Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Физиология.doc
Скачиваний:
1293
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
4.44 Mб
Скачать

Гемопоэз – қанның ұю процесі;

Гемостаз – қансыраудың тоқтауы;

Гемофилия – «патша ауруы» немесе қаны ұйымайтын тұқымқуалайтын ауру;

Гидролиз – түрлі химиялық қосылыстардың сумен қосылу нәтижесінде ыдырауы;

Гиперкапния – қанда көмір қышқыл газы мөлшерінің өсуі;

Гипертония – артериялық қысымның жоғарылауы;

Гиподинамия – қимылдың азаюы;

Гипоксемия – қанда оттегі мөлшерінің азаюы;

Гипоксия – оттегі тапшылығы, ағзада немесе жеке органдар мен ұлпаларда оттегі мөлшерінің төмендеуі;

Гликемия – қандағы глюкоза мөлшерінің артуы;

Гликолиз – глюкозаның сүт қышқылына дейін АТФ қуат жинақтай ферменттік жолмен аэробты және анаэробты (оттегінің қатысуынсыз) ыдырауы;

Гликогенолиз – гликоген молекуласы полисахаридтік тізбегінің глюкоза немесе глюкозаның фосфорлы эфирін түзе ыдырауы;

Глюкозурия – несептегі қанның мөлшері;

Глюконеогенез – глюкозаның көмірсуларға жатпайтын заттардан биохимиялық жолмен түзілуі;

Гомеостаз – ағзаның ішкі ортаның салыстырмалы тұрақтылығын сақтайтын қасиеті;

Гомеокинез – ішкі мүше тұрақтылығы;

Градиент – бір нәрсенің сандық өзгеруіндегі заңдылық;

Дальтонизм- түсті ажырата алмау;

Дегенерациязат алмасу процесінің бұзылуы салдарынан ұлпалардың өзгеруі (синонимі – дистрофия);

Децеребрациямиы бұзылған. Мидың сабауына операция жасауды айтады;

Диоптриякөздің оптикалық жүйесіндегі сәулені сындыру күші;

Диуреззәр бөлу, белгілі мерзім ішінде бөлінген зәр мөлшері;

Дондерс тәжірибесі - өкпе жұмысының қызметін, тыныстанудың заңдылығын көрсететін, арнайы шыны ыдысқа жануардың өкпесін бекіту арқылы өткізілетін тәжірибе;

Дуглас қалташығы – ауа жинайтын, ауаны өткізбейтін заттардан жасалынған, жануарларда зат алмасуын зерттеуге арналған қапшық;

Жасырын (латентті) кезеңбелгілі процестің басталар алдында байқалмай, сезілмей өтетін кезең;

Жүйкесіздеу – жүйкелерді қиып тастау немесе зақымдау арқылы органдарды жүйкесіздендіру;

Жүйке орталықтары – орталық жүйке жүйесіндегі ағзаның белгілі бір әрекетін реттейтін нейрондар шоғыры;

Иммунитет – бөгде заттарға қарсы тұратын ағзаның реакциясы;

Индикатор – белгілі бір физиологиялық параметрдің сапалық немесе сандық өзгерістерін бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіш (мысалы, қандағы кальций иондарының мөлшері, қалқанша серік бездердің белсенділігінің көрсеткіші);

Индукция – орталық жүйке жүйесінде тітіркендіргіш әсерімен пайда болған жүйкелік процеске қарама-қарсы процестің туындауы;

Интактылы – тиісілмеген, тұтастығы сақталған, операция жасалмаған;

Иррадиация – процестің (қозу, тежелу) бір жерден екінші жерге таралуы, жайылуы;

Капиллярлар – қантамырлар мен лимфа жүйесіндегі ұсқа тамырлар;

Катакрота – катакрота, пульстің – тамыр соғуының төмендеу кезеңі

Катетер – дененің табиғи өзектеріне немесе қуыстарына енгізілетін түтікше;

Қан айналым – ағзадағы қанның қан тамырларымен қозғалуы;

Қан жүйесі – қан жасушаларын түзетін, тарататын және бұзып, жоятын органдар бірлестігі;

Карбоангидраза – эритроцит құрамында болатын фермент, өкпедегі қанның құрамынан дегидратациялану арқылы СО2 бөліп шығаруға қатысады;

Көбек (фистула) – қуыс ағзаларға арнаулы операция арқылы орнатылатын түтікше;

Күйіс қайтару – үлкен мес қарынға жұтылған азықты қайтадан ауызға шығарып шайнау;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]