Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методичка семинар ОЭТ.docx
Скачиваний:
57
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
322.46 Кб
Скачать
  • Тестік тапсырмалар:

  • 1.Бұл математикалық өрнек қай заңды сипаттайды?:

  • а) сұраныс заңы

  • б) ұсыныс заңы

  • в) еңбек өнімділігінің кему заңы

  • г) өндіріс шығындарының арту заңы

  • д) шекті пайдалылықтың кему заңы

  • 2. Графикте ненің қисығы өрнектелген?

  • а) сұраныс қисығы

  • б) ұсыныс қисығы

  • в) Филлипс қисығы

  • г) Лоренц қисығы

  • д) өндірістік мүмкіндіктер қисығы

  • 3. Графикте не өрнектелген?

  • а) сұраныс қисығы

  • б) ұсыныс қисығы

  • в) Филлипс қисығы

  • г) Лоренц қисығы

  • д) өндірістік мүмкіндіктер қисығы

  • 4. Абсцисса осіндегі А нүктесі нені көрсетеді?

  • а) сұраныс пен ұсыныс көлемінің теңсіздігін

  • б) өндіріс көлемінің тепе теңдігін

  • в) бағалардың тепе теңдігін

  • г) шекті табыстың мөлшерін

  • д) өндірістік мүмкіндіктер қисығын

  • 5. Ординатада осіндегі А нүктесі нені көрсетеді?

  • а) бағалардың тепе теңдігін

  • б) сұраныс пен ұсыныс көлемінің тепе теңдігін

  • в) өндіріс көлемінің тепе теңдігін

  • г) шекті табыстың мөлшерін

  • д) шекті өнімнің мөлшерін

  • 6. Қандай факторлар сұранысқа әсер етеді?

  • а) тұтынушы талғамы, бензин бағасы

  • б) ресурс бағасы, тұтынушы талғамы

  • в) тұтынушы табысы, нан бағасы

  • г) тұтынушы талғамы, тұтынушы табысы

  • д) ресурс бағасы, тұтынушы табысы

  • 7. Қандай факторлар ұсынысқа әсер етеді?

  • а) технологияның жақсаруы, тұтынушының кірісі

  • б) тұтынушы талғамы, ресурс бағасы

  • в) ресурс бағалары, тұтынушының кірісі

  • г) тұтынушы кірісі, тұтынушы талғамы

  • д) технологияның жақсаруы, ресурстар бағасы

  • 8. Баға бойынша сұраныс қай кезде икемді болады?

  • а) Ed<1

  • б) Ed>1

  • в) Ed<1 және Ed>1

  • г) Ed=1

  • д) Ed=0

  • 9. Баға бойынша ұсыныс қай кезде икемсіз?

  • а) Es>1

  • б) Es=1

  • в)Es<1

  • г) Es>1 және Es<1

  • д) Es=0

  • 10. Егер тауарға сұраныс өсіп, ал ұсыныс өзгеріссіз қалса, онда:

  • а) тепе теңдік баға мен сату көлемі артады

  • б) тепе теңдік баға көтеріледі, ал сату көлемі азаяды

  • в) тепе теңдік баға мен сату көлемі азаяды

  • г) тепе теңдік баға төмендейді, ал сату көлемі өседі

  • д) өзгеріс болмайды

  • 11. Сұраныстың қисық бойымен орын ауыстыруы немен байланысты?

  • а) сұраныстың артуымен

  • б) сұраныстың төмендеуімен

  • в) сұраныстың ұсыныстан жоғары болуымен

  • г) бағаның өзгеруімен

  • д) тауарға сұраныстың өзгеруімен

  • 12. Егер тауар бағасы 1 %-ға төмендегенде сұраныс 2%-ға артса, онда сұраныс:

  • а) икемсіз

  • б) икемді

  • в) бірлік икемді

  • г) абсолютті икемді

  • д) абсолютті икемсіз

  • 13. Абсолютті икемсіз сұраныс қисығы қандай болады?

  • а) тік сызық

  • б) көлденең сызық

  • в) қисық сызықты

  • г) теріс бағытталған тура сызық

  • д) оңбағытталған қисық сызықты

  • 14. Сұраныстың баға бойынша икемділік коэффициенті қалай анықталады?

