Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Физиология.doc
Скачиваний:
1293
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
4.44 Mб
Скачать

III. Биологиялық қызметiне сәйкес:

1. Көмiрсу, май, ақуыздардың алмасуын реттеуге қатысатын гормондар (инсулин, глюкагон, адреналин, кортизол, тироксин т.б.).

2. Тұз және су алмасуына қатысатын гормондар (альдестерон, вазопрессин).

3. Кальций және фосфат алмасуына қатысатын (парагормон, кальцитонин).

4. Көбею, бөлiну сияқты репродуктивтiк қызметке қатысатын гормондар. Эстрадиол, прогестерон, тестостерон.

5. Эндокриндiк бездердегi гормондардың синтезiне және секрециясын реттеушi гормондар (троптық гормондар, гипоталамустың либериндерi мен статиндерi).

6. Гормондардың синтезi жүретiн жерлердегi метаболизмдi реттеуге қатысатын гормондар (простогландиндер, гистамин, соматомедин, секретин гастрин т.б.).

VI. Нысана-жасушаға сигналдарды жеткiзу механизмi бойынша:

Орталық жүйке жүйесiнен алынған сигналдарды мембраналық рецепторлар арқылы жеткiзу (пептидтiк гормондар, адреналин т.б.). Жасушаға орталық жүйке жүйесiнiң сигналы цитоплазмалық рецепторлар арқылы жеткiзiледi.

Гормондар деп ағзаның дамуы мен заттар алмасуының реттелуіне қатысатын және қан немесе лимфаға бөлінетін, безді жасушаларда түзілетін заттарды айтады.

Оларға тән қасиеттер: 1) әсер етудің дистанттылығы; 2) биологиялық әсердің қатаң талғамдылығы; 3) жоғарғы биологиялық белсенділік.

Гипоталамуста нейропептидтер 1/ нейрогормондар – либериндер, үдетушiлер; 2/ нейрогормондар – статиндер, тежеушiлер синтезделедi:.

Соматостатин - өсу гормонының синтезiн тежеушi. Соматолиберин – керiсiнше синтездi өсiрушi, үдетушi. Кортиколиберин – кортикотроптық гормондардың синтезiн жылдамдатады.

Гормондар қан арқылы орталық жүйке жүйесінің қызметіне әсер етеді. Өз кезегінде ішкі секреция бездерінің қызметін реттеуде орталық жүйке жүйесі, оның аралық мида орналасқан аймағы (гипоталамус) маңызды рөл атқарады. Гипоталамус гипофиздің қызметін, ал гипофиз барлық ішкі секреция бездерінің әрекетін реттейді. Осымен байланысты бұл екі құрылымды күрделі нейроэндокриндік кешен – гипоталамус-гипофиз жүйеге біріктіреді.

Қалқанша безі - без мойынның көмекей шеміршектерінде орналасқан. Жылқыда, күйістілер мен жыртқыштарда қалқан безі екеу, ал шошқа мен адамда – біреу болады. Бездің сыртында дәнекер ұлпадан тұратын қабы бар. Без коллоидты заттан, бас және күңгірт жасушалардан құралған. Қалқан безі төрт гормон бөліп шығарады: 1- тироксин және тетрайодтиронин; 2- трийодтиронин; 3- дийодтиронин; 4—тиреокальцитонин. Бұл гормондар заттар алмасудағы әсер етіп белоктар алмасуын 20-35 пайызға жоғарылатып, малдың жүні мен құстың қауырсынының өсуін жылдамдатып, ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді.

Қалқанша серік бездер. Қалқанша бездің арт жағын ала, оған жабыса орналасқан кішкентай құрылымдар. Олар 3-4 желбезек қапшықтарынан дамиды да, балықтан басқа омыртқалы жануарлардың барлығында кездеседі. Без негізгі және оксифильдік жасушалардан құралған. Негізгі жасушалар секрециялық қызмет атқарып, гликоген жинақтайды.

1926 жылы Коллип қалқанша серік бездерінің сығындысынан қан құрамындағы кальций деңгейін жоғарылататын зат бөліп, оны паратгормон деп атаған. 1962 жылы Копп без сығындысынан екінші гормон – кальцитонинді бөлген. Паратгормон молекулалық массасы 9500-ге тең, үш фракциясы бар полипептид. Сүйекте кальцийдің жиналуын реттейді, кальцийдің белоктармен, фосфаттармен қосылыстар түзуін тездетеді, кальций мен фосфордың сүйектен шайылуын жеңілдетіп, қан құрамындағы кальций мөлшерін жоғарылатады. Сонымен қатар, паратгормон бүйректе кальцийдің кері сорылуын, ішек энтероциттерінің кальцийді тасымалдауын жеңілдетеді.

Кальцитонин табиғаты жағынан жалғыз тізбекті полипептидке жатады. Қан құрамындағы кальций деңгейін төмендетеді. Ол остеоциттерден қанға кальцийдің шайылуын бәсеңдетеді, демек оның әсері паратгормонға қарсы бағытталған.

Айырша без (тимус). Көкірек қуысында жүрекке жақын жатқан ірі тамырлардың вентральдық бетін ала орналасқан, бір-бірімен дәнекер ұлпамен жабысқан екі бөліктен тұратын без. Айырша без тек жыныстық жетілу кезеңінде ғана өсіп дамиды да, одан кейін өз қызметін тоқтатып, инволюция (кері даму) процесіне ұшырайды. Бұл - әр түрлі қызмет атқаратын күрделі мүше. Оның ретикулярлы жасушалары тимозин гормонын түзеді. Айырша без бүкіл лимфалық жүйенің дамуына әсер етеді, сүйектің қатаюын, ағзаның өсіп-жетілуін реттейді. Бұл безде лимфоциттер жіктеледі, қанның діңгектік жасушаларының беткейлік құрылымы өзгеріп, олар ұлпалық қорғаныс реакцияларында маңызды рөл атқаратын Т-лимфоциттерге айналады.

Бүйрек үсті безі. Жоғары сатыдаға жануарларда қос без болады. Жылқыда ұзынша және жалпақ болады. Мүйізді ірі қарада оң без жүрек тәрізді, ал сол жақтағы тоғыз цифрының формасындай. Қой мен ешкіде бұршақ тәріздес, шошқада ұзынша сүйел сияқты болады. Бүйрек безі екі заттан құралған: 1- қабақ заты үш қабаттан тұрады- шумақты, шоғырлы және торлы бөліктер. Бұл заттар ашық сары түсті, мезодермадан пайда болады; 2- қызыл немесе қарақоңыр түсті эктодермадан пайда болатын негізгі түйін заты. Бүйрек безі қабығының гормондары: 1- шумақты бөліктен – минералокортикоидтер – альдостерон, дезоксикортикостерон. Бұл гормондар бүйректің өзекті жолдарында натрий мен аммонийдің сіңуін тежейді; 2- шоғырлы бөліктен – глюкокортикоидтер бөлінеді- кортизон, дегидрокортизон. Олар белоктың ыдырауын жоғарылатып, бауырдағы гликоген қорын сақтап, ағзаның инсулинге деген сезімталдығын төмендетеді.

Ұйқы безі. Ұйқы безі құрсақ қуысында, қарынның артында орналасқан аралас без. Ол екі түрлі ұлпалардан құралған. Жылқының ұйқы безі үш бұрышты, үш бөліктен құралған, екі бөлу өзегі бар - бас немесе вирзунгов өзегі және қосымша немесе санторинов өзегі. Мүйізді ірі қарада тұзақ тәрізді, бір өзегі бар. Шошқада бір өзекті, үш бұрышты. Ұйқы безінің β – жасушалары инсулин гормонын бөледі. Инсулин мен бұлшық еттерде глюкозаны гликогенге айналдырады, сондықтан қандағы глюкоза мөлшерін азайтады. Инсулин гликоген қызметін атқарады.

Өздік бақылау сұрақтары:

  1. Гормондар, жіктелуі.

  2. Қалқанша және қалқанша серік бездер, олардың физиологиялық маңызы.

  3. Бүйрек үсті безінің қыртысында қандай гормондар өңделеді?

  4. Инсулиннің әрекет механизмі қандай?

  5. Вазопрессин ағзаға қандай әсер береді?

Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 1 (328-375), 2.

10-дәріс. Көбею (ұрпақтану) физиологиясы

Мақсаты: Ұрғашы және еркек малдардың жыныс мүшелері мен олардың атқаратын қызметтерін, жыныстық және физиологиялық жетілу, көбею, буаздық және төлдеу процестері туралы түсінікті студенттерге түсіндіру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Малдың жыныстық жетілуі

  2. Ұрықтану процесі

  3. Буаздық және әр түрлі жануарлардағы оның ұзақтығы

  4. Төлдеу және оның реттелуі

Көбею – жануарлардың өніп-өсуін, белгілі түрдің сақталуын қамтамасыз ететін күрделі биологиялық процесс. Жыныстық жетілу деп жыныс ағзаларының құрылымы мен қызметі жағынан толық жетіліп, ағзаның ұрпақты жалғастыруға деген қабілетінің қалыптасқан мерзімін айтады. Жыныстық жетілу процесінің негізгі реттеуші факторы гипофиздің гонадотроптық гормондары (ФЖК, ЛГ) болып табылады. Олардың синтезінің күшеюімен байланысты аталық және аналық жыныс бездерінде түзілетін жыныс жасушалары мен жыныс гормондарының мөлшері артып, сыртқы жыныс белгілері қалыптасады және жыныстық рефлекстер пайда болады.

