Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кеден статистикасы дип.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
738.82 Кб
Скачать

(Кесте 7 жалғасы)

Құрылықтың, елдің және елдер тобының аталуы

Тауар айналымы

Экспорт

Импорт

Барлығы (мың доллар)

% жинағы

Барлығы (мың доллар)

% жинағы

Барлығы (мың доллар)

% жинаы

Жапония

366,4

0,1

-

-

366,4

0,2

Америка

56013,7

19,0

24,2

0,0

55989,5

32,1

Бразилия

29215,9

9,9

-

-

29215,9

16,7

Гватемала

2046,3

0,7

-

-

2046,3

1,2

Куба

6763,4

2,3

-

-

6763,4

3,9

Сальвадор

7108,0

2,4

-

-

7108,0

4,1

АҚШ

10880,1

3,7

24,2

0,0

10855,9

6,2

Африка

5,2

0,0

-

-

5,2

0,0

Марокко

5,2

0,0

-

-

5,2

0,0

    1. Кеден стастистикасының сыртқы саудадада кеден автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің қолдану тиімділігі.

Барлық басқарылатын салаларда ең маңызды фактор ретiнде ғылыми-техникалық прогрестi жандандыру және әдiстердi қолдану. Басқару жүйесiнде жаңа экономикалық-математикалық әдiстердi қолдану үлкен жетiстiктерге жетуге мүмкiндiк бередi. Жаңа бағыт, яғни экономика-математикалық әдiстi есептеу құралдарын қолдану автоматтандырылған жүйемен басқарудың пайда болуына және соны қолдануға әкелiп соқтырды. Қазақстан Республикасы Кеден бақылау комитеті кедендiк автоматтандырылған ақпараттық жүйесi кеден қызыметiн автоматтандырылған жүйемен басқару процесi болып табылады.

Кеден қызметiндегi кедендiк автоматтандырылған ақпараттық жүйенi ақпараттық-технологиялық iске асырудың құралы ретiнде көрiнедi. Кедендiк автоматтандырылған ақпараттық жүйенiң дамуы жаңа ақпараттық технологияларды тереңдету және оны бiрте-бiрте өңдеп, жаңа ақпараттық-техникалық жинақ негiзiнде деп қарастырымыз. Осыдан келе, Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау департаменті кедендiк автоматтандырылған ақпараттық жүйенi белгiлеуi болып:

  • Қазақстан республикасы Кедендiк бақылау комитеті мен Үкiмет органдарын кеден статистикасын жүргiзу үшін ақпаратпен қамтамасыз ету.

  • Кеден органын экономикалық ұйымдастыру, басқару жүйесiн, басқа басқарулардың деңгейiн жоғары сатыға көтеру.

  • Тауарларға арналған құжатты кедендiк рәсiмдеудi автоматтандыру .

  • Шекарадан өткен тұлғалардың жүгiне кедендiк бақылау нәтижесiн арттыру.

  • Орталықтандырылған төлету және кеден төлемдерiн есептеуiн бақылауды қамтамасыз ету.

  • Контрабандаға қарсы және кеден ережелерiн бұзғаны үшін күресуде ақпараттық қамтамасыз ету.

  • Тарифтiк емес реттеу мен әдiстердi жетiлдiру, орындалуын бақылау.

  • Кедендiк-банктiк бақылауды, сыртқы экономикалық қатынаста валюталық бақылауды және т. б. жүзеге асыру мақсатында ақпараттық технологиямен қамтамасыз ету.

Әлемдiк деңгейде халықаралық сауда статистикасымен айналысатын Бiрiккен ұлттар ұйымы жүйесiнде көптеген ұйымдар жұмыс iстейдi. Олардан басқа екi аймақтық мекеме қызмет атқарады, олар Бiрiккен ұлттар ұйымының жүйесiне кiрмейдi, бiрақ бiрге одақтасады. Олар: экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Европалық қауымдастық статистика басқармасы (ЕВРОСТАТ). Бұл мекемелердiң статистикалық бағдарламасы статистикалық бағыттағы жұмыстарды қамтитын кешендi мiнезде.[7,18].