  • а) бағаның пайыздық төмендеуінің сұраныс көлемінің пайыздық артуына қатынасы

  • б) жалпы түсімнің пайыздық өзгерісінің сұраныс көлемінің пайыздық артуына қатынасы

  • в) жалпы түсімнің пайыздық кемуінің бағаның пайыздық артуына қатынасы

  • г) сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынасы

  • д) жалпы түсімнің пайыздық өзгеруі

  • 15. Тұтынушылартабысы өскенде қандай тауарға сұраныс төмендейді?

  • а) бағалы тауарларға

  • б) сапасы төмен тауарларға

  • в) сұранысы бірлік икемді тауарларға

  • г) алғашқы қажетті тауарларға

  • д) сұранысы икемсіз тауарларға

  • 8. Тақырып. Бәсеке және монополия

    • Негізгі әдебиеттер:

    • Қосымша әдебиеттер:

    • Құқықтық нормативті актілер

    • Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория». Алматы – Ақтөбе, 2002. 83-90бб.

    • Никитин Р. «Закон стоимости и механизм ценообразования» М., Прогресс, 2001г.

    • "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына ґзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 наурыздаңы № 255-IV Заңы

    • Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория курсы – Алматы, 1999ж., 100-108бб.

    • Аубакиров Я., Ескалиев М. «Основы экономической теории» А., 1999г.

    • Бәсекелестiк туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV Заңы

    • Әубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә.,Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ. Табеев Т.П. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы – Алматы, Санат, 1998ж., 99-104бб.

    • Мамыров А.К. «Микроэкономика»Алматы,2001

  • Сабақтың мақсаты

  • Бәсеке және монополия туралы материалдарды меңгеру.

  • Бәсеке және монополия тақырыбы бойынша қарастырылатын негізгі түсініктердің мағынасын ашу.

  • Студенттерді экономиканы дамытудағы бәсеке мен монополияның маңыздылығын талдай отырып, бәсекені жәтілдіру бойынша өз ұысынстарын айтуға үйрету.

  • ҚР экономикасының бәсекелік жағдайын зерделеу.

  • ҚР-дағы монополияға қарсы саясат туралы ақпараттарды тадай отырып, оның маңыздылығын ашу.

  • Оқытудың міндеттері:

  • Студенттерді «Монополия тепе-теңдігі» тақырыбында қойлатын ойынға қатыстыра отырып, тақырып бойынша берілген негізгі сұрқтарды талдау.

  • «Біріктіру тиімділігін талдау» тақырыбындағы жағдайды талдауға қатыстыра отырып, түрлі экономикалық субъек ретінде қабылдайтын шешімдерін ұсыну.

  • Мәселелік сұрақтарды талдау.

  • Тақырып бойынша берілген тестік тапсырмаларды орындау.

  • Бақылау сұрақтарына жауап беру.

  • Негізгі түсініктер: Бәсеке, монополия, олигополия, монопсония, дуополия.

  • Жаңа түсініктер: бәсеке, бәсекеге қабілеттелік, монополиялық билік, жетілген бәсеке,

  • жетілмеген бәсеке, антимонополиялық саясат.

  • Қарастыратын негізгі сұрақтары:

  1. Бәсеке мәні, оның экономикалық рөлі.

  2. Жетілген бәсеке нарығының механизмі.

  3. Жетілмеген бәсеке нарығының механизмі.

  4. Антимонополиялық заңнамалар және экономиканы реттеу: негізгі қағидалар.

  • Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).

  • Негізгі бөлім:

  • Семинар сабақ ойын түрде өткізу: Іскерлік ойын «Монополия тепе-теңдігі»

  • Ойын ережесі

  • Бірнеше студент (2-3 адам) монополист – алыпсатардың рөлін ойнайды. Әр алыпсатар – монополист өзіндік ерекше тауарға ие.

  1. Басқа студенттер сатып алушылар болып табылады. Әр студент тек бір ғана тауарға сұраныс білдіре алады.

  2. Ойын негізінде «монополист» студенттердің арасында жүреді. Ең жоғары пайда алған монополист жеңеді. Ол үшін монополист сұранысты арттыру мақсатында өз тауарын жарнамалауы қажет.

  3. Монополист рыноктағы нақты жағдайға қарап тауардың көтерме бағасын белгілейді. Осы баға монополисттің пайдасына әсер етеді. Егер баға өте жоғары болса монополист зиян шегуі мүмкін. Дегенмен, баға өте төмен де болмауы тиіс. Егер баға нөлге тең болса, онда монополист тауарды «ұрлап алған» деп есептейміз.