Жыныстық жетілу мерзімі түлік түріне, малдың тұқымдық ерекшеліктеріне, күтіп-бағылу, азықтандырылу деңгейіне, климат жағдайларына байланысты. Ұрғашы жануарларда, аймен санағанда, ол мына мерзіммен сипатталады: ірі қарада 6-10 ай, қой-ешкіде 7 ай, шошқада 6 ай, жылқыда 18 ай, түйеде 24-36 ай, бұғыда 17 ай, қоянда 5 ай; итте 7ай,мысықта 5 ай, қара күзенде 9,5 ай.

Шамамен осындай мерзім ішінде еркек малда да жыныстық жетілу байқалады. Жыныстық жетілу ағзаның пісіп-жетілуінен, өсіп-даму процесінің аяқталар мерзімінен бұрын қалыптасады. Сондықтан, жас малды жыныстық жетілу мерзімі толысымен шағылыстыруға болмайды. Бұл ереже орындалмаса, аналық малдың өсіп-жетілуі нашарлап, төлдеу процесі қиындайды. Малды тек физиологиялық жетілу мерзімінен кейін ғана шағылыстырған жөн. Физиологиялық жетілу деп жас мал денесінің өсіп-жетілуінің, сақа малға тән пішіннің толық қалыптасуының аяқталған мерзімін атайды. Әр түрлі малда физиологиялық жетілу мерзімі (аймен санағанда): ірі қарада 16-18; қой-ешкіде 12-15; шошқада 10; жылқыда 36; түйеде 48-60; бұғыда 30; қоянда 6; итте 12; мысықта 10; қара күзенде 14.

Еркек малдың көбею ағзаларына аталық жыныс безі (ен), шәуеттік жол, қосалқы жыныс бездері (көпіршік тәрізді, қуық және баданалық бездер), жыныс мүшесі жатады. Ен – жыныс жасушалары мен жыныс гормондарын бөліп шығаратын жұп жыныс безі. Аталық жыныс жасушаларының түзілу, жетілу және сақталу процестері дене температурасынан 3-40С төмен жағдайда өтеді. Бұл аталық бездің құрсақ қуысынан тыс орналасуымен байланысты. Ен температурасын реттеуде ұма терісі мен еттері зор рөл атқарады.

Ен қосалқысы өзегінің жалғасы шәуеттік жол деп аталады. Ол оң және сол жол болып бөлінеді. Шәуеттік жол жіңішке түтік ретінде шаттың сақина тесігі арқылы ен бауының ішімен құрсақ қуысына өтеді де, қуықтың үстіңгі жағымен жүре отырып несеп-жыныс өзегінің жамбастық бөлігімен жалғасады.

Шәует деп шағылысу кезінде еркек мал жыныс ағзасынан бөлінетін сұйықты айтады. Ол екі бөліктен – жыныс жасушаларынан және ен қосалқысы мен қосалқы жыныс бездері секретінің қоспасынан – плазмадан тұрады. Бір жыныстық қатынас (коитус) үстінде еркек малдан бөлінген шәует мөлшері эякулят деп атайды. Әр түрлі малда эякулят мөлшері мен ондағы жыныс жасушаларының саны әртүрлі болады. Мысалы бұқада эякулят мөлшері 4-8 мл, спермийлер саны 1200-1800 млн/мл; спермийлердің жалпы саны 4-14 млрд. Эякулят құрамындағы плазма мөлшері де түлік түріне қарай өзгеріп отырады. Мысалы, қошқарда ол эякулят мөлшерінің 70%, бұқада 30, қабан мен айғырда 90-92 пайызды шамасында. Шәуеттік плазма негізінен қосалқы жыныс бездерінің секреті болып табылады.

Ұрғашы малдың жыныс ағзаларына аналық жыныс безі, жұмыртқа жолы, жатыр, қынап және сыртқы жыныс мүшелері жатады. Аналық (жұмыртқалық) без – сопақша пішінді жұп құрылым. Онда аналық жыныс жасушалары – жұмыртқа-жасуша, барлық даму сатыларынан өтеді және гормондар түзіледі. Овуляция (фолликула қабығының жарылуы) кезінде ооцит жұмыртқа жолының шанағына түседі де, түтікше бойымен жылжи бастайды. Жұмыртқа жолында овогенездің үшінші – жетілу сатысы жүреді. Жұмыртқа жасушаға спермийлер ене бастағанда II-реттік ооцит екінші мейоздық бөлінуге ұшырап, ұрықтануға дайын жетілген жұмыртқаға айналады және екінші бағыттаушы денешік бөледі.

Жыныстық айналым (цикл) деп жоғары сатыда дамыған жануарлар аналығында екі овуляция аралығында белгілі бір ретпен мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын күрделі морфо-физиологиялық, мінез-қылықтық процестер жиынтығын айтады. А.П.Студенцов (1953) теориясы бойынша жыныстық айналым ағзаның барлық физиологиялық жүйелері қатысатын күрделі нейрогуморальдық тізбектелген процесс. Ол қозу, тежелу және теңелу сатыларына бөлінеді. Әр сатыға жыныс ағзалары кілегей қабығының өзгерістері, малдың жыныстық белсенділігі, мінез өзгерістері тән.

Спермий мен жұмыртқа жұмыртқалық жолдың аналық безге жақын ұшында кездеседі. Осы аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылып, ұрық (зигота-шарана) түзілуін ұрықтану деп атайды. Ұрықтану нәтижесінде пайда болған зигота жұмыртқалық жолмен біртіндеп жатырға қарай жылжиды да, шошқада 3-4, сиыр мен қойда 4-5, биеде 5-7 тәуліктен соң жатырға түседі. Зигота жатыр мүйізін морула сатысында өтеді.

Буаздық деп ұрғашы малдың төл көтерумен байланысты қалыптасқан физиологиялық күйін айтады. Ол ұрықтанған кезден басталып, төлдеумен аяқталады. Морула сатысында жатырға түскен зигота екі қабат жасушалардан (мөлдір және күңгірт) тұрады. Мөлдір жасушалар ұрықты қоректендіруге маңызды рөл атқарады, сондықтан оларды трофобласт немесе нәрлендіргіш қабат деп атайды. Ал күңгірт қабатты эмбриобласт деп атайды, одан ұрық дамиды. Трофобласт және эмбриобласт жасушалары арасында сұйық жиналып, сарыуызды қалта түзіледі. Ұрықтың бұл даму сатысын бластула деп атайды. Трофобласттың жылдам өсуі нәтижесінде ұрық жасушалары екі қабықпен қоршалады. Олар ұрықтың дамуының алғашқы сатыларында қатпаршақ түзіп, кейінірек ұрық ұлпаларына бастау болады. Сонымен, ұрық екі қабықтың ішінде қалады. Оның сыртқысын трофобласт, ал ішкісін – амнион деп атайды. Амнион кіндік түбінде терімен ұштасады. Трофобласттың сыртқы бетінде тамырлар біте өскен бүрлер – хорион пайда болады. Хорион мен жатырдың кілегей қабығының байланысуынан күрделі орган – жолдас (плацента) түзіледі. Жолдас аналық және ұрықтық бөліктерден тұрады. Жолдас ұрықты қоректік заттармен, оттегімен қамтамасыз етіп, көмір қышқыл газы мен қажетсіз өнімдерді бөліп шығаруға мүмкіндік береді, залалды заттарды, микроағзалар мен паразиттерді ене қанынан ұрыққа өткізбейді, басқаша айтқанда, тосқауылдық қызмет атқарады. Оған талғамдылық қасиет тән.

Төлдеу, немесе туу бұл іштегі төл мен оның жолдасының аналық жыныс ағзаларынан қуылып шығуын қамтамасыз ететін күрделі физиологиялық процесс. Қалыпты туу процесі іштегі төл толық жетіліп, сыртқы орта жағдайларында тіршілік етуге дайын болған кезде басталады. Туу процесін үш кезеңге бөледі: жыныс жолының ашылуы, төлді шығару, шудың бөлінуі. Жануарлар төлдегеннен соң жатырда инволюция (кері даму) процесі жүреді де, жатыр еттерінің серпімділік қасиетінің арқасында бірнеше сағат ішінде жатырдың мөлшері айтарлықтай кішірейді.

Өздік бақылау сұрақтары:

  1. Жыныстық және физиологиялық жетілу дегеніміз не және олардың қалыптасу мерзімін не үшін білу қажет?

  2. Сперматогенез процесі қалай жүреді?

  3. Овогенез және овуляция дегеніміз не?

  4. Ұрықтану процесі деген не, ол қалай жүреді?

  5. Буаздық, төлдеу және олардың реттелуі жайлы не білесіз?

Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 1 (376-414), 2.

4.10 11-дәріс. Сүттену физиологиясы

Мақсаты: Әртүрлі жануарлардың сүттену кезеңдерін, сүттің түзілу, сүт бөлу механизмдері мен олардың реттелуін түсіндіру.

