Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих сурактар 51-67.docx
Скачиваний:
194
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
80.35 Кб
Скачать

54. Қазақстан і жүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 ж. Көтеріліс және оның тарихи маңызы.

1914 жылы 1 тамызда Ресей империясы І дүниежүзілік соғысқа кірді. Соғыс Қазақ өлкесіндегі халықтарға да ауыр салмақ түсіріп, ер-азаматтар майданға алына бастады. Әскери мобилизацияға ілінген азаматтардың отбасына көмектесу қажет деген талаппен қазақтарды әскерге алынған орыс шаруаларының шаруашылықтарында еріксіз жұмыс істеуге мәжбүр етті. Соғыс жағдайы өте көп мал, азық-түлік,көлік, жем-шөп, ақша қажет етті. Бұл сұраныстарды орындау үшін халықтан мал мен жем-шөпті жаппай тартып ала бастады. Мемекеттік салық шамадан тыс өсіп кетті. Мемлекеттік несие алуға қарапайым халықты еріксіз мәжбүрледі және арнайы әскери салық енгізілді. Соғыс басталған уақыттан бастап салық 3-4 есе, ал кейбір жағдайларда 15 есеге дейін көтерілді. Соғыс жылдары Түркістан өлкесінен 300 мың пұт ет, 100 мың пұт балық, 70 мың бас жылқы, 13 мың түйе, 14 мың киіз үй, сондай-ақ 40 мың пұт мақта, 1 мың пұт мақта майы мен сабын алынған. Соғыстың алғашқы жылдарының өзінде-ақ, тек Жетісудан 34 млн сомды құрайтын мал және мал өнімдері алынды.

Соғыс жылдары Қазақ өлкесіндегі орыс шаруаларының да жағдайлары қиындады. 1915 жылы наурызда Верный, Лепсі, Пржевальск уездеріндегі ауыл тұрғындары бағаның, салық пен міндеткерліктің өсуіне байланысты наразылықтар білдірді. Осы кезеңде Қазақ өлкесіндегі қалаларда "Солдат әйелдерінің бүлігі" басталып, мобилизацияға ұшырағандар әскери міндеттерінен бас тарту оқиғалары жиілеп кетті. Оны тәртіпке келтіру үшін әскери күш қолданылды.

Қаладағы өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы мүлде қиындап кетті. Бір күндік орташа ақысы 20 тиын тұратын жұмысты жұмысшылар 12-14 сағат іседі. 1915 жылы маусымда Қарағанды, Екібастұз, Спасск заводының жұмысшылары ереуілге шығып, жалақыны көбейтуді, еңбек жағдайын жақсартуды талап етті. Оның үстіне соғыс барысында Қазақ жері әскери тұтқындарды орналастыру аймағына айналды. 1914 жылы желтоқсан айында Қазақ жеріне әртүрлі ұлт өкілдерінен тұратын 20 мың әскери тұтқын әкелінді.Олар негізінен Дала өлкесінің солтүтік-шығыс аудандары мен Түркістан әскери округіне орналастырылды.

