Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Физиология.doc
Скачиваний:
1293
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
4.44 Mб
Скачать

5 Зертханалық-тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

5.1 1-сабақ. Физиологиялық зерттеуге арналған аспаптар мен тәсілдерімен танысу, бекіндіру және наркоз

Физиология – эксперименттік ғылым. Оның негізгі әдісі тәжірибе жүргізу. Эксперименттік әдіс үш нұсқада қолданылады: жедел, созылмалы тәжірибелер және жеке мүшелердің қызметін модельдеу. Жануарлармен тәжірибе жүргізген кезде И.П.Павловтың нұсқауларына сүйене отырып, ағзаның біртұтастық принципін бұзбайтын әдісті ғана қолдануға болады.

Сабақтың мақсаты: Физиология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдардың, физиологияның негізгі даму кезеңдері туралы түсінік қалыптастыру; Студенттерді физиология сабағында қолданылатын құрал-жабдықтармен таныстырып, эксперимент жүргізу және алынған нәтижелерге қорытынды жасай білуге үйрету.

Қауіпсіздік техника ережелерімен таныстырып, оларды міндетті түрде сабақ үстінде тәжірибе барысында сақтау қажет:

- зертханада тамақ, су ішуге, қатты сөйлеуге тыйым салынады;

- жұмыс істеген кезде арнайы киім (халат, чепчик) болу қажет;

- электр аспаптармен жұмыс істер алдында электр желісінің дұрыстығын тексеріп, сымның ұшында арнайы айыршасы болу қажет;

- жануарлармен жұмыс істеген кезде, әр түрлі зақымдаулардан сақтану үшін оларды алдын-ала бекіту қажет;

- жануарларды матап-байлау және кездейсоқ жарақаттанғандағы алғашқы жәрдем әдістерін алдын-ала үйрену қажет;

1-жұмыс. Зертханалық аспаптар мен құрал-жабдықтарды (электростимулятор, руминограф, миографтар, штативтер, кимограф, Сали гемометрі, Горяев камерасы, Панченков аппараты, меланжерлер, вискозиметр және т. б.) көрсетіп, оларды сабақта пайдалана білуге үйрету.

2-жұмыс. Жануарларды матап-байлау, бекіту әдістерімен таныстыру.

3-жұмыс. Жануарларға шектелген және жалпы наркоз беру.

Жануарларға наркоз, анестезия немесе операция жасау кезінде асептика және антисептика талаптарын есте сақтау қажет.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Физиология пәнінің мазмұны, мақсаты және салалары.

  2. Физиология пәнінің басқа ғылымдармен байланысы. Маңызы.

  3. Физиология ғылымының даму тарихы. Зерттеу әдістері.

  4. Тірі ағза туралы түсінік (тіршілік). Физиологиялық қызметтер мен процестер. Биологиялық реакциялар.

  5. Ағзаның және сыртқы ортаның біртұтастығы. Ағзаның біртұтастығы. Ағза қызметтерінің реттелуі.

  6. Физиологиялық зерттеуге арналған аспаптар мен тәсілдер, бекіндіру және наркоз.

  7. Жануарларды матап-байлау, бекіту тәсілдері.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(5-24); 7(3-12).

5.2 2-сабақ. Жануарлардан қан алу. Қан сарысуы мен плазмасын бөлу, фибринсіз қан дайындау, ерітінділерді дайындау

Ағзаның әр түрлі жүйелерінің қызметін зерттеу кезінде жануарлардан қан алып, оларға зерттеу жұмысын жүргізу. Зерттеулер қанның өзінде, қан сарысуында не плазмасында өткізіледі.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді әр түрлі жануарлардан қан алу әдістерімен таныстыру. Қанның сарысуы, плазмасын және фибринсіз қан дайындау әдістерін үйрену. Ерітінділер дайындау әдісін меңгеру, изо-, гипер- және гипотониялық ерітінділерді дайындап, эритроциттерге тигізетін әсерін зерттеу.

1-жұмыс. Әр түрлі жануардарда қан алу тәсілдерін үйреніп, қояннан қанды алу (аз және көп мөлшерде).

2-жұмыс. Алынған қаннан қан сарысуын, плазмасын бөлу және фибринсіз қан дайындау.

3-жұмыс. Практикум бойынша изо-, гипер- және гипотониялық ерітінділерді дайындап, эритроциттерге тигізетін әсерін анықтау. Тәжірибе нәтижелерін салыстырып қорытынды жасау.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Қан. Қан плазмасының химиялық құрамы.

  2. Қан сарысуы. Оны бөліп алу әдісі.

  3. Изо-, гипер- және гипотониялық ерітінділер.

  4. Қанның осмостық және онкотикалық қысымы.

  5. Малдан қан алу тәсілдері.

  6. Қан және оның құрамы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(5-24); 7(12-27).

5.3 3-сабақ. Қанның физика – химиялық қасиеттерін зерттеу. Лейкоцитер

Қанда сұйық ортаға тән көптеген физикалық және химиялық қасиеттер бар. Физикалық қасиеттерге тұтқырлық, тығыздық, химиялық қасиеттерге- қанның әрекетшіл ортасы (рН), буферлік касиеттері т.с. жатады.

Қан құрамының шамамен 60 пайызы плазмадан, 40 пайызы – қан жасушаларынан немесе қан түйіршіктерінен тұрады (лейкоциттер, эритроциттер мен тромбоциттер). Лейкоциттер немесе қанның ақ түйіршіктері - ағзада қорғаныштық қызметті атқарады.

Сабақтың мақсаты: Қанның физикалық және химиялық қасиеттерімен танысу және оларды анықтау әдістерін меңгеру. Практикум бойынша тапсырмаларды орындау.

1-жұмыс. Қан тығыздығын анықтау. Қанның, плазманың және қан сарысуының тығыздықтарын түрлі әдістермен анықтау. Гоммершлаг сұйығы, Косяков әдісі және ареометр аспабы арқылы анықтау. Нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.

2-жұмыс. Қанның, плазманың және қан сарысуының тұтқырлығын Рожанский әдісімен және вискозиметр аспап арқылы анықтау. Нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.

3-жұмыс. Лейкоциттердің санын анықтау. Горяев камерасының торын суретке салу және формула арқылы 1мм3 зерттелетін қандағы лейкоциттердің санын шығару. Нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Қанның атқаратын қызметтері.

  2. Қанның физикалық - химиялық жалпы қасиеттері.

  3. Қышқылдық-негіздік тепе-теңдік. Буферлік жүйе. Ацидоз, алкалоз.

  4. Қандағы кан түйіршіктерінің сипаттамасы. Құрылысы мен қызметтері.

  5. Гемолиз және оның түрлері.

  6. Лейкоциттердің құрылысы мен қаситеттері. Лейкоформула.

  7. Лейкоциттердің атқаратын қызметтері. Лейкоциттердің саны және оған әсер ететін факторлар.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(25-46); 7(27-38, 43-46).

5.4 4-сабақ. Эритроциттер. Гемоглобин және оның қосылыстары

Эритроциттер немесе қанның қызыл түйіршіктері, сүтқоректі жануарларда ядросыз, екі бүйірі қысыңқы дөңгелек табақша пішіндес жасушалар. Олардың негізгі қызметі қанмен оттегін және көмірқышқыл газын тасымалдау. Бұл процесті эритроциттердің құрамында болатын ерекше белок – гемоглобин атқарады. Гемоглобин - гем (4%) және глобиннен (96%) тұрады. Гемоглобиннің қандағы жалпы мөлшері 14-16%.

Сабақтың мақсаты: Эритроциттерді санау тәсілін меңгеру және олардың санын анықтау. Сали әдісі бойынша қандағы гемоглобин мөлшерін анықтауды, гемин кристалдарын алуды және қанның реңдік (түстік) көрсеткішін анықтауды меңгеру. Практикум бойынша тапсырмаларды орындау.

