Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методичка семинар ОЭТ.docx
Скачиваний:
57
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
322.46 Кб
Скачать
  • Дисскусия:

  • Мысал №1. Айталық фермер бірнеше кг етті Мак Дональдс фирмасына 0,50 долларға сатады. Содан кейін Мак Дональдс елге 1,50 долл. тұратын гамбургер сатады. Осы жағдайда ЖҰӨ ді есептегенде, еттің және гамбургердің бағасы 2 долл. көлемінде деп есептеу керек пе немесе тек гамбургер 1,50 долл. деп алу керек пе? Бірнеше мысал келтіріңіздер

  • Мысалы №2. Пәтерді уақытша жалға алушы адам барлық қызмет құнын төлеп, үй иесінің табысын қамтамасыз етеді, үй иесінің табысы, тұруға берген үйдің шығындары, бәрі ЖҰӨ ді есептегенде осы жалдау төлеміне есепке енгізіледі. Сонымен қатар, көптеген азаматтар өз үйлерінде тұрады. Бұлар үй иесіне жалдау ақысын төлемегенімен, бәрібір олар сол көрсетілген қызмет түрін пайдаланады. Яғни пәтерді уақытша тұруға алатындар секілді. Сол себепті, жеке үй қожайындары пайдаланатын қызмет себебі үшін, ЖҰӨ нің құрылымына өздері өзіне «төлейтін», «жалдау ақысы» енгізіледі. Әрине, олар жалдау ақысын өзіне төлемейді. Сауда министрлігі жалдау ақысы мөлшерін бағалайды, егерде олар өз үйлерін жалға берген жағдайда және жалдау ақысын төлеген жағдайда, сонымен бірге осы арнайы есептелген құн өлшемін ЖҰӨ ге енгізеді. Осы жалдау ақысы үй иелерінің шығындары және табыстары деп есептелінеді. Мемлекет ұсынған қызметтер де осындай жолмен бағаланады.Сідің ойыңыз ЖІӨ неден құралады?

  • Қорытынды: Осы тақырыпты қорыта келгенде, көптеген тауарлар және қызмет түрлері ЖҰӨ-де нарықтағы бағаларымен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген кызмет құны ЖҰӨ- ге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн атауға ие болады. Мысалға, тұрғындарға әкімшілік, полиция және өрт сөндірушілер қызмет көрсетеді. Осы көрсетілген қызмет құнын бағалау қиын, себебі олар сатылмайды және нарық бағасын иемденбейді. ЖҰӨ құрамында осы мемлекеттік жұмысшылар өнімінің құнының көрсеткіші олардың жалақысы болып табылады. Яғни, ЖҰӨ- де арнайы есептелінген құн жалға берілген жеке үйлер, машиналар және ұзақ қолданылатын тауарлар іс жүзінде жасалынбайды.Онымен қатар кейбір тауарлар үйде жасалынып, үйде қолданылады, олар нарықта болмайды.Семинар сабағында берілген негізгі сұрақтар талқыланыпды,өз пікірлерін айтып жеткізді.

  • Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады

  • Тесттік тапсырмалар:

  • 1. Жалпы ұлттық өнім /ЖҰӨ/ - бұл ....

  • а) елдің ішінде немесе шетелде өндірілген барлық дайын тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны

  • б) елдегі халықтың барлық жеке табыстары

  • в) ел экономикасының барлық сфераларында өндірілген жиынтық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны

  • г) елде өндірілген тауарлардың жалпы сомасы

  • д) елде өндірілген тауарлардың құны

  • 2. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіші:

  • а) жан басына шаққандағы ЖҰӨ

  • б) жан басына шаққандағы ұлттық табыс

  • в) жан басына шаққандағы ұлттық байлық

  • г) таза ұлттық табыс

  • д) жалпы ішкі өнім

  • 3. Жалақы мөлшері ескеріледі:

  • а) шығыстар әдісі бойынша ЖҰӨ- ді есептегенде

  • б) таза экспортты есептегенде

  • в) қосымша құн әдісі бойынша есептегенде

  • г) табыстар әдісі бойынша ЖҰӨ- ді есептегенде

  • д) мемлекеттік кәсіпорындардың субсидиясын есептегенде

  • 4. Салық төлегеннен кейінгі табыс– бұл:

  • а) жеке қолдағы табыс

  • б) жергілікті билік органдары үміт ете алатын табыстың бір бөлігі

  • в) жұмсалмайтын табыс

  • г) халықтың жинағы

  • д) нақты табыс

  • 5. Егер адамдар өздерінің табысының бір бөлігін банкте сақтаса, онда олар:

  • а) қор жинайды, бірақ инвеситцияламайды

  • б) ивестициялайды, бірақ қор жинамайды.

