар-165,испандар-135, француздар-90, чех және словактар-65, венгрлер-60, мароккалықтар-80, ливандар-55, Шри-Ланкадан шыққандар-45, ауғанстандықтар-40, үндістаннан-45 мың адам болды. Бұған сонымен бірге ТМД елдерінен келген немістер мен басқа эмигранттарды қосуға болады./1/

Халқының этникалық құрамы, 1984 жыл

Халық

Мың. адам

Халық

Мың. адам

Германдық топ

55 824

Словяндық топ

672

Немістер

55 200

Югославтар

595

Австриялықтар

170

Поляктар

50

Голландықтар

140

Чехтар

27

Даттар

80

Семиттік топ

115

Американдықтар

71

Мароккалықтар

44

Ағылшындар

54

Тунистіктер

25

Еврейлер

28

Йондандықтар

14

Фломандықтар

15

Египеттіктер

12

Шведтер

9

Түріктер

1 500

Фриздар

6

Гректер

271

Романдық топ

952

Цығандар

55

Итальяндықтар

592

Үнділер

25

Испандықтар

174

Парсылар

20

Португалдықтар

106

Венгрлер

18

Француздар

60

Корейлер

15

Румындықтар

10

Жапондықтар

11

Кесте 1, /2/

в) Тілі

Ресми тілі және мемлекеттік – неміс тілі. Неміс тілінің диалектісі орталық аудандардағы немістер тобында ерекше байқалады. Ал жоғарғы және төменгі немістер арасындағы жер шалғайлығына қарамастан,оларда ортақ әдеби тіл бар. Әдеби неміс тілінің негізі жоғарғы немістер құраған диалект-саксондық тіл. Диалект айырмашылығы, әсіресе бұрынғы ГДР және ГФР арасында қатты байқалады./2/

1.Гладкий Ю.Н. Экономическая и социальная география зарубежных стран –Москва, 2009 год, 2-е издание, стр 71

2. С.И.Брук, Население мира , «Наука»,Москва, 1986

г)Таралуы мен қоныстануы

ГФР халқының орналасуы ең алдымен өте жоғары орташа тығыздығымен сипатталынып (1 шаршы шақырымға 230 адамнан), сонымен бірге кейбір аудандарында тығыздық 1 шаршы шақырымға 1000-2000 адамнан және одан да көп келеді. ГФР Еуропадағы халқы ең тығыз орналасқан елдердің бірі. 2009 жылы 1км 2 –ге 229 адамнан келеді. Оның ішінде солтүстіктегі Рейн-Вестфалияда 1км 2 –ге 500 адамнан, Саарда 1км 2 –ге 440 адамнан, Төменгі Саксонияда 1км 2 –ге 150 адамнан келеді. Халық әр аймақта әр түрлі таралған. Халықтың ең тығыз орналасқан жері-Рейн, Майн, Неккар өзендерінің аңғарлары мен Саар облысында. Мұнымен бірге ГФР –дүниежүзілік ең жоғары урбанизациянған елдердің бірі, түрлі дәрежелі қала агломерацияларының санынан бұл аймақта бірінші орын алады. Халқының 75 % -тен астамы қалада тұрады./1,2/

Германия халқының аймақтар бойынша таралуы, 2009 жыл

Қала

Ауданы, км2

Халық саны

Тығыздығы

Баден-Вюртемберг

35 752

10 717 000

300

Бавария

70 549

12 444 000

176

Берлин

892

3 388 000

3 798

Бранденбург

29 478

2 568 000

87

Бремен

404

663 000

1641

Гамбург

755

1 735 000

2298

Гессен

21 115

6 089 000

288

Мекленбург- Померания

23 179

1 720 000

74

Төменгі Саксония

47 620

8 001 000

168

Солтүстік Рейн-Вестфалия

34 084

18 075 000

530

Рейнланд-Пфальц

19 853

4 061 000

205

Саар

2 569

1 056 000

411

Саксония

18 415

4 296 000

233

Саксония-Анхальт

20 446

2 494 000

122

Шлезвиг-Гольштейн

15 763

2 829 000

179

Тюрингия

16 172

2 355 000

146

Германия Федеративтік Республикасы

357 046

82 491 000

229

Кесте 2 , /3/

1.Көкебаева Г.К. Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы, Алматы, 2003 жыл,120 бет.

2.С.И.Брук, Население мира , «Наука»,Москва, 1986 стр211

3. poltava-repres.narod.ru

д)Діні

Діннің таралуы: Рим-католиктік шіркеуі-33%, протестант-33%, мұсылмандар-3%, 2007 жылы иудейліктер-0,1% (100 мыңға жуық адам). Немістердің көпшілігі христиандықтар 64 % құрайды. 31 % тұрғын-атеисттер (бұрынғы ГДР аймағында 70 % атеисттер).

Шлезвиг-Гольштейн, Төменгі Саксония, Гамбург, Бременде толығымен протестант діні таралған. Ал Гессенде 63 %-ы протестанттықтар. Католиктердің жартысынан көбісі Баден-Вюртембург, Рейнланд-Пфальце және Солтүстік Рейн-Вестфалия, Бавария, Саарда. Сонымен қатар 1,7 млн. мұсылман бар. Мұсылмандардың көбісі түріктер, арабтар, пакистандықтар, парсылар және т.б./1/

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]