  4. Монополист сатып алу бағасын жасырын түрде (сатып алушылардың жеке сұраныстарына әсер етпеуі керек) сатып алушыға хабарлайды (бұл «коммерциялық құпия» деп аталады).

  5. Студенттер – сатып алушылар белгілі бір сатушыны қолдау («пулмен дауыс беру») мақсатында қатысады. Әр сатып алушы бір тауарды таңдайды және оған сұраныс жасайды.

  6. Егер сатып алушы сұраныс заңына сай келмейтін сұраныс жасаса, онда бұл сатып алушы бар құқығынан айрылады және оның ойынға қатысу үшін жасаған өтініші қабылданбайды. Өз кезегінде бір сатушы осы сатып алушының қолдауынан айырылады.

  7. Жеке сұраныс кестесін толтыру барысында аудиторияда әр тауардың бағасының өзгеру диапазоны туралы дискуссия болады. Дискуссия нәтижесінде әр тауардың күтілетін мүмкін бағаларының (4-5 мән) мәндер жинағы дайындалады. Бұған максималды және минималды мүмкін мәндер міндетті түрде кіреді.

  8. Бағалар диапазоны туралы дискуссияға тауардың сатушысы қатыспайды, өйткені ол міндетті түрде бағаның көтерілуін және тепе-теңдік бағаның жоғарылауын қалайды.

  9. Бұл ойында оқытушы ұйымдастырушылық қызметтер атқарады және қажетті есептеулерді тақтаға жазып отырады (есептеулерді студентке тапсыруға болады).

  • Ойынға дайындық

  1. Әр тауар үшін мүмкін бағалар мәндерінің санын белгілеу (бізде ол 4-ке тең).

  2. Жеке сұраныс жазу үшін «бланк» дайындау керек (кесте 6.2).

  • Кесте 6.2 - Жеке сұранысты анықтау үшін бланк

    • А.Ә.Т.

    • тауар

    • Баға

    • Сұраныс

    • 1

    • 2

    • 3

    • 4

  • Ескерту.

  • Сатуға ұсынылған тауарлар бағасы салыстырмалы түрде өзара сәйкес болуы керек. Мысалы, пирожки, балмұздақ, авторучка және т.б. Ойынға қатысушы студенттер салыстырмалы түрде өзара сәйкес ақша көлеміне (100-200 теңге) ие. Сатып алушы – студенттер жеке сұраныстарын білдірер кезде осы шектемені ескеруі керек. Кез келген өнімді сатып алу кезіндегі сатып алушының шығындары олардың қолда қаржысынан асып кетпеуі керек.

  1. Алдымен сатушы – студенттер аудитория алдында өз тауарларына жарнама

  • жасаулары керек.

  • Кейс-стади «Біріктіру тімділігін талдау»

  • Vodafonе британдық компаниясы Mannesmann AG неміс концернін 190,68 млрд. долларға сатып алды (өзіне қосып алады) деп РосБизнесКонсалтинг агенствосы хабарлайды. Келісімшарт негізінде Mannesmann компаниясы біріккен компания акциясының 49,5% үлесіне ие болады. Ұзақ уақыт бойы бұл екі компания да Германия, Франция, Италья рыноктарында қалта телефон саласында жұмыс жасаған.

  • Европалық мамандардың бағалауы бойынша біріккен жаңа ең ірі компания әлемнің 15 елінің телекоммуникация рыногындағы 30 млн. тұтынушыға қызмет көрсететін болады.

  • Mannesmann-нің атқарушы директоры Клаус Эсер келісімшартқа байланысты өзінің орнын босатады. Жаңа компанияны Vodafonе – ның бурынгы директоры Крис Гент басқаратын болады.

  • BBC News хабарлағандай Vodafonе және французс конгломераты Vivendi мықты европалық Интернет-портал және еонтинентальаралық телефондық жүйе құруды жоспарлап отыр.

  • Vodafonе J-Phone төрт компанияны біріктірді. (08.08.2001).

  • Vodafonе Group компанияның президенті Кристофер Гент дүйсенбі күні компанияның бәсекегеқабілеттілігін арттыру мақсатында негізгі төрт акционерлерінің акциясын біріктіру және ол біріктіруді осы күзде жүзеге асыруы мүмкін екендігі туралы хабарлады.