Негізгі сұрақтар:

1.Сүттену.Оның кезеңдері

2.Сүттің құрамы, қасиеттері.

3.Сүттің түзілуі мен реттелуі

4.Сүт бөлу және оның механизмі

1. Сүттену. Оның кезеңдері. Сүттену (лактация) - сүттің түзілуін,жиналуын және желіннің мезгіл-мезгіл бөлінуі. Сүттену – күрделі физиологиялық процесс. Ол бүкіл ағзаның көптеген функционалдық жүйелерінің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде атқарылады. Мысалы: сиыр жылына 305, ешкі 200-300 күн.

Желіннің өсіп дамуы - маммогенез. Желін денеде симметриялы орналасқан мүше. Сүт безінің алғашқы нышандары ұрықтың даму кезеңінде пайда болады. Без 2 жыныс өкілдерінде де эктодермадан дамиды. Алдымен бездің орындары білініп, соңынан сүт төмпегі, болашақ бездің алғашқы құрылымдарының нышандары (бөлімшелер, өзекшелер жүйесі, байламдар мен ем.) қалыптаса бастайды. Осыдан кейін еркек малдарда бездің дамуы тоқтап, ұрғашы малдарды өзектерге айналтып бастапқы сүт желісі пайда болады. Бұлар құрсақтық маммогенезді сипаттайды.

Постнатальдық маммогенез - туар алдында ұрғашы бұзауларда сүт бездерінің өзектерімен цистерналар анық байқалады. Болашақ паренхима орнында май ұлпасы пайда болған кезде байлам аппараттары мен бөлім аралық перделер анық біліне бастайды. Жыныстық жетілумен байланысты желіннің дамуы күшейіп, оның өзектері және сүт жинайтын жүйелері өсе бастайды. 10-12 айлық таналар желінінде өзектер мен қуыстар маңында топтасқан өзекшелер салалары, без паренхимасының аралшықтары, оны толыстырып тұратын май ұлпасы пайда болады. Желіннің безді ұлпасы буаздықпен байланысты қарқынды дами бастайды.

Буаздықтың алғашқы жартысында өзектер жүйесі мен күрделі түтікше бездердің дамып жетілуі аяқталады. Буаздықтың 5-7 ай аралығында желіннің альвеолалық құрылымы қалыптасады, ал буаздықтың 6-8 ай аралығында миоэпителийлік жасушалар пайда болады. Желін тек мал туар алдында ғана уыздалады.

Сүт бездерінің дамуына эстрогендер – без өзектерінің өсіп,альвеолалар мен без бөліктерінің дамуын шапшаңдатады. Прогрестерон - без өзектерінің өсуін күшейтіп, пролактин түзілуін бөгейді, уыздану процесін жүргізеді. Соматотропин - пролактинсіз-ақ сүттену процесін тудырып, эстрогендер мен пролактиннің желінге әсерін күшейтеді. Жыныс гормондары сүт безіне екі түрлі жолмен – аденогипофиз гормондарының бөлінуін күшейту арқылы немесе тікелей әсер етеді.

Желіннің жалпы құрылым принципі. Желін - сүттің түзілуін және бөлінуін қамтамасыз ететін көпіршікті – түтікше безді мүше. Ол жұқа терімен қапталып, онда май және тер бездері болмайтын, түгі жоқ терімен қапталған емдермен бітеді.

2.Сүттің құрамы, қасиеттері. Сүттің құрамы өте күрделі. Құрамында белоктар, майлар, 30- дан астам май қышқылдарынан, әртүрлі көмірсулар, 17 витаминдер, ферменттер, 40 шақты минералды заттар болады. Бұл заттар қаннан сүтке еш өзгеріссіз, сүзілу процесі нәтижесінде өтеді.

Желінде синтездеу және сүзілу процестерімен қатар, кейбір заттардың керісорылуы орын алады. Сүттің түзілуі – малдың тұқымы, қоректену, асқорыту, зат алмасу, сүттену кезеңінің сатысы, тәулік мерзімі, сауу жиілігі әсер етеді.

Сүттенудің физикалық-химиялық қасиеттері: сүт плазмадан және әртүрлі заттар бөлшектерінен тұратын дисперсиялық жүйе. Сүт құрамында қант пен минералды тұздар ерітінді, белоктар мен органикалық тұздар коллоид, ал май ірі дисперсиялық түйіршік түрінде болады.

Қалыпты жағдайда сүт ақ немесе сарғыш түсті, дәмі тәтті биологиялық сұйықтық. Сүттің ақ болуы құрамында майлар эмульсиясы және казеиннің кальцийлі тұзы болуымен байланысты. Сүттің құрамы: белоктар, майлар және көмірсу, минералды зат және мөлшерде су болады. Сүт пен уыз құрамында гликопротеидтер - лактоферрин де кездеседі. Сүттің өзіне тән құрамалары белоктар, май, қанттарды түзу.

Реттелуі: Жүйкелік және гуморальдық.

Уыздану - лактогенез, ал сүттену – лактопоэз деп аталады. Уыздану- буаздықтың соңы мен мал төлдегеннен кейін алған күндерде сүт бездерінде секрециялық процестердің басталуы. Осы процестің бүкіл сүттену кезеңінде өршіп, жалғасуын сүттену деп атайды. Бұл күрделі процесс - желінде жүретін морфо-қызметтік, биохимиялық процестердің нейрогуморальдық механизмімен реттелетін жүйкелік реттелу.

Желіннің секрециялық қызметімен оның ию және сүт бөлу процестерін қамтитын ет қимылдық әрекеттері тығыз байланысты. Сүт толассыз түзіледі де, сауын аралығында ол желіннің жинақтаушы жүйесінде жиналады. Сүтпен алдымен альвеолалар қуысы мен сүт жолдары, орташа және ірі сүт өзектері мен желін қуысы толады. Желіннің альвеолалық бөлімінен сүттің қуыстық бөліміне өтуін ию деп атайды. Қуыстық сүт – альвеолалар қуысында, майда сүт жолдары мен өзектерінде жиналған сүт қалдық сүт – мал сауылғаннан кейін қалатын сүт.

Реттелуі: Сүттің бөліну екі кезеңде өтеді:

1. Жүйкелік кезеңі – желін рецепторларының тітіркенуінен басталып жұлынға, сопақша миға, гипоталамустың супраоптикалық ядролары мен ми жарты шар қыртысына қозу барады. Қозуға жауап гипоталамустың супраоптикалық трактысы арқылы нейрогипофизге, онан әрі симпатикалық жүйкелер арқылы желінге барады. Бұл кезеңнің ұзақтығы 1-4 секунд.

2. Нейро-гуморальдық кезең - гипоталамустың супраоптикалық ядроларынан бөлінетін окситоцин гормонымен байланысты. Бұл гормон желін альвеолаларының жиырылдырып, сүттің бөлінуіне тікелей әсер етеді. Сүттің толығымен бөлінуі үшін малды жылдам сауу керек. Себебі, окситоцин гормоны бірнеше минут ішінде қанда окситоциназа ферментінің әсерінен ыдырайды. Сүттің пайда болуына пролактин, самототропин, тиреотропин мен АКТГ сияқты аденогипофиздің гормондары әсер етеді.

Желін қызметі - асқорыту, қан және лимфа айналым, тыныс алу және көптеген ішкі секреция бездерінің жұмысымен тығыз байланысты. Сүттену кезеңдерінде қан айналым күшейтіп, зат алмасу процесі жоғарылап сүт заттарын синтездеу қабілеті артады. Бұлар малдың сүттілігін арттырады.

Сүттену – төлдеген малдың және басқа сүт қоректі жануарлардың желінінде сүттің пайда болатын кезеңі. Сүттену деп сүттің ағзадан бөліну процесін айтады. Сүт қоректілерде сүт безі немесе малда желін жақсы дамыған. Желін тер шығару бездерімен генетикалық байланысы бар. Барлық сүт қоректілерде бездері терінің эпидермиясында, қолтық астына шапқа дейін орналасқан. Бұл бездердің барлығы тек жырқыштарда, шошқалар мен кеміргіштерде дамыған. Қалған малда сүт бездерінің 1-2 жұбы ғана дамыған.

Желіннің морфофилогенездік белсенділігі туылғаннан бастап, жыныстық жетілуге дейін нашар болады. Жыныстық жетілуден соң желінің ағу жолдары мен альвеолалары өсе бастайды. Буаз малдың желініндегі без ұлпасы үлкейіп, жүйке талшықтары мен қан тамырлары көбейе бастайды. Буаздықтың екінші жартысында желіннің секреторлық эпителиі жұмыс істей бастайды. Сиырдың желіні үш жұп бездің қосылуынан пайда болады. Осы бездердің екі жұбы дамып, ал бір жұбы жетілмеген болады. Желін төрт ширектен құралған.

