- •Топографиядан шпор
- •Румб және дирекциондық бұрыш
- •2. Топография мен геодезияның шаруашылықтағы маңыздылығы
- •3. Масштаб.Масштабтың түрлері
- •4. Топография мен геодезияның даму тарихы
- •5. Жердің көлемі мен пішіні туралы түсінік
- •6. Топографиялық карта бойынша ара қашықтықты өлшеу тәсілдері
- •7. Топографиялық карта бойынша палетканың көмегімен ауданды өлшеу тәсілдері
- •8. Географиялық азимут туралы түсінік
- •9. Масштабы 1:1000000 топографиялық карта парағының номенклатурасын анықтау
- •10. Ф.Н. Красовскийдің референц-эллипсоиды туралы түсінік
- •11.Топографиялық карта бойынша жер бедерін зерттеу әдістері
- •12. Географиялық координаталар туралы жалпы түсінік
- •13. Топографиялық карталар бойынша географиялық координаталарды анықтау тәсілдері
- •14. Топографиялық картада азимут бойынша жүру схемасын жасау тәртібі
- •15. Топографиялық картада жер бедерін бейнелеу
- •16. Топографиялық карта бойынша гипсометриялық профиль жасау тәртібі
- •17. Топографиялық картада су объектілерін, топырақ-өсімдік жамылғысын бейнелеу ерекшеліктері
- •18. Топографиялық картада әлеуметтік-экономикалық объектілер мен елді мекендерді бейнелеу
- •19. Топографиялық картаның проекциясы
- •20. Геометриялық нивелирлеу
- •21. Жергілікті жерде арақашықтықтарды өлшеу және қолданылатын құрал-саймандар
- •25.Жергілікті жерде бағдарлау
- •31. Қарапайым аспаптармен жоспарлы түсірудің түрлері.
- •32. Оптикалық теодолиттің құрылысы.
- •33. Жергілікті жердің учаскесін полярлық түсіру схемасы.
- •34. Нивелирлеу журналы.
- •35. Теодолиттік түсірістің кезеңдері.
- •36. Мемлекеттік геодезиялық желісін жасау әдістері.
- •37. Теодолиттік түсіріс.
- •38. Нивелирлік рейкалары.
- •39. Gps- қабылдағыш.
- •40. Аэрофототопографиялық түсіріс туралы түсінік.
17. Топографиялық картада су объектілерін, топырақ-өсімдік жамылғысын бейнелеу ерекшеліктері
Инженерлік есептерді шешуде бедер бейнесі біріншіден, жергілікті жердегі нүктенің биіктігін керекті дәлдікте алу, беткейдің тіктігі мен еңістік бағытын білу және екіншіден, жергілікті жердің ландшафттық көрінісін бейнелеуі қажет.
Жер беті топографиялық карталар мен пландарда горизонтальдар, шартты белгілер және биіктіктерді жазу арқылы кесінделеді.Жер бетінде горизонтальді Жердің физикалық бетінің деңгейлік бетпен қиылысқандағы пайда болатын белгі із ретінде елестетуге болады.Мысалы, егер тыныштық күйде тұрған сумен қоршалған төбені елестетсек, онда судың жағалау сызығы горизонталь болып табылады.
Мысалы, деңгейлік бетпен салыстырғанды су деңгейінің биіктігі 110 м болсын. Енді су деңгейі 5 м төмендеді және жайылымның бір бөлігі сусыз қалды деп елестетейік. Яғни судың беткі бөлігі мен жайылымның қиылысқан жерінің қисық сызығы 105 м биіктіктегі горизонтальға сәйкес келеді.Егер осылайша судың деңгейін 5 м азайтып, су беті мен жер бетінің қиысуы нәтижесінде пайда болған қисық сызықтарын горизонталь жазықтыққа кішірейтіп жобаласақ, онда жергілікті жердің жазықтықта горизонтальдармен бейнеленген бедерін аламыз.Құрлық бетіндегі абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді біріктіретін қисық тұйық сызықтар горизонтальдар деп аталады.
Инженерлік есептерді шешуде, горизонтальдардың мынадай қасиеттерін білу қажет:
Бір горизонтальдың бойында жатқан барлық нүктелердің биіктіктері бірдей болады.
Тұйықталған горизонталь төбе не қазаншұңқырларды білдіреді.Оларды бергштрихтер немесе жазулар арқылы айыруға болады.
План мен карталардағы горизонтальдар үздіксіз болуға тиісті.
Горизонтальдар бір-бірімен қиылыспайды.
Горизонтальдар арасындағы қашықтықтар еңістің қаншалықты құлама екенін білдіреді.Рельефтің ерекше нүктелеріне таудың төбесі, шұңқырдың түбі, жоталардың ең төменгі және жоғарғы нүктелері жатады.Горизонтальдарға перпендикуляр етіп жүргізілген кішкене сызықшалар – бергштрихтар беткейдің бағытын көрсетеді. Тауды, жотаны бейнелегенде бергштрихтар горизонталь бұрылысының сыртынан, ал қазаншұңқырлар мен өзектерді бейнелегенде, горизонталь бұрылысының ішінен қойылады.Карталарға горизонтальдардың биіктігі өрлеу бағытына бағытталып жазылады.
Горизонтальдардың пландағы арақашықтығын салынды табан деп атайды.Егер горизонтальдар бір-біріне жақын жатса, яғни салынды қысқа болса, беткейдің тік болғаны, ал аралары бір-бірінен алыс болса, онда беткейдің жатық болғаны.Іргелес орналасқан горизонтальдар биіктігінің айырмашылығын қима биіктігі деп атайды.Рельефтің қима биіктіктері карта мен пландардың масштабы мен рельефтің күрделілігіне байланысты .
Жер бедерінің халық шаруашылығының қай саласына болсын тигізетін әсері өте зор.Әсіресе тау-кен жұмыстарын ашық әдіспен жүргізгенде, жер бедерінің ерекшеліктерін ескермеуге болмайды.Инженер мамандар жер бедерінің түрлерін айырып, құрылыстарды жобалауда, кеніштерді салуда оларды дұрыс та нәтижелі пайдалана білуі қажет.
18. Топографиялық картада әлеуметтік-экономикалық объектілер мен елді мекендерді бейнелеу