  • Vodafonе Group компаниясының талдаушыларының (аналитиктерінің) болжамы бойынша жаңа компанияның келер жылғв табысы 6,5%-дан 5%-ға төмен болмақ. Өйткені күннен-күнге артып келе жатқан бәсеке деңгейі өнім бағасын көтеруга мүмкіндік бермейді.

  • Талқылау үшін сұрақтар:

  1. Vodafonе – нің бірігуі тиімді болды деп есептеуге болады ма?

  2. Экономикалық тұрғыдан зерттегенде бірігудің кері әсерлері туралы не айтасыз?

  3. Сіздің ойыңызша Vodafonе – ның бірігуі қоғам үшін қаншалықты тиімді болмақ?

  4. Мемлекет ретінде сіз бұл компаниялардың бірігуін қолдар ма едіңіз?

  • Дисскусия

  1. Қазақстан Республикасында ҚазақстанТемірЖолы, Қазақтелеком, Орталықтан жылыту жүйелері сияқты табиғи монополиялық кәсіпорындар бар. Жылыту орталығы тарифтерінің бағасын 80%-ға жоғарылатты. Осы жағдай мемлекеттің экономикасына, халықтың (соның ішінде сіздің отбасыңыздың) әлеуметтік-экономикалық жағдайына қалай әсер етті? Бұл қалыпты жағдай ма? ҚР монополияға қарсы күрес туралы заңы жұмыс істеп жатыр ма?

  2. Монополия бәсекені шектейді. Онда мемлекет не үшін табиғи монополияның

  • қалыптасуына, қызмет етуіне жол береді?

  • Қорытынды

  • Семинар сабағының сұрақтарын талқылау барысында студенттер бәсеке, монополия, жетілген бәсеке, жетілмеген бәсекежаңа түсініктер туралы материалдармен ақпараттандырылды.Ойынға қатыса отырып, тақырып бойынша өзіндік пікірлерін білдірді. Антимонополиялық заңдардың ел экономикасы үшін қаншалықты маңызды екені туралы өзіндік пікір қалыптастырады. ҚР экономикасындағы бәсекелік жағдай туралы ақпарат алмасты.Соңынан студенттер бағаланып, семинар сабағы аяқталады.

  • Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады

  • Бақылау сұрақтары:

  1. Нарықтың қандай белгілер бойынша жіктеледі?

  2. Бәсеке: жақсы және жағымсыз жақтары

  3. ҚР экономикасының бәсекеге қабілеттілігі қандай (нақты статистикалық ақпараттар негізінде пікір талас )?

  4. Салада бәсекенің жоқтығын қай белгіден көруге болады?

  5. Олигопсония кезіндегі нарықтық жағдай қандай болады?

  6. Монополия кезіндегі нарықтық жағдай қандай болады?

  7. Олигополия кезіндегі нарық жағдайы қандай болады?

  8. Не үшін монополия мен бәсеке түсінігі бір-біріне қарама-қайшы ұғым болып табылады?

  • Тесттік тапсырмалар:

  • 1. Олигополия – бұл:

  • а) еркін бәсеке нарығы

  • б) монопольды жоғары табыс алу мақсатында біріккен ірі капиталистердің бірлестігі

  • в) бірнеше ірі фирмалар билік ететін және біртекті немесе дифференциялданған тауар өндіретін нарық

  • г) еркін бәсеке нарығы, монопольды жоғары табыс алу мақсатында біріккен ірі капиталистер бірлестігі

  • д) нарықта бір фирманың билік етуі

  • 2. Жетілген және монополистік бәсеке нарықтарының ортақ белгісі қандай?

  • а) нарықта сатушылар мен тұтынушылардың көп болуы

  • б) біртекті тауарлар сатылады

  • в) дифференциялданған тауарлар сатылады

  • г) жоғары деңгейлі технологиялардың болуы

  • д) өз өніміне сұраныстың болуы

  • 3. Қандай жағдай «жетілген бәсеке» нарығына қайшы?

