Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Физиология.doc
Скачиваний:
1293
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
4.44 Mб
Скачать

7 Студенттердің білімін бақылауға арналған материалдар

Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған тесттік тапсырмаларының үлгілері

1. Сүтқоректілердің қанындағы белок мөлшері:

А) 2-4 %;

В) 1-2 %;

С) 6-8 %;

D) 10-11 %;

Е) 2,5-3 %.

2. Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы деген:

А) гомеостаз;

В) диффузия;

С) жүйкелік реттелу;

D) гуморальды реттелу;

Е) белоктар алмасуы.

3. Гемоглобиннің атқаратын ең басты қызметі:

А) Қорғаныш;

В) Жылу реттеуші;

С) Буферлік;

D) Коррелятивтік;

Е) Байланыстырушы.

4. Гемолиз деген:

А) эритроциттер санының көбеюі;

В) эритроциттердің ыдырауы;

С) лейкоциттер санының көбеюі;

D) эритроциттер санының қан қорларындағы мөлшеріне байланысты көбеюі;

Е) эритроциттер қабығы жарылып, гемоглобиннің плазмаға шығуы.

5. Қанның максимальды қысымы:

А) үлкен қан айналым шеңберіндегі қысым;

В) систола кезінде артерияларда байқалатын қысым;

С) кіші қан айналым шеңберіндегі қысым;

D) қолқадағы қысым;

Е) диастола кезінде артерияларда байқалатын қысым.

6. Қанның қан айналым жүйесінде қозғалуының себептерін, жағдайын, механизмін зерттейтін физиологияның саласы:

А) қансырау;

В) қан айналым;

С) гемодинамика;

D) гидравлика;

Е) баллистика.

7. Жүрек жұмысының графиктік бейнесі:

А) Кардиограмма;

В) фонокардиограмма;

С) сфигмограмма;

D) руминограмма;

Е) энцефалограмма.

8. Оң жүрекше мен оң қарынша арасында орналасқан қақпақша:

A) қос жармалы;

B) жарты айшық;

C) сфинктер;

D) қалталы;

E) үш жармалы.

9. Пневмография әдісі:

А) 1-реттік өкпелік көлемдерін тіркеу;

В) өкпенің тіршілік көлемін және сыйымдылықтарын графиктік тіркеу;

С) өкпе желдетілуінің минуттық көлемін жазу;

Д) 1 мин. тыныс алу қозғалыстарын санау;

Е) тыныс алу қимылдарын жазып алу.

10. Тыныс алу жиілігінің төмен болуы:

A) тахикардия;

B) тахипноэ;

C) брадикардия;

D) брадипноэ;

E) апноэ.

11. Сүтқоректiлер мен құстардың тыныс мүшелерінің айырмашылықтары:

А) диафрагма болмауы;

B) кеңiрдек болмауы;

C) өкпенiң болуы;

D) ауа қапшықтарының болуы;

E) кеңсерiк қуысының болуы.

12. Сілекей бөлу:

A) рефлекторлы жолмен атқарылады;

B) ырықты атқарылады;

C) ырықсыз атқарылады;

D) ас қорытуға жауап ретінде бөлінеді;

E) жүйке арқылы атқарылады.

13. Қарын сөлі ферменттері мына жасушаларда түзіледі:

A) негізгі;

B) көмкерме;

C) қосымша;

D) негізгі және қосымша;

E) көмкерме және негізгі.

14. Пепсин ферменті мынадай заттарға әсер етеді:

A) май эмульсиясына;

B) ісінген белоктарға;

C) табиғи белоктарға;

D) казеиногенге;

E) жеңіл қорытылатын көмірсуларға.

15. Жылқыларда клетчатканың негізгі бөлігі:

A) қарында ашиды;

B) ащы ішекте ашиды;

C) мықын ішекте ашиды;

D) бүйенде ашиды;

E) қартада ашиды.

16. Ұйқы безінің секреторлық қызметі:

A) секретиннің әсерімен жанданады;

B) энтерогастриннің әсерімен жанданады;

C) вилликиннің әсерімен жанданады;

D) холоцистокиннің әсерімен жанданады;

E) энтерокиназаның әсерімен жанданады.

17. Қабылданған азықты лоқсып, мардымды шайнап, қайта жұту процесі:

A) кекіру;

B) күйіс қайыру;

C) күйістеу мерзімі;

D) жусау;

E) ауыздағы ас қорыту.