Сиырдың желіні қан мен лимфа тамырлары, жүйке талшықтары бар безден және дәнекер ұлпадан құралған. Желін секреторлық және моторлық қызметтерді атқарады. Сүттің желінде пайда болып, альвеолалар қуысына бөлінуін секреторлық қызмет дейді. Сүт желіннің альвеолаларында түзіледі. Пайда болған сүт желін цистерналарында жиналады. Әр цистернаның көлемі 80-500 мл. Желіннің қызметі туғаннан соң 5-8 апта ішінде күшейеді. Осы кезде желіннің салмағы ағза салмағының үш процентіне жетеді. Сүт өнімділігі жылына 4000 кг болатын сиырдың желінінен сүтпен бірге 500 кг құрғақ заттар соның ішінде 132 кг белок, 152 кг май, 188 кг қант пен 28 кг әртүрлі тұздар бөлініп шығарылады.

Сүттің реакциясы амфотерлік. Оның сыбағалы салмағы 1,027-1,033. Сүттің құрамында 87% су, ал қалған 13% құрғақ заттар. Оларға альбумин, глобулин мен казеиноген құнды белоктар, 3-6% май, лактоза қанты, калий, натрий, кальций мен магний тұздары жатады.

Уыз - дегеніміз төл туғаннан кейін 5-7 күннің ішінде бөлінетін секрет. Оның түсі – ақ сарғыш, өзіне тән иісі бар, әлсіз қышқыл реакциялы, тұздағандай дәмі бар зат. Уызда 71,6 пайыз су, 15-85% альбумин мен глобулиндер 4,83% казеиноген, 2,37% май, 1,48% қант, А мен С витаминдері, иммундық денелер болады. Туғанда іште болатын нәжісі айдап шығаратын магний тұздары бар.

Сүттің пайда болуы секреторлық процеске байланысты. Сүт желіннің альвеолаларындағы ферментативтік құбылыстар арқылы түзіледі. Сүт безінің 100 г паренхималық ұлпасы 15 сағаттың ішінде 500 г сүт түзеді.

Сүт құрамындағы заттардың кейбіреулері қаннан дайын күйінде ауысады, ал басқалары ферментативтік құбылыстың әсерінен желіннің өзінде пайда болады. Мысалы, глобулиндер қанның плазмасынан сүтке ауысады. Ал казеиноген белогы болса, ол қандағы амин қышқылдары мен глюкопротеин бөліктерінен түзіледі. Казеиногеннің құрамы күрделі, ол амин қышқылдарынан құралған. Лактоглобулиндер қанның белоктарынан түзіледі. Сүттің майы қандағы глицерин мен май қышқылдарынан түзіледі

Желіндегі сүт қуыстық және альвеолалық болып бөлінеді. Қуыстық сүтті желін қуысы мен ірі сүт өзектеріндегі сүт құрайды. Ол ем арнасына сүңгі түтік (катетер) еңгізгенде бөлінеді.

Альвеолалар қуысында, майда сүт жолдары мен сүт өзектерінде жиналған сүтті альвеолалық деп атайды. Оны шығару үшін сүңгі түтік қойылған емді қуыстық сүт бөлінген соң, сарқа сауу керек. Сиыр мен ешкіде бір сауында алынған сүттің 40-50 пайызы қуыстық, ал 50-60 пайызы – альвеолалық үлес болып табылады. Бұл көрсеткіштер тиісінше биеде 10 және 90 пайыз, түйеде 5 және 95 пайыз шамасында. Малды дұрыс сауғанның өзінде желінде жиналған сүттің шамамен 15-20 пайызы қалып қояды. Сүттің бұл мөлшерін қалдық сүт деп атайды. Оның жалпы мөлшері кәрі, сүтсіз, тұмса сиырларды көп болады. Әртүрлі тосын тітіркендіргіштер әсерінен исінген малда қалдық сүт мөлшері көбейеді.

Өздік бақылау сұрақтары:

  1. Ет талшықтарының құрылым принциптері.

  2. Бұлшық ет жиырылуының түрлері және молекулалық механизмі.

  3. Жүйкенің құрылысы мен қызметін баяндаңыз.

  4. Парабиоз дегеніміз не? Оның дамуы сатыларын атаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 1 (415-444), 2.

12-дәріс. Қозғыш ұлпалардың жалпы қасиеттері. Бұлшықет және жүйке физиологиясы

Мақсаты: қозушы құрылым ерекшеліктері туралы білім беру, ағзаның интегративті бірлігі ретінде нейронның ролін түсіну, бұлшықет жиырылу механизмін түсіндіру, негізгі бұлшықет жиырылу түрлерін және синапстың жұмыс механизмін сала білу.

Негізгі сұрақтар:

  1. Қозғыш ұлпалардың физиологиясы.

  2. Бұлшық ет талшықтарының физиологиясы.

  3. Жүйке талшықтарының физиологиясы.

  4. Синапстың физиологиясы.

Қозғыш ұлпалардың физиологиясы. Қозу- Ұлпаның тітіркендіргіш әсеріне арнайы және бейарнамалы реакциямен жауап беретін физиологиялық процесс. Қозғыш ұлпа дегеніміз қозуға қабілетті ұлпаларды атайды. Қозғыш ұлпалардың 3 түрі бар: 1. Жүйкелік - жүйкелік серпіністерді тасымалдау қызметін атқарады. 2. Бұлшықеттік – тітіркендіргіш ұлпаның жиырылуы мен босаңсуы. 3. Бездік – сөл бөлу қызмет атқарады.

Қозғыш ұлпалардың қасиеттері: Қозғыштық – осы үш ұлпаның қозуға қабілеті. Өткізгіштік – ұлпаның серпіністерді тасымалдауы. Мысалы: Жүйке. Жиырылғыштық – ұлпаның тітіркендіргіш әсерінен жиырылуы және босаңсуы. Тітіркендіргіштік – тітіркендіргіш әсеріне ұлпаның жауап беру қасиеті. Лабильділік немесе қызметтік қимыл – ұлпаның қызметтік тұрақсыздығы.

Мембраналық және әрекет потенциалы. Мембраналық немесе тыныштық потенциалы – тыныштықтағы жасуша мембранасының ішкі және сыртқы потенциалдар айырмасы. Натрий-калий насосына байланысты.

Әрекет потенциалы (ӘП) – ұлпа қозған кездегі жасуша мембранасының ішкі және сыртқы потенциалдар айырмасының уақытша өзгеруі. ӘП 5 кезеңі бар: жергілікті жауап, деполяризация, реполяризация, іздік деполяризация, іздік гиперполяризация.

Ұлпа қозғыштығының 4 кезеңі бар: абсолюттік рефрактерлік, салыстырмалы рефрактерлік, субнормальді, супернормальды кезең.

Тітіркендіргіштердің жіктелуі. Тітіркендіргіштер – ұлпа немесе мүшеге жасалынатын арнайы әсер.

Табиғаты бойынша тітіркендіргіштер 4 топқа бөлінеді: 1. Физикалық – механикалық, электрлік, жарықтық, дыбыстық. Химиялық – азық, химиялық препараттар. Физико-химиялық – коллоидты ортаның, осмостық қысымның, электролиттік құрам, температураның өзгерісі. Биологиялық – жәндіктерді шағуы.

Физиологиялық тұрғыдан тітіркендіргіштер екі топқа бөлінеді:

1. Адекватты – ағзаның эволюция барысында тітіркендіргіш әсеріне бейімделген немесе дағдыланған тітіркендіргіштер. Мысалы: көзге келіп түскен жарық, құлаққа берілетін дыбыс. 2. Адекватсыз - ағзаның эволюция барысында тітіркендіргіш әсеріне бейімделмеген немесе дағдыланбаған тітіркендіргіштер. Мысалы: кенеттен көзге келіп түскен соққы немесе құлаққа берілетін қатты шу.

Қозғыш ұлпалардың биоэлектрлік құбылыстар. Қозғыш ұлпалардың биоэлектрлік құбылысын 18 ғ. соңында Гальвани дәлелдеген. Осы уақытқа дейін Гальванидің 2 тәжірибесі: металды және металсыз тәжірибелері белгілі болды.

Гальванидің шәкірті Маттеучи көлбақаның артқы аяқтарынан екі жүйке-бұлшықеттік препарат жасайды. Екінші препараттың жүйкесін 1-ші препараттағы бұлшықетке салады да, электр тогымен тітіркендіреді. Осы кезде екі препараттың бұлшықеттері жиырылғандығын анықтайды.

Қозғыш ұлпалардағы биоэлектрлік құбылыстың бар екендігін кейіннен дәлелдеген Келликер болды. Ол бір бақаның жүрегін оқшаулап алса, екінші бақаның артқы аяқтарынан жүйке-бұлшықеттік препарат жасайды. Жүрекке тікелей жүйке-бұлшықеттік препараттың жүйкесін салғанда, бұлшықеттің жиырылғандығын байқайды. Бұлшықеттің жиырылу себебі, жүректің автоматия қасиетімен байланысты.

Қозғыш ұлпалардың тітіркендіру заңдары. Табалдырық – қозуды тудыра алатын тітіркендіргіштің ең төменгі күші. Егер тітіркендіргіш күші қозу табалдырығынан төмен болса, табалдырықасты деп, ал табалдырықтан асса ол табалдырықтан жоғары күш деп атайды.

Тітіркендіргіш қозуды тудыру үшін:

1. Жеткілікті түрде күшті (күшке байланысты заң).

2. Жеткілікті түрде ұзақ (уақытқа байланысты заң).

3. Жеткілікті түрде жылдам (айырмашылыққа байланысты заң) болуы тиіс.