Қазақстанда халықаралық сауда статистикасын нақты қолданудың даму тенденциясы және перспективасы:

  • Мемлекеттердiң көбiсi сыртқы сауда статистикасын толық жинайды, сондай-ақ сыртқы сауда индексiн есептейдi. Қазақстанда сыртқы сауда кедендiк статистикасының көрсеткiштерi жүктің кедендік декларациясы мәлiметтерiн өңдеумен негiзделедi, сыртқы сауда индексiн есептеу Қазақстан Республикасы статистика Агенттiгiнiң ұлттық есеп жүйесiнде және төлем балансы статистикасында қалыптасады.

  • ұлттық мәлiметтердiң үйлесiмдiлiк жүйесiн жүргiзгеннен кейiн көрсеткiштер салыстырмалырақ болып келедi

  • Қазақстанда кедендiк декларация мәлiметтердiң негiзгi қайнар көзi, бiрақта, көптеген мемлекеттерде қамту дәрежесiнiң көбiсi кедендiк емес қайнар көздерден алынады. Сонымен, Қазақстанда статистика Агенттiгi жүктің кедендік декларациясындағы мәлiметтерден басқа iрi кәсiпорындардың және сыртқы экономикалық қызметтiң есептерiн қолданады. Бұлардың көп бөлiгiн мұнай-газ сектор кәсiпорындары және электр энергиясы айналымын бақылауға байланысты КЕГОК компаниялары құрайды.

  • Компьютерлiк техниканы кең көлемде пайдалану ақпараттарды өңдеу мерзiмiн азайтады, мәлiметтер базасынан жеке компаниялардан мағлұматтар алуын жеңiлдетедi және «қағазбен» жариялау көлемiн азайтады. Компьютерлiк техниканы пайдалану статистикалық мәлiметтердiң максимальды анықтылығын арттырады және ерекше маңыздылықты иеленедi.

  • Екiжақты мәлiметтiк келiсiмдер мен мемлекетаралық ауысымның санын көбейту. Қазақстанда жеке деңгейде екiжақты статистикалық көрсеткiштердi ТМД (Азербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжiкстан, Беларусия) мемлекеттерi бойынша салыстыру Қазақстан Республикасы статистика Агенттiгiнде жүзеге асырылады. Бұл салыстыру «айналы статистикаң» әдiсiмен жүргiзiледi, бiрақ, сiздер байқағандай Ресей Федерациясы статистика органдарының iс шараларына қатыспайды, Кеден бақылау комитеті ТМД мемлекеттерiнен Ресей Федерациясымен статистикалық мәлiметтерi салыстырылған жинақтар алып отырады.

Қазақстан Республикасы статистика Агенттiгi өз жұмысымен 1992 жылғы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетi белгiлеген №10 Бұйрыққа байланысты кеден статистикасымен 1993 жылдан берi айналысты. Олар өз қызметiн 1992 жылғы 19 ақпандағы №127 “ Қазақстан Республикасы мемлекеттiк кеден қызметi ” туралы Бұйрыққа сәйкес атқарды. Қазақстан Республикасының Кеден Комитетi осы бұйрыққа сәйкес (п1.2.) 1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап кеден мекемелерi арқылы жеткiзу орнында жүктің кедендік декларациясын толтыру инструкциясына сәйкес рәсiмделген бiр данасын облыстық статистика басқармасына он күн сайын тапсырып отырды. Статистика органына жүктің кедендік декларациясын дұрыс толтырылып отыруына бақылау жасауға методологиялық көмек көрсетiп отырады.

Схема 1

Сыртқы сауда кедендік статистикасы методологиясын жүргізудің мақсаты

  1. Ақпараттық қамтамасыз ету:

  • а) Қазақстан Республикасы сыртқы сауда жағдайы туралы;

  • ә) бюджетке түсетін кедендік баждар, төлемдер және басқа да

салықтар туралы.

  1. Жүзеге асыру:

  • а) валюталық бақылау;

  • ә) ҚР-сы сыртқы сауда жағдайын және дамуын, сонымен қатар саудалық және төлемдік балансын талдау.

  1. Саудалық серіктес мемлекеттермен мәліметтердің

салыстырмалы талдауын жүргізу.

