Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методичка семинар ОЭТ.docx
Скачиваний:
56
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
322.46 Кб
Скачать

Тақырып 4. Қоғамдық шаруашылық нысандары.

Негізгі әдебиеттер:

Қосымша әдебиеттер:

Құқықтық нормативті актілер

Шеденов Ө.Қ., Сагындыков Е.Н. «Жалпы экономикалық теория». Ақтөбе, 2004.

38-44 бб.

1 Никитин Р. Закон стоимости и механизм ценообразования. Экономические науки.М.: Прогресс, 2001.

2 Аубакиров Я. Ескалиев М. Основы экономической теории. А. 1999.

3. Ригер Р. Денежная политика в переходной период. Экономические науки. 2001. №5

4. Кузнецов Н. Либерализация денежного обращения: проблемы и подходы. Вопросы экономики 2006, №4 4-29 ст.

Кәсiптiк одақтар туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуiрдегi Заңы 15.05.2007 ж.берілген

Аубакиров Я. Ескалиев М. Основы экономической теории. А. 1999

Самуэльсон П. «Экономика» М., Прогресс, 1996

Достыққа қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында төрелiк, шаруашылық және экономикалық соттардың шешiмдерiн өзара атқарудың тәртiбi туралы келiсiмдi бекiту туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 30 желтоқсан

Мақсаты:

- Студенттердің табиғи және тауарлы шаруашылықтардың пайда болуы және арасындағы айырмашылықтары туралы білімдерін қалыптастыру.

- Сабақ барысында тақырыпқа байланысты проект құрып, өзіндік білім алу.

Оқудың міндеттері:

  • Тақырыпты талқылау нәтижесінде натуралды және тауарлы шаруашылықтар тарихын меңгеру

  • Ойынның барысында студенттердің өзіндік қабілетін ашу

  • Пікір талас жүргізу арқылы студенттерді өз ойларын жеткізуге баулу.

Негізгі түсініктер: Тауарлы және натуралды шаруашылық.

Қарастыратын негізгі сұрақтары

  1. Қоғамдық шаруашылықтың негізгі түрлері және модельдері

  2. Қоғамдық шаруашылық, оның негізгі ерекшеліктері

  3. Натуралды шаруашылық: пайда болуы, шарттары мен себептері, негізгі белгілері.

  4. Тауарлы шаруашылық: пайда болуы, шарттары мен себептері, негізгі белгілері.

Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).

Көрнекі құралдар:

- Карточкалар, мультимедиялық аппарат.

Семинар сабағы ойын түрде өткізіледі тақырыбы: «АДАМ МЕКЕНДЕМЕГЕН АРАЛ»

Оқытушының кіріспе сөзі: Аталған тақырыптағы сабақ экономикалық ойынға негізделген. Кез-келген қоғамдағы мәселелерді шешу жолдарын көрсетеді. Жердің үлгісі ретінде «аралдың» негізінде студенттерге ресурстардың шектеулілігін түсіне отырып, берілмес әлем құруға қажеттілігі туындайды. Сонымен қатар ойынның барысында қатысушылар натуралды және тауарлы шаруашылықтан тұратын өзіндік әлемді құрып, және сол әлемдері әділетті болуы тиіс. Бұл ойынның барысында студенттер қоғамдық шаруашылықтың негізгі нысандары: натуралды және тауарлы шаруашылықтармен танысады. Екі шаруашылықтың мәнін, пайда болуын, айырмашылықтарын ажырату жаттығуларын жүргізеді. Натуралды шаруашылықтан тауарлы шаруашылық туындайтынын көрсетеді.

Қажетті материалдар:Карточкалар, скотч, маркер, қағаздар.

Ойынды ұйымдастыру жұмысы:

Ойын барысында студенттер екі арал болып бөлінеді. Бірінші топтың аты НАТУРАЛЫДЫ шаруашылық, екінші топтың аты ТАУАРЛЫ шаруашылық. Ойында 10-15 қатысушы болады. Екі топ бөлек жұмыс жасап, өзара қарым-қатынасқа түсуге болмайды.

