Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кеден статистикасы дип.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
738.82 Кб
Скачать

Жкд эк сапасы туралы:

Егер бұрын 2001жылдың басында қателердiң белгiлi көлемi классификаторлаға (СЭҚ ТН кодына, мемлекеттерге, транспорттарға) байланысты болса, олар қазiр мүлдем жоқ десе де болады, өйткенi олардың жағдайы қазiр жақсарды.

Кесте 8

2004 жылы көбiрек кездескен қателер

Қате түрлерiнiң аттары

ЖКД ЭК СЭҚ ТН-ғы өлшем бiрлiктерiнiң сәйкес келмеуi

нетто салмағы көсетiлмеген

нетто салмағы брутто салмағынан көп

нетто салмағы кейде тауар санында кг-нан г-ға айналдырғанда тең келмейдi

қосымша өлшем бiрлiгi нетто салмағын асырып жiбередi

тауар шығарған елдiң коды көрсетiлмеген немесе қате көрсетiлген

жөнелтушi мемлекеттiң коды көрсетiлмеген немесе қате көрсетiлген

қабылдаушы мемлекеттiң коды көрсетiлмеген немесе қате көрсетiлген

саудаласқан мемлекеттiң коды көрсетiлмеген немесе қате көрсетiлген

шекарадағы көлiк құралы мемлекетiнiң коды көрсетiлмеген

(Кесте 8 жалғасы)

Қате түрлерiнiң аттары

шекарадағы көлiк құралы мемлекетiнiң коды қате көрсетiлген

шекарадағы кеден бекетiнiң коды көрсетiлмеген

өнеркәсiп категориясының және облас коды жоқ

тасымалданатын тауарларға көлiк құралының түрi логикалық сәйкес келмейдi (iштей жанып қозғалатын - өздiгiнен қозғалатын)

көлiктiң түрi жазылмаған

қайталанатын жазулар (тiркеу күнiндегi айырмашылық)

тауардың саны жаппай ЖКД –да, кейде ЖКД-ның 5 графасында көрсетiлгендей саны жағынан сай келмейдi

тауардың шығарылған күнi қате (GD1)

СЭҚ ТН-да тауардың коды табылмаған

мәмленiң коды толтырылмаған

Ал, 2005 жылдың мамыр айында хаттамада бұл әр түрлi қателер 10-ға дейiн қысқарған, бұл базаның сапасының жақсарғанын көрсетiп отыр. Бiрақта, әзiрше, осы мәлiметтер негiзiнде жеткiлiктi, сапалы бюллетень қалыптастыруға, шығаруға мүмкiндiк жоқ.

III ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕ СЫРТҚЫ САУДА КЕДЕН СТАТИСТИКАСЫН ЖҮРГІЗУІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Қазақстанның 2005 жылғы сыртқы сауда айналымының көлемі кеден статистикасының дерегі бойынша ұйымдаспаған сауданың есебінсіз 16199,6 млн.АҚШ долларын құрады және 2002 жылмен салыстырғанда 8 пайызға, соның ішінде экспорт – 9709,1 млн.доллар, 2 пайызға өсті. Оң сальдоның сомасы 3218,6 млн.доллар, оның сыртқы сауда айналымындағы үлес салмағы 19,9 пайыз. Бұл деректер сыртқы сауда айналымы көлемінің тәп-тәуір өскенін және оң сальдоның салмағының да аз еместігін көрсетеді. Мысалы, 2002 жылы сальдоның сомасы 2185,9 млн.доллар, оның үлес салмағы 14,5 пайыз болған-ды.

Қазақстан сыртқы саудасын, ең алдымен, ТМД елдерімен және одан басқа елдермен жасалатын сауда деп екіге бөліп қарау әдетке айналған. Осы дәстүрді сақтайтын болсақ 2005 жылы ТМД елдерімен жасалған сыртқы сауда айналымының үлес салмағы 32,4 пайыз, қалған елдермен сауда айналымының үлесі 67,6 пайыз болғанын көреміз. Осыдан бес жыл бұрын 1999 жылы осы көрсеткіштер тиісінше 43,1 және 56,9 пайыз еді, ал 1994 жылы – 96,6 және 40,4 пайыз еді. Міне, осыдай ТМД елдерінің үлес салмағы қаншалықты төмендегенін, тиісінше, әлемнің басқа елдерімен жасалған сауда көлемінің үлес салмағының едәуір өскенін көреміз. Елдердің екі тобының үлес салмағындағы өзгеріс, әсіресе, экспорт бойынша ерекше көзге түседі. ТМД елдерінің Қазақстан экспортындағы үлесі 1999 жылғы 39,5 пайыздан 2005 жылы 22,9 пайызға дейін төмендеді, тиісінше басқа елдердің үлесі 60,5 пайыздан 77,1 пайызға дейін көтерілді. Импорт бойынша өзгеріс тек бір пайыз көлемінде ғана болды.