1-жұмыс. Қанды сұйылтып, эритроциттердін санын Горяев камерасы арқылы санау.

2-жұмыс. Гематин әдісі бойынша және ФЭК аспабы арқылы гемоглобин мөлшерін анықтау. Нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.

3-жұмыс. Гемин кристалдарын алу және микроскоп арқылы көріп, суретін салу.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Қандағы қан түйіршіктерінің сипаттамасы. Құрылысы мен қызметтері.

  2. Эритроциттер, олардың құрылысы, құрамы мен атқаратын қызметі.

  3. Әр жануарлардың қанындағы эритроциттер саны.

  4. Эритроциттер санын анықтаудың клиникалық маңызы.

  5. Гемоглобин, оның құрамы, қасиеттері, қызметі.

  6. Гемоглобиннің газдармен қосылыстары.

  7. Гемоглобиннің мөлшерін анықтау әдістері және оның маңызы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(25-46); 7(38-43).

5.5 5-сабақ. Түсті көрсеткіш, эритроциттердің тұну жылдамдығы. Гемолиз және оның түрлері

Ұю процесінен кейін қанды сақтап қойғанда, эритроциттер біртіндеп тұна бастайды. Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) олардың қандағы санына, плазманың физикалық-химиялық қасиеттеріне, оның құрамындағы белоктардың концентрациясына, ағзаның физиологиялық жағдайына қарай өзгеріп отырады. Соңдықтан, ЭТЖ анықтаудың клиникалық маңызы зор.

Сабақтың мақсаты: Эритроциттердің тұну жылдамдығы мен осмостық тұрақтылығын анықтау әдістерін игеру және гемолиз құбылысын бақылау. Практикум бойынша тапсырмаларды орындау.

1-жұмыс. Қанның түстік көрсеткішін арнайы формула арқылы анықтау.

2-жұмыс. Қан плазмасының эритроциттердің тұну жылдамдығына тигізетін әсерін анықтау. Панченков аппаратының суретін салу. Нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.

3-жұмыс. Эритроциттердің осмостық тұрақтылығын анықтау (ЭОТ). Осмостық гемолиздің схемасын салу. Нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.

4-жұмыс. Гемолиз құбылысын бақылау.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Қандағы қан түйіршіктерінің сипаттамасы. Құрылысы мен қызметтері.

  2. Қанның түстік көрсеткіші және оны анықтаудын маңызы.

  3. ЭТЖ және оның механизмін түсіндіретін теориялар.

  4. Әр түлік мал эритроциттерінің тұну жылдамдықтары.

  5. Клиникада ЭТЖ мен ЭОТ анықтаудың маңызы және оларға әсер ететін факторлар. ЭТЖ мен ЭОТ анықтау әдістері.

  6. Гемолиз және оның түрлері.

  7. Қанның ұюы.

  8. Қан топтары. Плазманың антиген және эритроциттердің антитектері.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(47-63); 7(52-61).

5.6 6-сабақ. Жүректің құрылысы мен қызметі

Жүрек – қан айналым жүйесінің орталық мүшесі. Жүректің жұмысы жүрек етінің алма кезек жиырылып, босаңсу нәтижесінде атқарылады. Жүрек етінің жиырылуын систола, босаңсуын – диастола дейді. Босаңсығаннан кейін жүрек еті біраз уақыт тыныштық күйде қалады, оны жалпы тыным (пауза) деп атайды. Жүректің бір рет жиырылып, босаңсып, жалпы тынымнан өтетін мерзімін жүрек айналымы (циклі) деп атайды.

Жүрек жұмысы бірнеше сырт белгілерімен бейнеленеді (жүрек соғысы, жүрек үні). Осы сырт белгілеріне қарай жүректің орналасу жағдайын, оның жұмыс ырғағын, соғу жиілігін, қақпақшаларының күйін анықтауға болады.

Сабақтың мақсаты: Бақа жүрегінің жұмысын кимографпен жазып алу әдісін игеру, жүрек циклінің фазаларын анықтау. Жүрек жұмысының сырт белгілерін анықтау әдістерін меңгеру.

1-жұмыс. Жүрек жұмысын кимограф арқылы қисықтарды жазып, жүрек фазаларын анықтау.

2-жұмыс. Жүрек қақпақшаларының жұмысын бақылау.

3-жұмыс. Жүрек жұмысын зерттеудің клиникалық әдістермен танысу (қарау, аускультация, перкуссия).

4-жұмыс. Жүрек үнін, қағысын анықтау. Артериалық пульсті – тамыр соғу жиілігін анықтау. Жүрек жұмысына қимылдың, дене жұмысының әсерлерін зерттеу. Қорытынды жасау.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Жүректің құрылысы.

  2. Қан айналым шеңберлері.

  3. Жүрек қақпақшалары, олардың маңызы.

  4. Жүректің жұмысы. Жүрек айналымының кезеңдері мен сатылары.

  5. Жүрек қағысы, оның пайда болуы.

  6. Жүректің систолалық және диастолалық үндері.

  7. Жүрек жұмысының сырт белгілерін зерттеуде қолданатын әдістер.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(25-46); 7(38-43).

5.7 7-сабақ. Жүрек бұлшықеттерінің қасиеттері. Электрокардиография

Жүрек еттеріне қаңқа еттері сияқты қозғыштық, жиырылғыштық, қозу толқының өткізгіштік қасиеттері тән. Жүрек еттерінің үнемі, үздіксіз жиырылуын автоматизм деп атайды. Жүректің бұл қасиеті өткізгіш жүйенің қызметіне байланысты. Қозу үстіндегі жүрек еттерінің қандай да болмасын тітіркендіруге жауап бермейтін қасиетін рефрактерлік деп атайды.

Жүректің қозуы кезінде биоток пайда болады. Бұл жүрек еттерінің қозу ерекшеліктеріне байланысты. Жүректің биотогы барлық денеге таралады, сондықтан ағзаның кейбір аймақтарына электродтарды қосу арқылы, жүректің биотогын электрокардиографпен жазып алуға болады.

Сабақтың мақсаты: Жүрек бұлшықетінің негізгі физиологиялық қасиеттері, жүрек бұлшықетінің автоматия механизмін, қанның қан тамырларында бөліну механизмін түсіндіру, артериялық қысымды тіркеуді үйрену және жүрек әрекетінің сыртқы көрінісін талдау. Жүрек етінің рефрактерлік, қозғыштық, автоматизм және өткізгіштік қасиеттерімен танысу.

1-жұмыс. Бақа жүрегінің экстрасистола мен теңгерме тынымын (паузасын) тіркеу. Жүрек автоматизмін бақылау.

2-жұмыс. Станниус тәжірибелерін меңгеру және талдау. Кестені толтыру, қорытынды шығару.

3-жұмыс. Жүрек етінің қозуы кезінде пайда болатын биотокты анықтау. Келликер тәжірибесін жасау. Электрокардиография әдісімен таныстыру.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Жүрек етінің морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері.

  2. Жүрек рефрактерлігі, оның кезеңдері.

  3. Жүректің автоматизмі, оның табиғаты.

  4. Экстрасистола және теңгерме үзіліс. Рефрактерлік кезеңнің жүрек жұмысы үшін маңызы.

  5. Жүрек биотогы.

  6. Электрокардиография әдісінің жұмыс принципі.

  7. Электрокардиограмма және оны талдау принциптері.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(65-90); 7(61-72).

5.8 8- сабақ. Жүрек қызметінің реттелуі

Жүректің қызметі парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелермен орталық жүйке жүйесінен келетін импульстер арқылы реттелінеді. Бұл жүйкелер жиырылу жиілігіне (хронотроптық), жүрек еттерінің жирылу күшіне (ионотроптық), жүрек қозғыштық қабілетіне (батмотроптық), жүректің өткізгіштік қасиетіне (драмотроптық) және жүрек етінің тонусына (тонотроптық) әсер етеді. Кезеген жүйке жүрекке теріс, ал симпатикалық жүйке бес түрлі оң әсер етеді.

