Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11111.docx
Скачиваний:
366
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
114.7 Кб
Скачать

15. Топографиялық картада жер бедерін бейнелеу

Жер бетіндегі таулардың ,сайлардың,жота-ойпаттардың жинағын жердің бедері деп атайды.Ал жер бетіндегі әр түрлі құрылыстар,жолдар т.б. жиынтығын геодезияда ситуация дейді.

Жер бедері ерекшеліктеріне байланысты мекен жай, тау және жазық болып бөлінеді: тау, қазаншұңқыр, жота, өзен, қайқы, бел. Таудың ең биік жері – шың, ал тау табаны тау етегі деп аталады.

Жер бетінің бедері торографиялық карталар мен пландарда горизонтальдар, шартты белгілер, және биіктерді жазу арқылы бейнеленеді.Құрлық бетіндегі абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді біріктіретін қисық тұйық сызықтар горизонтальдар деп аталады.

Бейнелеу кезінде жер бедерінің төмендегідей негізгі түрлері ерекше көзге түседі:

  1. Тау,төбе – айналадағы кеңістіктен биік, күмбез, конус тәрізді жер бедері.Оның төбесі, беткейі және етегі болады.

  2. Қазаншұңқыр – жер бетіндегі қазанға ұқсас ойпаң.Оның түбі, бүйірлік беткейі, кернеуі болады.

  3. Жота, тау жотасы – бір бағытта созылып жатқан таудың не төбенің көтеріңкі беті.Ол екі жақты болып келеді, яғни екі беткейден тұрады.

  4. Өзек – екі таудың, жотаның арасындағы ылдилап созылып жатқан, су жататын ойыс.Оның екі қабағы болады, өзек үлкейе келе сайға айналады.Өзектің ең төменгі нүктелері арқылы жүргізілген сызықты суағар деп атайды.

  5. Қайқы, бел, асу – тау жотасы қырқаларының бөліктері арасындағы ойпаң.Олар тау жоталарының бір жағынан өтуге мүмкіндік туғызады.

  6. Жыра – жауын мен қар суларының бұзу әрекеттерінен пайда болған рельефтің ойық формасы.Жыралардың тереңдігі -10-15 м, ал ұзындығы бірнеше километрге дейін жетеді.Жыралар мен жарлардың тік бейнелері картада ұсақ, ирек сызықтармен белгіленеді.

Рельефтің ерекше нүктелеріне таудың төбесі, шұңқырдың түбі, жоталардың ең төменгі және жоғарғы нүктелері жатады. Горизонтальдарға перпендикуляр етіп жүргізілген кішкене сызықшалар – бергштрихтар беткейдің бағытын көрсетеді.Тауды,жотаны бейнелегенде бергштрихтар горизонталь бұрылысының сыртынан, ал қазаншұңқырлар мен өзектерді бейнелегенде, горизонтал бұрылысының ішінен қойылады.Карталарға горизонтальдардың биіктігі өрлеу бағытына бағытталып жазылады.

Горизонтальдардың пландағы арақашықтығын салынды табан дейді.Егер горизонтальдар бір-біріне жақын жатса, яғни салынды қысқа болса, беткейдің тік болғаны, ал аралары бір-бірінен алыс болса, онда беткейдің жатық болғаны.

Іргелес орналасқан горизонтальдар биіктігінің айырмашылығын қима биіктігі деп атайды.Рельефтің қима биіктіктері карта мен пландардың масштабы мен рельефтің күрделілігіне байланысты .

Жер бедерінің халық шаруашылығының қай саласына болсын тигізетін әсері өте зор.Әсіресе тау-кен жұмыстарын ашық әдіспен жүргізгенде, жер бедерінің ерекшеліктерін ескермеуге болмайды.Инженер мамандар жер бедерінің түрлерін айырып, құрылыстарды жобалауда, кеніштерді салуда оларды дұрыс та нәтижелі пайдалана білуі қажет.

16. Топографиялық карта бойынша гипсометриялық профиль жасау тәртібі

Жергілікті жердің профилі деп берілген бағыттағы вертикаль қиманың кішірейтілген бейнесін айтады.Профиль сызу үшін горизонталь масштаб карта масштабына сәйкес алынады, ал вертикаль масштаб 10 есе ірі болып келеді.Қима, әдетте милиметрлік қағазға сызылады.Картадағы бағыт өзгеріссіз милиметрлік қағазға түсіріледі де, бағыттың картадағы горизонтальдармен қиылысқан нүктелері белгіленіп, олардың абсолюттік биіктіктері жазылады.

Сол нүктелерден биіктіктеріне сәйкес перпендикуляр тұрғзылып, олардың ұштары сызықтармен қосылады, сонда жердің профилі анықталады.

Горизонтальдар арқылы беткейдің тіктігін анықтау.Құлама тіктігі мен ылдилығы мына формуламен анықталады: i=tgv=

мұндағы, h-қима биіктік белгілі шама; d-r-көршілес горизонтальдар арақашықтығы өлшенеді. Осы формлуа бойынша әр картаға тән арнайы графиктер жасалынып, олар картаның сыртқы рамасының төменгі жағына сызылады.

Іс жүзіндегі беткейдің тіктігін, ылдилығын үнемі жоғарыда көрсетілген формуламен есептеп жатпай-ақ,төмендегі салынды графиктерін пайдаланып, оңай табуға болады.

Бұл графикте циркуль-өлшегіщ арқылы А және В нүктелері арасындағы салындыға сәйкес беткейдің тіктігі v=және ылдилығыi=0,026 көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]