Бұл қозғыш ұлпаның үш тітіркендіру заңы болып табылады.

Күшке байланысты заң. Тітіркендіргіштің күшінің қозу табалдырығына тәуелділігі. “Түгелдей немесе түк емес” Боудич заңымен айқындалады.

Осы заңға сәйкес, табалдырық асты күштер ұлпада қозуды тудырмайды, ал табалдырықты немесе табалдырықтан жоғарғы күштер ұлпада қозудың тууын жылдамдатады.

Сонымен, тітіркендіргіш белгілі бір шамаға дейін қаншалықты күшті болса, соншалықты ұлпа, жасуша, ағзаның жауапты реакциясы жоғары болады.

Уақытқа байланысты заң. Уақытқа немесе тітіркендіргіштің табалдырық күшінің уақыт әсеріне байланыстылығы. Қозуды тудыратын тітіркендіргіш, ұлпада қозуды тудыру үшін, ұлпаға берер уақыт, яғни жеткілікті түрде ұзақ әсер етуі қажет. Мұны Гоорвег-Вейс – Лапик зерттеген.

Реобаза – қозуды тудыратын ток немесе кернеуліктің ең төменгі күші. Пайдалы уақыт – қозуды тудыру үшін тітіркендіргіш ұлпаға берілген күшпен әсер еткенде кететін уақыт. Хронаксия – екі реобазаға тең тітіркендіргіштің пайдалы уақыты.

Айырмашылық заңы. Тітіркендіргіш қозуды тудыру үшін, жеткілікті түрде жылдам әсер етуі қажет. Егер де ұлпада тітіркендіргіштің әсер ету күшін бірден өсірсек, онда оған кететін уақыт аз, ал біртіндеп өсірсек, онда бұл әсер ету күшке ұлпа бейімделеді де, бұл аккомадация деп аталады. Аккомадация - тітіркендіргіш күшінің біртіндеп өсуіне қозғыш ұлпалардың бейімделуі. Егер де тітіркендіргіш күшін бірден өсірсек, оған кететін уақыт аз болады да, ұлпаның жауапты реакциясы жылдам туады. Ал жүйкені жай ғана қолмен басса, жауапты реакция болмайды.

Сонымен, тітіркендіргіш қаншалықты ұзақ әсер етсе, соншалықты жауапты реакция күшті болады.

2. Бұлшық ет талшықтарының физиологиясы. Қан тамырлар жүйесінің жұмысы, жүректің қызмет атқаруы, асқорыту жолының жұмысы, кеңістікте дененің қозғалысы мен қимыл-тұрпаттың бір деңгейде болуы адам мен омыртқалы жануарларда бұлшықеттің екі типімен іске асырылады, көлденең жолақты (қаңқа бұлшықетті, жүрек бұлшықетті) және тегіс. Олар бір-бірінен жасушалық және ұлпалық құрылыммен, жүйкелендірілуімен, қызметтену механизмі дәрежесімен ерекшеленеді.

Бұлшықет қызметі:

1. Адам денесінің кеңістікте қалпын сақтауды қамтамасыз етеді.

2. Кеңістікте дененің орын ауыстыруын, жүріп тұруын қамтамасыз етеді.

3. Қимылды іске асырады.

4. Жылу көзі ретінде жылуды реттеу қызметін атқарады. Бұлшықеттің қызмет ету барысында өте көп мөлшерде жылу бөлінеді.

Бұлшықеттің құрылысы: Адам мен омыртқалы жануарларда екі түрлі бұлшықет болады:

1. Көлденең жолақты (қаңқа, жүрек бұлшықет)

2. Тегіс- бірыңғай салалы.

Бұлшықет мүше ретінде белгілі қызмет атқарады, 72-80% су, 16-20% тығыз заттан тұрады. Бұлшықет талшығы көп ядролы жиырылғыш жасуша. Ұзындығы бірнеше мм-ден бірнеше см-ге дейін созылады, d = 10-100 мкм.

Талшық беткейі түссіз қабық сарколеммамен қапталған. Саркоплазмада жиырылғыш жіпше миофибрилдер орналасқан. Митохондрияда тотығушы және тағы басқалар бірнеше ферменттік процестер жүргізеді. Саркоплазмада бұлшықет ақуыздары орналасқан. Жиырылу аппараттың қызметтінің бірлігі-саркомер.

Бұлшықет ақуыздарының түрлері: 1. Суда еритін саркоплазмалық ақуыздар миоглобин, миоген, миоальбумин. 2. 80% миофибрильді ақуыздар миозин, актин, актомиозин, тропомиозин. 3. Стромалық ақуыздар коллаген және эластин.

Бұлшықеттің қажуы. Қажу – жұмыс істеу барысында басталып, дем алудан кейін жойылатын, ағза құрылымдарының жұмысы қабатының уақытша төмендеуі.

Барлық бұлшықетке тән физиологиялық қасиеттер:

1. Қозғыштық - тітіркендіргіштің әсеріне әрекет потенциалы мен иондық өткізгішті өзгертумен жауап береді;

2. Өткізгіштік - бұлшықет талшығының тұла бойымен және терең әрекет потенциалын өткізу қаблеттілігі;

3. Жиырылғыштық - қозу кезінде қысқарып немесе босаңсу және кернеулікті дамыту қабілеттілігі.

4. Серпімділік - бұлшықет созылғанда кернеулікті дамыту қабілеттілігі.

Бұлшықет жиырылуының тәртібі мен түрлері. Бұлшықеттінің жиырылуының тәртібі үшке бөлінеді: 1. Бұлшықеттің изотониялық (изос- тұрақты, тонус-кернеулік) жиырылу тәртібі. 2. Бұлшықеттің изометриялық жиырылу тәртібі. 3.Ауксотониялық жиырылу тәртібі деп аталады.

Бұлшықет жиырылуының 3 түрі бар:

1. Бұлшықетті немесе оның жүйкелендіретін қозғалыс жүйкесін бір ғана әсермен тітіркендіруді бұлшықеттің жеке жиырылуы деп атайды. Онда негізгі 3 фазаны айыруға болады: жасырын, жиырылу және босаңсу кезеңдері.

2. Жинақталу – бұлшықетке бірнеше тітіркендіргіштермен әсер еткенде пайда болған жиырылулардың қосылуы. Оның 2 түрі бар: толық және толық емес жинақталу.

3. Тетанус – бұлшықеттің сіресіп, қатып қалуы. Оның 2 түрі бар: тісті және жайпақ тетанус.

Жүйке талшықтарының физиологиясы. Жүйке талшықтары (ЖТ) жүйке жасушасының өсінділері болып табылады. ЖТ 2 топқа бөлінеді:

1. Миелинді немесе етті – соматикалық және вегетативтік жүйке жүйесінің талшықтары. Етті ЖТ сыртынан миелин және Шванн қабықтарымен қапталған, өстік цилиндрден тұрады. Әрбір 1-2,5 мкм аралықта миелин қабығы үзіледі де, ол Ранвье үзілісі деп аталады. Қозу миелинді ЖТ-да секірмелі түрде өтеді.

2. Миелинсіз немесе етсіз – симпатикалық жүйке жүйесінің талшықтары. Миелиндіден айырмашылығы тек Шванн қабығымен қапталады. Ранвье үзілісі болмайды. Қозу етсіз ЖТ-да үздіксіз түрде өтеді.

Физиологиялық тұрғыдан ЖТ 3 түрі бар. А-, В- және С-типтес.

4. Синапс физиологиясы. Синапс – жүйке мен жүйкені немесе жүйке және бұлшықетті өзара байланыстыратын жүйкелік серпіністі тасымалдайтын арнайы ұласу.

Синапс құрылысы үш бөлімнен тұрады: Пресинапстық мембрана, синапстық саңылау, постсинапстық мембрана.

Синапстың түрлері: Орналасуына байланысты үш түрі: ОЖЖ синапстары, ВЖЖ синапстары, шеткі синапстар бар.

Ұласуына байланысты екі түрі болады: нейро-нейроналдық, мионевралдық.

Өздік бақылау сұрақтары:

  1. Нейрон, оның құрылымы.

  2. Рефлекс, оның сақиналы сипаты.

  3. Жүйке орталықтары, оның қасиеттері.

Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 1 (445-505), 2.

4.12 13-дәріс. Орталық жүйке жүйесінің физиологиясы

Мақсаты: ОЖЖ-дағы қозғыш механизмін, ОЖЖ қызметінің негізгі координациялық принципі және негізгі жүйке орталығының қасиеттерінің анализі мен суретін ұға білу.

Негізгі сұрақтар:

  1. Нейрон-мидың құрылымды-қызметтік бірлігі ретінде. Нейроглия.

  2. Рефлекс, рефлекторлық доға.

  3. Жұлынның қызметтері.

  4. Ми бағанының қызметтері.

  5. Мишық қызметтері.

  6. Алдыңғы ми қызметтері.

  7. Артқы ми қызметтері.

Кіріспе. ОЖЖ-жеке физиологиясы. ОЖЖ-анатомиялық тұрғыдан жұлын, сопақша ми, артқы ми, ортаңғы миға, мишық, аралық ми мен үлкен жарты шарлар қыртысы мен қыртыс асты түйіндер, яғни алдыңғы мидан тұрады.

Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) - мүше және жүйелердің оптимальды қызмет атқаруын ұйымдастыратын және ағзаның біртұтастылығын қамтамасыз ететін, бас миы мен жұлында орналасқан жүйке түзілістерінің жиынтығы. ОЖЖ-не жұлын, артқы, ортаңғы, аралық ми, мишық, алдыңғы ми жатады. Осы құрылымдардың әр біреуі өзіне тән морфологиялық және функциональдық қасиетті иеленеді.

Артқы ми (сопақша ми мен көпір), ортаңғы ми (төрттөмпешік пен алдыңғы және артқы төмпектері мен ми аяқшалары), аралық ми (гипоталамус және таламус) ми бағанын түзеді. Алдыңғы миға үлкен жарты шарлар қыртысы мен қыртыс асты түйіндер жатады.

Нейронның қызметі, түрлері. Нейрон немесе жүйкелік жасуша - мидың құрылымдық-қызметтік бірлігі. Нейрон мынадай бөліктерден тұрады: дендрит, нейрон денесі немесе сомадан, жалғыз өсінді аксоннан; аксон төмпешігі мен кішігірім құрылымдардан.

Дендриттің қызметі келген қозуды қабылдау, ал аксонның қызметі қозуды келесі нейронға өткізу.

Нейронның түрлері: Өсінділеріне байланысты: униполярлы (жалғыз өсінділі жасуша), биполярлы (екі өсінділі жасуша), мультиполярлы (көп өсінділі жасуша).

Әсеріне байланысты: қоздырушы (бөлінген медиатор қоздырушы болса, мыс: ацетилхолин, катехоламин) және тежеуші (бөлінген медиатор тежеуші болса, мыс: ГАМҚ, глицин).

Түрлі тітіркендіргішке сезімталдығына қарай нейрондар моно-, би- және полисенсорлы деп бөледі.

Нейроглияның қызметі. Глия (желім)– бұл мидың көлемінің 10%-тін құрай отырып, нейрон арасындағы кеңістікті толтыратын, арнайы әр түрлі пішінді жасушалардан түзілген жүйке жүйесінің құрылымы.

Глиальды жасушалардың өлшемі жүйке жасушаларынан 3-4-есе кіші болып келеді, сүтқоректілердің ОЖЖ-де олардың саны 140 млрд-қа дейін жетеді. Жас ұлғайған сайын мида нейрондардың саны азайып, ал глиальды жасушалардың саны өседі.

Глияның мынадай түрлерін ажыратады: астроглия, олигодендроглия, микроглия.

Астроглия - көп өсінділі жасуша. Астроглия нейронға тірек болу қызметін атқарады, жүйке талшықтарын оқшаулап, нейронның метаболизміне қатысады.

Олигодендрологлия – бұл бір өсінділі. Ол аксонның миелинуінде, нейрондардың метаболизміне қатысады.

Микроглия - глияның өте кіші жасушалары. Оның фагоцитозға қабілеті жоғары.

Рефлекторлық доға. Әрбір рефлекстің жүзеге ауысуына, рецептордан орындаушы ағзаға жүйкелік импульс тарайтын жол рефлекторлық доға (РД) деп аталады. РД келесі 5 бөлімнен тұрады:

1. Рецептор, ол тітіркендіргіш әсерін қабылдайтын құрылым.

2. Афферентік жол, ақпаратты рецептордан ОЖЖ немесе жүйке орталығына жеткізетін жол.

3. ОЖЖ немесе жүйке орталығы -ақпаратты афференттік жолдан қабылдап, оны түзеді және талдау қызметін атқарады.

4. Эфференттік жол- талданылған ақпаратты ОЖЖ –шеткі мүшеге немесе орындаушы мүшеге жеткізетін жол.

5. Орындаушы мүше- жеткізілген ақпарат бойынша өз әрекетін өзгертеді, яғни белсенділікке өтеді.

Жұлын. Жұлын – ағзаның барлық қимыл-қозғалыс реакцияларының жүзеге асуына қатысады. Ол бастың бұлшықеттерінен басқа, барлық қаңқа бұлшықеттерін жүйкелендіреді.

Жұлын – мойын, көкірек, бел, сегізкөз, бөлімдерден тұрады.

Кескенде;а) сұр затында алдыңғы; артқы; бүйірлі (көкірек және бел) мүйіздер болады. б) Ақ затында- жұлынның өткізгіш жолдары бар .

Жұлынның артқы түбірі сезімталдылықты, ал алдыңғы түбірі қозғалысты қамтамасыз етеді. Бұл Белла-Мажанди заңдылығы деп аталады.

Жұлынның алдыңғы түбірін кескенде ® қозғалысы(-); сезімталдығы(+); ал оның артқы түбірін кескенде ® қозғалыс(+); сезімталдығы(-) болады.

Артқы ми. Сопақша ми мен варолиев көпірі артқы миды құрайды. Артқы, аралық, ортаңғы ми қосылып, ми бағанын түзеді.

Сопақша ми мұнда тіршіліктегі маңыздылары: тыныс алу, жүрек әрекеті, тамыр жағдайы, тер бөліну, асқорыту мүшелерінің реттелу орталықтары орналасқан. Осы аталған орталықтардың ерекшелігі - ол шеттен келген жүйкелік серпіністерге және тікелей өздеріне әсер ететін тітіркендіргіштерге қозады. Сопақша мидың әрбір жартысындағы тыныс алу орталығы 2 бөлікке бөлінген: Нейрондары:

а) дем алу → инспираторлы; б ) дем шығару → экспираторлы.

3-түрлі нейрон:

1) Старттық нейрон - тонусын жоғарылата отырып, орталық ішінде қозудың тұйықталуына бастама береді.

2) Біріктіруші нейрон - афферентация сигналды өңдейді және генераторлық нейрон қызметін ұйымдастырады.

3) Генераторлы нейрон – алдыңғы нейроннан бұйрық алып, тыныс алу жиілігі мен тереңдігін өзгертеді.

Ортаңғы мидың қызметтері: Ортаңғы мида төрт төмпешік (төрт төмпешіктің алдыңғы төмпегінде бір реттік көру орталығы, ал төрт төмпешіктің артқы төмпегінде бір реттік есту орталығы орналасқан) және кішігірім ядролар бар:

Қызыл ядро (қимыл, қозғалыс пен бұлшықет тонусының реттелуінде үлкен роль атқарады). Көздің жылжыту жүйкесінің ядросы (көздің жоғарғы, төменгі, мұрынға және мұрын бұрышының төменіне жылжуын реттейді). Блоктық жүйкенің ядролары (көздің жоғарғы - сыртқы жылжуын қамтамасыз етеді). Қара зат (substantio nigro) - (жұту мен шайнаудың күрделі қозғалысына тікелей қатысы бар. Қол саусақтарының кішігірім қозғалысында, мыс: жазу кезінде пластикалық тонустың реттелуінде қатысады).

Ортаңғы мидың қызметтері. Есту және көру, бағдарлау рефлекс жүзеге асырылуын- төрт төмпешіктің алдыңғы және артқы төмпектері қатысады. Күрделі қозғалыс координациясын жүзеге асырады, қара денешік қатысады. Эмоциялық тәртіп түзіледі. Дофамин қатысады, ол қара затта түзіледі.

Аралық ми. Аралық ми – ми бағанның бөлімі. Оның құрылымы, көру төмпегі таламус пен төмпек асты аймақ гипоталамус.

Таламус ядролары. 1. Арнамалы - дендриттері аз, ұзын аксонды, серпіністі тарату қызметін атқарады. 2. Бейарнамалы - қызметі бұзылса ұйқылы жағдайдың дамуы қиындайды. 3. Ассоциативтік - полисенсорлы қызметін атқаруға қаблетті мульти, би, үш өсінділі нейрондар бар.

Гипоталамус ядролары. Ағзаның гомеостаздық, тәртіптік, эмоциялық реакцияларын ұйымдастыратын аралық ми құрылымы. Қызметтік түрде гипоталамус ядросы үшке бөлінеді.

1. Алдыңғы топ ядролары – статиндер (тежейтін фактор) және (рилизинг-фактор) либериндерді түзеді. Осы топ ядролары қозуында ВЖЖ парасимпатикалық бөлімінің қозуына сай тиімділіктер туады. Мыс: брадикардия, брадипноэ және т.б.

2. Артқы топ ядросы – қозуы ВЖЖ симпатикалық бөлімінің қозуына сай тиімділіктер туады. Мыс: қарашық ұлғаяды, амин қышқылы көтеріледі, тахикардия, тахипноэ және т.б.

3. Ортаңғы топ ядросы - қан температурасы, қандағы гормон саны мен құрамының, қан плазмасына осмостық қысымы және электромагниттік құрамының өзгерісіне жауап береді.

Гипоталамустағы тіршілікке маңызды орталықтары

  • Жылу реттелу.

  • Тағамдық тәртіпті реттеу орталығы. Ашығу мен тойыну орталықтары.

  • Жыныстық тәртіпті реттеу орталығы

  • Сергектік - ұйқы циклін реттеу орталығы.