Сабақтың мақсаты: Жүректің қызметіне жүйкелердің, гормондардың жене электролиттердің әсерін анықтау.

1-жұмыс. Даньини-Ашнер және Гольц тәжірибелері. Рефлекс доғасын талдау және қорытынды жасау.

2-жұмыс. Бақа жүрегінің жұмысына кезеген жүйкенің әсерін анықтау. Нәтижесін салыстыру, қорытынды жасау.

3-жұмыс. Адреналин, ацетилхолин, кальций және калий иондарының оқшауланған жүрек жұмысына әсері. Кимограмманы салу. Талдау және қорытынды жасау.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Жүрек жұмысының интракардиальдік және экстракардиальдік реттеу механизмдері.

  2. Жүректің қызметінің жүйкелік жолмен реттелуі.

  3. Жүректің қызметіне симпатикалық және кезеген жүйкелердің әсері.

  4. Жүрек қызметінің гуморальды жолмен реттелуі.

  5. Медиаторлар, олардың жүрекке әсері.

  1. Тамыр реттейтін орталық, оның құрылысы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(65-90); 7(72-76).

5.9 9-сабақ. Қан айналым физиологиясы

Жүрек еттерінің жиырылу күшінің әсерінен қан тамырында қан үздіксіз бір бағытта жылжып ағады. Қанның бір бағытта ағуы қан тамырларындағы қысымның деңгейіне байланысты: қан қысымы жоғары жақтан қысымы төмен жаққа қарай ағады. Осы себептен қан қолқадан артерияларға, артериялардан артериолаларға, олардан капиллярларға, ал одан әрі вена тамырларына өтеді.

Сабақтың мақсаты: Әр түрлі жануарларда артериялық қысымдарын өлшеу әдісімен танысу. Адамның артерия тамырындағы қысымды анықтау.

1-жұмыс. Пьезометрмен тәжірибе жасау. Сфигмоманометрдің (тонометр) құрылысы мен жұмыс істеу тәртібін меңгеру.

2-жұмыс. Қойдың сан артериясында қысымды өлшеу. Әр түрлі жануарларда артериялық қысымды өлшеу әдістері және көрсеткіштерін жазып алып, жаттау.

3-жұмыс. Адамның артерия тамырындағы қысымды анықтау. Қалыпты жағдайда және физикалық жүктемелерден кейін қан қысымының мөлшерін анықтау.

Ағымдық бақыладың сұрақтары :

  1. Қан тамырларының құрылымдық және қызметтік ерекшеліктері.

  2. Тамыр тонусын реттейтін орталық, оның құрылысы.

  3. Тамыр арнасын кеңейтетін және тарылтатын жүйкелер.

  4. Тамыр арнасының гуморальды жолмен реттелуі.

  5. Артериялық қысымды өлшеу.

  6. Лимфа және лимфа айналымы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(90-117); 7(76-82).

5.10 10-сабақ. Тыныс алу мүшелерінің қызметін зерттеу. Тыныс алу жиілігін анықтау және өкпе дыбыстарын тыңдау

Тыныс алу процесі бірнеше кезеңге бөлінеді: 1) сыртқы орта мен өкпе альвеолалары арасындағы ауа алмасу, немесе сыртқы тыныс; 2) өкпе альвеолалары мен қан арасындағы газ алмасу, өкпедегі газ алмасу; 3) қанның газдарды тасымалдауы; 4) қан мен ұлпалар арасындағы газ алмасу немесе ішкі тыныс; 5) жасушалардың оттегіні пайдаланып, көмірқышқыл газын бөлуі.

Сүтқоректі жануарларда сыртқы тыныс өкпе арқылы жүреді. Өкпе альвеолалары мен сыртқы орта арасында ауа алмасуы көкірек қуысының қозғалыстары нәтижесінде жүзеге асырылады. Тыныс алу механизмінде плевралық қуыстағы теріс қысымның маңызы өте зор, ол өкпенің көкірек қуысының қимылдарын еркін қайталауына мүмкіндік береді.

Сабақтың мақсаты: негізгі тыныс алу кезеңдері, тыныс алу рефлексінің механизмі, тыныс алу жүйесінің реттелу принципін түсіндіру. Жануарлардың тыныс алуын бақылау, тыныс қозғалыстарын жазу арқылы зерттеу. Практикум бойынша тапсырмаларды орындау.

1-жұмыс. Тыныс алу кезінде қабырға мен көк ет қозғалыстарын бақылау. Дондерс моделі.

2-жұмыс. Тыныстық және минуттық көлемдерді анықтау.

3-жұмыс. Жануардың тыныс алу жиілігін анықтау. Тыныштық жағдай мен жұмыс атқарғаннан кейін тыныс жиілігіне салыстырмалы түрде қорытынды жасау.

4-жұмыс. Өкпе дыбыстарын тыңдау (аускультация).

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Тыныс алудың биологиялық маңызы.

  2. Тыныс механизмін. Плеврааралық қуыстағы теріс қысымның маңызы.

  3. Тыныс жолдарының қызметі.

  4. Өкпе мен ұлпаларда газ алмасу процесі.

  5. Әр түрлі жануарлардың тыныс алу жиілігі.

  6. Өкпенің серпімділік қасиеті. Сурфактанттың өкпені серпімділік күшпен қамтамасыз етудегі маңызы.

  7. Өкпедегі тіршіліктік сыйымдылығы; өкпе көлемдері және олардың маңызы.

  8. Сыртқы тынысты зерттеу әдістері.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(125-153); 7(82-96).

5.11 11-сабақ. Спирометрия және пневмография

Тыныс алу – дем алу (инспирация) мен дем шығару (экспирация) процестерінен құралған. Бұл процестер арнайы инспираторлық және экспираторлық еттердің қызметінің арқасында жүреді. Инспираторлық еттерге – сыртқы қабырға аралық, қабырға көтергіш, дорсальді тісті инспиратор, сатылы қабырға үсті еттер жатады. Экпираторлық еттерге – ішкі қабырға аралық, дорсальді тісті экспиратор, тура және қиғаш құрсақ еттері, диафрагма жатады.

Өкпе мен ұлпаларда газ алмасу процесі газдардың үлес қысымының айырмасына байланысты өтеді.

Сабақтың мақсаты: тыныс алу жүйесінің реттелу принципін түсіндіру. Өкпенің тіршілік сиымдылығын анықтау және пневмография әдісімен танысу. Практикум бойынша тапсырмаларды орындау.

1-жұмыс. Спирометрия. Ауаның қалыпты тыныс алудың, резервті және қосымша ауа көлемін анықтау. Нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.

2-жұмыс. Пневмография. Тыныс алу қозғалыстарын (қалыпты жағдайда, сөйлегенде, жөтелгенде т.б.) жазу және талдау. Пневмограмманың суретін салу, қорытынды жасау.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Тыныс алу. Тыныс алу фазалары мен сатылары.

  2. Сыртқы тынысты зерттеу әдістері.

  3. Өкпенің қосалқы қызметтері.

  4. Өкпенің тіршілік және жалпы сиымдылығы.

  5. Дем алған, деммен шыққан және альвеолдық ауаның құрамы.

  6. Пневмоторакс, ателектаз.

  7. Жануарлардағы тыныстың түрлері.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(125-153); 7(82-96).

5.12 12-сабақ. Азықтың ауыз қуысында қорытылуы. Сілекейдің қасиеті

Ауыз қуысында азықты қабылдау, оны ұнтақтау, сілейкеймен шылау, корыту және жұту сияқты процестер жүреді. Азық ауыз куысында механиқалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Азықтын механикалық өзгерісі деп оның ұнтақталуын, араласуын және сілекейде еруін айтады. Ал, химиялық өзгеріс әр түрлі ферменттердің әсерімен жүретін органикалық заттардың ыдырауы.

