Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11111.docx
Скачиваний:
366
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
114.7 Кб
Скачать

25.Жергілікті жерде бағдарлау

Жер бетіндегі орналасқан заттарды,сызықтарды бағдарлау-оларды меридианнан бастап есептелген бағытын анықтау.Бағдарлау кезінде негізгі тұрақты бағыт ретінде географиялық, магниттік меридиан, сондай-ақ осьтік меридиан немесе оған параллель сызықтар да алынады.Жергілікті жердегі заттарды компас не буссоль арқылы бағдарлауға болады.

Компастың (буссольдың) шеңбері 360-қа бөлінеді.Меридианның солт.басынан бір затқа қарай сағат тілінің бағытымен есептелген жергілікті немесе картадағы горизонталь бұрышты азимут деп атайды.Мысалы, бір зат біздің солт.шығ. жағымызда тұрса,онда азимут 60-қа,ал оңт.шығ.жағымызда тұрса 150-қа тең деп айтуға болады.

26.

Жергілікті жердің картасы мен планын жасауу үшін жүргізілетін геодезиялық өлшеулер процесін түсіріс деп атайды. Егер түсіріс нәтижесінде жердегі заттардың , нысандардың контурлары мен өзара пландық орны, яғни жергілікті жердің жай-жапсары анықталатын болса, онда түсіру горизонтальдық деп аталады. Егер жердің жай-жапсарымен қоса жердің бедері түсірілетін болса, онда түсіріс топографиялық деп аталады.

Қолданылатын аспаптар мен әдістерге байланысты түсірістер мынандай түрге бөлінеді;

  1. Теодолиттік түсіріс- жердің контурлық планын алу үшін теодолит пен өлшеу таспасының көмегімен орындалатын геодезиялық жұмыстардың түрі. Теодолиттік түсірулер кезінде горизонталь бұрыштар β және арақашықтықтар S өлшенеді.

  2. Тахеометрлік түсіріс –тахеометр деген аспаптың көмегімен жүргізіледі. Тахеометр арқылы горизонталь α, вертикаль V бұрыштар, қашықтық S және биіктік өсімшесі Һ анықталады.

  3. Мензулалық түсіріс – мензула және кипрегель арқылы жүргізілетін жұмыс. Бұл түсірудің нәтижесінде қашықтықтың горизонталь проекциясы мен биіктік өсімшесі анықталатын план тікелей далада сызылады.

  4. Аэрофототопографиялық түсіріс– әуеден жер бетін аэрофотоаппаратпен суретке түсіру арқылы план мен карта жасау

  5. Жердегі стереофотограмметриялық түсіріс –арнайы жерде тұрып , фототеодолит арқылы жүргізілетін жұмыстар.

Түсірудегі соңғы екі түрі кен орындарын ашық әдіспен қазып алуда өндіріс орындарында кеңінен қолданылады.

Нивелирлеу –арнаулы аспаптардың көмегімен пукт биіктіктерінің айырмасын , яғни биіктік өсімшелерін анықтау тәсілі.

27.

Мемлекеттік геодезиялық тораптар жиілету және түсіріс торларын одан әрі дамытудың, сонымен қатар ізденіс, құрылыс, жер қойнауын пайдалану, жерге орналастыру, т.б., көптеген инженерліқ есептерді шешудің негізі болып табылады. Сондықтан, геодезиялық тораптарды құрудың дәлдігің қамтамасыз ету үшін оның бұрыштық және ұзындық өлшеулері тиісті аспаптар мен тәсілдер арқылы жүргізілуге тиісті Мемлекеттік геодезиялык тораптарга мыналар жатады: а) 1,2,3,4 кластың пландық жүйелер, олар өзара бұрыштық және ұзындық өлшеулер дәлдігімен, жүйе қабырғаларының ұзындықтарымен ерекшеленеді. Пландық жүйелер триангуляция, триатерация, полигонометрия әдістерімен кұрылады. ә) 1, 2, 3 және 4 класты биіктік нивелирлік тораптар. Олар геометриялық нивелирлеу әдісімен кұрылады. Геодезиялык жүйелер жалпыдан жекеге қарай көшу принципімен: жоғары жүйеден, яғни 1-кластан төменге карай неғұрлым дәл құрылғаннан, соғұрлым ұсақтау және дәлдігі кемдеу класқа карай кұрылады. 1-класты жүйе мейлінше жоғары дәлдікке ие болады және ол төменгі кластарға геодезиялық жүйелердің дамуы мен орлардың пункттерінің координаталарын біртұтас жүйеде есептеу үшін, негіз кызметін атқарады.