  • в) қор жинамайды, сонымен қатар инвеситицияламайды

  • г) қор жинайды және инвестициялайды

  • д) қордың бір бөлігін инвестициялайды

  • 6. Жиынтық сұраныс қисығы қандай қатынастарды сипаттайды?

  • а) баға мен нақты ЖҰӨ арасындағы

  • б) баға мен жиынтық шығыстар арасындағы

  • в) тұтынушыларға қолайлы баға мен сатушыларға қолайлы баға арасындағы

  • г) өндірілген және тұтынылған нақты ЖҰӨ арасындағы

  • д) баға мен өндірілген ЖҰӨ арасындағы

  • 7. Жиынтық ұсыныс қисығы қандай қатынастарды сипаттайды?

  • а) баға мен нақты ЖҰӨ арасындағы

  • б) баға мен жиынтық шығыстар арасындағы

  • в) тұтынушыларға қолайлы баға мен сатушыларға қолайлы баға арасындағы

  • г) өндірілген және тұтынылған нақты ЖҰӨ арасындағы

  • д) баға мен өндірілген ЖҰӨ арасындағы

  • 8. ЖҰӨ дефляторы қандай қатынастар білдіреді?:

  • а) нақты ЖҰӨ-ң номиналды ЖҰӨ -ге қатынасы

  • б) номиналды ЖҰӨ-ң номиналды ЖҰӨ -ге қатынасы

  • в) номиналды ЖІӨ-ң нақты ЖҰӨ -ге қатынасы

  • г) номиналды ЖҰӨ-ң нақты ЖҰӨ -ге қатынасы

  • д) нақты ЖҰӨ-ң нақты ЖІӨ -ге қатынасы

  • 9. Макроэкономикадағы жиынтық сұраныс– бұл:

  • а) мемлекеттік шығыстар мен кәсіпорындардың инвестициялық сұранысы

  • б) үй шаруашылығының сұранысы мен таза экспорт

  • в) макроэкономикадағы барлық экономикалық субъектілердің сұранысы

  • г) үй шаруашылығы мен кәсіпорынның инвистициялық сұраныстары

  • д) мемлекеттік шығыстар

  • 10. Тұтыну – бұл..

  • а) ағымдағы уақытта үй шаруашылығының тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсаған табысының бір бөлігі

  • б) ағымдағы уақытта үй шаруашылығының тауарлар мен қызметтерді сатып алуға арналған табысының бір бөлігі

  • в) банк шотындағы табыстың қалдығы

  • г) ағымдық шығыстарға арналған фирма табысының бір бөлігі

  • д) банк шотында жинақталған фирма табысының қалдығы

  • 11. Жинақ – бұл ..

  • а) үй шаруашылығының жинақталған мүлкі мен халықтың жинақтары

  • б) барлық нарықтық субъектілердің нақты кассалық қалдықтары

  • в) құнды қағаздарға салынған табыстың бір бөлігі

  • г) үй шаруашылығының берілген уақыт аралығында жұмсалынбаған табыстарының бір бөлігі

  • д) үй шаруашылығының берілген уақыт аралығында жұмсалынған табыстарының бір бөлігі

  • 12. Номиналды ЖІӨ қандай бағамен есептеледі?

  • а) экспорттық бағамен

  • б) нарықтық ағымдық бағамен

  • в) базалық өзгеріссіз бағамен

  • г) алдығы кезеңдердегі бағамен

  • д) әлемдік бағамен

  • 13. ЖІӨ мен ЖҰӨ айырмашылығы неде?

  • а) белгілі бір елдің аумағында орналасқан кәсіпорындармен өндіріледі

  • б) ұлттық белгісіне байланыссыз кәсіпорындармен өндіріледі

  • в) олардың орналасуына байланыссыз кез келген кәсіпорындармен өндіріледі

  • г) елдің ішінде де, сыртында да елдің барлық тауар өндірушілерімен өндіріледі

  • д) ұлттық белгісіне қарамастан белгілі бір елдің аумағында орналасқан кәсіпорындармен өндіріледі

  • 14. ЖІӨ- мен салыстырғанда ЖҰӨ - ді өндіруге қандай кәсіпорындар қатысады?