Енді сыртқы сауда айналымы жеке елдермен қандай көлемде қалыптасып отыр деген мәселеге көңіл бөлсек, онда 2003 жылғы деректерге қарағанда бірінші орында Ресей тұр, бұл елмен жасалған сауда 4064,6 млн. АҚШ доллары көлемінде, бірақ ол 2002 жылға қарағанда 14,3 пайызға азайып кеткен. Екінші орында Бермуд аралдары – 2011,3 млн. доллар, үшінші орында – Қытай – 1325,0 млн.доллар, төртінші орында – Италия – 1134,2 млн.доллар. Аталған төртеудің үлесіне сыртқы сауда айналымының 52,7 пайызы келеді. Бұдан әрі жасаған сауда көлеміне қарай Швейцарияны, Германияны, АҚШ-ты, Біріккен Араб Эмиратын (БАЭ), Украинаны атауға болады. Бұлардың әрқайсысының жасаған сауда көлемі 500 млн.доллардан 900 млн.доллар аралығында. Осы аталған тоғыздың сыртқы саудадағы үлес салмағы 73 пайыз. Бұдан әрі сауда көлемі 200 миллионнан 500 миллион доллар аралығында болған елдер: Ұлыбритания, Иран, Түркия және Нидерландия. Осы он үш елдің үлесі 85 пайыз.

Сыртқы сауда айналымының жалпы сомасының әрбір елмен қалыптасуы әралуан. Мәселен, Ресеймен арадағы сауда көлемі 1996 жылғы 4809,0 млн.АҚШ долларынан 2002 жылы 4046,6 млн-ға дейін кеміді және бұл тенденция әзірге тұрақты сипатта. Бермуд аралдарымен 1999 жылы 109,3 млн.долларға басталған сауда 2005 жылы 2011,3 млн-ға жетті. Бұл Қазақстаннан апарып сатылатын мұнайдан алынатын ақша. Ал офшорлық аймақта мұнай сатудың онды шаруа еместігін бұл арада әңгіме жасамай-ақ қоялық. Италиямен, Қытаймен, Швейцариямен, АҚШ-пен, Иранмен жасалатын сауда көлемі ұдайы өсу тенденциясын байқатады. Германиямен 2002 жылға дейін осындай тенденция болғанды, бірақ 2005 жылы сауда көлемі 26,5 пайызға күрт азайды. Ал кейінгі екі жылда БАЭ, Франциямен және Жапониямен жасалған сауда көлемі елеулі түрде өсті. Ұлыбританиямен жасалатын сауда көлемі қомақты болғанмен өте тұрақсыз: 1998 және 1999 жылдары 690 млн.доллар көлеміне жетсе, 2000 жылы 415,9 млн-ға, 2001 жылы 450,7 млн-ға, 2005 жылы 388,6 млн-ға дейін кеміп кетті. Осындай тұрақсыз жағдай (кейінгі екі жылғы көлемі үлкен болғанымен) Украинамен жасалатын саудадан көрінеді: 1998 жылы 396,8 млн-ға дейін өсіп, 1999 жылы және 2001 жылдары 330-335 млн-ға, 2000 жылы 188,8 млн-ға дейін құлдырады, ал 2002 жылы қайтадан 645 млн-ға дейін қатты көтерілгенімен 2005 жылы 507 млн-ға дейін немесе 27 пайызға кеміп кетті. Нидерландиямен сауда көлемі 1996 жылғы 541 млн.доллардан 2005 жылғы 209 млн.долларға дейін кеміді. Өзбекстанмен сауда көлемі өте тұрақсыз жағдайда, 1996 жылғы 422 млн-нан 2000 жылы 159 млн-ға, 2005 жылы 188 млн-ға дейін азайды. Түркиямен жасалатын сауда көлемі де өте тұрақсыз. Жылдан-жылға екі есеге дейін не өсіп, не кеміп отырады.