Триангуляция әдісі. Триангуляция әдісі жергілікті жерде үшбұрышты жүйесін құрудан тұрады, оларда барлық бұрыштар мен кейбір базис кабырғаларының ұзындығы өлшенеді . Үшбұрыштың басқа қабырғаларының ұзындықтары тригонометрияның белгілі формулалары бойынша есептеледі. 1 класс триангуляциясының тұгас жүйесін орасан зор территорияда құру едәуір уақыт пен материалдық қаражатты жұмсауды керек етеді. Сондықтан I класты геодезиялык жүйені, мүмкіндігінше меридиан және параллель бағытында бірінен-бірі 200 км-ге дейінгі алые кашықтықтарда орналасқан үшбұрыштар катары түрінде құрады. I кластық триангуляция қатарының параметрі 800 км-ге дейінгі тұйық полигонды құрастырады. 2 класты триангуляция бірінші класты полигонның бүкіл ауданын толтыратын және 1 класты пункттерімен сенімді байланыстағы үшбұрыштардың жаппай жүйелі түрінде дамиды. 3 және 4 класты триангуляциялар мемлекеттік геодезиялык жүйелердің одан арғы жиілендіруі болып табылады. 1 және 2, 3 класты мемлекеттік геодезиялык жүйе 50-60 км²-қа бір пункт тығыздықпен жасалынады. Пункптердің осындай тығыздығы 1:25000 және 1:10000 масштабтағы топографиялық түсірулерді қамтамасыз етеді.

Трилатерация әдістері. 3 және 4 класты мемлекеттік геодезиялык жүйелер, трилатерация әдісімен де қүрылуы мүмкін. Трилатерация триангуляция тәрізді, барлык қабырғапар узындықтары өлшенген үшбұрыштар жүйесі болып саналады. Үшбұрыштарды шешу аркылы горизонталь бұрыштарын, ал одан кабырғаларыныц дирекциондық бұрыштарын анықтайды. Содан кейін пункттердің координаталарын есептеуді триангуляциядагыдай жүргізеді. Трилатерация жүйесінде қабырғаларының үзындыгы әдеттегідей радио және жарық қашықтық өлшеуіштерімен өлшенеді. Бұл жағдайда қабырғаларды өлшеудің салыстырмалы қателігі мынадан аспауы керек: 3- класс үшін-1:100000, IV класс үшін- 1:40000.

Полигонометрия әдісі. Орманды жазық жерде триангуляция жүйесінің дамуы қиындау немесе жергілікті жағдайдың күрделілігінен экономикалық жағынан орынсыз кезде полигонометрия әдісі қолданылады. Осы әдіс жергілікті жерде жүрістер және полигондаржүйесін салудан тұрады, олардың барлық бұрыштары мен қабырғалары өлшенеді . Егер бір пункттің координаталары және бір қабырғасының дирекциондык бұрышы белгілі болса, онда полигонометриялық жүрістің барлық пункттерінің координаталарын есептеп шығаруға болады. Полигонометриялық жүрістің бұрыштары тиісті дәлдіктегі теодолиттермен өлшенеді. Полигонометриялык жүрістердің қабыргаларының ұзындығын өлшеу үшін жарық және радио қашықтық өлшеуіштер, оптикалық-механикалық қашықтық өлшеуіштер, болат және инварлық сымдар, ленталар мен рулеткалар колданылады. Қабырғаларының ұзындығы, сонымен қатар өлшенген базистен, қосалқы бұрыштары өлшенген геометриялық фигуралар арқылы анықталуы мүмкін. Сондықтан қабырғаларын өлшеу әдісіне байланысты полигонометрия; а)траверстік немесе магистральдық , яғни қабырғаларын тікелей өлшеу арқылы; э) параллактикалық полигонометрия, яғни қабырғаларды қысқа базис және параллактикалық сүйір бұрыш арқылы жанама тәсілмен анықтауға негізделген .