  • а) ұлттық белгісіне қарамастан барлығы

  • б) тек ұлттық кәсіпорындар

  • в) елдің іші мен сыртында орналасқан ұлттық кәсіпорындар

  • г) тек шетелдік кәсіпорындар

  • д) тек біріккен кәсіпорындар

  • 15. Макроэкономикалық процестердегі екі жақты есеп дегеніміз:

  • а) бухгалтерлік есепте қолданылады

  • б) өнімді өндіру мен тұтынуды бір уақытта есепке алу

  • в) соңғы, аралық өнім

  • г) аралық өнімдердің құнын ЖҰӨ мен ТҰӨ құрамына қосу

  • д) ЖҰӨ мен ТҰӨ құрамындағы ұқсас шығындардың есебі

  • 13.Тақырып. Экономикалық өсу, экономикалық цикл.

    • Негізгі әдебиеттер:

    • Қосымша әдебиеттер:

    • Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория». Алматы – Ақтөбе, 2002. 120-128бб.

    • Никитин Р. «Закон стоимости и механизм ценообразования» М., Прогресс, 2001г.

    • Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория курсы – Алматы, 1999ж., 140-145бб.

    • Аубакиров Я., Ескалиев М. «Основы экономической теории» А., 1999г.

    • Әубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә.,Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ. Табеев Т.П. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы – Алматы, Санат, 1998ж., 130-136.

    • Мамыров А.К. «Государство и бизнес»

  • Сабақтың мақсаты

  • Студенттерге экономикалық цикл, экономикалық өсу туралы білім негізін қалыптастыру.

  • Тақырып бойынша негізгі түсініктерді ашып көрсету.

  • Экономикалық циклдың негізгі кезеңдерінің (фазаларының) ерекшеліктерін айқындау және нақты экономикалық жағдай бойынша талдауға үйрету.

  • Оқытудың міндеттері:

  • Студенттерді «Экономикалық цикл» тақырыбында ұйымдастырылатын ойынға қатыстыру.

  • Тақырып бойынша қарастырылатын негізгі жаңа түсініктерді (экономикалық өсу, экономикалық даму, экономикалық цикл кезеңдері: дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу) талдау.

  • Студенттермен бірге жағдайлық тапсырмаларды шешу және талдау.

  • Тест тапсырмасымен жұмыс істей білу

  • Негізгі түсініктер: Экономикалық өсу, экономикалық даму, экономикалық цикл

  • кезеңдері, экономикалық өсу факторлары.

  • Жаңа түсініктер:Экономикалық өсу, экономикалық даму, экономикалық цикл

  • кезеңдері: дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу.

  • Қарастыратын негізгі сұрақтары

  1. Экономиканың циклдық дамуы экономикалық динамика формасы ретінде

  2. Экономикалық цикл және оның кезеңдері

  3. Дағдарыс: мәні, себептері, әлеуметтік-экономикалық салдарлары.

  4. Экономикалық өсу: мәні, көрсеткіштері және факторлары.

  5. ҚР экономикалық өсу жағдайлары және факторлары.

  • Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).

  • Негізгі бөлім:

  • Карточкалармен жұмыс

  • «Экономикалық өсу, экономикалық цикл» тақырыбын карточкалық сұрақтарды тарату арқылы талдау. Топтағы 20 студентке 10 сұрақ дайындалады, яғни әр екі студентке бір карточка беріледі. Әр карточкаға номер белгіленеді. Карточка номерінің реті бойынша студенттер сұрақтарға нақты мысал келтіре отырып жауап береді. Карточкада берілетін сұрақтар:

  1. Экономикалық өсу дегеніміз не?

  2. Экономикалық өсу қалай анықталады?

  3. Экономикалық циклдың қандай фазаларын білесіз?

  4. Дағдарыс дегеніміз не?

  5. Тоқырау деген не?

  6. Тірілу (жандану) деген не?

  7. Өрлеу деген не?

  8. Экономикалық өсудің қандай типтерін (түрлерін) білесіз?