  • а) барлық тұтынушылар мен сатушылар баға туралы толық мәлімет ала алады

  • б) стандартты тауар шығаратын көптеген фирмалар салаларда қызмет етеді

  • в) ағымдық бағамен тауарды сатып алатын көптеген тұтынушылар бар

  • г) нарыққа ену кезінде кедергілер жоқ

  • д) нарыққа ену кезінде кедергілер жоғары

  • 4. Монопсония нарығына сай жағдайды көрсетіңіз:

  • а) бір сатушы және көптеген тұтынушылар

  • б) бір сатып алушы және көптеген сатушылар

  • в) көптеген тұтынушылар мен көптеген сатушылар

  • г) бірнеше ірі сатушылар мен көптеген шағын сатып алушылар

  • д) бір сатушы мен бір тұтынушы

  • 5. Олигополия кезіндегі нарық жағдайын көрсетіңіз:

  • а) бір сатушы және көптеген тұтынушылар

  • б) бір сатып алушы және көптеген сатушылар

  • в) көптеген тұтынушылар мен көптеген сатушылар

  • г) бірнеше ірі сатушылар мен көптеген шағын сатып алушылар

  • д) бір сатушы мен бір тұтынушы

  • 6. Монополия кезіндегі нарықтық жағдайды көрсетіңіз:

  • а) бір сатушы және көптеген тұтынушылар

  • б) бір сатып алушы және көптеген сатушылар

  • в) көптеген тұтынушылар мен көптеген сатушылар

  • г) бірнеше ірі сатушылар мен көптеген шағын сатып алушылар

  • д) бір сатушы мен бір тұтынушы

  • 7. Олигопсония кезіндегі нарықтық жағдайды көрсетіңіз:

  • а) бір сатушы және көптеген тұтынушылар

  • б) бір сатып алушы және көптеген сатушылар

  • в) көптеген тұтынушылар мен көптеген сатушылар

  • г) бірнеше ірі сатушылар мен көптеген шағын сатып алушылар

  • д) бір сатушы мен бір тұтынушы

  • 8. Қандай жағдай таза монополияға сай емес?

  • а) сатушы- жалғыз өндіруші, сала- бір фирманың синонимы

  • б) шығарылатын өнімнің алмастырушысы жоқ

  • в) нарыққа ену салыстырмалы түрде жеңіл

  • г) тауар бғасына, өндіріс көлеміне бақылау бар

  • д) нарыққа ену кедергілері жоғары

  • 9. Бәсекелестік нарық механизміне тән емес:

  • а) шаруашылық субьектілерінің еркіндігі

  • б) баға қоюдың еркіндігі

  • в) нарықтағы қандай да бір субьектінің монополды жағдайы

  • г) тауар өндірушілердің бәсекесі

  • д) мемлекеттің экономикада минимальды қатысуы

  • 10. Ауылдық жерде жалғыз бензоколанка болса, онда ол…

  • а) монопсония

  • б) монополия

  • в) олигополия

  • г) олигопсония

  • д) нарықтағы кез-келген жағдай

  • 11. Әділетсіз бәсекеге жатпайды:

  • а) техникалық құпияны ұрлау

  • б) бөтен тауар белгісін рұқсатсыз пайдалану

  • в) бәсекелік өнімнің сапасын жақсарту

  • г) басқа фирманың тауарды сыртқы безендіруін көшіріп алу

  • д) бәсекелес фирманың жұмысшыларын қаржымен қызықтыру

  • 12. Бағалық емес бәсеке амалына жатпайды:

  • а) бәсекеге түсетін өнімнің сапасын арттыру

  • б) жарнама

  • в) жоғары баға қою

  • г) көрме ұйымдастыру

  • д) жәрмеңке өткізу

  • 13. Салада бәсекенің жоқтығын қай белгіден көруге болады?

  • а) экономикадағы пайданың деңгейі қалыпты деңгейден төмен болса

  • б) саладағы фирманың өндірісті кеңейтуге қабілетсіз болуы

  • в) басқа кәсіпкерлерде осы салаға ену мүмкіндіктерінің болмауы

  • г) саладағы еңбек ақының экономикадағы орташа деңгейден төмен болуы

  • д) кез келген субъектілердің салаға еркін кіруі

  • 14.Қазақстан Республикасының антимонополиялық заңы қандай нормативтік актіде негізделген?

  • а) «табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңы

  • б) антимонополиялық саясаттың бағдарламасы

  • в) кәсіпорын іс әрекетінің бағдарламасы

  • г) Шерман заңы

  • д) монополды билік

  • 15. Саудада демпингке қарсы қандай заң қолданылады?

  • а) антимонополиялық заң

  • б) құн заңы

  • в) салық заңы

  • г) ұсыныс заңы

  • д) сұраныс заңы