Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кеден статистикасы дип.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
738.82 Кб
Скачать

Контрагент елдерi:

Кеден статистикасында контрагент елдерiне мыналар жатады:

Әкелу кезiнде:

  • тауардың шыққан елi;

  • СЭҚ ТН-ң 97 топтағы (көркемөнер бұйымдары, коллекциялық және антикварлық заттар) тауарларды қоса тауарларды түсiрушi ел.

Әкету кезiнде:

  • тауарды қабылдаушы ел.

Тауарды толық өндiрген ел немесе жеткiлiктi өңдеу критериясына сәйкес жеткiлiктi өңдеуге түскен ел тауарды шығарушы ел болып табылады. Мыналар белгiлi бiр елде толық өндiрiлген тауарлар болып есептеледi:

- елдiң жер қойнауынан, оның аумақтық суларында (теңiздерiнде) немесе оның құрлықтық қайраңында өндiрiлген пайдалы қазбалар;

- белгiлi бiр елде өсiрiлген немесе жиналған өсiмдiк тектес өнiм;

- белгiлi бiр елде өсiрiлген жануарлардан алынған өнiм;

- белгiлi бiр елде туған және (немесе) өсiрiлген тiрi жануарлар;

- белгiлi бiр елде аңшылық немесе балық аулау кәсiпшiлiгiнiң нәтижесiнде алынған өнiм;

- белгiлi бiр елдiң кемесiмен не ол жалға алған (кiреге алған) кемемен алынған теңiз балық аулау кәсiпшiлiгi өнiмi мен теңiз кәсiпшiлiгiнiң басқа да өнiмi;

- белгiлi бiр елдiң қайта өңдеушi кемесiнiң бортында осы 6-шы тармақшасында аталған өнiмнен ғана алынған өнiм;

- белгiлi бiр елдiң, сол теңiз түбiн немесе сол теңiздiң қойнауын өңдеуге арналған ерекше құқықтары болған жағдайда, осы елдiң аумақтық суларынан (теңiзiнен) тыс жерлердегi теңiз түбiнен немесе теңiз қойнауынан алынған өнім ;

Өндiрiстiк немесе қайта өңдеу жөніндегі өзге де операциялар нәтижесінде алынған қалдықтар мен металл сынықтары (қайталама шикiзат), сондай-ақ сол елде жиналған және тек шикiзат күйінде қайта өңдеу үшін ғана жарамды, пайдалануда болған бұйымдар ;

- белгiлi бiр елге тиесiлi не ол жалға алған (кiреге алған) ғарыш кемелерiнде ашық ғарышта алынған жоғары технологиялар өнімi;

- белгiлi бiр елде 1) ден 10)-шы тармақшаларында аталған өнімнен ғана дайындалған тауарлар;

- белгiлi бiр елдiң аумағында өндірілген электр энергиясы.

Егер тауарларды өндiруге екi немесе одан көп елдер қатысса, ережелерге сәйкес жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерiне сай келетiн тауарларды қайта өңдеу немесе дайындау жөніндегі соңғы операцияларды жүзеге асырған ел тауарлардың шығарған елi болып есептеледi. Тауарларды белгiлi бiр елде жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеудiң өлшемдерi болып табылады:

- СЭҚ ТН-сы бойынша тауар кодының тауарды қайта өңдеу нәтижесінде болған алғашқы кез-келген төрт белгiнiң деңгейiнде өзгеруi;

- бұл операциялар орын алған ел тауардың шығарған елi болып есептелуi үшін жеткiлiктi өндiрiстiк немесе технологиялық операцияларды орындау;

- құнның проценттiк үлесi түпкi өнімнiң бағасында тiркелген үлесiне жеткен кездегi тауар құнының өзгеруi (адволарлық үлес ережесi).

Нақты тауарларға қатысты 2) және 3) тармақшаларында аталған жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Тауаларды белгiлi бiр елде жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемiне:

- тауаларды сақтау немесе тасымалдау кезiнде олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі операциялар;

- тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөніндегі операциялар (лектi бөлшектеу, жөнелтудi қалыптастыру, сұрыптау, қайта орау);

- бекiту материалдарының (бұрандалардың, гайкалардың, болттардың және басқаларының) көмегiмен не жапсыру, пiсiу, дәнекерлеу немесе желiмдеу арқылы тауар компоненттерiн құрастыру деп түсiнiлетiн қарапайым құрастыру операциялары;

- егер түпкi өнімнiң сипаттамалары араластырылатын тауарлардың сипаттамаларынан ерекшеленбейтiн болса, әр түрлi елдерде шығарылған тауарларды (компоненттердi) араластыру;

- мал сою;

- жоғарыда аталған операциялардың екi немесе одан да көп санының құрамдастырылуы сай келмейдi деп есептеледi.