Енді жеке елдерге жасалатын экспорт көлемі жайына талдау жасап көрелік. 2005 жылдың қорытындысы бойынша бірінші орында Бермуд аралдары тұр (2011,3 млн.доллар), екінші орында – Ресей (1524,2 млн.доллар), үшінші орында – Қытай (1020,2 млн.доллар), төртінші орында – Италия (921,6 млн.доллар), бесінші орында – Швейцария (786,8 млн.доллар). Аталған бесеудің үлесіне барлық экспорттың 6264,1 млн.доллары немесе 64,5 пайызы тиеді. Бұлардан кейінгі экспорт көп жасалатындар: БАЭ (472,5), Иран (310,2), Украина (294,8), Германия (218,6 млн.доллар). Аталған тоғыздың үлесіне экспорттың 78 пайызы тиеді.

Бермуд аралдары туралы жоғарыда айттық. Ресейге шығарылатын экспорт көлемі 1998 жылдан бері төмендеумен келеді, сол жылғы 2484,4 млн.доллардан 2005 жылы 1524,2 млн-ға немесе 63 пайызға дейін құлдырады. Осындай жағдай Нидерландияға жасалған экспорттан да көрінеді: 1998жылғы 511,8 млн.доллардан 2005 жылы 123,2 млн-ға дейін азайды, Виргин аралдарына апарып мұнай сату 2001 жылы 1029,1 млн.долларға жетіп, 2003 жылы 168 млн-ға дейін құлдырады, Ұлыбританияға экспорт 1998 жылғы 548,7 млн-нан 2005 жылы 103,5 млн-ға дейін, Өзбекстанға – экспорт 1998 жылғы 201,8 млн-нан 2005 жылы 103,5 млн-ға дейін, Жапонияға – 1998 жылғы 107,7 млн-нан 2005 жылы 23,1 млн-ға дейін, Корея Республикасына осы жылдары 129,6 млн-нан 49,3 млн-ға дейін азайды. Кейінгі екі-үш жылда Италияға, Қытайға, Швейцарияға, БАЭ, Иранға шығарылатын экспорт көлемі қатты өсті.

Импорт көлемінің талдауы келесідей: бірінші орында Ресей, оның үлесіне 2540,4 млн.доллар немесе барлық импорттың 39 пайызы тиеді. Одан кейінгі үлес иелері Германия (565,3 млн.доллар), АҚШ (456,9), Қытай (304,8), Ұлыбритания (255,7), Украина (215,6), Италия (212,6). Аталған жетеудің үлесіне барлық импортың 70 пайызы тиеді. Бұлардан кейінгі импорттың сомасы 100 млн.доллардан асатын басқа елдер: Түркия, Жапония, Франция, Корея Республикасы. Осы он бір елдің үлесіне импорттың 78,5 пайызы тиеді. Импорт көлемі жылдан-жылға тұрақты өсіп келе жатқан елдер: Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Италия. Импорт көлемі бірде өсіп, бірде төмендеп отыратын елдер: Корея Республикасы, Түркия. Соңғы екі-үш жылда Қазақстан импортындағы көлемі кауырт өскен елдер: Қытай, Франция, Украина, Жапония, Өзбекстаннан жасалатын импорт көлемі 1998 жылғы 276,6 млн. доллардан, 2005 жылы 84,9 млн-ға дейін кеміді.

Қорыта айтқанда, Қазақстанның сыртқы саудасы негізінен оншақты елмен шектеледі, олардың аты-жөні белгілі. Бірақ солардың кейбірімен әлі де тұрақты көлемде сауда жасау қалыптаспай отыр. ТМД елдерімен сыртқы сауданың, әсіресе, экспорттың көлемі кемуде. Үстіміздегі жылы акпанның 22-де Беларусь, Қазақстан, Ресей мен Украина президенттерінің Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру туралы келіссөздерінен кейінгі қысқа мәлімдемесінде Н.Ә.Назарбаев 2003 жылы Украина және Ресеймен жасалған сыртқы сауданың кеміп кеткеніне, Беларусь Республикасымен сыртқы сауданың жаңа басталып жатқанына назар аударды. Шынында да алыстан арбалағанша жақыннан дорбала дегендей, бұрыннан көп жыл бойы экономикалық қарым-қатынас қалыптасып келген ТМД елдерінің сыртқы сауданы өзара қарқындырақ дамытқаны оларға тиімді болары даусыз. Мәселе, осы жолдағы бөгеттерді тезірек жоя білуде сияқты.

Енді экспорт пен импорттың тауарлар тобы бойынша құрамына талдау жасап көрейік: 2005 жылы экспорт құрамында минералдық өнімдердің үлес салмағы 61, жай металдардың үлес салмағы 23 пайыз болды, яғни Қазақстан экспортының дені шикізат екені көрініп тұр. Шикізаттың үлес салмағы жыл сайын өсуде. Ал экспортқа ұдайы дерлік шикізат қана шығару, біріншіден, өнімнің арзанға кететінін көрсетсе, екіншіден, шикізаттың әлемдік рыноктағы бағалардың конъюнктурасына бағынышты екенін көрсетеді. Мұнайдың болсын, металлдың болсын бағасы жиі-жиі және үлкен мөлшерде өзгеріп отыратыны көпке аян.