Гипофизбен тығыз байланысты: Нейрогипофиз (гипофиздің алдыңғы бөлімі) - гипоталамуста түзілген гормондар арқылы су-тұзды алмасуды, жатыр және сүт бездері қызметін реттейді. Гипоталамус және гипофизде стреске қарсы әсер ететін энкефалин, эндрофиндер түзіледі.

Ми бағананының тоникалық рефлекстері. Ми бағанының маңызды қызметі (бульбарлық, әсіресе мезэнцефальдық бөлімдердің) – ол дененің кеңістіктегі қалпына тәуелді бұлшықет тонусының қайта таралуы. Бұл рефлекстер екіге бөлінеді.

1. Статикалық рефлекс – дененің анық бір қалпында тұрғанда қаңқа бүлшықет тонусын реттейді. Бұл рефлекс тыныштықта тұрғанда, жатқанда, отырғанда бақыланады және аталған қалыптарда дененің қызметтік жағдайын қамтамасыз етеді.

2. Стато-кинетикалық рефлекс - дененің кеңістікте ауысуында бақыланады. Бұл рефлекс бұрыштық немесе сызықтық жылдамдатуда немесе аяқ-қолдар салыстырмалы түрде жылжуында, бастың нистагмы, көздің нистагмы, аяқ-қолдың көтергенде бұлшықет тонусынының қайта таралуы пайда болады.

Мишық. ОЖЖ-жоғарғы бөлімдері. Ми қыртысы жарты шарлар мен қыртысасты терінің, ми бағынның рефлекторлы реакциясының іске асырылуында маңызды рольді мишық атқарады. Мишық ағзаның барлық күрделі қозғалысы мен ерікті қозғалыс координациясына қатысады.

Мишықтың жарақаттануындағы симптомдар:

Атония - бұлшықет тонусының бірден төмендеуі; Астазия - бұлшықеттің тетанустық жиырылуының бір-бірімен қосылу қабілетті жойылады; Астения - зат алмасудың жоғарылау салдарынан бұлшықет жеңіл түрде қажиды; Дезэквилибрация - қозғалыс тепе-теңдігінің бұзылуы; Дисметрия - қозғалыстың біркелкілігі, бағыты мен жылдамдылығының бұзылуы; Атаксия - координаттар қимылы бұзылуы; Дизартрия - сөйлеу мәндерінің бұзылуы; Тремор - тыныштықта бастың, қол саусақтардың, қолдың дірілдеуі.

Лимбиялық жүйе - тәртіптің эмоциялық қажеттілігінде (жыныс, қорғайтын инстинкті, сергекті ұйқы циклы) ұйымдастыруында қатысатын ми құрылымының қызметтік бірігуі.

Лимбиялық жүйе үш бөлімнен тұрады:

1. Ежелгі. 2.Ескі. 3. Аралшықты қыртыстар.

Өздік бақылау сұрақтары:

  1. Жұлынның қызметін түсіндіріңіз.

  2. Сопақша мидың қызметі.

  3. Ортаңғы мидың құрылысы мен қызметі.

  4. Аралық миға қандай құрылымдар жатады?

Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 1 (515-543), 2.

4.13 14-дәріс. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің физиологиясы

Мақсаты: Тәртіптің биологиялық негізгі өзектілігін талдау. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің (ЖЖІӘ) типтері мен психикалық қызметтердің физиологиялық негізін оқып-білу. Анохиннің қызметтік жүйесінің жануарлардың психикалық қызметтерінің көрінісін мысал ретінде түсіндіру, ағзаның қызметтік жүйе жұмысын түсіндіру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Кіріспе

  2. ЖЖІӘ-зерттеу әдістері

  3. Шартты және шартсыз рефлекстер

  4. Ми қыртысының түзу-талдау әрекеті

  5. ЖЖІӘ-типтері

  6. Жоғарғы психикалық қызметтер.

Кіріспе. Ми- бұл ағзадағы барлық қызметтерді реттейтін орталық. Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) негізгі қызметі – осы орталыққа кіретін ми бөлімдері (алдыңғы, ортаңғы, артқы және т.б.) арқылы біртұтас ағза тәртібін жүзеге асыру.

ЖЖІӘ ағзаның сыртқы ортамен өзара әрекетін қамтамасыз ететін, ми қыртысы және оған жақын қыртыс асты құрылымдар әрекетінің күрделі түрінің жиынтығы. ЖЖІӘорталық жүйке жүйесiнiң ең маңызды, негiзгi бөлiмi. Ми қыртысы ағзада болатын өзгерiстердi алдын-ала болжап, сол өзгерiстерге ағзаны дайындайды. Оның қызметi: бiрiктiру және бейiмдеу.

Жоғарғы жүйке іс-әрекетін зерттеу әдістері:

  • Егеуқұйрықтардың тәртіптік реакциясын зерттеу

  • Егеуқұйрықтарда БҚШР құрастыру

  • Тағамды табу ШР құрастыру

  • Түрлі тестілерді қолдану барысында ЖЖІӘ-типтерін анықтау

  • Тесттер көмегімен адамның жоғарғы психикалық қызметін анықтау

Шартты рефлекс

Шартсыз рефлекс

1. Берілген анықтамасы бойынша:

-жеке даму барысында ағзаның жүре пайда болған реакциясы

-тұқымқуалау арқылы берілетін, эволюция кезінде түзіліп, бекітілген, ағзаның туа біткен реакциясы.

2. Рефлекстердің сипаттамасы бойынша:

-жеке болып табылады, тіршілік барысында тукады, бекітіледі де сөнеді.

-түрлік болып табылады, барлық адам мен жануарларда туа пайда болады.

3. Осы рефлекстердің тууы бойынша:

-тууы үшін арнайы жағдай қажет, кез-келген қабылдағыш аймақтың кез-келген тітіркендіргішінде түзілуі мүмкін.

-арнайы жағдайдың қажеті жоқ, анық бір рецепторға үйреншікті тітіркендіргіш әсер етсе, онда осы рефлекс туады.

4. Осы рефлекстердің сақталынуы бойынша:

-өзгергіш, қозғалғыш, жоғалуы немесе сөнуі мүмкін.

-тұрақты, өмір бойы сақталынады.

  1. Осы рефлекстердің жүзеге асуында қатысатын

ми құрылымдары бойынша:

-ми қыртысы.

-қыртыс пен қыртыс асты құрылымдар (жұлын, ми бағаны).

Шартсыз рефлекстердің түрлері: Инстинктшартсыз рефлекс түрi, рефлекторлы реакцияның тiзбектi түрде жүруi, яғни бір рефлекторлық реакцияның аяқталуы келесi реакцияға тiтiркендiргiш болып табылады. Инстинкттің ерекшелігі:

  • рефлекторлық реакцияның тізбекті түрде жүруі;

  • гормондық (жыныстық және ата-аналық инстинкт жыныс бездері қызметінің циклдық өзгерістерімен байланысты) және метаболиттік (мысалы: ағзаның ашығуында, ондағы зат алмасудың өзгеруіне тәуелді) факторларға тәуелділігі;

  • басымдылықтың көптеген қасиеттерімен сипатталады.

Шартты рефлекс (ШР) түрлері. Тітіркендіргішке жауаптың пайда болу уақытына байланысты ШР келесі түрлерін ажыратады:

А. 1-реттегі ШР дегеніміз - шартты тiтiркендiргiш және шартсыз тiтiркендiргiштің бірмезетте ұштастырылу барысында қалыптасатын рефлекстер.

Б. 2-реттегі ШР - оларды құрастыру барысында шартты тiтiркендiргiш, шартсыз тiтiркендiргiшпен бекiтілмегенде, УБ туады.

В. 3-реттегі ШР - екінші реттегі ШР негізінде белгісіз жаңа тітіркендіргішті пайдалану арқылы осы рефлекстерді қалыптастыруға болады.

Г. Жоғарғы реттегі ШР – бұл бұрын пайда болған шартты рефлекстердің негізінде қалыптасатын рефлекстер.

ЖЖІӘ-тежелудің түрлері. И. П. Павлов ШР зерттей отырып, мидың барлық әрекеті қозу және тежелу үрдістерінен тұрады деп тұжырымдады. И.П.Павлов бойынша қозу мен тежелу үрдістері таралуы және жинақталуы мүмкін. Өте күшті тітіркендіргіш әсер еткенде қозудың таралуы іске асырылады.

ЖЖІӘ-тежелудің 2 тобын ажыратады:

1. Шартсыз (туа біткен), оның екі түрі бар:

сөнуші, тәжірибе кезінде бөгде тітіркендіргіш әсер еткенде, адам мен жануарларда бағдарлау рефлексінің пайда болуының біртіндеп жойылуы және тұрақты, сөнбейтін ағзада патологиялық үрдістер кезінде туатын тежелулер деп екіге бөлінеді.

2. Шартты (жүре пайда болған)

Кешікпелі-тітіркендіргіштің оқшауланып әсер етуінің 20 секундтық уақытында ШР жасырын кезеңі 2-4 сек. тең.

Ажыратпалы-екі агенттің, яғни шартсыз тітіркендіргіштің тұрақты түрде бекітілуі және оның бекітілмеуінің арқасында құрастырылады.

Өшуден тежелу - шартты тітіркендіргіш шартсызбен бекітілмесе, онда тітіркендіргіш біртіндеп өзінің сигналдық мәнінен айырылады да, оған деген рефлекс өшеді.