Егер тауарлардың жекелеген түрлерiне немесе Қазақстан Республикасы тарифтiк преференциялар беретiн қандай да бiр елге қатысты Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлардың шығарылған елiн анықтаудың ерекшелiктерi өзгеше ескертiлмесе, жалпы тәртiп қолданылады: егер тауарларды қайта өңдеу немесе дайындау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде СЭҚ ТН-сы бойынша коды алғашқы келген төрт белгiнiң деңгейiнде өзгерген болса, тауар сол елде шығарылған болып есептеледi.

Тауарды соңғы қабылдап алушы мемлекет болып, тауарлар алғашқы жiберiлген мемлекетке және заңды статусын өзгертетiн коммерциялық мақсатта болды ма, жоқ па оған қарамастан соңғы тауар жеткiзiлген мемлекет табылады. Өңдеуге әкетiлетiн, тауар қабылдаушы мемлекет, тауар өңдеуге түсетiн мемлекет болып саналады. Егер әкету кезiнде тауар қабылдаушы мемлекет белгiсiз болса, экспорт есебi сатушы мемлекет бойынша жүргiзiледi. Егер әкелу кезiнде тауарды шығарған мемлекет белгiсiз болса, импорт есебi сатып алушы мемлекет бойынша жүргiзiледi. Сатушы, сатып алушы резидент мемлекеттерi сату, сатып алу мемлекетi деп аталады. Суда, темiржолда, автокөлiкте, әуеде тасымалдауда тауарларды әкелу мен әкетудiң есебi жүктің кедендік декларациясында қойылған, кеден органы рұқсат берген күнi бойынша жүргiзiледi.

Тауардың статистикалық құны базис негiзiндегi контрактiнiң бағасы бойынша АҚШ долл. анықталады. Импорт құнының бағасы СИФ - Қазақстандық порт немесе СИП - Қазақстан Республикасы шекарасында жеткiзу пунктi бағасының негiзiнде жүргiзiледi. СИФ - (құн, сақтандыру, фрахт) - тауарларды сату шарттары, тауарлардың бағасына қосылатын оның құны және Қазақстанның портына дейiнгi тауарды сақтандыру және транспортировка бойынша шығыны. Экспорт құнының бағасы ФОБ - Қазақстандық порт немесе ДАФ - Қазақстан Республикасы шекарасы бағасының негiзiнде жүргiзiледi. ФОБ - (кеменiң бортында еркiн) - тауарларды сату шарттары, тауарлардың бағасына қосылатын оның құны және кеме бортына жеткiзу мен тиеу шығыны.

СИФ, ФОБ, ДАФ және СИП түсiнiгi халықаралық сауданы талқылау тәртiбi терминi “Инкотермс” 2000 жылға сәйкес анықталады. АҚШ долл. есептеу Қазақстан Республикасына заңына сәйкес жүктің кедендік декларациясын тiркеу күнiндегi не тауарларды рәсiмдеуге байланыссыз кедендiк төлемдердi төлеу күнiндегi нарықтық валюта ауыстыру курсымен жүргiзiледi.

Сыртқы сауда кедендiк статистикасында тауарлардың сандық есебi нетто салмағы бойынша жүргiзiледi. Нетто салмағ (кг) – бөлшек саудаға, тұтынуға дейiн тауардан ажырамайтын орама салмағымен қоса жалпы салмағы. Қажеттi жағдайларда статистикалық мәлiметтердi жинау және өңдеу өлшем бiрлiктерiмен жүргiзiледi (дана, литр, м3 , және т. б). Бөл өлшем бiрлiктерi «қосымша өлшем бiрлiктерiң СЭҚ ТН-на сәйкес колонкасында көрсетiледi.

Тауарларды жiктеу:

Сыртқы сауда кедендiк статистикасында тауарларды жiктеуде және кодттауда ЕуразЭҚ СЭҚ ТН классификаторлары қолданылады. СЭҚ ТН-ң 10 цифрлық коды келесi элементтерден тұрады:

- алғашқы 6 цифр толықтай Үйлесiмдiк жүйеде тауарларды бейнелеуге және кодтауға сәйкес;

- сол 6 цифр қосымша 7-шi және 8-шi цифрлық белгiлер Европалық Одақтың құрастырылған (Комбинированный) номнеклатурасы (КН ЕС) бойынша тауарларды бейнелеуге және кодтауға сәйкес;

- 9-шы цифрлық белгi ТМД-ға қатысты тауарларды нақтылауды анықтайды;

- 10-шы цифрлық белгi ЕуразЭҚ-қа қатысты тауарларды нақтылауды анықтайды.