Қазақстанның басты экспорттық тауары шикі мұнайдың 2005 жылғы сатылған көлемі 34,2 млн. тоннаға жетті, онын әр тоннасы 137,3 доллардан сатылып, сатудан түскен жалпы сома 4,7 млрд. АКШ долларын құрады. Сонымен бірге 5,0 млн. тонна газ конденсаты 336,8 млн. долларға және 1,1 млн. тонна өнделген мұнай өнімдері 119.2 млн. долларға сатылды, сөйтіп барлык мұнай өнімін сатудан 5,2 млрд. доллар алынды, бұл барлық экспорт сомасының 53,6 пайызы еді. Мұнайдың экспорттың жалпы сомасындағы үлес салмағы — 1996 жылы 10 пайыз, 1997-жылы 14,7 пайыз болса, 2004 жылы ол 50 пайызға жеткен еді. Бажайлап қарасақ, мұнайдың үлес салмағы алдағы уакытта да өсетін сияқты.

2005 жылы өндірілген газ конденсатын қоса алғандағы барлық шикі мұнайдың көлемі 47,2 млн. тонна болса, соның тек қана 10,6 млн. тоннасы ішкі рынокта пайдаланылып, қалғаны экспортқа шығарылды. Өндірілген мұнайдан басқа 2,6 млн. тонна импорт жасалды. Ал экспорттың көлемі 39,3 млн. тонна болды, одан 34,2 млн. тоннасы шикі мұнай, 5,1 млн. тоннасы газ конденсаты. Газ конденсатының 4,9 млн. тоннасы, әр тоннасы 66 доллардан Ресейге сатылды. Шикі мұнайдың 3,9 млн. тоннасы ТМД елдеріне экспортқа шығарылды (әр тоннасы 85,2 доллардан), соның ішінде Украинаға 2,5 млн. тонна (әр тоннасы 88,6 доллардан), 1,4 млн. тонна Ресейге (әр тоннасы 79,2 доллардан), қалған 30,3 млн.тонна (немесе барлық экспорт көлемінің 88,6 пайызы) әлемнің басқа елдеріне шығарылды (әр тоннасы 144 доллардан). Бір тонна шикі мұнайдың бағасының елдің екі тобы бойынша айырмашылығы аса үлкен, 1,7 есе. Егер Украина мен Ресейге мұнай 144 доллардан сатылса қосымша 230 млн. доллар ақша түскен болар еді.

ТМД-дан басқа елдер бойынша ең көп шикі мұнай экспортқа шығарылғандар қатарына, ең алдымен Бермуд аралдары 12,4 млн. т. (40,8%), 2,0 млрд. долларға (немесе әр тоннасы 162,5 доллардан, бұл ең жоғары баға), одан кейін Италия — 4,8 млн. т. (15,9%), 0,6 млрд. долларға (124,2 доллар), БАЭ 3,3 млн. т. (11,1%), 452,5 млн. долларға (134,7 доллар), Польша -2,4 млн.т. (7,9%), 292,3 млн. долларға (121,9 доллар), Швейцария - 2,3 млн.т. (77,6%), 344,4 млн. долларға (149,8 доллар), Виргин аралдары - 180,3 мың т. - (2,9%), 123,7 млн. долларға (142,1 доллар), Ұлыбритания - 741,1 мын т. (2,4%), 81 5 млн. долларға (109,9 доллар) жатады. Осы деректерден қандай елдерге қанша көлемде мұнай экспортталды, әр елдің үлес салмағы, одан қанша ақша түсті және бір тонна мұнайдың сатылған бағасы көрініп тұр. Бермуд аралдарына экспортталған бір тонна мұнайдың бағасы Ұлыбританияға экспортталған мұнай бағасынан бір жарым есеге қымбат. Әрине, әлемдік рыноктағы мұнай бағасы жыл ішінде өзгеріп тұратыны, ол жоғары болған кезде сатылған елмен сауда бағасы жоғарырақ болатыны түсінікті. Алайда, баға айырмашылығы тек осы бір себептен ғана туындамайды.

