Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методичка семинар ОЭТ.docx
Скачиваний:
57
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
322.46 Кб
Скачать
  • Қорытынды

  • Семинар сабағына берілген сұрақтар талқыланды. Жағдайлық есептер шығару арқылы студенттер нақты есептеулер жүргізуге қалыптасады. Нақты фирма мысалында кәсіпкер ретінде өз қызметіндегі тәуекелдерді болжау, шешім қабылдау туралы өзара мәліметтер алмасады, ұсыныстар айтады. ҚР шағын кәсіпкерліктердің қызмет етуіндегі ерекшеліктер туралы азара пікір алмасады. Соңынан студенттер бағаланып, семинар сабағы аяқталады.

  • Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады

  • Тесттік тапсырмалар:

  • 1. Тұрақты шығындар – бұл...

  • а) кез келген өнім көлемінің минималды шығындары

  • б) айқын емес шығындар

  • в) фирма ешқандай өнім өндірмесе де болатын шығындар

  • г) саты алу кезіндегі баға бойынша ресурстарға кеткен шығындар

  • д) жер иелері мен жұмысшыларға төлем

  • 2. Өндіріс көлемінің оптималды көлемін анықтауда ескерілмейтін шығындар:

  • а) орташа

  • б) айнымалы

  • в) шекті

  • г) бухгалтерлік

  • д) жалпы

  • 3. Тұрақты және өзгермелі шығындар түсінігі:

  • а) ұзақ мерзімді кезеңде болады

  • б) қысқа мерзімде болады

  • в) монополистік нарықта болады

  • г) жетілген бәсеке нарығындаболады

  • д) жетілмеген бәсеке нарығында болады

  • 4. «Экономикалық шығын» ұғымына жататындар:

  • а) жұмысшыларға, жер иелеріне, капитал иелеріне барлық төлемдер

  • б) жалпы

  • в) жұмысшыларға, кәсіпкерлерге төлем минус қалыпты пайда

  • г) жұмысшылардың, жер иелерінің, капитал иелерінің тек өндірістік ресурстары үшін ғана төлемдер

  • д) жалдамалы жұмысшылардың жалақысы мен кәсіпкерлердің тәуекелі үшін төлем

  • 5. Өндіріс шығындарын төмендету:

  • а) пайдамен байланысты емес

  • б) пайданың пайда болу шарты

  • в) бугалтерлік пайданы қалыптастырады

  • г) пайданың азаюына әкеледі

  • д) экономикалық пайданы қалыптастырады

  • 6. Жалпы шығындар – бұл...

  • а) экономикалық шығындар

  • б) тұрақты шығындар

  • в) өзгермелі шығындар

  • г) өзгермелі шығындар мен тұрақты шығындар

  • д) бухгалтерлік шығындар.

  • 7. Орташа шығын:

  • а) өнім бірлігіне кеткен шығындар

  • б) өнім бірлігіне кеткен өзгермелі шығындар

  • в) өнім бірлігіне кеткен жалпы шығындар

  • г) өнім бірлігіне кеткен тұрақты шығындар

  • д) тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы

  • 8. Бухгалтерлік шығын – бұл...

  • а) тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы

  • б) өнімді өндіру және сату шығындары

  • в) өнімнің өндірілуіне кеткен ақшалай шығындар

  • г) ресурстың құны оны сатып алу бағасына тең

  • д) өнім бірлігіне кеткен жалпы шығындар

  • 9. Жалпы табыс– бұл...

  • а) сатудан түскен түсім минус бухгалтерлік шығын

  • б) барлық өнімді сатудан түскен табыс

  • в) өндірілген жалпы өнімнің құны

  • г) сатудан түскен түсім минус экономикалық шығын

  • д) қосымша өнімді сатудан түскен табыс

  • 10. Шекті табыс – бұл...

  • а) сатылған бір өнімге келетін жалпы табыс

  • б) бір өнімге келетін жалпы табыс

  • в) сатылатын өнім бірлігін өзгерту нәтижесінде алынатын қосымша табыс

  • г) өнім бірлігіне келетін орташа табыс

  • д) барлық өнім сатудан түсетін жалпы табыс

  • 11. Өндіріс шығындары құннан қалай ажыратылады?