Кесте 1

СЭҚ ТН-ң классификациялық құрылымы

Классификация деңгейi

Код

Бөлiм

Рим цифры

Топ

2 белгi

(кесте1 жалғасы)

Классификация деңгейi

Код

Тауар позициясы

4 белгi

Субпозиция

6 белгi

Субпозиция асты

10 белгi

Бөлiмге және топтарға ескерту СЭҚ ТН-ң ажырамайтын бөлiгiн құрайды. Бұл ескертулер СЭҚ ТН iшiндегi тауарларды толық жiктеу бойынша шешiм қабылдауда жеңiлдетуге арналған топтарды, позицияны, субпозицияны және субпозиция астын түсiндiредi.

Әлемнiң топтастырғыш мемлекетi есебiнде БҰҰ-ң статистика бөлiмi бюросы дайындаған топтастырғыш қолданылады.

Статистикалық бақылау өрiсiнiң шекарасында статистикаға қатысты барлық жағдайлар тауарлардың статистикалық құны, нетто салмағы басқа да көрсеткiштер және тасымалданатын тауарларға тиiстi сыртқы сауда кедендiк статистикасында есепке алынатын басқа да көрсеткiштер түсiндiрiледi. Кедендiк құны ұлттық заңмен бекiтiлген соммадан асып кеткенде тауарлар статистикалық бақылауға алынады. Салмақ жағынан, саны жағынан және басқа да көрсеткiштер жағынан ешқендай шектеулер қойылмаған.

Сыртқы сауда кедендiк статистика бойынша статистикалық жариялау Қазақстанда елдiң сыртқы сауда жағдайын сипаттайтын негiзгi мәлiметтердi иеленедi:

  • мемлекет және мемлекет топтары тұрғысынан толық экспорт және импорт;

  • кеденнiң сыртқы сауда да басқа мемлекеттермен және мемлекет топтармен салыстырмалы салмағы;

  • импорт және экспорт бойынша СЭҚ ТН-ң кодына байланысты тауарлардың құндық және натуральдық жағдайын бiлдiретiн мәлiметтер;

  • импорт және экспорт бойынша “тауар-мемлекет” және “мемлекет-тауар” тұрғысынан мәлiметтер.

Кедендiк статистика мәлiметтерi айлық, кварталдық және жылдық жариялау формасында ұсынады. Сыртқы сауда кедендiк статистика мәлiметтерi мемлекеттiк меншiкте болады. Сыртқы сауда кедендiк статистика туралы мәлiметтердi iшкi және сыртқы нарықтық коммерциялық негiзде жаиялау және басып шығару тек Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау Агенттiгi рұқсатымен жүргiзiледi. Кеден органына мемлекеттiк органдардан, кәсiпорындардан, мемлекеттерден, ұйымдардан және азаматтардан ұсынылған сыртқы сауда бойынша ақпараттар тек кедендiк мақсаттарда қолданылады.

Жүктің кедендік декларациясындағы құпия ақпараттар: экспорт және импорт туралы статистикалық мәлiметтер сыртқы экономикалық қызметтiң жеке қатысушылары бекiткен және орындалатын нақты сыртқы сауда контрактiлерi сытқы сауда кедендiк статистикасын қалыптастыруда бекiтiлген заңдарға, тәртiптерге сәйкес басқа да көрсеткiштер, мәлiметтер құпия болып саналуы мүмкiн. [14,389].

Статистикалық есептiң бұзылуынан аман болу үшін құпия ұстау тәртiптерiн қолданылады, сонымен қатар кеден статистикасында мәлiметтердi толықтығын сақтау үшін техникалық қабылдаудың арнайы ретiн қолданады. Сыртқы экономикалық байланысқа нақты қатысушыларға экспорт - импорт операциялары туралы Қазақстан Республикасы заң актiлерiндегi жағдайларды қоспағанда мәлiмдеуге тыйым салынады

Кедендiк рәсiмдеудiң басты кезеңi болып тауарлар мен көлiк құралдарды Қазақстан Республикасының кеден органына мәлiмдеу болып табылады. Кеден заңдылығына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдары, кеден режимi өзгеретiн тауарлар мен көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кеден органдарына мәлiмделуi қажет. Мәлiмдеу ауызша, жазбаша, конклюденттi және электронды түрде болады. Ауызша мәлiмдеу жолаушылардың қол жүктерi мен богаждарын кедендiк рәсiмдеу кезiнде қолданылады. Басқа түрдегi мәлiмдеу, мысалы, аэропорттағы жолаушылар өтетiн жасыл өткел табылады. Бұл жағдайда жолаушы кеден қызметкерлерiне кеден органдары бақылауына тиiстi тауарлар жоқ екендiгiн мәлiмдейдi. Сауда айналымында электрондық құрылғылар арқылы және жазбаша түрде мәлiмдеу қолданылады. Тауарларды мәлiмдеу үшін қолданылатын басты құжат жүктің кедендік декларациясы.