18. Витаминдер ағзадағы атқаратын рөлі:

A) энергетикалық;

B) құрылымдық;

C) дене қоры;

D) электролиттік;

E) реттеуші.

19. Көмірсу алмасуының соңғы өнімдері:

A) мочевина, креатин, гиппур қышқылы, несеп қышқылы;

B) кетонды денелер;

C) глюкоза, фруктозадан түзілетін СО2, су және АТФ;

D) гликоген, галактоза, глюкоза, фруктоза;

E) глицерин, май қышқылдарынан түзілетін СО2, су және АТФ.

20. Химиялық жылу реттелу келесі процестерді еңгізеді:

A) жылу өткізгіштік;

B) зат алмасу қарқындылығының өзгеруі;

C) жылу бөлу;

D) конвекция;

E) булану.

21. Жоғарғы қыртыс астындағы зат алмасуды реттейтін орталық:

A) сопақша мида орналасқан;

B) гипоталамуста орналасқан;

C) таламуста орналасқан;

D) лимбиялық жүйеде орналасқан;

E) мишықта орналасқан.

22. Үй жануарлары қай топқа жатады?:

A) пойкилотермиялы жануарларға;

B) гомойотермиялы жануарларға;

C) гетеротермиялы жануарларға;

D) гипертермиялы жануарларға;

Е) гипотермиялы жануарларға.

23. Ассимиляция процесінің мәні:

A) зат алмасу өнімдерінің түзілуі;

B) зат алмасу өнімдерінің ыдырауы;

C) ыдырау өнімдерінің түзілуі мен ыдырауы;

D) ыдырау өнімдерін бөліп шығару;

E) ағзадан бөліп шығару.

24. Олигоурия – бұл:

A) несеп көлемінің артуы;

B) несептің тәуліктік мөлшерінің азаюы;

C) несеп бөлінуінің тоқтауы;

D) түнге қарағанда күндіз несептің көп бөлінуі;

E) несеп қышқылдылығының артуы.

25. Несептің патологиялық компоненті:

A) мочевина, креатинин, креатин, амин қышқылы, несеп қышқылы, гиппур қышқылы;

B) креатинин;

C) несеп қышқылы;

D) белок, қан, кетондық дене, глюкоза, билирубин, уробилин;

E) гиппур қышқылы.

26. Бүйректің морфо-қызметтік бірлігі:

A) аксон;

B) тамырлы шумақ;

C) бүйрек каналшалары;

D) нейрон;

E) нефрон.

27. Нефронда жүретін процесс:

A) алғашқы зәр түзілу;

B) қайта сору;

C) соңғы зәр;

D) сүзу;

E) заласыздандыру.

28. Эпокриндік бездер:

A) сұйық секрет бөледі, құрылым ерекшеліктері бұзылмайды;

B) май тектес заттар көп шайырлы тер бөледі, құрылым ерекшеліктер бұзылады;

C) сұйық секрет бөледі, құрылым ерекшеліктері бұзылады;

D) май тектес заттар көп шайырлы тер бөледі, құрылым ерекшеліктер бұзылмайды;

E) жай бездер.

29. Глюкокортикоидтардың бөлінуі стрестің мына сатысында тоқтайды:

A) дабыл;

B) төзімділік;

C) титықтау;

D) бейімделу;

E) көндігу.

30. Қалқанша без қызметінің әлсіреуінен туатын ауру:

A) микседема;

B) тетания;

C) базед ауруы;

D) аддисон ауруы;

E) диабет ауруы;

31. Қан қысымын жоғарылатып, бүйректегі судың кері сорылуын күшейтетін гормон:

A) вазопрессин;

B) окситоцин;

C) адреналин;

D) пролактин;

E) инсулин.

32. Статиндер:

A) тропты гормондардың бөлінуін тежейді;

B) тропты гормондардың бөлінуін үдетеді;

C) гипоталамустың нейросекрециясын күшейтеді;

D) рилизинг гормондардың бөлінуін жандандырады;

E) гипоталамустың нейросекрециясын тежейді.

33. Тұз-су алмасуын реттейтін гормон:

A) инсулин;

B) кортизол;

C) кальцитриол;

D) глюкагон;

E) альдостерон.