  • а) сандық

  • б) сапалық

  • в) сандық және сапалық

  • г) айырмашылығы жоқ

  • д) жалпы салыстыруға болмайды

  • 12. Төменде көрсетілген шығындардың қайсысы тұрақты шығындарға жатады?

  • а) жұмысшылар жалақысы, амортизациялық аударымдар, ренталық төлемдер

  • б) басқарушы қызметкерлердің, күзетшілердің жалақысы, несие бойынша %, амортизациялық аударымдар

  • в) еңбек қауіпсіздігі, күзет, шикізат пен құрал – жабдық шығындары

  • г) шикізат, электроэнергия, рента, несие бойынша % шығындары

  • д) шикізат, отын, электроэнергия үшін төлемдер

  • 13. Қысқа мерзімде фирманың айнымалы шығындарын туындататын факторлар:

  • а) банктік несие пайызының өсуі

  • б) жергілікті салықтың өсуі

  • в) шикізат бағасының өсуі

  • г) құрал жабдыққа арендалық төлемнің өсуі

  • д) амортизациялық аударымның өсуі

  • 14. Өндіріс факторының бағасы өскенде, фирма қысқа мерзімді кезеңде не істеуі тиіс?

  • а) осы факторды көп қолдануы тиіс

  • б) осы факторды аз қолдануы тиіс

  • в) осы факторларды бұрынғы көлемде қолдануы тиіс

  • г) фактордың бағасы бұл факторды пайдалануға еш әсер етпейді

  • д) өнім бағасын төмендету қажет

  • 15. Қалыпты пайда қай шығындармен байланысты?

  • а) ішкі

  • б) сыртқы

  • в) тұрақты

  • г) айнымалы

  • д) байланысы жоқ

  • Тақырып 11. Өндіріс факторларынан түсетін табыстар

    • Негізгі әдебиеттер:

    • Қосымша әдебиеттер:

    • Құқықтық нормативті актілер

    • Шеденов Ө.Қ., Сагындыков Е.Н. «Жалпы экономикалық теория». Ақтөбе, 2004.

    • 1 Никитин Р. Закон стоимости и механизм ценообразования. Экономические науки.М.: Прогресс, 2001.

    • 2 Аубакиров Я. Ескалиев М. Основы экономической теории. А. 1999.

    • 3. Ригер Р. Денежная политика в переходной период. Экономические науки. 2001. №5

    • 4. Кузнецов Н. Либерализация денежного обращения: проблемы и подходы. Вопросы экономики 2006, №4 4-29 ст.

    • Тұтынушылардың праволарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңы

    • Макконелл К. «Экономикс» М., Республика, 2002

    • Самуэльсон П. «Экономика» М., Прогресс, 1996

  • Мақсаты:

  • -Пайданың себебін анықтайтын факторлар туралы студенттердің білімін бекіту

  • - Студенттердің табыс табу жолдарына байланысты мәліметтермен коммуникативтілігін арттыру

  • - Қазіргі таңда табыс және пайда мәселесін дұрыс қолдану жолдарын қалыптастыру

  • - Кәсіпкерлік табыстарға және жалақыға байланысты ережелер бойынша құқықтық білімдерін қалыптастыру

  • Оқудың міндеттері:

  • Студенттердің өндіріс факторларынан түсетін табыс элементтерін меңгеруі

  • Студенттер берілген тапсырманы талдай алу керек

  • ҚР кәсіпкерлік қатынастарының ерекшелігін меңгеру.

  • Есептер ен тапсырмаларды өз беттерінше дұрыс шешімін табу.

  • Негізгі түсініктер: табыс, пайда.

  • Жаңа түсініктер: рента, пайда мөлшері

  • Қарастыратын негізгі сұрақтары

  • 1. Өндіріс факторларының нарықтық бағасы өндіріс факторының шекті қосымша өнімі.

  • 2. Пайыз капитал иесінің факторлық табысы ретінде пайда мөлшері.

  • 3. Жер рентасы мөлшерінің факторлық табысы.

  • 4. Пайда кәсіпкерлік факторлық табысы ретінде. Пайда мөлшері.

  • Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).

  • Көрнекі құралдар:

  • - Карточкалар, кестелер, мультимедиялық аппарат.

