Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Germania_1.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
78.66 Кб
Скачать

Vі.Шаруашылығы

Германия экономикасы дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Сыртқа өнімдер шығару жөнінен дүние жүзінде 2-орын алады. Негізгі шаруашылық салалары машина жасау, электр техникасы, металлургия, химия және фармацевтика өнеркәсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы ерекше маңызға ие. /2/

а) өнеркәсібі

Германия жоғары дәрежеде дамыған индустриялы ел. Ұлттық табыстың жартысынан астамы өнеркәсіп береді. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін өндіріс көлемі 4 есе өсті.

Отын-энергетика шаруашылығы қатты өзгеріске ұшыраған.Отынды пайдалануда мұнай 1-орынға шықты, табиғи газдың үлесі өсті.

50-60 жылдарда Роттердам-Кёльн, Вильгельмсхафен- Кёльн, Марсель-Карлсруэ-Ингольштадт мұнай құбырлары салынды. Генуя мен Триестен Ингольштадқа мұнай құбырлары тартылды. Бірнеше мұнай айыру заводтары салынды (жалпы қуаты 127 млн. тонна, 1970жылы).

Электр энергиясы негізінен, жылу электр станцияларынан (ЖЭС) және шамамен ¼-і АЭС-терден алынады. Бұған қоса фарфор өнімдері мен музыкалық аспаптар, баспа машиналары мен оған қажетті өнімдер шығару да жақсы жолға қойылған.

XIX ғасырдың аяғында көмір өндіру жөнінен екінші орынға жетті. 1890 жылдан бастап көмір өндіретін бірлестік Германияда өндірілетін өнімнің 80 процентін өндірді. 1887 жылы Германияда 70 картель болды. Ал 1900 жылы 300 картель жұмыс жасады. Рур және Саар бассейндерінен тас көмір (111 млн тонна, 1970жыл) Төменгі Рейн бассейнінде қоңыр көмір (108 млн тонна, 1970жыл) өндіріледі. Рудалық қазынды байлықтарынан темір, қорғасын, мырыш, мыс рудалары және бейрудалары, калий тұзы өндіріледі. Лотарингия аймағы темірге өте бай. 1970 жылы 33,7 млн. тонна шойын, 45 млн. тонна болат қорытылды. /1/

1.Малая энициклопедия стран «Торсинг», Мосвка, 2002год, стр 55

2.Социально-экономическая география зарубежного мира, Мосвка « Крон-Пресс», 1998год, стр 205-223.

Германия автомобиль құрастыру,станок жасау,өндірістік өнеркәсіп өнімдерін шығарудан айтарлықтай дамыған. Әсіресе қуатты өнеркәсіп жүйесі ретінде ауыр металды машина, кран, көпір,тау-шахталық және электр энергетикалық құрал-жабдықтар, ауыр электро техникалар, сонымен қатар металлургиялық заводтар Рурда орналасқан. Жеңіл өнеркәсіп және жүк машиналарын Баден-Вюртемберг, Рейнланд-Пфальц, Төменгі Саксония,  Гессен,  Северный Рейн-Вестфалия, Бавария және Саарда. Автомобиль құрастыру Германия экономикасы үшін маңызды салалардың бірі. Әлемде автомобиль өндіруден КХДР, АҚШ, Жапониядан кейінгі төртінші орынды иеленеді. Мысалы, 2003 жылы Германия 5,5 миллион автомобильді құрастырды. 2001 жылы 5,687 миллион автокөлік жабдықтарын дайындады. Оның 70% -ы экспортқа шықты./1/

Өнеркәсіптің аса маңызды салалары-машина жасау, электротехника және химия өнеркәсібі. ГФР эспортқа автомобиль (1,9 млн.,1970) мен станок шығару жөнінен 1 –орында.1970 жылы 3,8 млн. автомобиль (оның ішінде 0,3 млн. жүк машиналары мен автобустар), 110 мың трактор жасалды. Ірі концерндері «Фольксваген», «Дженерал-Бенц», «Форд», «Дженерал-Моторс», «Опель». Автомобиль жасаудың ірі орталықтары болып табылатын Штутгартте әйгілі «Мерседес», Мюнхенде – БМВ, Вольфсбургта-«Фольсваген» автомобиль маркаларын шығарады. Ауыр машина және станок жасау кәсіпорындары Рейн-Вестфалия ауданында, кеме жасау-Килде, Гамбургте, Бременде, авиация –ракета өнеркәсібі Мюнхен мен Бременде шоғырланған./2/

Қазіргі заманғы Германияның экономикалық қуаты мен байлығының негізін өңдеуші өнеркәсіп құрайды. Өнеркәсіп өндірісі көлемі жөнінен Германия дүниежүзінде төртінші орында ( АҚШ, Қытай, Жапониядан кейін).

Германия үшін дәстүрлі ауыр өнеркәсіп салалары-көмір, металлургия, машина жасау, қару-жарақ өндірісі, электротехника, химия сияқты салалар болып табылады. Оның көпшілік кәсіпорындары еуропалық ауыр индустрияорталықтарының бірі, елдің батысындағы Рурға шоғырланған. Тұрмыстық техникадан бастап зауыттық құрал- жабдықтарға дейінгі әр түрлі тауарлар өндіретін өңдеуші өнеркәсіп саласына елдегі жұмыс күшінің 25%-ы қамтылған./3/

ХІХ ғасырдың өзінде химия өнеркәсібі бойынша әлемдегі көш бастаушы елдердің бірі ретінде саналды. Ірі әрі маңызды орталықтары Людвигсхафен (концерн «BASF»), Леверкузен,штаб-пәтері мен ірі завод концерні «Bayer»,  Кёльн,  Весселинг,  Дормаген,  Марль, Гельзенкирхен,  Крефельд./4/