Әр елмен сауда жасалған кезде жоғары бағаға жету әлі де болса шешімін толық таппаған мәселенің бірі. Ол мынадан да байқалады. Кейінгі бес жыл ішінде мұнайды экспортқа шығаратын негізгі елдердің қайсысын алып қарасаңыз да солардың әрқайсысына жыл сайынғы экспорттың көлемі өте үлкен мөлшерде өзгеріп отыратынын көресіз. Бұған көз жеткізу үшін бір-екі елді мысалға келтірейік. Украинаға I999 жылы 2,9 млн. тонна мұнай шығарылса, 2000 және 2001 жылдары - 1,7 млн. тонна, 2002 жылы -3,7 және 2003 жылы — 2,5 млн. тонна шығарылды. Швейцарияға 1999 жылы – 2,4 млн. тонна мұнай экспортталса, 2000 жылы - 2,3 млн. тонна, 2001 жылы - 0,5 млн. тонна, 2002 жылы - 0,5 млн. тонна, 2003 жылы — 2,3 млн. тонна, Германияға – 1999 жылы - 0,3 млн. тонна экспортталса, 2000 жылы – 0,7 млн.тонна, 2001 жылы – 1,1 млн.тонна, 2002 жылы – 1,4 млн.тонна, 2003 жылы - 0,7 млн. тонна. Бұдан шығатын қорытынды: мұнайды негізгі сатып алушы елдерді айқынырақ анықтап, олармен экспорт көлемін жыл сайын тұрақты өсіруге ұмтылу керек. Сырткы саудадағы тұрақты әріптестікті қалыптастыру да аса маңызды принциптердің бірі.

Әлемдік рынокта шикі мұнай бағасының тұрақсыздығы үлкен мөлшерде жоғарылап, төмендеп отыратыны біздің бір тонна мұнай бағасының динамикасынан да өз көрінісін тапқан. 1996 жылы ол 78,4 доллар болды, келесі 1997 жылы – 90,7 доллар, 1998 жылы – 109,3 долларға дейін өссе, 1999 жылы – 84,6 долларға дейін төмендеді, 2000 жылы – қайтадан 98,6 долларға дейін өссе, 2001 жылы – 163,1 долларға дейін бірақ секірді, одан 2002 жылы - 136,8 долларга дейін құлдырады. Әйтеуір соңғы екі жылда бір деңгейде тұр.

Мұнай бағасының әлемдік рынокта жоғары-төмен секіруіне Қазақстанның істер айла-шарғысы жоқ. Оған кейде мұнайды сыртқа шығарушы елдер ұйымы. Мұнайды сыртқа шығарушы араб елдері ұйымы сияқты ұйымдарға кіретін елдер тобының бірлескен әрекеті де күшті әсер ете алмай қалады. Осыны ескере отырып, өндірілген шикі мұнайды ұқсата білудің жан-жақты амалдарын қарастырудың біздің ел үшін маңызы зор. Соның бастыларының бірі — елдің ішкі мұқтажын арзан бағалы жанар-жағар маймен өз мұнайымызды елдегі мұнай өндейтін зауыттарда өндеу арқылы толықтай қамтамасыз ету. Осы уақытқа дейін жылда егін салу және егін жинау науқандары кезінде бензин мен дизель отынының қолдан жасалған тапшылығы мен олардың бағасының аса жоғарлап кетуі әдетке айналды. Былтыр осыны болдырмау мақсатында Қазақстан үкіметі өз қаулысымен мұнай өндіруші компанияларды ішкі мұқтажды қамтамасыз етерліктей көлемде мұнай өндеу зауыттарына шикі мұнай беруді нақты міндет етіп белгілеген еді. Бірақ ол толық орындалмады. Біздегі үш үлкен мұнай өңдеуші зауыттың қуаты 15 млн. тоннадай шикі мұнай өндеуге жетеді. Ал былтыр тек 10,6 млн. тонна мұнай өнделді. 2005 жылы өндеуден өткен мұнай көлемі небары 9,6 млн. тонна екенін ескерсек, тіпті 1 млн. тонна болса да алға жылжу бар екенін көреміз. 2005 жылы тұтылған автомобиль бензинінің 20 пайызын импорт жасадық. Өзіміз бір тоннасын 141 доллардан 128,9 мың тонна бензинді экспортқа шығарып, бір тоннасын 156,7 доллардан 446,6 мың тонна бензинді импорт жасап екі бірдей үлкен шығынға ұшырадық. Сондай-ақ бір тоннасын 109,9 доллардан 214,1 мың тонна дизель отының экспортқа шығарып, өзімізге бір тоннасын 134,9 доллардан 266.8 мың тонна импорт жасадық. Міне, тауардың осы екі түрінен келтірілген деректердің өзі-ақ көп нәрсені аңғартып тұр емес пе.