Жүктің кедендік декларациясы - дегенiмiз Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар өткiзудегi кедендiк процедураларды орындау үшін қолданылатын, қалыптасқан түрдегi ресми құжат. (4-ќосымша) Жүктің кедендік декларациясы мына жағдайларда, егер:

- тауардың декларацияланатын легiнiң кедендiк құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгiленген тоқсан айлық есептiк көрсеткiштен асса;

- тауарларға қатысты тарифтiк емес реттеу шаралары белгiленсе;

- Кодекске сәйкес көзделген өзге де жағдайларда берiледi.

Жүктің кедендік декларациясы алдын ала декларациялау кезiнде, сондай-ақ уақытша немесе мерзiмдiк кеден декларациясы ретiнде қолданылуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасының кеден заңдарында өзгеше белгiленбесе, тауарларды декларациялау тауарларды кедендiк рәсiмдеу жүзеге асырылатын кеден органында жүргiзiледi. Кеден iсi мәселесi жөніндегі уәкiлеттi орган тауарлардың жекелеген санаттарын декларациялау Қазақстан Республикасының белгiлi бiр кеден органында ғана жүргiзiле алатынын айқындауға құқылы. Кодексте реттелмеген жағдайларда, тауарларды декларациялаудың нысаны мен тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды. Кедендiк декларацияда көсетiлуге тиiс мәлiметтер тiзбесi кедендiк төлемдердi және салықтарды есептеу және алу, кедендiк статистиканы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының кеден заңдарын қолдану мақсаттары үшін қажеттi мәлiметтермен ғана шектеледi [5,349].

Жүктің кедендік декларациясы, бiздiң елге тауарларды кедендiк рәсiмдеу практикасы 1989 жылдың 1 сәуiрiнен берi басталды. Жүктің кедендік декларациясының мәнi мен орны кеден мақсаттары үшін өте жоғары. Онда сыртқы экономикалық қатынастарға қатысушы тауар аты жайлы негiзгi мәлiметтер, ТМД сыртқы экономикалық қатынастары бойынша коды, кеден режимi, құны, салмағы, қорабы жайлы мәлiметтер тауарларды кедендiк рәсiмдеуге қажет. Жүктің кедендік декларациясындағы мәлiметтер тек кеден органдарында ғана емес, сонымен қатар басқа да мемлекеттiк органдарға, салық органдарына, iшкi iстер министрлiгiне, статистика басқармаларына қажет. Әрбiр тауар партиясына бiр жүктің кедендік декларациясы толтырылады, әр түрлi кеден режимдерi бар тауарларға сонша жүктің кедендік декларациясы толтырылады. Жүктің кедендік декларациясын толтырудағы кеден органдарының талаптары өте қатал. Жүктің кедендік декларациясында қателер, түсiнiксiз жауаптар болмауы керек. Жүктің кедендік декларациясы қазақ немесе орыс тiлiнде бас әрiптермен, негiзiнде компьютерде немесе жазба машинасында толтырылады.

Жүктің кедендік декларациясы төрт данадан тұрады:

- Декларантта болады.

- Кеден органында сақталады.

- Статистика бөлiмiне берiледi.

- Тауар өткізуші тұлғаға беріледі.

Бiр жүктің кедендік декларациясын толтыру кезiнде 100 тауар атауын жазуға мүмкiндiк бар. Жүктің кедендік декларациясында қосымша 33 бланка қолданылады. Жүктің кедендік декларациясын толтыру кезiнде 3 қатенi ғана сызып өзгертуге жол берiледi, одан артық қате жазуға, цифрларды өзгертуге және т. б. жөндеу болмауы тиiс. Егер бланкiлер толтырылмаған болса, кеден органдары жүктің кедендік декларациясын қабылдаудан бас тартады. Жүктің кедендік декларациясының бланкасы 54 цифрлы 4 әрiптер (А, В, С, Д) графасынан тұрады және бiрнеше үлкен бөлiмдерден құралады:

- режимдер туралы;

- декларант реквизиттерi;

- транспорттық мәлiметтер;

- тауарды қабылдаушы, жiберушi туралы мәлiметтер;

- тауардың кедендiк құны;

- тауардың факторлық құны.

Факторлық құн - дегенiмiз тауарларды өндiрушi қойған бағасы және олар нақты түрде келiсiм-шарт бойынша төленуi тиiс.

Кедендiк құн - дегенiмiз белгiленген тәртiп бойынша декларант анықтайды. Кей кездерi импортталған тауарларды анықтау үшін алты әдiс қолданылуы мүмкiн және кеден баж салығы, т. б. кеден төлемдерi есептеген кезде басқа кедендiк мақсаттарда тауар құнын анықтаған кезде пайдаланылады.[18,206].