Егер ab базисі полигонометриялық жүрістің АВ қабырғасына перпендикуляр болса және онымен екіге бөлінсе, онда АВ қабырғасының ұзындығын анықтау үшін ab-базисін және φ1 мен φ2 параллактикалық бұрыштарын өлшеу жеткілікті.

I класты полигонометрия меридиан және параллель бағытында созылған жүріс түрінде кұрылады, олар бірінші класты периметрі 700-800 км полигонный буындарын құрады, 2 класты полигонометрия I класты триангуляция мен полигонометрияның ішінде периметрі 150-180 км-лік тұйық полигон жүйесі ретінде дам иды. 3 және 4 класты полигонометриясы торапты пункттері бар жүрістер жүйесі немесе жоғарғы класты мемлекеттік геодезиялык жүйенің пункттеріне сүйенетін жекелеген жүрістер түрінде кұрылады. Полигонометрияның негізгі сипаттамалары 9-кестеде келтірілген.

Мемлекеттік нивелирлеу жүйесі. Мемлекеттік нивелирлеу жүйесінің пункттерінің биіктіктерін геометриялық нивелирлеу әдісімен анықтайды. 1- класты нивелирлеу жүйесі периметрі 2000 км-ге жуық тұтас полигонды құрайтын жүрістерден тұрады. 1- класты нивелирлеу мейлінше жоғары дәлдікпен жүргізіледі, оған барынша жетілдірілген аспаптар мен бакылау әдістерін қолдану арқылы жетуге болады. Салыстырмалы биіктікті анықтаудың орташа квадраттык кездейсоқ қателігі 1 км жүрісте mh 0,5 мм болады. И класты нивелирлеу сызығы 1- класты нивелирлеу пункттерінің арасында периметрі 500-600 км полигондар түрінде салынады. 2- класты нивелирлеу жүрісінде салыстырмалы биіктікті анықтаудың орташа квадраттык кателігі 1 км жүрісте mh =0,8 мм-ден аспауы керек. 3- класты нивелирлеу жүйесі 1- және 2- класты нивелирлеу полигонының ішінде жүйе немесе 2- кластык полигонды периметрі 150-200-ден 6-9 полигонға бөлетін жеке жүрістер түрінде жасалынады (1км жүрісте mh=1,6 мм-ден аспауы керек). 3- класты нивелирлеу жүйесін одан ары жиілендіру 4- класты нивелирлік жүрістер жүйелерін құру аркылы орындалады. Олар топографиялық түсірулердің тікелей биіктік негізі болып табылады. Оларды салу жиілігі түсіру масштабымен және жергілікті жердің жер бедерінің сипатымен сабақтас болады. Барлық кластағы нивелирлеу жүрістері жергілікті жерде орташа есеппен алғанда 5 км сайын тұракты реперлер және таңбалармен бекітіледі.

29.

Бұрыштық өлшеулер.горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу геодезия мен ең жиі жүргізілетін жұмыстарга жатады. Бұрыштарды өлшейтін негізгі аспапты теодолит деп атайды.