  9. Интенсивті өсуді сипаттаңыз

  10. Экстенсивті өсуді сипаттаңыз

  • Кейс-стади

  • 1. Қазіргі таңда нарықтық экономиканың циклдық дамуы шеңберінде біріншіден

  • іскерлік белсенділікті күшейтуге ықпал жасау мен экономикалық өсуді жалпы

  • ынталандыру, екіншіден, дағдарыс жағдайынан тездетіп шығу сияқты негізгі мәселелік

  • жағдай болып отыр. 20-ғасырдың 90-жылдарының екінші жартысынан бастап

  • әлемдегі дамыған елдерде ұзақ мерзім ішінде ЖІӨ-нің өсуі байқалып отыр. АҚШ-та

  • бұндай жағдайдың орын алғанына 10 жылдан асты, Ресейде 1999 жылдан басталды,

  • Қытайда да дәл сондай жағдай. Ал кейбір елдерде (мысалы Жапонияда) орын алған

  • өте үлкен серпілістер «экономикалық керемет» деген атауға ие болды және ондай

  • кезеңдер біраз уақыт бұрын болды. Бұның барлығы әлемдік экономикалық циклдың

  • жаңа модернизациясы басталғандығын білдіреді.

  • Талқылау үшін сұрақтар:

  1. Соңғы онжылдықта дамыған елдердің экономикалық өрлеуі қандай негізгі факторлармен байланысты?

  2. «Постиндустриалды қоғам» түсінігінің орнына келген «жаңа экономиканың» қалыптасуы әлемдік экономикалық динамикаға қалай әсер етеді?

  3. Елдің ұлттық экономикасының іскерлік белсенділігін арттыру негізі туралы не білесіз және қандай ұсыныстарыңыз бар?

  4. Қазіргі заманғы нарықтық экономиканың циклдық даму кезеңдерін Н.Д.Кондратьевтың «ұзақ толқындар» теориясының көмегімен түсіндіруге болады ма?

  • 2. ҚР-да 2010 жылдың қорытындысы бойынша алғашқы есептеулер дайын болды. 2010 жылы еліміздің экономикасы саласындағы жұмыс біршама жақсыатқарылды. Алғашқы болжамды мәліметтер бойынша, елімізде ішкі жалпы өнімкөлемі 7 пайызға өсті.

  • Алдын ала алынған деректер көрсетіп отыр­ға­нындай, өткен жылы өнеркәсіп өндірісі 10 пайызға артқан.  Құ­ры­лыс саласының өсімі 101 пай­ызы, сауда 112 пайыз болды.  Көлік саласы бойынша өсім 7,4 пай­ызға, байланыс 5 пайызға өсті. Еліміздегі инфляция деңгейі белгіленген дәлізден ауытқымай, 7,8 пайыз көлемінде қалған.

  • Құрылыс және тұрғын үй-комму­налдық шаруашылығы істері агент­ті­гінің басшысы Серік Нокиннің айту­ынша, еліміздің кейбір өңірлерінде ком­муналдық қызмет үшін төлем қа­рыздары өсіп кеткен. Бұл ретте Астана қаласы 1850,6 миллион теңге, Алматы қаласы 1798 миллион теңге комму­нал­дық қарыз көлемімен алда келеді. Облыстар бойынша коммуналдық қыз­мет­терге қарыз бойынша Оңтүстік Қа­зақстан және Ақмола облысы алда кө­рінеді. Мәселен, Ақмола облысы тұр­ғын­дарының коммуналдық қызмет түр­ле­ріне қарызы 721,3 миллион теңге көлемінде болып отыр.

  • Талқылау үшін сұрақтар:

  1. Елдің экономикалық өсуі туралы не айтасыз?

  2. Барлық салалар бойынша экономикалық өсу оң мәнге ие, онда неге коммуналдық қызмет үшін төлемқарыздар өсіп кеткен?

  • Дисскусия

  1. Экономикалық өсу көрсеткіштері халықтың әлеуметтік деңгейін сипаттай алады ма?Тоқырау мен дағдарыс фазаларының өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?

  2. Қазіргі таңдағы ҚР экономикасының даму жағдайына экономикалық циклдың қай фазасы сәйкес келеді? (Жауабыңызды нақты ақпараттамен негіздеңіз)

  3. Экономикада экономикалық өсу және экономикалық даму түсініктері бар. Олардың мағыналарын ашып көрсете аласыз ба? Бұл екеуі бір ұғым ба?