Кедендiк автоматтандырылған ақпараттық жүйе республикалық масштабтағы алғашқы нақты әрекет етушi ақпараттық жүйе. Оның құрылуы 1997 жылдан басталды. 2001 жылы Қазақстан Республикасы кеден қызметi бiрiншi кезекте кедендiк автоматтандырылған ақпараттық жүйенi эксплуатациясын жүргiзудi, ол кедендiк рәсiмдеу процесiн қазiргi компьютерлiк технологияға ауыстырды. Қазiргi кезде ЖКД ЭК қалыптастыруға 10-30 минут, тексергенiмен 2 сағат кетедi, ал бұрын тексеруге 3 күн кететiн, қазiр максимум 1 күн кетедi.

2003-2005 жылдарға арналған жаңа бағыт:

  1. WEB - сайтты дамыту және жетiлдiру.

  2. Электронды кеден.

  3. Жеткiзудi бақылау жүйесiн техникалық бақылауды қолдана отырып интеграциялау.

  4. Сыртқы сауда кедендiк статистиканы қалыптастыру жүйесiнде сыртқы сауда мәлiметтерiн интернет арқылы талдауды интеграциялау.

Сыртқы сауда статистикасын қалыптастыруда мемлекеттiк басқару органдарында, кеден қызметiнде технологияның жаңа жетiстiктерiн қолданбайынша БСҰ-на мүше бола алмаймыз. Бүгiнгi күнгi бiздiң шешуге тиiстi ең негiзгi мiндетiмiз.

Бiздiң негiзгi мақсатымыз - Департаменттiң негiзгi жүргiзiлiп жатқан қызметiнiң бiрi - сыртқы сауда кедендiк статистикасының өз бетiнше қалыптасуына көшу. Бұл мақсаттарды жаңадан құрылған сыртқы сауда статистика бөлiмiнiң iс-әрекеттерi жүзеге асыруда. Ескерте кететiн болсақ, соңғы уақытта дейiн Департамент орталық бөлiмдердi және мемлекеттiк органдарды ақпараттармен камтамасыз етудi жүзеге асырып отырды. Осындай ақпараттық қамтамасыз ету барысында Кедендiк бақылау комитеті мен Статистика Агенттiгiнiң арасында мәлiметтердi салыстыруда көптеген проблемалар ұшырасты.

Кеден автоматтандырылған ақпараттық жобасының дамуы және электронды құжат статусының заңдық өзгеруi мақсатқа жетудiң негiзiн қалады.

Сыртқы сауда кедендiк статистикасының өз бетiнше қалыптасуына қамтамасыз ететiн негiздердiң дамуы әсер еттi, атап айтқанда:

- құқықтық - Кеден Кодексi ретiнде;

- құжаттық негiзi болып жүктің кедендік декларациясындағы ақпараттар табылады;

- Методологиялық - сыртқы сауда кедендiк статистикасының бiрыңғай методологиясы;

- Конструктивтi - Кедендiк бақылау комитетінің кварталдық және жеке жылдық жариялау формасы ретiнде;

- Технологиялық - сыртқы сауда кедендiк статистикасының мәлiметтерiн қалыптастыру мақсатында жарияланатын соңғы ақпараттарды кеден ведомствасы регламентiмен жинау, өңдеу және дайындау ретiнде.

Кеден заңнамасында кеден статистикасын кеден органымен жүргiзудi анықтайтын нормалардың негiзi қаланған, сондай-ақ 1992 жылдан бастап тауарларды декларациялау арқылы экспорт-импорт операцияларын жүзеге асырудың - құжаттық негiзi қалыптасты. Көбiнесе кеден органдары 1998 жылдан берi жүктің кедендік декларациясы электронды көшiрмесiнiң мәлiметтер базасын жинады [8,6].

Кеден шекарасынан өткiзiлетiн тауарларды сыртқы экономикалық байланысқа қатысушылардың мiндеттi декларациялау 1993 жылдың наурыз айынан, яғни, экономикалық нарықтық қатынасқа өту басталған кезде жүзеге асырылды. Сыртқы сауда өрiсiнде - бұл мемлекеттiк монополия принципiнен сыртқы саудаға жылжыды және сыртқы нарыққа шығуда сыртқы экономикалық байланысқа қатысушылардың саны артты.