1.Совет энциклопедиясы, 3 том Алматы,1973 жыл,267 бет

2.Гладкий Ю.Н. Экономическая и социальная география зарубежных стран –Москва, 2009 год, 2-е издание, стр 71

3. Мәшімбаев С.М. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945 жж.) Алматы «Қазақ университеті» 2004жыл 170 бет

4.Малая энициклопедия стран «Торсинг», Мосвка, 2002год, стр 55

Германияда өндірілетін химиялық бояуларды дүние жүзі сатып алады. Синтетикалық талшық пен пластмасса өндіру күрт өсіп,олардың 80 % -ы мұнай мен газдан өндіріледі. Калий (2 млн. тоннадан астам), азот (1,5 млн. тоннадай) тыңатқыштарын, сода, бояу, дәрі-дәрмек жасау дамыған. Құрылыс материалдарын шығартын (әсіресе цемент) және тоқыма өнеркәсіптернің ірі кәсіпорындары бар.

Сонымен қатар тамақ өнеркәсібі бойынша да, әсіресе шұжық (шұжықтың 1500 түрін шығарады), сыра, шарап өндіруден және экспорттаудан дүниежүзінде алдыңғы орында./1/

б) ауыл шаруашылығы

ГФР-дің ауыл шаруашылығы механикаландыру мен химияландыруға сәйкес егістік пен бақша дақылдарының шығымдылық дәрежесімен және мал шаруашылығымен ерекшеленеді. Ауыл шаруашылығы ұлттық жалпы өнімнің 4 %-ын береді.1945-65 жылдары аралығында жеке шаруашылық саны 500 мыңға азайды.Ұсақ шаруашылықтар күйзеліп, ірі шаруашылықтар дамыды. Ауыл шаруашылығы жоғары дәрежеде механикаландырылған, өнімділігі жоғары, тыңайтқыш мол қолданылады. Барлық жерінің 57 %-ы ауыл шаруашылығына пайдаланылады, оның жартысынан астамы жыртылған. Ауыл шаруашылығының басты саласы- мал шаруашылығы (14 млн-дай мүйізді ірі қара,19 млн-нан астам шошқа,ол барлық өнімнің 75 %-ын береді. Азық- түлік дақылдарынан бидай, арпа, қант қызылшасының маңызы зор. Маңызды дәнді дақылдары –бидай (5,7 млн.тонна, 1970), күздік бидай (2,7 млн.тонна), сұлы (2,5 млн. тонна), арпа (4,8 млн. тонна). Басқа дақылдардан картоп (16млн. тонна), қант қызылшасы (13,8 млн. тонна) егіледі. Рейн өзенінің алабында жүзім өсіріледі. Барлық жерде бақша, жеміс шаруашылығы дамыған.

1950 жылы ауыл шаруашылығы саласында 4,7 миллион адам қызмет етсе,1989 жылы 0,9 миллион адам қызмет атқарған./2/

в) көлік қатынасы

Жүк айналымы жөнінен темір жол 1 орынды алады.Темір жолдың жалпы ұзындығы 30 мың км-дей, оның 1/3 бөлігі электрленген.Тасымалдың 20% -ы автотранспорттың үлесіне тиеді.

ГФР-дың автострадалары- «автобаны» (автомобиль қатынасына арналған арнайы жабдықалған кең тас жол) Еуропадағы ең жақсы жолға жатады.

Германиядағы автомобиль жолдардың жалпы ұзындығы 650 000 км- ден астам (оның ішінде автострада жолдарының ұзындығы 11 400 км). Елдің көптеген ірі қалалары бір-бірімен 280 км \caғ жылдамдықпен жүретін ICE ("Интерсити — Экспресс") пойыздары қатынайтын ұшқыр темір жолдар арқылы байланысқан. Ірі қалалардың арасындағы тұрақты авиарейстер бір сағаттан сәл астам уақытты алады./3/

1.Көкебаева Г.К. Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы, Алматы, 2003 жыл,120 бет.

2.Совет энциклопедиясы, 3 том Алматы,1973 жыл,267 бет

3..Альтман И.В. Европа в новое и новейшее время — Москва, 1966 год, стр 68

Тасымалдың 25 %-ы өзен мен каналдар жүйесіндегі кеме қатынасының үлесінде. Ел ішінде мұнайдың 80%-ы құбыр арқылы тасымалданады.

Теңіз флотының тоннажы -8,4 млн. Германияның ірі теңіз-сауда флоты бар. Бұл флоттың кемелері Бремен және елдің төртінші ірі қалалық агломерациясы әрі негізгі теңіз және өзен порты -Гамбург(жүк айналымы 47 млн. тонна) сияқты порттардан әр түрлі бағыттарға аттанады. Одан басқа ірі поррттары Вильгнельсхафен, Бремен, Бремерхафен, Эмден.

Азаматтық авиация мемлекеттік «Люфтганза» компаниясының монополиясында. Басты аэропорттары: Майндағы Франкфурт, Кёльн-Бонн.

Ірі 13 әуежай, 6,8 мың шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-түні жұмыс істейді. Бұған Солтүстік теңіздегі Гамбург пен Бремен, Балтық теңізіндегі Киль, Любек және Росток теңіз порттары қосылады.

Франкфурт (Рейн-Майнде, 53 млн. адамдай жолаушы айналымы) және Мюнхен (35 млн. адамдай жолаушы айналымы бар) әуежайлары әлемнің аса ірі әуежайларының қатарына кіреді. /1/

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]