34. Жыныстық жетілуден соң аналық мал ағзасында мезгіл-мезгіл қайталанатын морфо-физиологиялық және биохимиялық өзгерістер жиынтығы:

A) жыныстық көбею;

B) күйлеу;

C) жыныстық айналым;

D) шылымдану;

E) жыныстық қозу.

35. Фолликуланың жарылып, аналық жасушадан босап шығуы:

A) овогенез;

B) овуляция;

C) ұрықтану;

D) зигота;

E) шылымдану .

36. Сүттің құрамына енетін қант:

A) глюкоза;

B) мальтоза;

C) фруктоза;

D) лактоза;

E) галактоза.

37. Физиологиялық тұрғыдан лактация дегеніміз:

A) сүттің пайда болу процесі;

B) сервис кезең;

C) сүттің бөліну кезеңі;

D) сүттің жиналу кезеңі;

E) сүттің пайда болуы, жиналуы және бөлінуі.

38. Жыныс безінің гормондары:

A) норадреналин, адреналин;

B) паратгормон;

C) глюкагон, инсулин;

D) андроген, эстроген, тестостерон;

E) глюкокортикоид, минералокортикоид.

39. Сары денешiктi бөлетiн гормон:

A) прогестерон;

B) фолликула жандандырушы;

C) гонадотропты;

D) тестостерон;

E) андростерон.

40. Жоғары жүйке іс-әрекетін қамтамасыз ететін құрылым:

A) торлы құрылым;

B) гипоталамус;

C) үлкен жарты шарлар қыртысы;

D) аралық ми;

E) ортаңғы ми.

41. Гипноз кезінде тежелу процесі:

A) ми қыртысын толық қамтиды;

B) Қыртыстың белгілі бөлігін ғана қамтиды;

C) қыртыс асты ядроларды қамтиды;

D) торлы құрылымды қамтиды;

E) гипоталамусты қамтиды.

42. Хронаксия:

A) реобаза әсеріне қажет ең аз уақыт;

  1. екі еселенген реобаза әсеріне қажет ең көп уақыт;

  2. реобаза әсеріне қажет ең көп уақыт;

  3. екі еселенген реобаза әсер ету үшін қажет ең аз уақыт;

E) тітіркендіргіш әсерінің мерзімі.

43. Тетанус:

A) бұлшық еттің әлсіз жиырылуы;

B) бұлшық еттің күшті жиырылуы;

C) еттің қатаюы;

D) еттің қарыса ұзақ жиырылуы;

E) ет тонусының төмендеуі;

44. Тітіркеністі қабылдайтын жасушалар:

A) афферентті немесе сезімтал жасушалар;

B) эфферентті немесе қозғағыш жасушалар;

C) ендірме немесе аралық жасушалар;

D) афферентті және эфферентті;

E) эфферентті және сезімтал.

45. Шартсыз рефлекстер:

A) жүре бітеді;

B) туа бітеді;

C) өзгермелі болады;

D) жеке дараққа тән;

E) қыртыстық рефлекстер .

46. Екінші сигналдық жүйе қандай тітіркендіргішпен байланысты?

A) химиялық;

B) физикалық;

C) механикалық;

D) сөзбен;

E) биологиялық;

47. Қозған жасушада мембрана деполяризацияланып, қайта зарядталады да, оның беткейлерінде мынадай зарядтар байқалады:

A) сыртқы беткейі +, ішкі беткейі -;

B) сыртқы беткейі -, ішкі беткейі +;

C) сыртқы беткейі -, ішкі беткейі -;

D) сыртқы беткейі +, ішкі беткейі +;

E) заряд өзгермейді.

48. Электроэнцефалограмма деген не:

А) Жүрек биотоғын тiркеу;

B) Үлкен жарты шарлар қабығының биотоғын тiркеу;

C) қарын биотоғын тiркеу;

D) ішек биотоғын тiркеу;

E) бауыр биотоғын тiркеу.

49. Талдағыштарлар мына буындардан тұрады:

A) рецепторлық және қыртыстық;

B) эфференттік және афференттік;

C) афференттік және рецепторлық;

D) рецепторлық, афференттік, қыртыстық және эфференттік;

E) рецепторлық, өткізуші және қыртыстық бөлімдерден.

50. Есту талдағыштарының рецепторы:

A) Корти мүшесі;

B) вестибулалық аппарат;

C) Рейснер мембранасы;

D) жарғақты лабиринт;

E) жартылай иірімді түтікшелер .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]