Ауыз қуысына үш жұп сілекей бездерінің (шықшыт, бұғақ және алқым) өзегі ашылады. Алқым безі сопақша пішінді келіп, төменгі жақтың астында бірінші мойын омыртқаға дейін созыла орналасады. Бұғақ безі тілдің астында, оның екі бүйір жақ шетін алып жатады. Бұл бездердің өзектері тілдің астына ашылады. Шықшыт безі сопақша пішінді болып келеді де, төменгі жақтың арт жағын ала, құлақтың астында орналасады. Бұл бездің өзегі жоғары ұртта 3-5 азу тістердің тұсында ашылады. Аталған бездермен қатар ауыз қуысында көптеген майда бездер – тіл. Таңдай бездері орналасады. Сілекей бездері сірнелі және шырышты жасушалардан түзілген, олар альвеолалық, немесе түтікше-альвеолалық құрылым тән.

Сабақтың мақсаты: Сілекей құрамында муцин, амилолитикалық ферменттердің бар екенін анықтау. Ферменттердің белсенділігі жағдайларын анықтау. Практикум бойынша тапсырмаларды орындау.

1-жұмыс. Сілекей құрамындағы муцинді анықтау

Сілекей ауызға түскен азықты ылғалдап, оны шайнауды оңайлатады, азықтың дәмін анықтауға мүмкіндік береді, сілекей құрамындағы муцин шайналған азық ұнтағын жабыстырып, оны жентектейді, жұту процесін жеңілдетеді.

2-жұмыс. Сілекей қышқылдық сыйымдылығын тексеру. Қорытынды жасау.

3-жұмыс. Ферменттердің крахмалға әсері. Кестені толтыру, нәтижесін салыстыру және қорытынды жасау.

4-жұмыс. Қатты және сұйық заттар ауыз қуысына түскенде бөлінетін сілекейдің мөлшерін анықтау.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Сілекей бездері қандай топтарға бөлінеді?

  2. Сілекейдің құрамы мен қасиеті.

  3. Сілекей ферменттері және олардың маңызы.

  4. Сілекей бөлу механизмі және оның реттелуі.

  5. Әр түлік малдың сілекей бөлу ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(154-1175); 7(96-100).

5.13 13-сабақ. Қарындағы ас қорыту. Қарын сөлін зерттеу

Қарында ас қорыту процесі қарын сөлінің әсерімен жүреді. Қарын сөлі қарын қабырғасындағы түтікше бездерде түзіледі. Қарынның қабығында үш түрлі секреторлық жасушалар кездеседі. Олар негізгі, қосымша және торлама (көмкерме). Негізгі жасушалар қарын түбі пен пилоруста орналасады, олар фермент (пепсиноген мен реннин) бөледі. Қосымша жасушалар қарынның кардиалық және пилорус бөліктерінде орын тебеді, олар шырыш бөледі. Көмкерме жасушалар қарын түбінде ғана болады, олар тұз қышқылын бөледі.

Сабақтың мақсаты: Қарын сөлінің құрамындағы заттарды зерттеу. Сөл қышқылдылығын анықтап, оның белоктарға әсерін зерттеу. Практикум бойынша тапсырмаларды орындау.

1-жұмыс. Қарын сөлінің белокқа әсерін тексеру. Биурет реакциясы. Практикум бойынша зертханалық жұмысты жасау.

2-жұмыс. Қарын сөлінің қышқылдығын анықтау.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Қарын сөлінің құрамы мен қасиеттері.

  2. Қарын сөлінің ферменттері және олардың маңызы.

  3. Тұз қышқылының физиологиялық ролі.

  4. Қарындағы шырыштың маңызы.

  5. Қарын сөлі бөлінуінің реттелуі.

  6. Күйіс қайыратын малдың азық қорыту ерекшеліктері

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(175-220); 7(102-106).

5.14 14-сабақ. Күйістілер қарындағы азықтың қорытылуы

Күйіс малдарының қарыны төрт бөлімнен құралған: мес қарын, жұмыршақ, қатпаршақ және ұлтабар. Алғашқы үш бөлімді алдыңғы (қосалқы) қарын, ал ұлтабарды – нағыз (шын) қарын деп атайды. Себебі, тек ұлтабарда ғана сөл бөлінеді. Алдыңғы қарындарда сөл түзілмейді де, ас қорыту микроағзалардың әсерімен жүріп, әр түрлі ыдырау заттар (ұшпалы май қышқылдары, аммиак, амин қышқылдары) пайда болады.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді күйіс малдарының қарнындағы ас қорытылу ерекшеліктерімен таныстыру, микроағзалардың рөлін көрсету. Практикум бойынша тапсырмаларды орындау.

1-жұмыс. Эйнгорн аппараты арқылы мес қарындағы газ мөлшерін өлшеу.

2-жұмыс. Мес қарындағы инфузориялар қозғалыстарын бақылау.

3-жұмыс. Қарын жынының қышқылдығын анықтау. Ұшпалы май қышқылдарына реакция.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Күйіс қайыратын малдың азық қорыту ерекшеліктері

  2. Мес қарын жынындағы ұшпалы май қышқылдары маңызы.

  3. Мес қарын микроағзалары және олардың маңызы.

  4. Көмірсулардың мес қарындағы қорытылуы.

  5. Мес қарында белоктардың қорытылуы.

  6. Ұлтабардағы ас қорыту.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(175-220); 7(102-106).

5.15 15-сабақ. Ішектегі ас қорыту. Ұйқы безі сөлінің ферменттері. Сіңіру. Өттің құрамы, қызметі

Ішектегі ас қорыту ішек сөлі, ұйқы безінің сөлі және өттің әсерінен жүреді. Бұл сөлдердің құрамында белоктарды амин қышқылдарына дейін, полисахаридтерді моносахаридтерге, майларды глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдырататын ферменттер болады.

Ішек сөлі оның қабырғасында орналасқан бездерде түзіледі. Ішектің кілегей асты қабығында бруннер, ал кілегей қабығында – либеркюн бездері орналасады. Ұлтабар ұшының алдыңғы бөлігінде бруннер, ащы ішектің қалған бөліктерінде либеркюн бездері орналасады. Өт пен ұйқы безінің өзектері ұлтабар ұшында пилорус жапқышынан едәуір алшақ жерде ашылады.

Сабақтың мақсаты: Өттің құрамы мен қасиеттерін зерттеу. Ұйқы безінің секреторлық қызметін зерттеу. Ішектің секреторлық қызметтерін зерттеу. Тәжірибелерді практикум бойынша жасау.

1-жұмыс. Өттің эмульгациялау қасиеттерін тексеру. Өт қышқылдары мен өт пигменттеріне реакциялар.

2-жұмыс. Ұйқы безі сөлінің ферменттік белсенділігін зерттеу. Ұйқы безі сөлінің құрамына және қызметіне баға беру.

3-жұмыс. Тири-Велла әдісі бойынша жекеленген ішек қиындысында механикалық және химиялық әсерлерге ішек кілегей қабығының заңдылықтарын анықтау.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Өттің құрамы мен маңызы.

  2. Өт ферменттері.

  3. Ішек сөлінің құрамы мен қасиеттері.

  4. Ұйқы безі сөлінің құрамы мен қасиеті.

  5. Мембраналық ас қорыту.

  6. Қоректік заттардың сіңіру және осы процестің реттелуі.

  7. Ұйқы безі сөлінің және өттің түзілу процестерінің реттелуі.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(220-253); 7(107-123).

5.16 16-сабақ. Зат пен қуаттың алмасуы

Зат алмасу (метаболизм) бір-бірімен тығыз байланысты екі процестің жиынтығы. Олар ассимиляция және диссимиляция. Ассимиляция кезінде қарапайым заттардан жоғарғы молекулалық заттар түзіледі де, көп энергия жұмсалады, ал диссимиляция кезінде керісінше, жоғарғы молекулалық заттар төменгі молекулалық заттарға дейін ыдырап, ағзада энергия түзіледі.