Жүктің кедендік декларациясында бiрнеше ақпараттық бөлiмдерден тұрады:

- жалпы жеткiзу сипаттамасы, тауарлардың кедендiк режимi жайлы; (1-3-6)

- сыртқы сауда мәлiмдемелерi, кедендiк рәсiмдеуге қатысушы заңды тұлғалар, тауарларды жiберушi мен алушылар және декларант жайлы; (9-14)

- географиялық блок, сатушы мемлекеттiң коды, Қазақстан Республикасына әкелуде тауардың шыққан жерi; (11-15-17)

-транспорттық блок, контейнерлiк тасымалдауды пайдаланады, тауар тасымалдайтын көлiк құралдары жайлы мәлiметтер; (18-19-21-25-26)

- қаржылық бөлiм экспорт, импорт операцияларының құн бағалары, жеткiзу шарттары, валюталық түсiмдер, валюта курсы, тұлғаның банк реквизиттерi, мәмле сипаты, мәмле паспортының нөмiрi; (12-20-22-24-28)

- партиядағы әрбiр тауар сипаты, (31-46) 47, 48 графада төлемдердi есептеу үшін арналған.

Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарларға жүктiң кедендiк декларациясы тауарды межелi кеден органына табыс ету күнiн қоса есептегенде күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей берiледi. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкетiлетiн тауарларға жүктiң кедендiк декларациясы оларды нақты әкетуге дейiн берiледi.

Декларанттың дәлелдi өтiнiшi бойынша кеден органы жүктiң кедендiк декларациясын беру мерзiмiн ұзартады. Жүктiң кедендiк декларациясын беру мерзiмiн ұзарту әкелiнетiн тауарларға кедендiк төлемдердiң және салықтардың төленуi қамтамасыз етiлген жағдайда кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн кеден органында жүзеге асырылады. Жүктiң кедендiк декларациясын беру мерзiмiн ұзарту тауарларды уақытша сақтау мерзiмiн бұзуға әкеп соқпауға тиiс [24,345].

СЭҚ-ке қатысушы ретiнде есепке қою кезiнде ресiмделетiн СЭҚ-ке қатысушының есеп карточкасы СЭҚ-ке қатысушының санатын және кеден органында тiркелгенiн растайтын құжат болып табылады. СЭҚ-ке қатысушының есеп карточкасын кеден органына мынадай құжаттарды:

- заңды тұлғалар:

  • заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесi немесе оның құрылымдық бөлiмшесi үшiн есептiк тiркеу куәлiгiн;

  • статистикалық басқарма беретiн статистикалық карточканың көшiрмесiн;

  • заңды тұлғаның банк шоты ашылғаны туралы банктен алынған анықтаманы;

  • салық органы берген салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесi;

- декларациялау кезiнде жүктiң кедендiк декларациясын қолдануға тиiс тауарларды ҚР-ның кедендiк шекарасы арқылы өткiзудi жүзеге асыруға ниеттенген жеке тұлға:

  • жеке тұлғаның жеке куәлiгiн;

  • салық органы берген салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесiн;

  • егер, жеке тұлғаның банкте шоты болса, банк шотының ашылғаны туралы банктен алынған анықтаманы тапсырған жағдайда бiр жұмыс күнi iшiнде бередi.

Есепке алу үшiн табыс етiлетiн құжатардағы мәлiметтер өзгерген кезде, декларант өзгерген мәлiметтердi растайтын құжаттарды СЭҚ-ке қатысушының есеп карточкасын берген кеден органына күнтiзбелiк он бес күн iшiнде табыс етуге мiндеттi.

Жүктiң кедендiк декларациясын беру кеден органына оның электрондық көшiрмесiн және кодексте көзделген кедендiк мақсат үшiн қажеттi құжаттарды тапсырумен қатар жүргiзiлуге тиiс. Жүктiң кедендiк декларациясының электрондық көшiрмесiнiң құрылымын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi. Егер, тауарларды шығару туралы шешiм қабылдау үшiн құжат мiндеттi болып табылса, кедендiк декларацияны тексеру мерзiмiнiң iшiнде декларант салық органына тиiстi құжатты беру туралы мiндеттеме табыс ете отырып, мәлiмделген мәлiметтердi растайтын құжаттардың көшiрмесiн беруi мүмкiн. Жекелеген құжаттар декларанттың дәлелдi өтiнiшi бойынша көрсетiлген мерзiмде табыс етiлмейтiн жағдайда кеден органдары осындай алу үшiн қажеттi мерзiмде бiрақ кедендiк декларацияны тiркеуден кейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей осындай құжаттарды табыс ете отырып олардың көшiрмесiн беруге рұқсат етедi. Декларант белгiленген мерзiмдерде құжаттарды өткiзбегенi немесе бұрын өткiзген құжаттардың көшiрмелерiнде дұрыс емес мәлiметтердi мәлiмдегенi үшiн жауапты болады. Егер, тауарлардың кейiнгi легiне кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн құжаттар кеден органына бұрын берiлген болса, онда осындай құжаттардың көшiрмелерiн беру жеткiлiктi.