Кеден органдарына жүктің кедендік декларациясы сыртқы экономикалық қатынасқа қатысушылар ұсынады және кеден шекарасынан өткiзiлетiн тауарлар жайлы мәлiмдейдi, арнайы декларациялауды жүзеге асырады, сонымен қатар сыртқы сауда операциялары жайында жинақтар алуға мүмкiндiк бередi. Яғни кедендiк бақылаудың нәтижесінде кеден шекарасы арқылы әкетiлетiн (экспорт кезiнде) немесе кеден шекарасына әкелiнетiн (импорт кезiнде) тауарлар жайлы мәлiметтер аламыз.

Әдістемелік, конструкциялық және технологиялық негiзде сыртқы сауда кедендiк статистикасының қалыптасуына тоқтала кетсек. Статистика ғылым ретiнде жаппай, кездейсоқ құбылыс пен процесс заңдылығын оқытатын тәртiп жүйесi. Экономикалық статистиканың құрамдас бөлiгi болып табылатын кеден статистикасы кеден iсiнiң негiзгi элементi ретiнде сыртқы саудада болып жатқан құбылыс пен процестiң сандық жағын оқытады, сонымен қатар кеден мекемелерiндегi әр түрлi бағыттағы кеден төлемдерiнiң түсiмiне, контрабандамен күрес және кеден ережелерiнiң бұзылуына, саудасыз айналымға, валюталық бақылауға және т. б. есеп жүргiзедi және талдайды.

Кеден статистикасы, сондай-ақ барлық статистикалық жинақтарды (құндық өлшемде сыртқы сауда көлемiн, сыртқы сауданың физикалық көлемiн) сипаттайтын мәлiметтердi алу әдiсiн оқытады. Бiрақта кеден статистикасының мағынасы бұлармен ғана шектелмейдi. Сондай-ақ, ол даму заңдылығын (сыртқы сауда динамикасын зерттейдi және сипаттау негiзiнiң мағынасын болжамдайды) және сипаттама, процесс, құбылыс арасындағы себептi өзара байланысты оқытады.

Қаржы министрлігінің Кедендiк бақылау комитетінде сыртқы сауда кедендiк статистикасын дамыту барысында 2004 жылға арналған Автоматизация және кеден статистикасы Департаментiнiң бағытталған жұмыстарына сәйкес төрағамен шаралар жобасы бекiтiлген:

  • ұйыидық қамтамасыз ету - Кедендiк бақылау комитетінің құрылымында арнайы қызметпен айналысатын қызметкерлердi оқыту және квалификациясын жоғарылату;

  • методологиялық қамтамасыз ету - бұл бiрiншi кезекте сыртқы сауда кедендiк стаистикасын қалыптастыруда методологиялық база құру;

  • програмно-техникалық қамтамасыз ету - қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз ету (ППО) жөндеу, түзету және электронды құжаттардың қозғалу этапында “дұрыстық бақылау” жүйесiн құру.

Алғашқы кездерде қағазбен жұмыс iстеу технологиясында (автоматтандырылған басқару технологиясыныз) кеден қызметiнiң алдына қойылған мiндеттердi толық көлемде шешуге мүмкiндiк жоқ едi. Осыған байланысты кеден қызметiн анықтай келе барлық жағынан автоматтандыруға келдi, сонымен қатар қазiргi таңда ақпараттық-технологиясының жаңартылған, қазiргi заманға сай етiп енгiзуге тура келдi. Бұлардың өзi қазiр кедендiк рәсiмдеуде және кедендiк бақылауларда бiраз мәселелердi шешуге жол бердi [26,516].

Қазiргi таңда кеден органдары ЖКД ЭК, ДКД, ТПО, ПС (локально) 1998 жылдан берi мәлiметтер базасын жинады, мәлiметтер базасының архивiне 7 жыл уақыт болды. Кеден оргадарында кедендiк құжаттарды өңдеудi автоматтандыру практикасы қолданылуда.