Зат алмасу процесі кезінде босаған энергия ағзадан жылу түрінде бөлінеді, сондықтан жылу алмасуына қарап, энергия алмасуын анықтауға болады. Бұл үшін екі түрлі әдіс қолданылады: тікелей калориметрия және жанама калориметрия.

Зат алмасу процесі нәтижесінде дене ұлпаларында үздіксіз жылу түзіледі. Жоғары сатыда дамыған жануарларда дене жылуын реттеу механизмдерінің үйлесімді қызметінің нәтижесінде дене температурасы тұрақты деңгейде сақталады және қоршаған орта температурасының ауытқуларына тәуелді болмайды.

Сабақтың мақсаты: Ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералды заттар және ағзадағы судың алмасуының реттелуі және негізгі кезеңдері туралы түсінік беру. Физикалық және химиялық жылу реттеліс механизмдерін, изотермия, қызба және гипертермия ұғымын ұғу, дененің температуралық схемасын талдай білу, жанама калориметрия әдісімен ағзада энергия алмасуын анықтау, жануарлар дене температурасын және терінің әр бөлігінің температурасын анықтау әдістерін меңгеру.

1-жұмыс. Практикум бойынша жанама калориметрияның әдісін меңгеріп, оқытушы берген есеп шарттары бойынша энергия шығынын есептеп шығару. Қорытынды жасау.

2-жұмыс. Әр түрлі жануарлардың дене мен тері беткейінің температурасының орташа көрсеткіштерімен танысу. Электротермометр және микротермометр арқылы дене және тері қызуын өлшеп қорытынды жасау.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Зат алмасу процесінің мәні мен маңызы. Зат алмасу процесін зерттеу әдістері. Зат алмасу түрлері және қарқынына әсер ететін факторлар.

  2. Ақуыздардың алмасуы. Азоттық тепе-теңдік. Реттелуі.

  3. Майлардың алмасуы. Майлардың құрамы мен қызметі. Реттелуі.

  4. Көмірсулардың алмасуы. Көмірсу алмасуының реттелісі (жүйкелік, гуморальды).

  5. Тұз-су алмасуы. Минералды заттардың алмасуы.

  6. Дәрумендер. Түрлері, ағзаның тіршілік әрекетіндегі маңызы. Дәрумендердің қажеттілігі мен биологиялық қызметі.

  1. Дене температурасына әсер ететін факторлар. Терінің әртүрлі аймақтарында температураның ауытқуы.

  2. Жылу өндіру. Денеден жылудың бөліну жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(254-312); 7(123-129).

5.17 17-сабақ. Бөлу жүйесі. Зәр құрамын және физика-химиялық

қасиеттерін зерттеу

Бөлу - бүйрек, тері бездері, өкпе, қарын және ішек қызметтерінің арқасында ағзадан зат алмасу өнімдерінің шығарылуы. Бұл процесте негізгі рөлді бүйрек атқарады. Бүйректің күрделі қызметі нәтижесінде зәр (несеп) пайда болады. Оның құрамында ағзадан зат алмасу процесінің соңғы өнімдері, негізінен азотты заттар – несепнәр (мочевина), несеп қышқылы, аммиак, креатинин, креатин бөлінеді. Зәрдің мөлшері мен құрамы әр түрлі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады.

Сабақтың мақсаты: Шумақты фильтрация, канальді реабсорбция және канальді секреция механизмдерін, соңғы несептің түзілуі және кері айналдыра ағызу жүйесінің механизмдерін түсіндіру, соңғы несеп құрамын талдай білу. Бүйректің бөлу қызметін зерттеу.

1-жұмыс. Тәжірибелі жануарда фенолрот бояуының көмегімен бүйректің бөлу қызметін тексеру. Қорытынды жасау.

2-жұмыс. Урометр арқылы зәрдің тығыздығын (меншікті салмағын) және индикатор қағазын көмегімен әрекетшіл ортасын анықтау. Әр түрлі жануарлардың несебін тексеріп, қорытынды жасау.

3-жұмыс. Зәрдегі кетон денелерін және қантты тексеру. Қорытынды жасау.

4-жұмыс. Зәр бөлінуінің реттелуін зерттеу. Питуитриннің зәр бөліну процесіне тигізетін әсерін бақылау.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Бүйрек, өкпе, тері, асқорыту жолдарының сыртқа шығару қызметтері.

  2. Бүйректің эндокриндік қызметі. Бүйректегі қан айналым ерекшеліктері. Реттелуі.

  3. Нефрон – бүйректің негізгі морфофункционалдық бірлігі.

  4. Несеп түзілуі.

  5. Соңғы несеп, оның құрамы, мөлшері. Диурез туралы түсінік.

  6. Несеп түзілу мен шығарудың нейро-гуморальды реттелісі.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(313-327); 7(129-135).

5.18 18-сабақ. Ішкі секреция бездері

Эндокринология – гормондар туралы ғылым. Бездер, олардың қызметi, және олардың сөлдерiнiң бөлiнуiнiң қалыпты жағдайдан ауытқуларын туғызатын аурулар туралы ғылым. Гормон деген термин 1905 ж Бейлис және Старлинг деген ғалымдардың 12 елi iшектегi бөлiнушi секретин гормонын зерттеу кезiнде енгiзiлген. Нormao – грек тiлiнде “қоздырамын” деген мағынада. Өзiнше ғылым ретiнде 1849 жылы Аддисон “қола ауруын” суреттеп жазғаннан басталады. Бұл ауру кезiнде бүйрекүстi бездерi жұмысының бұзылуынан терiде ерекше түс пайда болатындығы байқалады. Клод-Бернар бездердiң iштегi бөлiнуi деген ұғым енгiздi, яғни бұл мүшелер өздерi бөлiп шығарған сұйықты тiкелей қанға өткiзедi. Қазiргi кезде 60-қа жуық гормондар бар.

Мысалы, эксперименттiк бiр жануардың венасына тиреотроптық гормонның рилизинг-факторын ексе, гипофизде бұл гормонның концентрациясы күрт төмендеп, ал қанда соншалықты көбейедi.

Метаболизм реттелуінің 3 түрлі механизмі бар:

  1. ферменттер белсенділігін өзгерту (белсендендірілу мен тежелу);

2) клеткадағы ферменттер мөлшерінің өзгерісі (синтездің индукциясы

немесе репрессиясы, ферменттердің ыдырау жылдамдығының өзгерісі);

3) мембрана өткізгіштігінің өзгерісі.

Сабақтың мақсаты: Ішкі секреция бездерінің қызметін зерттеу әдістерін түсіндіру. Кейбір гормондардың жеке мүшелерге және зат алмасуға әсер етулерін зерттеу.

1-жұмыс. Адреналиннің жекелеген мүшелерге тигізетін әсерін бақылау. Қорытынды жасау.

2-жұмыс. Адреналин мен питуитриннің пигментті жасушаларға тигізетін әсерлерін зерттеп, талдау жүргізу.

3-жұмыс. Инсулиннің гипогликемиялық әсерін бақылау.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Ішкі секреция бездерінің жалпы сипаттамасы.

  2. Гормондардың жіктелуі, олардың қасиеттері.

  3. Бүйрек үсті безі және оның қызметі.

  4. Гипофиз, оның құрылысы және гормондары.

  5. Гипоталамо-гипофиздік жүйе. Гипофиздің басқа ішкі секреция бездерімен арақатынасы.

  6. Ұйқы безі мен жыныс бездерінің ішкі секрециялық қызметтері.

  7. Қалқанша без.

  8. Қалқанша маңы бездер.

  9. Ұйқы безінің инкреторлық бөлімі.

  10. Айырша без.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(328-375); 7(141-143).

