Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кеден статистикасы дип.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
738.82 Кб
Скачать

Сыртқы сауда есебiнiң жүйесi:

Сауда жүйесi импорт пен экспортқа қоса тиiстi тауар ағымының тiзiмi мен мемлекеттiң статситикалық территориясын анықтаумен сипатталады. Халықаралық сауда статистикасын жүргiзетiн, көпшiлiк мақұлдаған сауда жүйесiнiң екi түрi қолданылады: жалпы және арнайы. Егер мемлекеттiң статистикалық территориясы экономикалық территориясына тең келсе, бұл сауда жүйесi жалпы деп аталады. Ал, арнайы сауда жүйесi, оның статистикалық территориясы тек мемлекеттiң экономикалық территориясының анықталған бөлiгiн қамтыған жағдайда қолданылады. Қазақстан Республикасы кеден статистикасы елдiң мемлекттiк территориясына әкелiнетiн немесе әкетiлетiн сыртқы сауда барлық тауарлардың есебiн “жалпы” жүйесi негiзiнде жүргiзiледi. Статистикалық территорияның шекарасы Қазақстанның мемлекеттiк шекарасына тең келедi. Кеден статистикасы есебiнiң “жалпы” жүйесiнде мына кеден режимдерiне сәйкес тауарлардың категориясы ескерiледi:

Қазақстан Республикасы импорты

- еркiн айналым үшiн әкелiнген тауарлар;

- реимпортталатын тауарлар;

- кеден территориясында өңдеу үшiн әкелiнген тауарлар;

- кеден территориясынан тыс өңделгеннен кейiн әкелiнген тауарлар;

- еркiн айналым үшiн өңдеуге кеден режимiмен әкелiнген тауарлар;

- Қазақстан Республикасының еркiн кеден аймағына әкелiнген тауарлар;

- Қазақстан Республикасы территориясының еркiн кеден қоймасына әкелiнген тауарлар;

- мемлекет пайдасы үшін тұлға бас тартып әкелiнген тауарлар;

- бажсыз сауда дүкенiне әкелiнген шетел тауарлары;

- бiр жыл және одан көбiрек мерзiмге уақытша жалға әкелiнген тауарлар.

Қазақстан Республикасы экспорты

- экспорт режимiне сәйкес әкетiлген тауарлар;

- кеден территориясында өңделгеннен кейiн әкетілген тауарлар;

- кеден территориясынан тыс өңдеуге әкетiлген тауарлар;

- Қазақстан Республикасы территориясынан реэкспорт режимiне сәйкес әкетiлген тауарлар;

- Қазақстан Республикасы еркiн кеден аймағынан шетелге әкетiлетiн тауарлар;

- Қазақстан Республикасы еркiн қоймасынан шетелге әкетiлетiн тауарлар;

- Қазақстан Республикасы бажсыз сауда дүкенiнен шетелге әкетiлетiн шетелдiк және отандық тауарлар;

- уақытша бiр жыл және одан көбiрек мерзiмге жалға әкетiлетiн тауарлар.

Кедендiк статистиканың “жалпы” жүйесiнде мына кеден режимдеiне сәйкес анықталған тауарлар категоиясы ескерiлмейдi:

- Қазақстан Республикасы териториясынан транзитпен өткiзiлген тауарлар;

- кеден қоймасы кеден режимiне орналастырылған тауарлар;

- уақытша бiр жыл және одан көбiрек мерзiм жалға әкелiнген немесе әкетiлген тауарларды қоспағанда, уақытша әкелiнген және әкетiлген тауарлар;

- Қазақстан Республикасы территориясында жойылған шетел тауарлары;

- мемлекет пайдасы үшiн тұлға бас тартып әкетiлген тауарлар;

- арнайы кеден режимiне сәйкес орналастырылған тауарлар.

Сонымен қатар, кеден статистикасында мына келесi тауарлар ескерiлмейдi. Олар:

- банкте өзара есептi реттейтiн айналымдағы валюталық құндылықтар (сонымен қатар, монетарлы алтын);

- мiндеттi қамтамасыз ету кепiлдiк заттары және басқа да заттар;

- статистикалық бақылаудан тыс асырылмайтын тауарлар, құндылықтар;

- шет мемлекеттiң дипломатиялық, консульдық, мемлекетаралық, үкiметаралық жеке (қызметтiк) қолданатын тауарлар;

- әскери дайындықта қолданатын тауарлар;

- коммерциялық операциялардың заты болып табылмайтын тауарлар:

  • жеке тұлғалардың халықаралық почтамен жiбереген коммерциялық емес мақсаттағы жүктерi;