ҚОРЫТЫНДЫ

Кез-келген қоғам өмiрiнiң барлық салалары өзара тығыз байланысты. Бүгiнде қоғамдық өмiрдiң сан-алуан салаларының өзара тәуелдiлiк тенденциясы тек жекелеген мемлекеттер iшiнде ғана емес, сондай-ақ әлемдiк қауымдастық деңгейiнде де өте айқын көрiнедi.

Мемлекетiмiз тәуелсiздiк туын алып, экономикалық даму жолына бет бұрған тұста мемлекет қызметiндегi әрбiр азамат халық алдындағы өзiнiң жауапкершiлiгiн түсiне отырып, елiмiздiң экономикалық мүддесiн күнбе-күнгi қауырт еңбектiң нәтижесінде ғана қорғауға болатындығын жақсы түсiне бiлу керек.

Кеден органдарын автоматизациялау саясаты мен экономика барлық қоғамдық байланыстар жүйесiнiң iргетасы екендiгi жалпыға белгiлi. Сондықтан да олардың өзара әрекетi кез-келген қоғамның дамуында шешушi рөл атқарды. Кеден органдарын автоматизациялау саясаты экономиканың дамуына оң ықпал ете алатыны анық. Күнделiктi өмiрде уақыт талабынан туындап жатқан жаңа заңдарды, нормативтiк құқықтық актiлердi кеден қызметкерлерiнiң жете меңгеруi басты мiндеттердiң бiрi. Бұл бағытта кеденнiң қызмет жасау процесiн бақылау, тексеру және кеден төлемдерiнiң процесiн және тағы басқа да көптеген кеден аясындағы жұмыстарды автоматтандыруды ұсынамын.

Көптеген қиын жұмыстарды, шиеленiскен проблемаларды шешу үшін ғылыми-техникалық прогресстiң жемiстерiн қолдана отырып шешу қажет. Уақыт әр адамның құқықтық сауаттылығы мен заң бiлiктiлiгiнiң жоғары болуын талап етiп отыр, сөз жоқ бұл арада осы iстiң ұйытқысы, әрi бастау алар арнасы-кеден органдары.

Кеден органнннын бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету жаңа перспективалар алады, яғни заңды бұзу жағдайы, құқық бұзушылық болу қаупi төмендейдi. Қылмыс әлемiнде немесе түрлi жасырын түрде, заңмен тиым салынған тауарларды өткiзу кезiн айқындап алады.

Мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау негiзiнде жаңа автоматтандырылған хабарлама қолдануымыз керек. Кеден бекеттерiнде телекамералар орнату, оларды интернет жүйесi арқылы кедендер, Кеден бақылау Департаментi арқылы бақылау үлкен ғанибет болар едi. Берiлген ұсыныстарды жүзеге асыру үшін көптеген қаржы керек, ол аз мөлшерде бөлiнiп отыр. Жалпы қазiр оларды қолдану үлкен шығындарды керек етедi. Бiрақ болашақта дамыған елдердiң деңгейiндей болуы керек. Ол тек мемлекеттiң экономикасын көтеру үшін ғана емес, сонымен қоса халықаралық ынтымақтастықты өзара ақпарат алмасуларын жүзеге асырады.

Ал болашақта кеден органы қызметкерлерiнiң функцияналдық мiндеттерiне қоса құқықтар берiледi деген сенiмдемiн, яғни жаңа шыққан Кеден Кодексiнде жедел iздестiру қызметi әзiрше жоқ, бiрақ заман талабына сай енгiзiлетiнi анық. Сонда кеден органының қылмыстық құқық пен қылмыстық процесс нысанындағы құқық қоғау қызметi тiптi жандана түседi.

Болашақта кеден органын беделi өте жоғары деңгейдегi, қосымша құзырлар тағайындалған орган түрiнде танитын болармыз. Бәлкiм бiз соның куәгерлерi болармыз.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. ҚР Конституциясы.

  2. ҚР Кеден кодексi.

  3. “ҚР-ның статистика туралы” заңы

  4. Материалы семинара - совещания по развитию нового направления в деятельности таможенных органов: формирование ТСВТ.

  5. “Основы таможенного дела” Алматы, 2000г

  6. “Кеден iсiн ұйымдастыру” Алматы, 2003ж

  7. Правила таможенного декларирование, инструкция. 2003ж

  8. Внешне экономическая деятельность №9 (135) 2003год

  9. Внешне экономическая деятельность №4 (130) 2003год

  10. “Саясат” жур. №5 2003ж.