Әр командаларға тапсырмалар мен аралдардағы ресурстардың саны беріледі. Топтар өздерінің қолындағы бар ресурстармен сол аралда ұзақ өмір сүріп және тиімділігін арттыру әрекеттерін жасаулары қажет. Мынадай сұрақтарға жауап берулері ұсынылады: Сіз не және қанша өндіресіз? Сіз қалай өндіресіз? Кім тұтынады? Аралдың 6-10 заңын құру керек. Топтармен жұмыс және «аралдардың» проектісінін рәсімдеуге 20-30 минут беріледі. Проектілерді презентациялауға 7 минут беріледі. Әр командалар өздерінің жетістіктерін талқылау үшін көбірек уақыт берілуі тиіс. Талқылауға арналған арнайы сұрақтар: Сіздер қандай қиындықтармен кездестіңіздер? Не себепті? Ол қиындықтардан сіз қалай өттіңіз? Сіздің командаңыз қандай жетістіктер және кемшіліктер жасады? Сіздер ресурстардың жетіспеушіліктерін сезіндіңіздер ме? Сіздер аралдағы ресурстардың әділетті бөліну мәселесін қалай бағалайсыз? Неге сіз олай ойлайсыз?

Жүргізуші қай команда берілген тапсырманы сәтті орындады, қалай және не себепті, талқылаудан кейін командаларда жаңа ойлар туындады және т.б.

Тұрақты даму тек кешенді түрде экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу негізінде құралатындығы жөнінде аудиторияда ортақ ой туындайды.

Тапсырмалар:

«Тауарлы шаруашылық» тобы қолдарындағы ресуртардан тауарлы шаруашылық қоғамын құрулары қажет!

«Натуралды шаруашылық» тобы қолдарындағы бар ресурстармен натуралды шаруашылықты сақтап қалуы тиіс! Сонымен қатар өмір сүру деңгейлерін жоғарлату жолдарын көрстетуі керек.

Берілетін ресурстар: Екі топтың аралдарында берілетін ресурстар тек адам мекендемейтін жердегі табиғи ресурстар беріледі: жер, ағаштар, су, күн сәулесі, жабайы аңдар.

Дисскусия

«Қазіргі таңда Қазақстандағы ауыл шаруашылық жағдайында натуралды және тауарлы шаруашылықтардың салыстырмалы түрде негізгі сипаттамаларын беріңіз?» тақырыбында жүргізу.

Қорытынды: Семинар сабағы алдына қойған мақсаты студенттер табиғи және тауарлы шаруашылықтардың маңыздылығын меңгеруі болатын. Осы мақсатқа студенттер өзерінің үлестерін қоса отырып, ойын және пікір-талас негізінде жетуі тиіс. Сонымен қатар қоғамның тұрақты дамуы үшін экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы жетуге болатыны жайлы терең ой қалыптастырады.

Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады

Бақылау сұрақтары

  1. Натуралды шаруашылықтың белгісі қандай?

  2. Натуралды шаруашылық қандай жағдайда тауарлы шаруашылыққа айналады?

  3. Тауарлық шаруашылығын не сипаттайды?

  4. Қандай затты тауар болып табыладыдей аламыз?

  5. Тауардың айырбасқұны дегеніміз не?

Тесттік тапсырмалар

1. Натуралды шаруашылықтың белгісі қандай?

а) Еңбек бөлінісі, мамандану.

б) Жекелеген шарушылық деңгейінде тұйық өндіріс пен тұтыну

в) айырбас мақсатында өнім өндіру

г) жанама алдын- ала байланыстар

д) шаруашылықтың ашықтығы

2. Натуралды шаруашылық – бұл:

а) Машина мен басқа құрылғылар қолданылмайтын, тек қол еңбегі қолданылатын өндірістік ұйымдастыру б) Адам үшін натуралды өнім өндірісін ұйымдастыру

в) Азаматтар мен фирмаларға сатуға арналған азық - түлік өндіретін шаруашылық г) Өз өміріне қажеттінің барлығы өндірілетін, тауарлар айырбасы жоқ шаруашылық

д) Ауыл шаруашылық өндірісі

3.Тауарлық шаруашылығын не сипаттайды?

а) өнімнің натуралды түрі

б) өндіру мен тұтынудың тікелей байланысы

в) еңбектің әмбебаптылық сипаты

г) еңбектің бөлінісі мен шаруашылықтың ашықтығы

д) тұйық шаруашылық

4.Төменде аталғандардың қайсысы тауар болып табылады?