Шартты тежегіш келесі түрде құрастырылады: шартты сигналға кез-келген қосалқы агентті байланыстырады және осы кешен шартсызбен ұштастырылмайды.

Ми қыртысының түзу-талдау әрекеті. Талдау және түзуге организмнің ішкі ортасына келіп түскен ақпараттар ұшырайды. Оның ішінде негізгі орынды миға проприорецептордан, буын мен сіңірлерден келген ақпараттар, ал адамдарда сөйлеу мүшелерінен келген ақпараттар алады.

И.М.Сеченов мидың түзу-талдау әрекетінің тегершігі- адамның заттарды сезіну және қабылдауымен тікелей байланысты екендігін дәлелдеді.

Ми қыртысының түзу және талдау әрекетінің 3 деңгейі бар:

1-деңгейі, әрбір талдағыштың рецепторында басталады. 2-деңгейі қыртыс асты түйіндерінде жүреді. 3-деңгейі ми қыртысында орындалады.

ЖЖІӘ-типтері. Темперамент – жігерлі, қызба мінез-құлықтың өткірлігі және ағзаның жалпы қызметінің жылдам құбылатындығы.

Гиппократ бойынша: а) қызу қандылар (sangvis) - тірі қандылар; ә) кілегейлі (phlegma) – кілегейлі; б) күйгілікті (cole) -өт; в) бұзылған қара өт (melancole)- қара өт.

И.П. Павлов жүйкелік үрдістің 3 қасиетін сипаттады; яғни қозу мен тежелудің күші; тепе-теңдігі; қозғалғыштығы.

1. Жүйкелік үрдістің күші – қыртыстағы жүйкелік жасушалардың күшті және кездейсоқ күшті тітіркендіргіш әсеріне үйреншікті түрде жауап беруі (холерик; сангвиник және флегматикке тән).

2. Жүйкелік үрдістің тепе-теңдігі – бұл қозу мен тежелу күшінің тепе-тең болуы (сангвиник және флегматикке тән).

3. Жүйкелік үрдістің қозғалғыштығы – қыртыстағы жүйкелік жасушалардың тітіркендіргіш әсерінен қозудың тежелуге және керісінше жағдайға өту қасиеті (холерик және сангвиникке тән).

Сонымен: 1. Күшті, қозғалғыш, тепе-тең қасиеті басым ЖЖІӘ сангвиник типі болып табылады. Осы түрге жататын жануарлар қозғалғыш, белсенді болып табылады; қозудан тежелу және керісінше жағдайға тез өте алады (5-6 тәжірибеден кейін); бұл жануарларда кешігуші ШР тез құрастырылады.

2. Күшті, қозғалғыш, тепе-теңсіз – қасиеті басым, темпераменттің холериктік (ұстамсыз) типі болып табылады.

Жануарлары өте күшті қозғыш, тежелуге қарағанда қозу басым болғандықтан, жүйкелік үрдістің тепе-теңсіздігі анықталады, оларда ШР тез құрастырылады, тежелуші (айырмашылық, тежегіш) ШР баяу және толық емес түрде түзіледі, көбіне тежеледі.

3. Күшті, тепе-теңді, инертті флегматик (салмақты) болып табылады. Инертті – қозудан тежелуге және керісінше жағдайда ұзақ түрде өту қасиеті. Жануарлары: жүйкелік жасушалары жұмысқа өте жақсы қабілетті; қозу мен тежелу үрдістері теңескен, тітіркендіргіш әсеріне үйреншікті түрде, оңай жауап береді.

4. Жүйкелік үрдістің әлсіз түрі – меланхолик. Тежелудің әлсіздігінен жүйкелік үрдістердің тепе-теңдігі мен қозғыштығы туралы ешнәрсе айтуға болмайды.

Бірінші және екінші сигналдық жүйелер. И.П. Павлов жануарларға жасаған шартты рефлекторлық әрекетін адамға оның психикасын, ерекшеліктерін есепке ала отырып, І- және ІІ-сигналдық жүйелерді ашты. Ағзаның есту, көру және т.б. рецепторларына сыртқы ортадағы заттар мен құбылыстардан келіп түсетін әсерлердің түзілуі мен талдануы І-сигналдық жүйені (адам мен жануарларға тән) құрайды. Сонымен қатар, тек қана адамдарға тән еңбек әрекеті мен әлеуметтік даму кезінде сөйлеу сигналымен байланысты ІІ-сигналдық жүйе бар. Бұл жүйенің сигналдануы, оқығандарды көру, өздігінен сөйлеу немесе дауыстап сөйлеу, естігендерді қабылдаудан тұрады. Осы сигналдық жүйелердің өзара әрекеті адамның ЖЖІӘ арнайы түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Психикалық қызмет, яғни сана, сөйлеу, ойлау, ес және эмоция, адамның интеллекттік әрекеті, тәртіптің бейімделуінің жоғарғы түрі. Интеллект – бұл адамның өмірде алған білімін табысты түрде қолдану, көбінесе шындық әрекеттен шығатын есептерді алдына қою мен оны шешу.

Психикалық әрекет – бұл шартты рефлекторлық әрекетке қарағанда, адамға тән ЖЖІӘ жаңа, өте жоғарғы деңгейі.

Адамның психикалық әрекетінің дамуының бейнелеу түрінде 2 сатысын айырады:

1. Қарапайым сенсорлы кезең, яғни қоршаған ортаны сезіну түрі мен заттардың жеке қасиетінің бейнесі (иконикалық ес). Қабылдауды сезінуден айырмашылығы – заттың біртұтас бейнелігінің салдары. Ағзаның жеке дамуында түзілетін әрекеттің нағыз (дәл) сезіну бейнелеуінің түрі – ол көзқарас. Көзқарас кеңістікте уақытша байланысын көрінетін құбылыс немесе заттың бейнелі суреті.

2. Күрделі уақытша байланыспен сипатталатын интеллект пен сананың түзілуі. Адамның психикалық әрекеті ой тастаудың сандық, сапалығымен, бейне мен түсініктің мағынасымен беріледі.

Ес. Оның түрлері. Естің түзілуіндегі ОЖЖ бөлімдерінің ролі Ес – жүйке жүйесінің негізгі бір қасиеті, яғни ағзаның реакциясы мен қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпаратты ұзақ уақыт сақтау, сонымен қатар бұл ақпаратты сана мен тәртіп аймағына шығару. Ес негізінен ойлаумен тікелей байланысты. Есте қалдыруға қарама-қарсы ол ұмыту.

Эмоция. Қызметі және түрлері. Эмоция – адамның жеке басына, қоршаған ортасына деген сезімінің қарым-қатынасын бейнелейтін психикалық қызметтің бір түрі. Ол ағзаның барлық қызметімен тікелей байланысты. Соңғы кездері эмоциялық кернеулік терең талдануда. Оның тәжірибелі маңызы өте зор. Өйткені, теріс эмоциялар ағзадағы аурудың тууына әкеліп соқтырады.

Ойлау. Оның кезеңдері. Ойлау - адамның қоршаған ортасын түйсінуі және жаңа ақпаратты қабылдауы.

Ойлаудың түрлері: Бейнелі ойлау – адам мен жануарларға тән І-ші сигналды жүйенің қызметімен сипатталады. Сөзді-логикалық - тек қана адамға тән, алаңдау-түсінікті ойлау түрі. Ол пайымдауға негізделген.

Ойлау үш кезеңнен тұрады:

1-кезең – (2-7 жас аралығы) сәби не болатынын түсінеді. Бұл жаста ойлаудың негізгі элементі болып іс-әрекет қалады. Әрекет арқылы ойлау дамиды. Бұл кезеңде ойлаумен бірге сөйлеу дамиды.

2-кезең – (7-10 жас аралығы) нақты түсінікті қолдану және логикалық талдау іске асырылады. Бұл кезеңде қыртыс аралық байланыс түзіледі.

3-кезең – (11-15 жас аралығы) сөзді логикалық ойлау түрімен байланысты болжамды бағалау жүзеге асырылады.

Ұйқы және гипноз. Ұйқы – ағзаның демалысын қамтамасыз ететін ми белсенділігінің төмендеуіндегі циркадианды биоырғақ. Бұл кезде ағзаның жасанды қалпының тұрақтандырылу механизмі және сана толығымен жойылады, талдағыштың сезімталдылығы төмендейді. Нейронның қажуын тудыратын тітіркендіргіштер ұйқыны дамытады. Ұйқының дамуын шартты рефлекторлық тітіркендіргіштер (жарық, дыбыс, соматикалық және т.б.) жылдамдатады. Қалғу алдында есінеу, ыңғайлы қалыпты қабылдау, сыртқы ортамен байланыстың үзілуі, сананың төмендеуі бақыланады. Ұйқы кезінде бездердің – сілекей (ауыздың құрғауы), жас (көздің ашуы, қабақтардың қосылуы), секреторлық әрекеті төмендейді, брадикардия және брадипноя, гипотензия байқалады және дене температурасы, АІЖ моторикасы төмендейді.

Ұйқының түрлері:

1. Табиғи ұйқы: кезеңді тәуліктік және кезеңді мезгілдік (монофазалық, дифазалық және полифазалық).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]