Кеден органының iстерiнде тауарларды шығару туралы шешiм қабылдау үшiн мiндеттi құжаттар қалған жағдайда, декларант үшiн кеден органы осы құжаттардың көшiрмелерiне осындай құжаттар қалатын кеден органын көрсете отырып жазба жасайды. Бұл жазба кеден органы лауазымды тұлғасының жеке нөмiрлiк мөрiмен куәландырылады [22,23].

Келiсiм-шарттар, шот-фактуралар, инвойстар, көлiк құжаттары, кедендiк төлемдердiң және салықтардың төленгенiн растайтын құжаттар, Қазақстан Республикасы ұлттық Банкiнiң лицензиясы тауарларды шығарғаннан кейiн декларантқа қайтарылуы тиiс және жүктiң кедендiк декларациясы тiркелген күннен бастап бес жыл бойы сақталады.

Бұл орайда кедендiк ресiмдеу мақсаттары үшiн осы құжаттармен бiрге декларант куәландырған көшiрме тапсырылуға тиiс. Жүктiң кедендiк декларациясын беру осылардың негiзiнде жүктiң кедендiк декларациясы толтырылып, мыналарды растайтын қажеттi құжаттар кеден органына қатар табыс етiлуiмен жүргiзiлуге тиiс:

- декларанттың өз атынан жүктiң кедендiк декларациясын беруге өкiлеттiгiн растайтын декларанттың штатындағы жеке тұлға сенiмхат не брокерлiк қызмет көрсетуге шарт және кедендiк ресiмдеу бойынша маманның бiлiктiлiк аттестаты;

- кедендiк ресiмдеуге жататын тауарларға меншiк, билiк ету немесе пайдалану құқығын растайтын сатып-алу, сатуға немесе айырбасқа сыртқы сауда шарты, кедендiк ресiмдеуге жататын тауарларға билiк ету немесе пайдалану құқығына келiсiм не өзге құжат;

- Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды өткiзудi растайтын көлiк құжаттары;

- тауарлардың кедендiк құнын растайтын - шот-фактура, шот-проформа, арнайы тiзбе және тауарлардың кедендiк құнын анықтау және мәлiмдеу үшiн көзделген өзге де құжаттар;

тауарлардың шығуын растайтын - тауарлардың шығуы туралы декларация не тауарлардың шығуы туралы сертификат;

- кедендiк режимнiң талаптарына және кедендiк төлемдердi және салықтарды төлеу бойынша жеңiлдiктiң болуына қарай кедендiк төлемдердi және салықтарды төлеудi немесе олардың төленуiн қамтамасыз етудi растайтын:

  • қолма-қол ақшасыз тәртiпте төлемнiң орындалуы туралы банктiң белгiсi мен төлемдiк тапсырманы немесе қолма-қол ақшамен төлеу кезiнде кеден органының, банктiң кассалық кiрiс ордерiне берiлетiн түбiртек;

  • кедендiк төлемдердiң және салықтардың төленуiн растайтын құжаттар;

  • кедендiк төлемдердi және салықтарды төлеу бойынша жеңiлдiктер берудi растайтын құжаттар;

  • кедендiк бажды, қосылған құн салығын төлеу бойынша мерзiмдi ұзартуды растайтын құжаттар;

- тауарларды межелi жерге жеткiзудi растайтын – көзделген тауарлар жеткiзудi бақылау құжаты не ҚР-сы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес өзге де құжаттар;

- валюталық бақылау саласындағы талаптардың сақталуын растайтын ҚР-ның валюта заңдарына сәйкес талап етiлетiн құжаттар;

- мәлiмделген кедендiк режимдерге қарамастан, тауарларды әкелу кезiнде стандарттардың мiндеттi талаптарына сәйкестiгiн растайтын фитосанитариялық сертификат, ветеринариялық сертификат. Көрсетiлген сертификаттар оларға сертификаттар беру мiндеттi тауарлар үшiн ҚР-ның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген жағдайларда ғана берiледi;

- СЭҚ-ке қатысушының санатын растайтын СЭҚ-ке қатысушының есеп карточкасы.

Декларант белгiленген тәртiпте толтырылған жүктiң кедендiк декларациясын оның электрондық көшiрмесiмен бiрге, сондай-ақ кедендiк мақсат үшiн қажеттi құжаттарды кеден органына бередi [15,683].

Жүктiң кедендiк декларациясы мен кедендiк мақсат үшiн қажеттi құжаттарды кеден органының қабылдаған күнi мен уақыты кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен ресiмделiп, қоса берiлетiн құжаттардың тiзiмдемесiнде көрсетiледi және кеден органы лауазымды тұлғасының жеке нөмiрлiк мөрiмен куәландырылады. Куәландырылғаннан кейiн тiзiмдеме декларантқа қайтарылады.

Кеден органының:

- декларацияны декларант болып табылмайтын тұлға берген;

- декларацияда талап етiлген мәлiметтер көрсетiлмеген;

- декларацияға қол қойылмаған не тиiсiнше куәландырылмаған немесе белгiленген нысан бойынша жасалмаған;

- декларацияланатын тауарларға қатысты кедендiк баждар және салықтарды төлеу мерзiмiн ұзарту немесе мәулеттiк төлеу мерзiмiн беру, сондай-ақ есепке алу әдiсiмен қосылған құн салығын төлеу кезiндегi жағдайларды қоспағанда, кедендiк төлемдер және салықтар төленбеген не олардың төленуi қамтамасыз етiлмеген;

- олар туралы мәлiметтер жүктiң кедендiк декларациясының арнаулы бағанында көрсетiлетiн құжаттар түгел берiлмеген жағдайларды қоспағанда, жүктiң кедендiк декларациясын тiркеуден бас тартуға құқығы жоқ [12,240].

Жүктiң кедендiк декларациясын тiркеу немесе тiркеуден бас тарту жүктiң кедендiк декларациясын қабылдаған кезден бастап екi сағаттан аспайтын мерзiмде жүргiзiледi. Жүктiң кедендiк декларациясын тiркеуден бас тартқан жағдайда кеден органының лауазымды адамы жүктiң кедендiк декларациясын тiркеуден тарту парағын толтырады және берiлген құжаттармен бiрге, көрсетiлген бас тарту парағын жүктiң кедендiк декларациясын берген тұлғаға тапсырады. Жүктiң кедендiк декларациясын тiркеуден бас тарту парағын ресiмдеу нысаны мен тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi. Қабылданған жүктiң кедендiк декларациясы тiркелген уақыттан бастап заңды күшi бар құжат болып табылады [8,41].

Кеден органының рұқсатымен және декларанттың дәлелдi жазбаша өтiнiшi бойынша жүктiң кедендiк декларациясында мәлiмделген мәлiметтер өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн, ал кеден органы қабылдаған жүктiң кедендiк декларациясы қайтарып алынуы мүмкiн. Кеден органы декларанттың өтiнiшiн алған кезде жүктiң декларациясын тексерудi аяқтамаған немесе тауарларды қарауды бастамаған жағдайда жүктiң кедендiк декларациясында мәлiмделген мәлiметтердi өзгертуге және толықтыруға рұқсат етедi. Жүктiң кедендiк декларациясын өзгерту немесе толықтыру оның қолданылу саласын кеңейтуге немесе қысқарта алмайды, кеден органы қабылдаған жүктiң кедендiк декларациясында көрсетiлген тауарлар туралы мәлiметтерден басқа мәлiметтердi беруге әкеп соқпайды.

Декларанттың ауызша өтiнiшi бойынша жүктiң кедендiк декларациясындағы кеден органдарының кедендiк ресiмдеу кезiнде шешiмдер қабылдауына әсер ететiн негiзгi деректердi өзгертпейтiн қате жазуларды, техникалық немесе граматикалық қателердi, қате деректердi сызу немесе тиiстi мәлiметтердi үстiнен жазуын түзетуге жол берiледi. Әрбiр мұндай түзету уәкiлеттi тұлғаның қол қоюымен және декларанттың мөрiмен куәландырылады.

Кеден органдарының құзыретiне жататын мәлiметтердi жүктiң кедендiк декларациясына енгiзудi қоспағанда, кеден органдары лауазымды адамдарының өз бастамасы, тұлғаның тапсырмасы немесе өтiнiшi бойынша жүктiң кедендiк декларациясын толтыруға, жүктiң кедендiк декларациясында көрсетiлген мәлiметтердi өзгертуге немесе толықтыруға құқығы жоқ.

Декларанттың дәлелдi өтiнiшi бойынша жүктiң кедендiк декларациясы тауар шығарылғанға дейiн қайтарып алынуы мүмкiн. Кеден органы жүктiң кедендiк декларациясы қайтарылатын кезде жүктiң жаңа кедендiк декларациясын беру үшiн мерзiм белгiлейдi, тауарларды уақытша, алдын-ала, мерзiмдiк декларациялау ресiмiн пайдалану жағдайларын қоспағанда, ол қайтарып алуға рұқсат берiлген күннен бастап күнтiзбелiк он бес күннен аспауға тиiс. Жүктiң кедендiк декларациясын қайтарып алу кедендiк баждарды және салықтарды төлеу мерзiмдерiн ұзартпайды [24,345].