5.19 19-сабақ. Гормондардың қасиеттері

Гормондар деп ағзаның дамуы мен заттар алмасуының реттелуіне қатысатын және қан немесе лимфаға бөлінетін, безді клеткаларда түзілетін заттарды айтады. Оларға тән қасиеттер:

1) әсер етудің дистанттылығы;

2) биологиялық әсердің қатаң талғамдылығы;

3) жоғарғы биологиялық белсенділік.

Ішкі секреция, немесе эндокриндік, бездер деп өздері түзген биологиялық белсенді заттарды тікелей қанға немесе лимфаға, ал кейде жұлын сұйығына бөлетін, безге тән құрылымы бар мүшелерді айтады. Эндокриндік бездерден бөлінетін биологиялық белсенді заттарды гормондар немесе инкреттер деп атайды. Ішкі секреция бездерінің мөлшері үлкен болмайды, бірақ олар қанмен мол жабдықталған. Сондықтан, без бөлген өнімдер қанға тез сіңеді. Бұл бездерде шығару өзегі болмайды.

Гормондар ағзада химиялық процестерге әсер етіп, оның тіршілік әрекеттерін өзгертіп отырады.

Сабақтың мақсаты: Негізгі ішкі секреция бездерінің, гормондардың қызметтік механизмінің бөліп шығару туралы білу, жетіспеушілік және шығымдық гормондардың шығарылу кезіндегі механизмін түсіндіру, ағзадағы маңызды гормондар жайлы мағлұматтарды меңгеру.

1-жұмыс. Практикум бойынша (142-144 бет.) немесе оқулықтан (332-334 б.) кестені көшіріп алу.

2-жұмыс. Ішкі секреция бездерінің қызметі мен қасиетін анықтайтын кестені жазып толтыру.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Гормондар, олардың жіктелуі. Гормондардың жалпы қасиеттері.

  2. Гормондардың әсер ету механизмдері.

  3. Паратгормон және гормоноидтар.

  4. Ішкі секреция бездерінің қызметін зерттейтін әдістер.

  5. Адреногипофиз және оның гормондарының маңызы.

  6. Нейрогипофиз және оның гормондарының маңызы.

  7. Эпифиз, қалқанша, қалқан серік, айырша, аралшық, бүйрек үсті және жыныс бездерінің қызметі.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(328-375); 7(141-143).

5.20 20-сабақ. Көбею физиологиясы. Шәуетті зерттеу

Жоғары сатыда дамыған жануарлар төлдерінің жыныс ағзалары толық дамып жетілмегендіктен, олардың өніп-өсу, ұрпақтану процесіне қабілеті белгілі даму кезеңінен өткеннен соң, жыныстық тұрғыдан жетілгеннен кейін ғана қалыптасады.

Жыныстық жетілу процесінің негізгі реттеуші факторы гипофиздің гонадотроптық гормондары (ФЖГ, ЛГ) болып табылады. Олардың синтезінің күшеюімен байланысты аталық және аналық жыныс бездерінде түзілетін жыныс жасушалары мен жыныс гормондарының мөлшері артып, сыртқы жыныс белгілері қалыптасып, жыныстық рефлекстер пайда болады.

Шәует деп шағылысу кезінде еркек жануарлар жыныс ағзасынан бөлінетін сұйықты айтады. Ол екі бөліктен – жыныс жасушаларынан және ен қосалқысы мен қосалқы жыныс бездері секретінің қоспасынан – плазмадан, тұрады. Бір жыныстық қатынас (коитус) үстінде еркек жануарлардан бөлінген шәует мөлшерін эякулят деп атайды. Әр түрлі жануарларда эякулят мөлшері мен ондағы жыныс жасушаларының саны әр түрлі болады

Шәуеттік плазма негізінен қосалқы жыныс бездерінің секреті болып табылады. Плазма жыныс жасушаларынын тұрақтандыратын, сұйылтатын, белсендіретін және қоректендіретін орта құрайды. Плазма құрамында простагландиндер, андрогендер, акросоманы ерітетін ферменттер, антиагглютининдер, инозит, фруктоза, аскорбин және лимон қышқылдары болады. Сперматозоидтың бас бөлігінде ДНК-мен байланысқан белоктар көп мөлшерде кездеседі.

Сабақтың мақсаты: Аталық және аналық жыныс мүшелерінің құрылысы мен қызметін меңгеру. Жыныстық циклінің фазаларын анықтау. Шәуеттің құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін тексеру.

1-жұмыс. Аталық жыныс безі, шәуеттік жол, қосалқы жыныс бездері (көпіршік тәрізді, қуық безі, баданалық бездер), жыныс мүшелерінің құрылысы мен қызметі жағынан мәліметтерге реферат жазу және қорғау.

2-жұмыс. Аналық жыныс ағзаларының құрылысы мен қызметі жағынан мәліметтерді оқып алу, бақылау сұрақтарға жауап беру.

3-жұмыс. Тышқандарда қынаптың жұғындысын (мазок) дайындап, микроскоп арқылы жыныстық айналымның кезеңін анықтау.

4-жұмыс. Сперматогенез және овогенез схемасын салып, салыстыру. Қорытынды жасау.

5-жұмыс. Шәуеттің қасиеттерін және морфологиясын тексеру.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Жыныстық және физиологиялық жетілу.

  2. Еркек мал жыныс мүшелерінің құрылысы мен қызметі.

  3. Ұрғашы мал жыныс ағзалары және олардың қызметтері.

  4. Овогенез және овуляция.

  5. Буаздық және онымен байланысты туындайтын өзгерістер.

  6. Төлдеу және оның реттелуі.

  7. Сперматогенез. Шәуеттің құрамы мен физика-химиялық қасиеттері.

  8. Ұрықтану процесі. Жануарлар өсімталдығын реттеудің жаңа биотехнологиялық тәсілдері.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(3376-414).

5.21 21-сабақ Сүттену физиологиясы. Сүттің құрамын зерттеу

Сүттену (лактация) деп сүттің түзілуін, жиналуын жне желіннен мезгіл-мезгіл бөлінуін айтады. Бұл процесс бүкіл ағзаның көптеген қызметтік жүйелерінің (ас қорыту, қан айналым, тыныс алу т.б.) үйлесімді әрекетінің нәтижесінде атқарылады. Желін сүттің түзілуін және бөлінуін қамтамасыз ететін безді мүше.

Сүттің реакциясы амфотерлік. Оның сыбағалы салмағы 1,027-1,033. Сүттің құрамында 87% су, ал қалған 13% құрғақ заттар болады. Құрғақ заттарға альбумин, глобулин мен казеиноген құнды белоктар, 3-6% май, лактоза қанты, витаминдер, калий, натрий, кальций мен магний тұздары жатады.

Сабақтың мақсаты: Желін қызметін зерттеу әдістерімен танысу. Цистерналық, альвеолалық және қалдық сүтті алып, олардың мөлшерін, құрамын анықтау. Практикум бойынша тапсырмаларды орындау.

1-жұмыс. Сауынды сиырдан цистерналы, альвеолалық және қалдық сүтті алу.

2-жұмыс. Сүттің құрамында май шарларын санау, қантты анықтау және сүттің ірігіштігін тексеру. Алынған нәтижелерді салыстырып, қорытынды жасау.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Лактация.

  2. Желіннің құрылымы.

  3. Цистерналық, альвеолалық және қалдық сүт.

  4. Уыздың маңызы. Уыздың құрамы.

  5. Сүттің физика-химиялық қасиеттері.

  6. Сүт беру рефлексінің механизмі.

  7. Сүт сауудың түрлері мен маңызы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(415-444); 7(135-141).

5.22 22-сабақ. Қозғыш ұлпалар. Жүйке-ет препаратын дайындау. Жүйке және ет ұлпаларының қасиеттері

Жануарлардың барлық ұлпалары тітіркендіргіштерге белгілі бір әрекетпен жауап береді. Тітіркендіруден кейін ұлпаларда белсенділік байқалып, олардың өздеріне ғана тән қызметтер атқарылады (мысалы жүйке талшықтарында импульстер пайда болады, бездер - сөл бөледі, бұлшық еттер - жиырылады). Бақаның артқы аяқтарынан дайындалған жүйке-ет препараты ағзадан оқшауланған шонданай жүйке мен балтыр етінің жалғасынан тұрады. Препараттың тіршілік қасиеттерін сақтау үшін оны Рингер ерітіндісімен ылғалдап отыру керек.