а) жеке тұтынуға арналған өнім

б) табиғат сыйлары

в) экономикалық емес игілік

г) меншік иесіне салық ретінде төленген бидай

д) айырбасқа арналған еңбек өнімі

5.Қандай жағдайда еңбек өнімі тауар бола алмайды?

а) иесі өнімнің тұтыну құнын пайдаланбағанда

б) басқалар үшін өнімнің тұтыну құны болғанда

в) иесі өнімнің тұтыну құнын пайдаланғанда

г) еңбек өнімі нарықта сатылғанда

д) еңбек өнімі басқа қажетті өнімдерге айырбасталғанда

6.Тауар өндірісінде еңбек өнімі қоғамдық мәнге қай кезде ие болады?

а) сұраныс кезінде

б) сатылу сферасында

в) бағасының қойылуы кезінде

г) айырбас процесінде

д) тауарды өндіру кезінде

7.Игіліктің бағалылығы байланысты емес: а) оның саны

б) оның өндірілуіне жұмсалған шығындарға

в) белгілі бір қажетгілікті қанағаттандыру деңгейіне

г) оның сапасына

д) шекті пайдалылыққа

8.Тауардың айырбасқұны дегеніміз не?

а) басқа тауарға айырбасталу қабілеті, құнның түрі

б) басқа тауарға айырбасталу қабілеті, құн өлшемі

в) айырбас кезінде тауарларды бір біріне теңестіретін саңдық пропорция

г) басқа тауарға айырбасталу қабілеті, құнның түрі, айырбас кезінде тауарларды бір біріне теңестіретін саңдық пропорция

д) құнның түрі, айырбастың сандық пропорциясы

9.Тауар жасайтын нақты еңбекті қалай сипаттауға болады? а) адамдардың мақсатты әрекеті

б) ерекше нысаналы түрдегі еңбек

в) өндіруші еңбек

г) тауарлар өндірісімен байланысты қызмет

д) тауардың құнын қалыптастырушы еңбек

10.Тауар жасайтын абстрактылы еңбекті қалай сипаттауға болады? а) нақты формасыз жалпы еңбек

б) жеке еңбек

в) ерекше нысаналы еңбек

г) индивидуалды еңбек

д) қоғамдық еңбек

11.Натуралдық шаруашылыққа тән емес:

а) өнімдер өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріледі

б) байлықтың табиғи түрі - натуралды өнім

в) әмбебап еңбек қолданылады

г) тікелей экономикалық байланыстар жүзеге асады

д) еңбек өнімдері айырбасталады

12.Тауар өндірісінің белгілері қандай?

а) жеке тұтыну үшін өнім өндіру

б) жанұя ішіндегі еңбек бөлінісі

в) тікелей экономикалық байланыстар

г) алғашқы қауымдық қоғамдағы орталықтан реттеу

д) жанама, нарық арқылы экономикалық байланыстардың болуы және қоғамдық еңбек бөлінісі

13.Тауар өндірісінің пайда болуының материалдық алғы шарты қандай?

а) тауар өндірушілер еңбегінің қоғамдық бөлінісі

б) өндіріс құралдарына жеке меншік

в) адамдардың айырбасқа ынталылығы

г) қызметтердің стихиялы жүзеге асуы

д) өнімдердің нарыққа арналып өндірілуі

14.Тауар өндірісінің пайда болуының басты себебі:

а) тауар өндірушілер еңбегінің қоғамдық бөлінісі

б) өндірушілердің бір өнімді өндіруге мамандануы

в) тауар өндірушілердің меншік иесі ретінде оқшаулануы

г) өндірістік қызметтердің стихиялы жүзеге асуы

д) өнімдердің нарыққа арналып өндірілуі

15. Еңбек «қарқындылығына» анықтама беріңіз:

а) бip жұмысшыға шаққандағы жасалған өнім саны

б) жалпы енбек шығындары

в) уақыт бірлігі ішіндегі жұмсалынған адамның энергиялық шығыны

г) бip өнімге жұмсалған yaқыт

д) жұмыс күні ішінде жұмсалған жұмысшы уақыты