Қайтарып алынатын жүктiң кедендiк декларациясы тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкету мақсаты үшiн оларға берiлген жағдайда, жүктiң кедендiк декларациясы тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан тысқары жерлерге нақты әкеткенге дейiн қайтарып алынуы мүмкiн. Осы тауарларға жүктiң жаңа кедендiк декларациясын беру үшiн мерзiм белгiлейдi. Бұл орайда, қайтарып алынған жүктiң кедендiк декларациясы жойылуға тиiс.

II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН СТАТИСТИКАСЫ СЫРТҚЫ САУДАДА ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША КЕДЕНДІК БАЌЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ.

2.1. Сыртқы саудада экспорт және импорт бойынша статистикалық мәліметтерінің талдаулары.

Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықтың жалпы жұрт таныған тең құқылы мүшесі ретінде орныққан бүгінгі таңда елдің сыртқы қатынастарының құрылымдарын шетелдік әріптестермен арадағы ынтымақтастықты жаңа мазмұнымен толықтыру кезеңі туып отыр. Әңгіме, ең алдымен, қолдағы бар уағдаластықтарды толығымен іске асыру жайында болып отыр. Мұның өзі қызметтің осы саласына қатыстылардың баршасынан табандылық пен орнықты іс-қимыл жасауды, тиянақты жұмыс істеуді талап етеді.

Қазақстанның сыртқы саясаты жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың негізінде елдің ырғақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталауы керек [16,164].

Халықаралық аренадағы тенденциялар республика үшін қолайлы бағытта дамып келеді және істің шын мәнінде, біздің Орталық Азия аймағындағы өзара қарым-қатынасымызды нығайтуға, Қазақстан үшін практикалық ынта-ықылас туғызатын мемлекеттермен, олардың географиялық жағдайына қарамастан, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндігіміз бар.

Егемендік, аумақтық тұтастық пен шекаралардың мызғы-мастығы, бір-бірінің ішкі істеріне қол сұқпау принциптері негізінде ТМД қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастықты арттыру сияқты саясаттың басым стратегиялық міндеттерінің бірі болып қала береді.

Бір жағынан, қолайлы сыртқы орта жасау, ұтымды өзара тиімді экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту қажеттігі және екінші жағынан, бүкіл дүниежүзінде интеграциялық процестердің күшеюі біздің республикамыз бен Достастықтың басқа да елдері өздерінің тарихи ерекшеліктеріне қарай көп жақты ынтымақтастықты ұлғайтуға тікелей мүдделі болып отырғанын көрсетеді.

Экономиканың өсуінде, қазіргі уақытта Республика бойынша Жамбыл облысының сыртқы сауда да үлесі белгілі деңгейдегі мінезде. Көрсеткіштерді талдай келе 2005 жылы тауар айналымында ең негізгі экспорт шығаратын елдер Ресей, Польша және Қытай, ал импорт келетін елдер Ресей, Бразилия және Қырғызстан.

2005 жылы жоғары жүк айналымын көрсеткендер:

Ресей – 85508 мың АҚШ долл.;

Қырғызстан – 51396 мың АҚШ долл.;

Бразилия – 30398 мың АҚШ долл.;

Қытай – 17604 мың АҚШ долл.;

Польша – 15314 мың АҚШ долл.

Ал алдыңғы жылғы көрсеткіш бойынша:

Ресей – 50386 мың АҚШ долл.;

Қырғызстан – 38277 мың АҚШ долл.;

Бразилия – 28845 мың АҚШ долл.;

Қытай – 11163 мың АҚШ долл.;

Польша – 10782 мың АҚШ долл.

Көріп отырғандарыңыздай 2005 жыл Ресеймен тауар айналымы 70%-ға, ал Қырғызстанмен 34%-ға, Қытаймен 58%-ға, Польшамен 42%-ға, Бразилиямен 5%-ке өсті.

Ресеймен негізгі импортталатын тауарлар кокс, жартылай кокс, аммиак содасы, ал әкетілетін тауарлар фосфор кислотасы, фосфат кальциясы, трифосфат сияқты химиялық өнімдер, сонымен қатар марганец концентраты, пияз, қант, жеміс-жидектер.

Қырғызстанға қант, цемент-шифер комбинаты үшін шлак, әк әкетіледі, сөйтіп дайын өнімдер әкелінеді.

Қытайға қара металл, химиялық өнімдер, КРС және МРС терілері әкетіледі.

Польшаға химия өнеркәсібінің өнімдері экспортталады, мебельдер импортталады.

Бразилиядан «Мерке» АҚ және «Мерке қант комбинаты» ААҚ үшін шикі қант әкелінеді.