  • почталық белгiлер;

  • салтанат және әдет-ғұрып заттары;

  • фотосуреттер, өңделген пленкалар, жобалар, суреттер, қолжазбалар, iс қағаздар, әкiмшiлiк бланкалар, мақтау қағаздары және тағы басқа ақпарат енгiзiлген техникалар;

  • жеке тұлғалармен әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарлар;

  • көрiнiс және спорт шарасында әкелiнетiн тауарлар;

Елдiң мемлекеттiк шеңберiнен өтпейтiн операция шеңберiнде жеткiзiлетiн тауарлар:

  • халықаралық тасымалдауда қолданылатын теңiз, өзен және әуе көлiктерi;

  • балық және барлық теңiз өнiмдерi;

  • ашық теңiздiң түбiнен алынатын тауарлар;

  • бункерлiк отын, сауда-саттық және басқа да материалдар;

  • мемлекетке әкелусiз реэкспорт;

  • шетелдiк тұлғалар сатып алған отандық тауарлар.

- жарнамалық тәтiпте кепiлдiк қызмет ету үшiн әкелiнген тауарлар;

- жөндеу жүргiзу мақсатында әкелiнген тауарлар;

- қысқа мерзiмдi келiсiмдi жалға әкелiнген (бiр жыл мерзiмге);

- табиғи апттардың және төтенше жағдайлардың зардабын жоюға әкелiнген тауарлар және т. б.

Қазақстан Республикасы территориясына әкелу және бұл территориядан әкету кезiнде, сыртқы сауда кедендiк статистикасында тауар есебiнiң өзiндiк ерекшелiгi бар. Ерекшелiктерi:

- Айналымға түспейтiн, төлем құралы, бағалы қағаз, банкнот және монета ретiнде пайдаланылатын асыл металлдар коммерциялық құны бойынша экспорт және импорт кезiнде ескерiледi.

- Үкiметаралық жеткiзiлiм, Үкiметтiң сыртқы көмек бағдарламасына байланысты әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарларды қоса, олардың БҰҰ-ның техникалық көмек қорына жарна есебiнде, сыйақы ретiнде, тауарауысымына немесе әскери репарация және реституциясы ретiнде екендiгiне қарамастан ескерiледi.

Бункерлiк отын, балласт, сауда-саттық және т. б. материалдар мына жағдайда ескерiледi:

  • Қазақстан Республикасы территориясында теңiз, өзен кемелерiне сату кезiнде;

  • Қазақстан Республикасы териториясында шетелдiк теңiз, өзен кемелерiнен сатып алу кезiнде.

- бiр жыл және одан көбiрек мерзiмдегi жалдағы тауарлар, оның толық құнымен ескерiледi.

Сыртқы сауда кедендiк статистикасы елдiң тауарайналымына қоса өңдеуге бағытталған немесе елдiң кеден территориясында, кеден территориясынан тыс және еркiн айналым үшiн өңдеуге түсетiн тауарлар категориясын ерекше ескередi.

Әкелу кезiнде:

- Қазақстан Республикасының кеден территориясында өңдеуге әкелiнген, сонымен қатар еркiн айналым үшiн өңдеуге әкелiнген тауарлар;

- Қазақстан Республикасы территориясына кеден территориясынан тыс өңделгеннен кейiн әкелiнген тауарлар.

Әкету кезiнде:

- ҚР кеден териториясында өңделгеннен кейiн әкетiлетiн тауарлар;

- ҚР кеден территориясынан тыс өңдеуге әкетiлетiн тауарлар.

Сыртқы сауда кедендiк статистикасын қалыптастыру кезiнде мынадай көрсеткiштердi, белгiлердi пайдаланады:

- есептi кезең;

- тауарағымының бағыты (әкелу немесе әкету);

- кеден режимiнiң түрi;

- әкелу кезiнде тауар шығарушы ел;

- әкету кезiнде тауар қабылдаушы ел;

- әкелу кезiнде тауар жiберушi ел;

- әкелу кезiнде саудаласқан ел;

- статистикалық құны;

- тауар коды мен атауы;

- нетто салмағы;

- қосымша өлшем бiрлiгiнiң коды;

- қосымша өлшем бiрлiгiндегi тауардың көлемi;

мәмле сипаты;

- тауар жiберушiнiң (қабылдаушының) категориясы;

- аймақ (облас, Алматы қ-сы, Астана қ-сы);

- шекарадағы көлiк түрi;

- шекарадағы көлiк құралының жабдықтары.