Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Физиология.doc
Скачиваний:
1293
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
4.44 Mб
Скачать

2. Жасанды: наркоздық және гипноздық.

3. Патологиялық: мидың анемиясы, ми құрылымдарының жарақаты кезінде ұйқылы энцефалит - летаргиялық ұйқы пайда болады.

Ұйқының кезеңдері: Баяу ұйқы (ортодоксальды – түнгі ұйқының 80% алады). Баяу ұйқы кезінде ішкі мүшелердің әрекеті, бұлшықет тонусы, дене температурасы төмендейді.

Баяу ұйқы төрт сатыдан тұрады:

1. Мызғу – ЭЭГ-да альфа толқындар тіркеледі.

2. Беткейлік ұйқы – ЭЭГ-да тета-толқын тіркеледі.

3. Терең емес ұйқы – ЭЭГ-да бетта толқынмен бірге ұйқы ұршығы пайда болады.

4. Терең ұйқы – ЭЭГ-да бетта толқын тіркеледі.

Жылдам ұйқы (парадоксальды түнгі ұйқының 20% алады). Баяу ұйқының төртінші сатысынан кейін 60-90 минут өткеннен соң жалғасады. Бұл кезде көздің жылдам қозғалуы, бұлшықет тонусының төмендеуі, тахикардия және тахипноя, гипертензия, түс көру пайда болады. ЭЭГ-да альфа-ырғақ байқалады.

Ұйқының механизмі: Гуморальдық фактордың ролі - ұйқының түзілуінде пептид, эндорфин және сергектік кезіндегі зат алмасудың өнімдерін жинақтауы ұйқыны тудырады.

Жүйке жүйесінің ролі: торлы құрылым, гипоталамус, лимбиялық жүйе үлкен рольді алады.

Гипноз – (грек тілінен аударғанда – ұйқы) бұл адам мен жануарлардың ұйқыға жақын жағдайы. Павловтың дәлелдемесі бойынша гипноздың негізінде мидың жоғарғы бөлімдерінің тежелу құбылысы жатыр. Адамда гипноз иландырумен тууы мүмкін. Ол бірқатар аурулардың емінде қолданады.

Өздік бақылау сұрақтары:

  1. Үлкен ми жарты шарлары қызметінің негізгі принциптері.

  2. Шартты рефлекстер және шартсыз рефлекстер, олардың айырмашылығы.

  3. Этология. Мінез-қылықтың түрлері.

  4. Жоғарғы психикалық қызметтер.

  5. Темпераменттің типтері.

  6. И.П.Павлов бойынша немесе сигналдық жүйелерге қатысты ЖЖІӘ-нің типтері.

Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 1(581-627), 2. ҚӘ 7.

4.14 15-дәріс. Талдағыштар физиологиясы

Мақсаты: жалпы талдағыштардың қасиеттері жайлы түсінік беру, И.П. Павловтың талдағыштар туралы, негізгі талдағыштар бөлімдерінің қызметтік механизмдерін, талдағыштық жүйені зерттеу ілімі, жеке талдағыштар туралы, негізгі талдағыштар қызметтерінің механизмдерін, көру, есту, иіс, дәм сезу және ауырсыну талдағыштарын зерттеу ілімін түсіндіру.

Негізгі сұрақтар:

1.Талдағыштың құрылымды-қызметтік ұйымдастырылуы

2. Көру талдағышының физиологиясы

3. Есту талдағышының физиологиясы.

4. Тепе-теңдік талдағышы. Кеңістіктегі дене қалпын қабылдау.

5. Дәм және иіс сезу талдағыштары.

Талдағыштар дегеніміз – сыртқы және ішкі ортадағы әсердің ақпаратын өңдеуге қатысатын және алынған ақпарат бойынша елестетуге сезінуге, қабылдауға қатысатын ми рецепторлары мен нейрондарының жиынтығы.