1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызы:1914 ж.ғы Ресей мемлекет.ң де қатысқан 1-ші дүние жүзілік соғыстан кейін халық жағдайы қиындады.Қазақстандада 1-ші кезекте Сырдария облысы-ң солт.-шығыс аудан-рында,Жетісу облсы-ң оңтүстігінде ж/е баска обл-да жаппай жерді тартып алу жалғасып жатты.1916ж-ы жердің тартып алынған көлемі 45млн десятинаға жетті.соғыс шикізатты,азық түлікті,малдың ж-е басқа материал-қ байлық-ң көп мөлшерін жұтып жатты. Осыған байланысты қаз.хал-ың иығына жаңа ауыртпалықтар түсті: ет тапсырылды, мем-т керегіне мал жаппай еріксіз алынды,әр үйден жаңа соғыс салығын алу енгізілді, земстволық салымдар ж-е болыс басқарушы/рын бағып қағуға арналған бай болыс-қ алым/р,сондай-ақ жолға толенетін ж-е басқа салық/р молшері ості.соғыс елдегі жалпы ұлт-қ дағдарс-ң пісіп жетілуін тездетті.соның жарқын көрінісі Қаз-н мен орт.Азияны қамтыған 1916ж ұлт азат-қ көтерілісі б-ды.Көтеріліс-ң шығу-ң басты себебі әлеумет.к-эконом.қ ж-е саяси сипаттағы фактор/р еді.Яғни отар-қ езгінің күшеюі,жерді тартып алу,салық/р мен алым/р-ң өсуі,еңбекші/рді қанау,өлке-ң қаз. ж-е басқа бұрыннан тұрғын жергілікті халық.ры жөнінде царизм.ң жүргізіп жатқан орыстандыру саясаты,соғысқа байланысты қалың халық бұқарысы жағдайы.ң күрт нашарлап кетті,міне осыған алып келді.Көтеріліс.ң бұрқ ете қалуына патша-ң 1916ж.25маусымдағы армия.ң тыл жұмыс.р.на Қаз.ң,Орт.Азия.ң ж.е ішінара Сібір.ң 19-дан 43 жасқа дейінгі«Бұратаналық»еркек халық.р.н шақыру жөніндегі жарлығы сылтау б.ды.Мем.кет әжетіне еріксіз алынған.р.ды әректтегі армия қимыл жасап жатқан аудан.р.да қоғаныс құрылыс.ры мен әскери байланыс жол.р.н салу жұмыс.р.на пайдалану жоспарланды.Қаз.н мен Орт.Азиядан 400мың адам,со-ң ішінде Қаз.ң далалық облыс.р.нан-100мыңнан астам,Жетісудан-87мың адам еріксіз алынуға тиіс б.ды.Шілде.ң басында Қаз.ң барлық аймақ/рында дерлік көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихия-қ бас көтеру/р басталды.Стихия-қ қозғалыс.р бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады. 1916жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшілері: Торғай облысында Ә.Жанбосынұлы, Ә.Жангелдин, А.Иманов; Орал облысында С.Меңдешев, Ә.Әйтиев; Маңғыстауда Ж.Мыңбаев; Атбасарда өңірінде Ә.Майкөтев; Ақмола уездінде С.Сейфуллин; Жетісу облысында Т.Бокин, Б.Әшекеев; Сырдария облысында Т.Рысқұлов және т.б.

Халық көтерілісі орталықарының бірі Жетісу болды. Бұл жерде патша жарлығы хабарланған күннен бастап шілде айының басында Жетісудың бірқатар болыстары қазақтарының басын қосқан съездер өтіп, онда жарлыққа мойыесұнбай қарулы қарсылық көрсету жөнінде шшім қабылданды. Соған сәйкес 17 шілдеде Түркістан өлкесінде әскери ағдай енгізілді. Көтерілісшілердің жазалаушы отрядтармен ірі қақтығыстары Асы, Қарқара, Самсы, Қастек, Нарынқол, Шарын, Құрам аудандарында болды. Көтерілііс тамыз айының ортасында Жетісу облысының болыстарын түгел қамтыды. Жетісудағы көтеріліс ошағын басу үшін патша үкіметі 16 зеңбірек және 47 пулеметпен қаруландырылған 95 рота, 24 казак жүздігі жіберілді.

Торғай облысыың барлық уездерін қамтыған көтеріліс ұйымдасқан, кең көлемде әрі табанды түрде өтті. Торғай ошағы Қазақ даласынағы көтерілістің ең ірі ошағына айналды. Торғай ошағының ханы болып халық араына беделді болған Нияз бидің ұрпағы Әбдіғаппар Жанбосынұлы сайланды. Амангелді Имано көтерілісшілердің бас қолбасшысы-сардарбек болып тағайындалды. Торғай даласына Қазақ өлкесінің басқа облыстарынан - Сырдария, Ақмола, Семей аймағынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. 1916 жылы олардың саны 50 мыңға жетті. Көтеріліс 1917 жылға дейін созылып Ақпан революциясына ұласып кетті. Бұл көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалысының, жалпы ұлт-азаттық күресінің құрамдас бөлігі болды.