Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции ИОТ.docx
Скачиваний:
136
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
543 Кб
Скачать

2.1 Электрлік жабдықтау және электр жүйелері

Энергетикалық жүйе деп электр энергия мен жылуды өндіру, өзгерту және таратудың үздіксіз үрдісіндегі тәртіптің ортақтылығымен байланысқан электрлік және жылу жүйелерінің жиынтығы аталады.

Энергетикалық жүйенің электрлік болігі деп энергетикалық жүйенің электрлік станциялар, электрлік жүйелер электрлік-құрылысының жиынтығы аталады.

Электр-энергетикалық жүйе деп энергетикалық жүйенің электрлік бөлігі және одан нәр алатын, электрлік энергияны өндіру, бөлу, тарату және тұтыну үрдісінің ортақтылығына байланысты біріктірілген электрлік энергияның қабылдағыштары аталады.

Электрлік-жабдықтау дегеніміз тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету.

Электрлік-жабдықтау жүйесі деп тұтынушыларды электр энегриясымен қамтамасыз етуге арналған электрлік құрылғылар жиынтығы аталады.

Орталықтандырылған электрлік-жабдықтау деп тұтынушыларды энергетикалық жұйеден алынған энергиямен жабдықтау аталады.

Электрлік жүйе деп арнайы аймақта жұмыс істейтін подстанциялардан, таратушы құрылғылардан, тоқ тізбектерінен, электр берілудің ауалық және кабельдік желілерінен құралған электр энергиясын беруге және таратуға арналған электрлік құрылғылардың жиынтығы аталады.

Электрлік энергияның қабылдаушысы деп электрлік энергияның басқа түрге өзгеруіне арналған аппарат, агрегат, механизмдер аталады.

Электрлік энергияның тұтынушысы деп технологиялық үрдістер арқылы біріктірілген және арнайы территорияға орналастырылған немесе электрлік қабылдағыштар тобы аталады.

Электрлік қабылдағыштар немесе электрлік қабылдағыштар тобының тәуелсіз қорек көзі деп авариядан кейінгі жағдайға арналған, нақты ережелермен белгіленген шекті кернеу сақталатын қорек көзі аталады.

Тәуелсіз қорек көздерінің қатарына келесі жағжайды бір мезгілде екі электростанция мен подстанциялардың шендер жүйесі немесе екі секциясы жатады. Ол екі жағдайлар мыналар:

  • секциялар немесе шендер жүйесінің әрбіреуі тәуелсіз қорек көзінен нәр алады;

  • шендер секциялары өзара байланысты емес немесе шендер секцияларының біреуінің қалыпты жұмысы бұзылып, автоматты түрде сөндірілген кезде өзара байланысы бар.

Электрлік құрылғылар деп электр энергиясының өндірілуіне, өзгертілуіне, трансформациялануына, берілуіне, таратылуына және энергияның басқа түріне өзгертілуіне арналған машиналардың, аппараттардың, көмекші жабдықтау желілерінің жиынтығы аталады.

Электрлік құрылғыларының қауіпсіздік талаптары 1 кв-қа дейінгі және 1 кВт жоғары электр құрылғыларының Ережелері болып болінеді.

Ашық немесе сыртқы электрлік құрылғылар деп атмосфералық әсерлерден ғимаратпен қорғалмаған электр құрылғылар аталады.

Тек шатырмен, торлы қоршаумен қорғалган электр құрылғылары сыртқы электр құрылғылары болып қарастырылады. Жабық немесе ішкі электр құрылғылары деп оларды атмосфералық әсерден қорғайтын ғимараттың ішіне орналасқан электр құрылғылар аталады.