Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих сурактар 51-67.docx
Скачиваний:
194
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
80.35 Кб
Скачать

53. Хіх ғ. Соңы мен хх ғ. Басындағы қазақ ғалымдары мен ағартушылары

Шоқан Уәлиханов 1835-1865 жылдары өмір сүрді. Шоқанның шын аты Мұхаммед-Қанапия еді. Шоқан Құсмұрын бекінісінде туған. Оның сана сезімінің ерте оянуына ықпал еткен әжесі Айғаным болды.

Шоқан - анасының еркелетіп қойған аты. 1847 жылы Шоқан Омбы қаласындағы Кадет корпусына оқуға 12 жасында түседі. Шоқан Сібір кадет корпусын 18 жасында 1853 жылы бітірді. Бітіргенде Шоқан офицерлік корнет деген атақ алып шықты. 1586 жылы Шоқан ыстық көлдің көлемін топографиялық және картографиялық деректерде сипаттады. Шоқан көрнекті ғалым, географ П.П.Семенов-Тяньшанский бірге болып 1856 жылы екеуі Құлжаға барып қайтты. Ол қырғыздардың "Манас" атты шығармасын зерттеді. Шоқанды әлемге әйгілі еткен 1585-1859 жылғы Қашғар саяхаты. Шоқанның 1859-1861 ж.ж. Петербургте болған кезі өмірінің ең бір қызықты кездері еді. Орыс жазушысы Ф.М.Достаевскиймен 1854 жылы Омбыда танысып, достығы Семейде жалғасты. 1864 жылы Шоқан Уәлиханов генерал М.Г.Черняевтің әскери экспедициясы құрамында Әулиеата бекінісін алуда әскери қимылдарға қатысты. Ш.Уәлихановтың "Русский инвалид" газетінің 1865 жылғы 51 санында Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы ақырғы еңбегі жарияланды. 1864 жылы Шоқан Верныйда болды. 1865 жылы сәуірде Шоқан Алтын Емел жотасындағы Көшен тоғаны деген жерде албан руының аға сұлтаны Тезектің аулында қайтыс болды.

Орынбордағы зайырлы оқу орындарының бірін 1857 жылы танымал жаңашыл-педагог, ағартушы Ы.Алтынсарин аяқтайды. Ы.Алтынсарин (1841-1889) бастамасымен және тікелей қатысуымен Қазақстанда халықтық азаматтық мектептер желісінің құрылуына қол жеткізілді. Ол, әсіресе, қолөнер және ауылшаруашылығы училищелерін ашуға көп күш-жігер жұмсап, байырғы халық арасынан Қазақстанның экономикалық дамуы үшін қажетті мамандар даярлауға ерекше мән берді. Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің оқушыларына арнап “Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы” және “Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық” атты оқу құралдарын жазды. Орыс кластарына қазақ тілінен сабақ беріп, ол  ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту, қазақ әдеби тілін қалыптастыру жолында жемісті еңбек етті.

Абай Құнанбаев 1845-1904 ж.ж. өмір сүрді. Абай жазба әдебиетінің негізін салушы, ойшыл ұлы ақын. Абай Семейдегі Ахмет Риза медресесіне етегінде өмірге келген. Әкесі Құнанбайдың Абайды оқуын аяқтатпай алып кету себебі ел ісіне араластыру еді. Абайдың шын аты - Ибрагим. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді. Абай Пушкиннің "Евгений Онегиннің" - өзі аударған бөлімдеріне ән шығарды. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.