  • Негізгі бөлім:

  • Семинар сабақ есептік тапсырмалар ретінде өткізу. Топты үш командаға бөліп, есептік тапсырмаларды және кейс-стадиді бірінші аяқтағаны жеңімпаз.

  1. Төмендегі өндіріс факторлары нарығына тән ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз:

  • Еңбек нарығы

  • Капитал нарығы

  • Жер нарығы

  • Ақпараттар нарығы

  • 1

  • 2

  • 3

  1. Капитал өндіріс факторы ретінде қандай қажеттіліктерді қанағаттандырады?

  2. Төмендегі жалақы нысандары мен түрлеріне сипаттама беріңіз:

  • Нақты

  • Номиналды

  • Келісімді

  • Мерзімді

  1. Жылдар бойынша ҚР төмендегі және орташа жалақы деңгейін көрсетіңіз:

  • 2006

  • 2007

  • 2008

  • 2009

  • 2010

  1. Дифференциалды жер рентасының сипаттамаларын ашыңыз:

  • І-ші дифференциалдық рента

  • ІІ-ші дифференциалдық рента

  1. Осы екі пункттегі талқылаулардың логикалық түсіндірмесін беріңіз:

  1. Пайда, дәлірек айтқанда, пайдаға деген ұмтылыс жетілген бәсеке нарығында тепе-теңдік жағдайын бұзады;

  2. Жетілген бәсеке нарығы – бұл экономиканың идеалды жағдайы;

  • Мәселелік жағдай:

  1. Өндіріс факторларына нарықтық бағаның құрылуының негізін не құрайды?

  2. Қандай себептерден өндіріс факторларына деген сұраныс қисығы жылжиды?

  1. Оңға жоғары

  2. Солға төмен

  • Неге осы қисық кез-келген жағдайда теріс бағытта болып келеді?

  1. Егер де фирма алдына шығынды азайтып, пайданы көбейту керек деген міндетті қойса, проблеманың шешуі фирманың өндіріс факторларына сұранысын өзгерте ала ма? Неге? Ол қалай жүреді?

  • Дисскусия: «Жетілген бәсекелі нарықта пайданы жоғарлату жолдары» немесе «Қазіргі таңдағы мәселесі: ҚР табысқа байланысты қандай ережелерін білесіз және орташа жалақысы күнкөріске жете ме?» тақырыбында жүргізу.

  • Қорытынды: Есептік тапсырмалар, кестелерді толтыру негізінде студенттедің ой өрістері дамиды. Және де семинар сабақтарының сұақтарын талдау арқылы өндіріс факторларынан түсетін табыстарды, өмірлік жағдайларда түсетін пайда мәселелерін қарастырылып білімдері толықтырылады. Соңында сабақ қорытындыланып, студенттер бағаланады.

  • Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады

  • Тесттік тапсырмалар:

  • 1. Экономикалық пайда ненің айырашылығынан туындайды?

  • а) жалпы түсім мен өдірістің ішкі шығындары арасындағы айырма

  • б) жалпы түсім мен өдірістің сыртқы шығындары арасындағы айырма

  • в) жалпы түсім мен қалыпты пайда арасындағы айырма

  • г) жалпы түсім мен өдірістің барлық шығындары арасындағы айырма (ішкі шығынсыртқықалыпты пайда)

  • д) жалпы түсім мен балама шығындар арасындағы айырма

  • 2. Қазіргі экономика ғылымындағы пайда ұғымының мәні:

  • а) барлық табыстардың жиынтығы: %, жалақы, рента, кәсіпкерлік пайда

  • б) тек капиталға %

  • в) қосымша құнның өзгерген түрі

  • г) новатордың табысы

  • д) кәсіпкер тәуекелі үшін қоғамның төлемі

  • 3. Өндіріс факторлары нарығында бағаның құрылуы:

  • а) өндіріс факторларының бағалары тұрақты түрде төмендеп отырады

  • б) фирма мен сатып алушылардың нақты сұранысы бойынша өзгереді

  • в) өнім өндірісін арттыруға ықпал етеді

  • г) өзара алмастыратын және өзара толықтыратын өндіріс факторларының болуын байланысты емес

  • д) бағалары үнемі өсіп отырады

  • 4. Басқа жағдайлар тұрақты болғанда, өндіріс факторларына сұраныстың икемді болуы:

  • а) өндірістің арзан факторларын ығыстырып шығарады

  • б) өндіріс шығындарын жоғарылатады

  • в) бағалары төмендеп, өндіріс шығындары азяды

  • г) бағалары өте жоғары болады

  • д) өндіріс шығындарын төмендетеді

  • 5. Номиналды жалақының сатып алу қабілеті неден көрінеді?

