Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих сурактар 51-67.docx
Скачиваний:
194
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
80.35 Кб
Скачать

58. 1917-1920 Жж. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар.

1917 жылдың көктемі мен жазында Қазақ өлкесінде жұмысшы және революцияшыл-демократиялық жастардың ұйымдары мен саяси партиялар құрыла бастады. Сол кезеңде Верныйда мұсылман жұмысшыларының одағы, Жаркентте жұмысшы одағы, Түркістанда мұсылман еңбекшілер одағы құрылды. Зиялы қауымды, оқушы жастар мен мұғалімдерді біріктірген астам қоғамдық ұйымдар құрылды. Олардың арасында Сәкен Сейфулиннің басшылығымен Ақмолада "Жас қазақ" ұйымы, Меркеде Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған "Қазақ жастарының революциялық одағы", Омбыда Әбілхайыр Досов жетекшілігіндегі "Оқушы жастардың демократиялық кеңесі", Спасск зауытында "Жас жүрек", Петропавлда "Талап", Семейде "Жанар" ұйымдары белсенді қызмет атқарды.

1917 ж. 21-28 шілдеде Орынборда бірінші Жалпықазақ съезі болды. Оған Қазақ өлкесінің облыстары мен Ферғана облысы, Бөкей хандығы атынан қазақ өкілдері қатысты. Онда бірнеше мәселелер қаралды. Соның бірі "Алаш" партиясын құру еді. Партияның баспа органы "Қазақ" газеті Орынборда шығатын. Большевиктер тарапынан жабылғаннан кейін Семейдегі "Сарыарқа" газетіне ауысты.

"Алаш" партиясының бағдарламасы жобасы.

І. Мемлекеттік қалпы.

ІІ. Жергілікті бостандық.

ІІІ. Негізгі. Құқық.

IV. Дін ісі. 

V. Билік және сот.

VI. Ел қорғау.

VII. Салық мәселесі.

VIII.Жұмысшылар. 

IX.Ғылым-білім үйрету.

X. Жер мәселесі.

1917 жылы 14наурызда Қазақ өлкесінің оңтүстік аймағында "Шуро-и-Ислам" одағы құрылды ( исламды жақтаушылар кеңесі). "Шуро-и-Ислам" жетекшілері қатарында М.Абдрашидханов, М.Шоқай және т.б. болды. "Шуро-и-Ислам" одағының идеологиясы түркі-мқсылман халықтарының басын біріктіріп, әрбір ұлттың өзін-өзі басқаруына қол жеткізу болатын.

59. Қазақстандағы азамат соғысы. Кеңестердің "әскери коммунизм" саясатының мәні

Азамат соғысы үкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол себепті де революция мен аз. Соғ. арасында ешбір дәл шекара болған емес. Кеңес үкіметінің белсенді әрекеттеріне қарамастан, Қ/да аз. Соғ.ң ошақтары өте тез п.б: 1917 ж. қарашаның аяғында Орынборда атаман Дутовтың басшылығымен ақ гвардия әскерлері Орынбордагы Кеңес күштерін шегіндіріп, билікті басып алды. Сол айда Жетісуда казак әскерлері кеңесінің "әскери үкіметі" және революцияға қарсы ошақ Оралда да құрылды. Құрылған облыстық әскери үкімет көп ұзамай жергілікті кеңесті таратты, өкіметті басып алды. Сөйтіп, Верныйда және Орал қалаларында ақгвардия диктатурасы орнатылды. Бұл үш "әскери үкімет" Қазақстанда кеңес өкіметіне қарсы қозғалыстың басты күші болып табылды. Олар ақгвардиялык офицерлерге, ауыл-село шаруаларына сүйенді және меньшевиктер мен "Алаш" партиясының жетекшілерінен қолдау тапты. Аз. сог.ң бастапқы кезеңінде алашордашылар ақтармен одактасып, қызылдарға карсы соғсты. 1918 ж. шілде мен тамызында Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков пен әскери бөлім меңгерушісі капитан Қ. Тоқтамысов Самар мен Омбыда Комуч пен Сібір уақытша үкіметгері әскери ведомстволары өкілдерімен кездесіп, Алаш орданың қарулы күштерін құру жөнінде келіссөздер жүргізді 1918 ж. жазында азамат соғысы өршіп, кең етек алды. Ақ гвардияшылармен бірігіп алған империалистік мемлекеттердің белсенділік көрсетуіне орай ең басты пәрмеңді күш - Сібір мен Оралда шоғырланган Чехословакия корпусының офицерлері булік шыгаруына байланысты әскери қақтығыстар күшейе түсті. Бұл корпус революцияға дейін Австро-венгрияның түтқын соддаттарынан - чехтар мен словактар қатарынан құрылган еді. Осы корпустың бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштермен қоян-қолтық бірлесіп, Ақмола, Петропавл, Атбасар, Қостанай қалаларын басыл алды.1920 ж. 29 наурызында ең соңғы майдан Солтүстік Жетісу майданы жойылып, Кеңес үкіметі кайтадан қалпына келтірілді.Сонымен, 1920 жылы азамат соғысы аяқталып, онда кызылдар ақтарды талқандап, жеңіске жетті. Азамат соғысы жылдарындағы кызылдардың жеңісінің себептері: біріншіден, Кеңес өкіметіне қарсы күштер ұйымдасып, бірлесіп қимыл жасай алмады; екіншіден, ақ гвардияшылар өкіметі орнаган жерлерде буқара халыққа карсы бағытталган шаралар жүзеге асырылып, оған керісінше Кеңес өкіметі тарапынан ұлттардьң өзін-өзі билеу кұқығының сөз жүзінде болса да мойындалуы; үшіншіден, Кеңес өкіметінің орта шаруалармен одақ кұруы және 1919 жылы шілдеде Казревком кұрылганда қазактардьң жерге мұқтаждығын өтеу жөнінде сөз болып, Қазақстанға қоныс аударуды тоқтату мәселесі койылды. Түбірлі революцияық сипатта болмағанмен бұл шаралар большевиктерге азамат согысы кезінде ақтар мен қызылдар арасында ауытқыған қазақтардың көмегіне сүйенуге жағдай жасады; төртіншіден, 1919 ж көктемінен бастап, А Байтұрсынов бастаған алашордашылар қызылдар жағына шыкты.