Талдағыштардың бөлімдері. И.П. Павлов бойынша әрбір талдағыш 3 - бөлімнен тұрады: 1.Шеткі бөлім - рецепторлар көмегімен сырттан келген әсерді электрлік сигналға айналдырады; 2. Өткізуші - өткізгіш жолдар арқылы электрлік сигналды өткізеді. 3. Қыртыстық – ми қыртысының ассоциативтік және проекциялық аймақтарында субьективті бейненің түзілуі және талдануы.

Талдағыштың мәні. 1. Ағзаны сыртқы және ішкі ортадағы болып жатқан өзгерістер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету. 2. Күнделікті ақпараттың таралуы кезінде таламустың ядросы мен торлы құрылымға әрекет ете отырып, ОЖЖ- белсенділігіне қатысады.

Көздің оптикалық жүйесі:

1. Сірі қабық – көз алмасының алдыңғы жағындағы тұнық перде, ол көзге түскен сәулелерді сындыру қызметін атқарады. Сындыру күші -43 Д .

2. Көз бұршағы- мөлдір, сәл ғана сарғылттау түсті, екі жағы бірдей дөңес келген линза тәрізді, жарық сәулесін жақсы сындыратын дене. Ұзақтағы зат үшін сындыратын күші – 19,11Д; жақындағы-33,06 Д;

3. Шыны тәрізді дене – құрамында 99% суы бар, нәзік фибрилден құралған, мөлдір түсті іркілдек қоймалжың масса. Ол көз алмасының басым бөлігінт толтырып, белгілі бір пішін беріп түрады.

Көз көрімінің түрі. Көз көрімінің үш түрін ажыратуға болады:

1. Күндізгі (фотопиялық photjs - жарық, opsis –көру) -сауытшадан жүзеге асырып көру. 2. Мезопиалық (аралық) әлсіз жарық кезде (0,1-0,3 лк) таяқшалар қамтамасыз ететін көруді. 3. Түнгі (скотопиялық - skotos - қараңғы) таяқшаларын іске асырады.

Көру жүйкесінің кірген орнында рецепторлар болмайды және жарықты сезбейді, ол соқыр дақ деп аталады. Соқыр дақтың іске асырылуын Мариотта тәжірбиесімен дәлелдеу мүмкін. Егер сол кезде жауып мына кестедегі таңбаға (+) жазылған қолмен жақындату барысында 20-25 см қашықтықта оң жақтағы шеңбер жойылады. Бұл торлы қабықта соқыр дақтың бар екндігі, яғни көру рецепторларында жоқ екндігінің дәлелі.

Сонымен, күндізгі көру сауытшалармен, түндіз көру таяқшаларымен іске асырылады. Таяқшалар жарыққа жоғарғы түрде сезімтал, бірақ түсті ажыратуға қабілетсіз. Сауытшалар түсті ажыратып көруді қамтамасыз еткенмен, жарыққа сезімталдылығы төмен және жарық кезде қызметтенбейді.

Көз рефракциясының (сәулені сындыру ) кемістіктері.

1. Миопия алыстан көре алмау, яғни жақыннан көргіштік- көздің бойлау өсі аса ұзын; заттардың бейнесі торлы қабықтың алдында пайда болады. Ол екі жағы ойыс әйнекпен түзетіледі.

2. Жақыннан көре алмау, яғни алыстан көргіштік немесе гиперметропия - көздің бойлау өсі қысқа: заттардың бейнесі торлы қабықтың артында жиналады. Ол екі жағы дөңес әйнекпен түзетіледі.

3. Астигматизм – түрлі бағытта көздің сәулені сындыра алмауы. Ол цилиндрлік әйнекпен түзетіледі.

Көздің басқада кемістіктері. Қылилық – көз бұлшықетінің созылмалығы мен серпімділігінің өзгеруі.

Түзету: а) Күнделікті жаттығулар; б) Ең ауыр түрінде хирургиялық тәсіл қолданылады.

Түрлі-түсті көру. Түстерді мүлдем ажырата алмау дальтонизм д.а. Мұны зерттеген Дальтон болатын. Түрлі-түсті көрудің бөлшектік соқырлығының түрлері:

Протанопия – қызыл түсті қабылдамау Мұндай адамдар көкшіл түсті түссіз етіп көреді. Дейтеранопия - жасыл түсті қабылдамау. Тританопия - күлгін түсті қабылдамау.

