Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11111.docx
Скачиваний:
366
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
114.7 Кб
Скачать

36. Мемлекеттік геодезиялық желісін жасау әдістері.

37. Теодолиттік түсіріс.

Теодолиттік түсіріс деп жер бетінің тек контурлық планын жасау үшін теодолит пен өлшеу лентасының немесе қашықтық өлшеуіштің көмегімен орындалатын жұмыстарды атайды. Теодолиттік түсірістер жазық жер бетінде, елді-мекенді аймақтарда, құрылыс, тау-кен өндіріс алаңдарында, теміржолтораптары, т.б жерлерде пландар жасау үшін жүргізіледі.

Теодолиттік түсіріс үшін тірек жүйесі, әдетте теодолиттік жүрістер түрінде құрылады да, олардың нүктелерінен ситуацияны түсіре отырып, қажетті нүктелердің орнын полярлық әдіспен, перпендиклярлар және жарма әдістермен, сонымен қатар әртүрлі бұрыштық және ұзындық қиылыстырулар көмегімен анықтайды.

Теодолиттік түсіріс дайындық, далалық және өңдеу жұмыстарынан тұрады.

Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай-жапсарын түсіру дәлдәгәне байланысты түсірістің масштабын таңдайды. Қолдағы бар барлық картографиялық құжаттарды мұқият қайта қарап зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда геодезиялық тірек жүйесінің пункттері болса, онда олардың орналасқан жерінің схемасын жасап, каталогтан координаталарын жазып алады.

Далалық жұмыстарға:

  1. Жергілікті жерді рекогносцировкалау және пункттерді бекіту;

  2. Бұрыштар мен ұзындықтарды өлшеу;

  3. Жердегі заттарды, контурларды түсіру;

  4. Жүріс пункттерін жергілікті жердегі тірек пункттеріне байланыстыру.

Рекогносцировка негізінде геодезиялық тірек жүйесінің пункттерін іздеп тауып, теодолиттік жүрістің неғұрлым қолайлы орындарын белгілейді.

38. Нивелирлік рейкалары.

Нивелирлеу үшін тұтас немесе бүктемелі ағаш рейкалар (24 сурет) қолданылады, олар ұзындығы 3–4 метр, ені 10 см және қалыңдығы 2–3 см бітеу тұтас тақтай ағаш болып табылады. Тақтайлар ақмайлы бояумен боялады және оларға сантиметрлік торкөз бөліктер түсіріледі. Онда әрбір дециметр жазылады, ал сантиметрлік бөліктер есептеулерді жеңілдету үшін 5 см сайын топтарға біріктіріледі. Рейканың ең кішкене бөлігінің сандық шамасы рейка бөлігінің бағасы деп аталады. Тұтас рейканың ең үлкен ұзындығы 3 м-ге тең.

Рейканың төменгі жағына рейканы тез тозудан қорғайтын болат пластинкадан тақа қағылып қойылады.Рейкалар бір жақты немесе екі жақты болуы мүмкін, екіншісінде оның бір жағында қара бөліктер, екінші жағында қызыл бөліктер болады. Осыған орай рейканың жақтары қызыл және қара болып бөлінеді. Рейканың қара жағындағы нөлге тең есептеу, оның тақасымен дәл келеді, ал қызыл жағындағы тақаға сәйкес келетін есептеу нөлге тең болмайды.

Жұмыс басталмай тұрып рейкаларды тексеріп алған жөн. Ол үшін рейканы горизонталь күйінде жатқызып, оған тексеру метрін қойып, оның әрбір метрі мен дециметрін өлшейді. Оның дециметрлік бөліктерінің кездейсоқ қателіктері 1 мм-ден, ал рейканың барлық ұзындығындағы қателік 2 мм-ден аспауы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]