Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11111.docx
Скачиваний:
366
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
114.7 Кб
Скачать

4. Топография мен геодезияның даму тарихы

Топография – ірі масштабты топографиялық карта жасау мақсатында жергілікті жерде географиялық және геометриялық әдісті дамытатын ғылым.

Геодезия – жер бетін жоғары дәлдікпен зерттеу, және ондағы әр түрлі өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін координаттық жүйелер әдістерін дамытатын ғылым.Бұл әдістер топографиялық жұмыстардың негізін құрайды.

Геодезия өте ерте заманда жер бетін шаруашылық мақсаттар үшін зерттеу қажеттігі туған кезде пайда болды. Әсіресе, Ежелгі Египетте геодезияның пайда болуы мен дамуына ерекше қолайлы жағдайлар туды.

Геодезия атам заманғы Грецияда жоғары дамыған болатын, онда геодезия теориялық жағынан негізделді. Оған бізге жеткен Александриялық Геронның «Диоптрия туралы» және «Ауданды өлшеу» атты кітаптары дәлел бола алады. Бұл кітаптарда геодезиялық жұмыстар мен геодезиялық құралдардың сипаттамалары келтірілген. Грек ғалымы Эратосфен (б.з.д. 274–194 жылдар) Египетте жердің көлемін анықтады. Ол жер шарының радиусы шамамен алты мың километр екенін анықтап берді.

1609 жылы Г.Галилей астрономиялық дүрбіні ойлап тапты.1611 жылы голландық Снеллиус триангуляция тәсілін ойлап шығарды.1731 жылы Дж.Рамсден тұңғыш рет теодолит аспабын жасады.

1789 жылы Франция территориясы үшін 1:86400 масштабта мензулалық түсіріс аяқталды.Осының негізінде 1815 жылы топографиялық карталар жасалынған, жалпы 182 карта.

Геодезиялық жұмыстардың Ресейде ғылыми жолға қойылуы I Петрдің дәуірінде жүзеге асырылды. Осы кезеңде өнеркәсіптің, теңізде жүзудің, әскери істің және сауданың кең дамуы геодезиялық өлшеулер мен карта жасауға жаңа талаптар қойды. Осы мақсатпен мемлекеттің аз зерттелген аудандарында түсіру жұмыстарын жасау үшін арнайы экспедициялар жіберілді. Осының арқасында Донда, Ертісте, Камчаткада және Куриль аралдарында алғашқы топографиялық түсірулер жасалынды.

XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдегі геодезиялық жұмыстардың ғылыми жағынан жоғары қойылуына көп еңбек сіңірген атақты орыс астрономы және геодезисі, Пулков астрономиялық обсерваториясының негізін салушы және бірінші директоры В. Я. Струве болды.

Геодезиялық қызмет Қеңес өкіметі жылдарында қарқындап дами бастады. Осы кезеңде негізгі геодезиялық жүмыстар мен топографиялық түсірулер жүргізу үшін орталық және жергілікті геодезиялық ұжымдар құрылды. Сол уақыттан бастап геодезияның негізгі міндеті одақтың өндіргіш күштерін зерттеу мен дамытуға жәрдемдесу болды.

Бүгінгі таңда геодезия жоғары ғылыми деңгейде, аса жаңа техникалық базада дамып, халық шаруашылығының барлық саласының мұқтаждарын қанағаттан-дыруда. 1925 жылдан бастап бұрынғы одақта мемлекеттік карталар жасау үшін жер бетін әуеден суретке түсіру қолданылды, ал ол бүгінгі күндері жердің бетін картаға түсірудің ең негізгі әдісі болып табылады. Ал геодезия жұмыстары үшін авиацияны қолдану қысқа мерзімде бұрынғы ТМД территориясының 1:1 000 000 масштабты

топографиялық карталарын жасауға мүмкіндік берді.

Топографиялық-геодезиялық жұмыстардың және картография өндірісінің мұнан әрі алға қарай дамуы ғарыш техникасын қолданумен тікелей байланысты болып отыр.

Келешекте халық шаруашылығының шұғыл өсіп отыратын қажеттерін ғарыштан суретке түсірмей жүзеге асыру мүмкін емес. Қазірдің өзінде-ақ жасалған ғарышты борттық аппаратуралардың мүмкіндіктері сондай орбитадан қабылданған бейне-ақпараты өзіне қойылған міндетті шешуге қабілеттілігі жағынан белгіленген масштабтағы карталардың көпшілігін жасауға мүмкіндік береді, демек олар кең диапазонды масштабтағы карталарды тікелей даярлауға жағдай туғызып отыр деуге болады.

1974 жылдан бастап шельфті жалпы мемлекеттік картаға түсіру одан әрі дамыды, теңіз түбінің беті координаталар мен биіктіктердің бірыңғай жүйесінде кескінделді. Теңіз түбін түсіру үшін жер бетін әуеден суретке түсірген сияқты теңіз түбінің сурет карталары мен планын алуға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы техникалық құралдар жасалды.

Бірыңғай мемлекеттік координаталар жүйесінің теориясын талдап жасау және оны практикаға ендіру саласында Ресей ғылым академиясының корреспондент мүшелері Н. Г. Келль және Ф. Н. Красовский зор жұмыстар істеді. Геодезия және картография саласындағы аса көрнекті зерттеулер осы ғалымдардың және профессорлар А. А. Михайлов, А. А. Изотов, А. С. Чеботарев, М. С. Молоденский, Н. А. Урмаев, В. В. Данилов, В. В. Попов және т. б. еншісіне тиеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]