Түрлі-түсті көрудің қағидалары:

Гельмгольц – Ломоносов қағидасы - түрлі – түсті қабылдау, түрлі түске сезімталдылықпен сипатталатын, сауытшаның 3 типімен қамтамасыз етіледі (қызыл, жасыл, көк түске сезімтал).

Э. Геринг бойынша сауытшаларда ақ-қара, қызыл-жасыл, сары-көкшіл түстерге сезімтал зат бар екендігін ұсынған.

Сонымен, жарықтану дәрежесіне байланысты көз көрімінің үш түрін ажыратуға болады.

1. Күндізгі (фотопиялық грек photos -; жарық opsis –көру) көру жарықта сауатшалармен іске асырылатын көру. Бұл көру түсті ажырату және көру өткерлігімен сипатталынады .

2. Қараңғылық (мезопиялық, mesos арқылы) көру, әлсіз жарық кезде таяқшамен іске асырылады. Мұнда көру өткірлігі төмен және түсті ажырату болмайды.

3. Түнгі (скотолиялық- skotos -қараңғы) көру түнде таяқшамен атқарылады. Ол жарықты сезумен ғана сипатталады. .

Есту талдағышының өткізгіш бөлімі

Төрт нейрондық құрылыммен іске асырылады:

1-нейрон ұлуда (спиральді ганглийде)

2-нейрон сопақша мидың кохлеарлы ядросында

3-нейрон медиальді тізелі денеде

4-нейрон ми қыртысы мен 4 төмпешікте

Есту талдағышының қыртыстық бөлімі. Қыртыстың самай бөлімінде (1-реттік есту, қыртыстың 41- және 42-аймақта, ал 2-реттік есту 21- 22-аймақта б.т.) орналасқан. 1- және 2-реттік есту аймағы мен қыртыстың біріктіруші аймағы қозуының біріктірілуі нәтижесінде нақты сезім туады.

Есту талдағышының сипаты үш құлақтан тұрады:

I. Сыртқы құлақ – құлақ қалқанынан, сыртқы есту жолы, дабыл жарғағының ішкі бетінен тұрады.

Сыртқы құлақтың қызметі:

1)дыбыс толқындарын қабылдау;

2) қорғаныстық, дабыл жарғағын механикалық және термиялық әсерлерден қорғап, осы аймақтың температурасы мен ылғалдануын қамтамасыз ету.

3) дабыл жарғағына бағытталған концентрацияланған дыбысты күшейту.

II Ортаңғы құлақ – дабыл жарғағынан, 3 сүйекшелерден (төс, үзеңгі, балғашық), 2 бұлшықеттен (үзеңгілік және дабыл жарғағын керіп тұратын бұлшықеттер) тұрады. Оның қызметі: 1) атмосфералық қысымды дабыл жарғағындағы қысыммен теңестіру (Евстахиев түтігі арқылы); 2) дыбыс жиілігін өзгерту; 3) қорғаныстық қызмет

III. Ішкі құлақта екі мүше бар: А) есту мүшесі- ұлу; Б) тепе-теңдік мүшесі-сүйектік лабиринт.

Ұлу екі мембранадан (негізгі және Рейсснер), 3 каналдан (жоғарғы, төмен перилимфамен, ал 3-ортаңғы канал эндолимфамен толтырылған және онда Корти мүшесі болады). Оның қызметі есту рецепторлары арқылы дыбыс толқынын қабылдау және оны өткізгіш жолдар арқылы орталыққа бағыттау.

Тепе-теңдік талдағышы шеткі бөлімі. Тепе-теңдік талдағышының шеткі бөлімі болып тепе-теңдік мүшесі болып табылады. Ол ұлумен бірге самай сүйегіндегі лабиринтте орналасқан.