  11. «Кеден» газет №1 (12) 1.01.2004ж

  12. «Основы таможенного дела в РК» В.А. Некрасов И.А. Джандарбеков

Учебник ТОО «Издательство LEM» 2002ж. .

13 «Таможенное право» Учебник. Под ред. Б.Н. Габричидзе

Издательство БЕК москва 1995г.

14 «Основы таможенного дела» Под ред. В.Г. Драганова

«Экономика» Москва, 1998г.

15. «Таможенное право РК» М.А. Сарсембаев Учебник

«Данекер» Алматы 2000ж.

  1. Жеудков А. Таможенное право России. М.Издательство ПРИОР 1999г

  2. Заң және заман. 2001 ж.

  3. Габричидзе Б.Н. Таможенное право - М.: БЕК.1995 г.

  4. Марпов Л.Н. Таможенное право СССР. Иркутск, Иркутский гос. Университет, 1973-273 с. 1973-248 с.

  5. Қазақстан Республикасының Президенті мен ҚР Үкіметінің актілер жинағы (ПҮАЖ) - Астана (2000, 49-50 көшірмелері), 573.

  6. Курилов И. Личность, труд, право. М. Юридическая литература, 1989 г.

  7. Кесебаева П Проблемы реформирования государственной службы. // Юридическая газета. 1998 г.

  8. Касымов Г.Е. Итоги деятельности таможенных органов в 1997 году. // Кеден хабаршысы - Таможенный вестник. 1998 - 1 номер.

  9. Мауленов К.С. Основы таможенного законодательства // Основы государства и права РК. Алматы: Жеті жарғы 1997 ж.

  10. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030: Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан - 1997 ж. 11 қазан.

  11. Таможенное право // отв.ред. д.ю.н. Ноздрачев А.Ф.Юрист, 1998-576 с.

  12. Таможенное право (сборник документов) Алматы: Данекер 2001 г.

БАЯНДАМА.

Бүкiләлемдiк өркениет көшiне iлескен елiмiздiң күн санап қарышты қадам орайда кеден органдарының алатын орны ерекше де, маңызды. басуы, алдыңғы қатардағы мемлекеттер қатарынан көрiнуi көп жағдайда оның iшкi тұтастығына, әсiресе әлеуметтi құрылымдарының қуаттылығына тiкелей байланысты. Мемлекет тұғырының берiктiгiн сипаттайтын сондай салмақты мәселенiң бiрi заңдылықты бұлжытпай сақтап, заң бұзушылық фактiлерiне жол бермеу, қандай да болмасын қылмыстың алдын алып отыру дер едiк. Ал бұл Тәуелсiз Қазақстанның кеден саласы көптеген өзгерiстердi бастан кешiруде.

Өзiнiң толық тұрақты дамуы үшiн Қазақстан бiр жағынан өнеркәсiбi дамыған мемлекеттермен, екiншi жағынан ТМД бойынша әдеттегi серiктестермен белсендi сыртқы сауда саясатын жүргiзуi және өзiнiң көлiктiк жүйесiн, яғни теңiз, өзен, темiр жол, автомобиль және құбыр сияқты көлiк түрлерiн, көлiктiк инфрақұрылымдарын дамытуы қажет.

Әлбетте, елiмiзде тәртiп пен заңдылықтың мүлтiксiз сақталуы ең алдымен кеден органдары кадрларының бiлiктiлiгi мен бiлгiрлiгiне, бiлiмдiлiгiне көп қатысты. Демек, мұның өзi елiмiздiң демократия жолындағы даму барысында өзiндiк ықпалын тигiзедi.

Қазақстандағы кеден қызметi жаңа нарық қатынасын қалыптастыру бағытында күннен күнге үлкен орын алып отыр. Әсiресе, Қазақстан Республикасының экономикалық тәуелсiздiгiн және экономикалық қауiпсiздiгiн қорғау үшiн өндiрiстiк субъектi мен мемлекеттiк органдардың мiндетiн, жұмысын реттеуде кеден қызметi көптеген iстер атқаруда.

ТМД мемлекеттерiнде, сонымен бiрге Қазақстанда да кеден құқығы әлi де толық зерттелмеген құқықтық бiлiм саласы. Қазақстан Бүкiләлемдiк сауда ұйымына мүше болып кiруi үшiн кеден саласын дамытуда. Соңғы уақытта кеден қызметiнiң қызметкерлерiне қойылатын талаптардың көлемi көп есе көбейдi. Осыған байланысты жауапкершiлiктiң деңгейi және мемлекетiмiздiң кеден органдарының қызметiне деген баға жетпес маңыздылығы өстi. Өйткенi, олар отандық экономиканың жан-жақты дамуына, инвесторлардың келуiне жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар бiздiң мемлекетiмiздiң экономикалық мүддесiн қорғауға бағытталған әрекеттер жасайды.