Сабақтың мақсаты: Қозушы құрылым ерекшеліктері, ағзаның интегративті бірлігі ретінде нейронның ролін түсіну, Жүйке-бұлшық ет препаратын дайындау әдісін меңгеру. Ет талшықтарының физиологиялық қасиеттерін практикум бойынша зерттеу.

1-жұмыс. Жүйке-ет препаратын дайындау.

2-жұмыс. Бұлшық еттің дара және қарыса жиырылуларын жазу. Миография. Миограмманы суретке салып, талдау жүргізу.

3-жұмыс. Бұлшық еттің жиырылу мөлшері мен тітіркендіргіш күшінің байланысын анықтау.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Қозу. Қозғыштық, оны анықтау әдісі.

  2. Қозғыштық табалдырығы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(445-493); 7(144-147).

5.23 23-сабақ. Бұлшықет физиологиясы

Бұлшықеттер тегіс және қөлденең жолақ болып екіге бөлінеді. Тегіс бұлшықеттердің ішкі мүшелер құралған – ішек-қарын, бауыр және т.б. Дене бұлшықеттері көлденең-жолақ мускулатурадан тұрады. Көлденең-жолақ мускулатура бөлек-бөлек талшықтардан құралған. Бұлшықет талшығының қабы екі қабаты: шықтың ішіндегі сарколемма, ішкісі сұйық зат протоплазма деп аталады. Одан басқа талшықта көптеген миофибрилдер бар. Әрбір миофибрилл 2500 дейін протофибрилл деген белок жіптерінен құралған.

Сабақтың мақсаты: Бұлшықет жиырылу механизмін түсіндіру, негізгі бұлшықет жиырылу түрлерін және синапстың жұмыс механизмін сала білу.

1-жұмыс. Бұлшықеттің оралымдық қасиетін анықтау.

2-жұмыс. Бұлшықеттің жиырылу күшін анықтау.

3-жұмыс. Еттің күшін анықтау. Қол динамометрі арқылы студенттер оң және сол қолдың күшін анықтайды.

4-жұмыс. Бұлшықеттің қажуын анықтау.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Тірек-қимыл жүйесінің жалпы сипаттамасы.

  2. Бұлшықет қызметі, құрылысы:

  3. Бұлшықет ақуыздарының түрлері. Бұлшықеттің қажуы.

  4. Барлық бұлшықетке тән физиологиялық қасиеттер.

  5. Бұлшықет жиырылуының тәртібі мен түрлері.

  6. Бұлшықеттің жиырылу мөлшері мен тітіркендіргіш күшінің байланысы.

  7. Оптимум, пессимум.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(471-492); 7(148-152).

5.24 24-сабақ. Жүйке талшықтарының қасиеттері. Ұлпалардағы биоэлектрлік құбылыстар

Қозу нәтижесінде әртүрлі энергия бөлінеді. Солардың арасында электрлік өзгерістер маңызды орын алады. Ұлпалардағы биоэлектрлік құбылыстарды зерттейтін физиология ғылымының арнаулы салаларының бірі - электрофизиология. Қазіргі электрофизиология - биотоктардың туындауын түсіндіру үшін мембрана-иондық немесе натрий-калийлік сорап теориясын қолданады.

Сабақтың мақсаты: Жүйке талшықтарының негізгі қасиеттері мен ұлпалардағы биоэлектрлік токтарды зерттеу.

1-жұмыс. Гальванидің алғашқы (1-ші) тәжірибесі. Нәтижесін жазу, қорытынды шығару.

2-жұмыс. Гальванидің екінші тәжірибесі. Дамыл тоқ пайда болуының схемасын салу. Нәтижесін жазу, қорытынды шығару.

3-жұмыс. Маттеучидің 2-ші тәжірибесі. Нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Тірі ұлпаларда пайда болатын ток.

  2. Гальванидің тәжірибелерінің маңызы.

  3. Маттеучи тәжірибелерінің маңызы.

  4. Ұлпаларда биопотенциалдардың пайда болуы механизмін қазіргі кездегі қөзқарас (теориялар).

  5. Жүйке талшықтарының құрылысы

  6. Синапс физиологиясы

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(494-505); 7(153-157).

5.25 25-сабақ. Орталық жүйке жүйесінің жалпы физиологиясы. Жұлын рефлекстері

Ағзаның физиологиялық қызметтерінің реттелуі жүйкелік іс әрекеті функционалдық бірлігі рефлекс арқылы іске асады. Рефлекс деп орталық жүйке жүйесінің қатысуымен болатын ағзаның тітіркендіруге жауап беру реакциясын айтады. Рефлекс кезіндегі қозудың жүріп өткен жолы рефлекторлық доға болып саналады.

Сабақтың мақсаты: Рефлекторлық доғаға талдау жасап, рефлекс уақытын анықтау. Рефлекс уақытының неге байланыстылығын анықтау. Жұлын рефлекстерін зерттеу және олардың рецептивтік алаңдарын анықтау.

1-жұмыс. Бақаның жұлын рефлекстері. Жұлын рефлекстері жұлын бар бақада (бас миы алынып тасталған) рефлекторлық доғамен танысу және әрбір түйінің маңызын дәлелдеу. Рефлекторлық доғанын үзбелерің схема арқылы салу. Нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.

2-жұмыс. Рефлекс уақытын анықтау. Нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.

3-жұмыс. Рефлекторлық доғаны зерттеу. Қорытынды жасау.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Нейрон-мидың құрылымды-қызметтік бірлігі ретінде. Нейроглия.

  2. Рефлекс, рефлекторлық доға.

  3. Жұлынның қызметтері.

  4. Ми бағанының қызметтері.

  5. Мишық қызметтері.

  6. Алдыңғы ми қызметтері.

  7. Артқы ми қызметтері.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(515-580); 7(157-161).

5.26 26-сабақ. Жұйке орталықтарының қасиеттері. Сеченов тежелуі

Жүйке орталығы дегеніміз орталық жүйке жүйесінде орналасқан, ағзаның белгілі бір қызметін реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығы. Жүйке орталықтарына көптеген физиологиялық қасиеттері тән. Оларға толқынды қозу белсенділігінін тежеу қасиеті де кіреді. Орталық жүйке жүйесінде тежелу процесінің болатынын алғаш рет орыстың ұлы ғалымы И.М.Сеченов (1862 ж.) ашқан. Физиология ғылымында бұл құбылыс «Сеченов тежелуі» деген атпен белгілі.

Сабақтың мақсаты: Жүйке орталықтарының негізгі қасиеттерін зерттеу. И.М.Сеченовтің тәжірибесімен танысу.

1-жұмыс. Қозудың таралуы, рефлекстердің тежелуі, рефлекторлық тонус және доминанта құбылыстарымен танысып, зерттеулер жүргізу. Нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.

2-жұмыс. Орталық жұйке жүйесінде тежелу процесінің болатынын дәлелдеген И.М.Сеченовтің тәжірибесімен танысу жасау.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Жүйке орталықтары және олардың қасиеттері.

  2. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу және оның түрлері.

  3. Тежелу механизміне қазіргі кездегі көзқарас.

  4. Орталық жүйке жүйесінде тежелудің түрлері.

  5. Тежелу процесінің физиологиялық мәні.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(515-580); 7(161-165).

5.27 27-сабақ. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің физиологиясы және жануарлар этологиясы

Жоғарғы жүйке іс-әрекеті - үлкен ми жартышарларының әрекетімен байланысты және де ол малдың мінез-қылығымен бейнеленеді. Үлкен ми жартышарлары қызметінің нәтижесінде жануарлар қоршаған орта жағдайларында дұрыс бейімделеді, ағза мен сыртқы орта арасында тиімді байланыс қалыптасады.