Кіре-беріс пен 3 жартылай айналмалы каналдардан тұрады. Кіре-берісте екі қапшық бар: Сфералық (саккулюс) және Элипстық (утрикулюс)

Кіре-беріс қапшығында макулалар, ал жартылай айналмалы канал ампуласында қатпарлар бар. Макула мен қатпарда рецепторлық жасушалар болады. Әрбір рецепторлық жасушада жіңішке көптеген талшық стереоцилии және 1 жуан, әрі ұзын киноцилии болады. Рецепторлық жасушалар кальций карбонатының тұздары бар отолиттік мембранамен қапталған.

Тепе-теңдік талдағышының өткізгіш бөлімі. Алғашқы биполярлы нейроннан басталады. Ол рецепторлық жасушаның түктерімен синапстық ұласуда болады. Тепе-теңдік ганглийде орналасқан биполярлы нейронның аксоны бойымен қозу сопақша мидың тепе-теңдік ядросына бағытталады. Тепе-теңдік ядросы оң және сол жақта төртеу (жоғарғы – Бехтерев ядросы, төменгі – Роллер ядросы, медиальді – Швальбе, ал латеральді – Дейтерс ядросы) б.т. Бұл ядроның нейроны қосымша ақпаратты проприорецептордан (ең алдымен мойындық) торлы қабық пен көз бұлшықетінен мишықтан алады. Олар өрлеуші және төмендеуші ақпаратты таламустан 3-нейронға таратады. Бұл нейронның аксоны ми қыртысындағы 4-нейронға бағытталады.

Тепе-теңдік талдағышының орталық бөлімі. Постцентральді иірімде, жоғарғы самай иірімде, жоғарғы шүйдеде (Бродманның 21-, 22-аймағында) орналасқан нейрондармен түзілген. Премоторлық қыртыста 2-тепе-теңдік аймақ бар. Оған ақпарат вестибула церебралло-таламустық жол арқылы түседі. Осы қозудың өзара жауапты реакциясы түзілуі әрекетінде ағзаның координациясы іске асырылады.

Дәм сезу туралы түсінік. Дәм – ауыз қуысы кілегей қабырғасы және тіл беткейінде орналасқан рецепторларға кез-келген заттың әсер етуіндегі сезім. Орталығы қыртыстағы прецентральді иірім.

Дәм сезімінің төрт түрі ажыратылады:

  1. Тәтті – тілдің ұшы сезімтал

  2. Қышқыл – тілдің екі бүйірі сезімтал

  3. Ащы – тіл түбі сезімтал

  4. Тұзды – тіл шеті сезімтал

Тілдің алдыңғы жағы n. Lingualis пен артқа жағы n.glossopharingeus пен, ал көмекей асты n.vagus-тың сезімтал жүйкесімен жүйкелендірілген. Осы жүйкенің кесілуі дәм сезімін жояды.

Иіс сезу талдағышы. Иіс сезу рецепторы мұрын жолдарында орналасқан. Иіс сезудің шеткі бөлімі мұрын жолдарында орналасқан биполярлы нейрондар болып табылады. Иіс сезудің өткізгіш бөлімі иіс сезу жүйкесі мен иіс сезу пиязшығы бола отырып, иістік жолды құрайды. Иіс сезу орталық бөлімі иістік иірім, гиппокамп қыртыстың алмұрт тәрізді аймағы болып табылады.

Иіс – түрлі заттардың анық бір қасиетін иіс мүшесі арқылы ағзаның қабылдауы. Иістің келесі түрлерін ажыратады: камфаралы, гүлдік, мускустық, жалбыз, эфирлік, шіріген.

Өздік бақылау сұрақтары:

1.Талдағыштың құрылымды-қызметтік ұйымдастырылуы қалай жүзеге асады?

2. Көру талдағышының бірлігі не?

3. Есту талдағышының физиологиясы.

4. Тепе-теңдік талдағышы. Кеңістіктегі дене қалпын қабылдау.

5. Дәм және иіс сезу талдағыштары.

Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 1 (628 – 664), 2. ҚӘ 7.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]