Ендiгi бiздiң қарастыратын мәселемiз сыртқы сауда саясатын реттеп, бақылап отыратын, сыртқы сауда тауар айналымы есебiн жүргiзетiн сыртқы сауда кедендік статистикасына тоқталамыз.Менің бұл тақырыпты алудағы мақсатым сыртқы сауда кедендік статистикасының өз бетінше қалыптасуына көшу жақтарын қарастыру, сонымен қатар, сыртқы сауда статистикасын жүргізуде жүктің кедендік декларациясының рөлін айқындау

Кез-келген қоғам өмiрiнiң барлық салалары өзара тығыз байланысты. Бүгiнде қоғамдық өмiрдiң сан-алуан салаларының өзара тәуелдiлiк тенденциясы тек жекелеген мемлекеттер iшiнде ғана емес, сондай-ақ әлемдiк қауымдастық деңгейiнде де өте айқын көрiнедi.

Мемлекетiмiз тәуелсiздiк туын алып, экономикалық даму жолына бет бұрған тұста мемлекет қызметiндегi әрбiр азамат халық алдындағы өзiнiң жауапкершiлiгiн түсiне отырып, елiмiздiң экономикалық мүддесiн күнбе-күнгi қауырт еңбектiң нәтижесінде ғана қорғауға болатындығын жақсы түсiне бiлу керек. Кеден органдарын автоматизациялау саясаты мен экономика барлық қоғамдық байланыстар жүйесiнiң iргетасы екендiгi жалпыға белгiлi. Сондықтан да олардың өзара әрекетi кез-келген қоғамның дамуында шешушi рөл атқарды. Кеден органдарын автоматизациялау саясаты экономиканың дамуына оң ықпал ете алатыны анық. Күнделiктi өмiрде уақыт талабынан туындап жатқан жаңа заңдарды, нормативтiк құқықтық актiлердi кеден қызметкерлерiнiң жете меңгеруi басты мiндеттердiң бiрi. Бұл бағытта кеденнiң қызмет жасау процесiн бақылау, тексеру және кеден төлемдерiнiң процесiн және тағы басқа да көптеген кеден аясындағы жұмыстарды автоматтандыруды ұсынамын.

Кµптеген қиын жұмыстарды, шиеленiскен проблемаларды шешу үшін ғылыми-техникалық прогресстiң жемiстерiн қолдана отырып шешу қажет. Уақыт әр адамның құқықтық сауаттылығы мен заң бiлiктiлiгiнiң жоғары болуын талап етiп отыр, сөз жоқ бұл арада осы iстiң ұйытқысы, әрi бастау алар арнасы-кеден органдары.Кеден органнннын бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету жаңа перспективалар алады, яғни заңды бұзу жағдайы, құқық бұзушылық болу қаупi төмендейдi. Қылмыс әлемiнде немесе түрлi жасырын түрде, заңмен тиым салынған тауарларды өткiзу кезiн айқындап алады.

Мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау негiзiнде жаңа автоматтандырылған хабарлама қолдануымыз керек. Кеден бекеттерiнде телекамералар орнату, оларды интернет жүйесi арқылы кедендер, Кеден бақылау Департаментi арқылы бақылау үлкен ғанибет болар едi. Берiлген ұсыныстарды жүзеге асыру үшін көптеген қаржы керек, ол аз мөлшерде бөлiнiп отыр. Жалпы қазiр оларды қолдану үлкен шығындарды керек етедi. Бiрақ болашақта дамыған елдердiң деңгейiндей болуы керек. Ол тек мемлекеттiң экономикасын көтеру үшін ғана емес, сонымен қоса халықаралық ынтымақтастықты өзара ақпарат алмасуларын жүзеге асырады.Ал болашақта кеден органы қызметкерлерiнiң функцияналдық мiндеттерiне қоса құқықтар берiледi деген сенiмдемiн, яғни жаңа шыққан Кеден Кодексiнде жедел iздестiру қызметi әзiрше жоқ, бiрақ заман талабына сай енгiзiлетiнi анық. Сонда кеден органының қылмыстық құқық пен қылмыстық поцесс нысанындағы құқық қоғау қызметi тiптi жандана түседi Болашақта кеден органын беделi өте жоғары деңгейдегi, қосымша құзырлар тағайындалған орган түрiнде танитын болармыз. Бәлкiм бiз соның куәгерлерi болармыз.