Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык.docx
Скачиваний:
71
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
373.42 Кб
Скачать

Киіз үйдің құрылысы

Киіз үйдің сүйектері: шаңырақ, кереге, уық, сықырлауық

Киіз үй бөліктері: үйдің сүйектері, киіздері, бау – шулары (баулары мен басқұр арқандары)

Киіз үйдің іші төртке бөлінеді:

Төр - Киіз үйдің қонақ отыратын жері – төр ең құрметті орын саналады. Қонақтың өз ырысы бар деп түсінген қазақтар келген мейманды төрге отырғызады, қазақтың кеңдігі мен қонақжайлығының белгісі қонағын дәм ауыз тигізбей жібермеген. Бұл тамаша ғұрып күні бүгінге дейін сол күйінде сақталған.

Сол жақ - Үй иесінің отыратын және жататын орны

Оң жақ - Балалар орналасады.

Босаға жақтаер - тұрмандар, киімдер ілінеді

От орны - Қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады

Басқұр - кереге басы туырлықты тесіп кетпеуі үшін үй айнала жүргізілетін жалпақ оюлы құр.

Құр – үй тіккенде керегелерді бір – біріне қосып байлайтын терме бау.

Туырлық – кереге бойын, шағын үйлерде шаңыраққа дейін жабатын киіз.

Ши – киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымдарын жасайтын өсімдік.

Ақ босаға-үй іші мен сыртқы әлемді жалғастыратын қасиетті шекара. Сіздің босағадан қалай аттауыңыздан үй иесіне деген көңіліңіз аңғарылады. Егер сіз үйге босағаны оң аяқпен аттап, басыңызды ие енсеңіз – бұл сіздің үй иесіне көрсеткен үлкен құрметіңіз.

Отбасы– ошақ қасы. Үйдің ортасында ошақ, ошақта қазан тұрады. Бұл – киелі орын. Қазақтың «отбасы», «отағасы» атаулары да осыдан шыққан. От жанған жерде тіршілік, тірлік бар.

5-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

6-тапсырма Венн диаграммасы арқылы киіз үй мен қабатты үйді салыстыру

Қабатты үй – жарық, терезе, балкон, еден, бұрыш, қабырға, төбе

Киіз үй

Түндік көшпелі, жинайды, құрады

Ұқсастығы - жылы, адамдар тұрады, есігі бар, ішінде жиһаз болады

 

7-тапсырма Берілген сөздерді төмендегі бөліктерге бөліп жазамыз 1. Киіз үй жабдықтары – 2. Киіз үй жасаулары – 3. Артық сөздер – Берілген сөздер: шаңырақ, кереге, туырлық, маңдайша, сықырлауық, сандық, кебеже, жүкаяқ, ағаштөсек, кимешек, шашбау, қымыран, барқыт.

8-тапсырма Үй, баспана туралы мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіріңіз

2 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «Тұрғын үй құрылысы» мәтінін ауызша баяндаңыз.

2-тапсырма Тұрғын үй дизайны туралы хабарлама жасаңыз

3-тапсырма Қала, ауыл үйлерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы пікірталасқа дайындалып келу.

Iіі модуль: мінез және келбет

1-сабақ Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті.

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Адам мінезі қандай болады?

2. Мінездің ұнамды белгілері?

3. Байсалды, сабырлы, көпшіл, ақ көңіл адаммен сырласуды жақсы көресіз бе?

4. Адамның қандай мінезі тіл табысуды қиындатады?

5. Әдептілік сезімі дегеніміз не?

6. Адам бойында ең алдымен өзіне-өзі сын көзбен қарай алатындай сыншылдық негіз не үшін дамуы керек деп ойлайсың?

7. Мінездің жақсы, жаман қасиеттерін атап бере аласыз ба?

8. Қызғаншақ жақсы мінез бе?

9. Қайсар, өжет, батыл адам деп кімдерді айтар едіңіз.

10. Сіздің ойыңызша идеал деген кім? Ол қандай адам болуы керек?

2-тапсырма Сұхбатты жалғастырыңыз

Жандос, сенің ең жақын досың бар ма?

- ...................................................................

- Досыңның қандай мінезі саған ұнайды?

- .....................................................................

- Досыңның мінезінде қандай кемшілік бар?

- ......................................................................

- Сен ашулансаң, досың не істейді?

- ......................................................................

- Ал досың ашуланып, ренжитін жағдайлары бола ма?

- .......................................................................

- Ондай жағдайда сен қандай мінез көрсетесің?

- ........................................................................

- Жақсы. Сенен үйренетін мінез-құлықтар көп екен.

-...................................................................................

- Ия, адам адамнан жақсы мінезді, жағымды әдетті үйрену керек.

-...................................................................................

3-тапсырма Жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыз

адам мінезі - характер человека

сабырлы - спокойный

шыдамсыз - нетерпеливый

қызғаншақ - ревнивый

байсалды - спокойный

көпшіл - общительный

ақкөңіл - чистосердечный

кешірімді - простительный

жомарт - щедрый

жағымсыз – неприятный, противный

сабырсыз – нетерпеливый

кекшіл - злопамятный

көңілсіз - без настроения

қылық – выходка

сырлас – близкий

4-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз