Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методичка семинар ОЭТ.docx
Скачиваний:
57
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
322.46 Кб
Скачать
  • 16.Тақырып. Ақша несие жүйесі

    • Негізгі әдебиеттер:

    • Қосымша әдебиеттер:

    • Құқықтық нормативті актілер

    • Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А.,Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. 352-362 беттер

    • Амбаруумов А.А., Стерлинов Ф.Ф. Экономическая теория в вопросах и ответах. Киров, 2004.

    • "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасы Төрағасының республикада төлем және несие тәртiбiн нығайту мәселесi туралы"

    • Смирнов А.Д. Рыночная экономика. М., Соминтэк, 2002.

    • Камаев В.Д., Семенов, Сорокин и др. «Учебник по основам экономической теории». Кладас. М., 2004г

  • Сабақтың мақсаты

  • Студенттерге ҚР ақша жүйесін түсіндіру, ақша саясатының мәні мен функциясы туралы білімдерін қалыптастыру.

  • ҚР мемлекеттік басқару жүйесін түсіндіру және заңнамаларға байланысты құқықтық білімін қалыптастыру.

  • Оқытудың міндеттері:

  • Тақырып бойынша берілген сұрақтарды талқылау арқылы ақша несие жүйесінің мәнін ашу.

  • Қазақстанның ақша бірлігінің тарихын меңгеру, банктердің жұмысымен танысу.

  • Семинар сабағында ойындарға белсене қатысу

  • Негізгі түсініктер: Ақша жүйесінің түсінігі және типтері.

  • Жаңа түсініктер: Ақша ұсынысы. Ақшаға сұраныс. Несие

  • Қарастыратын негізгі сұрақтары

  1. Несиенің мәні және формалары.

  2. Қазіргі кездегі несие жүйесінің құрылымы.

  3. Несие жүйесінің қызметтері.

  • Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).

  • Сабақ үстінде топтармен жұмыс істегенде Жигсу(Зикзак) әдісін қолданамыз. Топты кіші 3 адамдық топарға бөліп, жоғарыда қарастыратын үш сұрақты алдарына тарқатамыз. Олар оқығанынан қорытынды шығырған соң, Бірінші сұрақ алғандарды үлкенірек бірінші топ, екінші сұрақ алғандарды үлкенірек екінші топ, үшінші сұрақ алғандарды үшінші топ жасаймыз. Олар түсінгендерін өз-ара талқылайды. Кейін араларынан бір спикер шығып сабақты түсіндіріп, айтып береді.

  • Теория Келесі түсініктерге оқытушының анықтама беруі:

  • Банк активі — банк мүліктері және банкке міндеттемелер.

  • Банк пассиві — банк міндеттемелері (салымдар, банк акциялары).

  • Банк баланыс — банктің активтерінің және пассивтерінің жиынтығы.

  • Банк резервы — қолма-қол ақша түріндегі банк мүлкі.

  • Кейс-стади

  • Көптеген елдермен салыстырғанда, соның ішінде Азия мемлекеттерімен Сингапурды салыстырсақ, бұл мемлекетте кедейлік мүлдем жоқ деп айтуға болады. Тұрғындарының көбісі орта классқа жатса, қалған бөлігі жоғарғы әлеуметтік топқа жатқызылады. Мемлекеттің қаржы нарығы үкіметтің араласуынан зардап шекпейді. Соған қарамай үкімет қоғамға басқа әдістермен әсер етеді. Мысалы: бұқаралық ақпарат құралдары және компанияларды жаңа деңгейге көтеру арқылы халықтың іс-әрекетіне үлгі болады. Сингапурдың жан басына шаққандағы жалпы ұлттық өнімі елді ең дамыған әлемдегі 1-ші қатардағы елдердің қатарына қосады екен. Сингапурлық компаниялардың менеджерлері, осы елде жұмыс жасайтын АҚШ-тың, Еуропаның менедерлерімен тең дәрежеде жалақы алады. Ел үкіметі әрқашан арал тұрғындарын өжз материалдық жағдайларын жақсартуға және мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануы үшін бәсекелестік рухын беріп отырады. Бәсекелестік рух материалдық құндылықтардың жинақталуына және көрші елдерден қалмауға септігін тигізіп отыр. Сингапур халқы ақшаларын құртуға дайын, тек ақшалары бекер кетпеу керек.Олар қалжындап: ≪kiasu≫ дейді-«Бұл ақшадан жоғары саналатын адамның қалауы». Мысалы: 80 мың сингапурлық раждествода ұлттық құс паркіне жиналады, кіру тегін болғаны үшін ғана. Шведтік дастархан жайылғанда еш қысылмастан көп тағам жеп қояды және самолеттен бір затты алып кету мүмкіндігін жібермейді. Мемлекеттің кейбір тұрғындары үшін ≪kiasu≫ стилімен өмір сүру мықтының аман қалуы(выживания сильнейшего) заңдылығының бір көрінісі болып табылады. Бірақта бұндай философияның бағасы ұандай екен? Бұған қарап біз сингапурлықтардың сөз еркіндігінен бас тартып, бір партиялық жүйеге өте салуы мүмкін, әйтеуір өз табысы, жұмыссыздықтың төмен деңгейін сақталып, қылмыз аз болса болғаны.

  • Талқылау үшін сұрақтар:

  • 1. Сингапур тұрғындарының байлық жинап, ақша табуға қалай қарайтынын біліңдер?

  • 2. Бұл мемлекеттегі негізгі мәдени нормалармен таныс болындар.

  • 3. Сингапурдың экномикалық даму үлгісімен Қазақстанның дамуын салыстырыңдар.

  • Қорытынды

  • Бұл сабақтың нәтижесәнде студенттер ҚР ақша жүйесін түсініп, ақша саясатының мәні мен функциясы туралы білім жинақтайды. Жигсу дидактикалық әдісі бойынша өз білімдерін өздері шыңдайды. Кейс-стади қарастырып, ол бойынша сұрақтарға жауап береді. Сөйтіп ақша несие саясаты туралы түсінік қалыптастыруға қол жеткізді.

  • Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады

  • Тесттік тапсырмалар:

  • 1. Жылжымайтын мүлікті кепілдікке алатын ұзақ мерзімді ақшалы несие:

  • а) ипотекалық несие

  • б) тұтынушылық несие

  • в) коммерциялық несие

  • г) банктік несие

  • д) мемлекеттік несие

  • 2. Мемлекет қандай мақсатпен ақша реформасын жүргізеді?

  • а) халықтың әл-ауқатын жақсарту

  • б) ақша бірлігінің сатып алу қабілеттігін ұлғайту

  • в) айналымдағы ақша көлемін қысқарту

  • г) ақша басып шығаруға кететін мемлекеттік шығындарды қысқарту

  • д) басқа мақсат

  • 3. Банктің белсенді операцияларына жатады:

  • а) салымдарды тарту

  • б) несиелерді басқа банктер арқылы алу

  • в) түрлі облигацияларды эмиссиялау

  • г) несие беру

  • д) алтын валюталы қорды сақтау

  • 4. Талап етуге дейінгі есеп шот ашу мен қарыз беруді қандай банк атқарады?

  • а) орталық банк

  • б) коммерциялық банк

  • в) ипотекалық банк

  • г) ұлттық банк

  • д) жинақ банкі

  • 5. Қор биржасы – бұл:

  • а) тауарлар көтерме бағамен сатылатын және сатылып алынатын нарық

  • б) несие бойынша келісім шарттар жасалатын нарық

  • в) жұмыс күшін жалдау нарығы

  • г) бағалы қағаздар сатылатын және сатып алынатын нарық

  • д) ғылыми-техникалық зерттемелер нарығы

  • 6. Құнды қағаздар нарығының қызметін кім инвестициялайды?

  • а) азаматтар

  • б) ұйымдар

  • в) брокерлер және дилерлер

  • г) мемлекет

  • д) коммерциялық банктер

  • 7. Несие берудің шарттары қандай?

  • а) мерзімсіздік, қайтарымдылық, ақылылық

  • б) өтеусіздік, ақылылық, мерзімділік

  • в) өтеусіздік, қайтарымдылық, мерзімділік

  • г) мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық

  • д) өтеусіздік, қайтарымдылық, мерзімсіздік

  • 8. Ақша-несие саясаты жүргізіледі:

  • а) елдің үкіметімен

  • б) елдің барлық қаржы несие мекемелерімен

  • в) елдегі орталық банкпен

  • г) қаржы министрлігімен

  • д) тек коммерциялық банктермен

  • 9. Банк пайдасы – бұл:

  • а) несие мен депозиттің пайыздық мөлшерлемелерінің арасындағы айырмашылық

  • б) банктің барлық шығыстары мен табыстары арасындағы айырмашылық

  • в) банктік несие бойынша пайыздар

  • г) банктік депозит бойынша пайыздар

  • д) капитал бойынша пайыз

  • 10. Пайыз мөлшерлемесі төмендегенде:

  • а) ақша массасына деген сұраныс азаяды

  • б) ақша массасына деге сұраныс жоғарылайды

  • в) өтімділігі жоғарықұралдар алғысы келетіндер саны азаяды

  • г) ақша массасына деген сұраныс өзгермейді

  • д) пайыздық мөлшерлеме ақша массасына ешқандай әсер етпейді

  • 11. Несие берудің негізгі қағидасы:

  • а) мерзімділігі

  • б) қайтарымдылығы

  • в) материалдық жағынан қамтамасыз етілуі

  • г) ақылылығы

  • д) мақсатқа арналуы

  • 12. Төлем мерзімін ұзарту арқылы тауарды сату қай несиемен байланысты?

  • а) коммерциялық несие

  • б) банктік несие

  • в) мемлекеттік несие

  • г) лизинг

  • д) факторинг

  • 13. Материалдық құралдарды жалға беру және біртіндеп құнын төлеуге негізделген несиенің ақшасыз түрі қандай?

  • а) коммерциялық несие

  • б) мемлекеттік несие

  • в) лизинг-несие

  • г) факторинг

  • д) ипотекалық несие

  • 14. Несиенің қажеттігі немен байланысты?

  • а) өндіріс құралдарына жеке меншік формасымен

  • б) ұдайы өндіріс процесінде ауыспалы айналым заңдылығымен

  • в) өндірістік ресурстарды бөлудің өзіндік ерекшелігімен

  • г) авансталған капитал мөлшерімен

  • д) салалық ерекшеліктермен

  • 15. Нарықтық экономика жағдайындағы банктік несиенің маңызды мақсаты:

  • а) тұтынуды дамыту

  • б) айырбасты ұлғайту

  • в) несие пайызын алу

  • г) капиталдың сақтау

  • д) кәсіпкерге қайырымдылық көмек беру