Сабақтың мақсаты: Бақылау сұрақтар арқылы тақырыпты теориялық тұрғыдан талдау. И.П.Павловтың әдісі арқылы шартты рефлекстер пайда болуына тәжірибелік жұмыс өткізу.

1-жұмыс. Балықта қоректік-қимыл рефлексін қалыптастыру.

2-жұмыс. Әтеште шартты рефлексті қалыптастыру. Тәжірибе өткізгенде әтештің қозғалысын кимографка жазу. Нәтижесін салыстырып, қорытынды жасау.

3-жұмыс. Зертханалық жәндіктерде қорғаныс-әрекет рефлексін қалыптастыру.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Жоғарғы жүйке іс-әрекеті. ЖЖІӘ-зерттеу әдістері

  2. Шартты және шартсыз рефлекстер

  3. Ми қыртысының түзу-талдау әрекеті

  4. ЖЖІӘ-типтері. Жоғарғы психикалық қызметтер.

  5. Жануарлар этологиясы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(581-627); 7(165-168).

5.28 28-сабақ. Тері, иіс және дәм талдағыштары

Ағзаның кез келген жерінде түрлі тітіркендірулерді сезетін рецепторлар болады. Бұл рецепторлардың жиынтығы сезім мүшелері немесе рецепторлар деп атауды И.П.Павлов ұсынған болатын. Себебі, сезім мүшелері сыртқы ортаның әр түрлі әсерлерін қабылдап, қажетті байланыстарды қалыптастырумен бірге олар орталық жүйке жүйесіне ішкі ағзалардың, бұлшық ет пен буынның физиологиялық күйі, дененің кеңістіктегі жағдайы жайлы да хабарлайды.

Иіс анализаторы адам мен жануарларда алшақтық (дистанциялық) хеморецепциямен байланысты. Ол қоршаған ортадағы биологиялық маңызы зор химиялық сигналдарды қабылдауды қамтамасыз етеді.

Дәм сезу анализатордың қабылдаушы бөлігін түйісу (контактылық) хеморецепторлар түзеді. Олар тіл бүртіктерінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы бетінде, бадамшада және көмекей қақпашығында орналасады. Хеморецепторлар тілдің шатырша, жапырақша, торлы бүртіктерінде орналасады.

Теріде суықтықты немесе жылылықты сезетін арнаулы рецепторлар бар. Температураны сезетін рецепторларды анықтау үшін термоэстезиометр қолданылады. Ол пішіні конус тәріздес іші қуыс шыны ыдыс. Конус ұшына жылуды жақсы өткізетін сым жапсырылған.

Сабақтың мақсаты: Жылуды және суықты сезетін рецепторлардың бөлек орналасқанын дәлелдеу және терінің 1 см ауданындағы олардын санын анықтау. Дәм сезу табалдырығын анықтау. Иіс табалдырығын анықтау. Практикум бойынша тапсырмаларды орындау.

Тақырып 1. Тері рецепторлары. Жылуды және суықты сезгіш рецепторларды апықтау, Сызғыш арқылы өлшеп нәтежесін салыстырып, қорытынды жасалуы.

Тақырып 2. Иіс табалдырығын анықтау. Түрлі заттардың иісін анықтау. Оқулықтағы 253, 254-суреттерді дәптерге салу, талқылау.

3-жұмыс. Қышқыл, тәтті, ащы және тұзды заттардың әсерін қабылдайтын аймақтарды және олардың қозуын тудыратын бастапқы күшті анықтау. Оқулықтағы 251-суретті дәптерге салу.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Талдағыштардың мәні, бөлімдері

  2. Тері талдағыштардың құрылысы мен қызметі.

  3. Терморецепторларының түрлері мен ерекшеліктері.

  4. Дәм сезу талдағышы.

  5. Иіс сезу талдағышы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(628-631, 650-658); 7(171-173).

5.29 29-сабақ. Есту және көру талдағыштары

Адам және сүт қоректі жануарларда есту анализаторларының шеткі бөлімі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұрады. Сыртқы және ортаңғы құлақ есту талдағышының өткізгіш, ал ішкі құлақ – қабылдаушы бөлімі.

Ішкі құлақтың сағасы мен жартылай дөңгелек түтіктері вестибулалық аппаратты құрайды. Вестибулалық аппарат дененің жазықтықтағы жағдайын бағдарлауды және тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді.

Көру анализаторының негізгі мүшесі – көз алмасы. Сырт жағынан көз алмасы үш қабықпен қапталған; ең сыртқы қалың фиброзды қабық – ақ қабық, ортаңғы тамырлы қабық және ішкі – торлы қабық. Көз алмасының артқы бетін (көздің түбін) арнаулы офтальмоскоп деген құралмен қарағанда бозғылт түске боялған бөлікті көруге болады. Бұл жерден қан тамырлары тармақтанып көрінеді. Көз түбінің осы бөлігін «соқыр дақ» деп атайды, себебі бұл жерде таяқшалар мен сауытшалар болмайды. Бүкіл торлы қабықтан осы жерге жүйке талшықтары шоғырлана жиналады да, көру жүйкесін түзеді.

Сабақтың мақсаты: Құлақтың құрылысын, дыбысты қабылдау механизмін меңгеру. Бақаның жарты иірім каналдарын бұзып, қозғалу ерекшеліктерін бақылау.

1-жұмыс. Ортаңғы және ішкі құлақ құрылысының суретін дәптерге салу. Морфология жағынан түсіндіру.

2-жұмыс. Бақадағы отолиттерді микроскоппен қарау. Практикумның 175-176 бетіндегі тәжірибені жасау.

3-жұмыс. Бақаның жарты иірім каналдарын бұзу. Практикум бойынша тәжірибені жасау (174 б). Қорытынды шығару.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Есту талдағышының құрылысы мен қызметі.

  2. Есту талдағышының өткізгіш бөлімі.

  3. Есту талдағышының сипаты.

  4. Көру мүшесі қай жерде орналасқан? Оның құрылысы.

  5. Көздің оптикалық жүйесі. Көз көрімінің түрі

  6. Көз рефракциясының (сәулені сындыру ) кемістіктері.

  7. Түрлі-түсті көру

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(628-646); 7(168-171,174-175).

5.30 30-сабақ. Қимыл талдағышы. Вестибулалық аппарат

Вестибулалық аппарат - алғашқы биполярлы нейроннан басталып, рецепторлық жасушаның түктерімен синапстық ұласуда болады. Тепе-теңдік ганглийде орналасқан биполярлы нейронның аксоны бойымен қозу сопақша мидың тепе-теңдік ядросына бағытталады. Постцентральді иірімде, жоғарғы самай иірімде, жоғарғы шүйдеде (Бродманның 21-, 22-аймағында) орналасқан нейрондармен түзілген. Премоторлық қыртыста 2-тепе-теңдік аймақ бар. Оған ақпарат вестибула церебралло-таламустық жол арқылы түседі. Осы қозудың өзара жауапты реакциясы түзілуі әрекетінде ағзаның координациясы іске асырылады.

Сабақтың мақсаты: Вестибулалық аппаратының қызметі туралы мәліметтерді дәлелдеу.

1-жұмыс. Вестибулалық талдағыштың схемасын талқылау. Қорытынды жасау. Оқулықтың 247-, 248-, 249- суреттерді дәптерге салу.

Ағымдық бақылаудың сұрақтары:

  1. Вестибулалық аппарат. Қызметі.

  2. Тепе-теңдік талдағышының бөлімдері.

  3. Дыбысты қабылдау механизмінің теориялары.

  4. Акустика, локация, эхолокация терминдерге түсініктеме беріңіз.

  5. Қимыл талдағышы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1(628-631, 647-650,658-664).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]