Сыртқы сауда кедендiк статистикасының өз бетiнше қалыптастыруға байланысты Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау комитетінің алдына кеден құжатындағы, нақты айтатын болсақ жүктің кедендік декларациясындағы берiлген мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығы туралы нақты сұрақтар қоюлы.

Бiрiншi кезекте, мiндеттi түрде қазiргi таңда Кедендiк бақылау комитетінің алдына қойылған мақсаттар мен мiндеттердi түсiнiп алуымыз керек. Иә, қазiргi уақытта бiз қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуде (ППО) қиындықтарды кездестiремiз, бiрақ бiз бұған тоқтап қалмауымыз керек. Негiзiнен барлығы кедендiк рәсiмдеумен және кедендiк ақпараттық мәлiметтердi қалыптастыруды ұйымдастыратын инспекторлар құрамының компетенциясына және прфессионализмiне байланысты.

Екiншi кезекте, кеден iсi аясындағы автоматты басқару процесiн әкiмшiлiктендiру бойынша бар күш-қуат АТжСС бөліміне жұмсалған, сондай-ақ эффективтi жұмыс iстеу талап етiледi. Олар басқа кеден органының басқа бөлiмдерiмен, басқармаларымен жұмыс iстеу барысында проблемалар туындайды, осыларды ескере отырып, солармен бiрге шешу жолдарын iздестiру қажет. Қазiргi кезде анық, дұрыс мәлiметтердi қалыптастыру өз кезегiнде жүктің кедендік декларациясы электронды көшiрмесi және жүктің кедендік декларациясы алаңдарын дұрыс толтыруға, қателер жiбермеуге, жiберiлген қателердi дер кезiнде түзетуге байланысты. Сонымен қатар толтыру кезiнде статистикалық мәлiметтердi қалыптастыратын жауапты тұлғаға, жүктің кедендік декларациясы мен электронды көшiрмесiн қабылдауға және бақылауға жауапты тұлғаларға өте қатал талаптар қойылады.

Бақылау бiрiншi кезекте, кеден қызметiнiң автоматизациясынан жоғары, нормативтi құжаттарды бiле отырып жүргiзiлуi қажет. Қызметкерлердiң арасында өзектi, маңызды тақырыптарда аймақтық деңгейде практикалар, оқу семинарларын өткiзiп тұру керек [17,27].

Автоматтандыру және кеден статикасы Департаментiнiң қызметкерлерiнiң жауапкершiлiктерiне байланысты жүктің кедендік декларациясы электронды көшiрмесi графаларының толтырылуына бақылау жасалып отырады. Жүктің кедендік декларациясы электронды көшiрмесiн тексеру кезiнде толтырылған көрсеткiштердiң дұрыстығына және толықтығына көп көңiл бөлiнедi. Әсiресе мыналарға СЭҚ ТН-сы бойынша тауар кодына, СЭҚ ТН-на сәйкес қосымша бiрлiктердiң сәйкестiгiне, құндық белгiлерiне (факторлық, кедендiк, статистикалық), сандық белгiлерiне (нетто салмағы, брутто салмағы, қосымша бiрлiктердiң саны), мемлекеттер бойынша көрсеткiштер (қабылдаушы, жөнелтушi, тауар шығарушы, саудаласушы), шекарадағы кеден, көлiк түрлерi және т. б. ЖКД ЭК қабылдау кезiнде қатесiмен жiберген құзырлы тұлғаларға активтi жазалау шаралары қолданылуы тиiс.

Ақпаратардың толықтығы мен дұрыстығын тексеру тәртiбi дұрыс мәлiметтердi ұсынылуына қатысты Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау Агенттiгiнiң 14. 03. 2003 жылғы №93 бұйрығына сәйкес қолданылады.

ЖКД ЭК-гi мәлiметтердiң дұрстығын тексеру және бақылау үш этапта қарастырылады:

  1. этап - ЖКД ЭК мәлiметтер базасын бақылау;

  2. этап - ЖКД ЭК мәлiметтер базасы архивiнiң дұрыстығын бақылау;

  3. этап - ЖКД ЭК орталық мәлiметтер базасының дұрыстығын бақылау.