Олардың горизонталь жазықтықтарының проекциялары а және b. Кеңістіктегі АОВ горизонталь бұрышты өлшеу дегеніміз сол бұрыш қабыргалары OA және ОВ проекцияларының (оа және оb) арасындағы β бұрышын өлшеу болып табылады. Демек, aob бұрышы АОВ бұрышының жазық проекциясы. Горизонталь аов бұрышын К' горизонталь дөңгелегі бойынша өлшеуге болады. К' дөңгелегі градустық шкалаларга бөлінген, ал центрі Р1 және Р2 тік жазықтықгарының қиылысу сызығы арқылы-ОО'өтеді. Дөңгелектің Р1 және Р2 жазықтықтармен қиылысу нүктелері аˈ және bˈ арқылы еКі есеп алып, олардың айырмашылыгын тапсақ, ол олшенетін горизонталь бұрышқа, немесе аов=β-ның мәніне тең болады. Демек, горизонталь бұрышты өлшейтін аспаптың негізгі лимб деп аталатын градустық және ұсақ бөліктері бар горизонталь дөңгелектен жылжымалы визірлік вертикаль жазықтықтан тұрады. Егер дөңгелектегі бөлшек цифрлары сағат тілінің айналу бағытымен белгіленсе, β бұрышы лимбпен алынған екі есептің (а және b) айырмасына тең болады, яғни β= a-bˈ

Вертикаль бұрыштарды сызықтардың горизонталь проекцияларынан жердегі сызықтардың бағыттарына дейін есептегендегі бұрыштар V1 жэне v2 көлбеу бұрыштары болып табылады. Вертикаль бұрыштарды градустың шкалаларға бөлінген вертикаль дөңгелек арқылы өлшеуге болады. Бір аспаппен горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу үшін, онда екі жазықтық (дөңгелек) бар. Горизонталь жэне вертикаль бұрыштарды өлшеуге колданылатын аспап не деп аталады.

30.

Нивелир - екі нүкте биіктіктерініңайырмашылығын анықтауға арналғангеодезиялық аспап; көлденең нысаналау сәулесі мен осы нүктелерде тік орнатылған рейка көмегімен қолданылады.Құралымының негізгі типтері бойынша нивелирлердіцилиндрлікдеңгейлі нивелир жәнекомпенсаторлынивелир деп екі топқа бөледі, соңғыларында нысаналау сызығы горизонталь жағдайға автоматты түрде келтіріледі. Дәлдігі жөнінен нивелирлер, негізінен, І және ІІ класты нивелирлеуге арналған өте дәл, ІІІ және ІV класты нивелирлеуге арналған дәл нивелирлер, зерттеу және құрылыс жұмыстарына арналған техникалық нивелирлер деп бөлінеді. Н-05 — оптикалық микрометрлік жоғары дәлдікті нивелир, биік айырымды 1 км-лік екі мәрте жүрісте 0,5 мм-ден арпайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған. Н-3, Н-3К, Н-3Л нивелирлері — дәл, 1 км екі мәрте жүрісте биік айырымды 3 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған, дәл аспаптар. Инженерлік-геодезиялық зерттеулерде, ІІІ және ІV кластық нивелирлеу кезінде қолданылады. Н-10, 2Н-10Л, Н-10К, Н-10КЛ нивелирлері — 1 км-лік екі мәрте жүрісте биік айырымды 10 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған техникалық нивелирлер. Олар құрылыста, инженерлік-геодезиялық зерттеулерде және топографиялық түсірістерде  биіктік шама негіздерімен қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қазіргі кездегі нивелир аспаптарында дүрбінің осін горизонталь жағдайға келтіру деңгейі арқылы тексеріледі немесеавторедукциялық компенсаторлар арқылы өздігінен жасалады

Нивелирлік белгілер – геометриялық нивелирлеу пункттерін жергілікті жерде белгілеу және бекіту үшін орнатылатын белгілер. Нивелирлік белгілер тұрақты және уақытша, сондай-ақ іргетастық және грунттық реперлер, қабырғалық және шойын маркалар мен реперлер және т.б. болып бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]