  • а) жалақы қойылымынан

  • б) нақты жалақыдан

  • в) ақшалай жалақыдан

  • г) минималды жалақыдан

  • д) мерзімді жалақыдан

  • 6. Мерзімді жалақыға қарсы жалақы түрі қандай?

  • а) аккордті

  • б) пайдадан алынатын пайыз

  • в) келісімді

  • г) сый ақы

  • д) дивиденд

  • 7.Еңбекке сұраныс:

  • а) жалақы мөлшерімен тікелей байланысты

  • б) еңбекпен өндірілген өнімнің ұсынысымен тікелей байланысты

  • в) машина мен құрал – жабдықтарға сұраныспен анықталады

  • г) осы еңбекпен өндірілетін өнімге сұраныспен анықталады

  • д) еңбек сапасымен аынқталады

  • 8. Жер рентасының пайда болуының алғы шарты не?

  • а) жерді жалға беру.

  • б) жердің құнарлылығы

  • в) жердің экономикалық құнарлылығы

  • г) жерге сұраныс

  • д) жердің ұсынысы

  • 9. Жер бағасы қалай анықталады?

  • а) жер құнымен

  • б) жер рентасының көлемімен

  • в) қарыз пайызымен

  • г) пайыз және жер рентасының көлемімен

  • д) жоғарыда айтылғандардың жиынтығымен

  • 10. Жердің табиғи сапасы қай рента түрімен байланысты?

  • а) абсолютті рента

  • б) дифференциялдық рента 1

  • в) дифференциялдық рента 2

  • г) дифференциялдық рента 1 және 2

  • д) жалдық төлем

  • 11. Нарық экономикасында жалақы қойылымы қалай анықталады?

  • а) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы арқылы анықталады.

  • б) білікті жұмысшыларды жалдайтын фирмалар арасындағы бәсеке арқылы анықталады

  • в) білікті жұмысшылардың жұмыс орнын таңдау еркіндігімен анықталады

  • г) мемлекет пен кәсіподақтың реттеуі арқылы анықталады

  • д) кәсіпкерлердің ассоциациясы арқылы анықталады

  • 12. Нақты жалақы –

  • а) жұмысшы мен оның жанұясының өмір сүруге қажетті заттарының сомасы

  • б) жұмысшы күшін ұдайы өндіру үшін қажет тауарлар мен қызметтердің саны

  • в) номиналды жалақыға сатып алуға болатын тұтыну құндарының сомасы

  • г) жұмысшыға төленген ақшалай төлем

  • д) біліктілікті арттыру мен қайта дайындауға жұмсалынған ақша сомасы

  • 13. Дифференциялды II рентаның пайда болуының шарты қандай?

  • а) жер телімдерінің құнарлылықтарының әртүрлілігі

  • б) жердің нарықтан әртүрлі қашықтықта орналасуы

  • в) жерге салынған қосымша капитал өнімділігінің әртүрлілігі

  • г) жер телімдерінің табиғи ерекшеліктері

  • д) өндіріс құралдарына жеке меншік

  • 14. Қарыз капиталы мен өсімқорлық арасында қандай ортақ байланыс бар?

  • а) пайыз түрінде пайда алады

  • б) қарыз алушы – өндірістік емес тұтыну мақсатында әрекет ететін танымал ысырапшы

  • в) шағын тауар өндіруші

  • г) қарыз алушы – пайда алушы капиталист

  • д) олар қарыз алушы үшін де, қарыз беруші үшін де капитал

  • 15. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіші:

  • а) жан басына шаққандағы ЖҰӨ

  • б) жан басына шаққандағы ұлттық табыс

  • в) жан басына шаққандағы ұлттық байлық

  • г) таза ұлттық табыс

  • д) жалпы ішкі өнім