«Әскери коммунизм» саясаты: Большевизмнің «тауарсыздық» утопиясының Қазақстандық практикасы мен ақиқаты Ленин социалистік революцияның стратегиялық мақсатын «бүкілөндіріс құрал-жабдықтарын халық игілігіне берумен» байланыстырды.[1]. Ф. Энгельс өндіріс құралдарының нақты иесін атап көрсеткен еді. «Пролетариаттың билікті басып алуымен, — деп жазды ол, — бәрінен бұрын өндіріс кұралы мемлекеттік меншікке айналады».[2].

Өндіріс құрал-жабдықтарын мемлекеттің қарамағына беру идеясы большевиктік революцияның алтын арқауы болды. Ол жүйелі түрде толық жүзеге асырылды. Жер қоры сияқты, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымдары мен банктер түгелдей дерлік мемлекет меншігіне айналдырылды.

Қазақстанда 300-ден астам өнеркәсіп орны мемлекет меншігіне берілді. Олардың қатарында Спасск мыс балқыту және Шымкент дермене зауыттары, Қырғыз тау-кен өнеркәсібі акционерлік қоғамының қорғасын-мырыш зауыты, Риддер кеніші кәсіпорындары, Екібастұз және Байкоңыр көмір кені орындары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері бар. Орынбор-Ташкент жәнеЖетісу теміржолы, Арал теңізі, Ертіс пен Жайық өзендеріндегі кемелер мен барлық сауда флоты, Қазақстан қалаларындағы Орыс-Азия, Еділ-Кама, Сібір сауда банктері капиталымен қоса және банк бөлімшелерінің объектілері де мемлекет меншігіне жатқызылды.[3].

Ленин Қазан революциясы қарсаңында-ақ: «Буржуйлардан тартып алынған өндіріс құрал-жабдықтарына бүкілхалықтық демократиялық басқаруды ұйымдастырмайынша капитализмді тізе бүктіру мүмкін емес...», — деген болатын.[4]. «Бүкілхалықтық басшылықты» жүзеге асыру мақсатында жұмысшы бақылауы енгізілді, ал елдің экономикасын жоспарлы түрде басқару, оның халық шаруашылығы мен қаржысын бір орталықтан ұйымдастыру үшін кен өкілетті директивалық орган — Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесі құрылды.

Демек, үш басымдық – мемлекет меншігіне алу, орталықтандыру және директивалық жоспарлау экономикалық саясатта мемлекет бағдарын дәл айқындайтын болды.

Алайда көп ұзамай мұндай идеология өнеркәсіптін қирауына әкеліп соқтырды. Соңғысы бюджетке түсетін салық түсімдерінің ең маңызды көздерінің бірі болып табылатындықтан, ондағы орасан зор тапшылықты тек станокта басып шығару арқылы ғана жабуға болатын еді.