Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык.docx
Скачиваний:
71
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
373.42 Кб
Скачать

Қазақстаным – айбарым!

Тарихы бар дастанындай ерліктің,

Дәстүрі бар, үлгісіндей елдіктің.

Қазақстан – алтын бесік Отаным,

Ұлы ордасы татулық пен теңдіктің!

Қилы тағдыр, сан тауқымет сомдаған,

Ер халқың бар мәңгі сені қолдаған.

Шұғылалы күн нұрымен қазағым,

Ақ тілегін болашаққа жолдаған.

Б.Қажымұқан

ІІ МОДУЛЬ: ҚАЗІРГІ ТҰРҒЫН ҮЙ

1-сабақ Тұрғын үй түрлері. Қаладағы және ауылдағы тұрғын үй құрылысы

1-тапсырма Берілген сөздер мен сөз тіркестерін сөздік көмегімен аударыңыз

Үй, тұрғын үй, мекенжай, қаладағы үй, ауылдық үй, менің үйім, үлкен үй, баспана, қолжетімді баспана, көп қабатты үйлер, элит класты үйлер, өз үйім, үйдің үлкені, шағын пәтер, балалы үй, қазыналық үй,

қызметтік үй, жалданбалы үй, жалға алатын үй, жалғыз үй, қасиетті шаңырақ, үй иесі, инфрақұрылым, бағыт, аумақ,кіреберіс,жабдықтау, жаңарту.

3-тапсырма Мәтінді оқып, ойларыңызды қосыңыз

Қазіргі тұрғын үй

Адам тұратын, мекен ететін құрылысты үй, баспана, тұрақ, тұрғын үй дейді. Ал қалғандары да пана, қорған болғанымен жай ғана үй, мекеме, сарай, т.с.с. деп атаймыз.

Адамзат мыңдаған жылдар бойы тіршілік үшін табиғатпен күресіп келеді. Бұл күресте өмір сүруді қамтамасыз ететін үш фактор маңызды орын алады. Олар: тағам, киім-кешек, тұрғын үй. 

Тұрғын үй – тарихи категория. Ол да адамзаттың дамуымен бірге күрделі, эволюциялық даму жолынан өтті. Тұрғын үй – адамның қоршаған орта мен өмір сүру тәсіліне сай таңдалынып алынды. Әр елдің ұлттық, тұрмыс-салт, кәсіби-мәдени, шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне сәйкес, сондай-ақ, қоныстанған жерінің табиғи жағдайына бейімделуіне байланысты дүние жүзінде неше түрлі қызғылықты үлгілері қалыптасқан, яғни әр халықтың өз баспанасы бар. Мысалы, көшпелілердің, соның ішінде қазақ халқының көшіп-қонуға лайықталған киіз үйі және дәстүрлі  қоржынтамы;орысхалқыныңбөренеден  қиып салатын  ағаш  үйі, Карпат  тауы баурайындағы гуцулдардыңжуанбүк  ағашы бөренелерінен қиюластырылған үйлері,  Чукоттүбегіндегі тайпалардың бірнеше ағаш қаданың басын қосып байлап, үстін бұғы терісімен жапқан қосы - “яранга”,Жапониядағы  жер сілкінісінің жиілігі ескеріліп, жеңіл нәрселерден жасалған үйлер,  Кавказтауы бөктеріндегі халықтардың тастақты тау беткейіне саты-саты етіп қашап салынған “саклалары”, әр түрлі лашықтар мен күркелер, т.б. Баспаналар жасалатын материалдары мен безендірілуі жағынан да қилы-қилы болып келеді. Өркениетті елдердегі қазіргі заманғы Баспана түрлеріне соңғы үлгідегі тұрғын үйлер,пәтерлер,мейманханалар, жатақханалар, т.б. түпкілікті немесе уақытша мекендейтін орындар жатады.

4-тапсырма Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді табыңыз

5-тапсырма Берілген сөздермен сөз тіркесін құрыңыз

Үй, аудан, құрылыс, дамыту, кіреберіс, жабдықтау, жобалау.

6-тапсырма Берілген сөздермен сөйлем құраңыз

Аула іші, тұрғын үй құрылысы, екі бағыт бойынша, салынған тұрғын үйлер, коммуналдық қызмет.

7-тапсырма Берілген суреттерге қарап қаладағы тұрғын үй құрылысы туралы әңгімелеу

2-сабақ Қазақ халқының ежелгі баспанасы – киіз үй

1-тапсырма Сұраққа жауап беріңіз

1. Киіз үй кімдердің баспанасы?

2. Қазақ халқы киіз үйді қалай безендіреді?

3. Киіз  үйге кіріп, болмаса, құруға  көмектескендерің  бар ма?

4. Киіз үйдің  құрылысы жайлы білеміз бе?

5. Киіз үйдің  қандай түрлері болған?

2-тапсырма Жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыз

киіз үй – юрта көшпелі – кочевой баспана – жилье қолайлы – удобный шымылдық – ширма бұйымдар – предмет әсем безендіреді – красиво украшают тез құрылып, тез жиналады – быстро устанавливается, быстро разбирается

киіз – кошма           

қатты соғу – сильный

көшіп қонғанға – к переезду                                        

жығылмайды – не падает

нөсер -  сильный дождь

тігу – собрать (юрту) 

ыңғайлы – удобный                                                      

шым – дерп

қыстап шыға беру – зимовать                                        

жамылғы – покровь

ұйытқу – трепать                                                              

қанат – здесь: часть кереге

3-тапсырма Сәйкестігін табыңыз

Ұлттық  дәстүр              наследие

Асыл  мұра                     казахский народ

Әдемі киіз үй                 народная традиция

Қазақ халқы                   красивая юрта

4-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз